ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

Страницы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12


Бiлiктiлiгi бойынша алдын ала iрiктеуден өткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарына сұрау салу негiзiнде өнiм берушiнi таңдау рәсiмдерiне және мерзiмiне қойылатын талаптар және олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу
189. Сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу мерзiмiн директорлар кеңесi не бiрiншi басшы бекiтедi.
190. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы техникалық тапсырманы, техникалық ерекшелiктi, шарттың орындалуын қамтамасыз етудi, шарттың елеулi талаптарын, сондай-ақ өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да талаптарын қамтитын сатып алу шартын (бұдан әрi - Талаптар) әзiрлейдi және тапсырыс берушiге бекiтуге ұсынады.
191. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушi Талаптарды бекiткеннен кейiн олардың сатып алу затын жеткiзуге Өтiнiмдер беру мерзiмi мен тәртiбiн, сондай-ақ мұндай өтiнiмдердi қарау тәртiбiн көрсете отырып, оларды Тiзбеге енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлерге жiбередi.
192. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы Талаптарда көрсетiлген күнi, уақыты мен орнында өткiзiледi. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына әлеуеттi өнiм берушi және (немесе) аудиожазба және бейнетүсiрiлiмдердi жүргiзуге құқығы бар оның уәкiлеттi өкiлi қатысуға тиiс.
193. Әлеуеттi өнiм берушiлер немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық комиссияға Талаптарда көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi табыс етедi.
194. Әлеуеттi өнiм берушiнiң бiр конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуiне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын керi қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне жол берiлмейдi.
195. Конкурстық комиссия хронологиялық тәртiппен конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлер туралы мәлiметтердi Талаптарда белгiленген мерзiм өткенге дейiн енгiзедi.
196. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердi әлеуеттi өнiм берушiлер және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен ашады және оларға әрбiр конкурстық баға ұсынысын жариялайды.
197. Әлеуеттi өнiм берушiлер және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердiң мазмұнымен танысуға құқылы.
198. Конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтiк болып табылған жағдайда қабылдамайды. Демпингтiк бағаны есептеу тәртiбi осы Ережеде айқындалады;
2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.
199. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргiзiлген күнi қатысушыларға конкурс жеңiмпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы не оның мiндетiн атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны бередi.
200. Конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазы айқындалған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
201. Егер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу лоттардан тұратын жағдайда, конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы жалпы хаттаманы ресiмдейдi және оған қол қояды, онда әрбiр лот бойынша конкурс жеңiмпаздары көрсетiледi.
202. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыруға;
2) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3) мемлекеттiк сатып алу веб-порталына конкурс тәсiлiмен өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруға тиiс.
Ескерту. 202-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
203. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi тiркеу журналына өзi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң жазбаша сауалын алған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей оған конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн өтемсiз негiзде табыс етуге тиiс.
204. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес үлгi шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуеттi өнiм берушiге жiбередi.
8. Электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәртiбi
Ескерту. 8-бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Ескерту. "Жалпы ережелер" кiшi бөлiмiнiң тақырыбы алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
205. Электрондық мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiне сәйкес мемлекеттiк сатып алу веб-порталында электрондық қызметтер беру арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 205-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
206. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
Тапсырыс берушiлердi, электрондық мемлекеттiк сатып
алуды ұйымдастырушыларды және әлеуеттi өнiм берушiлердi
Жүйеге тiркеу
Ескерту. Кiшi бөлiмiнiң тақырыбы алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
207. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
208-220. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Жүйенiң жұмыс iстеу тәртiбi және Жүйедегi жұмыстың шарттары
Ескерту. Кiшi бөлiмi мен 221-231-тармақтары алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттiк
сатып алудың жылдық жоспарын Жүйеге орналастыру
Ескерту. Кiшi бөлiмi мен 232-234-тармақтары алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу
Ескерту. Кiшi бөлiмi мен 235-248-тармақтары алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
9. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi
Жалпы ережелер
249. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
250. Арнайы тәртiптi қолдана отырып мемлекеттiк сатып алу, бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң рәсiмдерi мен мерзiмдерiн регламенттейтiн нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Құқық тәртiбi мен ұлттық қауiпсiздiктi, құпиялылық режимiнiң сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiгiнiң кепiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi
Ескерту. Кiшi бөлiм жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.23 № 345 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
251. Ерекше тәртiптi қолдана отырып мемлекеттiк сатып алу құпиялылық режимiн сақтауды, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң ерекше тәртiбiн белгiлеу талап етiлетiн жағдайда, құқық тәртiбi мен ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын таратылуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтер құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
Ерекше тәртiп қолданылатын мемлекеттiк сатып алу жабық рәсiмдер қолданыла отырып, конкурс тәсiлiмен өткiзiледi.
252. Жабық рәсiмдердi қолдана отырып, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу мемлекеттiк сатып алудың веб-порталында және тапсырыс берушiлердiң интернет-ресурстарында мемлекеттiк сатып алудың конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатыны туралы хабарландыруды, конкурстық құжаттамалардың мәтiндерiн, конкурсқа қатысуға өтiнiмдерi бар конверттердi ашу, конкурста қатысуға жiберу туралы және конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы қол қойылған хаттамаларды орналастырмастан жүзеге асырылады.
253. Жабық рәсiмдердi қолдана отырып конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы жазбаша шақыру хатында белгiленген мерзiмде олардың осындай шақыру алғанын растау шартымен кемiнде екi әлеуеттi өнiм берушiнiң атына жазбаша шақыру жiбередi.
254. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк құпияларға жататын мәлiметтер пайдаланылмайтын, бiрақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, таратылуы шектелген қызметтiк ақпараты бар мәлiметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, жабық рәсiмдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшiн жазбаша шақыру хат жiберiлетiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдаланатын жұмыстарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және оның органдары белгiленген тәртiппен беретiн рұқсаты болуы тиiс.
255. Аттарына шақыру жiберiлетiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң тiзiмiн тапсырыс берушi Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi ескере отырып жасайды және тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
256. Егер белгiлi бiр тауарды не белгiлi бiр жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемi құндық тұрғыдан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың есе мөлшерiнен аспаса, онда жабық рәсiмдер қолданылатын конкурс мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам шешiмiмен конкурстық комиссия бекiтiледi, конкурстық комиссияның хатшысы анықталады;
2) конкурстық өтiнiмдердi ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей кемiнде екi әлеуеттi өнiм берушiге жазбаша шақыру жiберiледi. Конкурстық құжаттама конкурстық өтiнiмдi берудiң маңызды талаптары мен нысандары көрсетiлген шарт жобасымен қоса, сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi лауазымды адам қол қойған жазбаша сұрау салу түрiнде ресiмделедi. Сұрау салу мынадай:
мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу мәнi болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi туралы;
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң (техникалық талаптарын көрсете отырып), қысқаша сипаттамасы;
тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орны;
тауарларды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi;
әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық өтiнiмдердi ұсынуды бастау және аяқтау мерзiмi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.
Әлеуеттi өнiм берушiлерден бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар сұратылмайды;
3) сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуында көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн ұсынылған конкурстық өтiнiмдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тәртiппен конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi тiркеу журналына енгiзуге жатады;
4) әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ұсыну аяқталған күнiнен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей ашады және конкурстық баға ұсыныстарын салыстырады да ең төмен конкурстық баға ұсынысын ұсынған әлеуеттi өнiм берушiнi жеңiмпаз етiп анықтайды.
Егер ең төмен конкурстық баға ұсынысын бiрнеше әлеуеттi өнiм берушi ұсынса, конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келiп түскен әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз болып танылады;
5) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмi, егер:
ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асатын болса;
әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келiспесе не өзгертудi және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса;
әлеуеттi өнiм берушi бiреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса, керi қайтаруға жатады.
Конкурстық өтiнiмдердi өзге негiздемелер бойынша керi қайтаруға жол берiлмейдi;
6) конкурстың қорытындылары туралы шешiм мынадай:
тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық атаулары, олардың почталық мекен-жайы;
өткiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауы;
конкурстық өтiнiмдерiн конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлердiң толық атаулары, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге мәлiмделген бағалары;
керi қайтару себептерiн негiздей отырып, керi қайтарылған конкурстық өтiнiмдер туралы;
конкурс жеңiмпазы туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, жазбаша түрде ресiмделедi;
7) конкурстық өтiнiмдердi ұсыну мерзiмi аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей сатып алуды ұйымдастырушы хабарлама жiберу жолымен конкурстық өтiнiмдерiн ұсынған барлық әлеуеттi өнiм берушiлердi конкурстың қорытындылары туралы хабардар етуi тиiс.
257. Осы тарауда реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушiлер, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар мен конкурстық комиссияның мүшелерi Заңды және осы Ереженi басшылыққа алады.
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнде
көзделген дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және амбулаториялық, дәрiлiк қамтамасыз ету
жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асырудың ерекше тәртiбi
Ескерту. Кiшi бөлiм алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Дәрiлiк заттарды сатып алудың ерекшелiктерi
Ескерту. Кiшi бөлiм алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Амбулаториялық дәрiлiк қамтамасыз ету жөнiндегi
көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру
және өткiзу ерекшелiктерi
Ескерту. Кiшi бөлiм алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi көрсетiлетiн
қызметтердi, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргiзу үшiн
қажеттi нормативтiк-техникалық құжаттама әзiрлеу жөнiндегi
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асырудың ерекше тәртiбi
273. Iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргiзу үшiн қажеттi нормативтiк-техникалық құжаттама әзiрлеу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде мiндеттi түрде мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрi - МҒТС) жүргiзiлетiн, олар үшiн Заңда сатып алуды жүзеге асырудың басқа тәсiлi көзделмеген мемлекеттiк сатып алу конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылуға тиiс.
274. Ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргiзу үшiн қажеттi нормативтiк-техникалық құжаттама әзiрлеу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру бойынша конкурстың ерекше тәртiбi, жекелеген ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың конкурсын өткiзу, мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманы жүргiзу және МҒТС өлшемдерi мен параметрлерiне сәйкес келуiн бағалау негiзiнде ғылыми бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру туралы шешiм қабылдау қажеттiлiгiнен тұрады.
275. Ғылыми зерттеулер жүргiзу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ нормативтiк-техникалық құжаттама әзiрлеу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жекелеген ғылыми-техникалық бағдарламалардың және (немесе) жобалардың конкурсы негiзiнде өткiзуге болады.
276. МҒТС талаптарына сәйкес конкурстық өтiнiмдердi бағалау талаптары мен өлшемдерiн белгiленген тәртiппен тапсырыс берушi анықтайды және конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын Нұсқаулықта көрсетiледi.
277. Мемлекеттiк сатып алу бойынша iс-шаралар тiзбесiн тапсырыс берушi Заңның 29-бабының негiзiнде және "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес анықтайды.
278. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi әрбiр бағдарлама, жоба (лот) бойынша ресiмдейдi және бағдарламалар мен жобаларды iске асыру кезiнде ұсыныстың ғылыми-техникалық тиiмдiлiгiн, әлеуметтiк, экологиялық және басқа да салдарын және зерттеулердiң нәтижелерiн сараптамалық бағалау үшiн қажеттi және жеткiлiктi ақпаратты, сондай-ақ қабылданған мiндеттемелердi орындау үшiн кәсiби бiлiмдердiң, тәжiрибенiң, беделдiң, қажеттi қаржылық, материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуын растайтын құжаттарды қамтуға тиiс.
279. Конкурстық құжаттаманы Заңның 17-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әзiрлейдi және МҒТС бағдарламалары мен жобаларын бағалау талаптары мен өлшемдерiн қамтуға тиiс.
280. Бастапқы конкурстық өтiнiмдердi ашу және түпкiлiктi қабылдау мерзiмiн тапсырыс берушi Заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес белгiлейдi.
281. Әлеуеттi өнiм берушi дайындаған және ұсынатын конкурстық өтiнiм мынадай құжаттарды қамтуға тиiс:
1) конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырылған конкурсқа қатысуға өтiнiм;
2) әлеуеттi өнiм берушi конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi бiлiктiлiктi меңгергендiгiн куәландыратын құжаттамалық дәлелдер;
3) сатып алынатын қызметтердiң техникалық, сапалық және өзге сипаттамаларына қатысты ұсыныстар және оларды көрсету шарттары;
4) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес ұсыну үшiн қажеттi басқа да құжаттар.
282. Бастапқыда конкурстық құжаттама әлеуеттi өнiм берушiлердiң Заңның 8-бабында санамаланған бiлiктiлiк талаптарға және конкурстық өтiнiмдердiң техникалық ерекшелiгi мен бағаларының талаптарына сәйкестiгiн қоспағанда, конкурстық құжаттамада көрсетiлген өлшемдерге сәйкестiгiн қарайды.
283. Конкурстық өтiнiмдердi ашу кезiнде конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдi егер:
1) оны ұсынған әлеуеттi өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келмесе;
2) егер конкурстық өтiнiм конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермесе, қайтарады.
284. Ашу нәтижелерi осы Ережеге 18-қосымшаға сәйкес тиiстi жеке хаттамамен ресiмделедi.
285. Ашу нәтижелерi бойынша Заңның 8-бабының талаптарына және конкурстық құжаттамада көрсетiлген өлшемдерге сәйкес келедi деп танылған конкурстық өтiнiмдердi конкурстық комиссия ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкiлеттi орган ұйымдастыратын мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптамаға жiбередi.
286. Қажет болған жағдайда бағдарламалар және ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң жобалары арнайы (экологиялық және/немесе басқа) сараптамаға жiберiлуi мүмкiн.
287. МҒТС ұсынымы бойынша конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң және бағдарлама жобасының (жобаның) техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi мәселесiн қарайды және ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асыруға арнап бөлiнген қаржыландыру көлемiнiң шеңберiнде қызметтердi әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын ескере отырып бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдайды.
288. Салыстыру және салыстырып тексеру мақсатындағы бағадан басқа, конкурстық өтiнiмдердi бағалау мынадай өлшемдердi қамтуы тиiс:
1) жобаның конкурс жарияланған бағдарламаның негiзгi бағыттарына сәйкес келуi;
2) жоспарланатын жұмыстардың жаңашылдығы, ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетi, перспективалығы, кешендiлiгi, отандық және шетелдiк ұқсастармен салыстырғанда күтiлетiн нәтижелердiң басымдығы;
3) жобаның iске асыруға дайындық деңгейi, технологиялық iске асырымдылығы, ғылыми-техникалық бөлiмiнiң болуы;
4) жұмыстарды iске жүргiзудiң экономикалық тиiмдiлiгi мен орындылығы;
5) қойылған мiндеттi орындау үшiн орындаушылар ұжымының жеткiлiктi бiлiктiлiгi мен оның тәжiрибесi (кадр құрамы, ғылыми-өндiрiстiк әлеует);
6) қойылған мiндеттi орындаудың ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуi;
7) сұрау салынатын қаржыландырудың негiздiлiгi.
289. Ерекше тәртiптi қолдана отырып ғылыми зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi қызметтердi, сондай-ақ осы зерттеулердi жүргiзу үшiн қажеттi нормативтiк-техникалық құжаттаманы әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру бойынша конкурсты өткiзу кезiнде конкурстық өтiнiмнiң қолдану мерзiмi конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күнiнен бастап кемiнде 75 күнтiзбелiк күнде белгiленедi.
290. Конкурстық комиссия жұмысының қорытындылары ғылыми зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi қызметтердi, сондай-ақ осы Ережеге 19-қосымшаға сәйкес осы зерттеулердi жүргiзу үшiн қажеттi нормативтiк-техникалық құжаттаманы әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi сатып алу бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттама нысанында шешiммен ресiмделедi.
291. Ғылыми ұйымдар ғылыми қызмет ерекшелiгiне орай конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етуден босатылады.
Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншiк құқығында тиесiлi тұрғын үйдi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi
292. Хабарландыру жарияланған және тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының тұрғын үйдi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты орналастырған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде әлеуеттi өнiм берушiлер конверттерге салынған мынадай құжаттарды беруге тиiс:
1) жеке тұлға үшiн жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
2) СТН (ЖСН) көшiрмесi;
3) тұрғын үйге құқығын белгiлейтiн құжаттар.
293. Конверттердi тiркеу осы Ережеге сәйкес жүргiзiледi. Конверттердi конкурстық комиссия белгiленген мерзiмде келген өнiм берушiлердiң және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен ашады.
294. Құжаттарды қарау әлеуеттi өнiм берушiлердiң және (немесе) олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен жүргiзiледi. Әлеуеттi өнiм берушiлер құжаттарды қарау барысында өз баға ұсыныстарын азайта алады.
Көрмелердi, семинарларды, конференцияларды,
жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтердi
өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi
295. Ерекше тәртiптi қолдана отырып мемлекеттiк сатып алу, егер көрмелердi, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтердi өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемi құндық шамада тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген төрт мың еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын жағдайларда жүзеге асырылады.
Ескерту. 295-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
296. Көрмелердi, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтердi өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылады.
Ескерту. 296-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
297. Көрмелердi, семинарларды, конференцияларды, кеңестердi, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтердi өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн нормаларды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 297-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
298. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Заңмен және осы Ережемен көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама рәсiмдерiне қосымша басқа бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама мәтiнiн жариялауға құқығы бар.
Ескерту. 298-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
299. Көрмелер өткiзу үшiн тауарларды, көрсететiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланумен жүзеге асырылады, ол мынадай дәйектi кезеңдер жиынтығын бiлдiредi:
1) бiрiншi кезеңде мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының сараптау комиссиясын құруы не сарапшыны анықтауы;
тапсырыс берушiнiң қажеттiлiгi негiзiнде сараптау комиссиясының не сарапшының көрсетiлетiн қызметтерге техникалық тапсырма қалыптастыруы;
Заңда және осы Ережеде көзделген екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланатын конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама;
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi кезеңiне қатысуға мүдделi тұлғаларға техникалық тапсырманы ұсынуы;
сараптау комиссиясының не жұмыс сызбалары жобасы мен тұжырымдамалар сарапшысының әлеуеттi өнiм берушiлердiң көрменi өткiзудi ұйымдастыру және сатып алынатын тауарлардың техникалық, сапалық және (немесе) басқа да сипаттарына қатысты мәселелердi олармен талдау үшiн оларды көрсетудi келiсу шарттарын қарауы;
сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiн әзiрлеуi;
мемлекеттiк сатып алуды әзiрлеушiнiң қонкурстық құжаттаманы әзiрлеуi және оны тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының не оның мiндетiн атқарушы тұлғаның бекiтуi;
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрменi өткiзудi ұйымдастыру үшiн бiрiншi кезеңде жұмыс сызбалары мен тұжырымдамаларды ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлерге екi кезеңгi рәсiмдердi пайдалана отырып конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың екiншi кезеңiне қатысуға шақыруды жiберуi;
2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу үшiн көзделген iс-шаралар екiншi кезеңде жүзеге асырылады.
Ескерту. 299-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
300. Әлеуеттi өнiм берушiлер тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша екi кезеңгi рәсiмдердi пайдаланумен конкурстың бiрiншi кезеңiне қатысу үшiн Заңның 18-бабы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес көрменi өткiзу үшiн осындай мемлекеттiк сатып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап 20 күнтiзбелiк күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсынуы тиiс:
1) заңды тұлғалар:
Үлгi конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiмдi;
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу/қайта тiркеу куәлiгiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк туралы мәлiметтердi;
көрме өткiзудi ұйымдастыру үшiн жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;
көрме өткiзудi ұйымдастыру жөнiнде жұмыс тәжiрибесiн көрсете отырып ұсыным хаттарды;
2) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар:
Үлгi конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiмдi;
тиiстi мемлекеттiк орган берген заңды тұлғаның бiлiмсiз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына құқық берiлген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк туралы мәлiметтердi;
көрме өткiзудi ұйымдастыру үшiн жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;
көрменi өткiзудi ұйымдастыру жөнiнде жұмыс тәжiрибесiн көрсете отырып ұсыным хаттарды.
Ескерту. 300-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
301. Әлеуеттi өнiм берушiлер тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланумен конкурстың екiншi кезеңiне қатысу үшiн көрменi өткiзу үшiн конкурстың бiрiншi кезеңiнiң қорытындысын жасаған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күн iшiнде мынадай құжаттарды ұсынуы тиiс:
1) заңды тұлғалар:
әлеуеттi өнiм берушi ұсынған, Үлгi конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiлген және әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтитын бағаны;
2) кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар:
әлеуеттi өнiм берушi ұсынған, Үлгi конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiлген және әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтитын бағаны.
Ескерту. 301-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.


Страницы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina