ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қазақстан Республикасының Бірыңғай...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесi
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрiнiң
2010 жылғы 6 мамырдағы
№ 214 бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк

сыныптамасын жасау ережесi

1. Осы Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасаудың құрылымы мен тәртiбiн айқындайды.
1-бөлiм. Жалпы ережелер

1-тарау. Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының құрылымы

2. Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы (бұдан әрi - Бюджеттiк сыныптама) бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.
3. Бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң, Қазақстан Республикасының Президентi Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының негiзiнде жасалады.
4. Бюджеттiк сыныптама мыналарды қамтиды:
бюджеттiк түсiмдер сыныптамасын;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.
5. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
сыныптамалық код - түсiмнiң әрбiр түрi, бюджет шығыстарының әрбiр түрлерi және бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, олардың белгiлi бiр сипаттамалары бойынша, түсiмдер сыныптамасының, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасының деңгейлерi бойынша жеке бекiтiлетiн цифрлық белгi (топтамалық код);
iс-әрекеттiң аяқталу мерзiмi - ол басталған сәттен бастап тиiстi сыныптамалық код бойынша түсiмдердi есепке алу немесе шығыстарды қаржыландыру тоқтатылатын күн.
2-тарау. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы

6. Барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң белгiлi бiр сипаттамалар бойынша осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген салықтарды, төлемдердi және бюджетке түсетiн басқа да түсiмдердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне негiзделген топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.
7. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады:
түсiмдердiң экономикалық белгiлерi бойынша топтамасын бiлдiретiн санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтайтын сыныптар. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады;
түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтайтын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
бюджетке түсетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайтын ерекшелiктер. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.
8. Түсiмдердiң әрбiр түрiнiң түсiмдер сыныптамасының барлық деңгейлерiнiң кодтарынан қалыптасатын алты белгiлi коды болады.
9. Түсiмдердiң әрқилы түрлерi үшiн бiрдей алты белгiден тұратын кодтарды белгiлеуге жол берiлмейдi.
10. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы мынадай негiзгi санаттарды қамтиды:
1 - салықтық түсiмдер;
2 - салықтық емес түсiмдер;
3 - негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;
4 - трансферттерден түсетiн түсiмдер;
5 - бюджеттiк кредиттердi өтеу;
6 - мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
7 – қарыздардың түсiмi;
8 – бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары.
11. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
3-тарау. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы

12. Мемлекет функцияларының орындалуын, республиканың стратегиялық, орта мерзiмдi бағдарламалары мен даму жоспарларын iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
13. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады: функционалдық топтар; функционалдық iшкi топтар; бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi; бюджеттiк бағдарламалар және кiшi бағдарламалар.
14. Функционалдық топ елдiң стратегиялық даму басымдықтарына сәйкес келетiн және олардың әрқайсысының айқын мақсатын көрсететiн елдiң негiзгi даму бағыттарын көрсетедi. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.
15. Мемлекеттiк басқару органдары орындайтын функцияларға байланысты бюджет шығыстары мынадай функционалдық топтар бойынша сыныпталады:
01- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер;
02- Қорғаныс;
03- Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi;
04- Бiлiм беру;
05- Денсаулық сақтау;
06- Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру;
07- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
08- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк;
09- Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану;
10- Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары;
11- Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi;
12- Көлiк және коммуникациялар;
13- Өзгелерi;
14- Борышқа қызмет көрсету;
15- Трансферттер;
16- Қарыздарды өтеу.
16. Функционалдық iшкi топ (бұдан әрi - iшкi функция) ел дамуының әрбiр стратегиялық басымдығы жөнiндегi мiндеттер тобын функционалдық топ iшiнде нақтылайды. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады.
17. 17. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi оларға жүктелген функциялар мен өкiлеттiктерге сәйкес айқындалады.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi - бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге, iске асыруға және бюджеттiк бағдарламалар нәтижелерiне жетуге жауапты мемлекеттiк орган.
Бюджеттiк бағдарламалардың бiр әкiмшiсiнiң құзыретiне жатқызылмайтын экономиканың әртүрлi салаларында жобалардың iске асырылуын көздейтiн ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтердiң жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру жоспарланатын бюджеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әрекет етедi.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.12.20 № 647 Бұйрығымен.
18. Бюджеттiк бағдарламалардың әрбiр әкiмшiсiне өзiнiң жеке сыныптамалық коды берiледi, коды 3 белгiден тұрады.
19. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымына негiзделе отырып, айқындалады.
20. Бюджеттiк бағдарлама мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, мiндеттермен, нәтижелер көрсеткiштерiмен өзара байланысты, нәтиже көрсеткiштерi мен бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемi бар бюджет шығыстарының бағыттарын айқындайды. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады.
21. Атаулары бiрдей бюджеттiк бағдарламалар, соның iшiнде бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламаларды орындау кезiнде пайдаланылатындар мен бюджеттiк бағдарламалардың бiрнеше әкiмшiлерiне бекiтiлгендердiң де кодтары бiреу және 100-ден бастап 199-ға дейiнгi кодтар бойынша сыныпталады.
22. функционалдық топ, функционалдық кiшi топ, бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi, бюджеттiк бағдарлама және кiшi бағдарлама кодтарынан жасалатын әрбiр он екi белгiлi код бюджет шығыстарының барлық функционалдық сыныптамасынан бiрегей болып табылады.
23. Бюджеттiк бағдарлама нәтижелердiң бюджеттiк бағдарламаларға арналған көрсеткiштер бюджеттiк iшкi бағдарламаларға да қолданылатын шарт кезiнде бюджет қаражатын жұмсаудың бағыттарын нақтылайтын iшкi бағдарламаларға бөлiнуi мүмкiн.
Бюджеттiк кiшi бағдарлама бюджеттiк бағдарлама шеңберiндегi бюджет шығыстарының нақты бағыттарын ашады.
Бюджеттiк бағдарламаларда 001-ден 999-ға дейiнгi сыныптамалық код болады. Бiрнеше әкiмшiлерiне бекiтiлген, аттас бюджеттiк бағдарламалар 100-ден 199-ға дейiн жiктеледi.
Бюджеттiк кiшi бағдарламаларда 001-ден 999-ғa дейiнгi сыныптамалық код болады. Бiрнеше әкiмшiлерге бекiтiлген аттас бюджеттiк кiшi бағдарламалар 001-ден 099 аралығындағы кодтар бойынша жiктеледi.
24. Егер бағдарлама кiшi бағдарламаларға бөлiнбесе, олардың орнына 000 сыныптамалық коды көрсетiледi.
25. Бюджеттiк бағдарламалар мыналарға бөлiнуi мүмкiн:
1) мазмұнына байланысты мыналарға:
мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан шығатын мемлекеттiк қызметтердi көрсету;
трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беру;
бюджет кредиттерiн беру;
бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру;
күрделi шығыстарды жүзеге асыру;
мемлекеттiк мiндеттемелердi орындау.
2) мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай мыналарға:
республикалық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн республикалық бағдарламалар;
облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң құрамында бекiтiлетiн облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бағдарламалары;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында бекiтiлетiн аудандық (қалалық) бағдарламалар;
республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында бекiтiлетiн қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары болып бөлiнедi.
Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар болып табылады.
3) iске асыру тәсiлiне қарай мыналарға:
бiр әкiмшi iске асыратын жеке бюджеттiк бағдарламалар;
белгiлi бiр бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламаларының құрамында бекiтiлетiн және бюджеттiк бағдарламалардың түрлi әкiмшiлерi арасында ағымдағы қаржы жылы iшiнде бөлiнуге тиiс бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар болып бөлiнедi.
Мұндай бюджеттiк бағдарламаларды бөлу 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 33-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттiк бағдарламалар бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың құрамында тиiстi белгi (код) тағайындала отырып, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар және бюджеттiк даму бағдарламалары болып бөлiнедi.
Бюджеттiк даму бағдарламаларына бюджеттiң бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған шығыстары жатады. Бюджеттiң қалған шығыстары ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға жатады.
26. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
27. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiн және бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн.
4-тарау. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

28. Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтiн экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
29. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мыналардан тұрады:
шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастыратын санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастыратын сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша барынша егжей-тегжейлi топтастыратын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады;
бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттiк мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн айқындайтын ерекшелiктер. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады.
30. Ерекшелiктердiң сыныптамалық кодтары шығыстардың экономикалық сыныптамасының жоғары тұрған деңгейлерiнiң сыныптамалық кодтарынан бөлек қолданыла алады және әртүрлi санаттарда, сыныптарда, iшкi сыныптарда қайталанбауға тиiс.
31. Экономикалық сыныптама мынадай санаттардан тұрады:
ағымдағы шығындар - мемлекеттiк мекемелердiң өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты шығындары;
күрделi шығындар - негiзгi капиталды құруға, қалпына келтiруге немесе сатып алуға байланысты шығындар;
бюджеттiк кредиттер - қайтарымды, мерзiмдi және ақылы негiзде бюджеттен бөлiнетiн ақша;
қаржы активтерiн сатып алу - мемлекеттiк меншiкке заңды тұлғалардың, оның iшiнде, халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi операциялармен байланысты шығыстар;
қарыздарды өтеу - қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге жұмсалатын шығыстар.
32. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
33. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының негiзiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес ерекшелiктердiң анықтамасы мен ерекшелiктер бойынша шығындардың тiзбесi көрсетiлетiн бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын жасайды және бекiтедi.
2-бөлiм. Бюджеттiк сыныптаманы жасау, бекiту және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi

5-тарау. Бюджеттiк сыныптаманы жасау, бекiту және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi

34. Мемлекеттiк басқару органдарының Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу жөнiндегi нормативтiк негiзделген тиiстi ұсыныстары бюджеттi жоспарлау процесiнде, сондай-ақ Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзудi болжайтын нормативтiк құқықтық акт қабылданған жағдайда бюджеттi атқару барысында мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға енгiзiледi.
35. Бюджеттiк сыныптаманың жобасына алдағы қаржы жылына арналған бюджет жобасын жоспарлау үшiн қажеттi өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiн енгiзiледi.
36. Алдағы қаржы жылына арналған Бюджеттiк сыныптама жобасын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 мамырына дейiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру үшiн орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарға жiбередi.
37. Тиiстi бюджет деңгейлерiнен қолданыстағы сыныптамалық кодтар алынып тасталған жағдайда, Бюджеттiк сыныптаманы жасау кезiнде олардың қолданылуының аяқталу күнi көрсетiледi.
38. Бюджеттiк сыныптама жоспарланатынының алдыңғы жылдың 10 желтоқсанына дейiн алдағы жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданғаннан кейiн бекiтiледi.
6-тарау. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын жасау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi

39. Бюджеттiк сыныптамада бюджеттiк түсiмдердiң жаңа түрлерiн енгiзудi, қолданыстағы түрлерiн алып тастауды немесе өзгертудi тиiстi нормативтiк құқықтық актi негiзiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзедi.
40. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк басқару органдарының бюджет түсiмдерiнiң жаңа түрлерiн енгiзу туралы, қолданыстағыларды алып тастау немесе өзгерту туралы тиiстi ұсыныстарының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларына, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарайды.
Қарау нәтижелерi негiзiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы жоба бұйрығын әзiрлейдi, не ұсынысты кейiнге қалдырады.
7-тарау. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын жасау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi

41. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың жаңа әкiмшiлерiн енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту орталық мемлекеттiк орган құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ қажет болған кезде олардың функциялары өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
42. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың жаңа әкiмшiлерiн енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымын өзгерткен және (немесе) жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгiлiк құрылымында көзделген, бiрақ жылына екi реттен артық емес құрылымдық бөлiмшелердiң бiрiктiрiлуi, қосылуы туралы облыстар, Алматы, Астана қалалары әкiмдерiнiң шешiмдерiн қабылдаған жағдайда жүзеге асырылады.
43. Бюджеттiк сыныптамада жаңа бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту бюджет шығыстарының тиiстi түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде жүргiзiледi.
43-1. Қолданыстағы бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешегi бар болғанда алып тастау толық берешек өтелгеннен (есептен шығарылғаннан), немесе осы берешектiң құқықтық мирасқоры анықтаған республикалық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламасына көшiрiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
Ескерту. Ереже 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.08.24 № 425 Бұйрығымен.
44. Жергiлiктi атқарушы органдар жаңа жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгiзу туралы, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстарды тиiстi орталық салалық мемлекеттiк органдарға жiбередi, олар бұл ұсыныстардың қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкестiгi, өкiлеттiктердi мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында тарату мәнiне қарайды.
Сәйкес келмеген жағдайда орталық салалық мемлекеттiк органдар жергiлiктi атқарушы органдарға Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуден негiзделген бас тартуды қалыптастырады.
Сәйкес келген жағдайда орталық салалық мемлекеттiк органдар жергiлiктi атқарушы органдар ұсыныстарының жиынтық тiзбесiн жасайды және өздерiнiң қорытындыларымен бiрге бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жiбередi.
45. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орталық салалық мемлекеттiк органдардың жаңа республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгiзу туралы, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстарының олардың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкестiгiн, нормативтiк құқықтық негiздемесiнiң болуын, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарайды.
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қарау нәтижелерiнiң негiзiнде Бюджеттiк сыныптамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы бұйрық жобасын әзiрлейдi, не ұсыныстарды қабылдамайды.
46. Ағымдағы қаржы жылы бюджетiнiң атқарылуы барысында жаңа бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) енгiзуге, қолданыстағыларын алып тастауға немесе өзгертуге бюджет нақтыланған немесе түзетiлген кезде ғана болады.
8-тарау. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын жасау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi

47. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының жаңа ерекшелiгiн енгiзудi, қолданыстағыны алып тастау немесе өзгертудi мемлекеттiк органдардың ұсыныстарын ескере отырып бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзедi.
48. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдардың шығыстардың экономикалық сыныптамасының жаңа ерекшелiгiн енгiзу туралы, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы тиiстi ұсыныстарының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларына, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн қарайды.
49. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Бюджеттiк сыныптама бекiтiлгеннен кейiнгi бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы негiзiнде бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын жасайды және бекiтедi.
9 тарау. Бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдармаларды) әзiрлеу тәртiбi және олардың мазмұнына қойылатын талаптар

50. Бюджеттiк бағдарламаларды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi әзiрлейдi және ол мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарының құрамында бекiтiледi.
Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлау көлемi, нәтижелiлiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерi бар бюджеттiк бағдарламаларын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.12.20 № 647 Бұйрығымен.
51. Бюджеттiк бағдарламалар стратегиялық жоспарда қалыптасқан мақсаттар мен мiндеттемелердi шешу үшiн қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк принциптерiне негiзделе отырып әзiрленедi.
Бюджеттiк бағдарламалар өзiнiң мазмұны бойынша бiртектi мемлекеттiк функциалар, өкiлеттiктер және мемлекеттiк қызметтер көрсетуге немесе бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi қызметiнiң бағыттарына топталуы тиiс.
52. Бюджеттiк бағдарламада оны iске асыруды бағалау үшiн тiкелей және түпкiлiктi нәтижелердiң көрсеткiштерi болуы тиiс, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламада сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң болуы мүмкiн.
Сапа көрсеткiштерi көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң оны алушылардың талабына сәйкестiгi деңгейiн көрсетедi.
Тиiмдiлiк көрсеткiштерi мемлекеттiк қызмет көрсету бiрлiгiнiң құнын немесе мемлекеттiк қызмет көрсету құнына салымдардың бiрлiгiне арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемiн көрсетедi.
53. Бюджеттiк бағдарлама Ереженiң 23-тармағында көрсетiлген жағдайларда кiшi бағдарламаларға бөлiне алады.
54. Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыруға және солардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың атаулары жүзеге асырылатын мемлекеттiк функциялар, өкiлеттiктер мазмұнын және солардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсетудi немесе мемлекеттiк орган қызметiнiң бағыттарын көрсетуi тиiс.
Мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыруға бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың құнына және солардан туындайтын мемлекеттiк қызметтер көрсетулерге соларға байланысты барлық ағымдағы шығыстар кiредi.
Мемлекеттiк қызмет көрсетуге бағытталған бюджеттiк бағдарламаның құнын анықтаған кезде мемлекеттiк қызметтердiң бекiтiлген стандарттары пайдаланады.
55. Трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беруге бағытталған бюджеттiк бағдарламаларға:
1) бюджеттер деңгейлерi арасындағы трансферттер;
2) мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер;
3) жеке және заңды тұлғаларға арналған бюджеттiк субсидиялар жатады.
Бюджеттер деңгейi арасында трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, дамуға арналған нысаналы трансферттерге бөлiнедi.
Бюджет субвенциялары мен бюджеттiк алулар жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады.
Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген сома шегiнде беретiн, жалпы сипаттағы трансферттердi есептеу кезiнде ескерiлмейтiн трансферттерi ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
төмен тұрған бюджетке шығыстардың артуына және (немесе) жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiнiң қысқаруына әкеп соғатын облыстың өкiлдi және атқарушы органдарының заңнамалық актiлерiн, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердiң шығындарын өтеуге бағытталған жоғары тұрған бюджеттер;
жоғары тұрған бюджетке мемлекеттiк басқарудың төмен тұрған деңгейiнен жоғары тұрған деңгейiне мемлекеттiк органдардың функцияларын тапсыруға байланысты жоғары тұрған бюджеттiң шығыстарының артуына әкеп соғатын заңнамалық актiлер, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердiң шығындарын өтеуге бағытталған төмен тұрған бюджеттер.
республикалық немесе облыстық бюджет бекiткен сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджеттер төменгi тұрған бюджеттерге беретiн трансферттер дамуға арналған нысаналы трансферттер болып табылады.
Трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беруге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың атаулары трансферттер немесе субсидиялар арқылы жүзеге асырылатын шығыстардың бағыттарын көрсетуi тиiс.
Ескерту. 55-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.12.20 № 647 Бұйрығымен.
56. Бюджеттiк кредиттер беруге бағытталған бюджеттiк бағдарламаларға:
1) бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға;
2) мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiн жүзеге асыруға;
3) қаржы агенттiктерiнiң мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруына;
4) төмен тұрған бюджеттердiң қолма-қол ақшаның тапшылығын жабуға бағытталады.
Бюджеттiк кредиттер беруге бағытталған бюджеттiк бағдарламалар атаулары бюджеттiк кредиттер шығыстарының бағыттарын көрсетуi тиiс.
57. Бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттiк бағдарламаларға:
бюджеттiк инвестициялар жобаларын iске асыру;
концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыру шартында iске асыру арқылы;
жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың қалыптастыру (толықтыру).
Бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттiк бағдарламалар атаулары бюджеттiк қаражат бөлiнетiн мақсаттарды көрсетуi тиiс.
58. Күрделi шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттiк бағдарламаларға:
1) материалдық-техникалық базаны қалыптастыру немесе нығайту;
2) күрделi жөндеу (қалпына келтiру) жүргiзу;
3) бюджеттiк инвестициялардан басқа шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес өзге де күрделi шығыстар жатады.
Күрделi шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттiк бағдарламалар атаулары бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң күрделi шығыстарының мазмұнын көрсетуi тиiс.
59. Мемлекеттiк мiндеттемелердi орындауға бағытталған бюджеттiк бағдарламаларға:
1) уақыттың белгiлi бiр кезеңiндегi сыйақының, комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердiң жиынтық төлемдерi, хеджирлеу мәмiлелерi бойынша төлемдер;
2) қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгiленген тәртiппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да мiндеттемелердi орындауы;
3) халықаралық ұйымдарға үлестiк жарналар;
4) мемлекеттiк кепiлдiктер мен кепiлгерлiктер бойынша мiндеттемелердi орындау;
5) мемлекеттiң белгiленген тәртiппен ратификацияланған келiсiмдерден, немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнен немесе соттар шешiмдерiнен туындайтын басқа да мiндеттемелерi жатады.
Мемлекет мiндеттемелерiн орындауға бағытталған бюджеттiк бағдарламалар атаулары қабылданған мемлекеттiк мiндеттемелердi орындау үшiн жүзеге асырылуы тиiс шығыстардың мазмұнын көрсетуi тиiс.
10-тарау. Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк

бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларын

әзiрлеу тәртiбi

Ескерту. Ереже 10-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.12.20 № 647 Бұйрығымен.
60. Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламалары жоспарлы кезеңге арналған жылжымалы негiзде жыл сайын әзiрленедi.
61. Стратегиялық жоспарды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарлама жобасы осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және өзiне мынадай ақпаратты қамтиды:
1) бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды мен атауы;
2) бюджеттiк бағдарламаның коды мен атауы;
3) жоспарлы кезең
4) "Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi" деген жолында осы бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын мемлекеттiк функцияларды, осы бюджеттiк бағдарламалардың мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру қажеттiлiгiн анықтайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi көрсетiледi.
Осы жол бойынша, заңнама актiлерiн қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiнiң толық атауы, күнi мен нөмiрi, заңнама актiсiне сiлтеме жасалған жағдайда тиiстi бапқа мiндеттi түрде нұсқау көрсетiледi;
5) "Бюджеттiк бағдарламаны сипаттау (негiздеме)" деген жолы бойынша шығыстардың бағытын көрсете отырып, бюджеттiк бағдарламаға қысқаша сипаттама жүргiзедi;
6) "Бюджеттiк бағдарламаның түрi" деген жолында:
"мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты" деген жолында мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай мыналарға:
республикалық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн республикалық
облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң құрамында бекiтiлетiн облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында бекiтiлетiн аудандық (қалалық);
республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында бекiтiлетiн қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары болып бөлiнедi;
"мазмұнына байланысты" деген жолында бағдарлама мазмұнына байланысты бюджеттiк бағдарламаның түрi:
мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан шығатын мемлекеттiк қызметтердi көрсету;
трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беру;
бюджет кредиттерiн беру;
бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру;
күрделi шығыстарды жүзеге асыру;
мемлекеттiк мiндеттемелердi орындау көрсетiледi;
"iске асыру тәсiлiне қарай" деген жолында жеке не бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар көрсетiледi;
"ағымдағы/даму" деген жолы бойынша ағымдағы бюджеттiк бағдарлама не даму бюджеттiк бағдарламасы көрсетiледi.
7) "Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты" деген жолында бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуi тиiс белгiлi бiр нәтиже өткiзiледi. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты анық, нақты және қол жетiмдi болуы тиiс.
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты, мемлекеттiк басқару функциясына, елдiң стратегиялық даму мiндеттерiне, республика немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, мемлекеттiк, салалық бағдарламаларға, ауданды дамыту бағдарламаларына сүйене отырып қалыптасады;
8) "Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi" деген жолында бюджеттiк бағдарламалардың түпкi нәтижесiне қол жеткiзу жолдары көрсетiледi.
Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi анық, дәл, нақты және тексерiлген болуы тиiс;
"Бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар" деген бағанда жоспарлы кезеңде олардың iске асырылу мерзiмдерi көрсетiлген мiндеттердi шешуге бағытталған негiзгi iс-шаралар (әрекеттер) көрсетiледi (2-4 бағандар).
9) Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру мерзiмi республиканың немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, мемлекеттiк, салалық бағдарламалардың, ауданды дамыту бағдарламаларында көзделген iс-шараларды iске асыру мерзiмдерiне сәйкес болуы тиiс;
10) "Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi" деген жолында осы бюджеттiк бағдарламада көзделген бюджет қаражаты шегiнде орындалатын мемлекеттiк функциялардың, өкiлеттiктер мен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көлемiнiң сандық сипаттамасы келтiрiледi, оларға қол жеткiзу осы функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететiн ұйымның қызметiне толық байланысты;
11) "Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi" деген жолында халықтың өмiрiнiң деңгейi мен сапасының нысаналы жағдайының (жағдайының өзгеруiнiң), әлеуметтiк саласының, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiк пен бюджеттiк бағдарламаны iске асырудың тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негiзделген мемлекеттiк басқарудың басқа да салалары (аялары) көрсеткiштерi келтiрiледi;
12) "Сапа көрсеткiштерi" деген жолында мемлекеттiк қызметтiң бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде оларды алушылардың күтiлуiне және мемлекеттiк қызмет стандартына көрсетiлетiн сәйкестiк деңгейiн көрсететiн көрсеткiштер көрсетiледi;
13) "Тиiмдiлiк көрсеткiштерi" деген жолында бюджет қаражатының бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып, ең үздiк тiкелей нәтижеге қол жеткiзу деңгейiн немесе бюджет қаражатының аз көлемiн пайдалана отырып, тiкелей нәтижеге қол жеткiзудi көрсететiн көрсеткiштер келтiрiледi.
Нәтижелiлiк және тиiмдiлiк көрсеткiштерi қол жетiмдi және тексерiлген болуы тиiс.
Тiкелей және түпкiлiктi нәтижелердiң көрсеткiштерi, сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi бойынша есептi және ағымдағы жылдардың мәнi, сондай-ақ өлшем бiрлiгi (2-баған) көрсетiлген жоспарлы кезеңнiң (3-7-бағандар) жылдары бойынша мәнi көрсетiледi.
14) "Бюджеттiк қаражат көлемi" деген жолында есептi және ағымдағы жылдардағы, сондай-ақ жоспарлы кезеңдi жылдар бойынша бөлудегi жоспарлы кезеңдегi мың теңгедегi осы бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджет қаражатының көлемi көрсетiледi (3-7-бағандар).
62. Бюджеттiк өтiнiммен бiр мезгiлде стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде бюджеттiк бағдарламалар жобаларын ұсынады.
63. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобалары республикалық бюджетте бекiтiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап апталық мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiнде пысықталады және бекiтiледi.
Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астананың бюджеттiк бағдарламалары әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобалары тиiстi жергiлiктi бюджет бекiткеннен кейiн ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейiн жергiлiктi атқарушы органдармен пысықталады және бекiтiледi.
Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобалары аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi бекiтiлгеннен кейiн, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдармен келесi қаржы жылының 10 қаңтарына дейiн пысықталады және бекiтiледi.
64. Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларына мынадай:
1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не өзгерiстер енгiзiлген;
2) жаңа бағдарламалық құжаттар қабылданған не өзгерiстер енгiзiлген;
3) мемлекеттiк органның функциялары, құрылымдары өзгерген;
4) көрсеткiштерге қол жеткiзуге ықпал ететiн республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң параметрлерi өзгерген жағдайларда өзгерiстер мен толықтыруларға енгiзуге жол берiледi.
Стратегиялық жоспарлар әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу мен бекiту кезiндегi осы Ережемен белгiленген талаптар сақталады.
Бюджеттi нақтылауға байланысты бюджеттiк бағдарламаларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген жағдайда бюджеттi әзiрлеу мен бекiту кезiнде Бюджет кодексiмен белгiленген талаптар сақталады.
"Қаржыландыру көлемiнiң өзгеруiне байланысты бюджеттiк бағдарламаларға өзгерiстер мен толықтырулар жобалары тиiстi бюджеттiк комиссиямен қарастырылады.
Қазақстан Республикасының
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
жасау ережесiне 1-қосымша
Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы

____________________________________________________________
Санаты
| Сыныбы
| |Iшкi сыныбы
| | |Ерекшелiгi
| | | |Қолданылуының аяқталатын күнi
| | | | Атауы
_____________________________________________________
0
00
0
00
______________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
жасау ережесiне 2-қосымша
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
____________________________________________________________
Функционалдық топ
| Iшкi функция
| | Бағдарламалардың әкiмшiсi
| | |Бағдарлама
| | | |Кiшi бағдарлама
| | | | |Қолданылуының аяқталатын күнi
| | | | | |Атауы
_____________________________________________________________
00
0
000
000
000
______________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
жасау ережесiне 3-қосымша
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

_______________________________________________________________
Санаты
| Сыныбы
| | Iшкi сыныбы
| | | Ерекшелiгi
| | | | Қолданылуының аяқталатын күнi
| | | | |Атауы
_______________________________________________________________
0
0
000
000
________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
жасау ережесiне 4-қосымша
Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымы

________________________________________________________________
Кiшi сыныбы | Ерекшелiгi | Атауы | Анықтамасы | Шығындар тiзбесi
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
жасау ережесiнiң 5-қосымшасы
Ескерту. Ереже 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.12.20 № 647 Бұйрығымен.
нысан
Стратегиялық жоспарды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң
БЮДЖЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ
_________________________________________________________________
бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды және атауы
______________________________________________
бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы
_____________________ жылы


Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi

Бюджеттiк бағдарламаны сипаттау (негiздеме)

Бюджеттiк бағдарламаның түрi

мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты

мазмұнына байланысты

iске асыру тәсiлiне қарай

ағымдағы/даму

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты

Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi

Бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар

жоспарлы кезеңде олардың iске асырылу мерзiмдерi

1

2

3

4

Бюджеттiк бағдарлама көрсеткiштерiнiң атауы

өлшем бiрлiгi

есептi кезеңi

ағымдағы жылдағы жоспары

жоспарлы кезеңi

1

2

3

4

5

6

7

Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi

Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi

Сапа көрсеткiштерi

Тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Бюджеттiк қаражат көлемi

мың.
теңге


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina