ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау, iрiктеу, iске...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

Страницы 1 2 3 4

  Бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау, iрiктеу, iске асыруды мониторингiлеу және бағалау ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 15 қыркүйектегi № 953 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 15 қыркүйектегi
№ 953 қаулысымен
бекiтiлген

Бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау, iрiктеу, iске асыруды
мониторингiлеу және бағалау ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау, iрiктеу, iске асыруды мониторингiлеу және бағалау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 153-бабының 8-тармағына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10-тармағына сәйкес әзiрлендi және мыналарды:
бюджеттiк инвестициялық, оның iшiнде техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеудi талап етпейтiн жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу, қарау және iрiктеу тәртiбiн;
бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау, iрiктеу тәртiбiн;
техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеудi талап етпейтiн бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау, iрiктеу тәртiбiн;
сметалық құнын ұлғайту болжанатын бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау, iрiктеу тәртiбiн;
бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруды мониторингiлеу және бағалауды жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi - бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге, iске асыруға және нәтижелерiне қол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк орган;
2) инвестициялық ұсыныс — тиiстi iс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, оның мақсатын, оған қол жеткiзу жолдарын көрсететiн, бюджеттiк инвестициялық жобаны одан әрi дайындау мақсатында бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi әзiрлейтiн бюджеттiк инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;
3) бюджеттiк инвестициялық жоба - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде бюджет қаражаты есебiнен iске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектiлердi тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелердi құруға, енгiзуге және дамытуға бағытталған iс-шаралар жиынтығы;
4) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы - бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша негiзгi ақпаратты қамтитын, оны iске асыру орындылығын ашып көрсететiн құжат;
5) салалық сараптама - инвестициялық ұсынысты және/немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн саланы дамыту басымдықтарына сәйкестiгi, сондай-ақ бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асырудың оңтайлы нұсқасын таңдау мәнiне бағалау;
6) бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi - негiзгi техникалық, технологиялық және өзге шешiмдер, сондай-ақ негiзгi техникалық-экономикалық параметрлердi айқындай отырып, пайда мен шығындарды экономикалық талдау негiзiнде жүргiзiлетiн бюджеттiк инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығын және тиiмдiлiгiн зерттеу нәтижелерi туралы мәлiметтердi қамтитын құжаттама;
7) техникалық-экономикалық негiздеменi түзету - техникалық шешiмдердiң өзгеруiне және қосымша шығыстарға алып келетiн жобалық құжаттаманы (жобалау-сметалық) бекiткенге дейiн немесе бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемеде көзделмеген қосымша компоненттердi енгiзу қажет болған жағдайда жобалау-сметалық құжаттама бекiтiлгеннен кейiнгi бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемедегi жобаның белгiленген техникалық-экономикалық параметрлерiнiң өзгеруi;
8) бюджеттiк инвестициялық жобаны әзiрлеуге және түзетуге арналған техникалық тапсырма - бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiне қойылатын талаптарды, оның ықтимал әзiрлеушiсiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын айқындайтын, сондай-ақ бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу немесе түзету жөнiндегi жұмыстардың мерзiмдерi мен көлемiн регламенттейтiн құжат;
9) техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеудi талап ететiн жобалар бойынша инвестициялық ұсынысқа арналған экономикалық қорытынды - бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асырудың экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгiленген экономика саласының (аясының) даму басымдықтарына сәйкестiгi мәнiне мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысы;
10) бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн экономикалық сараптау - техникалық-экономикалық негiздемеде ұсынылған ақпаратты салалық сараптама қорытындысы мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етiлетiн басқа да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiлетiн жобаның iске асырылуын және тиiмдiлiгiн айқындау мәнiне кешендi бағалау;
11) бюджеттiк инвестициялық жобаның экономикалық қорытындысы - бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсерi мен стратегиялық және бағдарламалық құжаттамаларға сәйкестiгi мәнiне бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптамасы негiзiнде дайындалған мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысы;
12) сметалық құн - құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзiрлеу кезiнде сметалық нормативтерге сәйкес айқындалатын объектiнi (кешендi) салу құны;
13) бюджеттiк инвестициялық жобалардың мониторингi - бюджет қаражатын бөлу сәтiнен бастап пайдалануға беру сәтiне дейiнгi жаңа объектiлердi құру (салу), қолданыстағыларын реконструкциялау барысы туралы ақпаратты жинау және талдау жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы;
14) бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалау - пайдалануға беру сәтiнен бастап жобаның мақсатына қол жеткiзу дәрежесiн және нақты алынған нәтижелердiң жоспарланғандарға сәйкестiгiн айқындау жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы;
15) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның Электрондық порталының бюджеттiк инвестициялық жобалар мониторингiсiнiң модулi - жоспарланған және iске асырылып жатқан бюджеттiк инвестициялық жобаларды есепке алу мен мониторингтi автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрi - БИЖ электрондық порталы);
16) бюджеттiк инвестициялық жобаның паспорты - бюджеттiк инвестициялық жоба туралы жалпы ақпарат;
17) диаграмма - жобаның жоспары мен уақыт бойынша жұмыс дәйектiлiгi мен кестесiнiң ұзақтылығын графикалық көрсетудi иллюстрациялау үшiн БИЖ электрондық порталында қолданылатын диаграмма;
18) бюджеттiк инвестициялық жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етiлуi - жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етiлу қажеттiлiгiнiң жоспарланған және қол жеткiзiлген деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер;
19) бюджеттiк инвестициялар бойынша қаржыландыру көздерi - бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, оның iшiнде сыртқы нарықтарда қарыз алу, концессиялық жобаларды бiрлесiп қаржыландыру және мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы.

2. Бюджеттiк инвестициялық, оның iшiнде техникалық-экономикалық
негiздеме әзiрлеудi талап етпейтiн жобалар бойынша
инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу, қарау және iрiктеу
тәртiбi

1. Бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық
ұсыныстарды әзiрлеу, қарау және iрiктеу тәртiбi

3. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу, қарау және iрiктеу үдерiсi мынадай негiзгi кезеңдердi қамтитын iс-шаралар кешенiн бiлдiредi:
1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң инвестициялық ұсыныстарды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға беруi;
2) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру және бекiту, техникалық-экономикалық негiздемелерiн (бұдан әрi - ТЭН) әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу.
4. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеудi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзiрлеу кезеңiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жүзеге асырады.
5. Инвестициялық ұсыныстар мынадай құжаттарды қамтуы тиiс:
1) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы;
2) бюджеттiк инвестициялық жобаның ТЭН-iн әзiрлеудiң немесе түзетудiң, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзудiң құнын негiздейтiн ақпарат;
3) бекiтiлген бюджеттiк инвестициялық жобаның ТЭН-i бойынша өзгеруi болжамданған техникалық шешiмдер көрсетiлген салыстырма кестесi, сондай-ақ бюджеттiк инвестициялық жобаның ТЭН-i (бюджеттiк инвестициялық жобаның бекiтiлген ТЭН-i түзетiлген жағдайда);
4) бюджеттiк инвестициялық жобаның ТЭН-iн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-аң оларға қажеттi сараптамалар жүргiзуге техникалық тапсырма;
5) инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасы.
6. Инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы бюджеттiк инвестициялық жоба (бұдан әрi - БИЖ) мақсаттарының Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында белгiленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестiгi туралы, оның iшiнде саладағы (аядағы) проблемаларды шешудiң ықтимал жолдары туралы ақпаратты, оның негiзгi көрсеткiштерiн қоса алғанда, БИЖ бойынша жалпы ақпаратты қамтиды.
7. Ақпараттық парақ осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
8. БИЖ ТЭН-iн әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргiзу құнын негiздеу үшiн мыналар ұсынылады:
1) құрамдауыштар және оларды әзiрлеу мерзiмдерi бөлiнiсiнде БИЖ ТЭН-iн әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргiзу құнының есептеме-негiздемесi;
2) құнын және тиiстi сараптаманы жүргiзетiн ұйымды көрсете отырып, қажеттi сараптамалардың тiзбесi.
9. Түзету болжамданған БИЖ ТЭН-iн қарау үшiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының қолы қойылған БИЖ ТЭН-i бойынша өзгертуге болжамданған техникалық шешiмдер және/немесе қосымша шығыстар және олар бойынша тиiстi негiздемелер көрсетiлген салыстырма кестенi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiпте бұдан бұрын бекiтiлген БИЖ ТЭН-iн ұсынады.
10. БИЖ ТЭН-iн әзiрлеуге немесе түзетуге техникалық тапсырма мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар белгiлейтiн БИЖ ТЭН-iн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын талаптар негiзiнде жасалады.
Сондай-ақ техникалық тапсырма жобасында мыналар көрсетiледi:
мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес БИЖ ТЭН-iн ықтимал әзiрлеушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес қолдану саласы және әзiрлеушiнiң мiндеттерiн шектеу;
БИЖ ТЭН-iн әзiрлеудiң немесе түзетудiң, сондай-ақ оған қажеттi сараптамалар жүргiзудiң болжамды мерзiмдерi;
Инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысы мыналарды қамтуы тиiс:
1) оның одан әрi дамуына әсер ететiн саланың ағымдағы жай-күйiнiң проблемаларын бағалау;
2) БИЖ iске асыру болжанатын қазiргi саяси, әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларды бағалау;
3) өнiмге/қызметке қазiргi және болжамды (БИЖ-дiң тiршiлiк циклi кезеңiне) сұраныстың немесе осы өңiрдегi бәсекелестiктi ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiктiң көрсеткiштерiн бағалау;
4) инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылымның (темiржол магистральдары, автомобиль жолдары, құбыр жолдар, электр, жылу желiлерi, су құбырлары, газ құбырлары және басқа инфрақұрылым) болуын бағалау;
5) негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштер мен БИЖ орналасқан жерiн және әсер ету саласын сипаттайтын көрсеткiштердi бағалауды, оның iшiнде БИЖ iске асыру үшiн қажеттi ресурстардың (шикiзаттың) болуын және олардың құнын бағалау және бөлуге жоспарланған жер учаскелерiн БИЖ талаптарына сәйкестiгiн бағалау;
6) БИЖ таңдаудың негiздемесiмен бiрге проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезiнде оны шешудiң оңтайлы жолы ретiнде қаралған балама нұсқаларды бағалау;
7) БИЖ iске асырылған және iске асырылмаған жағдайдағы экономика саласындағы (аясындағы) ахуалдың ықтимал нұсқаларын бағалау;
8) БИЖ басқарудың институционалдық схемасын бағалау (негiзгi қатысушылар, олардың өзара iс-қимылының схемасы, пайда мен шығындарды бөлу, теңгерiм ұстаушылар, инвестициялық және инвестициялаудан кейiнгi кезеңдерде БИЖ басқару схемасы);
9) БИЖ бойынша болжамды қатерлердi және оларды азайту жөнiндегi iс-шараларды бағалау;
10) БИЖ бойынша есептемелердiң негiздiлiгiн бағалау.
11. Егер БИЖ-дi республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен iске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын салалық орталық мемлекеттiк орган жүргiзедi.
12. Егер БИЖ жергiлiктi бюджет немесе жоғары тұрған бюджеттен берiлетiн нысаналы даму трансферттерi мен кредиттер есебiнен iске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын салалық жергiлiктi атқарушы орган жүргiзедi.
13. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы БИЖ бойынша ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның инвестициялық ұсынысының салалық сараптамасының қорытындысы талап етiледi.
14. Инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасына тиiстi саланың мемлекеттiк органының бiрiншi басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
15. БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу жоспарланатын жылдың 25 сәуiрiнен кешiктiрмей бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттар қоса берiлген инвестициялық ұсыныстарды қалыптастырады және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
16. Болуы инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар болмаған жағдайда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган құжаттар пакетi түскен сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде оларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне қайтарады.
17. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң инвестициялық ұсыныстарын инвестициялық ұсыныстарды қараудың және iрiктеудiң тиiстi әдiстемелерi бойынша, оның iшiнде шығындар мен пайданы талдау негiзiнде (бұл әдiстеменi қолдану мүмкiн болғанда) жиырма жұмыс күнi iшiнде қарайды және олар бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне экономикалық қорытындыны жiбередi.
18. БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныстар бойынша экономикалық қорытындыны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады және мынадай негiзгi мәлiметтердi қамтиды:
1) жоба бойынша жалпы ақпарат;
2) стратегиялық жоспарда айқындалған мiндеттердi орындаудан күтiлетiн нәтиже;
3) қаржыландыру көздерi мен көлемi;
4) жобаны басқарудың институционалдық схемасының пысықталуы (iске асыру барысында да, инвестициялаудан кейiнгi кезеңде де барлық жобаға қатысушылар туралы ақпарат, олардың өзара iс-қимылы);
5) тiкелей нәтиженiң өлшенетiн (сандық) көрсеткiштерiнiң болуы;
6) БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеудiң немесе түзетудiң, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргiзу құны есептемелерiнiң-негiздемесi;
7) қорытындылар.
19. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға 15 мамырдан кешiктiрмей бюджеттiк өтiнiмдер құрамында инвестициялық ұсыныстар мен олар бойынша оң экономикалық қорытындыны ұсынады.
20. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган инвестициялық ұсыныстар бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысы бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң инвестициялық ұсыныстарын олардың қаржы қаражатымен қамтамасыз етiлуi, бюджет заңнамасында көзделген растайтын құжаттарының болуы тұрғысынан қарайды және кейiннен тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзу үшiн олар бойынша қорытынды дайындайды.
Тиiстi бюджет комиссиясының қарауына шығарылатын инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытынды мынадай негiзгi мәлiметтердi қамтуы тиiс:
1) БИЖ-дiң (-дердiң) атауы;
2) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қаржыландыруына ұсынылатын БИЖ-дiң (-дердiң) ТЭН-iн әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу құны;
3) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қаржыландыруына ұсынылатын БИЖ-дiң (-дердiң) ТЭН-iн әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу құны;
4) БИЖ-дiң (-дердiң) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкестiгi;
5) БИЖ-дiң (-дердiң) ТЭН-iн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзуге техникалық тапсырманы бағалау;
6) нәтиже көрсеткiштерiн бағалау.
21. Инвестициялық ұсыныстарда қамтылған бюджет комиссиялары мақұлдаған БИЖ бойынша бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган БИЖ-дi әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ТЭН тiзбесiн қалыптастырады.
22. БИЖ тiзбесi, әрбiр жоба бойынша атауы мен қаржыландыру сомасы қамтылған, БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзудi дайындалуын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен және жергiлiктi атқарушы органның нормативтiк құқықтық актiсiмен бекiтiледi.

2. Техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеудi талап етпейтiн
бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық
ұсыныстарды әзiрлеу, ұсыну және iрiктеу тәртiбi

23. ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеудi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобасын әзiрлеу кезеңiнде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жүзеге асырады.
24. ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн әрбiр БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныс мынадай құжаттардан тұрады:
1) БИЖ-дiң ақпараттық парағы;
2) БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеудi талап етпейтiн жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрi - ЖСҚ) әзiрлеу (байланыстыру) және оған сараптама жүргiзу бойынша есептемелер мен негiздемелер;
3) жобалауға тапсырма;
4) инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасы.
25. Ақпараттық парақ жоба мақсаттарының Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында белгiленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестiгi туралы, оның iшiнде саладағы (аядағы) проблемаларды шешудiң ықтимал жолдары туралы ақпаратты, оның негiзгi қаржылық өлшемдерiн қоса алғанда, БИЖ бойынша жалпы ақпаратты қамтиды.
26. Ақпараттық парақ осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
27. БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеудi талап етпейтiн жобалар бойынша ЖСҚ әзiрлеу (байланыстыру) бойынша негiздеушi есептемелер тиiстi негiздеушi құжаттама қоса берiлген есептемелердi қамтуға тиiс.
28. ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысы мыналарды қамтуы тиiс:
1) оның одан әрi дамуына әсер ететiн саланың ағымдағы жай-күйiнiң проблемаларын бағалау;
2) БИЖ-дi iске асыру көзделетiн қазiргi саяси, әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларды бағалау;
3) өнiмге/қызметтерге қазiргi және болжамды (БИЖ-н-дiң тiршiлiк циклi кезеңiне) сұраныстың немесе осы өңiрдегi бәсекелестiктi ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiктiң көрсеткiштерiн бағалау;
4) инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылымның (темiржол магистральдары, автомобиль жолдары, құбыржолдар, электр, жылу желiлерi, су құбырлары, газ құбырлары және басқа инфрақұрылым) болуын бағалау;
5) негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердi және БИЖ-нiң орналасқан жерiн және әсер ету саласын сипаттайтын көрсеткiштердi бағалауды, оның iшiнде БИЖ-дi iске асыру үшiн қажеттi ресурстардың (шикiзаттың) болуын және олардың құнын бағалау және бөлуге жоспарланған жер учаскелерiнiң БИЖ-дiң талаптарына сәйкестiгiн бағалау;
6) БИЖ-дi iске асырудың экономиканың сабақтас салаларына (аясына) болжамды әсерiн бағалау;
7) БИЖ-дi таңдаудың негiздемесiмен бiрге проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезiнде оны шешудiң оңтайлы жолы ретiнде қаралған балама нұсқаларды бағалау;
8) БИЖ iске асырылған және iске асырылмаған жағдайдағы экономика саласындағы (аясындағы) ахуалдың ықтимал нұсқаларын бағалау;
9) БИЖ басқарудың институционалдық схемасын бағалау (негiзгi қатысушылар, олардың өзара iс-қимылының схемасы, пайда мен шығындарды бөлу теңгерiм ұстаушылар, инвестициялық және инвестициялаудан кейiнгi кезеңдерде БИЖ-нi басқару схемасы);
10) БИЖ бойынша болжамды қатерлердi және оларды азайту жөнiндегi iс-шараларды бағалау;
11) БИЖ бойынша есептемелердiң негiздiлiгiн бағалау.
29. Егер БИЖ-дi республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын салалық орталық мемлекеттiк орган жүргiзедi.
30. Егер БИЖ-дi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен немесе жоғары тұрған бюджеттен берiлетiн нысаналы даму трансферттерi мен кредиттер есебiнен iске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын салалық жергiлiктi атқарушы орган жүргiзедi.
31. Инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасына тиiстi саланың мемлекеттiк органының бiрiншi басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
32. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ЖСҚ әзiрлеу (байланыстыру) және сараптама жүргiзу жоспарланатын жылдың 25 сәуiрiне дейiн кешiктiрмей осы Ереженiң 24-тармағында көрсетiлген құжаттармен бiрге ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстардың тiзбесiн қалыптастырады және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
33. Болуы ТЭН-дi әзiрлеудi талап етпейтiн инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды жүргiзуге қажеттi құжаттар болмаған жағдайда, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган құжаттар пакетi түскен сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде оларды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне қайтарады.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныстарды қараудың және iрiктеудiң тиiстi әдiстемелерi бойынша, оның iшiнде шығындар мен пайданы талдау негiзiнде (бұл әдiстеменi қолдану мүмкiн болғанда) жиырма жұмыс күнi iшiнде қарайды және олар бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне экономикалық қорытындыны жiбередi.
ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар бойынша экономикалық қорытындыны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
34. Тиiстi бюджет комиссиясының қарауына шығарылатын инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытынды мынадай негiзгi мәлiметтердi қамтуы тиiс:
1) қажеттi құжаттаманың болуы;
2) бюджеттiк инвестициялардың басымдықтарына сәйкестiгi;
3) БИЖ-дi басқарудың институционалдық схемасының пысықталуы (iске асыру барысында да, инвестициялаудан кейiнгi кезеңде де барлық жобаға қатысушылар туралы ақпарат, олардың өзара iс-қимылы);
4) тiкелей нәтиженiң (белгiлi бiр көлемде өнiм шығару, қызметтер көрсету) және түпкiлiктi нәтиженiң (оларды алушылар үшiн өндiрiлген өнiмнiң, көрсетiлген қызметтердiң әсерi) өлшенетiн (сандық) көрсеткiштердiң болуы;
5) қатерлердi бағалау тұрғысынан БИЖ-дi iске асыру мүмкiндiгi.
35. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган инвестициялық ұсыныстарды олардың қаржы қаражатымен қамтамасыз етiлуi, бюджет заңнамасында көзделген растайтын құжаттарының болуы тұрғысынан қарайды және кейiннен тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзу үшiн олар бойынша қорытынды дайындайды.

3. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау және iрiктеу тәртiбi

1. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау тәртiбi

36. БИЖ-дi қарауды мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган және сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп айқындайтын БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын талаптарға сәйкес әзiрленген ТЭН және БИЖ-дiң ТЭН-ге экономикалық сараптама қорытындысы негiзiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
37. БИЖ-дiң ТЭН-i әзiрленгеннен және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етiлетiн сараптамалар жүргiзiлгеннен кейiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi олардың түпнұсқаларын БИЖ-дiң ТЭН-iнiң электронды нұсқасын, оның iшiнде БИЖ бойынша қаржылық-экономикалық үлгiлерiн ұсына отырып мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
38. БИЖ осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда берiлетiн экономикалық қорытындысы БИЖ-дiң экономикалық талдауын кешендi бағалаудың мiндеттi нысаны болып табылады және осы Ереженiң 36, 44 және 45-тармақтарында көрсетiлген құжаттардың толық пакетi келiп түскеннен кейiн қырық бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi, онда тиiстi заңды тұлғалар жүзеге асыратын БИЖ-дiң ТЭН экономикалық сараптамаға отыз жұмыс күнi берiледi.
39. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган құжаттар пакетi түскен сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды мына жағдайларда бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлерiне қайтарады:
1) олардың болуы БИЖ-ге экономикалық сараптама жүргiзу үшiн қажет сараптамалардың болмауы;
2) БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзуге ТЭН-де белгiленген талаптарға сәйкес қажет бөлiмдердiң болмауы.
40. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган БИЖ-дi БИЖ-дiң ТЭН-ге экономикалық сараптамасының қорытындысына есепке ала отырып қарайды және ол бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне жiбередi.
41. Республикалық БИЖ ТЭН-iнiң экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
42. Жергiлiктi БИЖ ТЭН-iнiң, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлетiн нысаналы даму трансферттерi мен кредиттер есебiнен қаржыландыру жоспарланған жергiлiктi БИЖ ТЭН экономикалық сараптамасын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
43. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган БИЖ-дiң ТЭН-i бойынша құжаттардың толық пакетi түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ТЭН түпнұсқалары мен тиiстi сараптамаларды қоса бере отырып, заңды тұлғаға БИЖ ТЭН-iнiң экономикалық сараптама жүргiзу қажеттiлiгi туралы хат жiбередi.
44. БИЖ ТЭН-iнiң экономикалық сараптамасы ұсынылған БИЖ ТЭН-iнiң және жобаның ерекшелiгiне байланысты талап етiлетiн сараптамалардың тиiстi оң қорытындылары негiзiнде жүргiзiледi, атап айтқанда:
1) жобалардың мемлекеттiк сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген заңды тұлғаның мемлекеттiк сараптамасы;
2) салалық органның сараптамасы;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның экологиялық сараптамасы;
4) мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама;
5) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның сараптамасы.
45. Құрылыс қызметiн көздейтiн БИЖ бойынша салалық сараптама, ТЭН-ге мемлекеттiк, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындылары, сондай-ақ ТЭН-дi әзiрлеу тапсырмасына қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерi, оның iшiнде техникалық шарттар, жаңа объектiлердi салуды көздейтiн жобалар бойынша жер учаскелерiн бөлiп беру туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi (қажет болған жағдайда жер учаскелерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар залалдарының, алып қойылатын алқаптардың түрiне байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсi шығындарының есебiн қоса бере отырып) және жұмыс iстеп тұрған объектiлердi қалпына келтiрудi көздейтiн жобалар бойынша жылжымайтын мүлiктiң тиiстi құқық белгiлейтiн құжаттарының көшiрмелерi талап етiледi.
Құрылыс қызметiн қамтитын БИЖ-дiң ЖСҚ ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн БИЖ-дi қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi сараптамадан өткен ТЭН бекiтiлгеннен кейiн әзiрленедi.
Ақпараттандыру саласындағы БИЖ бойынша салалық сараптама және ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның қорытындысы талап етiледi.
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның қорытындысы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) БИЖ ТЭН-iнiң БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеуге арналған техникалық тапсырмаға сәйкестiгiн бағалау;
2) саланың ағымдағы жай-күйiнiң проблемаларын бағалау. Бұл бөлiмде құрылып жатқан БИЖ-дiң iске асырылуы арқылы шешiлетiн сала проблемасы айқындалады;
3) БИЖ-дi iске асыру көзделетiн қазiргi саяси, әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларды бағалау. Бұл бөлiмде БИЖ-дiң сыртқы ортасы, оның iшiнде құрылып жатқан жобаны iске асыру көзделген қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық, табиғи-климаттық, құқықтық және басқа да шарттар, сондай-ақ көрсетiлген шарттардың құрылып жатқан жобаның iске асырылуына әсерi сипатталады;
4) технологиялық және техникалық шешiмдердi бағалау. Бұл бөлiм жоба шеңберiнде сатып алынатын жабдықтардың техникалық сипаттамаларының БИЖ ТЭН-iнiң мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкестiгiн бағалау, жабдықтың мемлекеттiк және әлемдiк стандарттарға сәйкес таңдалуын бағалау, қазiргi күнi пайдаланып отырған жабдықтың технологиялық сәйкестiгiн бағалау;
5) БИЖ бойынша шығыстарды оңтайландыру мақсатында электронды үкiметтiң базалық компоненттерiмен құрылып жатқан ақпараттық жүйелердiң кiрiгу мүмкiндiгiн бағалау;
6) құрылып жатқан ақпараттық жүйелер шеңберiнде электронды мемлекеттiк қызметтер көрсету мүмкiндiгiн белгiлеу. Бұл бөлiмде құрылатын ақпараттық жүйелер арқылы электронды мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсыну мүмкiндiгiнiң болуы немесе болмауы көрсетiледi;
7) қолданыстағы ақпараттық жүйелер шеңберiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi құрған БИЖ-дiң iске асырылу дәйектiлiгiн, орындылығын және нәтижелiлiгiн бағалау;
8) құрылып жатқан ақпараттық жүйенiң ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн бағалау;
9) БИЖ-дi таңдаудың негiздемесiмен бiрге проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезiнде оны шешудiң оңтайлы жолы ретiнде қаралған барлық шешiмдердiң баламалы нұсқаларының талдауын қамтитын қаралған баламалы нұсқаларды бағалау;
10) БИЖ iске асырылған және iске асырылмаған жағдайдағы мүмкiн болатын тәуекелдердi бағалау.
Инновациялық және/немесе ғарыштық қызметтi көздейтiн БИЖ бойынша салалық сараптама және мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы талап етiледi.
46. БИЖ-дiң салалық сараптамасы мен мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы мынаны көздейдi:
1) БИЖ ТЭН-iнiң БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеуге арналған техникалық тапсырмаға сәйкестiгiн бағалау;
2) саланың одан әрi дамуына әсер ететiн оның ағымдағы жай-күйiнiң, проблемаларын бағалау;
3) БИЖ iске асыру көзделетiн қазiргi саяси, әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларды бағалау;
4) өнiмге/қызметтерге қазiргi және болжамды (БИЖ тiршiлiк циклi) сұраныстың немесе осы өңiрдегi бәсекелестiктi ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiктiң көрсеткiштерiн бағалау;
5) БИЖ-дi iске асырудан болатын пайда мен шығындарды бөлудi бағалау;
6) БИЖ ТЭН-де қабылданған технологиялық, техникалық шешiмдердi оның iшiнде БИЖ-дi iске асыру кестесiн бағалау;
7) бағалық шешiмдердi бағалау, БИЖ ТЭН-iнде келтiрiлген оның iшiнде инвестициялық және пайдалану шығындарының барлық компоненттерi бойынша баға-сапа қатынасының тиiмдiлiгiн тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге жоспарланған бағаларды тиiстi нарықтық бағалармен салыстырылуын бағалау;
8) БИЖ таңдаудың негiздемесiмен бiрге проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезiнде оны шешудiң оңтайлы жолы ретiнде қаралған балама нұсқаларды бағалау;
9) БИЖ iске асырылған және iске асырылмаған жағдайдағы экономика саласындағы (аясындағы) ахуалдың ықтимал нұсқаларын бағалау.
47. Басқа мемлекеттердiң аумағында iске асыру жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметi көзделмейтiн БИЖ-дiң ТЭН-iнiң экономикалық сараптамасы БИЖ-дiң ТЭН-i және оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.
Сонымен қатар, БИЖ-дiң ТЭН-iнiң экономикалық сараптамасына БИЖ-дi iске асыру көзделген мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес талап етiлетiн сараптамалар және осы қызметтi реттейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер ұсынылады. Қажет болған жағдайда тиiстi сараптамалар мен талап етiлетiн нормативтiк құқықтық актiлердiң аудармасын қамтамасыз етудi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi жүзеге асырады.
48. Егер БИЖ-дi республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асыру ұсынылса, салалық сараптаманы тиiстi саланың орталық уәкiлеттi органы жүргiзедi.
Егер БИЖ-дi жергiлiктi бюджет қаражаты немесе жоғары тұрған бюджеттен берiлетiн нысаналы даму трансферттерi мен кредиттер есебiнен iске асыру ұсынылса, салалық сараптаманы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы орган жүргiзедi.
49. Салалық сараптамаға мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен ресми құжаттар үшiн белгiленген тәртiппен рәсiмделедi.
50. Қажет болған жағдайда БИЖ-дiң ТЭН-iнiң экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгiленген тиiстi заңды тұлға қосымша ақпарат бередi және/немесе БИЖ-дiң ТЭН-де және жүргiзiлген сараптамада қамтылмаған және/немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптаманы, сондай-ақ тәуелсiз сараптаманы талап ете алады.
Қажеттi ақпаратты ұсыну және/немесе қосымша сараптаманы және/немесе тәуелсiз сараптаманы жүргiзу бойынша сауалды тиiстi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне сауалдық көшiрмесi осы Ереженiң 36, 44 және 45-тармақтарында көрсетiлген құжаттардың толық пакетi түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
51. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi сауал түскен сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде қажеттi ақпаратты ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшiн қосымша бiрақ күнтiзбелiк отыз күннен көп емес мерзiмнiң қажеттiлiгi туралы хабарлайды.
Сауал жiберiлген күннен бастап және қажеттi ақпарат түскенге дейiн экономикалық сараптама жүргiзу мерзiмi тоқтатылады.
52. Жүргiзiлген сараптамада қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптаманы, сондай-ақ тәуелсiз сараптаманы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi қамтамасыз етедi.
Қосымша сараптамаларға мыналар жатады:
1) банктiк сараптама;
2) мемлекеттiк сараптама;
3) экологиялық сараптама;
4) мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама;
5) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама;
6) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың сараптамалары.
Қосымша сараптама немесе тәуелсiз сараптама жүргiзу қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттар пакетi кейiннен тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне жiберу үшiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға қайтарылады.
53. БИЖ-дiң ТЭН-iнiң экономикалық сараптамасының қорытындысын БИЖ-дiң ТЭН-iнiң экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгiленген тиiстi заңды тұлғалар тиiстi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
54. БИЖ-дiң ТЭН-iнiң экономикалық сараптамасының нәтижелерi оң қорытынды немесе терiс қорытынды немесе пысықтауға жiберу қорытындысы болып табылады.
БИЖ-дiң ТЭН-iнiң экономикалық сараптамасының оң қорытындысы құрылымы мен мазмұны БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын талаптарға сәйкес келетiн және БИЖ ТЭН-iнiң бекiтiлген техникалық-экономикалық параметрлерi расталатын, сондай-ақ жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиiмдiлiгiнiң алғы шарттары бар БИЖ ТЭН-iне ұсынылады.
БИЖ-дiң ТЭН-iнiң экономикалық сараптамасының терiс қорытындысы бағалау нәтижелерi жобаның БИЖ-дiң ТЭН-iнiң жүзеге асырылмайтындығын және/немесе тиiмсiздiгiн көрсететiн БИЖ ТЭН-ге ұсынылады.
Пысықтауға жiберiлетiн қорытынды мазмұны БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн және жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиiмдiлiгi алғы шарттарының болуын белгiлеу мүмкiн болмаған жағдайда БИЖ ТЭН ұсынылады.
55. Осы Ереженiң 39-тармағында көзделген, сондай-ақ БИЖ-дiң ТЭН-iн пысықтау қажет болған жағдайларда бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi күнтiзбелiк 60 күн iшiнде осы Ереженiң 36, 44 және 45-тармақтарында көзделген тәртiпте пысықталған құжаттарды қайта енгiзедi.
56. Тиiстi сараптаманың оң қорытындысын алған БИЖ-дiң ТЭН-i мен ЖСҚ-ны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бекiтедi.

2. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу тәртiбi

57. БИЖ-дi iрiктеу мен тиiстi бюджет комиссиясының қарауына ұсынуды бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бекiтiлген БИЖ-дiң ТЭН-iн экономикалық сараптамасын және қорытындысын БИЖ-дiң оң экономикалық қорытындысын ұсынғаннан кейiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган iске асырады.
58. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң БИЖ-дiң ТЭН-iн олардың қаржы қаражатымен қамтамасыз етiлуi растайтын құжаттарының болуы тұрғысынан қарайды және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның БИЖ-ға экономикалық қорытындысын ескере отырып, бюджет комиссиясының қарауына олар бойынша қорытындыны енгiзедi.
59. БИЖ-дiң бекiтiлген ТЭН-iнiң, БИЖ бойынша оң экономикалық қорытындының және тиiстi бюджет комиссияның оң шешiмiнiң негiзiнде БИЖ тиiстi бюджет жобасына енгiзiледi.
60. Техникалық шешiмдердiң өзгеруiне және қосымша шығыстарға алып келетiн БИЖ-дiң белгiленген техникалық-экономикалық параметрлерi өзгерген жағдайда, сондай-ақ бекiтiлген БИЖ-дiң ТЭН-де көзделмеген қосымша компоненттердi қосу қажеттiлiгi жағдайында, Қазақстан Республикасының заңнамасына енгiзу қажет болған жағдайда кейiннен БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажеттi сараптамаларын жүргiзуге қойылатын талаптарға сәйкес мемлекеттiк жоспарлау және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар белгiлейтiн сараптама жүргiзе отырып, БИЖ-дiң ТЭН-iн түзету жүргiзiледi.
Республикалық БИЖ-дiң ТЭН-iн түзетуге байланысты шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Жергiлiктi бюджеттен iске асырылатын БИЖ-дiң ТЭН-iн, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерi есебiнен қаржыландыруға жоспарланған жергiлiктi БИЖ-дi түзетуге байланысты шығыстар тиiстi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

4. Техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеудi талап етпейтiн
бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау және iрiктеу тәртiбi

61. ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн БИЖ бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк өтiнiмiнiң құрамында тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.
ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн БИЖ тiзбесiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Құрылыс қызметiн болжайтын БИЖ-дерге жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (қажет болған кезде жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар залалдарының, алып қойылатын алқаптардың түрiне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсi шығындарының есебiн қоса бере отырып) қоса берiледi.
62. Тиiстi бюджет комиссиясы мақұлдаған ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн жобалар тиiстi бюджет жобасына енгiзiледi.
63. Тиiстi қаржы жылының бюджетiне қосылған, ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн БИЖ бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес ЖСҚ әзiрлеудi қамтамасыз етедi.
64. Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар жобалар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес үлгi жобаны әзiрлеу жүзеге асырылады.
65. Жобаларды iске асыру кезiнде үлгi жобаларды қолдану нақты құрылыс алаңына байланыстыру арқылы жүзеге асырылады.

5. Сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобаларды
қарау және iрiктеу тәртiбi

66. Жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрi - ЖСҚ) түзетуге немесе оған қосымша компоненттер енгiзуге байланысты республикалық БИЖ сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
67. ЖСҚ-ны түзету немесе оған қосымша компоненттер енгiзуге байланысты жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерi есебiнен iске асырылатын жергiлiктi БИЖ сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар тиiстi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
68. БИЖ-дiң құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берiлмейдi.
69. Республикалық немесе жергiлiктi бюджетке енгiзiлмеген БИЖ бойынша ЖСҚ әзiрлеуге жол берiлмейдi.
70. Бюджеттен қосымша шығыстарға әкеп соғатын БИЖ-дiң ЖСҚ-сын тиiстi бюджет нақтыланбай түзетуге жол берiлмейдi.
71. Бекiтiлген ТЭН-де көзделмеген БИЖ-дiн ЖСҚ-ға қосымша компоненттер енгiзуге жол берiлмейдi.
72. Сметалық құнын ұлғайтуды көздейтiн республикалық БИЖ-дi қарауды бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
73. Сметалық құнын ұлғайтуды көздейтiн жергiлiктi БИЖ-дi, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен берiлетiн нысаналы даму трансферттерi мен кредиттер есебiнен қаржыландыру жоспарланған жергiлiктi БИЖ-дi қарауды бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
74. Сметалық құнын ұлғайтуды көздейтiн БИЖ-дi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi тиiстi бюджеттi нақтылау кезiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
75. БИЖ-дiң сметалық құнын ұлғайту мәселелерiн шығару тәртiбi екi кезеңде жүзеге асырылады.
Бiрiншi кезең - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi ұсынған құжаттар негiзiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның жобалау құжаттамасын түзету орындылығын айқындау жөнiндегi бюджет комиссиясының шешiмi.
Екiншi кезең - түзетiлген жобалау құжаттамасы бойынша ұлғайту құнын қаржыландыру туралы бюджет комиссиясының шешiмi.
76. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бiрiншi кезеңде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) болжанатын қымбаттау сомасы көрсетiлген, мемлекеттiк орган - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы қол қойған өтiнiм-хат;
2) мемлекеттiк орган - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы қол қойған, мынадай ақпаратты қамтитын түсiндiрме жазба:
бекiткен ТЭН-де қарастырылмаған қосымша құрамдауыштарды немесе ЖСҚ-да техникалық өзгерiстердi енгiзудiң орындылығы;
БИЖ-дiң iске асырылуын аяқтау үшiн талап етiлетiн болжамды қосымша шығыстар негiздемесi;
ЖСҚ әзiрлеуден бастап БИЖ-дi iске асыру шеңберiнде жасалған шарттар туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу нәтижесiнде үнемделген сомаларды көрсету;
ЖСҚ әзiрлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбiр жыл сайын қаржыландыру. Игерiлмеген жағдайларда оның себептерi көрсетiле отырып, бұл ақпарат әрбiр жыл үшiн жоспармен және фактiмен сүйемелденуi тиiс;
қымбаттауға әкелетiн себептердi егжей-тегжейлi көрсету (мердiгерлердiң бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне шартта көрсетiлген құнды (сметаны) өсiру қажеттiлiгi туралы хаттарының көшiрмелерiн қоса бере отырып ескерткендiгiн растайтын);
оның кiнәсiнен қымбаттау болған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осы ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
3) түзетiлген ТЭН;
4) БИЖ-дiң ерекшелiгiне байланысты тиiстi уәкiлеттi органның немесе ақпараттандыру саласындағы тиiстi уәкiлеттi органның (егер жоба ақпараттандыру саласына тиесiлi болса) ресми хат нысанда, бiрiншi басшы қол қойған құнның ұлғаюының және техникалық шешiмдердiң өзгеруi мен қосымша компоненттердi енгiзудiң болжамды параметрлерiнiң негiздiлiгi мен дұрыстығын растайтын қорытындысы;
5) БИЖ-дiң сметалық құнының ұлғаюы себебiнiң негiздемесiмен бастапқы құн бойынша ЖСҚ-ның мемлекеттiк ведомстводан тыс мемлекеттiк құрылыс сараптамасының қорытындысы;
6) бiрiншi басшы, не оны алмастыратын тұлға қол қойған, мөрмен расталған тиiстi саланың уәкiлеттi органының салалық қорытындысы және БИЖ-дiң сметалық құнының ұлғаюы негiздемесi;
7) бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы, сондай-ақ бұзушылықтардың болмауы тұрғысынан Үкiмет уәкiлеттiк берген iшкi бақылау органының актiсi.
Үкiмет уәкiлеттiк берген iшкi бақылау органының актiсi ЖСҚ әзiрлеуден бастап БИЖ-дi iске асыру шеңберiнде бөлiнген барлық бюджет қаражатын қамтуы тиiс.
Үкiмет уәкiлеттiк берген iшкi бақылау органының актiсiне қойылған күн құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 айдан кеш болмауы тиiс;
8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бұйрығы немесе бюджеттiк бағдарлама әкiмшiнiң бастапқы құнға бұйрығы;
9) тиiстi бюджет комиссиясының оң шешiмi шыққан сәттен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға БИЖ-дiң электрондық порталына, қағаз және электронды тасығыштарда осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша салыстырма кестесiн ұсынады.
Қағаз тасығыштағы салыстырма кесте бiрiншi басшы не оны алмастырған тұлға қол қойып, мөрмен расталып, ұсынылады;
10) құжаттарды ұсынған күнге дейiн бiр ай бұрын түсiрiлген, объектiнiң нақты жай-күйi туралы толық көрiнiс беретiн фото, бейне түсiрiлiмдер материалдары.
77. Егер БИЖ шет мемлекеттердiң аумағында iске асырылған жағдайда, БИЖ-дiң бастапқы және түзетiлген құнын растайтын, аумағында осы жоба iске асырылып жатқан мемлекеттiң құрылыс саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген тиiстi құжаттар ұсынылады.
78. Құжаттаманың толық пакетi ұсынылмаған не қымбаттаудың пайда болуының дәл және негiздi себептерi берiлмеген, сондай-ақ кiнәлi тұлғалар немесе ұйымдар және оларға қолданылған шаралар (егер ондай болса) көрсетiлмеген БИЖ сметалық құнының ұлғаюы мәнiне қаралмайды.
79. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Ереженiң 76-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн қарайды және олар бойынша қорытындыны тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
80. Бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған кезде бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жобалық құжаттамаға тиiстi түзетулер енгiзедi.
81. Екiншi кезеңде бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi БИЖ-дiң сметалық құнының ұлғаю себебiнiң негiздемесiмен түзетiлген құнға ЖСҚ-ның мемлекеттiк ведомстводан тыс мемлекеттiк құрылыс сараптамасының қорытындысын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға енгiзедi.
82.Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган түзетiлген жобалық құжаттамалар бойынша БИЖ құнының ұлғаюын тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
83. Тиiстi бюджет комиссия сметалық құнын ұлғайту болжамдалған iрiктеген БИЖ бойынша тiзбе қалыптастырылады және бюджет заңнамасында белгiленген тәртiпте тиiстi бюджетке енгiзедi.

6. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруды
мониторингiлеу және бағалау жүргiзу тәртiбi

1. Жоспарлау кезеңiнде бюджеттiк инвестициялық жобаларға
мониторинг жүргiзу тәртiбi

84. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес қағаз және электронды тасығыштарда БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеу жөнiндегi iс-шаралардың iске асырылу барысы туралы мынадай ақпаратты көрсете отырып, ақпаратты ұсынады:
БИЖ-дiң атауы;
инвестициялық ұсынысты енгiзген бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң атауы;
БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажеттi сараптама жүргiзуге қажеттi (бөлiнген) ақша қаражатының мөлшерi;
БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажеттi сараптама жүргiзу кезiнде игерiлген ақша қаражатының мөлшерi;
БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажеттi сараптама жүргiзу мерзiмдерi;
БИЖ-дiң ТЭН-iн әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажеттi сараптама жүргiзу барысы туралы ақпарат.

2. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға мониторинг жүргiзу тәртiбi

85. БИЖ-дi iске асыруға мониторинг БИЖ-дi тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтау үшiн нақты алынған нәтижелердi есептi күнге жоспарланғандармен салыстыру арқылы жүргiзiледi.
86. БИЖ-дi iске асыруға мониторинг мыналарды көздейдi:
1) БИЖ-дiң iске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау;
2) әрбiр уақыт аралығында БИЖ-дi iске асырудың қол жеткiзiлген көлемiн және ТЭН-ге және/немесе ЖСҚ-ға сәйкес шығындарды нақты қол жеткiзiлген сандық-сапалық нәтижелердi БИЖ-дi iске асыруды жоспар-кестесiнде (бұдан әрi - Жоспар-кесте) көрсетiлген көрсеткiштермен салыстыру арқылы талдау;
3) БИЖ-дi мониторингiлеу нәтижелерi туралы есептi (бұдан әрi - Мониторинг бойынша есеп) дайындау.
Нақты көрсеткiштердiң бұрын жоспарланғандардан (Жоспар-кесте бойынша) ауытқуы анықталған БИЖ бойынша БИЖ-дi тиiмдi iске асыру жөнiнде ұсынымдар мен шаралар қалыптастырылады.
87. Жобаларды iске асыру мониторингiн жүргiзу үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мынадай есептiлiк құрамында ақпарат ұсынады:
1) жоспар-кесте;
2) мониторинг бойынша есеп;
3) мониторинг бойынша жиынтық анықтама;
4) БИЖ-дiң паспорты;
5) ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн жоба паспорты;
6) Ганта диаграммасын салу үшiн ақпарат;
7) БИЖ-дiң ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етiлуi;
8) бюджеттiк инвестициялар бойынша қаржыландыру көздерi.
88. Жоспар-кесте әрбiр жоба бойынша есептiк көрсеткiштердi айқындайтын құжат болып табылады және БИЖ-дiң Электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес ұсынылады.
БИЖ бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген (жергiлiктi атқарушы органдардың) iске асырылатын БИЖ тiзбесiн нақтылау шамасына қарай тиiстi кезеңге арналған бюджет туралы заңнамалық органның (жергiлiктi өкiлеттi органның) шешiмiн iске асыру туралы ақпаратты нақтылау шамасына қарай бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi БИЖ бойынша есеппен бiрге нақтыланған Жоспар-кестенi ұсынады.
Жоспар-кесте бүкiл жоба бойынша, оның құрамдауыштары бойынша және әрбiр құрамдауышқа арналған iс-шаралар (жұмыс түрлерi) бойынша белгiленген тәртiппен бекiтiлген жұмыстарды орындаудың және қаржыландырудың жоспарлы көлемiн қамтиды.
Бұл ретте жоспарланған жылға арналған орындау және қаржыландыру көлемi тиiстi бюджеттiк бағдарламамен келiсiледi және тоқсандарға бөлiнедi.
89. Жоспар-кестеде, сондай-ақ жоспарланған жыл басталғанға дейiнгi кезеңге арналған нақты көлем және жоспарланған жылдан кейiнгi екiншi жылға және кейiнгi жылдарға арналған болжамды көлем көрсетiледi.
Жоспар-кесте бекiтiлген БИЖ-дiң ТЭН-i және мақұлданған бюджеттiк өтiнiмнiң негiзiнде қалыптастырылады, ал ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн жобалар бойынша ЖСҚ және мақұлданған бюджеттiк өтiнiм Жоспар-кестенi дайындаудың негiздемесi болып табылады.
Жоспар-кестеде жобаны iске асыру кезеңi тиiстi бюджет комиссиясы мақұлдаған және оған сәйкес есептi кезеңде жобаны қаржыландыру жүзеге асырылатын бюджет өтiнiмiне сәйкес көрсетiледi.
Жоспар-кестеге, Мониторинг бойынша есепке енгiзiлген жобалар тiзбесi тиiстi қаржы кезеңiне арналған бюджеттi iске асыру туралы заңына (жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiне) Үкiметтiң (жергiлiктi атқарушы органдардың) қаулыларымен бекiтiлген Жобалар тiзбесiне сәйкес келедi.
Жоспар-кестенi, Мониторинг бойынша есептi және Мониторинг бойынша жиынтық анықтаманы iске асыруын мониторингiлеудi және дайындауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың жауапты қызметкерлерi Жоспар-кестеде, Мониторинг бойынша есепте және Мониторинг бойынша жиынтық анықтамада көрсетiлген ақпараттың сапасы мен толықтығы бойынша заңнамаға сәйкес жауаптылықта болады.
90. Мониторинг бойынша есеп есептi кезеңдегi БИЖ бойынша орындалған жұмыстар мен қаржы қаражатын игеру сомаларының нақты және жоспарланған көлемi туралы ақпаратты қамтиды және БИЖ-дiң Электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
Бұл ретте Мониторинг бойынша есептiң жоспарлы көрсеткiштерi Жоспар-кесте көрсеткiштерiне сәйкес келедi.
91. Мониторинг бойынша жиынтық анықтама осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
92. Республикалық БИЖ iске асыру жөнiндегi ақпаратты республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi болып табылатын тиiстi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
93. Жергiлiктi бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жергiлiктi БИЖ-дi сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен берiлетiн нысаналы даму трансферттерi мен кредиттер есебiнен қаржыландыру жоспарланған БИЖ-дi iске асыру жөнiндегi ақпаратты бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi жергiлiктi бюджеттерге жатады.
94. БИЖ-дi мониторингiлеу кезiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
95. Қажеттi ақпаратты бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар БИЖ-дiң Электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мынадай мерзiмдерде ұсынады:
Жоспар-кесте жыл сайын есептi жылдың 1 ақпанынан кешiктiрмей ұсынылады;
Мониторинг бойынша есеп пен Мониторинг бойынша жиынтық анықтама жарты жылда бiр рет есептi кезеңнен кейiнгi 20 тамыздан және 20 ақпаннан кешiктiрмей ұсынылады;
БИЖ-дiң паспорты жарты жылда бiр рет осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 20 тамыздан және 20 ақпаннан кешiктiрмей ұсынылады;
ТЭН әзiрлеудi талап етпейтiн жоба паспорты жарты жылда бiр рет осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 20 тамыздан және 20 ақпаннан кешiктiрмей ұсынылады;
Гант диаграммасын құру үшiн ақпарат жарты жылда бiр рет осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 20 тамыздан және 20 ақпаннан кешiктiрмей ұсынылады;
инвестициялық жобаны ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жарты жылда бiр рет осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 20 тамыздан және 20 ақпаннан кешiктiрмей ұсынылады;
бюджеттiк инвестициялар бойынша қаржыландыру көздерi жарты жылда бiр рет осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 20 тамыздан және 20 ақпаннан кешiктiрмей ұсынылады.
96. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын БИЖ-дi iске асыру барысы туралы жиынтық ақпаратты бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жарты жылда бiр рет есептi кезеңнен кейiнгi 30 қыркүйектен және 30 наурыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынады.

3. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруды
бағалау тәртiбi

97. БИЖ-дi iске асыруды бағалау БИЖ-дi тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтау үшiн нақты алынатын нәтижелердi есептi күнге жоспарланғандармен салыстыру арқылы жүргiзiледi.
98. БИЖ-дi iске асыруды бағалау объектiнi қолданысқа енгiзуден кейiнгi жылы бiр рет жүргiзiледi.
99. БИЖ-дi iске асыруды бағалау мыналарды көздейдi:
1) БИЖ-дiң iске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау;
2) олардың мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарларында және/немесе БИЖ ТЭН-iнде көзделген көрсеткiштермен салыстыру арқылы БИЖ-дiң қол жеткiзiлген тiкелей нәтижелерiн (өнiмдер шығару, қызметтер көрсету) талдау;
3) БИЖ-дi iске асыруды бағалау жөнiнде жиынтық есеп дайындау.
Нақты көрсеткiштердiң бұрын мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарларында және/немесе БИЖ ТЭН-iнде жоспарланғандардан ауытқуы анықталған БИЖ бойынша БИЖ-дi тиiмдi басқару мақсатында жүйелi және жедел шаралар бойынша ұсынымдар қалыптастырылады.
100. БИЖ-дiң iске асырылуына бағалау жүргiзу үшiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мынадай есептiлiк құрамында ақпарат ұсынады:
1) БИЖ-дiң iске асырылу барысы туралы есеп;
2) БИЖ-дiң iске асырылуын бағалау бойынша жиынтық анықтама.
101. БИЖ-дiң iске асырылуын бағалау туралы есеп есептi кезеңдегi өнiмдердiң (қызметтердiң) нақты және жоспарланған көлемi туралы ақпаратты қамтиды және осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша БИЖ-дiң Электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынылады.
Iске асыру барысы туралы есепте құрылыс объектiсiнiң баланс ұстаушысы бойынша, мемлекеттiң меншiк объектiсiн қолданысқа енгiзу бойынша, мемлекеттiк меншiк объектiсiн уәкiлеттi органдарда тiркеу бойынша ақпарат көрсетiледi.
«Ескертулер» бағанында ақпарат болмаған жағдайда осы ақпараттың болмауының себебiн көрсету қажет.
Iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта ұсынылады.
102. Республикалық меншiктегi БИЖ-дi пайдалану жөнiндегi, сондай-ақ республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын аяқталуға жоспарланған бiрақ есептi кезеңде аяқталмаған БИЖ жөнiндегi ақпаратты тиiстi орталық уәкiлеттi орган бередi.
103. Коммуналдық меншiктегi БИЖ-дi пайдалану жөнiндегi, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын аяқталуға жоспарланған бiрақ есептi кезеңде аяқталмаған БИЖ жөнiндегi ақпаратты тиiстi жергiлiктi атқарушы орган ұсынады.
104. БИЖ-дiң iске асырылуын бағалауды жүргiзу кезiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
105. Республикалық БИЖ-дi iске асыруды бағалау ақпаратты республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi болып табылатын тиiстi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.
106. Жергiлiктi бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жергiлiктi БИЖ-дi, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен берiлетiн нысаналы даму трансферттерi мен кредиттер есебiнен қаржыландыру жоспарланатын БИЖ-дi iске асыру жөнiндегi ақпаратты бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органдар бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады
107. Iске асырылуы барысы туралы есеп пен жиынтық анықтама БИЖ-дiң Электрондық порталына, сондай-ақ қағаз және электронды тасығыштарда жылына бiр рет есептi кезеңнен кейiнгi айдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей ұсынылады.
108. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын БИЖ-дiң iске асырылуын бағалау бойынша жиынтық есептi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жыл сайын есептi жылдан кейiнгi айдың 15 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынады.
109. Жобаларды iске асыруды мониторингiлеу және бағалау деректерiнiң негiзiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдар қазiргi және болжанатын әлеуметтiк-экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметiне және жергiлiктi атқарушы органдарға БИЖ тиiмдi жүзеге асыру шараларын iске асыру жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар енгiзе алады.

Бюджеттiк инвестициялық
жобаларды қарау, iрiктеу,
iске асыруды мониторингiлеу
және бағалау ережесiне
1-қосымша

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫСТЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҒЫ

ЖОБА БОЙЫНША НЕГIЗГI АҚПАРАТ

1. Жобаның атауы: _________________________________________________

2. Бюджеттiк-бағдарлама
әкiмшiсi _________________________________________________

3. Құрамында жобаны
iске асыру көзделген
Қазақстан
Республикасының
белгiленген стратегиялық
бағдарламалық
құжаттарының атауы: _______________________________________________

4. Сектор: ________________________________________________________

5. Экономиканың саласы: ___________________________________________

6. Жобаның (Егер белгiсiз болса, шамамен көрсету)
күнi:

Iске асыру мерзiмi: ________ ай

Жобаның басталуы: жыл: ________ ай: ________

Объектiнi құрудың (салудың, жыл: ________ ай: ________
қайта құрудың, жаңартудың)
болжамды аяқталуы)

7. Жобаның жалпы құны ___________ мың теңге

8. ТЭН әзiрлеудiң құны ___________ мың теңге

9. ТЭН түзетудiң құны ___________ мың теңге

ЖОБА БОЙЫНША ЕГЖЕЙ ТЕГЖЕЙЛI АҚПАРАТ

10. ЖОБА IСКЕ АСЫРЫЛАТЫН ОРЫН:

(Жоба iске асырылатын орынды, оның негiзгi құрамдауыштарын және жоба бойынша шығындардың өңiрлер бойынша бөлiнуiн көрсетiңiз)

10.1. Елдi мекен (ауыл, аудан, кала, облыс, ел)

10.2. Теңгерiм ұстаушы*

10.3. Жоба үшiн бос жердiң болуы:
бар (соған сәйкес жер учаскесi бөлiнген және онда орналасқан жылжымайтын мүлiктiң шешiмiнiң күнi мен нөмiрi көрсетiледi)
жоқ (жер учаскесiн сатып алу үшiн қажеттi сома көрсетiледi)

10.4. Инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлуi
бар (нақты не екенi көрсетiледi)
жоқ (қанша қосымша шығын қажет екенi көрсетiледi)

* жаңа объект құрылған (салынған) жағдайда болашақ меншiк иесi көрсетiледi, қайта жаңартылған жағдайда қазiргi меншiк иесi көрсетiледi

11. Жобаның мақсаттары мен мiндеттерi

а) мақсаты

(Мақсат Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламалық құжаттарында белгiленген экономика саласын (аясын) дамытудың неғұрлым ауқымды мiндеттерiн/басымдықтарын көрсетуi тиiс)
___________________________________________________

б) сандық мiндеттер

(Олар арқылы жобаның ауқымын айқындауға болатын жобаның санымен өлшенетiн мiндеттерiн көрсетiңiз. Белгiлi бiр сандық көрсеткiштердi ұсыныңыз, мысалы, жоба қуаты және т.б.)
___________________________________________________

12. ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

(Жобаның және оның барлық құрамдауыштарының мазмұнын сипаттаңыз)
________________________________________________________________

(Құрамдауыштар бойынша бөлудi берiңiз)

Жекелеген құрамдауыштар және iске асыру кезеңдерi

Сандық көрсеткiштерi

Өлшем бiрлiгi

Жоба бойынша

Құны (мың теңге)

1





2





3





4





5





6





7





13. ЖОБАНЫҢ НЕГIЗДЕМЕСI
(Осы жобаны iске асыру қажеттiгiн дәлелдеңiз.
Жоба iске асырылмаған жағдайдағы салдарды сипаттаңыз)
______________________________________________

14. ПАЙДА

а) жобаны iске асырудан кiм ұтады?
(Жобаны iске асырудан ұтуы мүмкiн адамдардың және нысаналы топтардың санын көрсетiңiз.
Сондай-ақ жобаны iске асыруға тiкелей немесе жанама тартылатын адамдардың санын бағалауды ұсыныңыз.
Қанша тұрақты жұмыс орны құрылады?
Жоба жұмыспен қамтуға, әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне, бизнестiң дамуына және басқаларға қалай әсер етедi?)
______________________________________________

б) жобаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелердi көрсетiңiз
(Жобаны iске асыру нәтижесiнде өндiрiлетiн өнiмнiң оларды алушыларға әсерi)
______________________________________________

15. ӘЛЕУМЕТТIК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРI:
(Жобаның адамдарға және қоршаған ортаға әсерiн қысқаша сипаттаңыз)
_______________________________________________

16. ЖОБАНЫҢ КЕЗЕҢI:
(Жоба жаңа болып табылатынын iске асырылып жатқанын көрсетiңiз. Жобаның дайындалу және iске асырылуы барысы туралы қысқаша ақпарат берiңiз. Жобаны дайындауға немесе iске асыруға кедергi болатын басты проблемаларды және қабылданатын шараларды көрсетiңiз)
_______________________________________________

17. ӨНIМНIҢ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТIҢ АТАУЫ
(Өндiрiлетiн негiзгi өнiмдi, тауарларды және/немесе қызметтердi көрсету)
_______________________________________________

18. ЖОБАНЫҢ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI:
18.1. Объектiнiң пайдаланылу (қызмет) мерзiмi
18.2. Объектiнi ұстауға арналған жыл сайынғы шығындар (бюджеттiң деңгейiн көрсете отырып)

БАЙЛАНЫС ЖАСАЙТЫН ТҰЛҒАНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРI

ТАӘ: ________________

ЛАУАЗЫМЫ: ________________

БӨЛIМШЕ/Ұйым: ________________

Мекен-жайы: ________________

Байланыс телефоны: ________________

Факс: ________________

Электрондық пошта: ________________

________________________________________________ М.О. ______
Мемлекеттiк органының бiрiншi басшысының Т.А.Ә. қолы


Страницы 1 2 3 4
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina