ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қазақстан Республикасы халықаралық...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

   Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1141 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қазандағы
№ 1141 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының (бұдан әрі - орталық мемлекеттік органдар) міндеттемелерді міндетті және адал орындауын және күшіне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мониторингі тәртібін анықтайды.
2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге мониторинг бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді құзыретіне халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен бақылау жататын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2. Халықаралық шарттарға мониторинг жүргізу

3. Мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге мониторингті (бұдан әрі - халықаралық шарттарға мониторинг) орталық мемлекеттік органның басшысы немесе жауапты хатшысы анықтайтын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі - бөлімшелер) жүзеге асырады.
4. Халықаралық шарттарға мониторингті тиісті орталық мемлекеттік орган оларға қатысты осы орталық мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жасасу туралы ұсыныс енгізген, сондай-ақ бұрын жасалған халықаралық шарттар бойынша тұрақты негізде бөлімшелер жүргізеді.
5. Орталық мемлекеттік органдар жыл сайын, 10 қарашадан кешіктірмей уәкілетті органға:
1) күшіне енген халықаралық шарттардың ағымдағы жыл ішінде орындалу барысы туралы;
2) Қазақстан Республикасы уағдаласушы тарапы болып табылатын қол қойылған және күшіне енбеген халықаралық шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдердің орындалу барысы туралы, оның ішінде олардың орындалмау себептері туралы ақпарат береді.
Күшіне енген халықаралық шарттар туралы ақпарат:
1) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасына тиесілі құқықтардың жүзеге асырылуын, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалауды талдауды;
2) халықаралық шарттардың орындалуы барысында анықталған проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды қамтуы тиіс.
6. Халықаралық шарттарға мониторинг жүргізген кезде орталық мемлекеттік органдар:
1) тиісті орталық мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелерді реттейтін халықаралық шарттардың ережелерін;
2) халықаралық шарттардың реттеу мәніне байланысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;
3) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау мен құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ көрсетілген міндеттемелерді халықаралық шарттың басқа қатысушыларының орындауы туралы мәліметтерді (статистикалық мәліметтерді қоса алғанда);
4) халықаралық шарттарды орындауға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында және жалпыға қол жетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурстарда жарияланымдарды;
5) бар болған жағдайда, халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау мен құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша халықаралық ұйымдарда ұсынылған Қазақстан Республикасының мерзімдік баяндамаларын (есептерін);
6) халықаралық шарттардың, оның ішінде жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының мерзімді баяндамаларын қорғау қорытындылары бойынша дипломатиялық арналар арқылы алынғандардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша халықаралық ұйымдардың, халықаралық сарапшылардың және үкіметтік емес ұйымдардың ұсынымдарын;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі консультациялық-кеңесші органдардың ұсынымдары мен ұсыныстарын талдайды.
7. Ақпарат электрондық және қағаз тасымалдағыштарда қазақ және орыс тілдерінде орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысының қолымен, ал ол болмаған жағдайда орталық мемлекеттік орган басшысы орынбасарының қолымен уәкілетті органға беріледі.

3. Халықаралық шарттарға мониторингті үйлестіру

8. Уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты қорытады, талдайды және талдау нәтижелері бойынша сыртқы саяси бағаны қамтитын жиынтық ақпаратты жылына бір рет 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Премьер-Министр Кеңсесі) жібереді.
9. Уәкілетті орган жиынтық ақпаратқа халықаралық ұйымдардың ұсынымдары болған жағдайда, олардың көшірмелерін қоса береді.
10. Премьер-Министр Кеңсесі жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің Јкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 10 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қағидаларында анықталған тәртіппен жібереді.
11. Уәкілетті орган жыл сайынғы талдау мен орталық мемлекеттік органдар жүргізетін халықаралық шарттарға мониторингтің қорытындыларын өз интернет-ресурсында жариялайды.
12. Осы Қағиданың 8 - 10-тармақтарын іске асыру электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina