Жоғары оқу орындары ғылыми-педагогикалық персоналының (профессорлық-оқытушылық құрамының, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарына ие болу туралы ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 949 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 949 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындары ғылыми-педагогикалық персоналының (профессорлық-оқытушылық құрамының, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарына ие болу туралы ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер 1. Жоғары оқу орындары ғылыми-педагогикалық персоналының (профессорлық-оқытушылық құрамының, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарына ие болу туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген. 2. Осы ереже жоғары оқу орындары мен ғылыми-педагогикалық персоналдары қызметкерлерінің арасындағы конкурстық іріктеудің тәртібі мен жағдайын анықтайды. 3. Ереже демократиялық, құқықтық және экономикалық әдістерді кеңінен қолданып, тиімді кадрлық саясатты қалыптастыру; қызметкерлердің жеке ерекшеліктері мен кәсіптік білімін ескеріп, олардың құқық және әлеуметтік жағынан қорғалған болулары, ынталы және дербес болулары үшін және жақтардың өзара жауапкершілігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында әзірленген. 4. Ереже жоғары оқу орындарының штаттық кестесінде қарастырылған штаттағы оқытушы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына конкурс негізінде ие болуға таратылады. Штаттағы оқытушы - бір оқу орнының штаттық кестесінде қарастырылған қызметте жұмыс істейтін және өз қызметтік міндеттерін жекелеген еңбек келісім-шарт негізінде орындайтын оқытушы. Ғылыми қызметкерлердің лауазымына жоғары оқу орны ғылыми қызметінің бағдарламалық қаржыландыру есебімен конкурс негізінде ие болады. 5. Ғылыми-педагогикалық персоналдарының лауазымдарына үміткерлерді конкурстық іріктеу ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің лауазымдық біліктілік мінездемесіне сәйкес өткізіледі. 6. Ғылыми-педагогикалық персоналдарының лауазымдарына 3 жылдық мерзім бойынша конкурс негізінде ие болады. 2. Конкурс туралы жариялау 7. Жекелеген еңбек келісім-шартта көрсетілген мерзім мен тұлғаның лауазымға тағайындалған уақыты аяқталғанда сол семестрде ғылыми-педагогикалық персонал лауазымдарына және бос қызмет орындарына жоғары оқу орны конкурс жариялайды. 8. Ғылыми-педагогикалық персонал лауазымдарына конкурс жарияланатыны және бос қызмет орындары жөніндегі мәлімет бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы, соның ішінде жоғары оқу орындарының ақпараттық құралдар арқылы да жарияланады. 9. Бос қызмет орындарына жарияланған конкурсқа қатысу туралы өтініштер хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай ішіндегі мерзімнен кешіктірілмей берілуге тиіс. 10. Конкурс бойынша таңдау және жекелеген еңбек келісім-шарт жасасу жұмысы өтініштерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей және әрекеттегі жекелеген еңбек келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін екі ай уақыт өткеннен кейін ғана жүзеге асырылады. 11. Белгіленген мерзімдер сақталмаған жағдайда, конкурс және бос қызмет орындары жөніндегі ақпарат қайта жарияланады. 3. Конкурстық комиссияны қалыптастыру 12. Ғылыми-педагогикалық персонал лауазымдарына үміткерлерді іріктейтін конкурстық комиссия (бұдан әрі - конкурстық комиссия) жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен құрылады. 13. Конкурстық комиссия конкурсты өткізудің түрін, процедурасын, нақты мерзімін белгілейді, конкурстық құжаттамаларға талдау жасайды, конкурстың қорытындысы бойынша шешім қабылдайды. 14. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі міндеттері: барлық үміткерлерге конкурсқа қатысу үшін бірдей мүмкіндік беру; конкурсқа қатысушылардың арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету; әділдіктің сақталуына және конкурстың жариялылы түрде өткізілуіне бақылау жасау. 15. Конкурстық комиссия келесі құрамда құрылады: конкурстық комиссияның төрағасы - жоғары оқу орнының басшысы (басшының орынбасары), төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы және мүшелері. 16. Конкурстық комиссияның персоналды құрамы мен оның өкілеттік мерзімі жоғары оқу орнының ғылыми кеңесімен белгіленіп, жоғары оқу орны басшысының сәйкес бұйрығымен бекітіледі. 4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау 17. Конкурстан өткен жағдайда жекелеген еңбек келісім-шартына отыруға ниет білдірген конкурсқа қатысушылар жоғары оқу орны басшысының атына жазылған өтінішке қоса келесі құжаттарды тапсырады: кадрларды есепке алу бойынша жеке парақты, өмірбаянын, жоғары білімі мен ғылыми дәрежесі туралы дипломдарын, ғылыми атағы туралы аттестаттың белгіленген тәртіпте расталған көшірмелерін, ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімін, соңғы қызмет еткен жұмыс орнынан берілген мінездемені. 18. Сол жоғары оқу орнында жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін немесе жекелеген еңбек келісім-шарт бойынша бос қызмет орнында жұмыс істеу үшін, ректордың атына өтініш жазады және оған қоса мінездемесі мен ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімін тапсырады. Профессорлық-оқытушылық құрамның лауазымдарына конкурсқа қатысуға талап білдірген және конкурстан өткен жағдайда жекелеген еңбек келісім-шартына отыратын тұлғалардың құжаттары, жоғары оқу орындары басшысының визасымен, алдын-ала қорытынды жасау үшін кафедраға жіберіледі. Кафедра меңгерушісі қызметіне конкурсқа қатысуға талап білдірген тұлғалардың құжаттары, жоғары оқу орындары басшысының визасымен, алдын-ала қорытынды жасау үшін факультетке жіберіледі. Мұндай жағдайда кафедра отырысы факультет деканымен өткізіледі. 19. Конкурстық материалдар ұсынымды сипаттағы қорытынды шығаратын сәйкес кафедрамен алдын-ала қарастырылады. 20. Конкурсқа қатысатын тұлғалар конкурс алдындағы кезеңдегі ғылыми-педагогикалық қызметтері туралы кафедра отырысы алдында есеп береді. Кафедра үміткерлерге сынау лекцияларын оқытуды немесе басқа оқу дәрістерін жүргізуді ұсынуға және соның қорытындылары бойынша ұсыныс қабылдауға құқылы. 21. Кафедраның штаттағы оқытушыларының көпшілік дауысымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы кафедра әр үміткер бойынша сәйкес қорытынды қабылдайды, ол конкурстық комиссияға жіберіледі. 22. Кафедра меңгерушісі лауазымына үміткер туралы жасалған кафедра қорытындысына кафедра отырысын өткізген факультет деканы қол қояды. 23. Кафедра меңгерушісі лауазымына үміткер туралы жасалған жалпы жоғары оқу орындарының кафедра қорытындысына кафедра отырысын өткізген жоғары оқу орны басшысының орынбасары қол қояды. 24. Конкурсқа қатысушылар мен кафедра меңгерушісі лауазымына үміткерлер кафедра отырысына қатысып, талаптары бойынша өздеріне қатысты қорытындылармен танысуға құқылы. 5. Конкурс бойынша тағайындау тәртібі 25. Ғылыми-педагогикалық персонал қызметтеріне үміткерлерді конкурс бойынша іріктеу жұмысы үміткерлердің қызмет қорытындыларын сауалнама, сараптамалық баға беру, тестілеу, әңгімелесу, шығармашылық есеп беру, авторлық әзірлемелерді қорғау түрінде аналитикалық жалпылау негізінде жүзеге асырылады. 26. Бос орынға конкурс жарияланған нақты жоғары оқу орындарының біліктілікті талап ету есебімен кандидаттардың жекеше және кәсіптік бағасы болып табылады. 27. Јр үміткер бойынша жасалған кафедра, факультет қорытындылары (сәйкес ұсыныммен бірге) конкурстық комиссия отырысында жарияланады. 28. Бұдан кейін конкурстық комиссия ашық дауыс беру арқылы үміткерлерді сәйкес қызметке алуға жасырын дауыс беру үшін бірегей бюллетенге енгізу туралы шешім қабылдайды. 29. Дауыс беруші тұлға үміткерді қабылдауға келісетіндігін немесе келіспейтіндігін әр үміткердің аты-жөнінің қасында жазылған "келісемін" немесе "келіспеймін" деген сөздерді белгілеу арқылы білдіреді. Егер ол бюллетендегі бір сөзді де сызбаса немесе екеуін де сызып тастаса, ол бюллетень жарамсыз болып саналады. 30. Дауыстарды санау үшін конкурстық комиссия жасырын дауыс берудің алдында есептеу комиссиясын сайлайды, оның құрамына үш комиссия мүшесінен кем емес адам кіреді. Есептеу комиссиясы әр үміткер бойынша берілген дауыстардың қорытындысын жариялайды. Есептеу комиссиясының хаттамасы конкурстық комиссиямен бекітіліп, конкурс материалдарына қосылады. 31. Конкурс өткізілгенде дауыс беруге конкурстық комиссия мүшелерінің 2/3 кем емес мүшесі қатысқан жағдайда ғана конкурстық комиссияның шешімі расталған болып саналады. Дауыс беруге қатысқан конкурстық комиссия мүшелерінің 50 пайызы және одан да көп дауысын жинаған үміткер сайланған болып саналады. 32. Егер екі немесе одан да көп үміткерлер қатысқан конкурстың барысында дауыстар бірдей бөлінсе, онда қорытындылар жарияланып, қосымша талқылау өткізілгеннен кейін, конкурстық комиссияның осы отырысында қайта дауыс беру жұмысы жүргізіледі. Жасырын дауыс беру арқылы қабылданған конкурстық комиссияның шешімі, егер ол осы Ережені сақтау негізінде қабылданған болса, түбегейлі болып саналады. Конкурсқа қатысқан тұлғалар конкурстық комиссия отырысына қатысуға құқылы. 33. Дауыс берудің нәтижелері негізінде конкурстық комиссия әр бос қызмет орнына үміткер бойынша жекелеген еңбек келісім-шартын жасасу үшін "жоғары оқу орындарының басшыларына ұсынылады" немесе "жоғары оқу орындарының басшыларына ұсынылмайды" деген жазумен ұсынымдар қабылдайды. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысқан тұлғаларды конкурстың нәтижелерімен және конкурстық комиссияның ұсынымдарымен таныстырады. 34. Белгіленген мерзімде конкурс бойынша лауазымдарына сайланбаған және конкурсқа қатысу үшін өтініш бермеген жоғары оқу орындарының қызметкерлері жекелеген еңбек келісім-шарты мерзімінің аяқталуына байланысты жоғары оқу орнындағы жұмыстарынан босатылады. 35. Кафедраларды біріктірген немесе бөлген жағдайда профессорлық-оқытушылық құрамына мерзімінен бұрын сайлау жүргізілмейді. 36. Жаңадан ұйымдастырылған немесе біріктірілген кафедралар меңгерушісінің қызмет орны бос қызмет орны деп саналады және конкурс бойынша тағайындағанға дейін жекелеген еңбек келісім-шартын жасасу арқылы оның уақытша міндетін атқарушы болып қабылданады. Ректор кафедра меңгерушісінің бос қызмет орнына жекелеген еңбек келісім-шартын жасауға дейін бір жыл мерзімге кафедра меңгерушісінің қызметін атқаруды кафедраның жетекші оқытушыларының біреуіне жүктеуге құқылы. 37. Кафедраларды бөлген жағдайда, оның меңгерушісі ректордың бұйрығы арқылы жаңадан ұйымдастырылған кафедраның біреуіне меңгеруші етіп тағайындалады. Екінші кафедраның меңгерушісінің қызметі жетекші бір оқытушыға жүктеледі және бос қызмет орны деп жарияланады. 38. Тұлғаны конкурс бойынша сайлау туралы конкурстық комиссияның шешімі жоғары оқу орнының ғылыми-педагогикалық персоналының лауазымдарына тағайындау үшін жекелеген еңбек келісім-шартын жасауға негіздеме болып табылады. 39. Тұлғаны сағаттық төлем шартында оқытушылық қызметке жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен қабылданады және олар штаттық оқытушылар санатына қосылмайды. Шағымдану тәртібі 40. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешімімен келіспейтіндігі жөнінде жоғары оқу орнының басшысына немесе сот тәртібі бойынша шағымдануға құқылы. 41. Жоғары оқу орнының басшысы егер конкурстық комиссияның шешімі бойынша түскен шағымды қарастырады және осы ереже бұзылған жағдайда конкурстық комиссия қабылдаған шешімін толықтай немесе жартылай өзгертуге ұсыныс жасай алады. Жекелеген еңбек келісім-шарттың жақтарымен белгіленген жұмыс басталған күні қызметкер жұмысқа қабылданған, ал еңбек қатынастары күшіне енген болып саналады. 43. Жоғары оқу орны басшысының ұсынысы конкурстық комиссияның өз құрамындағы мәжілісінде қарастырылады. Конкурстық комиссияның бұл мәжілісінде алдыңғы шешім өзгертіліп жаңа шешім енгізіледі. Конкурстық комиссия жоғары оқу орны басшысының қабылдаған шешімі мен конкурсқа қатысушының шағымын шешім қабылдаған сәттен бастап бес күн мерзім ішінде жариялайды. 44. Конкурстық комиссияның бұрын қабылдаған шешімі күшін жойған жағдайда, сол кандидаттар мен үміткерлердің қатысуымен комиссия мәжілісі қайта өткізіледі. 45. Конкурсқа қатысушылар, сондай-ақ жоғары оқу орны басшысы конкурс құжаттарымен және оның қорытындыларымен танысуға құқылы.
|