ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

Страницы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12


Үлгi конкурстық
құжаттамаға
9-қосымша
Ескерту. 9-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Банктiк кепiлдiк
Банктiң атауы:____________________________________________________
(банктiң атауы мен деректемелерi)
Кiмге:____________________________________________________________
(мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелерi)
N_________кепiлдiк мiндеттеме
______________________________ ____ж. "___"______________
(орналасқан жерi)

Бiз бұдан әрi "Өнiм берушi" деп аталатын,_______________________,
(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
________________________________ұйымдастырған_____________________
(мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысатындығынан және ______________
__________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң конкурс (лот/-тар)
бойынша атауын берудi (жұмыстарды орындауды, қызметтердi көрсетудi) жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
________ж. "___"______________ жоғарыда аталған конкурсты өткiзу жөнiндегi конкурстық құжаттамада әлеуеттi өнiм берушiлердiң банктiк кепiлдiк түрiнде конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзуi көзделген.
Осыған байланысты бiз_______________________осымен өзiмiзге
(банктiң атауы)
Сiздiң талап етуiңiз бойынша Сiздiң ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнiм берушi:
конкурсқа қатысуға түпкiлiктi мерзiм өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алғандығын не өзгерткендiгiн және (немесе) толықтырғандығын;
танылған конкурс қатысушысы өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде тапсырмағандығын не керi қайтарып алғандығын;
конкурстың жеңiмпазы етiп анықталған қатысушы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығын;
мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмi туралы талаптарды орындамағандығын не уақтылы орындамағандығын.
Бұл кепiлдiк мiндеттеме конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашқан күннен бастап күшiне енедi.
Бұл кепiлдiк мiндеттеме Өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмiнiң қолданылуының соңғы мерзiмiне дейiн қолданылады және, егер Сiздiң жазбаша талабыңызды бiз________ аяғына дейiн алмасақ, осы құжат бiзге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшiн жояды. Егер конкурстық өтiнiмнiң мерзiмi ұзартылған болса, онда бұл кепiлдiк мiндеттеме сондай мерзiмге ұзартылады.
Осы кепiлдiк мiндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен мiндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Кепiлгердiң қолы мен мөрi Күнi мен мекен-жайы
Үлгi конкурстық
құжаттамаға
10-қосымша
Берешектiң жоқтығы туралы анықтама
Банк (атауы)_______ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 30 шiлдедегi N 275 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi, кредиттiк серiктестiктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есептiң үлгi шот жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетiлетiн банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығын растайды (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекен-жайы, СТН, БСК және т.б. көрсету қажет).
Күнi
Қолы
M.О.
Үлгi конкурстық
құжаттамаға
11-қосымша
Ескерту. 11-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Үлгi конкурстық
құжаттамаға
12-қосымша
Ескерту. 12-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Конкурста сатып алу мәнi болып табылатын, жұмыстарды
орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету
кезiндегi қоса орындаушылар) туралы мәлiметтер, сондай-ақ
әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (қоса
орындаушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерi
(конкурстың толық атауын көрсету қажет)


Р/с
N

Қосалқы
мердi-
гердiң
(қоса
орын-
даушы) -
заңды
тұлға-
ның
атауы
не жеке
тұлға
болып
табы-
латын
қосалқы
мердi-
гердiң
(қоса
орын-
даушы-
ның)
- Т.А.Ә.

Қосалқы
мердiгер
(қоса
орын-
даушы)
салық
төлеу-
шiсiнiң
тiркеу
нөмiрi,
оның
толық
заңды
және
почталық
мекен-
жайы,
байланыс
телефоны

Техни-
калық
ерек-
шелiкке
сәйкес
орын-
далатын
жұмыс-
тардың
(көр-
сетi-
летiн
қызмет-
тердiң)
атауы

Техникалық
ерекшелiкке
сәйкес орында-
латын жұмыстар-
дың (көрсетiле-
тiн қызметтер-
дiң) ақшалай
мәндегi көлемi

Техникалық
ерекшелiкке
сәйкес орында-
латын жұмыстар-
дың (көрсетiле-
тiн қызметтер-
дiң) ақшалай
мәндегi көлемi

Осы қосалқы мердiгер (қоса
орындаушы) бойынша барлығы

теңге

көлемi-
нiң %

Осы қосалқы мердiгер (қоса
орындаушы) бойынша барлығы

теңге

көлемi-
нiң %

Барлық қосалқы мердiгерлер (қоса
орындаушылар) бойынша жиыны

теңге

көлемi-
нiң %

Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтiнiм беретiн әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерi(лерi) (қоса орындаушысы(лары)) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзiнiң хабардар екендiгiн бiлдiредi және әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерiне (қоса орындаушыларына) қатысты бөлiгiнде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi өзiне қабылдайды.


Қосалқы мердiгер
(қоса орындаушы) -
заңды тұлғаның атауы
не жеке тұлға болып
табылатын қосалқы
мердiгер (қоса
орындаушы) Т.А.Ә.

Қосалқы мердiгер-
дiң (қоса
орындаушының)
уәкiлеттi өкiлi-
нiң Т.А.Ә.

Қолы

Әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерге (бiрлесе орындаушыға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң көлемi жұмыстар мен қызметтердiң жалпы көлемiнiң үштен екiсiнен аспауға тиiс.
Үлгi конкурстық
құжаттамаға
13-қосымша
Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi
(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы әр лотқа жеке толтырылады)


N

Мазмұны

Тауарлар, жұмыс-
тар, қызметтер

атауы

1.

Қысқаша сипаты

2.

Шығарылған елi (жұмыстарды сатып
алу кезiнде алынып тасталады)

3.

Жасаушы зауыт (жұмыстар мен
қызметтердi сатып алу кезiнде
алынып тасталады)

4.

Өлшем бiрлiгi

5.

Баға_______бiрлiкке___________
ИНКОТЕРМС 2000 шарттары
бойынша _________
(белгiленген пунктi)

6.

Саны (көлемi)

7.

Барлық бағасы =__________
б., 5 х б. 6,

8.

Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС
2000 шарттары бойынша __________
белгiленген пунктi, әлеуеттi
өнiм берушiнiң тасымалдауға
арналған, кеден бажын, ҚҚС және
басқа төлемдер мен алымдарды,
жинақтаушы бөлшектер мен
мiндеттi қосалқы бөлшектер
бағасын, бiр өлшем бiрлiгiне
пайдаланудың бастапқы мерзiмi
iшiнде қызмет көрсетуге арналған
барлық шығыстарды қоса алғанда,
басқа да шығыстар

Әлеуеттi өнiм берушi басқа шығыстарды да
көрсетуге құқылы, оның iшiнде:
жеңiлдiктер берiлетiн жағдайда, оның көлемi
Бiз Сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келiсемiз. Төлемнiң мынадай балама шарттарын ұсынамыз
__________________________________________________________________
(егер олар болса)
__________________________________________________________________
(төлемнiң балама шарттары көрсетiледi)
немесе басқа шарттар (санамалау қажет:___________ ______________)
бұл ретте________________мөлшерде жеңiлдiктер ұсынамыз
__________________________________________________________________
(ақшалай мәнде жазбаша түрде көрсету қажет)
________________________ _______________________
(Қолы) (лауазымы, тегi)
М.О.
Ескертпе: әлеуеттi өнiм берушi жалпы бағаның құрауыш бөлiктерiн көрсетпеуi де мүмкiн, бұл ретте осы жолда көрсетiлген бағаны әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.
Ережеге
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу

туралы үлгi шарт
__________________ _________ж. _____ _______________
(Орналасқан жерi)

Бұдан әрi Тапсырыс берушi деп аталатын ___________________________
(Тапсырыс берушiнiң толық атауы)
атынан,___________________________________________________________
(уәкiлеттi адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
бiр тараптан және бұдан әрi Өнiм берушi деп аталатын
_____________________________________________________________атынан
(өнiм берушi - конкурс жеңiмпазының толық атауы)
_____________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
(Жарғының, Ереженiң және т.б.)
__________________________________________________________________
(уәкiлеттi адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
екiншi тараптан, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңның (бұдан әрi - Заң) және мемлекеттiк сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бiр көзден алу тәсiлiмен) қорытындылары негiзiнде_____жылы___ _______ өткен осы Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты және мына төмендегiлер туралы келiсiмге келдi:
1. Өнiм берушi (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетiлсiн) мөлшердегi сомаға (бұдан әрi - Шарттың бағасы) тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi Тапсырыс берушiге жеткiзудi мiндетiне алды.
2. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсiндiрменi бiлдiретiн болады:
1) "Шарт" - Тапсырыс берушi мен Өнiм берушi арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тiркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бiрге, сондай-ақ шартта сiлтеме бар барлық құжаттамамен бiрге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) "Шарттың бағасы" Тапсырыс берушi Шарттың шеңберiнде Өнiм берушiге өзiнiң шарттық мiндеттемелерiн толық орындағаны үшiн төленуге тиiс соманы бiлдiредi;
3) "Тауарлар" нәрселердi (заттарды), оның iшiнде жартылай фабрикаттарды немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзатты, электр және жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерiн, сондай-ақ Өнiм берушi Тапсырыс берушiге Шарт шеңберiнде беруге тиiс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтарды бiлдiредi;
4) "Iлеспе көрсетiлетiн қызметтер" Тауарларды берудi қамтамасыз ететiн қызметтердi, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, iске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекшi қызметтер және Өнiм берушiнiң осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас мiндеттерiн бiлдiредi;
5) "Қызмет көрсету" - Тапсырыс берушiнiң мұқтажын қанағаттандыратын, заттық нәтижеге ие емес, қызмет;
6) "Тапсырыс берушi" - мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
7) "Өнiм берушi" - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, Тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум).
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлiгi болып саналады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың/көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi;
3) техникалық ерекшелiк;
4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
4. Ереженiң 156-тармағында көрсетiлген жағдайларда Өнiм берушi Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi. Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
5. Өнiм берушiнiң Шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi. Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
6. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындармен мемлекеттiк сатып алу шарты бiр қаржы жылынан астам мерзiмге:
1) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы, тауарларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында беруге себепшi болатын тауарларды (мұндай фактiнi растайтын әзiрлеушiнiң анықтамасы болуға тиiс);
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда, бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн.
Бұл ретте жоғарыда көзделген жағдайларда бiр қаржы жылынан астам қолдану мерзiмiмен мұндай мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бәсекелестiк негiзде жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша белгiленген өнiм берушiлермен ғана жасасуға жол берiледi.
Конкурс нәтижелерi бойынша жасалған Мемлекеттiк сатып алу шарты өнiм берушiнiң уәкiлеттi органға өтiнiм мен шартты баға арасындағы айырма ретiнде алынған кiрiстi пайдалану бойынша ақпарат бергенi туралы келiсiм шарттарын қамтуы тиiс, мемлекеттiк сатып алу бойынша уәкiлеттi органға.
7. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шаралар жоспарын орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
8. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
9. Өнiм берушi тауарды (көрсетiлетiн қызметтердi) Өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiне және осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Тапсырыс берушiнiң (конкурсты ұйымдастырушының) конкурстық құжаттамасына сәйкес санда және сапада сатуды және берудi (көрсетуге), ал Тапсырыс берушi қабылдауды және төлеудi мiндетiне алады. Ақы төлеу нысаны__________________________________
(аударым, қолма қол есеп айырысу, және т.б.)
10. Төлеу мерзiмi_____________________________________________
(мысал: тауарды тағайындалған пунктте қабылдағаннан кейiн % немесе алдын ала төлеу және т.б)
11. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар:
__________________________________________________________________
(шот-фактура немесе қабылдау-беру актiсi және т.б.)
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу талаптарын көздеуге тиiс.
Өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтiн талабы жағдайында мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерiстер енгiзуге:
1) осы тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартта көрсетiлген тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер бiрлiгi үшiн бағаны өзгертпеу шартымен сатып алынатын тауарлардың, көрсетiлген қызметтердiң көлемiндегi қажеттiлiктiң азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлiгiнде жол берiледi. Тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өзгертуге осы тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегiнде жол берiледi;
2) егер өнiм берушi тауарды мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шартты орындау үдерiсiнде тауар бiрлiгiне берiлетiн бағаның өзгертпеу шартымен, онымен жасалған тауарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың нысанасы болып табылатын тауарды берудiң неғұрлым үздiк сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзiмiн және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерiстер енгiзуге жол берiледi;
3) егер мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау үдерiсiнде осыған ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келiсiмi бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлiгiнде;
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттiк сатып алу шарттарының және (немесе) өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетiн өзгерiстердi осы тармақта көзделмеген негiздемелер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.
12. Осы Шарт шеңберiнде берiлетiн тауарлар немесе көрсетiлетiн қызметтер техникалық ерекшелiкте көрсетiлген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиiс.
13. Өнiм берушi Тапсырыс берушiнiң алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бiр ережелерiн, сондай-ақ Тапсырыс берушi немесе осы Шартты орындау үшiн Өнiм берушi тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдердi, үлгiлердi немесе ақпаратты ашпауға тиiс. Көрсетiлген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық мiндеттемелердi орындау үшiн қажеттi шамада берiлуге тиiс.
14. Өнiм берушi Тапсырыс берушiнiң алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты iске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиiс.
15. Тапсырыс берушi немесе оның өкiлдерi Тауарларға, егер бұл техникалық ерекшелiкте айтылса, олардың техникалық ерекшелiкке сәйкестiгiн растау үшiн техникалық бақылау және/немесе сынақ жүргiзуi мүмкiн. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды Өнiм берушi жүктейдi. Техникалық ерекшелiкте Тапсырыс берушiге қандай түрдегi тексеру мен сынақ талап етiлетiндiгi, сондай-ақ олар қай жерде жүргiзiлуге тиiс екендiгi көрсетiледi. Тапсырыс берушi Өнiм берушiнi осы мақсаттарға арналған өзiнiң өкiлдерi туралы жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуге тиiс.
16. Техникалық бақылау мен сынақ Өнiм берушiнiң немесе оның қосалқы мердiгерiнiң (лерiнiң) аумағында, тауарларды жеткiзу орнында және/немесе соңғы пунктiнде жүргiзiлуi мүмкiн. Егер олар Өнiм берушiнiң немесе оның қосалқы мердiгерiнiң (лерiнiң) аумағында жүргiзiлсе, Тапсырыс берушiнiң инспекторларына Тапсырыс берушiнiң тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға және өндiрiстiк ақпаратқа қол жеткiзудi қоса алғанда, барлық қажеттi құралдар берiлетiн және жәрдем көрсетiлетiн болады.
17. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекшелiкке жауап бермесе, Тапсырыс берушi олардан бас тарта алады және Өнiм берушi ақаулы тауарды не алмастырады не Тапсырыс берушiнiң тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшелiктiң талаптарына сәйкес қажеттi өзгерiстер енгiзедi.
18. Жоғарыда көрсетiлгендердiң бiр де бiр тармағы Өнiм берушiнi осы Шарт бойынша кепiлдiктерден немесе басқа да мiндеттемелерден босатпайды.
19. Өнiм берушi тауарларды оларды соңғы тағайындалған пунктiне тасымалдау кезiнде зақымдануды немесе бұзылуды болдырмауға қабiлеттi орауға қамтамасыз етуi тиiс. Орам қандай да болмасын шектеулерсiз қарқынды көтергiш-көлiк өңдеуiне және тасымалдау кезiндегi экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсерiне төзуге тиiс. Оралған жәшiктердiң габаритiн және олардың салмағын анықтау кезiнде жеткiзу пунктiнiң алыстығы және тауарларды алып жүрудiң барлық пункттерiнде қуатты жүк көтергiш құралдардың болуы ескерiлуi қажет.
20. Жәшiктердi орау мен таңбалау, сондай-ақ iшiнен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс берушi белгiлеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиiс.
21. Тауарларды берудi Өнiм берушi сатып алынатын Тауарлардың/Көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiнде айтылған Тапсырыс берушiнiң талаптарына сәйкес мынадай түрде жүзеге асырады:
а) шетелден келетiн Тауарлар үшiн:
Тауарды түсiргеннен кейiн Өнiм берушi Тапсырыс берушiге және сақтандыру компаниясына телекспен немесе факспен Шарттың нөмiрiн, тауарлардың сипаттамасын, санын, кеменi, коносамент нөмiрiн және оның күнiн, жөнелтiлген портын және күнiн, түсiру портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық егжей-тегжейi туралы хабардар етуге тиiс:
1) Тауарлардың сипаттамасымен, Тауардың санын, бiрлiгiнiң бағасын және жалпы сомасын көрсетiп, Өнiм берушiнiң шот-фактурасының көшiрмесi;
2) көлiктiк жүк құжаттың түпнұсқасы мен 3 көшiрмесi;
3) әрбiр орамның құрамын көрсетiп, орау парағының көшiрмесi;
4) сақтандыру Сертификаты;
5) дайындаушының немесе өнiм берушiнiң кепiлдiк сертификаты;
6) уәкiлеттi инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткiзу туралы куәлiк, сондай-ақ Өнiм берушiнiң зауытында техникалық бақылау өткендiгi туралы есеп (егер мұндайлар болса);
7) тауардың шыққан жерi туралы сертификат.
Жоғарыда көрсетiлген құжаттарды Тапсырыс берушi Тауарлар портқа немесе жеткiзу пунктiне келгенге дейiн ең болмағанда бiр апта бұрын алуға тиiс және олар алынбаған жағдайда Өнiм берушi осы шығыстарға байланысты жауапты болады.
б) Жергiлiктi Тауарлар үшiн:
1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарларға бiрлiк бағаны және жалпы сомасын көрсетiп, Өнiм берушiнiң шот-фактурасының көшiрмесi;
2) көлiктiк жүк құжат, темiр жол түбiртегi немесе автожүк түбiртегi;
3) Дайындаушының немесе Өнiм берушiнiң кепiлдiк сертификаты;
4) уәкiлеттi инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткiзу туралы куәлiк, сондай-ақ Өнiм берушiнiң зауытында техникалық бақылау өткендiгi туралы есеп (егер мұндайлар болса);
5) тауардың шыққан жерi туралы сертификат.
22. Шартқа сәйкес берiлетiн тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткiзуге байланысты бүлiнуден немесе бұзылудан теңгемен (немесе еркiн айырбасталатын валютада) толық сақтандырылуға тиiс (қажеттi сақтандыру түрiн көрсету). Сақтандыру полисiнде Тапсырыс берушi Өнiм берушiмен бiрге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретiнде аталуға тиiс.
23. Сақтандыру әскери iс-қимылдарға және көтерiлiстерге байланысты қатерлердi қоса алғанда, "барлық қатерлерден" сақтандыру кезiнде "қоймадан қоймаға" Шарт сомасының 110 % мөлшерiнде болуға тиiс.
24. Өнiм берушi Тауарларды тағайындалған пунктiне дейiн беруге тиiс. Осы тауарларды тағайындалған пунктiне дейiн тасымалдауды Өнiм берушi жүзеге асырады және төлейдi, ал оған байланысты шығыстар Шарттың бағасына қосылады.
25. Осы Шарттың шеңберiнде Өнiм берушi конкурстық құжаттамада көрсетiлген қызметтердi көрсетуге тиiс.
26. Iлеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгiзiлуге тиiс.
27. Тапсырыс берушi Өнiм берушi дайындайтын немесе өткiзетiн қосалқы бөлiктер туралы мынадай ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс берушi сатып алу үшiн Өнiм берушiден таңдай алатын және оларды кепiлдiк мерзiмi өткеннен кейiн пайдалана алатын қосалқы бөлiктердiң құны мен номенклатурасын берудi Өнiм берушiден талап етуi мүмкiн.
28. Өнiм берушi қосалқы бөлшектердi шығаруға тоқтатқан жағдайда:
а) Тапсырыс берушiнi оған қажеттi санда қажеттi сатып алуды жүргiзе алуына мүмкiндiк беру үшiн өндiрiстiң алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;
б) қажет болған жағдайда өндiрiс тоқтағаннан кейiн артынша Тапсырыс берушiге қосалқы бөлiктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегiн беруге тиiс.
29. Өнiм берушi Шарт шеңберiнде берiлген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулерi көрсетiлген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепiлдiк бередi. Өнiм берушi, бұдан әрi, осы Шарт бойынша берiлген Тауарлар Тапсырыс берушiнiң елi үшiн әдетте қолайлы жағдайларда берiлген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрi кепiлдiк бередi. Тапсырыс берушi берген техникалық ерекшелiкке қатаң сәйкестiкте Өнiм берушi дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда Өнiм берушi Тапсырыс берушiнiң оның (Тапсырыс берушiнiң) техникалық ерекшелiгiнде жiбергенi үшiн жауап бермейдi.
30. Бұл кепiлдiк Тауарлардың бүкiл партиясын немесе оның бөлiгiн нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетiлген тағайындалған нақты пунктiне қабылдағанға орай
_________________________________________________iшiнде жарамды.
(кепiлдiктiң талап етiлетiн мерзiмi көрсетiлсiн)
31. Тапсырыс берушi Өнiм берушiнi осы кепiлдiкке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге мiндеттi.
32. Осындай хабарламаны алғаннан кейiн Өнiм берушi ақау шыққан Тауарды немесе оның бөлiгiн Тапсырыс берушiнiң тарапынан қандай да болмасын шығынсыз жедел жөндеуге немесе алмастыруға тиiс.
33. Егер Өнiм берушi хабарлама алып, Тапсырыс берушi талап еткен мерзiмде ақауды(ларды) жөндемесе, Тапсырыс берушi Өнiм берушi есебiнен және Тапсырыс берушi Өнiм берушiге қатысты Шарт бойынша иеленуi мүмкiн басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөнiндегi қажеттi санкциялар мен шараларды қолдана алады.

Страницы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina