ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдау ережесi...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

Страницы 1 2 3

  Автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдау ережесi
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 478-I бұйрығымен бекiтiлген

КЕЛIСIЛДI
Қазақстан Республикасының
Ауылшаруашылығы министрi
2004 жылғы 30 желтоқсан

КЕЛIСIЛДI
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрi
2004 жылғы 31 наурыз

КЕЛIСIЛДI
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрi
2005 жылғы 14 қаңтар

Қазақстан Республикасы Көлiк
және коммуникациялар министрiнiң
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
N 478-I бұйрығымен бекiтiлген

Автомобиль көлiгiмен жүктердi
тасымалдау ережесi

Осы Автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдау ережесi (бұдан әрi - Ереже) жүктердi автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн реттейдi.
Ереже Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшiн меншiк нысандарына қарамастан мiндеттi болып табылады.

1-бөлiм. Автомобиль көлiгiмен жүктердi
тасымалдаудың жалпы ережелерi

1-тарау. Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1. Жүктердiң автомобиль тасымалдары - автомобиль жолдары бойынша жүк автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылатын жүктер тасымалдары.

2. Автомобиль тiркемесi (бұдан әрi - тiркеме) - қозғалтқышпен жабдықталмаған және жүк автомобилiмен немесе ершiктi тартқышпен құрамдағы қозғалысқа арналған автокөлiк құралы. Термин жартылай тiркемелер мен ұзартылма тiркемелерге қолданылады.

3. Автопоезд - жүк автомобилi мен тiркемеден (тiркемелi автопоезд), ершiктi тартқыш пен жартылай тiркемеден (ершiктi автопоезд) тұратын аралас автокөлiк құралы.

4. Жүк автомобилi - автомобиль жолдары бойынша жүктердi тасымалдауға арналған механикалық жетектi автокөлiк құралы.

5. Жүк автокөлiк құралы (бұдан әрi - автокөлiк құралы) - жүк автомобильдерiн, автомобиль тiркемелерiн, ершiктi тартқыштарға тiркемелердi, сондай-ақ мамандандырылған автомобильдердi (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған) қамтитын жүк автомобиль көлiгi жылжымалы құрамының бiрлiгi.

6. Ершiктi тартқыш - жеке қозғалтқышпен жабдықталған және тек қана немесе көбiне тiркеме мен жартылай тiркеменi тiркеп сүйреуге арналған автокөлiк құралы.

7. Тез бүлiнетiн жүк - шектеулi жарамдылық мерзiмi бар және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайларын қажет ететiн жүк.

2-тарау. Жүктiң автомобиль тасымалы шарттарын
жасасу, өзгерту және бұзу тәртiбi

8. Тасымалдаушылар жасалған шарттардың негiзiнде жүктердi тасымалдауды жүзеге асырады және тасымалдауға қатысты қосымша қызметтердi орындайды.
Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзiне жүк жөнелтушi сенiп тапсырған жүктi, оны тасымалдау шарттарын сақтай отырып, межелi пунктiне жеткiзуге және оны жүктi алуға уәкiлеттi тұлғаға (жүк алушыға) беруге мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi шартқа немесе тарифке сәйкес автомобильмен жүктi тасымалдағаны үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi. Жүктi тасымалдау шарты 1-қосымшаға сәйкес тауар-көлiк жүкқұжатын жасау арқылы ресiмделедi.

9. Жүктi автомобиль көлiгiмен тасымалдауға арналған шарт тасымалдаушы мен жүк жөнелтушiнiң арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне , "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жасалады.

10. Жүктi автомобиль көлiгiмен тасымалдау шартты тараптарының бiрi екiншi тарапқа шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныспен, осындай өтiнiш үшiн негiз болатын себептердi көрсету арқылы хабарласуы мүмкiн. Шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныс алған адресат келiп түскен ұсынысты онкүндiк мерзiмде қарауы және ұсыныстың қабылданғаны туралы, не оның қабылданбағаны туралы хабарлама жiберуi тиiс.
Тараптар шарттың талаптарын өзгерту туралы немесе оны бұзу туралы келiсiмге қол жеткiзген кезде, шартты өзгерту немесе бұзу туралы келiсiм де шарттың нысанында жасалады.

3-тарау. Жүктердi тасымалдауға қабылдау тәртiбi

11. Жүктердi жүк жөнелтушiден қабылдауды тасымалдаушы тауар-көлiк жүкқұжаты мен жүкке iлеспе құжаттардың негiзiнде жүзеге асырады. Жүк жөнелтушi автомобиль тиелуге келгенге дейiн жүктi тасымалдауға дайындауы (ыдысқа салу, буып-түю, жүк жөнелтушiлер бойынша топтау), тауар-көлiк жүкқұжаты мен iлеспе құжаттарды, ал қажет жағдайда, жүктер тиелетiн орынға өту құқығына арналған рұқсат қағазын дайындауы тиiс.

12. Жүктi жүк жөнелтушi буылып-түйiлген, ыдысқа салынған, пломбаланған, таңбаланған түрде, санын, тура салмағын (көлемiн) көрсетiп тапсырады.

13. Тасымалдауға тапсырылатын жүктiң орамасында бүтiндiгiн бұзушылықтар немесе жүктiң зақымдалған iздерi (аққан, жыртылған, майысқан жерлер және тағы басқа) болмауы тиiс.

14. Ыдысты қажет ететiн жүктер, оларды тасымалдау кезiнде жоғалудан, жетiспеуден, бұзылудан және зақымдалудан сақтау үшiн тасымалдауға мемлекеттiк стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келетiн, олардың толық сақталуын қамтамасыз ететiн жарамды ыдыспен ұсынылуы тиiс.
Егер тасымалдауға ұсынылатын жүктiң ыдысын немесе орамасын сырттай тексеру кезiнде жүктiң сақталуы үшiн қауiп туғызатын кемшiлiктер байқалатын болса, онда жүк жөнелтушi тасымалдаушының талап етуi бойынша байқалған кемшiлiктердi жояды, жүк жөнелтушi әрекет жасамаған жағдайда тауар-көлiк жүкқұжатының барлық даналарына тиiстi белгi жасалады. Тауар-көлiк жүкқұжатында көрсетiлген себептерден туындаған келтiрiлген зиянды (тасымалдау кезiнде жүктiң жетiспеуi, бұзылуы және зақымдалуы) тасымалдаушы өтемейдi.

15. Автокөлiк құралдарымен тасымалдау үшiн ресiмделмеген жүктер осы Ереженiң талаптарына сәйкес тасымалдауға жiберiлмейдi.

16. Жүк жүк жөнелтушi (жүк алушы) экспедиторының алып баруымен тасымалданатын жағдайларда, соңғысы жүктi жүк жөнелтушiнiң (жүк алушының) экспедиторы алып бара жатқаны туралы тауар-көлiк жүкқұжатында белгi жасайды, сондай-ақ оның тегiн, атын және әкесiнiң атын көрсетедi.

17. Жүктi тасымалдауға қабылдау кезiнде экспедитор немесе экспедитор-жүргiзушi жүк жөнелтушiге жеке басын куәландыратын құжат пен тасымалдаушы растаған жолдама парақты көрсетедi.

18. Автокөлiк құралдары мен олардың iшiндегi тұлғалардың жүк жөнелтушi мен жүк алушының аумағына кiруi, егер бұл үшiн арнайы рұқсатнама ресiмдеу қажет болмаса, жолдама парақ бойынша жүзеге асырылады.

19. Үйiп, бос, құйып және контейнерлермен тасымалданатын жүктердi жүк жөнелтушi тапсырған және тасымалдаушы қабылдаған кезде бұл жүктердiң салмағы анықталуы және тауар-көлiк жүкқұжатында көрсетiлуi тиiс.
Ыдысты және майда даралы жүктер тасымалдауға тауар-көлiк жүкқұжатында жүктiң салмағы мен жүк орындарының санын көрсету арқылы қабылданады. Ыдысты және майда даралы жүктердiң салмағын жүк жөнелтушi оларды тасымалдауға бергенге дейiн белгiлейдi және жүк орындарында көрсетедi. Жүктiң жалпы салмағы таразымен өлшеу немесе жүк орындарында трафарет немесе стандарт бойынша салмақты есептеу арқылы белгiленедi. Жекелеген жүктер үшiн салмақ тараптардың келiсiмi бойынша есептеу арқылы, өлшеу, көлемдiк салмағы бойынша немесе шартты түрде белгiленуi мүмкiн. Жүктiң салмағы туралы, оны белгiлеу тәсiлi көрсетiлген тауар-көлiк жүкқұжатындағы жазуды жүк жөнелтушi жазады.

20. Жүктiң салмағын белгiлеудi жүк жөнелтушi мен тасымалдаушы бiрлесiп жүк жөнелтушiнiң техникалық құралдарымен, ал жүк терминалдарында - жүк жөнелтушi мен жүк терминалының қызметкерлерi бiрлесiп жүк терминалының техникалық құралдарын пайдаланып жүргiзедi.
Жүктердi жабық автокөлiк құралдарына, сондай-ақ олардың жүк жөнелтушi пломбалаған жеке секцияларына, контейнерлерге және цистерналарға тапсыру кезiнде жүктiң салмағын белгiлеудi жүк жөнелтушi жүргiзедi.

21. Ыдыстың немесе ораманың ашылған iздерi болмаған кезде, тасымалдаушы жүк жөнелтушiден таңбаланған нетто немесе брутто салмағы бар жүктердi таңбасында көрсетiлген салмаққа сәйкес қабылдайды.
Егер бiр стандартты өлшемi бар жүк орындары бiр жүк алушының атына берiлетiн болса, мемлекеттiк стандарттарда көзделген стандартты орындарда салмақты, бруттоны және неттоны көрсету жағдайларын қоспағанда, әрбiр жүк орнында салмақты көрсету мiндеттi түрде емес. Бұл жағдайда тауар-көлiк жүкқұжатындағы "Салмақты анықтау тәсiлi" деген бағанада "стандарт бойынша" деп көрсетiледi.

22. Тауар сипаты жоқ жүктердiң саны жүк жөнелтушi (жүк алушы) тасымалдаушымен бiрге жасаған өлшеу актiлерi немесе таразыға тарту актiлерi бойынша белгiленедi. Топырақты тасымалдау кезiнде оның мөлшерiн белгiлеу геодезиялық өлшеу арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
Таразыға тарту актiсi 5-10 автокөлiк құралдарының бақылау өлшенуi негiзiнде жасалады, содан кейiн тиiстi маркалы бiр автокөлiк құралындағы жүктiң орташа салмағы белгiленедi.
Жүктiң мөлшерiн геодезиялық өлшеу арқылы белгiлеу кезiнде жүктiң жалпы салмағы геодезиялық өлшеудiң көлемдiк көрсеткiштерiн зертханалық әдiспен анықталған жүктiң жалпы салмағына көбейту арқылы белгiленедi.
Жүктiң сипаты өзгерген немесе басқа тасымалдау жағдайлары кезiнде жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының, тасымалдаушысының талабы бойынша жүктiң жаңа бақылау өлшенуi немесе көлемдiк салмағын белгiлеу жүргiзiледi.
Тасымалдаушы барлық жағдайларда тасымалданатын тауар сипаты жоқ жүктердiң мөлшерiн немесе салмағын қосымша тексерудi талап етуi мүмкiн. Тексеру нәтижелерi тауар-көлiк жүкқұжатына жазылуы тиiс.

23. Iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктер, бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi қоспағанда, тасымалдауға қабылданбайды.

24. Автокөлiк құралын асырып тиеу, жүктердiң iшкi орамасының дұрыс еместiгi, сондай-ақ жүктiң қасиетiне, оның салмағына немесе белгiленген мемлекеттiк стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келмейтiн ыдысты және ораманы қолдану салдарынан келтiрiлген зиянды (шағылу, сыну, майысу, ағу және тағы басқа) жүк жөнелтушi өтейдi.

4-тарау. Жүктердi таңбалау тәртiбi

25. Жүктердi ыдыспен немесе орамамен және майда даралы жүктердi ұсақ жөнелтiмдермен тапсыру кезiнде жүк жөнелтушi әрбiр жүк орнын мемлекеттiк стандарттарға сәйкес алдын ала таңбалауы тиiс.

26. Таңбада:
жүк алушының толық немесе қысқартылған атауы;
бару орны мен пунктi;
жүк бiрлiгiнiң салмағы (брутто және нетто) көрсетiлуi тиiс.

27. Тауар-көлiк жүкқұжаты мен iлеспе құжаттарда келтiрiлген деректер таңбаға толығымен сәйкес келуi тиiс.

28. Тасымалдау және тиеу-түсiру жұмыстары кезiнде ерекше көңiл бөлудi қажет ететiн жүктi тапсыру кезiнде жүк жөнелтушi барлық багаж орындарына: "ҮСТI", "ШЫНЫ", "АБАЙЛАҢЫЗ", "ТӨҢКЕРIЛМЕСIН", "СУЫҚҚА ТӨЗIМСIЗ" деген арнайы таңба қоюы; жүкке арналған құжаттар буылып-түйiлген орындарды "ҚҰЖАТТАР" деген арнайы таңбамен белгiлеуi тиiс.

29. Арнайы таңбалау белгiлерi осы Ережеге 2-қосымшада көрсетiлген.

30. Таңбалау мынадай тәсiлдердiң бiрiмен:
1) жүк орындарына белгiлердi тiкелей қою арқылы;
2) жапсырмалардың көмегiмен жүргiзiледi.
Таңбалау ыдыста немесе жүкте шаблон бойынша бояумен, штампылаумен немесе таңба соғумен жүргiзiлуi мүмкiн.

31. Таңбалау орамада шартты белгiлермен (таңбалармен), айқын жазумен, әрiптермен, сандармен немесе суреттермен (нышандармен) жасалуы тиiс. Таңбаның түсi ыдыстың немесе жүктiң түсiне қарама-қарсы болуы тиiс.
Жүк орындарының таңбасы анық, түсiнiктi және берiк болуы тиiс.
Таңба өшiрiлмейтiн және қабыршақтанбайтын, күн сәулесiне төзiмдi, кез келген бетте жақсы ұсталатын және сумен шайылмайтын бояумен жасалуы тиiс.

32. Таңбалық жапсырмалар қағаздан, қатырмадан, матадан, фанерадан, металдан, пластмассадан жасалуы мүмкiн. Жапсырмалардың бетi ауа-райы жағдайларының әсерiне шыдамды болуы тиiс.

33. Жапсырмаларға таңба төмендегiдей тәсiлдердiң бiрiмен қойылуы тиiс:
1) типографиялық
2) машинкамен басу;
3) трафарет бойынша штемпельдеу;
4) жаншу.

34. Қағаздан және қатырмадан жасалған жапсырмалар ыдысқа желiммен бекiтiлуi тиiс.
Матадан жасалған жапсырмалар тiгiлуi тиiс.
Фанерадан, металдан, пластмассадан жасалған жапсырмалар бұрандармен, бұрандашегелермен, шегелермен бекiтiлуi тиiс.
Жапсырмаларды фанера, қатырма және қағаз жәшiктерге қағуға рұқсат етiлмейдi.
Жапсырмаларды жүктерге сыммен бекiтуге, басқа бекiту тәсiлi мүмкiн болмағанда рұқсат етiледi.
Металл шыбықтар, құбырлар, қолайсыз немесе ұзын саптары бар сайман және тағы басқа сияқты жүктердi бiрнеше жүк алушының атына тасымалдау кезiнде, майлы бояумен шеттерiн бояу арқылы таңба жасауға рұқсат етiледi, ол бойынша олардың бiр партияға жататынын оңай анықтауға болады.

35. Таңба:
1) жәшiктерде - бүйiр жақтарының бiрiне;
2) қаптар мен теңдерде - кең жақтарының бiрiне жасалады.
Арнайы таңба екi шектес жаққа жасалады (3-қосымшаға сәйкес).

36. Таңбаны бүйiр немесе тiк жақтарына қою мүмкiн болмаған кезде, биiктiгi 200 мм және одан аз шағын көлемдi жәшiктерде ыдыстың шектес қабырғаларына (оның iшiнде қақпағына) таңба жасауға рұқсат етiледi.

37. Арнайы таңба, олар белгiленуi тиiс "ОСЫ ЖЕРДЕН СТРОПТАЛСЫН" және "АУЫРЛЫҚ ЦЕНТРI" деген белгiлердi қоспағанда, негiзгi таңбаның жоғарғы бұрышына қойылады.

38. Бiртектi жүктердi бiр жүк алушының атына тасымалдау кезiнде барлық жүк орындарына емес, бiрақ ең кемi төрт орынға таңба жасауға рұқсат етiледi. Бұл жағдайларда таңбаланған орындар:
1) фургондарда - есiктiң жанында таңбасын сыртына қаратып;
2) ашық автокөлiк құралында - тиелген жүктiң жоғарғы қабатында шанақтың әрбiр бойлық ернеуiнiң жанында екi орыннан таңбасын сыртына қаратып жиналады.

39. Жүктердi үйiп, бос және құйып тасымалдау кезiнде таңбалау жүргiзiлмейдi.

5-тарау. Жүктердi пломбалау тәртiбi

40. Бiр жүк алушыға баратын тиелген жабық жүк автомобильдерiн, тiркемелердi, автокөлiк құралдарының жеке секцияларын, контейнерлердi және цистерналарды жүк жөнелтушi пломбалауы тиiс, ал жәшiктердегi, қораптардағы және басқа ыдыстағы майда даралы тауарларды пломбаланбаған автокөлiк құралымен немесе контейнерлермен тасымалдау кезiнде пломбалануы немесе бандерольденуi тиiс.

41. Жүктi пломбалау кезiнде тауар-көлiк жүкқұжатында пломбаның бар екенiн көрсетiп белгi жасалады.

42. Бiрнеше мекен-жай бойынша тасымалданатын жүктiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн фургон-шанақтың iшiне тасымалдаушы шанақты жеке пломбаланатын секцияларға бөлуге мүмкiндiк беретiн қоршаулар орнатуы мүмкiн.

43. Жүргiзушi автокөлiк құралдардың жүк бөлiгiн тиеу және пломбалау кезiнде болады да, жарамды автокөлiк құралдарда, жүк автомобильдiң жеке секцияларында, контейнерлерде және цистерналарда жүк жөнелтушiнiң зақымдалмаған пломбаларымен келген, сондай-ақ жүк алушыға жүктiң салмағы мен жай-күйi және жүк орындарының саны тексерiлмей берiлетiн жарамды бандерольденген ыдыстағы жүктердi қайта өлшеу мен қайта санауға қатыспайды.

44. Жүк жөнелтушiнiң пломбаларында жүк жөнелтушiнiң қысқартылған атауы және бақылау белгiлерi (сауда белгiлерi немесе қысқыштың нөмiрлерi) болуы тиiс.
Тасымалдаушы пломбалаған кезде, пломбаларда тасымалдаушының атауы және қысқыштардың нөмiрi болуы тиiс.

45. Автокөлiк құралына (фургондарға, цистерналарға және тағы басқа) контейнерлерге, автокөлiк құралдың секцияларына, жеке жүк орындарына iлiнетiн пломбалар жүктерге тиiсуге және олардың бүтiндiгiн бұзбай пломбаларды алуға мүмкiндiк бермеуi тиiс.

46. Пломбалар:
1) фургондарда немесе автокөлiк құралдың секцияларында - барлық есiктерге бiр пломбадан;
2) контейнерлерде - есiктерге бiр пломбадан;
3) цистерналарда - люктiң қақпағы мен құйып алу саңылауына бiр пломбадан;
4) жүк орнында - бiрден төрт пломбаға дейiн жиектеу жолақтарының немесе басқа байлау материалдарының түйiскен нүктелерiне iлiнедi.

47. Брезентпен жабылған автокөлiк құралының шанағын пломбалау, брезенттiң шанақпен бiрiккен жерi жүкке тиiсудiң мүмкiн еместiгiн қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүргiзiлуi мүмкiн. Пломбалар бiрiктiргiш материалдың шеттерiнде автокөлiк құралының шанағымен түйiскен бiрнеше жерге iлiнедi.
Автокөлiк құралдарды - фургондарды (контейнерлердi) пломбалау алдында екi есiк жапсырмасы диаметрi кемiнде 2 мм және ұзындығы 250-260 мм күйдiрiлген сым бұраулармен бекiтiлуi тиiс.
Сымды бұрау диаметрi 6-10 мм және олардың аралығы 35 мм екi саңылаулы арнайы металл пластинкамен жүргiзiлуi тиiс.
Сым бұраулармен есiк жапсырмаларын бекiтудi, жүк тиеудi жүргiзетiн жүк жөнелтушi жүзеге асырады.

48. Пломбалау үшiн екi қатарлас арналы саңылаулары бар камералы қорғасын немесе полиэтилен пломбалар, сондай-ақ термиялық өңделген (күйдiрiлген) диаметрi 0,6 мм сым қолданылуы мүмкiн.

49. Пломбалар алдын ала екi жiпке бұралған сымға iлiнуi тиiс. Сымды бұрау 10 мм ұзындыққа төрт орам келетiн есеппен жүргiзiледi.
Пломбаларды iлу тәсiлдерiнiң схемалары 4-қосымшада келтiрiлген.
Екi қатарлас арналы саңылаулары бар пломбаларды iлу мынадай тәртiппен жүргiзiлуi тиiс. Пломбалардың әрқайсысына пломбалау сымының бiр ұшы өткiзiледi.
Сымның ұзын бос ұшы фургонның (контейнердiң) есiгiндегi есiк жапсырмасының көзiнен екi айналып, ал сонан кейiн пломбаның бiр және екiншi саңылау арқылы өткiзiледi. Осыдан кейiн пломба қысқышпен қысылады.
Камералы қорғасын пломбаларды iлу кезiнде сымның ұштары пломбаның кiру саңылаулары арқылы өткiзiледi, 2-3 орамға бұралады және орамдар камераға тартылып, қысқышпен қысылады.
Камералы полиэтилен пломбаларды iлу кезiнде сымның ұштары пломбаның кiру саңылаулары арқылы өткiзiледi, содан кейiн осы ұштар өз арасында екi ораммен бұралады, сымның бiр ұшы екiншiсiн айнала, ал содан кейiн екiншiсi - осы Ережеге 4-қосымшада көрсетiлген жүйелi тәртiппен бiрiншiсiн айнала бұралады.
Осыдан кейiн жасалған түйiн камераға әбден тартылады және пломба пломбалау қысқышымен қысылады.

50. Пломбалау кезiнде есiк жапсырмасының (цистерна қалпағының қақпағы) көзi мен пломбаның арасында пайда болған iлгек 25 мм аспауы тиiс.
Пломбалар бедерi екi жағынан анық және айқын шығатындай, ал сымды пломбадан суыруға болмайтындай етiп қысылады. Қысқышпен қысылғаннан кейiн әрбiр пломба мұқият тексерiлуi тиiс және ақау табылған жағдайда (қысқыш таңбалары сандарының анық еместiгi, таңбалардың кесiлуi және тағы басқа) басқасымен ауыстырылады.

51. Пломбалардың бақылау таңбаларында нөмiрленуi 001-ден 999-ға дейiн жүйелi тәртiппен жүргiзiлетiн әрiптiк және сандық белгiлерi болуы тиiс.

52. Пломбалардағы көмескi бедерлi қойылған таңбалармен, сондай-ақ дұрыс iлiнбеген пломбалармен тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.

53. Бандерольдеу жасалған материалдар (қағаз таспа, бау және тағы басқа) бiртұтас (түйiндерсiз және жалғамасыз) және бiрiктiрiлген жерлерде жасаушының немесе жүк жөнелтушiнiң айыру белгiсiмен (мөрмен немесе штампымен) бекiтiлуi тиiс.

54. Бандерольдеу, ол жасалған материалды жыртпай жүкке тиiсу мүмкiн болмайтындай етiп жасалуы тиiс.

6-тарау. Жүктердi тиеу және түсiру.
Жүктердi тиеу және түсiру пункттерiне
қойылатын талаптар

55. Егер шартта өзгеше көрсетiлмесе, жүктердi автокөлiк құралына тиеудi, жүктердi бекiтудi, жабуды және байлауды - жүк жөнелтушi, ал жүктердi түсiрудi, бекiткiштер мен жапқыштарды алуды жүк алушы жүргiзуi тиiс.

56. Жүк жөнелтушi мен жүк алушы тиiсiнше автокөлiк құралының ернеулерiн және цистерналардың люктерiн ашу мен жабуды, цистерналардың люктерiне шлангаларды салу мен алуды, шлангаларды бұрау мен ағытуды жүргiзедi.
Жүк жөнелтушiнiң (жүк алушының) бақылау-өткiзу пункттерiнде брезенттi алып жүктi тексеру және тексеруден кейiн жүктердi жабу, цистерналардың люктерiн ашу және жабу және тағы басқа жүргiзiлген жағдайларда, көрсетiлген операциялар жүк жөнелтушiнiң (жүк алушының) күшiмен орындалады.

57. Түсiру-тиеу жұмыстары кезiнде тасымалдаушы автокөлiк құралына тиеудiң белгiленген нормаларын сақтау, автомобильмен тасымалдауды орындау қауiпсiздiгiн және жүктiң сақталуын қамтамасыз ету мақсаттарында жүктiң салынуы мен бекiтiлуiн бақылайды.

58. Егер шарттың талаптарында тиеу-түсiру жұмыстарын тасымалдаушы жүзеге асыратыны көзделген болса, соңғысы тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде қызметкерлердiң автомобиль көлiгiнде еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы ережесiн сақтауын бақылауды, сондай-ақ осы тармақта көрсетiлген ережелердi орындамау нәтижесiндегi жазатайым оқиғаларды болдырмау шараларының қабылдануын қамтамасыз етуi тиiс.

59. Жүктердi тиеу және түсiру пункттерi мынадай негiзгi талаптарға жауап беруi тиiс:
1) тиеу-түсiру және қосымша жұыстарды жүргiзуге арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарына сәйкес келетiн штаттағы және қосымша жабдықтың болуы;
2) өртке қарсы, санитарлық-гигиеналық және экологиялық нормативтердiң сақталуын қамтамасыз ету;
3) тиеу-түсiру жұмыстарын орындау кезiнде жүктiң сақталуын және жұмыс iстеушiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
4) кез келген ауа-райы жағдайларында автокөлiк құралдарының тиеу (түсiру) орнына еркiн және қауiпсiз өтуiн қамтамасыз ететiн кiрiс жолдарының болуы;
5) тәулiктiң кешкi және түнгi уақытында жарықтандыру мемлекеттiк стандарттарға сәйкес келуi және тиеу-түсiру жұмыстарын орындау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған талаптарға жауап беруi тиiс;
6) механизация құралдарымен тиеу (түсiру) посттарының саны мен жабдықталуы қайта өңделетiн жүктiң түрi мен көлемiне сәйкес келуi және автокөлiк құралдарының тиелу (түсiрiлу) үшiн нормативтiк уақыт шегiнде тұруын қамтамасыз етуi тиiс;
7) қажеттi құжаттардың сапалы және уақтылы ресiмделуi мен өңделуiн қамтамасыз етуге арналған жеке үй-жайдың болуы;
8) телефон және басқа байланыс түрлерiнiң болуы;
9) бақылау-өткiзу пункттерi, зертханалары, жөнелтiлетiн және келiп түсетiн жүктiң сапасы мен массасын анықтауға мүмкiндiк беретiн таразыға тарту және басқа жабдығы, сондай-ақ автокөлiк құралдарының шанақтарын тез бүлiнетiн жүктердi түсiргеннен кейiн тазарту, жуу және дезинфекциялау бойынша жұмыстар жүргiзуге арналған арнайы орындарының болуы.

60. Тиеу жұмыстарын жүзеге асыру кезiнде жүктi, оның салмағы автокөлiк құралы шанағының барлық ұзындығы бойынша бiркелкi бөлiнетiндей етiп, рұқсат етiлген салмақтық және көлемдiк параметрлерден асырмай орналастыруы тиiс.
Үйiп тасымалданатын сусымалы жүктердi тиеу кезiнде жүктiң бетi, жүктiң қозғалыс кезiнде шашылуын болдырмау мақсатында автокөлiк құралы ернеулерiнiң жоғарғы шеттерiнен шықпауы тиiс. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiмен бiрге сусымалы жүктердiң бүркемелермен жабылуын қамтамасыз етедi.

61. Қабылдануы мен тиелуi уақыт шығынынсыз мүмкiн емес ыдыссыз тасымалданатын майда даралы жүктердi (металл шыбықтар, құбырлар және тағы басқа) жүк жөнелтушi сыммен үш-бес жерден бумаларға немесе орамдарға байлап iрiлеу тиеу бiрлiктерiне бiрiктiруi тиiс. Буу берiктiгi шығыранның iлгегiмен кез келген сым байламын көтеру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiндей болуы тиiс.

62. Ыдыссыз ауыр жүктерде iлiп алу үшiн арнайы тетiктерi: шығыңқы жерлер, рамалар, iлгектер, сырғалық саңылаулар және басқалар болуы тиiс.

63. Тегендерде тасымалдау кезiнде жеке жүк орындары (жүк жөнелтушiнiң пломбасымен тасымалданатын жәшiктi жабық тегендердi қоспағанда), олардың тегендегi күйiн және бекiтiлуiн бұзбай санын тексеру мүмкiн болатындай жиналады.

64. Жүктер автокөлiк құралында жылжып кету, құлау, есiктерге қысым түсiру, тасымалдау кезiнде жүктiң қажалуы немесе зақымдалуы болмайтындай етiп, сондай-ақ тиеу, түсiру кезiнде және жол үстiнде автокөлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ететiндей жиналуы және мықты бекiтiлуi тиiс.
Жүктердi шегелермен, қаусырмалармен және автокөлiк құралын зақымдайтын басқа құралдармен бекiтуге рұқсат етiлмейдi.

65. Тиеу және тасымалдау үшiн қажеттi құрал-жабдықтарды, қосалқы материалдарды (сандалдар, тiреулер, науалар, сым, қалқанды қоршаулар және тағы басқалар), сондай-ақ жүктердi жылы ұстау үшiн қажеттi құралдарды (көрпелер, төсемелер және тағы басқалар) жүк жөнелтушi беруi және қоюы, ал жүк алушы алуы тиiс.

66. Белгiлi бiр жүктi тасымалдауға арналған автокөлiк құралдарды қосымша жабдықтауды және жарақтандыруды жүк жөнелтушi тасымалдаушымен, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда, жол полициясы органдарымен келiсiм бойынша ғана жүргiзуi мүмкiн.

67. Жүк жөнелтушiге тиесiлi барлық құрал-жабдықтарды тасымалдаушы жүк алушыға жүкпен бiрге бередi немесе жүк жөнелтушiге оның тауар-көлiк жүкқұжатында көрсетуiне сәйкес қайтарады.

68. Тасымалдаушы тиеу пункттерiнде жүктiң автокөлiк құралдарына салынуы мен бекiтiлуiнiң жол қозғалысы қауiпсiздiгi және автокөлiк құралының сақталуын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келуiн тексередi, сондай-ақ жүк жөнелтушiге жүктiң жиналуы мен бекiтiлуiндегi байқалған оның сақталуына қауiп төндiретiн жетiспеушiлiктер туралы хабарлайды. Жүк жөнелтушi тасымалдаушының талап етуi бойынша жүктiң салынуы мен бекiтiлуiнен табылған кемшiлiктердi жоюы тиiс.

69. Жүк жөнелтушi мен жүк алушы тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк техникасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi.

70. Жүктердi автокөлiк құралына тиеу және жүктердi түсiру мерзiмдерi, сондай-ақ жүктердi тиеумен және түсiрумен байланысты қосымша операцияларды орындау мерзiмдерi шартта белгiленедi.

71. Автокөлiк құралдардың тиелуге келген уақыты жүргiзушi жолдама парақты тиеу пунктiнде көрсеткен сәттен бастап, ал түсiрiлуге келген уақыты жүргiзушi тауар-көлiк жүкқұжатын түсiру пунктiнде көрсеткен сәттен бастап есептеледi.

72. Тиеу және түсiру пункттерiнде (темiр жол станцияларынан басқа) кiру қақпалары немесе бақылау-өткiзу пункттерi немесе жүктердi талдау бойынша зертханалар болған кезде автокөлiк құралдың тиелуге немесе түсiрiлуге келген уақыты жүргiзушi жүк жөнелтушiге немесе жүк алушыға жолдама парақты немесе тауар-көлiк жүкқұжатын кiру қақпаларының жанында немесе бақылау-өткiзу пунктiнде немесе зертханада көрсеткен сәтiнен бастап есептеледi.

73. Жүргiзушiге тиiстi түрде ресiмделген тауар-көлiк жүкқұжаты мен жолдама парақ, сондай-ақ тиелген немесе түсiрiлген жүкке арналған өзге де қажеттi құжаттар тапсырылғаннан кейiн тиеу және түсiру аяқталды деп есептеледi.

74. Автокөлiк құралдың қақпалардан немесе бақылау-өткiзу пунктiнен тиеу немесе түсiру орнына және керiсiнше жүрген уақыты автокөлiк құралдың тиелiп немесе түсiрiлiп тұрған уақытын есептеу кезiнде шегерiледi.

75. Автокөлiк құралдары тиелуге келiсiлген уақыттан бұрын келген жағдайда, егер жүк жөнелтушi оларды тиеуге нақты келген сәтiнен бастап қабылдамаса, автокөлiк құралдары тиелуге келiсiлген уақытта келдi деп есептеледi.

76. Жүк жөнелтушi (жүк алушы) тауар-көлiк жүкқұжатында және немесе жолдама парақта автокөлiк құралының тиеу (түсiру) пунктiне (нен) келген (кеткен) уақытын белгiлейдi.

7-тарау. Тасымал құжаттарын ресiмдеу

77. Жүктердi тасымалдау тауар-көлiк жүкқұжатымен ресiмделуi тиiс, ал үйiп (бос) тасымалданатын жүктердiң кейбiр түрлерiн тасымалдаған жағдайларда, өлшеу актiсiмен немесе таразыға тарту актiсiмен ресiмделуi мүмкiн.
Автокөлiк құралдарды уақыттық тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлiк құралының жұмысына ақы төлеу бiр жұмыс күнi (ауысым) iшiндегi сағаттық есеппен жасалады) автокөлiк құралдың жүрiсiн және жүк жөнелтушiнiң (жүк алушының) қарамағында болған уақытын, жүргiзушiнiң түскi үзiлiс уақытын шегерiп жолдама парақта N 4-п нысаны бойынша жазумен ресiмделедi (5-қосымша).
Автокөлiк құралдарды, олардың жұмысын кесiмдi тариф бойынша төлеу арқылы пайдалану (автокөлiк құралының жұмысына ақы төлеу тасымалданған тонналар үшiн жасалады) жүк жөнелтушiнiң (жүк алушының) жолдама параққа N 4-с нысан бойынша жазуымен ресiмделедi (6-қосымша).
Кесiмдi және уақыттық тарифтер бойынша жолдама парақтарды ресiмдеу тәртiбi осы Ереженiң 86-88-тармақтарында келтiрiлген.

78. Жүк жөнелтушi тасымалдаушыға тасымалдауға берiлген жүкке төрт данада жасалған тауар-көлiк жүкқұжатын ұсынады, ол негiзгi тасымал құжаты болып табылады және ол бойынша жүк жөнелтушi осы жүктi есептен шығарады және жүк алушы оны iске жаратады.

79. Тауар-көлiк жүкқұжатын толтыру осы Ереженiң 80-84-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

80. Автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдауға арналған тауар-көлiк жүкқұжатын жүк жөнелтушi әрбiр жүк алушының атына, мынадай деректемелердi: жүк алушының атауын, жүктiң атауын, тасымалданатын жүктiң санын, салмағын, салмақты анықтау тәсiлiн (таразыға тарту, трафарет, стандарт, өлшеу бойынша), орама түрiн, тиеу және түсiру тәсiлiн, автокөлiк құралдың тиелуге берiлген уақыты мен тиелiп бiткен уақытын, тұрып қалған уақытын толтыру арқылы жасайды.
Тауар-көлiк жүкқұжатында көрсетiлген мағлұматтардың дұрыс еместiгi, дәл еместiгi немесе толық еместiгi салдарынан туындаған зиянды жүк жөнелтушi (жүк алушы) өтейдi.

81. Жүк жөнелтушiден жүктердi тасымалдауға қабылдау тауар-көлiк жүкқұжатының барлық даналарында тасымалдаушының қолымен куәландырылады.
Бiрiншi дана жүк жөнелтушiде қалады және тасымалдауға берiлген жүктердi есептен шығаруға арналады. Екiншi, үшiншi және төртiншi даналарды жүк жөнелтушi жүргiзушiге тапсырады.
Екiншi дананы тасымалдаушы жүк алушыға тапсырады және алынған жүктердi iске жарату үшiн пайдаланылады.
Үшiншi және төртiншi даналар тасымалдаушыда қалады. Үшiншi дана тасымалдау есебiне тiгiледi және жүк жөнелтушiмен (жүк алушымен) есеп айырысуға негiз болады, ал төртiншi жолдама параққа тiркеледi және көлiктiк жұмысты есептеу үшiн негiз болады.
Жүк жөнелтушi қажет кезде тауар-көлiк жүкқұжаттарының қосымша даналарын жазып беруi мүмкiн, олардың саны жүк жөнелтушi мен тасымалдаушының арасындағы келiсiммен белгiленедi.

82. Тауар-көлiк жүкқұжатының барлық даналарына жүк жөнелтушi автокөлiк құралдың келу, кету және тұру уақытын қояды, сондай-ақ тиеу тәсiлiн, жүктiң салмағын, жүк орындарының санын, тасымалдаушы орындайтын қызметтердiң түрлерiн көрсетедi және тауар-көлiк жүкқұжаттарын қолмен, мөрмен немесе мөртабанмен растайды.
Жүк жөнелтушi жүктiң сапасын және жабдықтаушы мен сатып алушының өзара қарым-қатынастарын анықтайтын құжаттарды (сертификаттар, куәландырулар, куәлiктер, рұқсаттар және тағы басқа) берген кезде, тасымалдаушы бұл құжаттарды қабылдайды және оларды жүкпен бiрге жүк алушыға бередi.

83. Жүктi тапсыру кезiнде жүргiзушi тауар-көлiк жүкқұжатының үш данасын жүк алушыға бередi, ол әрбiр тауар-көлiк жүкқұжатының данасында жүктi қабылдағанын өзiнiң қолымен және мөрмен (мөртабанмен) куәландырады және тауар-көлiк жүкқұжаттарының барлық даналарында автокөлiк құралдың келген және кеткен уақытын көрсетедi.

84. Автокөлiк құралдың тиелуге (түсiрiлуге) келген және кеткен уақыты осы Ереженiң 71-73-тармақтарына сәйкес көрсетiледi.
Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы автомобильдiң тиелуге (түсiрiлуге) келген және тиеу-түсiру жұмыстарының аяқталған уақытын қате көрсеткен жағдайларда, жүргiзушi өзiнде бар барлық тауар-көлiк жүкқұжаттарына жүк жөнелтушiнiң (жүк алушының) өкiлiнiң көзiнше уақыттың қате қойылғаны туралы жазуы және нақты келу және кету уақытын көрсетуi тиiс.
Жүк жөнелтушi (жүк алушы) жүргiзушiнiң жазуымен келiспеген жағдайда, жүргiзушiнiң қатысуымен, ал соңғысы актi жасаудан бас тартқан кезде, мүдделi емес тараптың екi өкiлiнiң қатысуымен актi жасайды.
Жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының аумағында тасымалдаушының диспетчерлiк пунктi болған кезде, келу уақытының қате белгiленуi туралы актi жасау үшiн көрсетiлген пункттiң диспетчерi шақырылады.

85. Тасымалданатын жүктердiң өлшеу актiсiн немесе таразыға тарту актiсiн жүк жөнелтушi үш данада жасайды, олардың:
1) бiрiншi данасы жүк жөнелтушiде қалады және тасымалдаудың орындалатын көлемдерiн есептеу үшiн негiз болады;
2) екiншi және үшiншi даналары тасымалдаушыға тапсырылады. Екiншi дана тасымалдаушының жүк жөнелтушiмен өзара есеп айырысуын салыстыру үшiн негiз болады және есепке қоса берiледi, ал үшiншi жолдама параққа қоса берiледi де, көлiктiк жұмыс есебi үшiн негiз болады.

86. Автокөлiк құралының жолдама парақтары алғашқы есептiң негiзгi құжаттары болып табылады, олар тауар-көлiк жүкқұжатымен немесе өлшеу (таразыға тарту) актiсiмен бiрге автокөлiк құралының жұмысын есептеуге, жүктердi тасымалдау үшiн есеп айырысуды жүзеге асыруға арналған, сондай-ақ жүргiзушiге жалақы есептеуге арналған көрсеткiштердi белгiлейдi.
Жолдама парақтың жыртылмалы талонын жүк жөнелтушi толтырады және тасымалдаушы жүк жөнелтушiге төлемдiк талап есебiн беру үшiн негiз болып табылады. Жыртылмалы талон есепке қоса берiледi, ал жолдама парақ тасымалдаушыда қалады, онда жүк жөнелтушiдегi (жүк алушыдағы) автокөлiк құралдың жұмыс уақыты туралы бiрдей жазулар қайталанады.
Жүктердi тасымалдаудың уақыттық төлемi кезiнде жолдама параққа тауар-көлiк құжаттарының нөмiрлерi жазылады, олардың бiр данасы жүктiң тасымалданған тонналарының мөлшерiн және басқа көрсеткiштердi есептеу үшiн жолдама параққа қоса берiледi.

87. Жолдама парақты толтыруды тасымалдаушы жүзеге асырады. Бұл ретте жеке деректердi сондай-ақ жүк жөнелтушi (жүк алушы) толтырады.

88. N 4-к және N 4-у нысанды жолдама парақтар жүргiзушiге тасымалдаушының диспетчерiнiң немесе соған уәкiлеттi тұлғаның қолхатымен берiлген күнi көрсетiлiп, тасымалдаушының мөртабанымен немесе мөрiмен, жүргiзушiнiң алдыңғы жұмыс күнiнiң жолдама парағын тапсыру шартымен бiр жұмыс күнiне (ауысымға, рейске) ғана берiледi.

8-тарау. Жүктiң берiлуi

89. Тасымалдаушы бару пунктiнде жүктi тауар-көлiк жүкқұжатында көрсетiлген жүк алушыға бередi. Жүк жөнелтушi жүк алушыны келесi жүктiң әкелетiнi туралы хабардар етедi.
Жүк алушы жүктiң қабылдануын және жүк алушының жұмыс уақыты аяқталғанға дейiн келген автокөлiк құралдарының түсiрiлуiн қамтамасыз етедi.

90. Тасымалдаушының жүктердi бару пунктiнде жүк алушыға салмағы және орындар саны бойынша беруi, жүк жөнелтушiден жүктi қабылдаған тәртiппен жүргiзiледi (таразыға тарту, өлшеу, орындарды санау және т.б.).
Жарамды автокөлiк құралдарда, автокөлiк құралының жеке секцияларында, контейнерлерде және цистерналарда жүк жөнелтушiнiң зақымдалмаған пломбаларымен келген жүктер жүк алушыға жүктiң салмағы мен жай-күйi және жүк орындарының саны тексерiлмей берiледi.
Топырақты үйiндiге, қарды және басқа, олар бойынша қоймалық есеп жүргiзiлмейтiн жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдаушылар шарттың талаптары бойынша жүктi жүк алушыға тапсырудан босатылуы мүмкiн.

91. Темiр жолдар станцияларынан, теңiз порттарынан (айлақтардан) және әуежайлардан жүктердi тасу кезiнде тасымалдаушылар жүктердi темiр жолдар станцияларынан, теңiз порттарынан (айлақтардан) және әуежайлардан қабылдауды және оларды жүк алушыларға тапсыруды тиiсiнше темiржол, су және әуе көлiгiнде қолданылып жүрген ережелер бойынша жүзеге асырады.

92. Стандартты салмағы немесе жүк жөнелтушi әрбiр жүк орнында көрсеткен салмақ бойынша тасымалдауға қабылданған ыдысты және майда даралы жүктер жүк алушыға бару пунктiнде орындар саны бойынша өлшенбей, жүктiң зақымдалған орындарының ғана салмағы мен жай-күйiн тексеру арқылы берiледi.

93. Жүктiң мөлшерiн таразыға тарту арқылы анықтаған кезде, жүктiң жүк жөнелтушiлердiң тауар-көлiк жүкқұжаттарында көрсетiлген салмағы мен жүктiң нақты салмағы арасындағы айырмашылық:
1) жүк салмағының табиғи азаю нормасынан;
2) таразы көрсеткiштерiндегi айырмашылық нормасынан немесе жүктi өлшеу дәлдiгi нормасынан аспауы тиiс.

94. Егер бару пунктiнде жүктiң салмағын, орындардың санын немесе жүктiң жай-күйiн тексеру кезiнде жүктiң жетiспеуi, бүлiнуi немесе зақымдалуы байқалған болса немесе егер бұл жағдайлар жол үстiнде жасалған актiде белгiленсе, тасымалдаушы жүктiң нақты жетiспеу, бүлiну немесе зақымдалу мөлшерiн анықтайды.

95. Жүктiң жетiспеуi, бүлiнуi немесе зақымдалуы бойынша сараптама жүргiзу қажет жағдайда, сарапшылардың жұмысын төлеу бойынша шығыстарды:
1) егер жүктiң жетiспеуi, бүлiнуi немесе зақымдалуы оның кiнәсi бойынша болғаны расталатын болса - тасымалдаушы;
2) барлық басқа жағдайларда - жүк жөнелтушi көтередi.
Сараптама нәтижелерi актiмен ресiмделедi. Сараптама актiсiне сарапшыдан басқа, сараптама кезiнде болған барлық қатысы бар тұлғалар қол қоюы тиiс.
Сарапшы келгенге дейiн жүк алушы жүктiң тиiстi сақталуын қамтамасыз етедi.

96. Жүк алушы тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша жүктi қабылдаудан бас тартқан жағдайларда, жүктi жүк жөнелтушi осы Ереженiң 9-тарауында белгiленген тәртiппен басқа жүк алушыға жiбередi немесе жүк жөнелтушiге қайтарылады. Бұл жағдайларда жүктi екi жаққа тасымалдау құнын, сондай-ақ автокөлiк құралының тұрғаны үшiн айыппұлды жүк жөнелтушi төлейдi. Жүк алушы жүк жөнелтушiнi жүктi қабылдаудан бас тартқаны туралы хабардар етедi, тауар-көлiк жүкқұжатында жүктi қабылдаудан бас тартқаны туралы белгi жасайды. Жүк алушы жүк жөнелтушiнiң хабарламасынан және тауар-көлiк жүкқұжатында белгi қоюдан бас тартқан жағдайда, көрсетiлген iстердi тасымалдаушы жүргiзедi.

97. Жүктердi темiр жолдар станцияларынан, теңiз порттарынан (айлақтардан) және әуежайлардан әкету кезiнде жүк алушы тасымалдаушыдан өзiне жеткiзiлген жүктi қабылдайды. Жеткiзiп берiлуi шартта көзделмеген жүк келген жағдайда, жүк жөнелтушi мұндай жүктi жауапты сақтауға қабылдайды, ол туралы тауар-көлiк жүкқұжатында көрсетiледi.

98. Жүктi жүк алушыға тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша тапсыру мүмкiн болмаған кезде, жүк жөнелтушi тасымалдаушыға осы Ереженiң 9-тарауына сәйкес жүктiң жаңа бару пунктi туралы нұсқау бередi.
Егер тасымалдаушының жүктi жаңа баратын жерiне жеткiзу мүмкiндiгi болмаса, ол бұл туралы жүк жөнелтушiнi хабардар етiп, бұл тасымалдан бас тартуы мүмкiн. Бұл жағдайда тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге қайтарады. Жүк жөнелтушiнiң қосымша тапсырмаларын орындауға байланысты шығыстарды (автокөлiк құралдарының бос айдалуы мен тұруы, жүктiң сақталуы және тағы басқа) жүк жөнелтушi өтейдi.

9-тарау. Жүктердi басқа мекен-жайға жiберу

99. Жүк жөнелтушi жүктi, оны жүк алушыға беретiн сәтке дейiн басқа мекен-жайға жiберуi мүмкiн. Жүк алушы жүктi тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша қабылдаудан бас тартқан жағдайларда, жүк жөнелтушi оны басқа жүк алушыға жiберуi мүмкiн.

100. Жүк жөнелтушiнiң тасымалдаушыға жүктi басқа мекен-жайға жiберу туралы ұйғарымында мынадай деректер болуы тиiс:
1) бiрiншi тапсырыстың және тауар-көлiк жүкқұжатының нөмiрлерi;
2) бастапқы бару мекен-жайы;
3) бастапқы жүк алушының атауы;
4) жаңа бару мекен-жайы;
5) жаңа жүк алушының атауы;
6) басқа мекен-жайға жiберу себептерi.
Жүк жөнелтушiнiң басқа мекен-жайға жiберу туралы ұйғарымы жазбаша түрде ресiмделуi тиiс және факсимильдiк байланыспен берiлуi мүмкiн, егер шартта өзгеше көзделмесе.

101. Жүк жөнелтушiнiң жүктердi басқа мекен-жайға жiберу туралы ұйғарымы бiр тауар-көлiк жүкқұжаты бойынша бара жатқан барлық жүк жөнелтiмiне ғана қолданылады.

102. Егер жүк жөнелтушiнiң жүктердi басқа мекен-жайға жiберу туралы ұйғарымын орындау мүмкiн болмаса, тасымалдаушы бұл туралы жүк жөнелтушiнi хабардар етедi. Бұл жағдайда тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге қайтарады. Жүктi басқа мекен-жайға жiберуге байланысты барлық қосымша шығыстарды жүк жөнелтушi көтередi.
Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң басқа мекен-жайға жiберу туралы тасымалдау ақысын ұлғайтатын ұйғарымын орындауға қабылдаған кезде, жүк жөнелтушi қосымша алып жүру ақысын енгiзедi және тасымалдаушының басқа мекен-жайға жiберуге байланысты барлық шығыстарын өтейдi.

103. Жүктi басқа мекен-жайға жiберу кезiнде тауар-көлiк жүкқұжатында "басқа мекен-жайға жiберу" деген бағанада басқа мекен-жайға жiберу туралы ұйғарымға сәйкес жаңа жүк алушының атауы мен мекен-жайы көрсетiледi. Тауар-көлiк жүкқұжатына енгiзiлген өзгерiстер жүк жөнелтушiнiң қолымен және(немесе) оның мөрiмен (мөртабанымен) расталады.

104. Жүк алушы жүктi қабылдаудан бас тартқан және жүк жөнелтушiден басқа мекен-жайға жiберу туралы нұсқау алу мүмкiн емес жағдайда тасымалдаушы:
1) жүк жөнелтушiнiң нұсқауын алғанға дейiн жүктiң нақты тұрған пунктiнде немесе жақынырақ пунктте жүктi сақтауға тапсыруы, ал меншiктi қоймалық үй-жайлары болған кезде жүктi сақтауға қабылдауы;
2) егер жүктер өз сипаты бойынша мерзiмдi iске асыруды қажет ететiн болса, басқа ұйымға беруi;
жүктi жүк жөнелтушiге қайтаруы мүмкiн.

10-тарау. Жүктердi жеткiзу мерзiмi.
Жүктердi бөгеу

105. Егер автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдау шартында өзгеше көзделмесе, тасымалдаушылар жүктердi баратын жерiне мынадай мерзiмдерде жеткiзедi:
1) 250 километрдi (км) қоса санап, 250 километрге дейiн - бiр тәулiк;
2) 250 км-ден асқанда әрбiр толық немесе толық емес 250 км-ге жарты тәулiк қосылады.

106. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүктердi жеткiзу мерзiмдерi жүктердi тасымалдауға қабылдаған тәулiктiң 24-00 сағатынан бастап есептеледi.

107. Жеткiзу мерзiмдерi:
1) жүктердi өзен арқылы кемелермен және паромдармен өткелмен тасымалдау кезiнде - бiр тәулiкке;
2) жүктердi тау жолдары бойынша тасымалдау кезiнде - 30 пайызға (%);
3) жол үстiнде ветеринарлық немесе өзге де бақылауды орындау үшiн кiдiрген кезде - кiдiрiстiң барлық уақытына қосымша ұлғайтылады.

108. Осы Ереженiң 105-107-тармақтарында көрсетiлген мерзiмдер тасымалдау мерзiмдерi осы Ереженiң 13-тарауының 189-тармағында белгiленген тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдауға қолданылмайды.

109. Жүк жөнелтушi (жүк алушы) шарттың талаптарын орындамаған кезде, тасымалдаушы тасымалдауға ұсынылған жүктi жүк жөнелтушi (жүк алушы) қарыз соманы төлегенге дейiн кiдiртуi мүмкiн. Бұл ретте жүк жөнелтушi (жүк алушы) тасымалдаушыға жүктi кiдiртуге байланысты шығыстарды (сақтау, тасымалдау және тағы басқа) өтейдi.

11-тарау. Актiлер жасау тәртiбi

110. Жүктердiң автомобиль тасымалдары кезiнде тасымалдаушы мен жүк жөнелтушiнiң (жүк алушының) арасындағы мүлiктiк даулар үшiн негiз болатын жағдайлар тауар-көлiк жүкқұжатындағы және (немесе) жолдама парақтағы жүк жөнелтушiнiң (жүк алушының) және тасымалдаушының жазуларымен куәландырылады.

111. Тауар-көлiк жүкқұжатында мынадай жағдайлар куәландырылуы тиiс:
1) жүктердiң бүлiнуi немесе зақымдалуы;
2) жүктiң нақты атауы, салмағы және орындарының саны мен тауар-көлiк жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтердiң арасындағы сәйкессiздiк;
3) автокөлiк құралдың шанағындағы немесе секциясындағы немесе контейнердегi пломбалардың бұзылуы немесе болмауы;
4) тасымалдаушының жүктiң осы түрiн тасымалдау үшiн жарамсыз немесе санитарлық талаптарға жауап бермейтiн автокөлiк құралдарды беруi;
5) тиеу және түсiру пункттерiнде автокөлiк құралдарының белгiленген уақыт нормаларынан артық тұруы;
6) заңнамаға сәйкес тараптардың мүлiктiк жауапкершiлiгi үшiн негiз болатын басқа жағдайлар.

112. Осы Ереженiң 111-тармағында көрсетiлген тауар-көлiк жүкқұжаттарындағы жазулар жүк жөнелтушiнiң (жүк алушының) және жүргiзушiнiң қолдарымен расталуы тиiс. Жүк жөнелтушiнiң (жүк алушының), сондай-ақ жүргiзушiнiң тауар-көлiк жүкқұжаттарындағы бiржақты жазулары, осы Ереженiң 84-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жарамсыз болып табылады.

113. Тасымалдаушы (жүргiзушi) мен жүк жөнелтушiнiң (жүк алушының) арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, мүлiктiк даулардың туындауына негiз болып табылуы мүмкiн жағдайлар 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актiлермен ресiмделедi. Актiлер сонымен қатар тауар-көлiк жүкқұжаттарында жасалуы мүмкiн емес жағдайларды егжей-тегжейлi сипаттау қажет жағдайларда жасалуы мүмкiн.

114. Актiнiң мазмұнымен келiспеген кезде, әрбiр тарап оған өзiнiң пiкiрiн жазуы мүмкiн.
Жүк жетiспеген, бұзылған немесе зақымдалған жағдайларда актi жасаудан немесе тауар-көлiк жүкқұжаттарына жазу енгiзуден бас тарту кезiнде, актi мүдделi емес тұлғалардың немесе мүдделi емес ұйым өкiлiнiң қатысуымен жасалады.
Актiнiң жасалғаны туралы тауар-көлiк құжаттарында белгi жасалуы тиiс.

115. Жүк автокөлiк құралдарда, автокөлiк құралдардың секцияларында, контейнерлерде, цистерналарда жүк жөнелтушiлердiң пломбаларымен келген жағдайларда, актiде көрсетiлген пломбалардың жай-күйi, олардың деректемелерi ескерiлуi, ал пломбалардың өздерi талап-тiлек материалдарына қоса берiлуi тиiс.

2-бөлiм. Жүктердiң жеке түрлерiн тасымалдау

12-тарау. Азық-түлiк тауарларын тасымалдау тәртiбi

&1. Жалпы ережелер

116. Тасымалдаушы экспедиторлық қызметтердi орындаған кезде, оларды орындау шарттары жүктердiң автомобиль тасымалы арналған шартын жасасу кезiнде ескерiледi.

117. Азық-түлiк тауарларын тасымалдау үшiн мамандандырылған автокөлiк құралдар бөлiнуi тиiс, оларды басқа мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
Автокөлiк құралдары техникалық жарамды, таза, бөтен иiссiз
болуы тиiс.

118. Тамақ тағамдарын, материалдарын және өнiмдерiн тасымалдау үшiн арнайы мақсатталған және (немесе) осындай мақсаттар үшiн жабдықталған, Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң мемлекеттiк органдары белгiленген тәртiппен берген санитарлық паспорты бар автокөлiк құралдары пайдаланылады.

119. Азық-түлiк тауарларын тасымалдау кезiнде экспедиторлық қызметтер көрсеткен кезде жүргiзушiнiң жеке медициналық кiтапшасы болуы, жыл сайын медициналық тексеруден өтуi, жеке гигиена ережелерiн сақтауы қажет.

120. Тасымалдау кезiнде тамақ өнiмдерiмен қарым-қатынаста болатын тұлғаларды жүк жөнелтушi таза санитарлық киiммен қамтамасыз етуi тиiс.

121. Азық-түлiк тауарларын тасымалдау үшiн авторефрижераторлар, изотермиялық шанағы бар жүк автомобильдер және басқа мамандандырылған автомобильдер пайдаланылады .
Автокөлiк құралдарының үлгiсiн таңдау тасымалданатын жүктiң түрiне, сыртқы ауаның температурасына және тасымалдау ұзақтығына байланысты.

122. Ернеулi платформасы бар жүк автомобильдермен азық-түлiк тауарларын тасымалдауға жүк үстiнен және бүйiрлерiнен күннен, жауын-шашыннан және шаңнан қорғауға арналған таза бүркемемен жабылған жағдайда ғана рұқсат етiледi. Бүркеме кiрлеу шамасына қарай содалы ыстық сумен өңдеуден өтуi және кептiрiлуi тиiс.

123. Азық-түлiк тауарларын тиеу және түсiру жаңбырдан және қардан қорғау үшiн қалқа астында жүргiзiлуi тиiс. Азық-түлiк тауарлары бар ыдысты тiкелей жерге, қарға, кiр және дымқыл төсемелер мен платформаларға қоюға рұқсат етiлмейдi.

124. Мамандандырылған автомобиль-фургонның шанағы мырышталған темiрмен немесе табақ алюминиймен қапталуы және "АЗЫҚ-ТҮЛIК" немесе "НАН", "СҮТ" және басқалар деп тағамның нақты атауы көрсетiлген анық жазуы болуы тиiс.

125. Керi қайтарылатын ыдыс жүк алушылардан таза түрде қабылдануы тиiс. Ол тағам өнеркәсiбi ұйымдарында қосымша санитарлық өңдеуден өтедi.
Дайын азық-түлiк өнiмге арналған ыдыс таза, құрғақ, берiк және бөтен иiссiз болуы тиiс.

126. Тиеу кезiнде санитарлық ережелердiң сақталуын бақылауды - жүк жөнелтушi, ал түсiру кезiнде жүк алушы жүзеге асырады.
Егер азық-түлiк тауарларын сауда ұйымы өзiне тиесiлi автокөлiк құралдарына тиейтiн болса, онда сауда ұйымының әкiмшiлiгi автокөлiк құралдарының тиiстi санитарлық жай-күйiн қамтамасыз етуi тиiс.

127. Азық-түлiк тауарларын тасымалдауға арналған автокөлiк құралдарының шанақтарын санитарлық өңдеудi, егер жүктiң автомобиль тасымалы шартында өзгеше көзделмесе, жүк жөнелтушi жүзеге асырады.

128. Қайтарылатын ыдысты тасымалдау шарттары жүктердi автомобильмен тасымалдауға шарт жасасу кезiнде ескерiледi.

&2. Нан және нан-тоқаш өнiмдерiн
тасымалдау ерекшелiктерi

129. Нан-тоқаш өнiмдерiн тасымалдау кезiнде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушiлер және жүк алушылар белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.

130. Жүк жөнелтушi нан және нан-тоқаш өнiмдерiн пештен алынғаннан кейiн белгiленген мерзiмдер бойы ұстап, тасымалдауға ұсынады.

131. Нан және нан-тоқаш өнiмдерiнiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жүк жөнелтушi тиеу кезiнде мынадай талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi:
1) науаларды нан және нан-тоқаш өнiмдерiнiң стандартты санымен толтыру;
2) қалыптық нанды бiр қатарға биiктiгi бойынша бүйiр немесе астыңғы қабығымен қою;
3) таба нан мен нан-тоқаш өнiмдерiн (батондар, өрме нан, бөлкелер және басқалар) бiр қатарға биiктiгi бойынша астыңғы немесе бүйiр қабығымен науаның бүйiр немесе артқы қабырғасына қиғаштап қою;
4) салмағы 200-дi қоса санағанда, 200 граммға (бұдан әрi - г) дейiнгi таба нан мен нан-тоқаш өнiмдерiн бiр-екi қатарға биiктiгi бойынша қою.

132. Нан және нан-тоқаш өнiмдерiнiң бiр рет әкелу нормалары автомобильмен жүктi тасымалдау шартында белгiленедi.

133. Тасымалдаушылар нан және нан-тоқаш өнiмдерiн тасымалдау үшiн науаларды қоюға арналған бағыттауыштармен жабдықталған мамандандырылған автомобиль-фургондар немесе нан және нан-тоқаш өнiмдерiн контейнерлерде тасымалдау үшiн лайықталған автомобильдер бөледi.

134. Нан және нан-тоқаш өнiмдерiн жүк жөнелтушiден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар стандартты түрде толтырылған науалардың атауы мен саны бойынша әрбiр науадағы өнiмнiң санын есептемей жүзеге асырады.

135. Нан және нан-тоқаш өнiмдерiн тиеу мен бос науаларды түсiрудi жүк - жөнелтушi, ал нан және нан-тоқаш өнiмдерiн түсiру мен бос науаларды тиеудi жүк алушы жүргiзедi, егер шартта өзгеше көзделмесе.

136. Нан және нан-тоқаш өнiмдерi түсiрiлгеннен кейiн жүк алушы науаларды нанның қоқымдарынан, сондай-ақ нан-тоқаш өнiмдерiнiң жеке сұрыптарын тасымалдау кезiнде төселетiн қағаздан тазартады.

137. Жүк алушы бос науалардың мамандандырылған автомобиль-фургонға өзiне жеткiзiлген толтырылған науалар саны бойынша тиелуiн қамтамасыз етедi.

138. Мамандандырылған автомобиль шанағының iшiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзу қажет кезде тасымалдаушы шанақтағы науаларды жүк жөнелтушiге тапсырады.

139. Нан және нан-тоқаш өнiмдерiн тасымалдауға арналған науалар жүк жөнелтушiнiң мүккамал ыдысы болып табылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, науаларды санитарлық өңдеудi жүк жөнелтушi жүргiзедi.

&3. Торттарды, пирожныйларды және басқа кремдi
өнiмдердi тасымалдау ерекшелiктерi

140. Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушiлер және жүк алушылар торттарды, пирожныйларды және басқа кремдi өнiмдердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.
Торттарды, пирожныйларды және басқа кремдi өнiмдердi тамақтық емес өнiмдермен, сондай-ақ өзiне тән өткiр иiсi бар тағамдармен және жаңа пiскен нанмен бiрге тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.

141. Жүк жөнелтушi торттарды тасымалдауға клеенка таспамен байланған қатырма қораптармен ұсынады. Қораптар шанақта, шанақтың биiктiгi бойынша бiрнеше қатар етiп қаланады. Майда даралы өнiмдер (пирожныйлар және басқалар) биiктiгi бойынша бiр қатармен, қақпақпен жабылатын металл науаларға салынады.

142. Жүк жөнелтушi кондитерлiк және кремдi өнiмдердi тасымалдауға Цельсий (бұдан әрi - 0 С) бойынша 0-ден плюс 6 градусқа дейiнгi температурамен ұсынады.

143. Тасымалдаушылар торттарды, пирожныйларды және басқа кремдi өнiмдердi тасымалдау үшiн изотермиялық шанағы бар жүк автомобильдердi немесе мамандандырылған автомобиль-фургондарды бөледi.

144. Кремдi өнiмдердi жүк жөнелтушiден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар қораптардың атауы мен саны немесе стандартты толтырылған науалар бойынша жүзеге асырады.
Науа жартылай толтырылған кезде, майда даралы өнiмдердi қабылдау және тапсыру өнiмдердi санау бойынша жүзеге асырылады.

145. Кремдi өнiмдердi тиеу және түсiру соқпай және оқыс шайқамай, абайлап жүргiзiлуi тиiс.

146. Егер шартта өзгеше көзделмесе, автокөлiк құралының шанағын және науаларды санитарлық өңдеудi жүк жөнелтушi жүргiзедi.

&4. Еттi, сорпа өнiмдерiн және жартылай дайын
ет өнiмдерiн тасымалдау ерекшелiктерi

147. Жануарлардың етiн автокөлiк құралдарымен аудан сыртына тасымалдауға қатырылған, тоңазытылған немесе суыған күйде (6 сағат бойы кебу қабыршағы пайда болғанша суытудан өткен) рұқсат етiледi.

148. Жаңа сойылған немесе жiбiп кеткен (жiбiтуден өткен) ет тасымалданбайды.

149. Автокөлiк құралдары, соның iшiнде мамандандырылған автокөлiк құралдары - ет тасымалдауға арналған рефрижераторлар тиiстi түрде жабдықталуы тиiс.

150. Мамандандырылған емес автокөлiк құралдарымен суыған және тоңазытылған еттi тасымалдау iшi ақ қаңылтырмен немесе мырышталған темiрмен немесе осы мақсат үшiн рұқсат етiлген басқа материалмен қапталған, тығыз жабылатын қақпақты арнайы сусектермен (жәшiктермен) жүргiзiледi.

151. Суыған және тоңазытылған еттi жақын қашықтықтарға, бiр ғана елдi мекеннiң шегiнде тасымалдау кезiнде оны үйiп, бiрақ ең көбi екi қабаттап тиеуге рұқсат етiледi. Бұл ретте автокөлiк шанағының еденi жуылуы, таза кенеп, содан соң таза жаймалар төселуi тиiс. Еттiң үстi сондай-ақ таза жаймалармен, ал содан соң кенеппен жабылуы тиiс.
Ашық шанақты автокөлiк құралдарымен тасымалданатын мұздатылған еттi қатарлап қалауға рұқсат етiледi, ол да жоғарыда көрсетiлгендей таза жаймалармен жабылуы тиiс.
Құс еттерi жәшiктерге салынуы тиiс.

152. Жүк тиеушi жұмысшылар немесе басқа тұлғалар, тиелген етпен немесе ет өнiмдерiмен бiрге шанақта болмауы тиiс, бұл үшiн автокөлiк құралының шанағында адамдарға арналған арнайы орын жабдықталған жағдайларды қоспағанда.

153. Ет тасымалдауға төмендегiдей шарттар сақталғанда қабылданады:
1) тұтас еттер белгiленген талаптарға сәйкес бөлшектенуi (iрi қара мал мен басқа iрi жануарлардың ұшасы - төрт бөлiкке, шошқалардың ұшалары - ұзынабойымен жартылай ұшаға немесе бүтiн ұшамен, қой етi мен басқа ұсақ жануарлардың етi - бүтiн ұшалармен), бассыз болуы тиiс;
2) ұшаларда механикалық зақымданулар, қанды сүйелдер, соғылған жерлер, қанның iздерi, тезек және т.б., сондай-ақ мойын бөлiгiнде, iшкi және сыртқы беттерде жалбыршақтар, iшкi органдардың қалдықтары болмауы тиiс;
3) мұзға немесе қарға оранған қатырылған ұшаларды тасымалдауға, сондай-ақ қатырылған, тоңазытылған немесе суыған еттi бiрге тасымалдауға рұқсат етiлмейдi;
4) қатырылған ет топтамаларын пергаментке немесе басқа осы мақсат үшiн қолданылатын материалға орап және тиiстi ыдысқа салып тасымалдауға рұқсат етiледi;
5) әрбiр ет ұшасында және жеке бөлiктерде ветеринарлық-санитарлық тексерудiң белгiленген нысандағы айқын таңбасы болуы тиiс.

154. Еттi шанақтарына мұнай өнiмдерi, басқа да иiстi заттар сiңген (ластаған) автокөлiк құралдарымен немесе өзiне тән өткiр иiсi бар басқа өнiмдермен бiрге тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.

155. Жүк жөнелтушi тасымалдауға, егер санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары өзге температуралық режимдердi белгiлемесе осы Ережеге 8-қосымшада көрсетiлген температураға дейiн тоңазытылған еттi, сорпа өнiмдерiн және жартылай дайын ет тағамдарын ұсынады. Жүк жөнелтушi тауар-көлiк жүкқұжатында тасымалдауға берiлетiн тоңазытылған еттiң, сорпа өнiмдерiнiң және жартылай дайын ет тағамдарының температурасын белгiлейдi.

156. Еттi, сорпа өнiмдерiн және жартылай дайын ет өнiмдерiн тиеу, егер шартта өзгеше көзделмесе автокөлiк құралының шанағында суытылған және қатырылған еттi iлгектерге iлудi қоса алғанда - жүк жөнелтушiнiң, ал түсiру - жүк алушының күштерiмен және құралдарымен жүргiзiлуi тиiс.

157. Тоңазытылған еттердi, сорпа өнiмдердi, жартылай дайын ыдыстағы ет өнiмдерiн жүк жөнелтушi автокөлiк құралына тығыз қабатпен қалайды.
Тұтас тоңазытылған және қатырылған ет iлгектерге iлiнедi.

158. Таңбаланған салмағы бар еттi, сорпа өнiмдерiн және ыдыстағы жартылай дайын ет өнiмдерiн жүк жөнелтушiден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар қайтадан өлшемей жүк орындарының саны бойынша; топталған, тұтас және жартылай тұтас еттердi, сорпа өнiмдерiн қабылдау мен тапсыруды - орындар саны және салмағы бойынша; шұжық өнiмдерiн, қақталған еттердi, жартылай дайын ет тағамдарын қабылдау мен тапсыруды, жүк жөнелтушiнiң пломбасы бар ыдыспен жүзеге асырады.

159. Еттi, сорпа өнiмдерiн және жартылай дайын ет тағамдарын бiр жүк алушының мекен-жайына тасымалдау кезiнде жүк жөнелтушi автокөлiк құралының шанақтарының, жеке секцияларының, контейнерлердiң немесе арнайы ыдыстардың пломбалануын қамтамасыз етедi.

160. Жүк алушының керi ұсынған бос мүккамал ыдысты, тасымалдаушы келiсiлген тарифтер бойынша жүк жөнелтушiге жеткiзедi .

161. Ет, сорпа өнiмдерiн және жартылай дайын ет тағамдарын дайын ет өнiмдерiмен бiрге тасымалдауға рұқсат етiлмейдi. Дайын ет өнiмдерi Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен материалдардан жасалған таза ыдыспен тасымалданады. Мұндай тағамдарды ыдыссыз үйiп тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.

162. Күн сайын, ет сорпа өнiмдерiн және жартылай дайын ет тағамдарын тасымалдау аяқталғаннан кейiн автокөлiк құралдары санитарлық өңдеуден өткiзiледi, егер шартта өзгеше көзделмесе, оны тасымалдаушы жүзеге асырады.

&5. Сүт және сүт тағамдарын тасымалдау
ерекшелiктерi

163. Сүт және сүт тағамдарын (кiлегей, қаймақ, iрiмшiк, сүзбе, айран және тағы басқа) тасымалдау кезiнде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушiлер және жүк алушылар белгiленген санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.

164. Сүт ыдыссыз тәсiлмен мамандандырылған автомобиль-цистерналармен немесе ыдысты тәсiлмен автокөлiк құралы-фургондармен тасымалданады.
Сүт тағамдары ыдысты тәсiлмен тасымалданады.
Тасымалдаушылар сүт және сүт тағамдарының ыдысты тасымалы үшiн тасымалдау ұзақтығын, ыдыс түрiн және сыртқы ауа температурасын ескере отырып, мамандандырылған автокөлiк құралдарын бөледi.

165. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға мынадай ыдыспен:
1) сүттi - металл флягалармен, металл, пластмасса себеттерге, жәшiктерге салынған шишалармен немесе пакеттермен;
2) өлшенiп оралмаған сүт тағамдарын - металл, пластмасса себеттермен, металл жәшiктермен;
3) өлшенiп оралған сүт тағамдарын - металл флягалармен және ағаш кеспектермен ұсынады.

166. Жәшiктер мен себеттердiң бүйiр қабырғалары шишалардың немесе басқа тұтыну ыдысының мойнынан жоғары болуы тиiс.
Сүт және сүт тағамдары бар сыйымдылықтар, өлшеп оралған сүзбе, iрiмшiк және басқа сүт тағамдары тасымалдауға жүк жөнелтушiнiң пломбасымен ұсынылады.
Сүт және сүт тағамдары бар сыйымдылықтарды жүк жөнелтушi резеңке астары бар қақпақтармен тығыз жабады.

167. Сүттi және сүт тағамдарының түр-түрiн бiрнеше жүк алушының мекен-жайына тасымалдауға бiр автокөлiк құралмен ұсыну кезiнде жүк жөнелтушi алдын ала, автокөлiк құралы келгенге дейiн жүктi жүк алушылар бойынша топтайды және тиеудi бiр постта жүзеге асырады.

168. Жүк алушы бос мүккамал ыдысты қайтып бередi, ал тасымалдаушы жүк жөнелтушiге жеткiзедi.

169. Жүк жөнелтушi сүттi сүт зауыттарынан ыдыссыз тәсiлмен тасымалдау үшiн Тернердiң 19 градусынан аспайтын қышқылдықпен ұсынады. Сүттiң температурасы (сәуiр - қыркүйек) кезеңiнде - плюс
6 0 С аспауы, ал жылдың қалған мезгiлiнде плюс 2 0 С төмен болмауы тиiс.
Қалалық сүт зауыттарынан, оны сатуды немесе пайдалануды жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдарға тасымалдауға ұсынылатын сүттiң температурасы 8 0 С аспауы тиiс.
Сүттiң температурасы мен қышқылдығын жүк жөнелтушi тауар-көлiк жүкқұжатында көрсетедi.

170. Ыдыстағы сүттi және сүт тағамдарын жүк жөнелтушiден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушы флягалардың, кеспектердiң, сондай-ақ стандартты түрде толтырылған жәшiктер мен себеттердiң саны бойынша жүзеге асырады.
Сүттi ыдыссыз тәсiлмен тасымалдау кезiнде оны қабылдау және тапсыру жүк жөнелтушiнiң пломбасымен жүзеге асырылады.

171. Сүттi сүт зауыттарынан ыдыссыз тәсiлмен тасымалдау кезiнде жүк жөнелтушi:
1) цистернаның люктерiн тиеу алдында ашуды және тиелгеннен кейiн жабуды;
2) тиеу жеңдерiн цистернаға жалғауды және ағытуды;
3) цистернаны толтыруды;
4) цистернаның люктерi мен құйып алу құбырларын пломбалауды жүргiзедi.

172. Жүк алушы:
1) цистернаның люктерi мен құйып алу құбырларында жүк жөнелтушiнiң пломбаларының болуы мен жарамдылығын тексерудi;
2) пломбаларды алуды;
3) сүттi құйып алғаннан кейiн цистернаны iшкi және сыртқы жағынан жууды және дезинфекциялауды;
4) цистернаның люктерiн пломбалауды;
5) жолдама парақта немесе санитарлық өңдеу паспортында санитарлық өңдеу жүргiзу уақытын белгiлеудi;
6) қысқы мезгiлде құйып алу шүмектерi мен құбырларын ыстық сумен және бумен қыздыруды жүргiзедi.

&6. Ұнды және жарманы тасымалдау ерекшелiктерi

173. Ұн мен жарманы тасымалдау кезiнде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушiлер және жүк алушылар ұнға жауын-шашынның тиюiне жол бермей, жүктiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы тиiс. Ұнды және жарманы тұрақты иiсi бар немесе бетi ластанған жүктермен бiрге тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.

174. Ұн ыдыссыз тәсiлмен - мамандандырылған автомобиль-цистерналармен немесе ыдысты тәсiлмен ернеулi платформасы бар автокөлiк құралдармен немесе автокөлiк құралы-фургондармен тасымалданады.
Жарма ыдысты тәсiлмен тасымалданады.

175. Ұнды ыдыссыз тәсiлмен тасымалдау кезiнде жүк жөнелтушiден қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар жүзеге асырады.
Автокөлiк құралын пломбалауды жүк жөнелтушi жүргiзедi.

176. Ұнды ыдыссыз тәсiлмен тасымалдау кезiнде жүк жөнелтушi:
1) автомобиль-цистернаны жүксiз және жүгiмен таразыға тартуды;
2) цистернаның люктерiн тиеу алдында ашуды және тиелгеннен кейiн жабуды және тиеу жеңдерiн цистернаға жалғауды және ағытуды;
3) цистернаны толтыруды;
4) тиегеннен кейiн тиелген люктердi және түсiру құбырларын пломбалауды жүргiзуi тиiс.


Страницы 1 2 3
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina