ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қазақстан Республикасы азаматтарының...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

   Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1010 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН


Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.28 № 361 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Yкiметінің
2001 жылғы 26 шілдедегі
N 1010 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу
ЕРЕЖЕСІ

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Халықтың көшi-қоны туралы", "Мемлекеттiк құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының Ўлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының әрбiр азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуға және Қазақстан Республикасына кедергiсiз қайта оралуға құқылы. Шығу және қайта оралу Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты бойынша жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкiн.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.05.31. N 479қаулысымен.
4. Мемлекеттiк құпияларға қол жетiмдiлiгiне байланысты өзiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуын мүмкiндiгiнше шектеу жөнінде өзiне мiндеттемелер алған және шекарадан тысқары шығуға ниет бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi - құпиялықты сақтаушылар) сапарының мақсатына қарамастан, көрсетілген мiндеттемелерге өздерi қол қойған мемлекеттiк органдардың немесе басқа ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) басшыларынан алдын ала шығуға рұқсат алуға мiндетті.
Ўйымдар қайта ұйымдастырылған жағдайда, құпиялықты сақтаушылар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу мүмкiндiгі туралы шешiмдi, олардың құқықтық мұрагерлерi болып табылатын ұйымдардың басшылары қабылдайды.
Құпиялықты сақтаушылардың шығуына рұқсат беру туралы шешiмдi құпиялықты сақтаушылар алған мiндеттемелердi және олардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен нақты хабарланғанын ескере отырып, ұйымдардың басшылары қабылдайды.
Бұл ретте, ол адамның мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтермен хабарланғаны туралы қорытынды ұлттық қауiпсiздiк органдарына жiберiледi.
Ўйымдар таратылған (қысқартылған) кезде, құпиялықты сақтаушылардың шығу мүмкiндiгi туралы шешімдi тұрғылықты орны бойынша аумақтық ұлттық қауiпсіздiк органдарының басшылары қабылдайды.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына рұқсат беру немесе дәлелдi бас тарту азаматтардың өтінiштерiн қарау үшiн заңнамада белгіленген мерзiмде берiледi.
Құпиялықты сақтаушы Қазақстан Республикасының тысқары жерлерге рұқсатсыз шыққан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiптiк немесе өзге де жауапкершілікке тартылуы мүмкiн.
5. Тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасынан шығу ішкi істер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге өзге де мақсаттармен (қызметтiк, жеке жұмыстарымен, туристер ретiнде, жұмысқа, оқуға, емделуге, демалуға) шығу кезiнде iшкi iстер органдарының рұқсаты талап етiлмейдi.
6. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу үшiн рұқсат беру рәсiмi Қазақстан Республикасының Iшкi істер министрлiгi Қазақстан Республикасының Ўлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша айқындайды.
7. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұру үшiн шығу туралы өтінiштi 18 жасқа толған адамдар, ал некеде тұрған адамдар 16 жастан бере алады. Балалардың және сот iс-әрекетке қабiлетi жоқ деп таныған азаматтардың құжаттарын олардың заңды өкiлдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) бередi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.13. N 1080 Қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының өздерi немесе олардың заңды өкiлдерi аумақтық ішкi істер органдарына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтiнiш-сауалнама;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен төлқұжаты;
3) шығатын адамдардан алименттер алуға заң бойынша құқығы бар Қазақстан Республикасында тұратын адамдардың (ата-аналары ортақ некеден кәмелеттiк жасқа толмаған балалары бар болса, бұрынғы жұбайлары және басқалар) шетке шығуына қарсы еместiгi туралы нотариалды түрде куәландырылған өтiнiшi. Өтiнiш иесi қандай да болмасын себеппен мұндай өтiнiштердi ала алмаған жағдайда, мәселе сот тәртiбiмен шешiледi;
4) алынып тасталды
5) әскери есептен шығару және әскери билеттi тапсыру туралы анықтама;
6) шығуы туралы шешім қабылдаған кезде 10 жасқа толған баланың пікірін ата-анасының не өзге де заңды өкілдердің есепке алуы туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;
7) 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiреуiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға шыққан кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi ата-анасының нотариалды түрде расталған келiсiмi. Ата-анасының бiреуінің келiсiмi болмаған кезде, кәмелетке толмағанның шығуы сот тәртiбiмен шешiледi.
Азаматтардан басқа құжаттарды сұратуға жол берiлмейдi.
Ішкі істер органдарына құжаттарды делдал заңды және жеке тұлғалардан қабылдауға тыйым салынады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.31. N 479, 2007.11.13. N 1080 қаулыларымен.
8-1. Аумақтық iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарда Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығудан бас тарту негiздерiнiң жоқтығына тексеру жүргiзедi.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарға қатысты iшкi iстер органдарының сұрау салуларын мүдделi мемлекеттiк органдар он күн мерзiмде қарайды.
Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.31. N 479 қаулысымен.
9. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу рұқсатын беру туралы шешiм осы Ереженiң 8-тармағында санамаланған барлық құжаттар берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады.
10. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша жұмыстарымен шыққан, сол жерде тұрақты тұруға қалу ниетiн бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтарына тиiстi рұқсат берудi Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi, өтiнiш бiлдiрушiнiң Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрған жерi бойынша, аумақтық ішкі iстер органдарының келiсiмiмен жүргізедi.
11. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасында уақытша болатын Қазақстан Республикасының азаматтары, тұрақты тұратын жеріне Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің консулдық есепке алу туралы белгісінің не ішкі істер органдарының олардың шекарадан тысқары тұрақты тұру фактісін растайтын белгісі негізінде шығады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina