ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу ережелерi
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 22 сәуiрдегi № 181 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2010 жылғы 22 сәуiрдегi
№ 181 бұйрығымен
бекiтiлген

Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу
ережелерi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 369, 375, 418 және 458-тарауларына сәйкес әзiрлендi және кедендiк бақылау кезiнде кеден зертханаларында кедендiк сараптама жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардан сынамалар мен үлгiлер алу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Кедендiк бақылау кезiнде тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуды:
кедендiк органдардың қызметтiк тұлғалары;
тауарға қатысты уәкiлеттiлiкке ие тұлғалар және оның өкiлдерi;
декларанттар;
тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi жүргiзедi.
3. Негiзгi түсiнiктемелер:
1) сынама – зерттелетiн тауардың барлық көлемiнiң құрамы мен қасиетiн сипаттайтын тауардың оңтайлы қажет мөлшерi;
2) үлгi – тауардың бүкiл партиясының, сериясының құрылымы мен құрамына сәйкес тауар бiрлiгi;
3) партия – кедендiк органға ұсынылған кедендiк шекарадан тасымалдауға және сапасын куәландыратын бiрдей құжаттармен рәсiмделген атауы мен сапасы бойынша бiртектi кез-келген тауардың мөлшерi (бiртектi тұтынушылық немесе көлiктiк тарада, бiрдей құйылу күнi, бiрдей технологиялық үлгi бойынша өндiрiлген және т.б.);
4) орауыш бiрлiгi – автокөлiктiк/темiржол цистернасы, бөшке, фляга, қорап, контейнер және басқа да орауыш түрлерi;
5) стандарттау бойынша нормативтiк құжат – стандарттау және оның нәтижелерi бойынша қызметтiң әр түрiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн құжат.

2. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу кезiнде
қатысатын тұлғалар мен рәсiмдер

4. Кеден органдарының лауазымдық тұлғасы тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу нормаларын көздейтiн стандарттау бойынша нормативтiк құжаттамаға сәйкес, оны зерттеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн ең аз мөлшердегi тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алуды жүргiзедi.
5. Кеден органдарының лауазымдық тұлғалары, сол сияқты тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының тауарлар сынамалары мен үлгiлерiн алу кезiне, тауарларға қатысты өкiлдiкке ие адамдар және (немесе) олардың өкiлдерi және декларанттар қатысады.
6. Тауарларға қатысты өкiлеттiлiкке ие адам және (немесе) оның өкiлдерi, декларанттар кеден органдарының лауазымдық тұлғаларына қолдау көрсетедi, соның iшiнде тауарлардың сынамасы мен үлгiлерiн алу үшiн қажеттi жүк тасымалдау операцияларын өз есебiнен жүзеге асырады.
7. Декларант болмаған кезде, егер ол тауарлардың ұсынылуынан кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде келмесе, сондай-ақ жедел жағдайларда кеден органдарының лауазымдық тұлғалары тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алады. Осындай жағдайларда тауарлар сынамасы мен үлгiлерiн алу екi куәгердiң қатысуымен және осы Ереженiң 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауарлар сынамасы мен үлгiлерiн алу актiсiн жасау арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар тауарға iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес тауарларға қатысты өкiлеттiлiкке ие тұлғаға және оның өкiлiне, декларантқа 2 жұмыс күнi iшiнде тауарлар сынамасы мен үлгiлерiн алу актiсi жiберiледi.
8. Тауарлар сынамасы мен үлгiлерiн алу актiсi үш данада құрастырылады:
бiрiншi дана кеден органында қалады;
екiншi дана алынған тауарлар сынамалары және үлгiлерiмен бiрге кеден зертханасына жiберiледi;
үшiншi дана тауарлар сынамасы мен үлгiлерiн алу актiсiн жасау кезiнде тауарға қатысты өкiлеттiлiкке ие тұлғаға немесе оның өкiлiне берiледi.
9. Тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың кедендiк органдарға жүгiнуi кезiнде:
бiрiншi дана кедендiк органда қалады;
екiншi дана алынған тауарлар сынамалары және үлгiлерiмен бiрге тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi;
үшiншi дана тауарлар сынамасы мен үлгiлерiн алу актiсiн жасау кезiнде тауарға қатысты өкiлеттiлiкке ие тұлғаға немесе оның өкiлiне берiледi.
10. Кедендiк бақылаудағы тауаралардың сынамалары мен үлгiлерi кеден органдарының жазбаша рұқсатнамасымен тауарға қатысты өкiлеттiгi бар тұлғалармен, олардың өкiлдерiмен, декларанттармен, сонымен қатар тиiстi мемлекеттiк органдардың кедендiк органдарымен келiсiлген және кедендiк органдар қызметкерлерiнiң қатысуымен алынуы мүмкiн.
Кеден органдарына ұсынылған, еркiн түрде құрылған, жазбаша жүгiнуде (арызда) келесi мәлiметтер көрсетiледi:
ұйымның (тұлғаның) аты мен мекенжайы;
жолдамаға (арызға) қол қойған тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты және қызметi;
тауарлардан үлгi мен сынама алу үшiн негiздеме;
тауарлардың тұрған жерi;
тауар туралы, оның iшiнде тауарға iлеспе құжаттарда көрсетiлген мәлiмдемелер;
сұрыпталатын тауар тұрған көлiк құралы туралы мәлiмдеме;
тауарлар сынамасы мен үлгiлерiнiң өндiрiсi үшiн қажеттi басқа да мәлiмдемелер;
кеден органына сұрыпталған тауар үлгiсi мен сынамасын тексеру бойынша қорытынды тапсыру мiндеттемесi болуы тиiс.
11. Кедендiк бақылауды жүзеге асыратын кеден органының бастығы, немесе оның орнын басатын тұлға, жолдама (арыз) түскеннен кейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу жерi мен уақытын белгiлеп, резолюциясын қояды.
12. Резолюциясы қойылған жолдама (арыз) тауарларлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу актiсiнiң алғашқы данасымен бiрге кеден органында сақталады.
13. Қажеттi жағдайларда арнайы таным талаптар мен техникалық құралдардың қолданылуын қажет ететiн тауарлар сынамасы мен үлгiсiн алу кедендiк сарапшының қатысуымен жүргiзiледi.
14. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алудан бұрын, тауардың атауы мен таңбалауын, жүктiң қауiптiлiгi жөнiндегi белгiлердiң болуын тексеру қажет.
15. Егер тауар химиялық зат болса, сынамалар мен үлгiлерге тасымалдау, қолдану, сақтау мен жою кезiндегi қауiпсiздiк шаралары туралы, құрамы мен қасиеттерi туралы мәлiметтерi бар, тауарға iлеспе және көлiктiк құжаттардың көшiрмелерi тiркелуi тиiс.
16. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу техникалық қауiпсiздiк сақтала отырып, жүзеге асырылуы тиiс.
17. Кедендiк сараптамаға жiберiлетiн тауарлар сынамалары мен үлгiлерi тауар қасиеттерiне сәйкес оралуы және ораманың тұтастығын бұзбай алуға мүмкiндiк бермейтiндей ораманың сақталуын қамтамасыз ететiн ярлыкпен мөрленуi тиiс.
18. Ораманың сақталуын қамтамасыз ету ярлыгында (этикеткасында) көрсетiледi:
сынамалар мен үлгiлердi алу күнi;
алынған сынамалар мен үлгiлердiң реттiк нөмiрi;
кедендiк органның атауы;
сынамалар мен үлгiлердi алуға қатысқан тұлғалардың тегi мен қолы;
өнiмнiң атауы;
өнiм өндiрушi - кәсiпорынның немесе жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң, тасымалдаушы және алушы - кәсiпорынның атауы;
сынамалар алынған партияның нөмiрi, партиядағы өнiм мөлшерi;
алынған сынама мөлшерi;
тауарға тiркелген және көлiктiк құжаттардың атауы мен нөмiрi;
сынаманы алған қызметтiк тұлғаның аты-жөнi.
Ораманың (этикетканың) сақталуын қамтамасыз ету белгiсi кеден органы лауазымдық тұлғасының жеке нөмiрлiк мөрiмен куәландырылады.
19. Кедендiк органдар тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу шығындарын өтемейдi.
20. Кедендiк зертханаларға жолданған материалдар (тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi және тауарға тiркелген және көлiктiк құжаттар) тиiстi журналда тiркеледi, осы Ереженiң 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша.

3. Қорытынды ереже

21. Кедендiк сараптамадан кейiн тауарлар сынамалары мен үлгiлерi кедендiк сараптаманы тағайындаған кедендiк органға қайтарылады, кеден органына тiркеуге түскеннен кейiн он жұмыс күнi өткеннен кейiн, қосымша материалдарды алған кезге дейiн сараптаманы тоқтататын жағдайларды қарастыратын ескертулердi тиiстi жұмыс журналында көрсетiледi, осы Ереженiң 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша.
22. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi, кедендiк сараптама кезiнде шығынға ұшыраған және сынау әдiсiмен бұзылған жағдайларда немесе сапаны бағалауда келiспеушiлiк болған жағдайда, стандарттау бойынша нормативтiк құжаттарда бекiтiлген уақыт мерзiмiнде сақталуы тиiс, сонымен қатар жою немесе құртуға тиiс болған жағдайларда қайтарылмайды.

Тауарлардың сынамалары мен
үлгiлерiн алу Ережесiне
1 Қосымша

Нысан

Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу туралы
акт №

20__ жылғы «____» ____________

Тауардың орналасқан жерi_____________________________________________
Лауазымды тұлға _____________________________________________________
(аты-жөнi, жұмыс орыны, лауазымы)
Декларанттың, тауарларға қатысы бар өкiлеттi тұлғаның немесе оның
өкiлiнiң қатысуымен _________________________________________________
_____________________________________________________________________
(аты-жөнi, жұмыс орыны, лауазымы)
Кеден сарапшысының қатысуымен: ______________________________________
_____________________________________________________________________
(аты-жөнi, жұмыс орыны, лауазымы)

Куәгерлердiң қатысуымен:
1. __________________________________________________________________
(аты-жөнi, тұрғылықты орны)
2. __________________________________________________________________
(аты-жөнi, тұрғылықты орны)
ҚР Кеден кодексiнiң 369, 375, 418, 458-баптарына сәйкес _____________ тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi алынды
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы мен орналасқан мекен–жайы, жеке тұлғаның
аты-жөнi мен тұрғылықты орны)
_____________________________________________________________________
(стандарттау бойынша нормативтiк құжаттардың атауы: мемлекет аралық
стандарттар – МЕМСТ, Қазақстан Республикасының ұлттық
стандарттары – ҚР СТ)
Осы акт бойынша тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi алынды:

Сынама немесе үлгiнiң атауы

Мөлшерi

Салмағы

Орама түрi

Пломбаның, мөрдiң нөмiрi

Қатысқан тұлғалардың өтiнiштерi, ескертпелерi _______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Аты-жөнiн, ескертпе мазмұнын көрсету)
Сынамалар (үлгiлер) алынғанда қатысқан тұлғалар
1. Уақытша сақтау қойма өкiлi
_____________________________________________________________________
(Аты-жөнi, қолы)
2. Декларанттың, тауарларға қатысы бар өкiлеттi тұлғаның немесе оның өкiлi _______________________________________________________________
(Аты-жөнi, қолы)

Куәгерлер:
1. __________________________________________________________________
(Аты-жөнi, қолы)
2. __________________________________________________________________
(Аты-жөнi, қолы)
Актiледi:
___________________________________ Күнi «___» __________ 20___ ж.
(Аты-жөнi, қолы)
Актiнi алды:
___________________________________ Күнi «___» __________ 20___ ж.
(Аты-жөнi, қолы)

МО __________________________________________________________________
(қолы) (лауазымы, аты-жөнi)

Тауарлардың сынамалары мен
үлгiлерiн алу Ережесiне
2 Қосымша

Нысан

Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн тiркеу
ЖУРНАЛЫ

Реттiк нөмiрi

Келу күнi және кiрiс құжаттың нөмiрi

Тауарлардың атауы. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiнiң мөлшерi

Жүк кеден декларациясының нөмiрi

Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу актiсiн ресiмдеу күнi мен нөмiрi

Ораманы сақтау сәйкестендiрудiң құралы (жапсырма, пломба)

Тоқтата тұру, қайтадан бастау

Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн қайтару белгiсi

1

2

3

4

5

6

7

8

Журнал нөмiрленедi, бауланады және
мөрмен бекiтiледi


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina