ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты арату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу режесі

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 215 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 23 қыркүйектегі
N 215 қаулысымен бекітілген

Қаржылық қызмет бойынша сыйақы шегі туралы ақпаратты
тарату кезіндегі сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін есептеу
Ережесі

Ескерту: Ереженің атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктер) қаржылық қызмет бойынша сыйақы мөлшерлемесінің деңгейі туралы ақпаратты тарату кезінде шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеу тәртібін белгілейді.
Осы Ереже банкаралық заемдарға және/немесе банкаралық депозиттерге таратылмайды.
Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - осы Ережеге сәйкес есептелетін қызмет бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есепке алынатын сыйақы мөлшерлемесі;
2) заеммен байланысы бар депозит - заемшының атына ашылған және берілетін заемды қамтамасыз ету болып табылатын не заем шартының талаптары бойынша болуы міндетті болып табылатын депозит;
3) клиент - банктің қызметін пайдалануды ниет етіп жүрген немесе пайдаланып жүрген жеке немесе заңды тұлға;
4) қызмет - банктердің банктік заем операцияларын және (немесе) депозиттерді қабылдау бойынша операцияларды жүзеге асыруы;
5) заем - уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктің төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттерді беруі.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

2-тарау. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебі

2. Банктер тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесін басқа сыйақы мөлшерлемелерімен шрифті ресімдеу нысаны, көлемі және стилі (курсив, жартылай қара әріппен жазылған, түспен бөлініп көрсетілген, мөлшері) бойынша бірдей бірыңғай форматта көрсетеді:
қызмет бойынша сыйақы шегі, оның ішінде оның жариялануы туралы ақпаратты тарату кезінде;
клиенттердің ауызша және жазбаша сұратуларында;
клиенттермен жасалған шарттарда.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

3. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі банк ұсынатын қызметтің әр қайсысы бойынша есептеледі.

4. Берілетін заемдар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:

n m
D-k-L+E Sj = E Pi
j=1 (1+APR)tj/365 i=1(1+APR)ti/365

онда:
АРR - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;
D - алғашқы заем сомасы;
к - клиенттің заемдарды және алғашқы заемды алған күнгі банктің онымен байланысты қызметін қабылдағаны жөніндегі төлемінің жалпы сомасы;
L - алғашқы заемды алған күні енгізілген заемдарға байланысты депозиттер сомасы;
n - клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі;
j - алғашқы заемды алған күннен кейінгі клиентке төлем жасау реттік нөмірі;
Sj - клиентке j-ші сомамен төлем жасау, оның ішінде кезекті заемдар, заемдарға байланысты депозиттер бойынша сыйақы, депозиттерді қайтарым жасау, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жүйесіндегі мемлекеттің сыйлықақысы;
tj - клиентке алғашқы заемды берген күннен бастап төлем жасаудың i-ші сәтіне дейінгі (күндермен) уақыт кезеңі;
m - клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі;
і - клиенттің төлемінің реттік нөмірі;
Рі - клиенттің алғашқы заемды алған күннен кейінгі і-ші төлем сомасы, оның ішінде заемдар бойынша сыйлықақы, осы Ереженің 5-тармағына сәйкес депозиттер мен төлемдерді енгізу;
tі - алғашқы заемды берген күннен бастап клиенттің і-ші төлем жасау сәтіне дейінгі (күндермен) уақыт кезеңі.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

5. Сыйақы сомасынан басқа клиенттің заем алу үшін және соған қатысты барлық банк қызметіне байланысты төлемдерінің жалпы сомасына мыналар жатады:
заемдарды алғаны үшін комиссиялар;
құжаттарды қарағаны және/немесе банктік шоттар ашқаны үшін төлем жасау;
басқа төлемдер (банктік шоттарға қызмет көрсету құны, қолма-қол ақшаны алу комиссиясы, есепшотпен жасалатын төлемдер және басқалар).
Клиент төлемдерінің жалпы сомасына банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген заемдар бойынша сыйақы сомасын қоспағанда, осы заемдарға қызмет ету бойынша қызметті ұсынатын банктің комиссиясы кіреді.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

6. Тартылатын депозиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
n m
E Lj = E Pi
j=1(1+APR)tj/365 i=1(1+APR)ti/365

онда:
АРR - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;
n - клиенттің соңғы төлемінің реттік нөмірі;
Lj - клиенттің j-ші төлем сомасы, оның ішінде депозитке енгізу және онымен байланысты банк қызметінің төлемі;
j - клиент төлемінің реттік нөмірі;
tj - клиенттің төлемінің j-ші сәтіне дейінгі (күндермен) депозитті қамтыған күннен басталған уақыт кезеңі;
m - клиентке төленген соңғы төлемнің реттік нөмірі;
і - клиентке төлем жасаудың реттік нөмірі;
Рі - клиентке і-ші төлем сомасы, оның ішінде депозит бойынша сыйақы, депозиттерді қайтару, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жүйесіндегі мемлекеттің сыйлықақысы;
tі - депозитке қамтылған күннен бастап і-ші төлем жасау сәтіне дейінгі (күндермен) уақыт кезеңі.

7. Банктер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуді алгебралық әдіспен, бір ізбен жақындатылған, компьютерлік бағдарламаларды қолданған интерация әдісімен жүзеге асырады.
Клиент жасаған төлем және/немесе клиентке жасалған төлем нақты төлем жасалған сәтте, болашақта - төлем кестесі бойынша ескеріледі.

8. Клиент және банк әр уақыттарда төлеген сомалар тең болуы міндеті емес және бірдей уақыт аралығы арқылы төленеді.

9. Егер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде алынған сан бір ондық белгіден асатын болса, онда ол былайша ондық үлеске дейін дөңгелектенуі тиіс:
1) егер жүздік үлес 5-ке тең немесе одан артық болса, онда оныншы үлес 1-ге өседі де, оның артындағы барлық белгілер алып тасталады;
2) егер жүздік үлес 5-тен кем болса, онда оныншы үлес өзгеріссіз қалады, оның артындағы барлық белгілер алып тасталады.

3-тарау. Ақпаратты ашу тәртібі

10. Қызмет көрсету шартында банктің комиссияларын (сыйақы және басқа төлемдер) ұстайтын және тиімді сыйақы мөлшерлемесіне әсер ететін, олардың мөлшері мен оларды анықтау тәртібіне сілтеме, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің тәртібі мен мерзімінің өзгеруі жөніндегі операциялар тізбесі болуы тиіс.
Егер шартта сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруі көзделген болса, осы ақпаратты клиентке жеткізу тәсілі тараптардың келісімі арқылы анықталады.
Осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейінгі клиентпен жасалған қолданыстағы шарт бойынша шартқа өзгерістер енгізген жағдайда, оның ішінде клиенттің өтініші бойынша, банк өзгерістерді енгізгенде шартта жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуді көздеуі тиіс.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі базалық көрсеткіштерге (құнсыздану деңгейі, LIВОR мөлшерлемесі, шетел валютасы бағамы және басқалар) қатысты болған жағдайда банк базалық көрсеткіштерді жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі есептелген күні пайдалану керек болады.
Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

11. Кредиттік желі бойынша заемдар беру кезінде жылдық тиімді мөлшерлеме кредиттік желіні ашу туралы келісімде және осы келісім аясында жасалған әр шартта белгіленген талаптар негізінде көрсетіледі.
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

12. Кредиттік желі бойынша заемдар беру кезінде мыналар ескеріледі:
1) заемды өтеудің белгілі кестесі болмаса және оны заем шартының талаптарынан анықтау мүмкін болмаса, онда ол заем шарты жасалған сәттен бастап 1 жыл мерзімге берілді деп есептеледі;
2) егер заем шартында заемды өтеудің бірнеше мүмкін күндері айтылып, басқа нұсқаулар болмаған жағдайда, заем аталған мерзімдердің ең қысқасы бойынша беріледі және өтеледі деп болжалданады;
3) егер берілетін заемның сомасы көрсетілмесе, онда заем шартының қолданылу мерзіміне келісімде көрсетілген заемның барынша жоғары сомасы қамтамасыз етіледі деп болжалданады;
4) егер клиенттің төлем жасау күні белгіленбеген болса, онда ол заем шартының қолданылуы басталған сәттен бастап жүзеге асырылады.
Кредиттік желі туралы келісімде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу үшін қажетті мәндер жоқ болған жағдайда, банк оны келісім аясында жасалған шарттарда көрсетеді.
Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

12-1. Тартылатын депозиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуде мынадай талаптар ескеріледі:
1) егер шартта депозитті қайтарудың мерзімі белгіленбеген болса, депозит шартты жасасқан сәттен бастап бір жыл мерзімге енгізілген деп есептеледі;
2) егер шарт талаптарында депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жоқ болса, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі банктің комиссияларын ескеріп есептеледі, және шартта көрсетіледі.
Ескерту: 12-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

13. Тасымалдау түрлеріне (рекламалық буклеттер, жол жиегіндегі билбордтар, стендтер, үнпарақтар және сол сияқтылар) қатыссыз, қызмет бойынша сыйақылар шегі туралы, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары, веб-сайт, электронды почта, телефон арқылы, клиенттерге ауызша кеңес беру арқылы қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттарда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі туралы мәліметтер болуы тиіс.
13-1. Қызмет бойынша сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпаратты әр таратуда міндетті түрде осы қызметтерді (комиссиялар мен кепіл түрлері) ұсынудың талаптары болуы тиіс.
Ескерту: 13-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 206 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

4-тарау. Қорытынды ережелер

14. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешімін табады.



Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina