ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

Страницы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 Қаулысы

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1301 қаулысымен
бекiтiлген
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "нысан бойынша" және "нысандар бойынша" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «веб-сайтында», «веб-сайтының», «веб-сайтына», «веб-сайтын», «веб-сайттың», «веб-сайтта» деген сөздер «интернет-ресурсында», «интернет-ресурсының», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурсын», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурста» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесi
Осы Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәртiбiн анықтайды.
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жоспарлау
Ескерту. Кiшi бөлiмi және 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту
7. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген немесе нақтыланған жылдық жоспарының негiзiнде ғана қабылдайды.
7-1. Тапсырыс берушi тиiстi бюджеттiң (бизнес-жоспардың, кiрiстер мен шығыстар сметасының) негiзiнде мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi.
Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс берушi тиiстi бюджеттi (бизнес-жоспарды, кiрiстер мен шығыстар сметасын) бекiткен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде бекiтедi және ол мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
1) жылдар бойынша үш жылдық кезеңге мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберiнде сатып алынатын тауарлардың көлемi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс. Тиiстi бюджетте бекiтiлген сома болмаған жағдайда, болжамдық сома көрсетiледi;
2) Заңның 4-бабында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлi мен мерзiмдерiн;
3) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң жоспарланған мерзiмдерiн;
4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда әрбiр қаржы жылына бөлiнген және көзделген сома шегiнде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң жоспарланған мерзiмдерiн.
Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) және 32) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына қосуға жатпайды.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
8. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары бекiтiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оны мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жiбередi не ұсынады. Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не тапсырыс берушiнiң жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
9. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде уәкiлеттi органға көрсетiлген шешiмнiң көшiрмелерiн және енгiзiлген өзгерiстерi және (немесе) толықтырулары бар мемлекеттiк сатып алу жоспарынан үзiндi көшiрмелердi бередi. Көрсетiлген шешiмдерге тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не тапсырыс берушiнiң жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.
Мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарын тапсырыс берушi ақпараттық жүйелер мен электронды құжат айналымын пайдалана отырып, уәкiлеттi органға жiбередi.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
10. Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары Заңның 4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыратын тапсырыс берушiлердi және мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары өзiне «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк құпиялары бар мәлiметтер мен Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, таратылуы шектелген қызметтiк ақпараты бар мәлiметтердi қамтитын жағдайларды қоспағанда, оны бекiткен (нақтылаған) күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттiк сатып алудың веб-порталында орналастырылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2009.05.06 N 635 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.23 № 345 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
11. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алуды екi кезеңдi рәсiмдi пайдаланып, конкурс тәсiлiмен өткiзген жағдайда ғана бюджет бекiтiлгенге дейiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiм қабылдай алады.
Ескерту. Кiшi бөлiм 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
2. Жалпы ережелер
12. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындау үшiн тапсырыс берушi Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны анықтайды.
13. Егер тапсырыс берушi өзiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң атынан мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы болған жағдайда әрекет еткен жағдайда тапсырыс берушi өзiнiң бұйрығымен оны мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге жауапты етiп анықтайды.
Егер тапсырыс берушiнiң құрылымдық бөлiмшесi заңды тұлға болып табылған жағдайда тапсырыс берушi бұйрықпен оны мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге жауап етiп айқындайды.
Егер мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы болып үшiншi заңды тұлға әрекет ететiн болса, онда тапсырыс берушi онымен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге шарт жасасады.
Бұл ретте мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет ететiн жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушiмен, әлеуеттi өнiм берушiлермен, тиiстi комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынаста бiлдiретiн лауазымды тұлғаны анықтайды. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн орындауға жауапты құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң қатарынан анықталады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
14. Тапсырыс берушi тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырушысы бiр тараптан әрекет ететiн жағдайларды қоспағанда, алдағы мемлекеттiк сатып алуларда оның мүддесiн бiлдiретiн тапсырыс берушiнiң лауазымды тұлғасын анықтайды.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
15. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекеме, оған қатысты мемлекеттiк басқару органы болып әрекет ететiн заңды тұлға не оған қатысты бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi мемлекеттiк басқару органы болып әрекет ететiн заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
Мемлекеттiк кәсiпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
Дауыс беретiн акцияларының елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға онымен аффилиирленген тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi оған қатысты ол құрылтайшы (уәкiлеттi орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
16. Бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бiрнеше тапсырыс берушi үшiн олардың арасынан мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны белгiлеуге құқылы;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкiмi бiрнеше тапсырыс берушi үшiн олардың арасынан бiрыңғай мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны белгiлеуге құқылы;
3) тапсырыс берушi тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшiн мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде әрекет етуге құқылы;
4) тапсырыс берушi тапсырыс берушiге ведомстволық бағынысты бiрнеше мемлекеттiк мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшiн олардың арасынан мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысын белгiлеуге құқылы;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi оларға қатысты құрылтайшы (уәкiлеттi орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшiн ол мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде әрекет етуге құқылы.
Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны (мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны) анықтауға Заңның 7-бабының 3-тармағында белгiленген талаптарды сақтаған кезде жол берiледi.
17. Осы Ереженiң 16-тармағына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны анықтаған жағдайда тапсырыс берушiлер конкурсты ұйымдастырушыға ол белгiлеген мерзiмде конкурсты ұйымдастыру мен өткiзу үшiн қажеттi ақпаратты, оның iшiнде белгiленген жылдық жоспарды, сатып алынатын тауарлардың (қызметтердiң) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн, құрылыс жұмыстарын сатып алу кезiнде объект салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынады, сондай-ақ конкурсты бiрыңғай ұйымдастырушыны осы ақпараттағы барлық өзгерiстер туралы тез арада хабардар етедi. Бұл ретте тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алуды өткiзу жөнiндегi рәсiмдерге қатысу үшiн өзiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн анықтайды.
Бiрыңғай ұйымдастырушы өткiзген конкурстың қорытындысы бойынша тапсырыс берушiлер жеңiмпаздармен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасады.
18. Күрделi техникалық сипаттамалары және ерекшелiгi бар тауарлар, жұмыстар, қызметтер мемлекеттiк сатып алуды жүргiзген жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi осы Ережеде анықталған тәртiппен уақытша заңды тұлғалар бiрлестiктерiнен (консорциумдардан) сатып алады. Уақытша бiрлестiктердiң мемлекеттiк сатып алуларында қатысқан жағдайда, осындай заңды тұлғалар өз бiлiктiлiк талаптарын бекiту үшiн осы Ережеде белгiленген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды беруге тиiс:
1) заңды тұлғалардың (консорциумның) мүшелерi арасында жасалған нотариалды куәландырылған ортақ жауапкершiлiк шарты;
2) бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шартта көзделген қызмет бөлiгiнде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету құқығына арналған тиiстi лицензиялар.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
3. Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу
19. Конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу мынадай дәйектi iс-шаралардың орындалуын көздейдi:
1) тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны, тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлiн белгiлеуi;
2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлiн анықтауы;
3) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзiрлеуi, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруы және бекiтуi;
4) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын қалыптастыруы және оны бекiтуге ұсынуы;
5) тапсырыс берушiнiң конкурстық құжаттаманы бекiтуi;
6) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауы;
7) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн ұсынуы, сондай-ақ осындай әлеуеттi өнiм берушiлер туралы мәлiметтердi конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзуi;
8) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының осы Ереженiң 47-49-тармақтарында көзделген жағдайларда оның көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiруi;
9) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi тiркеу журналына тiркеуi;
10) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашуы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырысының тиiстi хаттамасын ресiмдеуi;
11) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесiн әлеуеттi өнiм берушiлерге не олар туралы мәлiметтер конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына енгiзiлген олардың уәкiлеттi өкiлдерiне жiберуi;
12) конкурстық комиссияның бiлiктiлiк талаптарға және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау үшiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауы;
13) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат етiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзбесiн қалыптастыруы және жiберу туралы тиiстi хаттаманы ресiмдеуi;
14) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiлерге рұқсат беру туралы хаттаманың көшiрмелерiн жiберуi;
15) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердi конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналында мәлiметтердi тiркеуi;
16) конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттердi ашу, конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы және салыстыруы (конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларын шығару);
17) конкурстық комиссияның конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдеуi және оған қол қоюы және Заңның 27-бабына сәйкес оны мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жiберуi;
18) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы жүргiзген конкурстың қорытындылары бойынша тапсырыс берушi конкурстың жеңiмпазымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасады.
Ескерту. ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
20. Тапсырыс берушi Заңның 5-бабы 10-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Конкурстық құжаттаманы әзiрлеу, келiсу және бекiту
21. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу шарттары мен тәртiбiн анықтау үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес Үлгi конкурстық құжаттаманың негiзiнде конкурстық құжаттаманы әзiрлейдi және оны тапсырыс берушiмен келiседi.
22. Конкурстық құжаттама мыналарды қамтуы тиiс:
1) әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң (және олар тартатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растауға ұсынатын құжаттардың тiзбесi;
құқықтық-қабiлетiн (заңды тұлғалар үшiн), жеке тұлғалар үшiн азаматтық әрекетке қабiлетiн растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар (кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелгенi туралы құжат, СТН, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi);
заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынуы тиiс. Қазақстан Республикасының резидент еместерi мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тiзiлiмiнен жария етiлген үзiндi көшiрменi ұсынуы тиiс;
әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер заңды тұлға қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген. Үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асырса, онда мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтайшы құжаттардан (жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалды куәландырылған көшiрме немесе конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдан кейiн берiлген акцияларды ұстаушылар тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған көшiрме;
төлем қабiлеттiлiгiн растайтын құжаттар:
Үлгi конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қолы және мөрi бар әлеуеттi өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы бiр айдан кейiн алынуға тиiс;
Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкiлеттiгiн растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуеттi өнiм берушiнi бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келмейдi деп тануға негiз болып табылмайды;
бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылдың 30 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жүргiзiлсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылуы мүмкiн;
үш айдан астам салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектiң жоқтығы туралы не конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр ай iшiнде берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешектiң болуы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.
Осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге әлеуеттi өнiм берушiнiң өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу сомасының бiр жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр не бiрнеше резидент банктерiнiң банктiк кепiлдiгi түрiнде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi ұсыну арқылы төлем қабiлеттiлiгi туралы жалпы бiлiктiлiк талабына сәйкестiгiн растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиiс. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердiң толық орындалуы үшiн конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмге әлеуеттi өнiм берушi ұсынады;
2) әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) оның қосалқы мердiгерлерi (бiрлесiп орындаушылар) олардың арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн беретiн құжаттардың тiзбесi;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес әлеуеттi өнiм берушiнiң және оның қосалқы мердiгерлерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы бiлiктiлiк және өзге талаптардың тiзбесiн қамтитын мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiк туралы мәлiметтер;
3) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жерi;
4) Үлгi конкурстық құжаттамаға 2, 3-қосымшаларға сәйкес белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық өзiндiк ерекшелiктi, ал қажет болған кезде нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасы және талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары. Өндiрiстiк және тұрғын-үй азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен үй-жайларды, сондай-ақ көлемдi, жазықты немесе желiлiк объектiлердi салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге арналған мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу кезiнде конкурстық құжаттама сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы қамтуға тиiс;
5) лот нөмiрiн, өлшем бiрлiгiн, жеткiзу санын, шарттарын, жеткiзу мерзiмi мен орнын, төлем шарттарын және сатып алуға бөлiнген соманы көрсете отырып, Үлгi конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi;
6) осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес үлгi шарттың негiзiнде әзiрленетiн елеулi шарттарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасы;
7) бағаны қоспағанда, оның негiзiнде конкурс жеңiмпазы анықталатын өлшемдер, оның iшiнде осындай өлшемдердiң әрқайсысының салыстырмалы мәнi және шартты бағаны есептеу әдiсi;
8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның iшiнде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасынан басқа, оларды тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтарды және алымдарды төлеуге арналған шығыстарды, сондай-ақ тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау шарттарында көзделген өзге шығыстарды, сондай-ақ Үлгi конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес баға ұсынысын беру нысанын көрсету;
9) конкурсқа қатысушының баға ұсынысы көрсетiлуге тиiс валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бiрыңғай валютаға келтiру үшiн қолданылатын бағам;
10) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдердi жасау және ұсыну тiлiне қойылатын талаптар, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар;
11) конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдi енгiзу шарттары, мазмұны және қамтамасыз ету түрлерi;
12) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өзiнiң өтiнiмiн оларды берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзгерту немесе қайтарып алу құқығына нұсқама;
13) конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсыну тәртiбi, тәсiлi, орны және соңғы мерзiмi (бiрақ жұмыс күнiнiң жергiлiктi уақытпен он бес сағатынан кешiктiрмей) және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң талап етiлетiн қолданылу мерзiмi (мемлекеттiк орган және мемлекеттiк мекеме өткiзетiн тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде 45 күн, ал, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайыздан астамы бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорын, заңды тұлға және олармен аффилиирленген заңды тұлға өткiзетiндiгi - кемiнде 35 күн болуға тиiс. Конкурстық құжаттамада көрсетiлгеннен қолданылу мерзiмi неғұрлым қысқа конкурстық өтiнiм кейiнге қалдырылады);
14) оның көмегiмен әлеуеттi өнiм берушiлер конкурстық құжаттаманың мазмұны жөнiнде түсiндiрулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру бойынша әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзу орнын, күнiн және уақытын сұратуы мүмкiн тәсiлдер;
15) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу орны, күнi мен уақыты (конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi берудiң соңғы мерзiмiнен кейiн екi сағаттан кешiктiрмей);
16) конкурс тәсiлiмен алдағы мемлекеттiк сатып алуларда бiлдiруге уәкiлеттi тапсырыс берушiнiң және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлдерi туралы мәлiметтер;
17) осы Ереженiң 156-тармағында анықталған жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу шарттары, түрлерi, көлемi мен тәсiлi;
18) конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сома туралы мәлiметтер (әрбiр лот бойынша);
19) жариялануға тиiс ақпаратты орналастыру жоспарланатын тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсының электрондық мекен-жайы;
20) Үлгi конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәнi болып табылатын жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер туралы және:
әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердiгерлiкке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетiлетiн қызметтер көлемiнiң үштен екiсiнен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәлiметтер.
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
23. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi ұсынатын конкурсқа қатысушыны анықтау және отандық кәсiпкерлердi қолдау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн мынадай өлшемдердi конкурстық құжаттамада көздеуге мiндеттi:
1) әлеуеттi өнiм берушiде:
өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында жұмыс тәжiрибесi;
өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарығында кәсiби бiлiктiлiк деңгейдегi мен жұмыс тәжiрибесi бар мамандар;
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларды отандық тауар өндiрушiлер үшiн ерiктi сертификаттауды жүргiзуiн растайтын құжат;
сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша мемлекеттiк стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментiнiң сертификатталған жүйесi (сертификатталған жүйелерi);
2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар;
3) қазақстандық мазмұн.
Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
24. Конкурстық құжаттама өзiнiң, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) мынадай құжаттардың бiреуiн беру арқылы жалпы бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растауға құқығын көздеуi тиiс:
1) әлеуеттi өнiм берушiге халықаралық рейтинг ұйымының рейтингiн берудi растайтын құжат;
2) әлеуеттi өнiм берушiнi ресми биржа листингiне енгiзу туралы қор не тауар биржасынан үзiндi көшiрме;
3) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28. N 786 Қаулысымен.
25. Егер өнiм берушi - Қазақстан Республикасының резидент емесi болса, онда оның бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн Қазақстан Республикасының резиденттерiне арналған құжаттар не конкурстық құжаттаманың тiлiне нотариалды куәландырылған аудармасымен Қазақстан Республикасының резидент емесi - әлеуеттi өнiм берушiсiнiң бiлiктiлiгi туралы ұқсас мәлiметтер бар құжаттар берiледi.
26. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әзiрлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға бекiтедi.
Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы әзiрлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не олардың мiндетiн атқаратын тұлғалар бекiтедi.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
27. Әр түрлi тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу жөнiндегi конкурсты ұйымдастыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлерi бойынша лоттарға, ал лоттарға бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi оларды жеткiзу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) орны бойынша ұйымдастырады және бөледi.
Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Конкурстық комиссияны, сарапшыны
(сараптау комиссиясын) бекiту
28. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмдерiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әрбiр конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын анықтайды.
Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешiмдi тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қабылдайды.
Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тiкелей тапсырыс берушiнiң өзi не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру рәсiмдерiн орындауға және өткiзуге жауапты өзiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң атынан әрекет ететiн болса, конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешiмдi тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қабылдайды.
Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына онымен келiсiм бойынша тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi органның өкiлдерiн енгiзе алады.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелiгiн әзiрлеу үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу кезеңiнде сараптау комиссиясын құра (сарапшыны тарта) алады.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
29. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелерi кiредi. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оны алмастыратын адам орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және кемiнде үш адам болуға тиiс.
Конкурстық комиссияның төрағасы болып мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиiс. Егер мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс берушi өзi әрекет ететiн болса, конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиiс. Егер мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы болып мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру рәсiмдерiн орындауға және өткiзуге жауапты өзiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң атынан тапсырыс берушi әрекет ететiн болса, конкурстық комиссияның төрағасы тапсырыс берушiнiң осы құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысынан төмен емес лауазымды адам анықталуы тиiс.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
30. Конкурстық комиссияның төрағасы:
1) конкурстық комиссияның жұмысын жоспарлауға және қызметiне басшылық жасауға;
2) конкурстық комиссияның отырыстарында төрағалық етуге;
3) осы Ережеде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыруға мiндеттi.
31. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешiм күшiне енген күннен бастап әрекет етедi және конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметiн тоқтатады.
32. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жай көпшiлiгi қатысқан кезде жүргiзiледi және конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерi, оның төрағасы, оның орынбасары және конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Қандай да бiр конкурстық комиссиясының мүшесi болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебi көрсетiледi. Конкурстық комиссияның кемiнде бiр мүшесi болмаған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының басшысы болмаған уақытта басқа қызметкермен ауыстыруды жүргiзедi.
Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
33. Конкурстық комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусы берiлген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. Конкурстық комиссияның шешiмiмен келiспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесi ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар, ол жазбаша түрде айтылуы және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуге тиiс.
34. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметiн конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етедi. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесi болып табылмайды және конкурстық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзуге жауапты мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлiмшесi лауазымды адамдарының қатарынан белгiленедi.
Конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажеттi құжаттармен қамтамасыз етедi, конкурстық комиссияның отырысын өткiзудi ұйымдастырады;
2) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасын, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларын ресiмдейдi және оларға қол қояды;
3) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық комиссия қол қойған отырыстар хаттамаларын, сараптаманың (сараптау комиссиясының) қорытындысын жiбередi;
4) конкурстық өтiнiмдердi ашқан сәттен бастап конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу құжаттарының және материалдардың сақталуын қамтамасыз етедi;
5) осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
35. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыда әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн анықтау үшiн тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сарапшылар ретiнде мемлекеттiк қызметшiлердi өтеусiз негiзде, ал өзге мамандарды тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы, сондай-ақ өтеусiз негiзде тартуы мүмкiн.
Сарапшы ретiнде қандай да бiр адамды тарту үшiн мемлекеттiк сатып алу мәнiне оның қызмет бейiнiнiң сәйкестiгi мiндеттi шарт болып табылады.
Сарапшыны ақылы негiзде таңдауды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
36. Бiрнеше сарапшыны тартқан жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың қатарынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан сараптау комиссиясының басшысын анықтайды.
37. Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi мәнiне сараптамалық қорытынды бередi және конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегiнде жасалған болса ғана оны конкурстық комиссия мiндеттi түрде ескередi. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi, оған сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелерi) қол қояды және конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттамаға қоса берiледi.
Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келiспеген жағдайда, осындай сарапшы жазбаша түрде ерекше пiкiр бiлдiредi, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса берiледi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады.
38. Ескерту. 38-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
39. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу басталғанға дейiн конкурстық комиссияның мүшелерi, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекiтiлген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысуға тиiс.
Әлеуеттi өнiм берушiлердi конкурс тәсiлiмен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асыру туралы хабардар ету
40. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушiлердi конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабардар ету Заңның 18-бабына сәйкес жүргiзiледi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында бар мәлiметтер конкурстық құжаттамада көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келуге тиiс.
41. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес ресiмделедi және мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, электрондық және почта мекен-жайы;
2) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауы;
3) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы уәкiлеттi өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, оның лауазымы және байланыс телефоны, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы;
4) тауарларды жiберудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң атауы, сондай-ақ талап етiлетiн көлемi, орны мен мерзiмi;
5) конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алу орны мен тәсiлдерi;
6) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беру орны және түпкiлiктi мерзiмi, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнi, уақыты мен орны;
7) әлеуеттi өнiм берушiнiң егер осындай төлем конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн бергенi үшiн төлемдi енгiзуiне арналған мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi;
8) әлеуеттi өнiм берушiнiң өкiлiнде конкурстық құжаттаманың көшiрмелерiн алу жөнiндегi өкiлеттiктердiң болу шарты.
Ескерту. 41-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық
құжаттаманың көшiрмесiн беру
42. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында белгiленген талаптарды ескере отырып, қағаз жеткiзгiшпен не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсына орналастыру арқылы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн әлеуеттi өнiм берушiге (оның уәкiлеттi өкiлiне) беруге тиiс.
Егер конкурстық құжаттамада конкурстық құжаттаманы бергенi үшiн төлем алу көзделген болса, онда конкурстық құжаттаманың көшiрмесi әлеуеттi өнiм берушiге дәл осы күнi ол көрсетiлген төлемдi енгiзгеннен кейiн ғана берiледi. Төлемнiң мөлшерi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн дайындауға шығыстарынан аспауға тиiс.
Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
43. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алуға әлеуеттi өнiм берушi өкiлiнiң тиiстi түрде ресiмделген өкiлеттiктерiн құжатты растаманың болуын тексередi;
2) әлеуеттi өнiм берушiнiң не оның уәкiлеттi өкiлiнiң конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн бергенi үшiн төлемдi енгiзу туралы құжатты растаманың болуын тексередi;
3) конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған адамдарды тiркеу журналына осы Ереженiң 44-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтердi енгiзедi;
4) әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiне қол қойдыра отырып конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн бередi;
5) осы Ереженiң 45, 47, 76-тармақтарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
44. Конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған адамдарды тiркеу журналында мынадай мәлiметтер көрсетiлуге тиiс:
1) конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң атауы мен мерзiмi;
2) тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы, олардың орналасқан жерi;
3) әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi;
4) әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы, орналасқан жерi және байланыс телефоны;
5) конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлi алған уақыт пен күн;
6) егер осындай төлемдi алу туралы нұсқама конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламада қамтылған болса, конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн бергенi үшiн төлемнiң енгiзiлу фактiсi.
45. Конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған адамдарды тiркеу журналы тiгiлуi, беттерi нөмiрленуi және оған мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы алдын ала қол қоюы тиiс. Конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған адамдарды тiркеу журналының соңғы бетi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мөрiмен бекiтiлуге тиiс. Бiр қаржы жылының iшiнде конкурс тәсiлiмен барлық тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған адамдарды бiрыңғай тiркеу журналын жүргiзуге жол берiледi.
Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
46. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланғанға дейiн конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн беруге жол берiлмейдi.
Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру
47. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiрудi, конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру жөнiндегi кездесулердi ұйымдастыруды, түсiндiрулер мәтiндерiн жiберудi, жариялауды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы жүргiзедi, конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу Заңның 20-бабында белгiленген мерзiмде және тәртiппен жүзеге асырылады.
Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру бойынша әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесудiң хаттамасы осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес ресiмделедi және мыналарды қамтуға тиiс:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, сондай-ақ олардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарын және әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесуде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны ұсынған сарапшылар туралы ақпаратты;
2) олардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан әлеуеттi өнiм берушiлер не олардың уәкiлеттi өкiлдерi туралы ақпаратты, сондай-ақ осындай адамның конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру бойынша мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуде әлеуеттi өнiм берушiнi ұсыну өкiлеттiгiн растайтын құжатты;
3) олардың көзiн көрсетпестен, конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы ұсынылған сұрауларды;
4) әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрауларына мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жауаптарын;
5) бекiтiлген конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу қажеттiлiгiне не қажеттiлiктiң жоқтығына нұсқаманы.
Ескерту. 47-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
48. Әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесудiң хаттамасына мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны ұсынған адамдар, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiлер немесе олар уәкiлеттiк берген өкiлдер қол қоюға тиiс.
49. Егер конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру бойынша әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу конкурстық құжаттамада тағайындалған кездесу өтетiн күн мен уақытта әлеуеттi өнiм берушiлердiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң келмеуi себебiнен өтпеген болса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсетiлген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде конкурстық комиссияға осындай факт туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Ескерту. 49-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң мазмұны және оларды беру
50. Конкурсқа қатысуға өтiнiм конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды берудi (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi) жүзеге асыруға келiсiмiн бiлдiру нысаны болып табылады.
51. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтiнiм:
1) Үлгi конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес әлеуеттi өнiм берушi толтырған және қол қойған өтiнiмдi;
2) әлеуеттi өнiм берушiнiң жалпы бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн ол ұсынатын құжаттардың тiзбесiн;
құқылық қабiлетiн (заңды тұлғалар үшiн), азаматтық әрекетке қабiлетiн (жеке тұлғалар үшiн) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынуға тиiс. Қазақстан Республикасының резидент еместерi мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тiзiлiмiнен жария етiлген көшiрменi ұсынуға тиiс;
лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн. Егер заңды тұлға қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген Үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалдық куәландырылған үзiндi көшiрмесiн (жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) не конверттердi ашатын күннiң алдындағы бiр айдан кешiктiрiлмей берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен нотариалдық куәландырылған үзiндi көшiрменi;
төлем қабiлеттiлiгiн растайтын құжаттарды;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қолы және мөрi бар әлеуеттi өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарын, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлуi тиiс;
бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылдың 30 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жүргiзiлсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылуы мүмкiн;
үш айдан астам (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы не конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр ай iшiнде берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешектiң болуы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.
3) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) оның қосалқы мердiгерлерiнiң (бiрлесiп орындаушыларының) арнайы бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар:
Үлгi конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес әлеуеттi өнiм берушiнiң және оның қосалқы мердiгерлерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы бiлiктiлiк және өзге талаптардың толық тiзбесiн қамтитын мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiк туралы мәлiметтер.
Егер әлеуеттi өнiм берушi жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлесiп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды беруге тиiс.
Өтiнiм сондай-ақ осындайлар болған жағдайда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемдердi растайтын құжаттарды қамтуға тиiс.
Өтiнiм сондай-ақ Үлгi конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәнi болып табылатын жұмыстарды орындау жөнiнде қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiнде бiрлесiп орындаушылар) туралы және әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердiгерлiкке (қоса орындауға) жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетiлетiн қызметтер көлемiнiң жиынтығында үштен екiсiнен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.
4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелiгiн, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету мерзiмдерiн және (немесе) көлемдерiн, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепiлдiгi, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету кестесi (әдiстерi) және шарттары туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс;
5) банк кепiлдiгi не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотында орналастырылатын кепiлдiк берiлген ақша жарнасын растайтын төлем құжаты түрiнде Заңда белгiленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету;
6) (алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
7) (алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
8) конкурста қатысуға және конкурстық комиссияның отырыстарында қатысуға өтiнiмдерге қол қою құқығына әлеуеттi өнiм берушiнiң жарғысына сәйкес сенiмхатсыз қол қою құқығы бар әлеуеттi өнiм берушiнiң бiрiншi басшысын қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң мүддесiн бiлдiретiн тұлғаға (тұлғаларға) сенiмхат.
Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушi - жеке тұлғаның өтiнiмi де тиiстi мемлекеттiк орган берген, заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқық қабiлеттiгiнiң болуын растау үшiн) және әлеуеттi өнiм берушiнiң ұсынылатын тауарға, көрсетiлетiн қызметтерге иелiк ету құқығын растайтын құжаттарды қамтуға тиiс.
Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
52. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi сатып алуды ұйымдастырушыға тiгiлген түрде, нөмiрленген беттермен бередi және соңғы бетi оның қолымен және мөрiмен (жеке тұлға үшiн егер осындай болса) расталады.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң техникалық ерекшелiгi тiгiлген түрде, нөмiрленген беттермен, соңғы бетi әлеуеттi өнiм берушiнiң қолымен және мөрiмен расталған (жеке тұлға үшiн егер осындай болса) және конкурста қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке берiледi.
53. Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң нысаны басып шығарылуы немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуы және оған әлеуеттi өнiм берушi қол қоюы және мөрмен расталуы (жеке тұлға үшiн егер осындай болса) тиiс.
54. Конкурстық өтiнiмде әлеуеттi өнiм берушi грамматикалық немесе арифметикалық қателердi жөндеу қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кiрiстiрмелер, өшiрулер немесе қосымша жазулар болмауға тиiс.
55. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi оларды берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн желiмделген конвертте бередi, оның сыртқы бетiнде әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешiккен" болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтiн: "САТЫП АЛУ ЖӨНIНДЕГI КОНКУРС (конкурстың атауы көрсетiледi)" және "ДЕЙIН АШПАҢЫЗ (конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ашатын күн мен уақыт көрсетiледi)".
56. Белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн берiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттер конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына тiркелмейдi, ашылмайды және әлеуеттi өнiм берушiге қайтарылады.
57. Конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiм iшiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi қабылдайды.
58. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы:
1) әлеуеттi өнiм берушiнiң атынан конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсынған әлеуеттi өнiм берушi өкiлiнiң өкiлеттiктерiне құжаттамалық растаманың болуын тексередi;
2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттерде осы Ереженiң 55-тармағында көзделген мәлiметтердiң болуын тексередi. Осы Ереженiң 55-тармағының талаптарын бұзып ресiмделген конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттер тiркеуге жатпайды және оларды:
конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттi почта байланысы арқылы алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлерге;
конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсынған әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiне тез арада қайтарады;
3) тиiстi түрде ресiмделген конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттердi қабылдайды және осы тармақта көзделген мәлiметтердi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына енгiзедi;
4) конкурсқа қатысуға өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн конкурсқа қатысуға енгiзiлген өтiнiмге өзгерiстер мен толықтыруларды қабылдайды;
5) конкурсқа қатысуға өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн оны қайтарып алған жағдайда конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтаруды қамтамасыз етедi.
Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверт оларды берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн тiркелуге жатпайды және осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәртiппен және мерзiмде қайтарылады.
Әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауын және почталық мекен-жайын көрсетпей берiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмi бар конверт тiркеуге және ашуға жатпайды, бiрақ күнтiзбелiк жыл iшiнде сақтауға жатады.
Ескерту. 58-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
59. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналында мынадай мәлiметтердi көрсетедi:
1) конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауы мен өткiзiлетiн мерзiмiн;
2) тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық атауын, олардың почталық мекен-жайын;
3) Ескерту. 3) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен ;
4) әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын;
5) әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы мен почталық мекен-жайын, оның СТН-iн;
6) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттi тiркейтiн күн мен уақытты;
7) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмге енгiзген өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң тiркеу журналына мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осындай бас тартудың себебiн айта отырып, конкурсқа қатысуға өтiнiмдерiн тiркеуден бас тартылған әлеуеттi өнiм берушiлердi көрсетедi.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң тiркеу журналы тiгiлген, беттерi нөмiрленген және оған мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы бұрыштама соғуы тиiс, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналының соңғы бетi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс. Бiр қаржы жылы iшiнде конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi барлық мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеудiң бiрыңғай журналын жүргiзуге рұқсат етiледi.
Ескерту. 59-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
60. Әлеуеттi өнiм берушi өзi енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, конкурстық өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн конкурсқа қатысуға өзiнiң өтiнiмiн өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн. Өзгерiстер енгiзу конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң өзi сияқты дайындалуға, мөр басылуға және ұсынылуға тиiс.
61. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атына әлеуеттi өнiм берушiнiң қолы қойылған және мөрмен бекiтiлген (жеке тұлға үшiн егер осындай болса) еркiн өтiнiш түрiнде ресiмделедi.
62. Конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiс енгiзу не конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу, егер оларды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн алса, жарамды болып табылады.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмге оларды берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн ешқандай өзгерiстер енгiзiлмеуге тиiс.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету
63. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн конкурсқа (лотқа) бөлiнген соманың бiр пайызы мөлшерiнде әлеуеттi өнiм берушi енгiзедi. Әлеуеттi өнiм берушi конкурстық өтiнiм берiлетiн лоттарға ғана конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамсыздандыруды енгiзедi.
Ескерту. 63-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
64. Әлеуеттi өнiм берушi конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi:
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiктi ақшалай жарна;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес банктiк кепiлдiк түрiнде енгiзедi.
65. Ескерту. 65-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
66. Банктiк кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмнiң өзiнiң қолданылу мерзiмiнен кем болмауға тиiс. Әлеуеттi өнiм берушiнiң өтiнiмнiң өзiн ұзарту мерзiмiне банк кепiлдiгiнiң әрекет ету мерзiмiн ұзартуына жол берiледi.
67. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамсыздандыруды, егер ол:
1) екi сатылы рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi сатысында;
2) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыспен көзделген қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысса, қамсыздандыруға шығармайды.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
68. Заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етуi жоқ барлық конкурстық өтiнiмдердi конкурстық комиссия конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермейтiн ретiнде кейiнге қалдырады.
69. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi Заңның 23-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қайтармайды.
70. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету Заңның 23-бабының 7-тармағында айтылған жағдайлар басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.
Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн
қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу
71. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашуды конкурстық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен күнi, уақытта және орында конкурстық комиссияның қарапайым көпшiлiгiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлiнiң, әлеуеттi өнiм берушiлердiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен жүргiзедi.
72. Егер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашудың тағайындалған күнi конкурстық комиссия мүшелерiнiң қажеттi саны, конкурстық комиссияның хатшысы болмаса, онда конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасары конверттердi ашудың тағайындалған уақытына дейiн үш сағаттан кешiктiрмей бұл туралы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны жазбаша не ауызша хабардар етедi, ол конверттердi ашу рәсiмi басталғанға дейiн осындай алмастырудың себебiн көрсете отырып, конкурстық комиссияның жоқ мүшелерiн, конкурстық комиссияның хатшысын алмастыру бөлiгiнде конкурстық комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзу туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 72-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
73. Конкурстық комиссияның отырысы басталғанға дейiн конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiн жүзеге асыру кезiнде әлеуеттi өнiм берушiлердiң мүдделерiн бiлдiруге әлеуеттi өнiм берушiлер өкiлдерiнiң құжатты түрде ресiмделген өкiлеттiгiн тексередi.
74. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында және конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмде берiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттер ашылуға жатады.
75. Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа (лотқа) қатысуға бiр ғана өтiнiм ұсынылған жағдайда да конкурсқа қатысуға өтiнiм осы Ережеге сәйкес ашылады және қаралады.
76. Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысында:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды:
конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының құрамы;
конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлердiң саны;
әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуларының болуы не болмауы, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру бойынша әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзуi;
конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу фактiсiнiң болуы немесе болмауы, сондай-ақ себептерi;
белгiленген мерзiмде конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналында тiркелген конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берген әлеуеттi өтiнiм берушiлер туралы ақпараттандырады;
хронологиялық тәртiппен конкурсқа қатысуға өтiнiм берген әрбiр әлеуеттi өнiм берушi туралы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына енгiзiлген мәлiметтердi жария етедi;
осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жария етедi;
2) төраға не конкурстық комиссия мүшелерiнiң қатарынан төраға анықтаған адам:
конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашады және өтiнiмде қамтылған құжаттардың тiзбесiн және олардың қысқаша мазмұнын жария етедi;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес өтiнiмдер салынған конверттердi ашудың тиiстi хаттамасын ресiмдейдi;
әлеуеттi өнiм берушiлердi немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiн конкурстық комиссия отырысының көрсетiлген хаттамасының көшiрмесiн ала алатын мерзiм туралы ақпараттандырады.
Ескерту. 76-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
77. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасына отырысқа қатысушы конкурстық комиссияның барлық мүшелерi, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр бетiне бұрыштама соғады.
78. Көрсетiлген хаттаманың көшiрмесi конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы күнiнен кейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлерге немесе конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкiлеттi өкiлдерiне, ал болмағандарға - сұрау салуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде олардың жазбаша сұрау салуы бойынша берiледi.
79. Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы күнiнен кейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашудың қол қойылған хаттамасының мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсына жариялайды.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау,
конкурсқа қатысуға рұқсат беру
80. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарайды және конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде (күрделi техникалық сипаттамалары мен ерекшелiгi бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi күрделi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзген жағдайда осындай өтiнiмдер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен бастап жиырма күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады) әлеуеттi өнiм берушiлердi конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелер, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурс қатысушысы деп тану) туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қол қояды, әрбiр бетке бұрыштама қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға болған кезде сараптамалық қорытынды не конкурстық комиссия мүшесiнiң ерекше пiкiрi, сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi қоса тiркелуi мүмкiн.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
81. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияның хатшысы:
1) төрағамен, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарымен конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы өткiзiлетiн күн мен уақытты келiседi;
2) конкурстық комиссияның мүшелерiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы өткiзiлетiн күн мен уақыт туралы хабардар етедi;
3) конкурстық комиссияның қарауына әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көзделген бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдерiн уақытша беру журналында қол қоя отырып, әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзуiн растайтын құжаттарды бередi;
4) сарапшыны (сараптау комиссиясын) тартқан жағдайда әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдерiн уақытша беру журналында қол қоя отырып, әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынуға тиiс.
82. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдерiн уақытша беру журналы мыналарды:
конкурсқа қатысуға өтiнiмдi құрайтын құжаттардың дестесiне кiретiн құжаттың атауын;
бет сандарын;
конкурстық өтiнiм құжаттарын алған адамның тегiн, аты-жөнiн және қолын, оларды алу күнiн;
конкурстық өтiнiм құжаттарын керi алу туралы куәландыратын конкурстық комиссия хатшысының тегiн, аты-жөнiн және қолын, оларды алу күнiн қамтуға тиiс.
83. Конкурстық комиссияның мүшелерi, сарапшы (сараптау комиссиясының жетекшiсi) конкурстық комиссияның хатшысына қайтарғанға дейiн оларды қарау уақытында әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық өтiнiмi құжаттарының сақталуын қамтамасыз етедi.
Ескерту. 83-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
84. Өтiнiмдердi қарау жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы осындай комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгiнiң қатысуымен өткiзiледi.
85. Конкурстық комиссия отырысын өткiзбей конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауға жол берiлмейдi.
86. Конкурстық комиссия:
1) әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдерiн құрайтын құжаттар бумасының толықтығы мен тиiсiнше ресiмделу мәнiне қарайды;
2) құжаттардың толық емес тiзбесiн ұсынған және (немесе) тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттарды ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды;
3) жазбаша нысанда конкурсқа қатысуға өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiлерден конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң қаралуын, оларды бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi сұратады;
4) конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде бар мәлiметтердi нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша нысанда қажеттi ақпаратты сұратады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұраулары мен өзге де әрекеттерiне жол берiлмейдi. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттамаға сәйкес келтiру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге бағытталған әрекеттерi түсiнiледi;
5) бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды және конкурстың қатысушылары деп таниды.
Конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiлердiң жалпы бiлiктiлiк талаптарына олардың банкроттау рәсiмiне қатысы жоқтығы бөлiгiнде сәйкес келуiн нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттау рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
87. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдi енгiзiлген қамтамасыз етудi мынадай жағдайда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейдi деп таниды:
1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болғанда;
2) конкурстық комиссияға:
конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi берген адамды;
қатысу үшiн өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу атауын;
өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген адамды;
оның пайдасына конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн адамды анықтауға мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң болмауымен көрiнетiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиесiлi ресiмделмегенде;
3) конкурстық өтiнiмдi қамсыздандыруға конкурсқа (лотқа) бөлiнген соманың бiр пайыздан кем мөлшерiнде енгiзiлсе.
Ескерту. 87-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
87-1. Заңды тұлға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi (конкурс қатысушысы деп танылған), егер:
1) ол және (немесе) қосалқы мердiгер не бiрлесiп атқарушы мынадай:
заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн және сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған көшiрмесiн бермеу, мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiне аудара отырып нотариалдық куәландырылған сауда тiзiлiмiнен жария етiлген үзiндi көшiрмесiн бермеу;
әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн бермеу;
заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн не егер заңды тұлға қызметiн Үлгiлiк жарғының негiзiнде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн бермеу;
жарғыдан немесе құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтайшы құжаттардан нотариалдық куәландырылған көшiрменi (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаса) не конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр ай iшiнде берiлген акцияларды ұстаушылар тiзiлiмiнен нотариалдық куәландырылған көшiрменi бермеу;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қолдары және мөрлерi бар әлеуеттi өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтаманың конверттердi ашатын күннiң алдындағы бiр ай iшiнде берiлген түпнұсқасын (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктердiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердiң әрқайсысынан бермеуi) бермеу;
банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасында әлеуеттi өнiм берушiнiң осы анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң болуы;
бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған және заңды тұлғаның мөрiмен нықталған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасын немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн не егер конверттердi ашу ағымдағы жылдың 30 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде жүргiзiлген жағдайда, бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған және заңды тұлғаның мөрiмен нықталған соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн бермеу;
конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашатын күннiң алдындағы бiр ай iшiнде берiлген үш айдан астам (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқтығы не кемiнде бiр теңгелiк салық берешегiнiң және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң болуы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын бермеу;
тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бiр теңге мөлшерiнде және одан да асатын салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң болуы;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес бiлiктiлiк туралы мәлiметтердi бермеу;
әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген арнайы бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келмеу негiздемелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;
бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактiсi анықталса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмi мына:
Үлгi конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiм ұсынбау;
техникалық ерекшелiктi ұсынбау;
әлеуеттi өнiм берушiнiң неғұрлым жақсы техникалық, сапалы және пайдалану сипаты бар техникалық ерекшелiктердi беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн ерекшелiктi беруi;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәнi болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерге (бiрлесiп орындаушыларға) беретiн (әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) тартқан жағдайда) жұмыстар мен қызмет түрлерiн орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер туралы мәлiметтер берiлмеген;
қосалқы мердiгерлер туралы мәлiметтер берген жағдайда, әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) қосалқы мердiгерлiкке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетiлетiн қызметтер көлемiнiң үштен екiсiнен астамын беру;
конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қамтамасыз етiлуiн ұсынбау негiздемелерi бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейдi деп анықталса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
Ескерту. 87-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
87-2. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi (конкурс қатысушысы болып танылған), егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi не бiрлесiп орындаушы мынадай:
тиiстi мемлекеттiк орган берген заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн бермеу;
жеке куәлiктiң (паспорт) нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн бермеу;
әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн бермеу;
СТН-ның нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн бермеу;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қолдары және мөрлерi бар әлеуеттi өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтаманың конверттердi ашатын күннiң алдындағы бiр ай iшiнде берiлген түпнұсқасын (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктердiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердiң әрқайсысынан бермеуi) бермеу;
банктiң немесе банк филиалының қолы және мөрi қойылған анықтаманың түпнұсқасында әлеуеттi өнiм берушiнiң осы анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң болуы;
конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашатын күннiң алдындағы бiр ай iшiнде берiлген үш айдан астам салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзiмi ұзартылған жағдайларды қоспағанда) немесе конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр ай iшiнде алынған бiр теңгеден кем салықтық берешектiң және мiндеттi зейнетақы жарнасы және әлеуметтiк есептеулер бойынша берешектiң болуы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын бермеу;
тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бiр теңге мөлшерiнде және одан да асатын салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң болуы;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес бiлiктiлiк туралы мәлiметтердiң ұсынылмауы;
әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген арнайы бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келмеу негiздемелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарға сәйкес болмауы;
бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактiсi анықталса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтiнiм мынадай негiздер бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтiн болып анықталса:
Үлгi конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiм ұсынылмаса;
техникалық ерекшелiктер ұсынылмаса;
аса жақсырақ техникалық, сапалы және пайдалануға беру сипаттары бар техникалық ерекшелiктi ұсыну жағдайларын қоспағанда конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелiктерiнде белгiленген талаптарға сәйкес емес техникалық ерекшелiктердi әлеуеттi өнiм берушi ұсынса;
конкурста сатып алу мәнi болып табылатын жұмысты орындау бойынша мердiгерлер туралы (қызметтi көрсету кезiнде мәлiметтiң берiлмеуi (қызметтi көрсету кезiнде қоса орындаушылар), сондай-ақ Үлгi конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрi (әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлердi тартқан жағдайда (бiрлесiп орындаушылар);
әлеуеттi өнiм берушiлердiң қосалқы мердiгерге қоса алғанда жұмыстың екiден үш көлемiн (құрылыс бағасын) мердiгерлiкке (бiрлесiп орындауға), қосалқы мердiгерлер туралы мәлiметтер ұсынылған жағдайда қызметтердi беруi;
конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамсыздандыруды ұсынбаса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
Ескерту. 87-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
88. Сарапшы не сараптама комиссиясы төраға белгiлеген мерзiмде, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қарау мерзiмiнен кешiктiрмей:
1) олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесiлi ресiмделуi мәнiне қарайды және өз құзыретi шегiнде зерделейдi;
2) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң, конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiк қызметтерiнiң сәйкестiгi не сәйкес келмеуi туралы сараптау қорытындысын ресiмдейдi және оған қол қояды;
3) тиесiлi түрде ресiмделген сараптамалық қорытынды ұсынады, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына бередi.
89. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пiкiр бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар әр бетiне қол қояды және бұрыштама соғады.
90. Сарапшының (сараптама комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейiн конкурстық комиссияның хатшысы:
1) бұл туралы төрағаға, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына хабардар етедi және онымен конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындыларын шығару үшiн конкурстық комиссия отырысы өткiзiлетiн күн мен уақытты келiседi;
2) конкурстық комиссияның мүшелерiне, сондай-ақ сарапшыға (сараптама комиссиясына) конкурстық комиссия отырысы өткiзiлетiн белгiленген күн мен уақыт туралы хабардар етедi.
91. Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысында:
1) конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшелерiн сарапшының (сараптама комиссиясының) сараптамалық қорытындысының көшiрмесiмен қамтамасыз етедi;
2) сараптама комиссиясының сарапшысы не басшысы негiзделген қорытындылармен, оның iшiнде сараптама комиссиясы сарапшысының ерекше пiкiрi бар қорытындылармен (егер осындайлар болса) бiрге сараптамалық қорытынды жариялайды, қажет болған кезде конкурстық комиссияның мүшелерiне сараптамалық қорытындының қорытындыларын түсiндiредi;
3) конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiм берген әрбiр әлеуеттi өнiм берушiге қолданылатын Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердiң пайыздық шамасын есептейдi;
4) конкурстық комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындыларын шығарады;
5) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресiмдейдi.
92. Конкурсқа қатысуға өтiнiм, егер онда ұсынылған өтiнiмнiң мәнiне тиiспей жөндеуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болғанда конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бередi деп танылады.
93. Егер неғұрлым үздiк функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздiк технологиялық шешiмдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орынды ұсынылса әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық ерекшелiгiнiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген техникалық ерекшелiкке сәйкес келмеуiне жол берiледi.
94. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген негiздер бойынша конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
95. Конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау және салыстыру кезiнде Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған, конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердi ескередi және оларды тең мөлшерде барлық конкурстық өтiнiмдерге қолданады.
Әлеуеттi өнiм берушi конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемдi растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолданбайды. Конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолдану үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынған шарттар мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа енгiзiлуi тиiс.
Ескерту. 95-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
96. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысатын әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыс тәжiрибесiнiң болуы мәселесiн қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету нарығында ғана жұмыс тәжiрибесiн қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң бағасын шартты түрде әлеуеттi өнiм берушiнiң бiр жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарықтағы жұмыс тәжiрибесiнiң болған әрбiр жылға жарты пайызға (0,5%), бiрақ бес проценттен аспай азайтады. Бiр жылға дейiн жұмыс тәжiрибесi болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгiленбейдi. Осы өлшемнiң конкурстық өтiнiмiнiң шартты бағасына жиынтық пайыздық әсер бес пайыздан аспауға тиiс.
Ескерту. 96-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
97. Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудiң ең аз құны бар конкурстық өтiнiмдi айқындайды және осындай конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасын екi пайызға азайтады. Осы өлшемнiң конкурстық өтiнiмнiң бағасына жиынтық пайыздық әсерi екi пайыздан аспауға тиiс.
98. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасын әлеуеттi өнiм берушiнiң бiршама басқа әлеуеттi өнiм берушiлерге қарағанда тиiстi бейiндi неғұрлым бiлiктi қызметкерлердi бергенi үшiн азайтады.
Ескерту. 98-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
99. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауарөндiрушi үшiн ұсынылған тауарларды ерiктi сертификаттауды жүргiзудi растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осындай конкурстық өтiнiмнiң бағасын екi пайызға азайтады.
Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
100. Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментi жүйесiн сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтiнiмнiң бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.
Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
101. Әлеуеттi өнiм берушi жеткiзiлетiн тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, ұсынылатын қызметтердiң конкурстық құжаттамаға сәйкестiгiн қамтамасыз ете отырып, ұсынылатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң пайдалану сипаттамаларына кепiлдiк берiлетiн кезеңдi көрсетедi. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасынан, егер конкурстық өтiнiмде ұсынылатын кепiлдiк кезеңi конкурстық құжаттамада көрсетiлген базалықтан артық болған жағдайда, әрбiр жыл үшiн жарты пайызды (0,5%) алып тастайды. Бұл ретте осы өлшемнiң конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасына пайыздық әсерi үш пайыздан аспауға тиiс.
Ескерту. 101-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
102. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары үшiн конкурстық өтiнiмдердiң шартты бағасына әсер ететiн бiр пайызды белгiлейдi. Осы өлшемдердiң конкурстық өтiнiмнiң бағасына жиынтық пайыздық әсерi бiр пайыздан аспауға тиiс.
102-1. Қазақстандық мазмұнның болуын қарастыру кезiнде конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасын қазақстандық мазмұнның әрбiр пайызы үшiн нөл бүтiн оннан бiр (0,1) пайызға азайтады.
Тауарда қазақстандық мазмұнның болуы CT-KZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.
Тауарларды әлеуеттi өнiм берушi сатып алынатын тауардың отандық тауар өндiрушiсi болған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң бағасын қазақстандық мазмұн болғаны үшiн он пайызға шартты түрде азайтады.
Тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi әлеуеттi өнiм берушiнiң қазақстандық мазмұны жалпы еңбекақы төлеу қорынан мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы төлеу құнының және осы конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн көзделген жалпы сомадан тiкелей де, қосалқы мердiгер шарттарын жасасу арқылы да тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау үшiн әлеуеттi өнiм берушi сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң жеткiлiктi қайта өңдеу немесе толық өндiру өлшемдерiне сәйкес тауарда (тауарларда) белгiленген қазақстандық мазмұнның үлесi (үлестерi) құнының пайыздық мазмұны ретiнде анықталады.
Ескерту. 102-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
103. Конкурстық комиссия отандық тауар өндiрушiлердiң конкурстық өтiнiмiнiң бағасын он пайызға, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық әлеуеттi өнiм берушiсiнiң - бес пайызға азайтады.
Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
104. Ескерту. 104-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
105. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күнiнен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген хаттаманың көшiрмесiн конкурсқа қатысуға өтiнiм берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмде:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшiрмесiн олар туралы мәлiметтер конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң мекен-жайына беру не жiберу;
2) қол қойылған хаттама мәтiнiнiң тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастырылуы.
Ескерту. 105-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Конкурстық баға ұсыныстарын (конкурс)
бағалау және салыстыру
106. Конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушi (конкурсқа қатысушы) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсынысы салынған конверттi беруге тиiс.
107. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген күнi, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнiнде отырыс өткiзедi.
108. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген мерзiм iшiнде конкурстық комиссияның хатшысы:
1) конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi беру және конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшiн конкурсқа қатысушылардың өкiлдерiнде өкiлеттiктерiнiң құжаттамалық расталуының болуына көз жеткiзедi;
2) конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына конкурсқа қатысушылар не олардың уәкiлеттi өкiлдерi туралы мәлiметтердi енгiзедi.
109. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген уақыт өткеннен кейiн ұсынылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер бағалауға және салыстыруға қабылданбайды.
110. Конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына конкурстық комиссияның хатшысы осындай бас тартудың себебiн баяндай отырып, конкурсқа қатысушылардың тiзiмiн көрсетедi.
111. Конкурстық комиссияның отырысында:
1) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерiнiң арасынан төраға белгiлеген адам:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi оларды тiркеудiң хронологиялық тәртiбiмен ашады;
конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын тiркеудiң хронологиялық тәртiбiмен жариялайды;
конкурстық комиссияның төрағасына конкурстық баға ұсыныстары бар ашылған конверттердi бередi;
2) конкурстық комиссия:
конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды конкурс тәсiлiмен жүзеге асыру үшiн бөлiнген сомадан асып түсетiн конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды;
осы Ережеде белгiленген жағдайда демпингтiк бағаны айқындайды және демпингтiк болып табылатын конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;
егер осы тармақшада көрсетiлген негiздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейiн конкурсқа қатысушылардың екi және одан да көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысқан жағдайда, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына қатысты конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген өлшемдердiң пайыздық мәнiн қолдану арқылы айқындайды;
конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын салыстырады және олардың iшiнен ең төменгi шартты баға негiзiнде конкурстың жеңiмпазын айқындайды.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы теңескен кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiсi жеңiмпаз болып анықталады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiлерiнiң конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы теңескен кезде конкурстың мәнi болып табылатын сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында көбiрек тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң отандық берушiсi жеңiмпаз болып анықталады.
Ескерту. 111-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
112. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссия отырыстарының нәтижелерi бойынша:
1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды жүргiзу күнi:
конкурстық комиссияның отырыстарына қатысып отырған адамдарға конкурс тәсiлiмен жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерiн жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңiмпазын хабарлайды;
конкурс жеңiмпазына конкурстық комиссияның төрағасы не оның мiндетiн атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны бередi;
конкурсқа қатысушыларға не олардың уәкiлеттi өкiлдерiне конкурс тәсiлiмен жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесi ұсынылатын күн, уақыт пен орын туралы ақпарат бередi;
2) конкурстық комиссияның хатшысы:
конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссия отырысы өткiзiлген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерiнiң, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысының қол қоюын және әрбiр бетке бұрыштама қоюын қамтамасыз етедi;
ол туралы мәлiметтер конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына енгiзiлген конкурсқа қатысуға өтiнiм берген кез келген әлеуеттi өнiм берушiнiң талап етуi бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде осындай әлеуеттi өнiм берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерiне жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн өтеусiз негiзде жiбередi не ұсынады;
конкурс тәсiлiмен жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде тапсырыс берушiге көрсетiлген хаттаманың көшiрмесiн ұсынуды қамтамасыз етедi.
113. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде:
1) хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсына орналастыруға;
2) алынып тасталады - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталында конкурс тәсiлiмен өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыру.
Ескерту. 113-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
114. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамадағы және тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсына орналастырылған мәлiметтер барлық қызығушылық бiлдiрген адамдарға ақы алынбастан танысу үшiн қол жетiмдi болуға тиiс.
Ескерту. 114-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Конкурстық өтiнiмнiң демпингтiк бағасын айқындау тәртiбi
115. Әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған конкурстық өтiнiмiнiң бағасы, егер ол мемлекеттiк сараптамадан немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлген ведомстволық сараптамадан өткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшiн) және жобалау-сметалық құжаттамада көрсетiлген бағадан төмен болған жағдайда, демпингтiк деп танылады. P050481
Ескерту. 115-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
116. Әлеуеттi өнiм берушiнiң консультациялық қызметтерге арналған конкурстық өтiнiмiнiң бағасы, егер ол конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына орташа арифметикалық бағасынан жетпiс пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтiк деп танылады.
Ескерту. 116-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
117. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
118. Конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға ұсынылатын конкурстық өтiнiмдердiң демпингтiк бағасын ұсыну фактiсiн анықтаған кезде конкурстық комиссия конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға конкурстық өтiнiмдердi қабылдамау себебiн көрсету мақсатында мынадай ақпаратты қамтиды:
1) конкурстық өтiнiмнiң орташа арифметикалық бағасын есептеу тәртiбi;
2) конкурстық өтiнiмнiң орташа арифметикалық бағасы;
3) бағасы демпингтiк деп айқындалған конкурстық өтiнiмдер.
Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурсты өткiзу
Ескерту. Кiшi бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
119. Ескерту. 119-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
120. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң егжей-тегжейлi ерекшелiктерiн тұжырымдау және олардың техникалық және осы сипаттамаларын анықтау күрделi және (немесе) әлеуеттi өнiм берушiлерден ұсыныстар сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келiссөздер жүргiзу қажет болғанда;
2) ғылыми зерттеулер, сынақтар, iздестiрулер немесе әзiрлемелер жүргiзу қажет болғанда.
Ескерту. 120-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
121. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай тiзбектi кезеңдердiң жиынтығын бiлдiредi:
1) бiрiншi кезеңде мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының сараптау комиссиясын құруы немесе сарапшыны анықтауы;
тапсырыс берушiнiң қажеттiлiгi негiзiнде сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсын анықтау және уәкiлеттi органды осындай интернет-ресурстың электрондық мекен-жайы туралы хабардар ету;
тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы хабарландыру жариялау;
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының екi кезеңдi рәсiмдер пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi кезеңiне қатысуға мүдделi адамдарға техникалық тапсырма беру;
әлеуеттi өнiм берушiлердiң техникалық тапсырмаға сәйкес әзiрленген техникалық ұсыныстарды беруi;
сараптау комиссиясының не сарапшының әлеуеттi өнiм берушiлердiң техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және (немесе) өзге сипаттамаларына қатысты мәселелердi, оларды берудiң (орындаудың, көрсетудiң) шарт талаптарын талқылау;
сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiн әзiрлеуi,
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзiрлеуi және оны тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының не жауапты хатшысының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның мiндетiн атқаратын тұлғаның бекiтуi;
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының бiрiншi кезеңде техникалық ұсыныстар берген әлеуеттi өнiм берушiлерге екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың екiншi кезеңiне қатысуға шақырулар жiберу;
2) екiншi кезеңде конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу үшiн көзделген iс-шаралар жүзеге асырылады.
Ескерту. 121-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
122. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдалана отырып, конкурсты өткiзу кезiнде конкурстық комиссия конверттердi ашу және конкурстың әрбiр кезеңiне конкурстың қорытындылары туралы хаттамалар жасайды.
123. Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде де өткiзу кезiндегi рәсiмдер мен ереже пайдаланылады.
Ескерту. 123-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
өтпей қалды деп тануға негiздемелер
124. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды мынадай жағдайларда өтпей қалды деп таниды:
Ескерту. 124-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
1) берiлген өтiнiмдер болмағанда;
2) екiден кем өтiнiм берiлгенде;
3) конкурсқа қатысуға бiрде-бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлмесе;
4) конкурсқа қатысуға бiр әлеуеттi өнiм берушi жiберiлсе;
5) конкурсқа қатысушының бiр ғана конкурстық баға ұсынысы қалса;
6) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса.
124-1. Арнайы тәртiптi қолдана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мынадай жағдайларда өткiзiлмедi деп танылады:
1) ұсынылған конкурстық баға ұсыныстарының болмаса;
2) конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға
ұсыныстарының тек бiреуi қалса;
3) арнайы тәртiптi қолдана отырып, конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартса.
Ескерту. 124-1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
4. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк
сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу
Ескерту. 4-бөлiм алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
5. Бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды
ұйымдастыру және өткiзу
141. Бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдi тапсырыс берушi Заңның 32-бабында белгiленген жағдайда қабылдайды.
142. Бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу мынадай дәйектi iс-шараларды орындауды көздейдi:
1) тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алудың осы тәсiлiн қолдануды негiздей отырып, бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы шешiм қабылдауы;
2) тапсырыс берушiнiң бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
3) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiн, тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарын, орны мен мерзiмдерiн, ақы төлеу шарттары мен мерзiмдерiн әзiрлеуi;
4) тапсырыс берушiнiң сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiн, сондай-ақ тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарын, орны мен мерзiмдерiн, оларға ақы төлеу шарттары мен мерзiмдерiн бекiтуi;
5) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушiге Заңның 33-бабының 1-тармағында көзделген мәлiметтердi көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жiберуi;
6) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушi ұсынған әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға ол ұсынатын бағаны негiздеудi растайтын құжаттарды қарауы;
7) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдеуi;
8) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушiге ұсынуы.
143. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiн әзiрлеу үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сарапшыны не сараптама комиссиясын тартуға құқылы. Сарапшыны не сараптама комиссиясын тарту осы Ереженiң 35-тармағында белгiленген шарттарда және тәртiппен жүзеге асырылады.
144. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге жауапты мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлiмшесi сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiн әзiрлеудi қамтамасыз етедi.
145. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiнiң бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмiн қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiге жазбаша нысанда Заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес ақпаратты қамтитын мемлекеттiк сатып алуға қатысуға шақыру жiбередi.
146. Осы Ереженiң 124-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайлар туындаған кезде әлеуеттi өнiм берушiге бiр көзден сатып алу шарты туралы жiберiлетiн ақпарат өтпей қалды деп танылған конкурстың конкурстық құжаттамасының шарттарына сәйкес болуы тиiс.
147. Осы Ереженiң 124-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайда сауал жiберiлетiн әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды.
Осы Ереженiң 124-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған адамды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдi ұсынған әлеуеттi өнiм берушiге ең жоғарғы шартты шегерiммен рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес сауал жiбередi.
148. Осы Ереженiң 124-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жiберiлген әлеуеттi өнiм берушiге не конкурстық баға ұсынысы жалғыз қабылданбаған болып табылатын конкурсқа қатысушыға сауал жiбередi.
149. Әлеуеттi өнiм берушi тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға оның осы Ереженiң 51-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу процесiне байланысты шектеулердiң жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзiнiң жазбаша келiсiмiн, сондай-ақ жеткiзiлетiн тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын бағаны жiбередi.
Егер неғұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздiк технологиялық шешiмдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орындау ұсынылса әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық ерекшелiгiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы ұсынған техникалық ерекшелiкке сәйкес келмеуiне жол берiледi.
Ескерту. 149-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
150. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiге қол қою үшiн берiлетiн бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиiс:
1) бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды қолдану негiздемесi;
2) бiр көзден сатып алу тәсiлiмен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасы;
3) әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгi туралы;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi және осындай шарттың бағасы.
151. Егер бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн сараптама комиссиясы не сарапшы бекiтiлген жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды қоса тiркеледi.
152. Тапсырыс берушi бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнiнен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсына орналастыруға тиiс.
153. 152-тармақтың шарты тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайтын оларды бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.
154. Егер әлеуеттi өнiм берушi ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген сомадан асып түскен жағдайда, осындай ұсыныс қабылданбайды және бiр көзден сатып алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу өтпей қалды деп танылады.
6. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу
155. Тапсырыс берушi қол қоюға және тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлi әр бетiне бұрыштама соғуға тиiс осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сай үлгi шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының екi данасын тапсырыс берушi өнiм берушiге жiбередi.
Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс берушi конкурс жеңiмпазына қорытындылар туралы хаттаманың бiр данасын жiбередi.
156. Мөлшерi төрт мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын тиiстi қаржы жылына арналған тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзген жағдайда өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуге тиiс.
Ескерту. 156-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
157. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiстi түрде орындауға кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
158. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мөлшерiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерiнде белгiлейдi.
159. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
2) Осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес банк кепiлдiгiн таңдауға құқылы.
Ескерту. 159-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
160. Өнiм берушiнiң шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi.
161. Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
162. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу туралы талап баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып aлу қорытындысы бойынша тауар биржалары арқылы айқындалған өнiм берушiлерге, сондай-ақ оны Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда берген өнiм берушiлерге қолданылмайды.
Ескерту. 162-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2009.12.20 N 2138 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
163. Тапсырыс берушi енгiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шартта көрсетiлген мерзiмде немесе өнiм берушi шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өнiм берушiге қайтарады.
164. Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өнiм берушiнiң шарттық мiндеттемелердi орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудi қайтармайды.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау
165. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау кезiнде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелiгi, құны, оларды жеткiзу (жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету) орны мен мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиiс.
166. Тапсырыс берушi мен өнiм берушi көрсетiлген шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледi.
7. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асырудың арнайы тәртiбiне қойылатын үлгi талаптар
Әлеуеттi өнiм берушiлердi бiлiктiлiгi бойынша алдын ала
iрiктеудi тұрақты негiзде жүргiзу тәртiбiне
қойылатын талаптар
167. Арнайы тәртiптi Заңның 42-бабының 1-тармағында көрсетiлген тапсырыс берушiлердiң басқару органдары бекiтедi және мыналарға:
1) әлеуеттi өнiм берушiлердi бiлiктiлiгi бойынша алдын ала iрiктеудi тұрақты негiзде жүргiзу тәртiбiне;
1-1) бiлiктiлiк талаптарын белгiлеуге;
2) бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзбесiн қалыптастыру тәртiбiне;
3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес бiлiктiлiгi бойынша алдын ала iрiктеуден өткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарына сұрау салу және олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу негiзiнде өнiм берушiнi таңдау рәсiмдерiне және мерзiмiне;
4) отандық тауар өндiрушiлерге, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушiлерге қолдау көрсету тәртiбiне қойылатын талаптарды қамтиды.
Ескерту. 167-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
168. Бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлер тiзбесiне (бұдан әрi - Тiзбе) енгiзу үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерге бiлiктiлiгi бойынша iрiктеуге қатысуға арналған құжаттарды қабылдау күнiн, сондай-ақ Тiзбеге енгiзу үшiн бiлiктiгi бойынша iрiктеудi жүргiзу туралы әлеуеттi өнiм берушiлерге берiлетiн хабарлама (бұдан әрi - Хабарлама) мәтiнiн директорлар кеңесi не бiрiншi басшы бекiтедi.
169. Хабарлама мәтiнiнде бұлардан басқа, тапсырыс берушiнiң басқару органы белгiлеген әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар сұрау салу болуға тиiс.
Ескерту. 169-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
170. Ескерту. 170-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
171. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi әлеуеттi берушiлердiң арасында бiлiктiлiгi бойынша iрiктеудi жүргiзу туралы Хабарлама берудi жүзеге асырған кезде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы:
1) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2) тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында Бiлiктiлiгi бойынша iрiктеудi жүргiзу туралы хабарландырудың мәтiнiн орналастыруға;
3) уәкiлеттi органға Бiлiктiлiгi бойынша iрiктеудi жүргiзу туралы хабарландырудың мәтiнi орналастырылған тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсының электрондық мекен-жайын жiберуге;
4) тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында хронологиялық тәртiппен Хабарлама алған адамның орналасқан жерi, почталық және электрондық мекен-жайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ол туралы басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, Бiлiктiлiгi бойынша iрiктеудi жүргiзу туралы хабарламаны табыс ету фактiсiнiң тiркелуiн қамтамасыз етуге тиiс.
Бiлiктiлiгi бойынша iрiктеудi жүргiзу туралы хабарламаны қайта жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиiс.
Ескерту. 171-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
172. Бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлер тiзбесiне енгiзу үшiн әлеуеттi өнiм берушiлердi бiлiктiлiгi бойынша iрiктеуге қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдерiн (бұдан әрi - Өтiнiм) қарау директорлар кеңесi не бiрiншi басшы белгiлеген мерзiмде жүргiзiледi.
173. Әлеуеттi өнiм берушiлер Хабарламада сұрау салынатын құжаттардың толық тiзбесiн ұсынуға тиiс.
174. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң Өтiнiмдерi тапсырыс берушiнiң басқару органы белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қаралады.
Ескерту. 174-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
175. Тiзбеге енгiзуге өтiнiмдердi қарауды директорлар кеңесi не бiрiншi басшы құрған комиссия жүзеге асырады.
176. Өтiнiмдердi қарау кезiнде комиссия жазбаша нысанда мыналарды:
1) Өтiнiмдердi қарауды жеңiлдету үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың Өтiнiмдерiне байланысты материалдарды және түсiндiрмелердi;
2) Өтiнiмдерде бар мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты сұратады.
Өтiнiмдi жетiспей тұрған құжаттармен толықтырудан, Өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге орай Өтiнiмдi Хабарламаның талаптарына сәйкес келтiруге байланысты комиссияның сауал жiберуiне және өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi.
177. Комиссия Өтiнiм, егер Өтiнiмде берiлген мәндi қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, Хабардың талаптарына сай келетiн ретiнде қарайды.
178. Комиссияның отырысына әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) оның уәкiлеттi өкiлдерi аудиожазба және бейнетүсiрiлiмдердi жүргiзу құқығымен қатыса алады.
179. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:
1) оның және (немесе) оның қосалқы мердiгерiнiң не бiрлескен орындаушысының тапсырыс берушiнiң басқару органы белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
3) оның Өтiнiмi Хабарламаның талаптарына сәйкес келмейдi деп айқындалса, Тiзбеге енгiзiлмейдi.
180. Егер әлеуеттi өнiм берушi Тiзбеге енгiзiлмеген жағдайда, онда Тiзбеге енгiзу туралы хаттамада Өтiнiмдi қайтарудың негiздемесi көрсетiледi.
181. Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуеттi өнiм берушi туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алуға терiс пиғылды қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлу үшiн уәкiлеттi органға жiберiлуге тиiс.
182. Комиссия Өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына және Хабарламаның өзге де талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындайды және оларды Тiзбеге енгiзедi.
183. Тiзбеге енгiзу туралы хаттамаға комиссияның төрағасы, отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ комиссияның хатшысы iрiктеуден өткен әлеуеттi өнiм берушiлердi Тiзбеге енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қол қояды.
184. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Тiзбеге енгiзу туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiлердi комиссияның қабылдаған шешiмi туралы:
1) Тiзбеге енгiзу туралы хаттаманың көшiрмесiн беру не жiберу;
2) қол қойылған хаттама мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлауға тиiс.
185. Комиссияның Тiзбеге енгiзу туралы шешiмiне Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
Бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзбесiн
қалыптастыру тәртiбiне қойылатын талаптар
186. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Тiзбеге енгiзу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде Тiзбенi қалыптастырады.
187. Директорлар кеңесi не бiрiншi басшы бекiткен мерзiмде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы:
1) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2) Тiзбенiң мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыруға;
3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталына тiзбе мәтiнiн орналастыруға тиiс.
Ескерту. 187-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
188. Тiзбе директорлар кеңесi не бiрiншi басшы белгiлеген бiлiктi әлеуеттi өнiм берушiлердiң ең аз санынан тұруға тиiс.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тоқсан сайын Тiзбенi жаңартып отыруға тиiс. Тiзбеге енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлер директорлар кеңесi не бiрiншi басшы бекiткен мерзiмде олардың тапсырыс берушiнiң басқару органы белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына және Хабарламада көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн растауды беруге тиiс. Осындай талаптарға сәйкестiгi расталмаған жағдайда, көрсетiлген әлеуеттi өнiм берушi директорлар кеңесi немесе бiрiншi басшы бекiткен мерзiмде Тiзбеден шығарылады. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осындай жағдай болған кезде осы Ереженiң 187-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиiс.
Ескерту. 187-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.


Страницы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina