ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргізу ережелері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 352 бұйрығымен бекітілген

Көрме-жәрмеңкелiк сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргiзу ережелерi

1. Көрме-жәрмеңкелiк сауда бойынша қосылған құн салығын төлеуге бақылау жүргiзу ережелерi (бұдан әрi - Ереже) кеден одағына мүше басқа мемлекеттiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген көрме-жәрмеңкелiк сауда бойынша тауарлар бойынша қосылған құн салығын (бұдан әрi - ҚҚС) төлеуге бақылау жүргiзудi көздейдi.
2. Ережелердiң әрекетi осы көрмелерде қойылатын тауарларды (заттарды) өткiзудi көздемейтiн көрмелердi ұйымдастыру мен өткiзуге қолданылмайды.
3. Көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастырушы (бұдан әрi ұйымдастырушы) болып уәкiлеттi орган немесе республикалық маңызы бар қала, астана, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi болып табылатын сауда қызметiнiң субъектiсi болып табылады.
Егер көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастырушылар бiрнеше адам болып табылған жағдайда, онда осы адамдар оның бiреуiн салық салу мақсатында көрме-жәрмеңкелiк сауданы жүзеге асыруға жауапты ұйымдастырушы етiп тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
4. Ұйымдастырушы көрме-жәрмеңкелiк сауданы өткiзу туралы оны өткiзудi бастағанға дейiн он жұмыс күнiнен бұрын кеден одағына мүше мемлекеттен қатысушылар тiзiмiмен, осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысанда орналасқан орны бойынша салық органына жазбаша түрде хабарлайды.
Бұл ретте көрме-жәрмеңкелiк сауданы өткiзу туралы хабарламада мынадай мәлiметтердiң болуы тиiс:
көрменi (жәрмеңкенi) ұйымдастырушының атауы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, егер бар болған жағдайда жеке идентификациялық нөмiрi (бизнес-идентификациялық нөмiрi) (бұдан әрi - СТН/БСН(ЖСН));
көрме-жәрмеңкелiк сауданы өткiзу орны туралы;
көрме-жәрмеңкелiк сауданың басталу және аяқталу күндерiн көрсетумен, өткiзу мерзiмi туралы;
аумағынан тауарларды көрме-жәрмеңкелiк сауда үшiн әкелу жүргiзiлген кеден одағына мүше мемлекет туралы;
кеден одағына мүше мемлекеттерден көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушылардың тiзiмi және әкелiнген тауарлардың атауымен тiзiм.
Бұл ретте кеден одағына мүше мемлекеттерден қатысушылардың тiзiмiнде мынадай мәлiметтердiң болуы тиiс:
1) кеден одағына мүше мемлекеттерден қатысушылардың атауы;
2) ССН/ЕСК - көрмеге (жәрмеңкеге) Ресей Федерациясынан қатысушы - салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi/есепке қою себебiнiң коды;
3) СЕН - көрмеге (жәрмеңкеге) Беларусь Республикасынан қатысушы - салық төлеушiнiң есептiк нөмiрi;
4) кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушының әкелетiн тауардың атауы, саны және құны;
5) кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушы - салық төлеушi (төлеушi) әкелетiн тауарлар бойынша бюджетке төлеуi тиiс бойынша қосылған құн салығының сомасы.
Көрме-жәрмеңкелiк сауданы өткiзу туралы хабарламаға мыналар қоса берiледi:
1) басшы мен бас бухгалтердiң (болған жағдайда) қолдарымен, сонымен қатар ұйымдастырушының мөрiмен куәландырылған (болған жағдайда) мынадай құжаттардың көшiрмелерi:
көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастырушының (ұйымдастырушылардың) оны мақсаты мен нысанасын көрсетумен, осындай көрме және/немесе жәрмеңкенi өткiзу туралы шешiмi;
көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастырушылардың ұйымдастырушыны тағайындау туралы шешiмi;
2) жалға алу (сатып алу-сату) келiсiм-шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесi немесе жылжымайтын мүлiкке құқығын тiркеу куәлiгi ия болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген, көрме-жәрмеңкелiк сауданы өткiзу мақсатында жылжымайтын мүлiкке пайдалану құқығын және (немесе) иелiк ету және (немесе) билiк етуiн растайтын өзге де құжаттар;
3) тиiстi аумақтың жергiлiктi атқарушы органымен көрме-жәрмеңкелiк сауда өткiзу уақыты мен орнын келiсуiн растайтын құжат.
Көрме-жәрмеңкелiк сауданы өткiзу туралы хабарламаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұйымдастырушы бұрын берiлген хабарламаны қайтарып алу жолымен бiр уақытта жаңа хабарламаны берумен жүргiзiледi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.02.25 № 103 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
5. Салық органдары көрме-жәрмеңкелiк саудада өткiзуге арналған тауарларды тексеру жүргiзуге, көрме-жәрмеңкелiк саудада өткiзу орнын қарайды.
6. Кеден одағына мүше мемлекеттiң аумағынан бұрын-алдын Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығын төленген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi көрме-жәрмеңкелiк саудада сатып алған жағдайда, кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушы - салық төлеушiмен (төлеушiмен) сатып алу-сатуға шарт (келiсiм-шарт) болған кезде, қосылған құн салығын тауарлардың меншiк иесi төлейдi.
Бұл ретте осы тармақта көрсетiлген тауардың кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушы - салық төлеушiмен (төлеушiмен) сатып алу-сатуға шартының (келiсiм-шартының) бiр данасы Ұйымдастырушыға берiледi.
7. Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi тауарлардың сатып алу-сатуға шартының (келiсiм-шартының) болмаған кезiнде мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеудi көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастырушы жүзеге асырады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.02.25 № 103 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
8. Көрме-жәрмеңкелiк сауда аяқталған соң ұйымдастырушы осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысанда орналасқан орны бойынша салық органына көрме-жәрмеңкелiк сауданы аяқтау айынан кейiнгi айдың 20 күнiнен кешiктiрмей көрме-жәрмеңкелiк сауданы өткiзгенi туралы есептi (бұдан әрi - есеп) табыс етедi.
9. Салық органына ұйымдастырушы табыс ететiн есепте мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
1) көрменi (жәрмеңкенi) ұйымдастырушының атауы, оның СТН-i (БСН/ЖСН);
2) көрме-жәрмеңкелiк сауданы өткiзу орны туралы;
3) көрме-жәрмеңкелiк сауданың басталу және аяқталу күндерiн көрсетумен, өткiзу мерзiмi туралы;
3-1) аумағынан тауарларды көрме-жәрмеңкелiк сауда үшiн әкелу жүргiзiлген кеден одағына мүше мемлекет туралы;
3-2) сатылған тауарлардың жалпы құны мен төлеуге тиiс ҚҚС сомасы;
4) келесi мәлiметтермен көрме-жәрмеңкелiк сауданың нәтижесi:
- кеден одағына мүше мемлекеттерден көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушылардың атауы;
- ССН/ЕСК - көрмеге (жәрмеңкеге) Ресей Федерациясынан қатысушы - салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi/есепке қою себебiнiң коды;
- СЕН - көрмеге (жәрмеңкеге) Беларусь Республикасынан қатысушы - салық төлеушiнiң есептiк нөмiрi;
- кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушының әкелетiн тауардың атауы, саны және құны;
- тауардың атауы, саны және құны, қосылған құн салығының сомасы және кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушы - салық төлеушiмен (төлеушiмен) сатып алу-сатуға шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес өткiзiлген тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының салық төлеушiсiнiң деректемелерi;
- көрме (жәрмеңке) аяқталғаннан кейiн кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушы - салық төлеушiсi (төлеушi) әкеткен тауардың атауы, саны және құны;
- тауардың атауы, саны және құны, кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушы - салық төлеушiмен (төлеушiмен) сатып алу-сатуға шарт (келiсiм-шарт) болмаған жағдайда, көрме-жәрмеңкелiк саудада өткiзiлген тауарлар бойынша ұйымдастырушы төлеуi тиiс қосылған құн салығының сомасы;
- көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушы - салық төлеушiсi (төлеушi) әкелетiн тауарлар бойынша бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.02.25 № 103 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
10. Есепке мыналар қоса берiледi:
1) көрме-жәрмеңкелiк сауданың тауарлары соның негiзiнде өткiзiлген кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушы - салық төлеушiмен (төлеушiмен) сатып алу-сатуға шарт (келiсiм-шарт);
2) қосылған құн салығын төлегенi туралы төлем құжаты;
3) көрме (жәрмеңке) аяқталғаннан кейiн кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушы - салық төлеушiсi (төлеушi) тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенiн растайтын құжат;
4) көрме (жәрмеңке) аяқталғаннан кейiн кеден одағына мүше мемлекеттен көрме-жәрмеңкелiк саудаға қатысушы - салық төлеушiсi (төлеушi) тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткенiн растайтын құжат.
11. Көрме-жәрмеңкелiк сауда өткiзу туралы хабарлама бойынша салық төлеушi тапсырған есептiң негiзiнде, салық органы көрме-жәрмеңкелiк сауданы аяқтау айынан кейiнгi айдың 20 күнiне төлеу мерзiмi бойынша бюджеттiк сыныптаманың коды бойынша салық төлеушiнiң тиiстi дербес шотына қосылған құн салығын есептеудi жүргiзедi.
Салық төлеушi көрме-жәрмеңкелiк сауда өткiзу туралы хабарлама бойынша есептi тапсырмаған кезде, көрме-жәрмеңкелiк сауда өткiзу туралы хабарламаның негiзiнде салық органы көрме-жәрмеңкелiк сауда өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген көрме-жәрмеңкелiк сауданы аяқтау айынан кейiнгi айдың 20 күнiне төлеу мерзiмi бойынша бюджеттiк сыныптаманың коды бойынша салық төлеушiнiң тиiстi дербес шотына қосылған құн салығын есептеудi жүргiзедi.

Нысан 01

Көрме-жәрмеңкелiк сауда
қосылған құн салығын
төлеуге бақылау жүргiзу
Ережесiне 1-қосымша

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.02.25 № 103 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛIК САУДА ӨТКIЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАМА

Қолданушылардың назарына!
Салық есептiлiгiн жасау ережесiнiң графикалық нысандары базаға енгiзiлмейдi, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады

Нысан 01

Көрме-жәрмеңкелiк сауда
өткiзу туралы хабарламаға
қосымша

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛIК САУДАҒА КЕДЕН ОДАҒЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТIЗIМI

Қолданушылардың назарына!
Салық есептiлiгiн жасау ережесiнiң графикалық нысандары базаға енгiзiлмейдi, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады

Нысан 01

Көрме-жәрмеңкелiк сауда
қосылған құн салығын
төлеуге бақылау жүргiзу
Ережесiне 2-қосымша

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.02.25 № 103 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛIК САУДА ӨТКIЗУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАМА БОЙЫНША ЕСЕП

Қолданушылардың назарына!
Салық есептiлiгiн жасау ережесiнiң графикалық нысандары базаға енгiзiлмейдi, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады

Нысан 01

Көрме-жәрмеңкелiк сауда
өткiзу туралы хабарлама
бойынша есепке қосымша

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛIК САУДАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРI

Қолданушылардың назарына!
Салық есептiлiгiн жасау ережесiнiң графикалық нысандары базаға енгiзiлмейдi, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады

Нысан 01

Көрме-жәрмеңкелiк сауда
өткiзу туралы хабарлама
бойынша есепке қосымша

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛIК САУДАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРI

Қолданушылардың назарына!
Салық есептiлiгiн жасау ережесiнiң графикалық нысандары базаға енгiзiлмейдi, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады

Нысан 01

Көрме-жәрмеңкелiк сауда
өткiзу туралы хабарлама
бойынша есепке қосымша

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕЛIК САУДАНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРI

Қолданушылардың назарына!
Салық есептiлiгiн жасау ережесiнiң графикалық нысандары базаға енгiзiлмейдi, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады

штан алуға болады

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina