ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  2009 жылғы егiннiң астығын экспорттау кезiнде...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  2009 жылғы егiннiң астығын экспорттау кезiнде көлiктiк шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыру қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 28 қарашадағы
№ 1255 қаулысымен
бекiтiлген

2009 жылғы егiннiң астығын экспорттау кезiнде көлiктiк шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыру қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы 2009 жылғы егiннiң астығын экспорттау кезiнде көлiктiк шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыру қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Агроөнекәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 11-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 6 қазандағы Заңына, «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес әзiрленген және 2009 жылғы егiннiң астығын экспорттау кезiнде экспорттаушыларға көлiктiк шығыстардың құнын арзандатуға 2010 жылғы республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен 024 «2009 жылғы егiннiң
астығын экспорттағанда көлiк шығындарының құнын арзандату» бюджеттiк
бағдарламасы бойынша бөлiнген ақша қаражатын (бұдан әрi - бюджеттiк
субсидиялар) төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыру тәртiбiн
анықтайды.
2. Бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыруды жүзеге асыратын бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi (бұдан әрi - бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi) - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi.
3. Бiрыңғай оператор - ұлттық темiр жол компаниясы белгiлеген астықты экспортқа тасымалдауды ұйымдастыру бойынша экспорттаушыларға қызмет көрсететiн заңды тұлға.
4. Экспорттаушы - Қазақстан Республикасының аумағынан астықты экспортқа сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
5. Бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыру экспорттаушылардың шығындарды жүзеге асыруын растайтын құжаттардың негiзiнде және Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның шешiмiмен анықталған астық экспортының бағыттарын және көлiктiк шығыстарды арзандату көлемiн ескере отырып, бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жүзеге асырады.
6. Экспорттаушылар бюджеттiк субсидияларды соңғы алушылар болып табылады.

2. Бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастыру тәртiбi

7. Бiрыңғай оператор экспорттаушыларға көлiктiк экспедиция шартының негiзiнде көлiктiк экспедиция қызметтерiн көрсету арқылы астықты экспортқа тасымалдауды ұйымдастырады.
8. Астықты шекаралық өту станциясына және/немесе межелi станцияға (айлаққа) дейiн тасымалдағаннан кейiн экспорттаушы Бiрыңғай операторға экспорттаушының қолымен және мөрiмен куәландырылған шекаралық өту станциясының және/немесе межелi станцияның (айлақтың) күнтiзбелiк мөртабаны бар темiр жол жүкқұжаттарының көшiрмесiн бередi.
9. Бiрыңғай оператор осы Қағиданың 8-тармағына сәйкес экспорттаушылардың құжаттарды беру фактiсi бойынша осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша астықты экспортқа тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң актiлерiн (бұдан әрi - Актiлер) жасайды.
10. Бiрыңғай оператор Актiлердiң негiзiнде осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша темiр жол көлiгiмен астықты экспортқа тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң тiзiлiмiн қалыптастырады және Актiлердi қосып, оны бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне бередi.
11. Бiрыңғай оператор бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне шот-фактураны ұсынады және осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша қаражатын аударуға өтiнiм бередi.
12. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi осы Қағиданың 10 және 11-тармақтарында көрсетiлген Бiрыңғай оператор берген құжаттарды тексередi, осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны қалыптастырады.
13. Бiрыңғай оператор Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне Бiрыңғай оператордың бастығы мен экспорттаушының қолы қойылған осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша астықты экспортқа тасымалдау кезiнде шығындар құнының бiр бөлiгiн өтеудi экспорттаушының растау актiлерiн бередi.
14. Бiрыңғай оператор бюджеттiк субсидияларды алу үшiн бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне берiлген құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етедi.

Қағидаға
1-қосымша

__________________________________________
экспорттың бағыты
астықты экспортқа тасымалдау бойынша 20 ж.« » № көрсетiлген қызметтер актiсi

Р/с №

Жөнелту №

Вагон №

Жөнелту станциясы

Кiретiн станциясы

Шығатын станциясы

Жеткiзу (шекарадан өту) станциясы (айлақ)

Жөнелту датасы (тасымалдау құжаттарындағы бекет мөртабаны)

Тасымалдау көлемi, тонна

Өтеу құны, теңге

1










2










3










4










5










6










7










жиыны









Экспорттаушының атауы Бiрыңғай оператордың атауы
__________________________ ______________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.)

Қағидаға
2-қосымша

_____________________________________________
экспорттың бағыты
темiр жол көлiгiмен астықты экспортқа тасымалдау бойынша көрсетiлген қызметтердiң тiзiлiмi

Р/с

Экспорттаушының атауы

Тиеп жөнелту кезеңi (айлар бойынша)

Тасымалдау көлемi, тонна

1 тоннаға өтеу құны, теңге

Жалпы өтеу коды, теңге

1






2






3






4






5






6






7






8






Бiрыңғай оператордың атауы _____________________________
(басшының колы, Т.А.Ә.)

Қағидаға
3-қосымша

_____________________________________
экспорттың бағыты
астықты экспорттау кезiнде көлiктiк шығыстарға арналған шығындардың құнын өтеуге өтiнiм

Күнi 20_ жылғы________________

Осымен Бiрыңғай оператор Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнен 2009 жылға егiннiң астығын экспорттау кезiнде көлiктiк шығыстарға арналған шығындардың құнын өтеу туралы 20__жылғы «___»_________ № ____ шартқа сәйкес республикалық бюджеттен ____ «__________________» республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша _______(________________) теңге сомасындағы қаражатты субсидия алушының цифрмен және жазумен

____________________ № _____ есеп шотына аударуды сұрайды.
банктiң атауы

____________________________ __________________________________
Бiрыңғай оператордың атауы (бiрiншi басшының қолы және Т.А.Ә.)

М.О.

Өтiнiмге оның ажырамас бөлiгi ретiнде мыналар қоса берiледi:
заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
нөмiрi көрсетiлген банк шотының бар болуы туралы банктiң анықтамасы.

Қағидаға
4-қосымша

«Бекiтемiн»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң
жауапты хатшысы
________________________
20__жылғы «___»_________

Нысан

Қазақстан Республикасының экономиканы жаңғырту
мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының 20__ж.«__» №_______ хаттамасына сәйкес 20_ж. «___»_______ №____ шартқа сәйкес___ «______» бюджеттiк бағдарламасы бойынша_________________________________ темiр жол көлiгiмен экспорттың бағыты астықты экспортқа тасымалдау кезiндегi шығындардың құнын арзандатуға бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қорытынды

Экспорттаушының атауы

Бiрыңғай оператормен жасалған көлiктiк экспедиция шартының нөмiрi мен күнi

____________ кезеңде
___________________ экспорттың бағыты тасымалданған барлық астық, тонна, кезеңi

1 тоннаға өтеу сомасы, теңге

______
бюджеттен аударуға жататын өтеу сомасы, теңге, кезеңi

1

2

4

5

6

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы ____________________

Қағидаға
5-қосымша

экспорттың бағыты
астықты экспортқа тасымалдау кезiндегi шығындар құнының бiр бөлiгiн өтеудi_______________ 20__ж.«__»_____№___растау актiсi
экспорттаушының атауы

Р/с №

Жөнелту №

Вагон №

Жөнелту станциясы

Кiретiн станциясы

Шығатын станциясы

Жеткiзу (шекарадан өту) станциясы (айлақ)

Жөнелту датасы (тасымалдау құжаттарындағы станцияның мөртабаны)

Тасымалдау көлемi, тонна

Тоннасына өтеу сомасы, теңге

Жалпы өтеу сомасы, теңге

1











2











3











4











5











6











7













жиыны

Экспорттаушының атауы Бiрыңғай оператордың атауы
_______________________ _____________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina