ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

Страницы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12


302. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланумен конкурсты өткiзу кезiнде конкурстық комиссия конверттердi ашу, рұқсат беру және конкурстың қорытындысы туралы хаттамаларын жасайды.
Ескерту. 302-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
302-1. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей мерзiмде көрмелердi өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланумен өткiзiлген конкурстың бiрiншi кезеңiнiң қорытындысын жасайды.
Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей мерзiмде көрмелердi өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланумен өткiзiлген конкурстың екiншi кезеңiнiң қорытындысын жасайды.
Ескерту. 302-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

302-2. Конкурстық комиссия көрмелердi өткiзу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланумен өткiзiлген конкурстың бiрiншi кезеңiнде, егер:
1) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмi конкурстық құжаттама талаптарына жауап бермесе;
2) көрменi ұйымдастыру үшiн жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобалары техникалық тапсырманың талаптарына жауап бермесе, берiлген конкурстық өтiнiмдi қабылдамайды.
Ескерту. 302-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

302-3. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң бағасы сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асатын болса, конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдi көрме өткiзу үшiн тауарларды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурстың екiншi кезеңiнде қайтарады.
Ескерту. 302-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
302-4. Әлеуеттi өнiм берушiлер семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткiзу үшiн тауарларды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшiн, мұндай конкурстың өткiзiлуi туралы хабарланған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күн iшiнде Заңның 18-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлғалар:
Үлгi конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiмдi;
заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi/қайта тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк туралы мәлiметтердi;
семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткiзудi ұйымдастырудағы тәжiрибесi көрсетiлген ұсыным хаттарды;
әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын, Үлгi конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiлген және әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық iс жүзiндегi шығындарын қамтитын бағаны;
2) кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар:
Үлгi конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiмдi;
патенттiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк туралы мәлiметтердi;
семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткiзудi ұйымдастырудағы тәжiрибесi көрсетiлген ұсыным хаттарды;
әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын, Үлгi конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiлген және әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық iс жүзiндегi шығындарын қамтитын бағаны тапсырады.
Ескерту. 302-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

302-5. Семинарлар, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар, тренингтер өткiзу кезiнде комиссия конверттердi ашу және конкурс қорытындылары туралы хаттамалар жасайды.
Ескерту. 302-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

302-6. Конкурстық комиссия конкурстың қорытындыларын конкурстық өтiнiмдерi бар конверттер ашылғаннан бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмеген мерзiмде шығарады.
Ескерту. 302-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.


302-7. Конкурстық комиссия, егер:
1) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болмаса;
2) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң бағасы сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асатын болса, конкурстық өтiнiмнен бас тартады.
Ескерту. 302-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

302-8. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, егер конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретiн конкурстық өтiнiм ұсынған және конкурстық өтiнiмiнiң бағасы сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген сомадан аспайтын ең болмағанда бiр әлеуеттi өнiм берушi бар болса, конкурс өткiзiлдi деп таниды.
Ескерту. 302-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

302-9. Тапсырыс берушiлер, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссияның мүшелерi осы тараумен реттелмеген жағдайларда Заңды және осы Ереженi басшылыққа алады.
Ескерту. 302-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген көрсетiлетiн
қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың
ерекше тәртiбi
303. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiн (бұдан әрi - ерекше тәртiп) жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылатын тапсырыс берушiлер қолданады.
304. Ерекше тәртiптi қолдана отырып, мемлекеттiк сатып алу бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмдерi мен мерзiмiн регламенттейтiн нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
305. Ерекше тәртiптi қолдана отырып мемлекеттiк сатып алу мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттiк сатып алу " Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы " Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
305-1. Заңда және осы Ережеде көзделген талаптардан басқа, бiр қаржылық жылдан асатын мерзiмге мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру бойынша қызметтердi мемлекеттiк сатып алу кезiнде конкурстық құжаттама мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс:
1) әлеуеттi өнiм берушiнiң материалдық-техникалық базасының және оның қызметкерлерi бiлiктiлiгiнiң сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар;
2) қызметтермен қамтылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың саны туралы ақпарат.
Ескерту. Тәртiп 305-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.13 № 329 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
305-2. Бiр қаржылық жылдан асатын мерзiмге мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру бойынша қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу жөнiндегi конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қарау кезiнде конкурстық комиссия, егер әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмi конкурстық құжаттаманың талаптарына, оның iшiнде осы Ереженiң 305-1-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмесе, конкурстық өтiнiмдi қабылдамайды.
Ескерту. Тәртiп 305-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.13 № 329 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
306. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу кезiнде әлеуеттi өнiм берушiлерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қолданылмайды:
1) төлем қабiлетiнiң болуы;
2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн жеткiлiктi материалдық және қаржы ресурстарына ие болу.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген норма бiр қаржылық жылдан асатын мерзiмге мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру бойынша қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу жөнiндегi конкурсқа қатысатын әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды.
Ескерту. 306-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.13 № 329 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
307. Конкурстық комиссия отырысының конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi хаттамасының көшiрмесi әлеуеттi өнiм берушiлерге немесе конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкiлеттi өкiлдерiне конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы күнiнен кейiнгi төрт жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашудың қол қойылған хаттаманың мәтiнi жарияланады.
308. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде қарайды (күрделi техникалық сипаттамалары мен ерекшелiктерi бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыста көзделген көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда осындай өтiнiмдердi қарау мерзiмi конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күнге дейiндi құрауы мүмкiн). Конкурстық комиссия өтiнiмдердi қарау қорытындыларын шығарады және жоғарыда көрсетiлген мерзiмде тиiсiнше конкурсқа қатысуға рұқсат ету хаттамасын жасайды.
Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдi көлемiн ұсыну бойынша арнаулы әлеуметтiк қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң ерекше тәртiбi
Ескерту. Кiшi бөлiммен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.14. N 323 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
309. Жергiлiктi атқарушы органдар арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдi көлемiнде көзделген арнаулы әлеуметтiк қызметтердi (бұдан әрi - арнаулы әлеуметтiк қызметтер) мемлекеттiк сатып алуға тапсырыс берушiлер болып табылады.
310. Ерекше тәртiп қолданылатын мемлекеттiк сатып алу Заңға сәйкес конкурс тәсiлiмен, осы тарауда көзделген нормалар ескерiле отырып өткiзiледi.
311. Өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi жыл басынан бастап үздiксiз көрсету үшiн келесi жылға арнаулы әлеуметтiк қызметтердi сатып алу бойынша конкурс ағымдағы жылы келесi жылға арналған бюджет бекiтiлгеннен кейiн өткiзiледi.
312. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердi конкурс тәсiлiмен сатып алуды өткiзу туралы хабарлау Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
313. Конкурстық құжаттамада мынадай деректер:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
2) сатып алынатын қызметтердiң тiзбесi;
3) Үлгi конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын қызметтердiң сипаттамасы мен талап етiлетiн сапалық сипаттамасы;
4) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсынудың түпкiлiктi сапалы нәтиже алуға бағытталған шарттары көрсетiлген техникалық айрықшалылығы;
5) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетiлуi қажет адамдардың (отбасылардың) саны;
6) қызметтер көрсетiлетiн орны;
7) қызметтер көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi;
8) төлем шарттары мен елеулi жағдайлары көрсетiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
9) өзiнiң (және өзi тартатын қоса орындаушылардың) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын құжаттардың тiзбесi;
10) жиынтығы шарт бойынша қызметтердiң жалпы көлемiнiң 40 %-нан артығын қоса орындаушыларға беруге тыйым салу туралы ақпарат;
11) конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiм мен конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттi ұсынудың тәртiбi, тәсiлi, орны және соңғы мерзiмi, сондай-ақ конкурсқа қатысу өтiнiмдерiнiң талап етiлетiн қолданылу мерзiмi;
12) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуеттi өнiм берушiлер солардың көмегiмен түсiндiру, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру жөнiнде әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзiлетiн орнын, күнi мен уақытын сұрата алатын тәсiлдерi;
13) конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмдер мен конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттiң ашылатын орны, күнi мен уақыты (жұмыс күнiнiң жергiлiктi уақыт бойынша он бiр сағатынан кешiктiрмей);
14) конверттi ашу рәсiмiнiң, конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмдердi қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру сипаттамасы;
15) соның негiзiнде конкурс жеңiмпазы анықталатын бағадан басқа, барлық өлшемдердiң, оның iшiнде осындай әрбiр өлшемнiң салыстырмалы мәнi мен шартты баға есебi әдiстемесiнiң сипаттамасы;
16) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысаны болып табылатын қызметтердi (әр лот бойынша) сатып алуға бөлiнген сомалар туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
314. Конкурстық құжаттамада әлеуеттi өнiм берушiлердiң өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың шарттары туралы анағұрлым толық ақпарат алуына мүмкiндiк беретiн басқа да қосымша мәлiметтер қамтылуы мүмкiн.
315. Конкурстық құжаттамада заңды тұлғаның құқықтық нысанына нұсқамалардың және қызметтердiң жеке әлеуеттi өнiм берушiге тиiстiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамалардың болуына жол берiлмейдi.
316. Бiртектес немесе бiр тектес арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң бiрнеше түрiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тектес қызметтердi конкурстық құжаттамада арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алушылардың санаттары мен оларды ұсыну шарттары бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық бағалық ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ, конкурстың жеңiмпазын анықтау конкурстық құжаттамада көзделген әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.
317. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм:
1) Үлгi конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әлеуеттi өнiм берушi толтырған және қол қойған өтiнiмдi;
2) өзiнiң жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын құжаттардың тiзбесiн:
құқықтық қабiлеттiлiгiн (заңды тұлғалар үшiн), азаматтық iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн (жеке тұлғалар үшiн) растайтын, нотариалды куәландырылған құжаттарды;
заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынуға тиiс. Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлғалар сауда тiзiлiмiнiң нотариалды куәландырылған заңды үзiндi көшiрмесiн мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлiне аудармасымен қоса ұсынуға тиiс;
заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн. Заңды тұлға өз қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын қызметтердi ұсынуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
төлем қабiлеттiлiгiн растайтын құжаттарды:
Үлгi конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес (әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылатын жағдайда, бұл анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есептiң үлгi шот жоспарына сәйкес, әлеуеттi өнiм берушiнiң банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылып келе жатқан мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қолы мен мөртаңбасы бар анықтаманың түпнұсқасын. Анықтама конкурстық өтiнiмдер салынған конверт ашылған күннiң алдындағы бiр айдан асырылмай берiлген болуға тиiс;
тиiстi салық органының салық берешегi мен мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша үш айдан артық берешегiнiң болмауы туралы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзiмi кейiнге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) не салық берешегi мен мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша бiр теңгеден кем берешегiнiң болуы туралы, конкурстық өтiнiмдер салынған конверт ашылатын күннiң алдындағы бiр айдан асырылмай берiлген және мөртаңбамен бекiтiлген, белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
3) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) онымен қоса орындаушылардың арнаулы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды:
Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттiк сатып алу үдерiсiне қатысу үшiн бiлiктiлiгi туралы, әлеуеттi өнiм берушiнiң және оның қоса орындаушыларының арнаулы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар көрсетiлген арнаулы бiлiктiлiк және өзге де талаптардың егжей-тегжейлi тiзбесiн қамтитын мәлiметтердi қамтуға тиiс.
Әлеуеттi өнiм берушi қызметтердi қоса атқарушыларды тартуды көздеген жағдайда, әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қоса орындаушылардың жалпы және арнаулы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынуға тиiс.
Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылардың баға ұсынымына әсер етушi өлшемдер болған жағдайда, өтiнiмде оларды растаушы құжаттар да қамтылуға тиiс.
Сондай-ақ, өтiнiм конкурста сатып алу нысаны болып табылатын қызметтердi көрсету кезiнде, әлеуеттi жеткiзушiнiң қоса орындаушыға жалпы жиынтығында қызметтер көлемiнiң 40 %-нан артығын беруiне тыйым салу шарты туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс;
4) көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн (қатысатын лоттар көрсетiлген), оның iшiнде:
қызметтердiң сапалық сипаттамаларының сипатын (техникалық айрықшалықтар);
көрсетiлетiн қызметтердiң сандық көрсеткiштерi;
қызметтердi көрсету орны, жағдайы мен мерзiмдерi (кезеңдерi);
төлемнiң балама шарттары (ондайлар бар болса);
көрсетiлетiн қызметтердiң шығыстар бойынша толық жазылған бағасын;
5) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт заңды күшiне енген сәттен бастап, қызметтердiң сапалық сипаттамасын және тиiстi мемлекеттiк және салалық стандарттар мен нормативтердi қоса алғанда, олардың конкурстық құжаттамаға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсыну туралы мiндеттеменi;
6) әлеуеттi өнiм берушiнiң жарғысына сәйкес сенiмхатсыз қол қою құқығы бар әлеуеттi өнiм берушiнiң бiрiншi басшысын қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң мүддесiн бiлдiретiн тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына сенiмхатты қамтиды.
Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы әлеуеттi өнiм берушi - жеке тұлғаның өтiнiмi сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк орган берген, заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқықтық қабiлетiнiң болуын растау үшiн) қамтуға тиiс.
318. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi және мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбейдi.
319. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдерi бар конверттер ашылған күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде қарайды. Конкурстық комиссия өтiнiмдердi қарау қорытындысын шығарады және жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттама жасайды.
Конкурсты ұйымдастырушы екiншi жұмыс күнiнiң 16 сағатынан кешiктiрмей жiберу хаттамасын барлық қатысушыларға жiбередi және бiлiктiлiк талаптары бойынша iрiктеуден өткен қатысушыларды конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердiң ұсынылу және ашылу уақыты туралы (үшiншi жұмыс күнгi сағат 11-ден кешiктiрмей) хабардар етедi.
Конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер ашылған күнi конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы өткiзiледi және конкурс қорытындысының хаттамасына қол қойылады.
320. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтiнiм ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына жауап беретiн және сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген сомадан аспайтын бағаны ұсынған ең болмаса бiр әлеуеттi өнiм берушi болса, конкурс өткiзiлдi деп таниды.
321. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердi сатып алудағы жеңiмпазды анықтау кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алған тұлғалардың пiкiрi мен ұсынымдарын ескеруге құқылы.
322. Конкурсты ұйымдастырушылар бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражаттың шегiнде, арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң ұсынылған тiзiлiмдерiн салыстырып тексеру негiзiнде, орындалған жұмыстардың актiлерiне сәйкес нақты көрсетiлген қызметтер үшiн, қызметтердi жеткiзушiлерге ай сайын шығындарды өтейдi.
323. Осы тараумен реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушiлер, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар мен конкурстық комиссиялардың мүшелерi Заңды және осы Ереженi басшылыққа алады.
Дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi
Ескерту. Кiшi бөлiммен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.05.06 N 635 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
324. Ерекше тәртiптi қолдана отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу, егер Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемi құндық мәнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен асып кеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен аспайтын дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру үшiн мемлекеттiк сатып алу осы Ережеде көзделген дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбiне не Заңда және осы Ережеде көзделген өзге де тәсiлдерге де сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 324-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
325. Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу рәсiмдерiн және мерзiмiн регламенттейтiн нормаларды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
326. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi түпкiлiктi берген күнге дейiн кемiнде он күнтiзбелiк күн iшiнде Заңның 18-бабының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.
327. Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 19-бабына сәйкес бередi.
327-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру үшiн мiндеттi шарттар туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.
Ескерту. Ереже 327-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
328. Олар туралы мәлiметтер Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына енгiзiлген тұлғалар конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салумен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей өтiнiш беруге құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салу конкурстық құжаттамада көрсетiлген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға жiберiлуi тиiс.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап екi жұмыс күнiнiң iшiнде оған жауап беруге және сұрау салу кiмнен түскенiн көрсетпей:
олар туралы мәлiметтер Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiрудi жiберуге;
конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.
329. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн үш күнтiзбелiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде жеке бастамасы бойынша немесе олар туралы мәлiметтер Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына енгiзiлген тұлғалардың сұрау салуына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу Заңның 17-бабының 6-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
олар туралы мәлiметтер Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн өтеусiз негiзде жiберуге;
тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы жариялауға мiндеттi.
Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi бес күнтiзбелiк күнге ұзартылуы тиiс.
330. Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдер бар конверттердi ашу, конкурсқа қатысуға жiберу туралы және конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашқан күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде конкурстың қорытындысы туралы хаттамаларды жасайды.
331. Осы кiшi бөлiмде реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушiлер, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар және конкурстық комиссиялар мүшелерi Заңды және осы Ереженi басшылыққа алады.


Страницы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina