ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Салық тіркелімінің нысандарын жасау...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

   Салық тіркелімінің нысандарын жасау ережесі
Салық тіркелімінің нысандарын жасау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 626 бұйрығымен бекітілген

Салық тіркелімінің нысандарын жасау
ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексіне) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген, және салық тіркелімдерін жасау мен оларды толтыру тәртібін айқындайды.
2. Салық тіркелімдері салық төлеушінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері туралы ақпаратты қамтиды.
3. Салық тіркелімдері салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі үшін салық есептілігімен бір мезгілде толтырылады. Салық тіркелімдерін электронды түрде жасалған жағдайда тиісті салық тіркелімінің нысаны Microsoft Office Excel пішінінде толтырылады.
4. Салық тіркелімінде салық төлеуші туралы жалпы ақпараттар көрсетіледі:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі.
Жол салық төлеушіде "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі болған жағдайда толтырылуы тиіс;
3) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы;
4) салық тіркелімінің нысаны жасалатын салық кезеңі;
5) басшының (салық төлеушінің) немесе оны ауыстыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және оның қолы қойылады және салық төлеушінің мөрі басылады;
6) салық төлеушінің бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және оның қолы қойылады;
7) салық тіркелімін толтырған және жасауға жауапты лауазымды немесе өзге тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және оның қолы қойылады;
8) салық тіркелімі жасалған күн.
5. Сомалардың теріс мәні белгілі бір бағанның тиісті бағанында "-" алу белгісімен белгіленеді.
6. Салық тіркелімдерін құжаттық тексеру жүргізу кезінде салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары қағаз тасығыштарда және (немесе) электронды тасығыштарда – тексеруді жүзеге асыратын салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының талаптары бойынша табыс етеді.
7. Көрсеткіштер болмаған кезде салық тіркелімінің тиісті торкөздері толтырылмайды.

2. Қосылған құн салығын төлеуші жазып берген шот-фактуралар
бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау

8. Осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші жазып берген шот-фактуралар бойынша салық тіркелімінің нысаны Қазақстан Республикасы аумағында өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шот-фактуралар туралы мәліметтерді (бұдан әрі - Тізілім) көрсетуге арналған.
9. "Сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша ҚҚС сомасы" кестесінде:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – шот-фактурада көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушы салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
3) 3-бағанда - шот-фактурада көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (олар болған жағдайда);
4) 4-бағанда - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыға жазып берілген шот-фактураның нөмірі;
5) 5-бағанда – шот-фактура жазып берген күн;
6) 6-бағанда – қосылған құн салығын есепке алмағанда шот-фактурада көрсетілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құны. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде Тізілімнің осы бағанында көрсетілген барлық шамалардың жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
7) 7-бағанда – шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде Тізілімнің осы бағанында көрсетілген барлық шамалардың жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
8) 8-бағанда – салық кезеңінде есептелген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде Тізілімнің осы бағанында көрсетілген барлық шамалардың жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады.
10. Егер Тізілімде дұрыс емес деректер көрсетілген жағдайда, қателерді түзеу Тізілімнің тек өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілетін нөмірлері ғана толтырылатын және көрсетілетін Тізілім (бұдан әрі – қосымша Тізілім) жасау жолымен жүзеге асырылады.
Тізілімге өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу жіберілген қателіктердің сипатына қарай мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) Тізілімнің 2, 3, 4 немесе 5-бағандарында қателіктер табылған жағдайда қосымша Тізілімде тиісті деректемелер көрсетіледі. Бұл ретте егер қате бір немесе бірнеше бағанда жіберілген жағдайда қосымша Тізілімде көрсетілген бағандардың барлығының деректемелері көрсетіледі;
2) Тізілімнің 6, 7 немесе 8-бағандарында қателіктер табылған жағдайда:
қосымша Тізілімнің 2, 3, 4 және 5-бағандарында Тізілімнің 2, 3, 4 және 5-бағандарының деректемелері көрсетіледі;
қосымша Тізілімнің 6, 7 немесе 8-бағандарында Тізілімнің 6, 7 немесе 8-бағандарында көрсетілген сомалармен салыстыру бойынша анықталған айырма сомасы көрсетіледі.
Тізілімнің 6, 7 немесе 8-бағандарының мәндерін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізу кезінде анықталған айырма сомасы қосымша Тізілімнің 6, 7 немесе 8-бағандарында "–" алу белгісімен көрсетіледі;
3) Тізілімнен шот-фактураларды алып тастау қажет болған жағдайда:
қосымша Тізілімнің 2, 3, 4 және 5-бағандарында Тізілімнің 2, 3, 4 және 5-бағандарында көрсетілген деректемелер көрсетіледі;
қосымша Тізілімнің 6, 7 немесе 8-бағандарында Тізілімнің қарама-қарсы белгімен өзгерістер енгізілетін 6, 7 немесе 8-бағандарында көрсетілген сомалар көрсетіледі;
4) Тізілімге қосымша шот-фактуралар енгізілген жағдайда қосымша Тізілім осы Ереженің 9-тармағына сәйкес жасалады. Бұл ретте мұндай қосымша Тізілімде толықтырулар енгізілетін кезең үшін Тізілімнің соңғы жолының нөмірінен кейінгі жолдың нөмірі көрсетілуі қажет.
11. Егер бұрын қосымша Тізілімдер жасалған Тізілімге қосымша Тізілім жасалса, онда соңғысы бұрын ұсынылған қосымша Тізілімдер ескеріле отырып жасалады.
12. Қосымша Тізілімге қосымша Тізілімді жасаған адамдар қол қоятын және салық төлеушінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылатын жазбаша негіздеме:
1) Тізілімге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың енгізілу себептері;
2) қосымша Тізілім жасау нәтижесінде өзгерген шот-фактуралардың және (немесе) қосымша шот-фактураның нөмірлері мен күні;
3) жазбаша негіздеменің жасалған күні көрсетіле отырып, қоса беріледі.

3. Қосылған құн салығын төлеуші алған шот-фактуралар
бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау

13. Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес осы қосылған құн салығын төлеуші алған шот-фактуралар бойынша салық тіркелімінің нысаны Қазақстан Республикасы аумағында алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шот-фактуралар туралы мәліметтерді (бұдан әрі - Тізілім) көрсетуге арналған.
14. "Сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша ҚҚС сомасы" кестесінде:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – шот-фактурада көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізуші салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
3) 3-бағанда - шот-фактурада көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (олар болған жағдайда);
4) 4-бағанда - жеткізуші жазып берген шот-фактураның нөмірі;
5) 5-бағанда – шот-фактура жазып берілген күн;
6) 6-бағанда – қосылған құн салығын есепке алмағанда шот-фактурада көрсетілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құны;
7) 7-бағанда – шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде Тізілімнің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
8) 8-бағанда – салық кезеңінде есепке жатқызылуы тиіс қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде Тізілімнің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады.
15. Егер Тізілімде дұрыс емес деректер көрсетілген жағдайда, қателерді түзеу Тізілімнің тек өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілетін нөмірлері ғана толтырылатын және көрсетілетін Тізілім (бұдан әрі – қосымша Тізілім) жасау жолымен жүзеге асырылады.
Тізілімге өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу жіберілген қателіктердің сипатына қарай мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) Тізілімнің 2, 3, 4 немесе 5-бағандарында қателіктер табылған жағдайда қосымша Тізілімде тиісті деректемелер көрсетіледі. Бұл ретте егер қате бір немесе бірнеше бағанда жіберілген жағдайда қосымша Тізілімде көрсетілген бағандардың барлығының деректемелері көрсетіледі;
2) Тізілімнің 6, 7 немесе 8-бағандарында қателіктер табылған жағдайда:
қосымша Тізілімнің 2, 3, 4 және 5-бағандарында Тізілімнің 2, 3, 4 және 5-бағандарының деректемелері көрсетіледі;
қосымша Тізілімнің 6, 7 немесе 8-бағандарында Тізілімнің 6, 7 немесе 8-бағандарында көрсетілген сомалармен салыстыру бойынша анықталған айырма сомасы көрсетіледі.
Тізілімнің 6, 7 немесе 8-бағандарының мәндерін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізу кезінде анықталған айырма сомасы қосымша Тізілімнің 6, 7 немесе 8-бағандарында "–" алу белгісімен көрсетіледі;
3) Тізілімнен шот-фактураларды алып тастау қажет болған жағдайда:
қосымша Тізілімнің 2, 3, 4 және 5-бағандарында Тізілімнің 2, 3, 4 және 5-бағандарында көрсетілген деректемелер көрсетіледі;
қосымша Тізілімнің 6, 7 немесе 8-бағандарында Тізілімнің қарама-қарсы белгімен өзгерістер енгізілетін 6, 7 немесе 8-бағандарында көрсетілген сомалар көрсетіледі;
4) Тізілімге қосымша шот-фактуралар енгізілген жағдайда қосымша Тізілім осы Ереженің 14-тармағына сәйкес жасалады. Бұл ретте мұндай қосымша Тізілімде толықтырулар енгізілетін кезең үшін Тізілімнің соңғы жолының нөмірінен кейінгі жолдың нөмірі көрсетілуі қажет.
16. Егер бұрын қосымша Тізілімдер жасалған Тізілімге қосымша Тізілім жасалса, онда соңғысы бұрын ұсынылған қосымша Тізілімдер ескеріле отырып жасалады.
17. Қосымша Тізілімге қосымша Тізілімді жасаған адамдар қол қоятын және салық төлеушінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылатын жазбаша негіздеме:
1) Тізілімге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың енгізілу себептері;
2) қосымша Тізілім жасау нәтижесінде өзгерген шот-фактуралардың және (немесе) қосымша шот-фактураның нөмірлері мен күні;
3) жазбаша негіздеменің жасалған күні көрсетіле отырып, қоса беріледі.

4. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану
бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау

18. Осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес осы инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімінің нысаны шегерімге жатқызылуы тиіс преференция объектілерінің құнын айқындауға арналған.
19. "Инвестициялық преференциялар бойынша шегерімдер" кестесінде:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – преференция объектісінің (негізгі құралдың) атауы;
3) 3-бағанда – негізгі құралды (ол болған жағдайда) пайдалануға енгізу күні;
4) 4-бағанда – Қазақстан Республикасының Инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған ивестициялық жоба шеңберіндегі келісім-шарттың нөмірі мен күні;
5) 5-бағанда – жасасқан келісім-шартқа сәйкес инвестиция беру мерзімінің басы мен аяғының кезеңдері;
6) 6-бағанда – преференция объектісінің (негізгі құралдың), және (немесе) шегерімге жатқызылуы тиіс қайта құруға, жаңғыртуға шығыстар құны. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
7) 7-бағанда - преференция объектісінің (негізгі құралдың), және (немесе) салық кезеңінде шегерімге жатқызылған қайта құруға, жаңғыртуға шығыстар құны. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
8) 8-бағанда - преференция объектісінің (негізгі құралдың), және (немесе) келесі салық кезеңінде 6-бағанның тиісті жолдарына көшірілуі тиіс, тиісті жолдардың 6 және 7-бағандарында көрсетілген шамалардың айырмасы ретінде айқындалатын преференциялар қолданысының мерзімі ішіндегі қайта құруға, жаңғыртуға шығыстардың қалдық құны көрсетіледі. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады.
20. Егер салық тіркелімінде дұрыс емес деректер көрсетілген жағдайда, қателерді түзеу салық тіркелімі жолдарының тек өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілетін нөмірлері ғана толтырылатын және көрсетілетін салық тіркелімінің нысанын (бұдан әрі – қосымша салық тіркелімі) жасау жолымен жүзеге асырылады.
Салық тіркеліміне өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу жіберілген қателіктердің сипатына қарай мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) салық тіркелімінің 2, 3, 4 немесе 5-бағандарында қателіктер табылған жағдайда қосымша салық тіркелімінде тиісті деректемелер көрсетіледі. Бұл ретте егер қате бір немесе бірнеше бағанда жіберілген жағдайда қосымша салық тіркелімінде көрсетілген бағандардың барлығының деректемелері көрсетіледі;
2) салық тіркелімінің 6, 7 немесе 8-бағандарында қателіктер табылған жағдайда:
қосымша салық тіркелімінің 2, 3, 4 және 5-бағандарында салық тіркелімінің 2, 3, 4 және 5-бағандарының деректемелері көрсетіледі;
қосымша салық тіркелімінің 6, 7 немесе 8-бағандарында салық тіркелімінің 6, 7 немесе 8-бағандарында көрсетілген сомалармен салыстыру бойынша анықталған айырма сомасы көрсетіледі.
Cалық тіркелімінің 6, 7 немесе 8-бағандарының мәндерін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізу кезінде анықталған айырма сомасы қосымша салық тіркелімінің 6, 7 немесе 8-бағандарында "–" алу белгісімен көрсетіледі;
3) салық тіркеліміне қосымша тіркелген актив енгізу қажет болған жағдайда қосымша салық тіркелімі осы Ереженің 19-тармағына сәйкес жасалады. Бұл ретте мұндай қосымша салық тіркелімінде толықтырулар енгізілетін кезең үшін салық тіркеліміндегі соңғы жолдың нөмірінен кейінгі жолдың нөмірі көрсетілуі қажет.
21. Егер бұрын қосымша салық тіркелімдері жасалған салық тіркеліміне қосымша салық тіркелімі жасалса, онда соңғысы бұрын ұсынылған қосымша салық тіркелімдері ескеріле отырып жасалады.
22. Қосымша салық тізіліміне қосымша салық тізілімін жасаған адамдар қол қоятын және салық төлеушінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылатын жазбаша негіздеме:
1) салық тіркеліміне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың енгізілу себептері;
2) негізгі құралды (ол болған жағдайда) пайдалануға енгізу күні;
3) келісім-шарттың (ол болған жағдайда) нөмірі мен күні;
4) салық тіркелімінің өзгерістер енгізілетін жолдарының нөмірлері;
5) жазбаша негіздеменің жасалған күні көрсетіле отырып қоса беріледі.

5. Тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық
теңгермелерін және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар
бойынша айқындау салық тіркелімінің нысанын жасау

23. Осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес осы салық тіркелімінің нысаны Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсатында Тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгермелерін және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша айқындауға арналған.
24. "Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар мен басқа да шегерімдер" кестесінде:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – құндық көрсеткіштер мен тіркелген активтер бойынша шегерімдердің атауы;
3) 3-бағанда - осы салық тіркелімінің нысанында көзделген "Амортизациялық аударымдар мен тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдердің толық жазылуы" кестесінің қорытынды деректері негізінде толтырылатын ғимараттар, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымаларын және беру құрылғыларын қоспағанда) бойынша шегерімдерді көрсетуге арналған көрсеткіштер;
4) 4-бағанда - "Амортизациялық аударымдар мен тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдердің толық жазылуы" кестесінің қорытынды деректері негізінде толтырылатын тіркелген активтердің қалған топтары бойынша шегерімдерді көрсетуге арналған көрсеткіштер;
5) 5-бағанда - тіркелген активтер бойынша шегерімдерді көрсетуге арналған қорытынды көрсеткіштер көрсетіледі. Тиісті 3 және 4-бағандарының сомасы ретінде айқындалады.
25. "Амортизациялық аударымдар мен тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдердің толық жазылуы" кестесінде:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – "Негізгі қорлардың жіктеушісі" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкестіркелген активтердің І тобы бойынша негізгі құралдардың коды немесе Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші ол бойынша амортизациялық аударымдарды есептейтін тіркелген активтердің II, III және IV топтары бойынша топтың атауы;
3) 3-бағанда – Салық кодексіне сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу үшін тіркелген активтер тобының нөмірі;
4) 4-бағанда - Салық кодексіне сәйкес проценттерде амортизацияның шекті нормасы;
5) 5-бағанда – салық төлеуші әрбір кіші топ (топ) бойынша, бірақ 4-бағанда көрсетілген шектен жоғары емес проценттерде қолданатын амотизация нормасы;
6) 6-бағанда - әрбір салықтық кіші топ (топ) бойынша салық кезеңінің басына кіші топтың (топтың) құндық теңгерімінің шамасы көрсетіледі. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық тиісті шамаларды жиынтықтау арқылы ғимараттар, құрылыстар бойынша және тіркелген активтердің қалған топтары бойынша қорытынды жолдарда айқындалады;
7) 7-бағанда - есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған, өтеусіз алынған, сондай-ақ жарғылық капиталына салым ретінде келіп түскен және жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің кіші топтар (топтар) қимасындағы құны. Аталған негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құны Салық кодексіне сәйкес айқындалады. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық тиісті шамаларды жиынтықтау арқылы ғимараттар, құрылыстар бойынша және тіркелген активтердің қалған топтары бойынша қорытынды жолдарда айқындалады;
8) 8-бағанда – жарғылық капиталға салым ретінде тіркелген активтерді сатудан алынған және/немесе алынуы, қаржы лизингіне берілуі тиіс, есептен шығарылуы, жоғалуы, жойылуы, ысырабы кезіндегі сақтандырылған тіркелген активтер бойынша сақтандыру төлемдерінің сомасы, сондай-ақ Салық кодексіне сәйкес айқындалған тіркелген активтерді өзге шығару кезіндегі сома көрсетіледі. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық тиісті шамаларды жиынтықтау арқылы ғимараттар, құрылыстар бойынша және тіркелген активтердің қалған топтары бойынша қорытынды жолдарда айқындалады;
9) 9-бағанда – Салық кодексінің 122-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын кейінгі шығыстар сомасы;
10) 10-бағанда - Салық кодексінің 122-бабы 3-тармағына сәйкес топтың (кіші топтың) құндық теңгерімінің ұлғаюына жатқызылатын кейінгі шығыстар сомасы;
11) 11-бағанда – Салық кодексіне сәйкес есепті салық кезеңінің соңына кіші топтың құндық теңгерімінің шамасы, ол мынадай тәртіпте айқындалады: 6-баған + 7-баған - 8-баған + 10-баған. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық тиісті шамаларды жиынтықтау арқылы ғимараттар, құрылыстар бойынша және тіркелген активтердің қалған топтары бойынша қорытынды жолдарда айқындалады;
12) 12-бағанда – Салық кодексіне сәйкес мынадай тәртіпте есептелген салық кезеңі үшін амортизациялық аударымдар сомасы: 11-баған х 5-баған;
13) 13-бағанда – топтардың (II, III және IV) тіркелген активтері құндық теңгерімінің шамасы, салық кезеңнінің соңына тіркелген активтерді шығару кезінде Салық кодексіне сәйкес шегерімге жатады;
14) 14-бағанда – шамасы есепті салық кезеңінің соңына 300 айлық есептік көрсеткіштен аз соманы құрайтын және Салық кодексіне сәйкес шегерімге жататын кіші топтың (топтың) құндық теңгерімі. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық тиісті шамаларды жиынтықтау арқылы ғимараттар, құрылыстар бойынша және тіркелген активтердің қалған топтары бойынша қорытынды жолдарда айқындалады;
15) 15-бағанда – Салық кодексінде көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық кезеңінің соңына кіші топтың құндық теңгерімі көрсетіледі, ол мынадай тәртіпте айқындалады: 11-баған – 12-баған – 13-баған – 14-баған. Кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, III және IV топтар бойынша) тіркелген активтерінің барлығы өтеусіз берілген жағдайда тиісті кіші топтың немесе топтың құндық теңгерімі салық кезеңінің соңына нөлге теңеледі және шегерімге жатқызылмайды. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық тиісті шамаларды жиынтықтау арқылы ғимараттар, құрылыстар бойынша және тіркелген активтердің қалған топтары бойынша қорытынды жолдарда айқындалады.
26. "Қазақстан Республикасы аумағында алғаш пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар" кестесінде (Салық кодексінде көзделген шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын салық төлеушілер толтырады):
1) 1-бағанда - жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – "Негізгі қорлардың жіктеуіші" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында алғаш пайдалануға енгізілген тіркелген активтердің коды;
3) 3-бағанда – тиісті тіркелген активтің Қазақстан Республикасы аумағына пайдалануға енгізілу күні;
4) 4-бағанда – Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтер тобының нөмірі;
5) 5-бағанда - Салық кодексіне сәйкес амортизацияның шекті нормалары проценттерде;
6) 6-бағанда – салық төлеуші әрбір тіркелген активтердің атауы бойынша проценттерде қолданатын амортизация нормасы, бірақ 5-бағанда көрсетілген шектерден жоғары емес;
7) 7-бағанда – Салық кодексінің 120-бабы 6-тармағына сәйкес салық төлеуші қолданатын, тиісті жолдың "2" 6-бағанының шамасының туындысы ретінде айқындалатын амортизацияның екі еселенген нормалары;
8) 8-бағанда – келіп түскен Қазақстан Республикасы аумағында алғаш пайдалануға енгізілген және салық төлеуші жылдық жиынтық табыс алу мақсатында пайдаланатын тіркелген активтердің құны. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолдарда айқындалады;
9) 9-бағанда – Салық кодексіне сәйкес кем дегенде үш жыл жылдық жиынтық табыс алу мақсатында тіркелген активтердің деректерін пайдалану шартында, тиісті жолдардың 7 және 8-бағандарында көрсетілген шамалардың туындысы ретінде айқындалатын амортизацияның екі еселенген нормасын да есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолдарда айқындалады;
10) 10-бағанда – салық кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген және жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын, 8 және 9-бағандарының айырмасы ретінде айқындалатын тіркелген активтердің қалдық құны. Келесі салық кезеңінде осы бағанның деректері салық салу мақсатында амортизация аударымдарын есептеу үшін тиісті кіші топтың (топтың) құндық теңгеріміне енгізуге жатады және келесі салық кезеңінің салық тіркелімі "Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар мен басқа да шегерімдердің толық жазылуы" кестесінің тиісті 7-бағанына көшіріледі. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолдарда айқындалады;
11) 11-бағанында - пайдаланудың үш жыл кезеңі өткенге дейін сатқан жағдайда тиісті тіркелген активтің жойылған күні көрсетіледі.
27. Егер салық тіркелімінде дұрыс емес деректер көрсетілген жағдайда, қателерді түзеу салық тіркелімі жолдарының тек өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілетін нөмірлері ғана толтырылатын және көрсетілетін салық тіркелімінің нысанын (бұдан әрі – қосымша салық тіркелімі) жасау жолымен жүзеге асырылады.
Салық тіркеліміне өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген кезде қосымша салық тіркелімінде тиісті бағандардың тиісті деректемелері мен көрсеткіштері, сондай-ақ салық тіркелімі кестелерінің жиынтық мәні бағандардың өзгерген көрсеткіштеріне байланысты болатын бағандарының деректері көрсетіледі. Бұл ретте қосымша салық тіркелімінде салық тіркелімінің "Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар мен басқа да шегерімдердің толық жазылуы" кестесінің өзгермеген 2, 3, 4 және 5-бағандарының және (немесе) "Қазақстан Республикасы аумағына алғаш пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар" кестесінің өзгермеген 2, 3, 4, 5, 6 және 11-бағандарының деректемелері де көрсетіледі.
Салық тіркелімінің кестелері бағандарының мәндерін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізу кезінде қосымша салық тіркелімінің тиісті мәндеріне "–" алу белгісі қолданылады.
Салық тіркелімінде тіркелген активтердің өзгерісін қосымша енгізілген жағдайда қосымша салық тіркелімі осы Ереженің 25-26-тармақтарына сәйкес жасалады. Бұл ретте мұндай қосымша салық тіркелімінде толықтыру енгізілетін кезең үшін салық тіркеліміндегі соңғы жолдан кейінгі жолдың нөмірін көрсету қажет.
28. Егер бұрын қосымша салық тіркелімдері жасалған салық тіркеліміне қосымша салық тіркелімі жасалса, онда соңғысы бұрын ұсынылған қосымша салық тіркелімдері ескеріле отырып жасалады.
29. Қосымша салық тізіліміне қосымша салық тізілімін жасаған адамдар қол қоятын және салық төлеушінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылатын жазбаша негіздеме:
1) салық тіркеліміне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың енгізілу себептері;
2) тіркелген актив тобының нөмірі және салық тіркелімінің өзгерістер енгізілетін жолдарының нөмірлері;
3) жазбаша негіздеменің жасалған күні көрсетіле отырып қоса беріледі.

6. Туынды қаржы құралдары бойынша салық
тіркелімінің нысанын жасау

30. Осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес салық тіркелімінің осы нысаны Салық кодексіне сәйкес кіріске енгізуге жататын туынды қаржы құралдары бойынша табысты айқындауға арналған.
31. "Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар" кестесінде:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – контрагенттің атауы;
3) 3-бағанда – контрагент салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
4) 4-бағанда – контрагенттің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (олар болған жағдайда)
5) 5-бағанда – резидент еместің резиденттік еліндегі салық тіркеуінің нөмірі;
6) 6-бағанда - хеджирлеу "қолданылады" не "қолданылмайды" мәліметі;
7) 7-бағанда - базалық активті жеткізу "қолданылады" не "қолданылмайды" мәліметі;
8) 8-бағанда – келісім-шарттың ашылу күні;
9) 9-бағанда – келісім-шарт қолданысының орындалу немесе мерзімінен бұрын тоқтатылу күні;
10) 10-бағанда – Салық кодексінің 127-бабына сәйкес туынды қаржы құралдары бойынша түсімдер сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
11) 11-бағанда - Салық кодексінің 127-бабына сәйкес туынды қаржы құралдары бойынша шығыстар сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
12) 12-бағанда – тиісті жолдардың 10 және 11-бағандарында көрсетілген шамалардың айырмасы ретінде айқындалатын артып кету сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;
32. "Своп бойынша операцияларда":
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – контрагенттің атауы;
3) 3-бағанда – контрагент салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
4) 4-бағанда - контрагенттің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (олар болған жағдайда);
5) 5-бағанда – резидент еместің резиденттік еліндегі салық тіркеуінің нөмірі;
6) 6-бағанда - хеджирлеу "қолданылады" не "қолданылмайды" мәліметі;
7) 7-бағанда - базалық активті жеткізу "қолданылады" не "қолданылмайды" мәліметі;
8) 8-бағанда – Салық кодексінің 128-бабына сәйкес своп бойынша түсім сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолдарда айқындалады;
9) 9-бағанда – Салық кодексінің 128-бабына сәйкес своп бойынша шығыстар сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолдарда айқындалады;
10) 10-бағанда – тиісті жолдардың 8 және 9-бағандарында көрсетілген шамалардың айырмасы ретінде айқындалатын артып кету сомасы көрсетіледі. Осы бағанның қорытынды шамасы салық кезеңі ішінде салық тіркелімінің осы бағанында көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолдарда айқындалады.
33. Егер салық тіркелімінде дұрыс емес деректер көрсетілген жағдайда, қателерді түзеу салық тіркелімі жолдарының тек өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілетін нөмірлері ғана толтырылатын және көрсетілетін салық тіркелімінің нысанын (бұдан әрі – қосымша салық тіркелімі) жасау жолымен жүзеге асырылады.
Салық тіркеліміне өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу жіберілген қателердің сипатына қарай мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) салық тіркелімінің "Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар" кестесінің 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 немесе 9-бағандарында және (немесе) "Своп бойынша операциялар" кестесінің 2, 3, 4, 5, 6 немесе 7-бағандарында қателер анықталған жағдайда қосымша салық тіркелімінде тиісті деректемелер көрсетіледі. Бұл ретте егер бір немесе бірнеше бағандарда қате жіберілген жағдайда қосымша салық тіркелімінде барлық көрсетілген бағандар бойынша деректемелер көрсетіледі;
2) салық тіркелімі нысанының "Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар" кестесінің 10, 11 немесе 12-бағандарында және "Своп бойынша операциялар" кестесінің 8, 9 немесе 10-бағандарында қателер анықталған жағдайда:
қосымша салық тіркелімінің "Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар" кестесінің 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 немесе 9-бағандарында салық тіркелімінің "Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар" кестесі 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 немесе 9-бағандарының деректемелері көрсетіледі;
қосымша салық тіркелімінің "Своп бойынша операциялар" кестесінің 2, 3, 4, 5, 6 және 7-бағандарында салық тіркелімінің "Своп бойынша операциялар" кестесі 2, 3, 4, 5, 6 және 7-бағандарының деректемелері көрсетіледі;
қосымша салық тіркелімінің "Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар" кестесінің 10, 11 немесе 12-бағандарында салық тіркелімінің "Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар" кестесі 10, 11 немесе 12-бағандарында көрсетілген сомалармен салыстыру бойынша айқындалған сома көрсетіледі;
қосымша салық тіркелімінің "Своп бойынша операциялар" кестесінің 8, 9 немесе 10-бағандарында салық тіркелімінің "Своп бойынша операциялар" кестесінің 8, 9 немесе 10-бағандарында көрсетілген сомалармен салыстыру бойынша айқындалған сома көрсетіледі.
Салық тіркелімінің "Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар" кестесі 10, 11 немесе 12-бағандарының мәндерін және "Своп бойынша операциялар" кестесінің 8, 9 немесе 10-бағандарының мәндерін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізілген кезде қосымша салық тірелімінің "Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары бойынша операциялар" кестесі 10, 11 немесе 12-бағандарында және "Своп бойынша операциялар" кестесінің 8, 9 немесе 10-бағандарында айқындалған айырма сомасы "-" алу белгісімен көрсетіледі;
3) көрсетілген салық кезеңі үшін салық тіркеліміне қосымша енгізілген жағдайда қосымша салық тіркелімі осы Ереженің 31 – 32-тармақтарына сәйкес жасалады. Бұл ретте мұндай қосымша салық тіркелімінде толықтыру енгізілетін кезең үшін салық тіркеліміндегі соңғы жолдан кейінгі жолдың нөмірін көрсету қажет.
34. Егер бұрын қосымша салық тіркелімдері жасалған салық тіркеліміне қосымша салық тіркелімі жасалса, онда соңғысы бұрын ұсынылған қосымша салық тіркелімдері ескеріле отырып жасалады.
35. Қосымша салық тізіліміне қосымша салық тізілімін жасаған адамдар қол қоятын және салық төлеушінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылатын жазбаша негіздеме:
1) салық тіркеліміне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың енгізілу себептері;
2) контрагент салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда); салық тіркелімінің өзгерістер енгізілетін жолдарының нөмірлері;
3) жазбаша негіздеменің жасалған күні көрсетіле отырып қоса беріледі.

Салық тіркелімінің нысанын
жасау Ережесіне
1-қосымша

Қосылған құн салығын төлеуші жазып берген шот-фактуралар
бойынша салық тіркелімінің нысаны

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|1| СТН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_| |2| ЖСН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
/БСН
(олар болған жағдайда)

3. Салық төлеушінің атауы немесе аты-жөні ______________________
4. Салық кезеңі: Тоқсан ___________ Жыл ______________

Сатылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер
бойынша ҚҚС сомасы

(теңге)

N

Сатып алушының СТН-і

Сатып алушының ЖСН/БСН (олар болған жағдайда)

Шот-фактуралар N

Шот-фактуралардың жазылған күні

ҚҚС есепке алмағанда шот-фактуралар бойынша құнның барлығы

шот-фактурада көрсетілген ҚҚС-ның сомасы

Салық кезеңінде есептелген ҚҚС-ның сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы (жол тек нысанның
қорытындысы бойынша толтырылады)

__________________________________________________________________
(Басшының (салық төлеуші) аты-жөні, қолы, мөрі)
__________________________________________________________________
(Бас бухгалтердің аты-жөні, қолы)
__________________________________________________________________
(Салық тіркелімін жасауға жауапты тұлғаның аты-жөні, қолы)
__________________________________
(Салық тіркелімі жасалған күн)

Салық тіркелімінің
нысанын жасау Ережесіне
2-қосымша

Қосылған құн салығы төлеуші алған шот-фактуралар
бойынша салық тіркелімінің нысаны

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|1| СТН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_| |2| ЖСН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
/БСН
(олар болған жағдайда)

3. Салық төлеушінің атауы немесе аты-жөні ______________________
4. Салық кезеңі: Тоқсан ___________ Жыл ______________

Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер
бойынша ҚҚС сомасы

(теңге)

N

Сатып алушының СТН-і

Сатып алушының ЖСН/БСН (олар болған жағдайда)

Шот-фактуралар N

Шот-фактуралардың жазылған күні

ҚҚС есепке алмағанда шот-фактуралар бойынша құнның барлығы

шот-фактурада көрсетілген ҚҚС-ның сомасы

Салық кезеңінде есепке жатқызылуға тиіс ҚҚС сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы (жол тек нысанның
қорытындысы бойынша толтырылады)

__________________________________________________________________
(Басшының (салық төлеуші) аты-жөні, қолы, мөрі)
__________________________________________________________________
(Бас бухгалтердің аты-жөні, қолы)
__________________________________________________________________
(Салық тіркелімін жасауға жауапты тұлғаның аты-жөні, қолы)
__________________________________
(Салық тіркелімі жасалған күн)

Салық тіркелімінің
нысанын жасау Ережесіне
3-қосымша

Инвестициялық салық преференцияларын қолдану
бойынша салық тіркелімінің нысаны

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|1| СТН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_| |2| ЖСН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
/БСН
(олар болған жағдайда)

3. Салық төлеушінің атауы ________________________________________
4. Салық кезеңі (жыл) ______________

Инвестициялық преференциялар бойынша шегерімдер

(теңге)

N

Преференциялар объектілерінің (негізгі құралдар) атауы

Негізгі құралдарды (олар болған жағдайда) пайдалануға енгізу күні

Келісім-шарттың (олар болған жағдайда) нөмірі мен күні

1

2

3

4

Барлығы (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады)

кестенің жалғасы

Преференция берілген кезең

преференция объектісінің (негізгі құралдың), және (немесе) шегерімге жатқызылуы тиіс қайта құруға, жаңғыртуға шығыстар құны

преференция объектісінің (негізгі құралдың), және (немесе) салық кезеңінде шегерімге жатқызылған қайта құруға, жаңғыртуға шығыстар құны

Преференциялар объектісінің (негізгі құралдар) және (немесе) қайта құруға, жаңғыртуға кеткен шығыстардың қалдық құны (6 баған – 7 баған)

5

6

7

8

__________________________________________________________________
(Басшының (салық төлеуші) аты-жөні, қолы, мөрі)
__________________________________________________________________
(Бас бухгалтердің аты-жөні, қолы)
__________________________________________________________________
(Салық тіркелімін жасауға жауапты тұлғаның аты-жөні, қолы)
__________________________________
(Салық тіркелімі жасалған күн)

Салық тіркелімінің
нысанын жасау Ережесіне
4-қосымша

Тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық
теңгермелерін және тіркелген активтер бойынша кейінгі
шығыстар бойынша айқындау салық тіркелімінің нысаны

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|1| СТН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_| |2| ЖСН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
/БСН
(олар болған жағдайда)

3. Салық төлеушінің атауы немесе аты-жөні ______________________
4. Салық кезеңі (жыл) ________________

Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар
және басқа да шегерімдер

(теңге)

N

Құндық көрсеткіштер мен шегерімдердің атауы

Ғимараттар, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда)

Тіркелген активтердің қалған топтары

Тіркелген активтер бойынша барлығы

1

2

3

4

5

1

Салық кезеңінің басына шағын топтың (топтың) құндық теңгерімі

2

Келіп түскен шағын топтардың (топтың) тіркелген активтер құны

3

Шағын топтың (топтың) шығарылған тіркелген активтерінің құны

4

Кейінгі шығыстар бойынша шегеруге жататындар

5

Шағын топтың (топтың) кейінгі шығыстар бойынша көбейтуге жататын құндық теңгерімі

6

Салық кезеңінің соңына шағын топтың (топтың) құндық теңгерімі

7

Амортизациялық аударымдар

8

Барлық тіркелген активтердің шығарылар кезінде топтардың (II, III, IV) құндық теңгерімінің шамасы

9

300 айлық есептік көрсеткіштен аз шағын топтың (топтың) құндық теңгерімінің шамасы

10

Салық кезеңінің соңындағы түзетулерді ескере отырып шағын топтың (топтың) құндық теңгерімі

Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар
мен басқа да шегерімдердің толық жазылуы

(теңге)

N

ҚР АК ҚЕК-не сәйкес тіркелген активтердің коды

Топтар N

Амортизациялық аударымдардың шекті нормасы (%)

Амортизациялық аударымдардың қолданылатын нормалары (%)

1

2

3

4

5

Ғимараттар, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен беріліс құрылғыларын қоспағанда)

БАРЛЫҒЫ (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады):

Тіркелген активтердің қалған топтары

БАРЛЫҒЫ (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады):

кестенің жалғасы

Салық кезеңінің басындағы шағын топтың (топтың) құндық теңгерімі

Шағын топтардан (топтан) түскен тіркелген активтердің құны

Шағын топтың (топтың) тіркелген активтерінің жойылған құны

Кейінгі шығыстар бойынша шегеруге жататындар

Шағын топтың (топтың) кейінгі шығыстар бойынша көбейтуге жататын құндық теңгерімі

6

7

8

9

10

кестенің жалғасы

Салық кезеңінің соңындағы шағын топтың (топтың) құндық теңгерімі

Амортизациялық аударымдар

Барлық тіркелген активтердің жойылар алдындағы (II, III, IV) топтардың құндық теңгерімдерінің шамасы

Шағын топтың (топтың) 300 айлық есептік көрсеткіштен төмен құндық теңгерімінің шамасы

Салық кезеңінің соңындағы түзетулерді ескере отырып шағын топтың (топтың) құндық теңгерімі

11

12

13

14

15

Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет
пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша
амортизациялық аударымдар

(теңге)

N

ҚР АК ҚЕК-не сәйкес тіркелген активтердің коды

Енгізу күні

Топтар N

Амортизациялық аударымдардың шекті нормасы (%)

Амортизациялық аударымдардың қолданылатын нормалары (%)

1

2

3

4

5

6

БАРЛЫҒЫ (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады):

кестенің жалғасы

Амортизациялық аударымдардың екі еселенген нормалары (%)

Тіркелген активтердің түскен сомасы

Екі еселенген амортизация нормаларының шегінде шегерімге жатқызылатын амортизациялық аударымдар (%)

Тіркелген активтердің қалдық құны

Тіркелген активтердің шығарылған күні

7

8

9

10

11

__________________________________________________________________
(Басшының (салық төлеуші) аты-жөні, қолы, мөрі)
__________________________________________________________________
(Бас бухгалтердің аты-жөні, қолы)
__________________________________________________________________
(Салық тіркелімін жасауға жауапты тұлғаның аты-жөні, қолы)
__________________________________
(Салық тіркелімі жасалған күн)

Салық тіркелімінің
нысанын жасау Ережесіне
5-қосымша

Туынды қаржы құралдары бойынша салық тіркелімінің
нысанын жасау

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
|1| СТН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_| |2| ЖСН |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
/БСН
(олар болған жағдайда)

3. Салық төлеушінің немесе аты-жөні атауы ______________________
4. Салық кезеңі (жыл) ________________

Свопты қоспағанда туынды қаржы құралдары
бойынша операциялар

(теңге)

N

Контрагенттің атауы

Контрагенттің СТН

Контрагенттің ЖСН/БСН (олар болған жағдайда)

резидент еместің резиденттік еліндегі салық тіркеуінің нөмірі

Хеджирлеу (қолданылады/ қолданылмайды)

1

2

3

4

5

6

БАРЛЫҒЫ (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады):

кестенің жалғасы

базалық активті жеткізу (қолданылады/қолданылмайды)

Келісім-шарттың ашылу күні

Келісім-шарттың орындалу немесе мерзімінен бұрын тоқтатылу күні

туынды қаржы құралдары бойынша түсімдер

туынды қаржы құралдары бойынша шығыстар

Артығы (теңге) (10-баған – 11-баған)

7

8

9

10

11

12

БАРЛЫҒЫ (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады):

Своп бойынша операциялар

(тенге)

N

Контрагенттің атауы

Контрагенттің СТН

Контрагенттің ЖСН/БСН (олар болған жағдайда)

резидент еместің резиденттік еліндегі салық тіркеуінің нөмірі

1

2

3

4

5

БАРЛЫҒЫ (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады):

кестенің жалғасы

Хеджирлеу (қолданылады/
қолданылмайды)

базалық активті жеткізу (қолданылады/
қолданылмайды)

своп бойынша түсім

своп бойынша шығыстар

Артығы (теңге) (8-баған – 9-баған)

6

7

8

9

10

БАРЛЫҒЫ (жол тек нысанның қорытындысы бойынша толтырылады):

__________________________________________________________________
(Басшының (салық төлеуші) аты-жөні, қолы, мөрі)
__________________________________________________________________
(Бас бухгалтердің аты-жөні, қолы)
__________________________________________________________________
(Салық тіркелімін жасауға жауапты тұлғаның аты-жөні, қолы)
__________________________________
(Салық тіркелімі жасалған күн)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina