ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1251 қаулысымен бекітілген


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 27 тамыздағы
N 1251 қаулысымен
бекітілген

Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесi

Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.06 № 423 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесi (бұдан әрi — Ереже) мемлекеттiк басқарудың орталық және жергiлiктi денгейлерiнде әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу тәртiбiн, оны әзiрлеу бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара iс-қимыл тетiгiн айқындайды.
2. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, жылжымалы негiзде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзiрленедi.
3. Республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы - мемлекеттiк басқарудың орталық деңгейiнде әзiрленетiн әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы.
4. Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы - мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi деңгейiнде әзiрленетiн әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы.
5. Республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
Республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиiс.
6. Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган әзiрлейдi.
Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиiс.
7. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарларын, үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге негiз болып табылады.

2. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының құрылымы

8. Мемлекеттiк басқарудың орталық деңгейiнде әзiрленетiн әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) экономиканы дамытудың сыртқы және iшкi шарттары;
2) экономикалық саясаттың, оның iшiнде салық-бюджет саясаттың орта мерзiмдi кезеңге арналған мақсаттары мен мiндеттерi;
3) экономикалық саясаттың, оның iшiнде салық-бюджет саясатының бес жылға арналған негiзгi бағыттары мен шаралары;
4) бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамы (қосымша түрiнде);
5) шоғырландырылған, мемлекеттiк және республикалық бюджеттер түсiмдерi мен шығыстарының болжамын, бюджет тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлерiнiң болжамы (қосымша түрiнде);
6) әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары;
7) үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесi (қосымша түрiнде).
9. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы көрсеткiштерiнiң тiзбесi осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
10. Басым бюджеттiк инвестициялар тiзбесi осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.
11. Республиканың және өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамды параметрлерiн есептеуге қажеттi көрсеткiштердiң нысаны мен тiзбесi стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарға байланысты айқындалады және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi.
12. Шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның iшiнде бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұсыну нысаны мен тәртiбi және олар бойынша қорытындылар мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi.
13. Мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi деңгейiнде әзiрленетiн әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы мынадай негiзгi бөлiмдерден тұрады:
1) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы, үрдiстерi, басымдықтары, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерi;
2) үш жылға арналған бюджет параметрлерi, ол:
тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң негiзгi параметрлерiн (қосымша түрiнде);
өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын;
үш жылдық кезеңге арналған басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiн (қосымша түрiнде) қамтуы тиiс.
14. Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына арналған бюджет параметрлерiнiң болжамы индикативтi сипатта болады және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының өзгерiстерiн, бюджет мониторингi мен нәтижелердi бағалауды, басқа да iшкi және сыртқы факторларды ескере отырып, бюджет параметрлерiнiң кезектi жоспарлы кезеңге арналған болжамын әзiрлеу кезiнде нақтылануы мүмкiн.

3. Мемлекеттiк басқарудың орталық деңгейiнде әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу тәртiбi

15. Республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
Бiрiншi кезеңде бюджеттiк және бюджеттiк инвестициялық саясатты қоса алғанда, республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң сценарийлiк болжамын, әлеуметтiк-экономикалық саясаттың басымдықтарын әзiрлеу және басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн қалыптастыру жүзеге асырылады:
1) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 наурызынан кешiктiрмей мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға көрсеткiштер болжамын және республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының бөлiмдерiне, бөлiм құрылымына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы көрсеткiштерiнiң нысандары мен тiзбесiне сәйкес ұсыныстар, сондай-ақ, шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның iшiнде бюджеттiк инвестициялық саясаттың басымдықтары бойынша ұсыныстар бередi;
2) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардан алынған ақпарат негiзiнде жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 5 наурызынан кешiктiрмей алдағы бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң сценарийлiк болжамын әзiрлейдi және оны бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жолдайды;
3) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң сценарийлiк болжамы негiзiнде жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 12 наурызынан кешiктiрмей мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттiк, оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерге кiрiстердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеудiң, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердiң, Ұлттық қорға түсетiн түсiмдердiң сценарийлiк болжамын жолдайды;
4) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардан алынған ақпарат негiзiнде республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң сценарийлiк болжамын және бюджеттiк және бюджеттiк инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi басымдықтарын әзiрлейдi және жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 25 наурызынан кешiктiрмей Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрi - РБК) қарауына енгiзедi;
5) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган РБК мақұлдағаннан кейiн екi күн мерзiмде орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттiк органдарға республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң сценарийлiк болжамын және бюджеттiк және бюджеттiк инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi басымдықтарын жолдайды;
6) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiнiң жобасына қосу үшiн басым бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстар, оның iшiнде жергiлiктi атқарушы органдардың нысаналы даму трансферттерi бойынша ұсыныстар бередi;
7) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк инвестициялық саясат басымдықтары негiзiнде және орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардан алынған ақпаратты қарау нәтижесi бойынша:
мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған нысан бойынша қорытынды қалыптастырады және жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарға жолдайды;
мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысы бар (кейiнге қалдыру шартымен бюджеттiк инвестицияларды қоспағанда), үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады және жоспарлы кезеңнiң алдындағы жылдың 15 мамырынан кешiктiрмей кейiннен РБК-да қарау үшiн оны бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға енгiзедi.
Екiншi кезеңде республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын нақтылау және болжамы жобасының бөлiмдерiн қалыптастыру, оның iшiнде басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн нақтылау жүзеге асырылады:
1) жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың маусым айында мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардың қатысуымен республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын нақтылауды жүргiзедi;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдар республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы бөлiмдерiнiң құрылымына, көрсеткiштерiнiң нысандары мен тiзбесiне сәйкес жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 15 маусымынан кешiктiрмей мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының нақтыланған көрсеткiштер болжамы мен болжамының бөлiмдерiне ақпаратты ұсынады;
3) РБК қорытындысын ескере отырып, басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн қоса алғанда, республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасы жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзiледi;
4) басым республикалық бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн қоса алғанда, республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдайды.

4. Мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi деңгейiнде әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу тәртiбi

16. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
Бiрiншi кезеңде бюджеттiк және бюджеттiк инвестициялық саясаттың басымдықтарын қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң, басымдықтарының болжамын әзiрлеу және басым бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiн қалыптастыру жүзеге асырылады:
1) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдарының қатысуымен РБК мақұлдаған республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң сценарийлiк болжамы, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы бөлiмдерiнiң құрылымы, көрсеткiштерiнiң нысандары мен тiзбесi, бюджеттiк және бюджеттiк инвестициялық саясатты қоса алғанда, әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi басымдықтары негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын және басымдықтарын әзiрлейдi және жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 20 сәуiрiнен кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi;
2) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк инвестициялық саясаттың басымдықтары негiзiнде және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарынан және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдарынан алынған ақпаратты қарау нәтижесi бойынша үш жылдық кезеңге арналған басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады және оны жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 15 маусымынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Екiншi кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын нақтылау және болжамы жобасының бөлiмдерiн қалыптастыру, оның iшiнде басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн нақтылау жүзеге асырылады:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың қыркүйегiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдарының қатысуымен екiншi кезеңде мақұлданған республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын нақтылауды жүргiзедi;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы бөлiмдерiнiң құрылымына, көрсеткiштерiнiң нысандары мен тiзбесiне сәйкес жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 15 қыркүйегiнен кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының бөлiмдерi мен көрсеткiштерiне ұсыныстар бередi;
3) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарынан және аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдарынан алынған ақпараттың негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiн қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын пысықтайды және жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 25 қыркүйегiнен кешiктiрмей оны жергiлiктi атқарушы органның қарауына енгiзедi;
4) басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiн қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi мақұлдайды;
5) басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн қоса алғанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақұлданған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көшiрмесi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының стратегиялық жоспарларының жобасын немесе стратегиялық жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар жобасын келiсу кезiнде жұмыста пайдалану үшiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынылады;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдарының стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларын келiсу нәтижелерi бойынша орталық атқарушы органдармен жергiлiктi бюджеттiң болжамдарын пысықтауды жүзеге асырады.
17. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
Бiрiншi кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын, басымдықтарын әзiрлеу және басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялардың тiзбесiн қалыптастыру жүзеге асырылады:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 25 сәуiрiне дейiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясы мақұлдаған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы бөлiмдерiнiң құрылымы, көрсеткiштерiнiң нысандары мен тiзбесi негiзiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын әзiрлейдi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi бюджет комиссиясының қарауына жiбередi;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы бюджеттiк инвестициялық саясаттың басымдықтары негiзiнде және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарынан алынған ақпаратты қарау нәтижесi бойынша үш жылдық кезеңге арналған басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады және оны жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 15 шiлдесiнен кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Екiншi кезеңде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасы көрсеткiштерiнiң болжамын нақтылау және бөлiмдерiн қалыптастыру, оның iшiнде басым бюджеттiк инвестициялар тiзбесiн нақтылау жүзеге асырылады:
1) жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың қазанында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы екiншi кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мақұлданған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы негiзiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң болжамын нақтылауды жүргiзедi;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым жергiлiктi бюджеттiк инвестицияларының тiзбесiн қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын пысықтайды және жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 25 қазанынан кешiктiрмей оны жергiлiктi атқарушы органның қарауына енгiзедi;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым жергiлiктi бюджеттiк инвестицияларының тiзбесiн қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдiгi мақұлдайды.

5. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеудi әдiснамалық
және ақпараттық қамтамасыз ету

18. Республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу кезiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардың жұмысына әдiснамалық басшылықты және үйлестiрудi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
19. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу кезiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкiлеттi органдарының жұмысына әдiснамалық басшылықты және үйлестiрудi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
20. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу бойынша әдiснамалық ұсынымдарды әзiрлейдi.

Әлеуметтiк-экономикалық даму
болжамын әзiрлеу ережесiне
1-қосымша

Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы көрсеткiштерiнiң тiзбесi

1. Бес жылдық кезеңге арналған

Р/с №

Көрсеткiштердiң атауы

1-шi жоспарланатын жылдың алдындағы жылды бағалау

болжам

Болжанатын кезеңнiң 1-шi жылы

Болжанатын кезеңнiң 2-шi жылы

Болжанатын кезеңнiң 3-шi жылы

Болжанатын кезеңнiң 4-шi жылы

Болжанатын кезеңнiң 5-шi жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

ЖIӨ, млрд. теңге







2

ЖIӨ-нiң нақты өзгеруi, өткен жылға қарағанда %







3

ЖIӨ, ресми бағам бойынша млрд. АҚШ долл.







4

Халықтың жан басына шаққандағы ЖIӨ ресми бағам бойынша, АҚШ долл.








Экономика салаларының ЖҚҚ

5

Ауыл, орман және балық шаруашылығы, өткен жылға қарағанда %







6

Өнеркәсiп, өткен жылға қарағанда %







7

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң карьерлерiн әзiрлеу, өткен жылға қарағанда %







8

Мұнай және газ конденсатын өндiру көлемi, млн. тонна







9

Өңдеу өнеркәсiбi, өткен жылға қарағанда %







10

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау, өткен жылға қарағанда %







11

Мұнайдың әлемдiк бағасы (Brent қоспасы), жылына орташа есеппен бiр баррелi АҚШ долл.







12

Құрылыс, өткен жылға қарағанда %







13

Көлiк және қоймаға жинақтау, өткен жылға қарағанда %







14

Ақпарат және байланыс, өткен жылға қарағанда %







15

Сауда, өткен жылға қарағанда %








Ақша-кредит саясатының көрсеткiштерi

16

Экономикаға ЕДБ кредиттерi, млрд. теңге, кезеңнiң соңына







17

Резиденттердiң депозиттерi, млрд. теңге, кезеңнiң соңына







18

Ақша массасы, млрд. теңге, кезең соңына







19

Инфляция кезең соңына, %







20

Экономиканы монетизациялау деңгейi, %







21

Ұлттық Банктiң қайта қаржыландыруының ресми ставкасы, % (кезең соңына)








Төлем теңгерiмiнiң көрсеткiштерi

22

Тауарлар экспорты, млн. АҚШ долл.







23

Тауарлар импорты, млн. АҚШ долл.







24

Сауда теңгерiмi, млн. АҚШ долл.







25

Ағымдағы шот, млн. АҚШ долл.







26

Ағымдағы шоттың сальдосы, ЖIӨ-ге шаққандағы %








Әлеуметтiк саланың көрсеткiштерi

27

Экономикалық белсендi халық саны, мың адам







28

Жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам







29

оның iшiнде жалдамалы қызметкерлер, мың адам







30

Жұмыссыздар саны, мың адам







31

Жұмыссыздық деңгейi, экономикалық белсендi халыққа шаққанда, %







32

Кадрларға қажеттiлiгi, барлығы мың адам







33

оның iшiнде ҮИИДМБ шеңберiндегi қажеттiлiк, мың адам







34

Ең төменгi жалақы мөлшерi, теңге







35

Орташа айлық номиналды жалақы, теңге







36

Нақты жалақы индексi, өткен жылға қарағанда %







37

Айлық есептiк көрсеткiш, теңге







38

Зейнеткерлердiң саны, мың адам.







39

Базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi, теңге







40

Ең төменгi зейнетақы мөлшерi, теңге







41

Ең төменгi күнкөрiс деңгейi, теңге







42

Табысы ең төменгi күн көрiс деңгейiнен төмен халықтың үлесi, %







43

Орта техникалық бiлiмi бар кадрлар даярлап шығару, адам







44

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрлар даярлап шығару, адам







2. Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк параметрлер болжамы

млрд. теңге

Бюджет көрсеткiштерi

Р/с №

Көрсеткiштердiң атауы

1-шi жоспарлы жылдың алдындағы ағымдағы жылғы бағалау

Болжам

Болжанатын кезеңнiң 1-шi жылы

Болжанатын кезеңнiң 2-шi жылы

Болжанатын кезеңнiң 3-шi жылы

1

2

3

4

5

6

Мемлекеттiк бюджет

1

Түсiмдер





2

ЖIӨ-ге қарағанда %





3

Кiрiстер (трансферттердi есептемегенде)





4

ЖIӨ-ге қарағанда %





5

Салықтық түсiмдер





6

Салықтық емес түсiмдер





7

Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер





8

Трансферттер түсiмдерi





9

Ұлттық қордан кепiлдендiрiлген трансферт





10

Бюджет кредиттерiн өтеу





11

Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер





12

Шығыстар





13

ЖIӨ-ге қарағанда %





14

Алдыңғы жылға қарағанда %





15

Тапшылық





16

ЖIӨ-ге қарағанда %





17

Мұнай емес, тапшылық





18

ЖIӨ-ге қарағанда %





Республикалық бюджет

19

Түсiмдер





20

ЖIӨ-ге қарағанда %





21

Кiрiстер (трансферттердi есептемегенде)





22

ЖIӨ-ге қарағанда %





23

Салықтық түсiмдер





24

Салықтық емес түсiмдер





25

Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер





26

Трансферттер түсiмдерi





27

Ұлттық қордан кепiлдендiрiлген трансферт





28

керi трансферт





29

бюджеттiк алып қоюлар





30

Бюджет кредиттерiн өтеу





31

Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер





32

Шығыстар





33

ЖIӨ-ге қарағанда %





34

Алдыңғы жылға қарағанда %





35

Тапшылық





36

ЖIӨ-ге қарағанда %





37

Мұнай емес, тапшылық





38

ЖIӨ-ге қарағанда %





Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖIӨ — жалпы iшкi өнiм
ЖҚҚ - жалпы қосылған құн
ЕДБ - екiншi деңгейдегi банктер
ҮИИДМБ - Үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламасы

Әлеуметтiк-экономикалық
даму болжамын
әзiрлеу ережесiне
2-қосымша

Басым бағыттар бөлiнiсiндегi үш жылдық кезеңге арналған
басым бюджеттiк инвестициялар тiзбесi

Бағыттың атауы

Iске асыру кезеңi

Қаржыландыру көзi*

Жалпы құны (мың теңге)

Жоспарланатын жылға дейiн барлығы (мың теңге)

Жоспар (мың теңге)

3-шi жоспарланатын жылдан кейiн (мың теңге)

1-шi есептi жылға дейiн

1-шi есептi жыл

2-шi жыл (ағымдағы жылдың жоспары)

1-шi жоспарланатын жыл

2-шi жоспарланатын жыл

3-шi жоспарланатын жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Барлығы:























































* - жобаны қаржыландыру көздерiн (республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттер) көрсете отырып

Мемлекеттiк бағдарламалар бөлiнiсiндегi үш жылдық кезеңге
арналған басым бюджеттiк инвестициялар тiзбесi

Атауы

ББӘ атауы

Iске асыру кезеңi

Қаржыландыру көзi*

Жалпы құны (мың теңге)

Жоспарланатын жылға дейiн барлығы (мың теңге)

Жоспар (мың теңге)

3-шi жоспарланатын жылдан кейiн (мың теңге)

1-шi есептi жылға дейiн

1-шi есептi жыл

2-шi жыл (ағымдағы жылдың жоспары)

1-шi жоспарланатын жыл

2-шi жоспарланатын жыл

3-шi жоспарланатын жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12





Барлығы:








1. Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалар





Жиыны:












































2. Жарғылық капиталды ұлғайту арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестициялар





Жиыны:












































3. Нысаналы даму трансферттерi





Жиыны:












































4. Кредит беру





Жиыны:












































* - жобаны қаржыландыру көздерiн (республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттер) көрсете отырып

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 27 тамыздағы
N 1251 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 17, 190-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1184 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 44, 484-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 шiлдедегi N 723 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 345-құжат).
4. "Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 568-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 және 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi N 748 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 389-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы N 780 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 331-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 қарашадағы N 1080 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 458-құжат).
8. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina