ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 425 Қаулысы

Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес және объектiлердi салу үшiн бастапқы материалдарды (деректердi) және рұқсат беретiн құжаттарды ресiмдеу мен беру тәртiбiн оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Құрылыс объектiлерiн жобалау үшiн бастапқы материалдарды (деректердi) ресiмдеу және беру ережесi ;
2) Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) салуға және қолданыстағыларын қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беретiн рәсiмдердi өткiзу қағидалары бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.02.18 № 237 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр
күнтiзбелiк күн өткен соң, бiрақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К.Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 6 мамырдағы
N 425 қаулысымен
бекiтiлген
Құрылыс объектiлерiн жобалау үшiн бастапқы материалдарды (деректердi) ресiмдеу және беру
ережесi
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.02.18 № 237 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң, бiрақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Құрылыс объектiлерiн жобалау үшiн бастапқы материалдарды
(деректердi) ресiмдеу және беру ережесi (будан әрi - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, кала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген, ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын (бұдан әрi - жоба) әзiрлеу үшiн қажеттi құқық белгiлеушi құжаттар мен өзге де бастапқы материалдарды (деректердi) берудiң және оларды беруден уәждi бас тартудың тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) қайта жабдықтау - әдетте, үй-жайдың (үй-жайлардың)
функционалдық мақсатын өзгертуге, тiршiлiктi қамтамасыз ету, пайдалану, қандай да бiр өнiмдер шығару, қызмет көрсету және тағы сол сияқтылар үшiн қажеттi технологиялық және (немесе) инженерлiк жабдықтардың iшкi жүйесiн толық немесе iшiнара ауыстыруға байланысты оны (оларды) өзгерту;
2) қайта жаңарту - әдетте, өзгеретiн объектiнi жаңарту және жаңғырту қажеттiлiгiне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөлiктерiн немесе тұтастай ғимаратты өзгерту;
3) қайта жоспарлау - осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту;
4) объектiлер (құрылыс объектiлерi, олардың кешендерi) - ғимараттар, сондай-ақ ауқымды, жайпақ және желiлiк құрылыстар:
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы;
инженерлiк желiлердi қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы;
автомобиль мен темiр жолдары және олардың инфрақұрылымдары;
әуе және су көлiгi;
көпiрлер, жол құбырлары, тоннельдер, өнiм құбырлары және инженерлiк құрылыстары бар электр беру желiлерi;
телекоммуникациялық және ғарыштық байланыс;
атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, энергетика;
кен өндiру өнеркәсiбiне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өнеркәсiп;
ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы;
қорықтардағы, қаумалдардағы, балық питомниктерiндегi, орман, аңшылық және басқа да алқаптардағы тұрғын, өндiрiстiк және қосалқы шаруашылық мақсаттағы;
әскери қалашықтардағы және арнайы әскери технологиялық кешендердегi.
Қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жүргiзу межеленiп отырған үй-жайлары (жекелеген бөлiктерi) да объектiлерге жатқызылады;
5) өтiнiш берушi - өзiнiң мақсаты үшiн (тұру, қызметтер көрсету, өнiмдер шығару, пайда табу және тағы сол сияқтылар үшiн) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) салуды жүзеге асыруға не қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жүргiзуге ниетi бар мүдделi жеке немесе заңды тұлға (меншiк иесi, тапсырыс берушi, құрылыс салушы);
6) рұқсат беретiн құжаттар - өтiнiш берушiге ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) салу немесе қолданыстағыларын өзгерту жөнiнде өзiнiң Ойын iске асыруға құқық беретiн құжаттар, олар мыналарды қамтиды:
жерге тиiстi құқық беру туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi;
қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шешiмi;
7) сындарлы шешiмдердi өзгерту - қолданыстағы объектiлердiң тiреу және (немесе) сыртқы қоршау конструкцияларын (оның iшiнде iргетастарды, негiздердi, қаңқаларды, бағандарды, тiреулердi, арқалықтарды, ригельдердi, фермаларды, сыртқы қабырғаларды, iшкi тiреу қабырғаларды, аражабындарды, баспалдақ алаңшасы мен марштарын, лифт шахталарын және тағы сол сияқтыларды) қамтитын өзгерiстер не құрылыс жобасында бұрын бекiтiлген сындарлы шешiмдердi өзгерту.
3. Жобаларды әзiрлеуге арналған бастапқы материалдар (деректер) мыналарды қамтиды:
1) шекарасының шегiндегi аумақты пайдалану және жоспарланған объектiнi белгiлеу жөнiндегi регламенттердi коса алғанда, жерге тиiстi құқық беру туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi;
2) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi;
3) жобалауға және құрылысқа қажеттi (жер учаскесiнiң және
коммуникация төселген трассаның шекарасында) құрылыс алаңын инженерлiк iздестiру материалдары;
4) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға арналған техникалық шарттар;
5) аумақты инженерлiк жағынан дайындау шарттарын, абаттандыру мен көгалдандыруды қоса алғанда, жергiлiктi (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
6) жобалауға (жобалау құжаттамасын әзiрлеуге) арналған бекiтiлген тапсырма.
4. Көрсетiлген бастапқы материалдарды (деректердi) ресiмдеу және беру тегiн жүргiзiледi.
5. Жобалауға арналған тапсырманы жасау, келiсу және бекiту, сондай-ақ жобаларды (жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы) әзiрлеу тәртiбi және олардың құрамы мемлекеттiк құрылыс нормаларымен және ережелерiмен белгiленедi.
2. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi
6. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген белiктерiн) салуды жүзеге асыруды не қолданыстағыларын қайта жаңартуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) ұйғарған мүдделi жеке немесе заңды тұлғаның (өтiнiш берушiнiң) жазбаша өтiнiшi бойынша сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын тиiстi жергiлiктi атқарушы органының құрылымдық бөлiмшелерi:
1) өтiнiш берушiге жерге тиiстi құқық беру туралы;
2) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы тиiстi шешiм қабылдайды.
7. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) салуды жүзеге асыруды не қолданыстағыларын қайта жаңартуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) ұйғарған адамның (өтiнiш берушiнiң) жазбаша өтiнiшiнде, тиiсiнше:
1) жеке тұлғалар үшiн - өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, мекенжайы және телефоны, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) не жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН);
2) заңды тұлғалар үшiн - ұйымның атауы, оның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, басшының тегi, аты, әкесiнiң аты, почтаның мекенжайы мен телефоны, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) не бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БСН);
3) құрылысы ұйғарылып отырған объектiнiң мақсаты және негiзгi параметрлерi (есептелген қуаты, жалпы алаңы, қабаттылығы, сыйымдылығы, өткiзу қабiлетi және тағы сол сияқтылар);
4) құрылыс учаскесiн орналастыру болжанған (қалап алынған) орын негiздемесi;
5) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жататын қолданыстағы ғимараттардың, үй-жайлардың (жекелеген бөлiктерiнiң) мекенжайы (орналасқан жерi) көрсетiледi.
Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешiм алу үшiн өтiнiшке өтiнiштi қарайтын мемлекеттiк органның құжаттардың түпнұсқалылығын белгiлеуi үшiн түпнұсқаларды бере отырып, өтiнiш берушiнiң өзгертiлетiн объектiге меншiк құқығын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi не объектiнiң меншiк иесiнiң (тең меншiк иелерiнiң) белгiленген өзгерiс пен оның параметрлерiне нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмi қоса берiледi.
8. Егер өтiнiш берушi сұратылып отырған жер учаскесiнiң нақты орнын және мөлшерiн (шекарасын) көрсеткен жағдайларда, онда сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиiстi жергiлiктi атқарушы органының құрылымдық бөлiмшелерi одан құрылыс жүйесiнде учаскенiң орналасқан жерiне қатысты өтiнiш берушiнiң тiлектерiне және ұйғарылып отырған (жоспарланып отырған) құрылыс объектiсiнiң негiзгi параметрлерiне негiзделген нобайларды сұратады.
9. Объектiлер салу үшiн жер учаскесiн сұраған кезде жергiлiктi атқарушы органның тапсырмасы бойынша жер учаскесiн таңдау алдын ала жүзеге асырылады.
Объект салу үшiн жер учаскесiн таңдау жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттерiне сәйкес жүзеге асырылады.
10. Өтiнiш берушiге жерге тиiстi құқық беру туралы өтiнiштердi қарау, сондай-ақ оларды беруден уәждi бас тарту мерзiмдерiн Жер кодексi айқындайды.
11. Тиiстi жергiлiктi атқарушы органның өтiнiш берушiге жерге тиiстi құқық беру туралы шешiмi жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекiтiлген құрылыстың нормативтiк ұзақтығының бүкiл мерзiмi iшiнде қолданылады.
12. Өтiнiш берушiге жерге тиiстi құқық беру туралы оң шешiм мүмкiн болмаған жағдайларда, жергiлiктi атқарушы органдар өтiнiш берiлген сәттен бастап 10 күнтiзбелiк күн iшiнде өтiнiш берушiге (тапсырыс берушiге) оның осы құрылысты жүзеге асыру ниетiне қайшы келетiн заңнамалық нормаларды (ережелердi, талаптарды, шектеулердi, сервитуттарды) көрсете отырып, уәждi бас тартумен жауап қайтаруға мiндеттi.
Өтiнiш берушi жерге тиiстi құқық беру не одан бас тарту туралы шешiм қабылдау үшiн қажеттi толық құжаттар пакетiн ұсынбаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар екi жұмыс күн iшiнде өтiнiш берушiге өтiнiштi қараудан жазбаша уәждi бас тарту бередi.
3. Жобалау алдындағы рәсiмдер мен бастапқы материалдарды
(деректердi) беруге арналған өтiнiштердi қарау мерзiмдерi
13. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға арналған техникалық шарттарды сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi бередi.
14. Егер инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға арналған техникалық шарттарды алу қажет болса, олар сәулет-жоспарлау тапсырмасына мiндеттi қосымша болып табылады.
15. Тапсырыс берушi сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алуға өтiнiштi сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесiне бередi.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) жергiлiктi атқарушы органның жерге тиiстi құқық беру немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешiмi;
2) жобалауға арналған бекiтiлген тапсырма.
16. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алуға арналған өтiнiштi алғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi жеткiзушiлерге құжаттармен қоса техникалық шарттарды алуға сұрау жiбередi.
17. Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi жеткiзушiлер сұрауды алған сәтiнен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесiне қосу параметрлерi мен орнын көрсете отырып, техникалық шарттарды немесе беруден негiзделген бас тартуды жiбередi.
Өтiнiш берушi техникалық шарттарды беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шағымдана алады.
18. Осы Ереженiң 27-тармағында көрсетiлген объектiлердi қоспағанда, объектiлердi жобалау үшiн сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру жөнiндегi өтiнiштердi қарау мерзiмi өтiнiш берiлген сәттен бастап сегiз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы жер учаскесiнiң (аумақтың, трассаның) шектерiнде жүзеге асырылатын қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзiрлеуге арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру туралы өтiнiштi қарау немесе оларды беруден уәждi бас тарту мерзiмдерi өтiнiш берiлген сәттен бастап үш жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
19. Сәулет-жобалау тапсырмасы және техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында бекiтiлген құрылыстың нормативтiк ұзақтығының бүкiл мерзiмi iшiнде қолданылады.
20. Берiлген сәулет-жоспарлау тапсырмасы белгiленген тәртiппен жобаны әзiрлеуге рұқсат берiлгендiгiн бiлдiредi.
21. Егер сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары аймақтағы (аудандағы) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) ұйғарылған болса және сындарлы шешiмдердi қайта қарауды талап ететiн болса, он да сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзiмдi құрылыс жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың (тиiстi лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттiлiгi көрсетiледi.
22. Объект салуға немесе қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) жер учаскесiн беру (бөлiп беру) талап етiлмеген жағдайларда, сондай-ақ бұл мақсаттар үшiн инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосымша қосу немесе жүктеменi арттыру қажет болмаса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасына тиiстi жазба жазылады.
23. Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасына сараптама жүргiзу қажеттiлiгi не қажет болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтерге сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасында көрсетiледi.
24. Тапсырыс берушi (меншiк иесi) қабылдаған шешiм бойынша сараптама мынадай жобалар бойынша жүргiзiлмеуi мүмкiн:
1) жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес лицензиялары бар адамдар орындаған жеке тұрғын үйлер. Бұл қағида сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайларды, арнайы жобалау шешiмдерi мен оларды сату кезiндегi iс-шараларды талап ететiн аудандардағы (аймақтардан) жеке тұрғын үй құрылысына қолданылмайды;
2) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар, тұрғын үйлер мен тұрмыстық үй-жайлар;
3) жеке үй жанындағы учаскелердiң аумағындағы, сондай-ақ бау-бақша серiктестiктерiнiң (қоғамдарының) учаскелерiндегi шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар;
4) жұмыс iстеп тұрған инженерлiк желiлердi өзгертудi талап етпейтiн үй жанындағы және саяжай учаскелерiн абаттандыру;
5) контейнерлiк және блоктық орындаудың ұтқыр кешендерi, сондай-ақ жиналмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi талап етпейтiн сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған бiр қабатты ғимараттар (құрылыстар);
6) саны елу бiрлiктен аспайтын автомашинасы бар ашық үлгiдегi автотұрақтар, сондай-ақ екiден аспайтын автомашинаға арналған бокстары бар гараждар;
7) қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тiреу конструкцияларын өзгертудi талап етпейтiн өндiрiстiк емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
8) инженерлiк желiлердi электр коррозиясынан сақтау;
9) желiлi инженерлiк желiлер мен оларға арналған құрылыстарға олардың жағдайын, салыну белгiлерiн, құбырлардың диаметрiн өзгертудi қажет етпейтiн күрделi жөндеу жүргiзу;
10) шағын сәулеттiк нысандар мен аумақтардың қоршаулары;
11) ғимараттардың (құрылыстардың) маңындағы ашық спорт алаңдары, жаяусоқпақтар, төселген тастар;
12) технологиялық ресурсы таусылған және кәсiпорынды (цехты) қайта жаңартуды немесе қайта бейiмдеудi талап етпейтiн бiрлi-жарым технологиялық немесе инженерлiк жабдықтарды жөндеу және ауыстыру;
13) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) лицензиясы бар тұлғалар орындаған және қосымша жер учаскесiн бөлудi (аумақты бөлiп берудi) талап етпейтiн, тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау), ол туралы жоба авторының (жобаның бас инженерiнiң, жобаның бас сәулетшiсiнiң) тиiстi жазбасы болады;
14) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық күрделi емес басқа да құрылыстар.
25. Сәулет-жоспарлау тапсырмасына реңдiк шешiмдер және ғимараттардың (құрылыстардың) қасбетiн әрлеу материалдары пайдалану, сондай-ақ олардың көлемдiк-кеңiстiктiк шешiмдерi бойынша талаптар белгiлеуге жол берiлмейдi.
26. Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) объектiлерге енгiзiлетiн өзгерiстердiң жобасын әзiрлеушiлер жобалау құжаттамасында қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөнiндегi жұмыстардың процесiнде, сондай-ақ өзгертiлген объектiнi одан әрi пайдаланған кезде басқа меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын жобалық шешiмдердiң болуы немесе болмауы туралы мәлiметтердi көрсетуге тиiс.
27. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық шарттарды ресiмдеу және беру мерзiмдерi мынадай объектiлер бойынша өтiнiш берiлген сәттен бастап 15 жұмыс күнiн құрайды:
1) электр және жылу энергиясын өндiретiн өндiрiстiк кәсiпорындар;
2) тау-кен өндiру және байыту өндiрiстiк кәсiпорындары;
3) қара және түстi металлургия, машина жасау өнеркәсiбiнiң өндiрiстiк кәсiпорындары;
4) елдi мекендер мен аумақтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
5) елдi мекендердiң шекараларынан тыс орналасқан желiлiк құрылыстар:
қызмет көрсету объектiлерiмен бiрге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
жоғары вольтты электр беру желiлерi және талшықты-оптикалық байланыс желiлерi;
қызмет көрсету объектiлерiмен бiрге темiр жолдар;
көпiрлердi, көпiр өткелдерiн, тоннельдердi, көп деңгейлi айрықтарды қоса алғанда, республикалық желiге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 6 мамырдағы
N 425 қаулысымен
бекiтiлген
Жаңа объектiлер салуға және қолданыстағы объектiлердi өзгертуге рұқсат беретiн рәсiмдердi өткiзу ережесi
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.02.18 № 237 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң, бiрақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) салуға және
қолданыстағыларын қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта
жабдықтауға) рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) салуға және қолданыстағыларын қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) рәсiмдерiнен өтудiң бiрыңғай тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) қайта жабдықтау - әдетте, үй-жайдың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатын өзгертуге, тiршiлiктi қамтамасыз ету, пайдалану, қандай да бiр өнiмдер шығару, қызмет көрсету және тағы сол сияқтылар үшiн қажеттi технологиялық және (немесе) инженерлiк жабдықтардың iшкi жүйесiн толық немесе iшiнара ауыстыруға байланысты оны (оларды) өзгерту;
2) қайта жаңарту — әдетте, өзгеретiн объектiнi жаңарту және жаңғырту қажеттiлiгiне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөлiктерiн немесе тұтастай ғимаратты өзгерту;
3) қайта жоспарлау - осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту;
4) объектiлер (құрылыс объектiлерi, олардың кешендерi) - ғимараттар, сондай-ақ ауқымды, жайпақ және желiлiк құрылыстар:
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы;
инженерлiк желiлердi қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы;
автомобиль мен темiр жолдары және олардың инфрақұрылымдары;
әуе және су көлiгi;
көпiрлер, жол құбырлары, тоннельдер, өнiм құбырлары және инженерлiк құрылыстары бар электр беру желiлерi;
телекоммуникациялық және ғарыштық байланыс;
атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, энергетика;
кен өндiру өнеркәсiбiне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өнеркәсiп;
ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық мақсаттағы;
қорықтардағы, қаумалдардағы, балық питомниктерiндегi, орман, аңшылық және басқа да алқаптардағы тұрғын, өндiрiстiк және қосалқы шаруашылық мақсаттағы;
әскери қалашықтардағы және арнайы әскери технологиялық кешендердегi.
Қолданыстағы ғимараттардың (құрылыстардың) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жүргiзу межеленiп отырған үй-жайлары (жекелеген бөлiктерi) да объектiлерге жатқызылады;
5) өтiнiш берушi - өзiнiң мақсаты үшiн (тұру, қызметтер көрсету, өнiмдер шығару, пайда табу және тағы сол сияқтылар үшiн) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын немесе жекелеген бөлiктерiн салуды жүзеге асыруға не қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жүргiзуге ниетi бар мүдделi жеке немесе заңды тұлға (меншiк иесi, тапсырыс берушi, құрылыс салушы);
6) рұқсат беретiн құжаттар - өтiнiш берушiге ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) салу немесе қолданыстағыларын өзгерту жөнiнде өзiнiң ойын iске асыруға құқық беретiн құжаттар, олар мыналарды қамтиды:
жерге тиiстi құқық беру туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi;
қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шешiмi;
тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты, сондай-ақ қосымша жер учаскесiн (аумақты, трассаны) талап ететiн қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) нақты объектi (кешен) бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсат;
7) сындарлы шешiмдердi өзгерту - қолданыстағы объектiлердiң тiреу және (немесе) сыртқы қоршау конструкцияларын (оның iшiнде iргетастарды, негiздердi, қаңқаларды, бағандарды, тiреулердi, арқалықтарды, ригельдердi, фермаларды, сыртқы қабырғаларды, iшкi тiреу қабырғаларды, аражабындарды, баспалдақ алаңшасы мен марштарын, лифт шахталарын және тағы сол сияқтыларды) қамтитын өзгерiстер не құрылыс жобасында бұрын бекiтiлген сындарлы шешiмдердi өзгерту.
2. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру тәртiбi
3. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетiлген рұқсатты ресiмдеу мен беру тегiн жүргiзiледi.
4. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат берудi (рұқсат беруден дәлелдi бас тартуды) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын орган жүргiзедi.
5. Осы Қағидалардың 3-бөлiмiнде көзделген жағдайларда тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты, сондай-ақ қосымша жер учаскесiн (аумақты, трассаны) талап ететiн қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөнiндегi құрылыс монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсатты ведомстволық бағыныстағы аумақта мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерi бередi.
6. Егер объектiнi немесе объектiлер кешенiн кезең-кезеңмен жобалау және салу көзделетiн және осындай жобаларға мемлекеттiк сараптама сараптамалық сүйемелдеу режимiнде (жобалаудың тиiстi кезеңдерi бойынша тиiстi жергiлiктi оң қорытындылар ресiмдей отырып) жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, рұқсат объект (кешен) бойынша тұтас құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге берiледi. Көрсетiлген жағдайларда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат құрылыс-монтаж жұмыстарының жекелеген кезеңдерiн — қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзумен, уақытша инженерлiк желiлердi, жолдарды, қоймалық алаңшаларды жайғастырумен, сондай-ақ аумақты тiк жоспарлаумен байланысты дайындық жұмыстарды, қазаншұңқырлар қазу жөнiндегi жер жұмыстарын, коммуникациялар төсеу, iргетастар салу жөнiндегi және құрылыс-монтаж жұмыстарының құрамына кiретiн басқа да жұмыстарды орындауға берiледi.
7. Рұқсат өтiнiштiң және тiзбесiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн қоса берiлетiн құжаттардың негiзiнде берiледi.
8. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi ұсынған құжаттар өтiнiш берiлген сәттен бастап 7 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiм iшiнде қаралады.
9. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Қағидалардың 8-тармағында белгiленген мерзiм iшiнде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат бередi не рұқсат беруден бас тартудың себептерi туралы жазбаша түрде уәждi жауап қайтарады.
10. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында бекiтiлген құрылыстың нормативтiк ұзақтығының бүкiл мерзiмi iшiнде қолданылады. Егер объект нормативтiк ұзақтық мерзiмiнiң iшiнде аяқталмаса, онда құрылысты жалғастыру үшiн тапсырыс берушi (құрылыс салушы) жаңа рұқсат алуға мiндеттi.
Құрылысты жалғастыруға арналған жаңа рұқсат өтiнiштiң және тiзбесiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн, қоса берiлетiн құжаттардың негiзiнде берiледi.
11. Құрылыстың бастапқы тапсырыс берушiсi (құрылыс салушы) немесе құрылысты жүргiзiп жатқан мердiгерлiк ұйым (бас мердiгер) ауысқан кезде, не рұқсат алуға арналған өтiнiште көрсетiлген құрылысқа қатысушылардың құрамы өзгерген кезде тапсырыс берушiнiң (құрылыс салушының) өтiнiшi бойынша бұрын берiлген рұқсаттың орнына жаңа рұқсат берiледi. Мұндай өтiнiш өзгерiстер болған күннен бастап 20 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей осы рұқсатты берген органға берiледi. Олай болмаған жағдайда қайта тiркеуге өтiнiш берудiң көрсетiлген мерзiмi өткеннен кейiн бұрын берiлген рұқсат күшiн жояды.
12. Рұқсатсыз не осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлар бойынша күшiн жойған рұқсат негiзiнде объектiде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау рұқсатта көрсетiлмеген жұмыс түрлерiн орындаумен бiрдей, заңсыз құрылыс болып табылады.
13. Мыналарды:
1) сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары не өзге ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайлары бар аудандарды қоспағанда, тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес, сондай-ақ қосымша жер учаскесiн бөлудi (аумақты, трассаны) талап етпейтiн, қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңартқан (қайта жоспарлаған, қайта жабдықтаған);
2) көшелердiң, алаңдардың, өткелдердiң жол жабындары мен көше төсемдерiне ағымдағы жөндеу жүргiзген, шағын сәулет нысандарын, ашық жасанды бассейндердi, фонтандарды, қалалық безендiру қондырғыларын, сәулет және көгалдандырудың жер бедерi элементтерiн салған және жайластырған;
3) уақытша мақсаттағы көмекшi және қосалқы құрылыстар салған кезде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алу талап етiлмейдi.
3. Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру рәсiмдерiнiң ерекшелiктерi
14. Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты, сондай-ақ қосымша жер учаскесiн (аумақты, трассаны) талап ететiн қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) мүдделi және сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесiнiң тиiстi шешiмi бар адамдар тиiстi құрылыс-монтаж жұмыстарын жасауға рұқсат aлу үшiн мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына өтiнiш бередi. Өтiнiшке:
1) өтiнiштi қарайтын мемлекеттiк органның түпнұсқалылығын белгiлеуi үшiн түпнұсқаларды бере отырып, өтiнiш берушiнiң өзгертiлетiн үй-жайға (ғимараттың бiр бөлiгiне) меншiк құқығын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi не үй-жайлардың немесе ғимараттың бөлiктерiнiң меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) оларды өзгертуге нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмi;
2) тиiстi жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес орындалған ұйғарылып отырған өзгерiстердiң жобасы (нобай) қоса берiледi.
15. Сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары не өзге ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) немесе геотехникалық жағдайлары бар аудандарды қоспағанда, тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес жер учаскесiнiң (аумақтың, трассаның) қазiргi шекарасында жүзеге асырылатын қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алмай-ақ, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесiнiң тиiстi шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
16. Егер үй-жайларды (тұрғын үйдiң бөлiктерiн) жоспарланған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертiлетiн үй-жайлармен (үйдiң бөлiктерiмен) көршiлес басқа үй-жайлар (үйдiң бөлiктерi) меншiк иелерiнiң мүдделерiне қайшы келмеген жағдайларда, онда өтiнiшке осы өзгертулерге олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келiсiмi берiлуге тиiс.
Тапсырыс берушiнiң қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) басқа меншiк иелерiнен (тең меншiк иелерiнен) көрсетiлген келiсiмдi алу қажеттiлiгi Құрылыс объектiлерiн жобалау үшiн бастапқы материалдарды (деректердi) ресiмдеу және беру қағидаларында көзделген тәртiппен жобаны әзiрлеу сатысында белгiленедi.
17. Егер:
1) өтiнiш берушiнiң өзгертiлетiн объектiге тиiстi меншiк құқығы не қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларына (жекелеген бөлiктерiне) өтiнiш берiлген өзгерiстерге меншiк иесiнiң (тең меншiк иелерiнiң) нотариалды куәландырылған жазбаша келiсiмi болмаса, сондай-ақ көрсетiлген өзгерiстер өзге де үй-жайлар (жекелеген бөлiктер) меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын;
2) жоспарланған қайта жаңартуда (қайта жоспарлауда, қайта жабдықтауда) нормативтiк құқықтық актiлермен және нормативтiк-техникалық құжаттармен тыйым салынған әрi шектелген қызметтiң түрi үшiн қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) пайдалану белгiленген;
3) өзгерiстер жобасы техникалық шарттарға немесе мемлекеттiк нормативтердiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда, қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөнiндегi құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беруден бас тарту жүзеге асырылады.
Уәждi бас тарту өтiнiш берушiнiң құжаттарына сәйкес келмейтiн нақты нормативтiк құқықтық актiлердi және (немесе) нормативтiк-техникалық құжаттарды көрсете отырып, өтiнiш берушiге жазбаша түрде берiледi.
Рұқсат беруден уәждi бас тарту негiзiнде алынған ескертулердi өтiнiш берушi жойған кезде қайталама өтiнiш жалпы негiздерде қаралады.
18. Қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жөнiндегi құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту өтiнiш берiлген сәттен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
19. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын орган осы Қағидаларда белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беретiн құжаттарды бермеген не құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беретiн құжаттар беруден бас тарту себептерi туралы жазбаша хабарламаған жағдайда, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын орган құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру үшiн осы Қағидаларда бекiтiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат бередi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 6 мамырдағы
N 425 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Жаңа объектiлер салуға және қолда бар объектiлердi өзгертуге рұқсат беретiн рәсiмдердi өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1313 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 45, 449-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1313 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 2 тамыздағы N 819 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 29, 381-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 7 шiлдедегi N 647 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 259-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 сәуiрдегi N 352 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың 10-тармағы.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina