ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 348 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 348 бұйрығына қосымша

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 276-20-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуi фактiсiн растау не растаудан дәлелдi бас тарту ережесiн осы бұйрыққа қоса берiлiп отырған қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның кейiннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық оның бiрiншi ресми жариялану күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылғы 1 шiлдеден бастап туындаған қатынастарға таралады.

Министр Б. Жәмiшев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2010 жылғы 16 шiлдедегi
№ 348 бұйрығына қосымша

Салық органдарының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуi фактiсiн растау не растаудан дәлелдi бас тарту ережесiн бекiту туралы

1. Осы Ереже Салық органдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтiнiште (бұдан әрi - Өтiнiш) тиiстi белгi қою жолымен импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуi фактiсiн растауының не осындай растаудан дәлелдi бас тартуының тәртiбiн айқындайды.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.02.25 № 99 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
2. Өтiнiштердiң даналарына жанама салықтардың толық төленгенiн (Салық кодексiне сәйкес қосылған құн салығын (бұдан әрi - ҚҚС) және (немесе) акциздердi салудан босатылуын немесе «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – Енгiзу туралы заң) сәйкес ҚҚС есепке жатқызу әдiсiмен төленуiн, сондай-ақ импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзiмiнiң өзгеруiн) растайтын белгiлердi (бұдан әрi - белгi) салық органы салық органына қағаз тасығышта Өтiнiш және Салық кодексiнiң 276-20-бабында көзделген құжаттар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қояды.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.02.25 № 99 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
Салық төлеушi «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 276-20-бабына сәйкес Өтiнiштi (Өтiнiштердi) керi қайтарған жағдайда жаңадан табыс етiлген Өтiнiштiң (Өтiнiштердiң) даналарына белгi салық органы жаңадан табыс етiлген қағаз тасығышта Өтiнiштi (Өтiнiштердi) және Салық кодексiнiң 276-20-бабында көзделген құжаттарды (олар болған жағдайда) тiркеген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қойылады.
3. Белгi Өтiнiш даналарының екiншi бөлiмiнде «_____ ҚҚС теңге сомасында төлендi» немесе «____ акциздер теңге сомасында төлендi» жолдарында Өтiнiштiң 19 және (немесе) 20 бағандарының қорытынды мәнiне тең қосылған құн салығы және (немесе) акциз сомаларын қою арқылы, не ҚҚС және (немесе) акциз салудан босатуды бiлдiретiн «босату» деген сөздi не Енгiзу туралы заңның 49-1-бабына сәйкес есепке жатқызу әдiсiмен ҚҚС төлеудi бiлдiретiн «есепке жатқызу әдiсi» деген сөздердi не Енгiзу туралы заңның 49-бабына сәйкес импортталған тауарларға ҚҚС төлеу мерзiмiнiң өзгергенiн бiлдiретiн «кейiнге қалдыру» деген сөздердi көрсету арқылы жүргiзiледi.
Өтiнiш даналарының екiншi бөлiмiнде белгi:
белгiнi қойған лауазымды тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), белгi қойылған күн көрсетiле отырып, белгiнi қойған лауазымды тұлғаның қолымен;
салық органы басшысының (басшы орынбасарының) тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), қол қойған күнi көрсетiле отырып, оның қолымен;
салық органының атауы көрсетiле отырып, салық органының мөрiмен куәландырылады.
4. Өтiнiштiң бiр данасы салық органында қалады, белгiсi бар үш данасы салық төлеушiге не оның өкiлiне Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтiнiштi салық органдарымен тiркеу журналында қол қою арқылы берiледi.
Бұл ретте салық төлеушi не оның өкiлi Өтiнiштiң тиiстi үш данасын Журналға қол қойып алады.
5. Белгi қоюдан бас тартқан жағдайда салық органы белгi қою үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық төлеушiге анықталған сәйкессiздiктер, оларды жою, сондай-ақ табыс етiлген Өтiнiштi (Өтiнiштердi) керi қайтару қажеттiгi туралы және жаңа Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтiнiш (өтiнiштердi) табыс ету туралы ұсыныс көрсетiлген жазбаша түрде растаудан дәлелдi бас тартуды жiбередi. Дәлелдi бас тартумен бiр мезгiлде салық заңнамасында көзделген камералды бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiберiледi.
Растаудан дәлелдi бас тарту салық органына қағаз тасығышта төрт данада Өтiнiштiң және Салық кодексiнiң 276-20-бабында көзделген құжаттардың келiп түскен күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
Дәлелдi бас тарту нысаны екi экземплярда басып шығарылады. Бұл ретте дәлелдi бас тартудың бiр экземпляры салық органында қалдырылады, екiншi нысаны Өтiнiштiң үш экземплярымен салық төлеушiге немесе оның өкiлiне тапсырылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.02.25 № 99 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
6. Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС төлеу фактiсiн растаудан дәлелдi бас тарту:
1) Өтiнiштерде көрсетiлген мәлiметтердiң табыс етiлген Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар төлеу жөнiндегi декларациядағы мәлiметтерге сәйкессiздiгi, соның iшiнде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияда төлеуге есептелген жанама салықтардың сомасы Өтiнiште (Өтiнiштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкессiздiгi анықталған;
2) Өтiнiштерде көрсетiлген мәлiметтердiң салық төлеушi табыс еткен Салық кодексiнiң 276-20-бабы 3-тармағында көзделген құжаттардағы мәлiметтерге сәйкессiздiгi анықталған;
3) қағаз тасығышта табыс етiлген Өтiнiште көрсетiлген деректердiң салық органына электронды түрде табыс етiлген Өтiнiш деректерiне сәйкессiздiгi;
4) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар декларациясымен бiр мезгiлде табыс етiлген Өтiнiш(терде)те көрсетiлген жанама салықтардың есептелген сомалары мерзiмiнде төленбеген, сондай-ақ толық мөлшерде төленбеген;
5) салық салынатын импорт мөлшерi және (немесе) оған байланысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiпте кеден одағы шеңберiнде салық салынатын импорт мөлшерiне түзету жүзеге асырылатын импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары төмендетiлген;
6) қағаз тасығышта табыс етiлген өтiнiштер санының импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөнiндегi декларацияға қосымша болып табылатын тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтiнiштер тiзiлiмiнде көрсетiлген өтiнiштердiң санына сәйкессiздiгi;
7) Өтiнiштi толтырудың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген талаптарға сәйкессiздiгi.
Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөнiндегi декларациямен бiр мезгiлде табыс етiлген Өтiнiштердiң бiрiнде растаудан дәлелдi бас тартылған жағдайда, растаудан дәлелдi бас тарту осындай импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөнiндегi декларациямен бiр мезгiлде табыс етiлген басқа Өтiнiштердiң барлықтары бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.02.25 № 99 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina