ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

   Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаудың ережесі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнің
2010 жылғы 6 сәуірдегі
№ 233 бұйрығымен бекiтiлген

Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық
негiздеме дайындаудың ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме (бұдан әрi - Биологиялық негiздеме) дайындаудың тәртiбiн айқындайды.
2. Биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, балықтардың жалпы жол берiлетiн аулау мөлшерiн анықтауға және жануарлар дүниесiнiң басқа да объектiлерiн алып қоюға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабiлеттi шаруашылық және өзге де қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды.
3. Биологиялық негiздемені дайындау келесі жағдайлар мен мақсаттарда жүзеге асырылады:
1) жануарлардың түрлерiн санаттарға жатқызу және оларды жануарлар дүниесiнiң бiр санатынан басқасына ауыстыру;
2) балықтарды аулаудың және жануарлар дүниесінің басқа объектілерін алудың жол берiлетiн жалпы көлемiн айқындау;
3) жануарлар дүниесiнiң санын реттеу;
4) жануарлар дүниесiнiң акваөсіру, жерсіндіру, интродукциялау және будандастыру;
5) жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу;
6) жануарлар мен олар мекендейтiн ортаға шаруашылық және өзге қызметтiң әсерiн айқындау;
7) мелиорациялық аулау кезінде.

2. Биологиялық негiздеме дайындау

4. Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негіздеме бір жыл ішінде жануарлардың өткен жылдағы санының есеп материалдары, жануарлар дүниесі объектілерінің және олар мекендейтін ортаның мониторингі, ғылыми зерттеулер негізінде дайындалады.
Жануарлар дүниесін пайдалануға биологиялық негiздеменi дайындау жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Балық және басқа да су жануарларын аулаудың жол берiлетiн жалпы көлемiн айқындау мақсатында биологиялық негіздеме түр құрамын көрсете отырып, 2 жылға дайындалады.
5. Биологиялық негіздемеде келесі мәліметтер:
1) жануарлар дүниесі объектілері үшін (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) биологиялық негiздеме әзiрлеудiң мақсаты:
объектiлердiң атауы және олардың санаттары;
таралу аймағы, санының динамикасы, материалды жинау әдістемесі, есепке алу тәсілдері, есеппен алынған аудан және түрлер бойынша есеп, бірнеше жылғы саны бойынша деректер;
болжамды алу учаскесінің шекаралары, бет-бедерінің, өсімдік жамылғысының сипаттамасы, гидрологиялық шарты, ауа-райы көрсетілген аумақ (акватория);
қазақ, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген объектiлердiң жай-күйi туралы, орташа өнiмдiлiк пен табиғи өсімін молайтуға қабiлеттілік, тұяқты және iрi жыртқыш жануарлар үшiн таралымның жыныстық-жастық құрамы;
2) балық ресурстары және басқа да су жануарлары үшін биологиялық негіздеме дайындаудың мақсаты:
қызметті жүзеге асыру көзделген шектегі су объектісі, су айдыны және (немесе) учаскесі;
биологияның негізгі ерекшеліктері, карта-схемамен станцияны таңдау негіздемесі, таралу аймағы, санның динамикасы, материалды жинау әдістемесі, есепке алу тәсілдері, есеппен алынған аудан және түрлер бойынша есеп, бірнеше жылғы саны бойынша мәліметтер;
болжамды алу учаскесінің шекаралары көрсетілген аумақ (акватория), мекендейтiн ортаның жай-күйi туралы ақпарат (су айдынының гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық сипаттамасы, тұрақты дамудағы айқындағыштардың жай-күйі және акваөсіру мақсаттары үшін пайдалану мүмкіндіктері);
қазақ, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жай-күйi туралы, орташа өнiмдiлiк пен табиғи өсімін молайтуға қабiлеттілік, шығу тегі және кәсіпшілік қор.
Жануарлар дүниесінің объектілері үшін болжамды алу (оңтайлы жол берілетін аулау) көлемінің негіздемесі және оның жануарлар дүниесi объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ету (ықпал ету) болжамы, жануарлар таралымының тұрақты жай-күйі нормативтерінің болуы, кәсіптің шектеулері көрсетіледі.
Биологиялық негiздеме диаграммалардан, кестелерден, карта-схемалардан тұрады.
6. Биологиялық негiздеме жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органға ұсынылады.

3. Биологиялық негiздеменi оның мақсаттарына және жануарлар
дүниесiнiң санаттарына орай дайындау ерекшелiктерi

7. Биологиялық негiздеменi жануарлар дүниесiнiң санатына орай дайындаған кезде осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа мынадай қосымша мәлiметтер келтiрiледi:
1) «жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi» - саны, зерделену дәрежесi, таралуы жөнiндегi көп жылғы деректер;
2) «аңшылық объектiлерi болып табылатын жануарлардың түрлерi» – аңшылық алқаптары туралы ақпарат (аңшылық шаруашылығының санаты, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың түрi, аңшылық алқаптардың резервтiк қоры), жануарлар дүниесі объектiсінiң шаруашылық мәнi, пайдалану түрi (кәсiпшiлiк, спорттық-әуесқойлық, коллекциялық және ғылыми мақсаттарда) және аңшылық алқаптардың сыйымдылығы (жемшөптiк, ұялық, қорғау факторлары);
3) «балық аулау объектiлерi болып табылатын балық ресурстары және басқа да су жануарлары үшін» – балық шаруашылығының су айдындары және (немесе) учаскелерi туралы ақпарат (ерекше қорғалатын табиғи аумақтың түрi, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры, жануарлар дүниесі объектiсінiң шаруашылық мәнi, пайдалану түрi (кәсiпшiлiк, спорттық-әуесқойлық, коллекциялық және ғылыми және өзге де мақсаттарда) және су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң балық өнiмдiлiгi;
4) «аң аулау мен балық аулауды қоспағанда, жануарлардың басқа да шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын түрлерi» – жануарлар дүниесі объектiсінiң шаруашылық мәнi және популяцияның лимиттелу факторының болуы;
5) «халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылық және басқа үй жануарларының ауруларынан сақтану, қоршаған ортаға зиянды болдырмау, ауыл шаруашылық қызметiне, балық шаруашылығына елеулi зиян келтiрiлу қаупiнің алдын алу мақсатында саны реттелуге жататын жануарлардың түрлерi» – жануарлар дүниесі объектiсінiң шаруашылық мәнi, зиян келтiрудiң ықтимал дәрежесi, келтiрiлген зиян.
8. Аңшылық және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарларды пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаған кезде жануарларды аулаудың жол берiлетiн шектi көлемiн айқындау үшiн популяцияның өсiмiн болжау әдiсi пайдаланылады. Кейiннен, әрбір шаруашылықта жануарларды аулаудың көлемiн кәсіпшілік қарсаңындағы есеп алу, олар мекендейтін айналы мониторингі, алудың оңтайлы көлемі, климаттық және әлеуметтiк фактор деректерiне арналған түзетумен өзгерту қажет.
9. Арнайы пайдалану кезiнде жануарларды алудың жол берiлетiн шектi көлемiн есептеу жануарлар дүниесiн пайдаланушылар үшiн биологиялық сан алуандыққа ықтимал зиянды ескере отырып, алудың нормативтері, популяцияның динамикасы мен мекендеу ортасының өзгеру үрдiсiн зерделеудiң объективтi көп жылдық деректерi негiзiнде бөлек жүргiзiледi.
10. Жануарларды акваөсіру, интродукция мен будандастыруға арналған биологиялық негiздемені дайындаған кезде келесі мәліметтер көрсетiледi:
1) интродукция аумағында мекендейтiн басқа түрлермен ықтимал өзара қатынас, өткен және қазiргi таралу аймағының түрі туралы;
2) интродукцияланатын түрлермен өзара әсердi болжау, су жануарлары үшін биотехникалық жұмыс жүргiзу жөнiндегі ұсыныстар; орналастыру материалдарын алған орын; даму сатысы; орналастырудың биологиялық және шаруашылық мақсаттылығы; экономикалық – кәсіпорын құрылысы мен оны күтіп-ұстау жөніндегі есеп; орналастыруға ұсынылған су организмдерінің билогиялық, экологиялық сипаттамалары; орналастыру жүргізу мерзімі, орналасатын объектінің шаруашылық, экономикалық, кәсіпшілік, азықтық және өзге де сипаттамалары, экожүйеге және оның құрамына кіретін құнды объектілерге ықтимал әсері;
3) орналасу объектілерінің аурулары және олардың орналасатын су айдынының фаунасы мен флорасына және көрсетілген аудан тұрғындарына ықтимал қауіптілігі; жерсіндіру объектілерінің таза тобын іріктеп алу бойынша ұсыныстар;
4) іс жоспарланған ауданда биоценозға әсер етудің бағасы, аумақтың табиғат қорғау мәртебесі.
11. Шаруашылық және өзге қызметтiң жануарлар дүниесi объектiлерi мен олар мекендейтiн ортаға әсерiн айқындаған кезде мекендейтiн ортаның болжамды сипаты мен өзгеру дәрежесi, әсер ету мерзiмi, терiс әсердi азайту үшiн ұсынылып отырған өтемақы шаралары, әрқилы түрлер мен түрлердiң жүйелiк топтарына әсердi сараптамалық бағалау туралы мәлiметтер келтiрiледi.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina