Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысымен бекiтiлген Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялаудың тәртiбi мен шарттарын (бұдан әрi - субсидиялау) айқындайды. 2. Әлеуметтiк мәнi бар қатынастар (бұдан әрi - қатынастар) бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру жөнiндегi конкурстың (бұдан әрi - конкурс) нәтижелерi бойынша анықталған тасымалдаушының залалдары субсидиялауға жатады. 3. Конкурсты өткiзудi ұйымдастырушылар: 1) облысаралық қатынастар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiрудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 2) ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға тиiстi облыстардың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар (бұдан әрi - атқарушы органдар). 2. Субсидиялар мөлшерiн анықтау тәртiбi 4. Облысаралық қатынастарды уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi, ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарды жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар анықтайды . 5. Тасымалдаушының облысаралық қатынастардағы тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегiнде субсидияланады. Тасымалдаушының ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастардағы тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жергiлiктi бюджеттерде көзделген сомалар шегiнде субсидияланады. Жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша ұйымдастыруға арналған субсидиялардың жалпы сомасы, әлеуметтiк мәнi бар қатынастар тiзбесiн және осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде магистральдық темiр жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi тарифтерiнiң деңгейiн есепке ала отырып, жыл сайын тиiстi бюджетте көзделедi. Табиғи монополия саласында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган жыл сайын, белгiленген тәртiппен жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша жүзеге асыратын тасымалдаушылар үшiн тиiстi жылға субсидиялауға көзделген бюджеттiк қаражаттарды есепке ала отырып, магистральдық темiр жол желiсiнiң қызмет көрсетулерiнiң тарифтерiне (бағаларына, ставкаларына, алымдарына) уақытша төмендету коэффициентiн бекiтедi. Поездардың тiзбесi, олардың әлеуметтiк мәнi бар қатынастарда жүру кезеңдiлiгi, осы поездардың субсидияланатын бөлiгiнiң құрамдылығы уәкiлеттi орган және атқарушы органдар жыл сайын өткiзетiн Қазақстан Республикасындағы жолаушылар тасымалдауды талдаудың негiзiнде белгiленедi. Әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар поездарының құрамында вагон-мейрамханалардың және багаждық вагондардың қатынастарын заңнамаға сәйкес қамтамасыз ететiн тасымалдаушыларға табиғи монополиялар саласындағы бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган жыл сайын белгiленген тәртiппен осы вагондардың жүрiсi үшiн магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiне арналған тарифтерге (бағаларға, ставкаларға, алымдарға) уақытша төмендету коэффициентiн белгiлейдi. Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2005.12.22. N 1272, 2009.09.11. N 1350 Қаулыларымен. 6. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджеттiң шығыс бөлiгiне енгiзу үшiн субсидиялар мөлшерiн есептеу әр жолаушы поезы бойынша мынадай өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде жүргiзiледi: 1) жолаушы айналымы: тасымалданатын жолаушылар саны; жол жүрудiң орташа қашықтығы; 2) вагон айналымы (вагондардың жүрген жолы): бағыттардың қашықтығы; поездың субсидияланатын бөлiгiнiң құрамдылығы және қатынау жиiлiгi; 3) вагондардың сыйымдылығы; 4) бiр жолаушы-километрдiң өзiндiк құны; 5) бiр жолаушы-километрдiң кiрiс ставкасы; 6) бағыт шығыстары; тасымалдаушының пайдалану шығыстары; магистральдық темiр жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi үшiн төлем; локомотивтiк тарту қызметiн көрсетулерi үшiн төлем; 7) бағыт кiрiстерi. 7. Тиiстi бюджеттiк бағдарламада көзделген соманың шегiнде қатынастар бойынша темiр жол көлiгiмен мынадай вагон санаттарында жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары, сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiкпен мемлекеттiк емес қарыз есебiнен сатып алынған вагондарда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының нақты залалдары субсидиялауға жатады. Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезiнде тасымалдаушылардың осы Ережеге 4-қосымшада көрсетiлген шығыстары ескерiлмейдi. Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.03. N 147, 2009.09.11. N 1350 Қаулыларымен. 8. Конкурсқа қойылатын қатынастар бойынша билеттер бағалары көтерiлуiнiң шектi деңгейiн уәкiлеттi орган (атқарушы орган) белгiлейдi. Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.11. N 1350 Қаулысымен. 9. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар белгiленген қатынастар негiзiнде уәкiлеттi және атқарушы органдар лоттарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс өткiзедi. 10. Субсидиялардың ең аз көлемiн ұсынатын және уәкiлеттi орган белгiлеген мiндеттi қызметтердiң тiзбесiмен қоса тасымалдауды үздiксiз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мiндеттенетiн тасымалдаушы жеңген болып танылады. 11. Конкурстық комиссия конкурсты өтпеген деп таныған жағдайда конкурстық комиссия: 1) конкурсты қайтадан өткiзу туралы шешiм қабылдайды; 2) конкурсқа қатысуға тек қана бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлген жағдайда, онымен Әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы шарттар жасасады. Жасалған Шарттың бағасы бөлiнген субсидиялардың сомасынан аспауға тиiс. Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1302, 2009.09.11. N 1350 Қаулыларымен. 12. Егер конкурстың нәтижелерi бойынша тасымалдаушы анықталмаса, онда уәкiлеттi орган (атқарушы орган) осы Ережеге сәйкес есептелген субсидиялар сомасына Жолаушылар, жүк, жүк-багаждың және почта жөнелтiлiмдерiнiң ұлттық тасымалдаушысымен қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға шарт жасасады. Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1302 Қаулысымен. 13. Конкурс жеңiмпазы мен уәкiлеттi орган (атқарушы орган) арасында уәкiлеттi орган (атқарушы орган) бекiткен нысан бойынша жасалған, онда негiзгi шарттар, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, өткiзiлген конкурстардың нәтижелерi бойынша белгiленген мөлшерде субсидияларды төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi белгiленген тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдарын субсидиялау туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады. 13-1. Ағымдағы қаржы жылына арналған тиiстi бюджетте көзделген қаражат шегiнде тасымалдаудың маусымдылығына және поездардың қозғалыс кестесiнiң өзгеруiне, сондай-ақ жолаушылар ағынына байланысты тараптардың өзара келiсiмi бойынша шартқа қосымша келiсiм жасау арқылы поездардың құрамдылығына және қатынау кезеңдiлiгiне сәйкес субсидиялар сомасын қайта қарауға жол берiледi. Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.11 N 1350, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.26 № 477 Қаулыларымен. 14. Шарт үш жылға дейiн мерзiмiн ұзарту құқығымен 1 жылдық мерзiмге жасалады және келесi күнтiзбелiк жылдың 1-шi қаңтарынан бастап күшiне енедi. Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.11. N 1350 Қаулысымен. 14-1. Шарттың қолданылу мерзiмi тиiстi бюджетте көзделген субсидиялар көлемiнен аспайтын көлемде тендер шарттары орындалған және мiндеттi сақталған жағдайда келесi қаржы жылына ұзартылады. Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.11. N 1350 Қаулысымен. 3. Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдары бойынша субсидияларды төлеу тәртiбi мен шарттары 15. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу тиiстi қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарға және төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргiзiледi. Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.11. N 1350 Қаулысымен. 16. Бiр облыс iшiндегi қалааралық және ауданаралық қатынастар бойынша жергiлiктi бюджеттен субсидияларды төлеу әкiмдiктiң қаулысымен бекiтiлген төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарына және бюджеттiк бағдарлама паспортына сәйкес жүргiзiледi. Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.11. N 1350 Қаулысымен. 17. Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеппен және осы Ережеге 1-1 және 2-қосымшаларға сәйкес ресiмделген, орындалған жұмыстар актiсiмен расталған тасымалдар бойынша ай сайын жүргiзiледi. Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2005.12.22. N 1272 қаулысымен. 18. Шартта конкурс жеңiмпазы ұсынған субсидияның айлық сомасының 30 пайызына дейiнгi мөлшерде алдын ала төлеу көзделуi мүмкiн. 19. Тасымалдаушы ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 25-шi күнiне дейiнгi мерзiмде ұйымның басшысымен, бас бухгалтерiмен және мөрiмен куәландырылған мынадай құжаттарды уәкiлеттi органға (атқарушы органға) ұсынады: 1) осы Ережеге 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есептi және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалын орындау туралы есептi; 2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актiсi; 3) қатынас бойынша орындалған тасымалдар көлемiн растайтын және осы поезда тасымалданған жолаушылар, үлгiлерi бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, вагондардың толымдығы, сондай-ақ жол жүру құжаттарын сатудан түскен кiрiс сомасы туралы мәлiметтердi қамтитын магистральдық темiр жол желiсi операторының құжаты; 4) тасымалдаушы мен магистральдық темiр жол желiсi, локомотивтiк тарту операторы арасындағы есептi айдың бiрiншi күнiне өзара есеп айырысуларды салыстыру актiсi; 5) осы Ережеге 1-2, 1-3-қосымшаларға сәйкес темiр жол жолаушылар тасымалын орындау кезiндегi шығыстар мен кiрiстер бойынша ай сайынғы есептер; 6) осы Ережеге 1-4-қосымшаға сәйкес тасымалдаушының темiр жол көлiгiмен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөнiндегi тiкелей шығыстарының тiзiлiмi. Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2005.12.22. N 1272, 2009.09.11. N 1350 Қаулыларымен. 20. Уәкiлеттi орган (атқарушы орган) орындалған жұмыстар актiсiн қабылдағаннан кейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық органына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес субсидияланатын бағыттардың тiзiлiмдерiн және төлеуге арналған шоттарды ұсынады. 21. Әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша темiр жол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар бағыттар бөлiнiсiнде кiрiстердiң, шығындардың және iске тартылған активтердiң жеке есебiн жүргiзедi. Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.11. N 1350 Қаулысымен. Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесiне 1-қосымша Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2005.12.22. N 1272 қаулысымен. Жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеп (ай сайын) __________________________________________________________________ 1 | 2 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 __________________________________________________________________ Ке. |По.|Қа.|Қа. |Қа. |Ва.|Құ. |Ва. |Жолау.|1 жо.|Жолау.|Бағыт зең |езд|ты.|шық.|ты. |гон|рам.|гон.|шы ай.|лаушы|шылар |бой. (ай)|N |нас|тық,|нау |тү.|дағы|дар.|налы. |-км |тасы. |ынша | | |км |ке. |рi |ва. |дың |мы, |өзiн.|мал. |кiрiс | | | |зең.| |гон.|жүр.|жолау.|дiк |данды |мың тг | | | |дi. | |дар.|ген |шы, км|құны | | | | | |лiгi| |дың |жолы| | | | | | | | | |саны|ваг/| | | | | | | | | | |км | | | | __________________________________________________________________ таблицаның жалғасы: ____________________________________ 13 | 14 | _______________________|___________| Тасымалдар бойынша |Шығыстар | шығыстар |жиыны мың | _______________________|тг | МТЖ қыз.|Локо.|Тасымал.| | меттер |мотив|даушының| | көрсе. |тар. |шығыс. | | туi, |тымы.|тары | | мың тг |ның |мың тг | | |қыз. | | | |метi | | | |мың | | | |тг | | | ____________________________________ Тасымалдаушы Бас бухгалтер М.о. Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесiне 1-1 қосымша Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2005.12.22. N 1272 қаулысымен. Жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп 200__жылдың_________ (жыл басынан бастап) 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | Кезең | Поезд N | Қаты- нас | Қа- шық- тық, км | Қаты- нау кезең- дiлiгi | Вагон түрi | Құрам- дағы вагон- дардың орташа саны | Вагон- дардың жүрген жолы, ваг/км | Жолау- шы айна- лымы, жо- лаушы, км | 1 жо- лаушы, км орташа өзiн- дiк құны, тг | кестенiң жалғасы 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | Жолау- шылар тасы- мал- данды | Жол бағыты бой- ынша кiрiс, мың тг | Тасымалдар бойынша шығыстар | Шығыс- тар жиыны, мың тг | Кiрiспен жабылмайтын шығыстар, мың тг | МТЖ қыз- мет- терi, мың тг | Локо- мотив тарты- мының қыз- мет- терi, мың тг | Тасы- мал- дау- шының шығыс- тары, мың тг | Бар- лы- ғы | жыл басы- нан бас- тап тө- лен- ген суб- сидия | суб- си- дия- лауға жата- ды | | | | | | | | | | Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесiне 1-2-қосымша Ескерту. 1-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.11. N 1350 Қаулысымен. Темiр жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезiндегi кiрiстер бойынша 20 __ жылғы ____________________ есеп Вагондар түрi | Саны | Барлық бағытқа кiрiстер | Барлығы | соның iшiнде | жолаушылар тасымалынан | төсек-орын сатудан | шай сатудан | Өзге де кiрiстер | сервистiк қызметтер | жүрiсi | вагондарды жалға алу | агенттiк комиссиялық сыйақы | тасымалдау бланкiлерiн пайдалану | жергiлiктi кiрiс | бастапқы құжаттарды өңдеу жөнiндегi қызметтер | Өзгелерi (жедел хаттар, баспа өнiмдерiн тарату) | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | Барлығының саны | | | | | | | | | | | | | | соның iшiнде: люкс | | | | | | | | | | | | | | күпе | | | | | | | | | | | | | | плацкарт | | | | | | | | | | | | | | жалпы | | | | | | | | | | | | | | жүк | | | | | | | | | | | | | | вагон-мейрамханалар | | | | | | | | | | | | | | почта | | | | | | | | | | | | | | Ұлттық Банктiң | | | | | | | | | | | | | | Әдiлетминiнiң | | | | | | | | | | | | | | Өзгелерi (жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша) | | | | | | | | | | | | | | кестенiң жалғасы Қазақстан аумағы бойынша кiрiстер | Барлығы | соның iшiнде | жолаушылар тасымалынан | төсек-орын сатудан | шай сатудан | Өзге де кiрiстер | сервистiк қызметтер | жүрiсi | вагондарды жалға алу | агенттiк комиссиялық сыйақы | тасымалдау бланкiлерiн пайдалану | жергiлiктi кiрiс | бастапқы құжаттарды өңдеу жөнiндегi қызметтер | Өзгелерi (жеделхаттар, баспа өнiмдерiн тарату) | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | Ескертпе: 1) Қазақстан аумағында әлеуметтiк мәнi бар вагодар бойынша шығыстар, барлығы ______________________ мың теңге 2) Әлеуметтiк мәнi бар вагондар бойынша кiрiстер (билеттер, төсек-орын, шай сатудан, басқа да тасымалдаушыларға қызмет көрсетуден) __________________ мың теңге 3) Қазақстан Республикасы әлеуметтiк мәнi бар вагондар бойынша кiрiстер, барлығы ____________ мың теңге 4) Шығыстар мен кiрiстер арасындағы айырма {әлеуметтiк мәнi бар вагондар бойынша) ____________ мың теңге Басшы __________________ Бас бухгалтер ______________ Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. қолы Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесiне 1-3-қосымша Ескерту. 1-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.11. N 1350 Қаулысымен. Темiр жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезiндегi шығыстар бойынша 20 __ жылғы ______________ есеп Вагондар түрi | Саны | Барлық бағыттағы шығыстар | Қазақстан аумағы бойынша шығыстар | Барлығы | соның iшiнде | Барлығы | соның iшiнде | локомотивтiк тартымы | МТЖ | тасымалдаушының шығыстары | соның iшiнде кезең шығыстары | локомотивтiк тартымы | МТЖ | тасымалдаушының шығыстары | соның iшiнде кезең шығыстары | Барлық саны | | | | | | | | | | | | соның iшiнде: люкс | | | | | | | | | | | | купе | | | | | | | | | | | | плацкарт | | | | | | | | | | | | жалпы | | | | | | | | | | | | жүк | | | | | | | | | | | | вагон-мейрамханалар | | | | | | | | | | | | почта | | | | | | | | | | | | Ұлттық Банктiң | | | | | | | | | | | | Әдiлетминiнiң | | | | | | | | | | | | Өзгелерi (жеке және заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша) | | | | | | | | | | | | Ескертпе: 1) Әлеуметтiк мәнi бар вагондар бойынша шығыстар, барлығы _____________________ мың теңге 2) Қазақстан аумағындағы әлеуметтiк мәнi бар вагондар бойынша шығыстар, барлығы ___________ мың теңге Басшы _________________ Бас бухгалтер ________________ Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. қолы Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесiне 1-4-қосымша Ескерту. 1-4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.11. N 1350 Қаулысымен. Тасымалдаушының темiр жол көлiгiмен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөнiндегi тiкелей шығыстарының тiзiлiмi _________________________ жылдың _____________ айына (тасымалдаушының атауы) (мың теңге) Кезең | Шығыстардың атауы | Шығыс құжаты | Шығыс құжаты бойынша сомасы | Вагондардың жалпы жүрiсi, ваг-км | Субсидияланатын вагондар бойынша жүрiс, ваг-км | Субсидияланатын вагондар бойынша шығыстар сомасы | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | Басшы __________________ Бас бухгалтер __________________ Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. қолы Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесiне 2-қосымша Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.11. N 1350 Қаулысымен. Орындалған жұмыстар актiсi 200_жылғы "_"______ Бiз, төменде қол қойғандар, ______________________________________________ (актiлердi қабылдауға жауапты басшының қолы, Т А.Ә.) бiр тараптан және_____________________________ (басшының, бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.) екiншi тараптан, 200_жылғы____________ айы iшiнде орындалған жұмыстардың осы актiнi жасадық. __________________________________________________________________ Поезд|Рейс.| Вагон айналымы |Бағытты субсидиялау N |тер |_______________________|сомасы (мың тг) |саны |вагон|вагон|вагон|вагон| | |түрi |түрi |түрi |түрi | __________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 __________________________________________________________________ 200_жылғы___________айына арналған субсидиялау сомасы ___________________________________________________құрайды (теңгедегi сомасы цифрмен және жазбаша) Тараптардың заңды мекен-жайлары: Уәкiлеттi орган: Тасымалдаушы: СТН СТН Банктiк деректемелер Банктiк деректемелер ____________________________ ______________________ (басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.) ____________________________ ______________________ (актiлердi қабылдауға жауапты (бас бухгалтердiң қолы, басшының қолы, Т.А.Ә.) Т.А.Ә.) М.о. М.о. Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесiне 3-қосымша Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.11. N 1350 Қаулысымен. Субсидияланатын бағыттардың тiзiлiмi 200_жылғы "_"______ __________________________________________________________________ P/c N|Бағыттың|Жөнелту |Жеткiзу |Бағытты субсидиялау | N |станциясы |станциясы|сомасы (мың тг) __________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 __________________________________________________________________ Субсидиялау сомасының жиыны:___________________________ (теңгедегi сомасы цифрмен және жазбаша) Осы тiзiлiмге мыналар қоса берiледi: 1._________________________ 2._________________________ 3._________________________ Тасымалдаушы: Уәкiлеттi орган: ______________________ ______________________ (басшының қолы, Т.А.Ә. (басшының қолы, Т.А.Ә.) ______________________ ______________________ (актiлердi қабылдауға жауапты (бac бухгалтердiң қолы, басшының қолы, Т.А.Ә.) Т.А.Ә.) М.о. М.о. Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесiне 4-қосымша Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.09.11. N 1350 Қаулысымен. Тасымалдаушылардың субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарын қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстардың тiзбесi Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезiнде тасымалдаушылардың мынадай: 1) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптар, тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлiнуi мен жетiспеуi және қоймалардағы тауарлар қорлары, басқа да өндiрiлмейтiн шығыстар (жұмысты ұйымдастыру сапасына және басқа да факторларға байланысты әр түрлi сипаттағы ысыраптарды жабатын өндiрiстiк қызметке арналған шығындар) мен ысыраптар; 2) ластағыш заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшiн төленетiн төлемдер; 3) үмiтсiз борыштар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзiмi аяқталған дебиторлық берешек); 4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшiн айыппұлдар, өсiмпұлдар, тұрақсыздық айыбы мен санкциялардың басқа түрлерi; 5) кiрiстi жасырғаны (азайтқаны) үшiн төленетiн айыппұлдар мен өсiмпұлдар; 6) ұрлықтардан келген зияндар; 7) ақаудан болған ысыраптар; 8) қызмет көрсететiн шаруашылықтар мен учаскелердi ұстау (үй-жайларды тегiн беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.); 9) денсаулық сақтау объектiлерiн, мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын, оқу орындарын, оның iшiнде кәсiптiк-техникалық училищелердi ұстау; 10) сауықтыру лагерьлерiн, мәдениет және спорт объектiлерiн, тұрғын үй қорын ұстау; 11) ұйым қызметкерлерi тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, саяжай үйлерiн сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелердi (пайызсыздарды қоса алғанда) өтеу; 12) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық iс-шараларды (демалыс кештерiн, концерттердi және басқаларды) өткiзу; 13) демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсету; 14) жолаушыларды темiр жол көлiгiмен әлеуметтiк бар қатынастар бойынша тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетуге тiкелей қатысы жоқ шығыстардың басқа да түрлерi бойынша шығыстары ескерiлмейдi.
|