ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

Страницы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12


41. Төлемдердiң түрлерi мен мерзiмi_________________________
(төлемдердiң қалай жүргiзiлетiнi және төлеу мерзiмi көрсетiлсiн: аванстық төлем, ағымдағы төлемдер, соңғы төлемақы)
42. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар:____________________
(шот-фактура немесе орындалған жұмыстарды қабылдап алу-беру актiсi немесе т.с.с.)
43. Тапсырыс берушi Мердiгерге___сомада аванстық төлем (алдын ала төлеу) жүргiзуi мүмкiн. Мердiгер төленген авансты осы Шарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн талап етiлетiн материалдарға, жабдықтар мен еңбекақы төлеуге ғана пайдалануы тиiс.
44. Тапсырыс берушi аванстық төлемдердi жүзеге асырған жағдайда ай сайынғы төлемдерден____орындалған жұмыстардың көлемiне тепе-тең мөлшерде аванстық төлемдердiң сомасын шегере отырып түзетiледi. Төлем мерзiмi____.
45. Егер Тапсырыс берушi Мердiгерге тиесiлi соманы Шартта көрсетiлген мерзiмде төлемесе, онда бұл жағдайда ол Мердiгерге мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн____тиесiлi сомасының____0,1 %-ы мөлшерiнде кiдiртiлген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын төлейдi. Тұрақсыздық айыбы келесi төлеммен жүргiзiледi. Тұрақсыздық айыбының пайызы төлем жүргiзiлуi тиiс болған күннен бастап есептеледi және соңғы төлем жүргiзiлген кездегi күнмен аяқталады.
46. Мынадай оқиғалар жұмыстардың ұзақтығы мерзiмiн өзгертуге немесе Мердiгерге ақшалай өтемақы төлеуге алып келедi:
1) Тапсырыс берушi Объектiнiң барлық учаскелерiн пайдалануға рұқсат етпесе, бұл жұмыстардың орындалуын кiдiртедi. Бұл жағдайда Тапсырыс берушi осы Шарт бойынша жұмыстардың орындалу мерзiмiн ұзартуға мiндеттi;
2) Тапсырыс берушi Мердiгерге Шартта жоспарланбаған сынақтарды өткiзу үшiн жұмыстарды тоқтатуға нұсқама берсе. Егер осы сынақта қандай да бiр ақауларға нұсқамаса, онда сынақ өткiзу үшiн жұмыстарды тоқтату уақыты жұмыстарды орындаудың шарттық мерзiмiне қосылады;
3) аванстық төлем кешiктiрiлсе;
4) Объектiде бiрнеше мердiгерлер болса, Тапсырыс берушiнiң басқа мердiгерлер үшiн жасаған жұмыстар кестесi осы Шарт бойынша Мердiгердiң жұмыстарды орындау мерзiмiне келеңсiз әсер етсе.
Өтемақы сомасы Мердiгермен келiсiледi.
47. Ақшалай өтемақы Мердiгерге барлық жұмыстар аяқталғаннан кейiн және шалалықтар мен Ақаулар тiзбесi жойылғаннан кейiн ғана төленедi.
Ескерту. 47-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
48. Мердiгер Тапсырыс берушiге шарт бойынша жеткiзiп берiлетiн материалдар мен жабдықтардың техникалық өзiндiк ерекшелiктер және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес болуына, жұмыс оның сапасын жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiн деңгейге дейiн төмендететiн ақауларсыз орындалатынына кепiлдiк бередi. Осы талаптарға сәйкес келмейтiн, жеткiлiксiз негiзделген және рұқсатсыз өзгертiлген жұмыс ақаулы деп танылады. Мердiгер (қосалқы Мердiгер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендiру ережелерiн бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткiлiксiз техникалық қызмет көрсету себебiнен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезiнде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлiнуi себебiнен залалды өтеу немесе түзету Мердiгер беретiн кепiлдiктерге кiрмейдi. Тапсырыс берушiнiң талап етуi бойынша Мердiгер материалдар мен жабдықтар сапасының техникалық ерекшелiктерге және/немесе жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестiгiн куәландыратын құжаттарды беруге тиiс.
Мердiгер Тапсырыс берушiге пайдалануға кепiлдiктi____жыл мерзiмге бередi.
Ескерту. 48-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
49. Егер басқа тарап Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратын Шарттың талаптарын едәуiр бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс берушi немесе Мердiгер Шартта көрсетiлген мерзiмге дейiн Шартты бұза алады.
50. Шарттың талаптарын едәуiр бұзу мынаны қамтиды, бiрақ санамаланғанмен шектелiп қалмайды:
1) егер Мердiгер жұмыстар кестесiн орындау мерзiмiн бiрнеше рет бұзса, Тапсырыс берушi Шартты бұза алады;
2) Мердiгер Тапсырыс берушiнiң тоқтатуға рұқсатын алмай мерзiмi__________дейiн жұмысты тоқтата тұрса;
3) Мердiгер Тапсырыс берушi белгiлеген негiздi уақыт кезеңi iшiнде Тапсырыс берушi көрсеткен Ақауларды жоймаса;
4) Тапсырыс берушi Мердiгерге жұмыстар барысын кiдiртуге нұсқама_______________ күн iшiнде күшiн жоймаса;
5) не Тапсырыс берушi, не Мердiгер оның қайта ұйымдастырылуын немесе бiрлесуiн қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бiр себептермен таратылса;
6) Тапсырыс берушi Мердiгерге Тапсырыс берушiнiң Техникалық бақылаушысы растаған соманы сома расталған күннен кейiнгi күн iшiнде төлемесе;
7) Мердiгер жобалау құжаттамасында және шарттық құжаттамада көрсетiлген жұмыстарды жүргiзу ережелерiн, нұсқаулықтарын және ережелерiн ескермейтiн болса.
51. Егер Шарт Мердiгердiң Шартты едәуiр бұзуы себебiнен бұзылса, Тапсырыс берушi Тапсырыс берушiнiң жаңа Мердiгердi таңдауына аванстар мен шығындарды шегере отырып, Мердiгерге iс жүзiнде орындалған жұмыстар үшiн қалған соманы төлейдi. Егер Тапсырыс берушiнiң Шартты бұзуға байланысты шығындарының жалпы сомасы Мердiгерге тиесiлi жалпы сомадан асып түссе, айырма Тапсырыс берушiге төленуге жататын борышты құрайды.
52. Тапсырыс берушi Мердiгерге тиiстi жазбаша хабарлама жiберiп, Шартты одан әрi орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебi көрсетiледi, Шарттың күшi жойылған жұмыстарының көлемi, сондай-ақ Шартты бұзудың күшiне енетiн күнi айтылады.
53. Мұндай жағдайларда Тапсырыс берушi барлық орындалған жұмыстардың құнын, сатып алынған жабдықтар үшiн, Объектiден машиналар мен тетiктердiң шығарылуына шығыстарды және Объектiнi консервациялау құнын төлейдi.
54. Жоғарыда санамаланған жағдаяттар негiзiнде Шарт жойылған кезде, Мердiгер Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгi iс жүзiндегi шығындар үшiн ғана ақы талап етуге құқылы.
55. Мына фактiлердiң бiрi анықталған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылады:
1) Заңның 6-бабында қарастырылған шектеулердiң бұзылуы;
2) сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiге Заңда қарастырылмаған ықпал етулер көрсетсе;
Егер Шарт бұзылса Мердiгер дереу жұмысты тоқтатып, Объектiнi консервациялауды және белгiленген тәртiппен оны Тапсырыс берушi тапсыруды қамтамасыз етедi.
56. Егер Мердiгердiң Шарт талаптарын едәуiр бұзуы себебiнен Шарт бұзылатын болса, Объектiдегi барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушiнiң меншiгi болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешiлгенге дейiн оның билiгiнде болады.
57. Егер дүлей апат, әскери iс-қимылдар немесе Тапсырыс берушi немесе Мердiгер бақылай алмайтын қандай басқа бiр басқа форс-мажорлық оқиға Шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс берушi Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердiгер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейiн қысқа мерзiмде Объектiнi консервациялауды қамтамасыз етедi және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс берушi Мердiгерге Объектiнi тоқтатқан күнге дейiн орындалған жұмыстардың барлық көлемi үшiн және Объектiнi консервациялауға байланысты жұмыстар үшiн ақы төлеудi жүргiзедi.
58. Мердiгер орындалған жұмыстарды және жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерiнен қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Мердiгер өзiнiң жұмыстарын жүргiзу кезiнде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушiге тиесiлi меншiктi және оған тиесiлi құрылыстарды қандай да бiр зақымдану түрлерiнен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүлiктiң өзге де түрлерiн қоса алғанда (бiрақ, онымен шектелiп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиiс. Мердiгер жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушiнiң тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
59. Тапсырыс берушi Мердiгердiң жоғарыда айтылған себептермен оларды толық аяқтағанға және қабылдағанға дейiн жұмыстардың қандай да бiр зияны немесе зақымдануы үшiн жауапкершiлiк көтермейдi және Мердiгер қосымша өтеусiз қандай да бiр зиянды барлық түзетудi, қандай да бiр зақымдануды және өзге де жоғары айтылғандар нәтижесiнде өзге де ақауларды жүзеге асырады.
60. Мердiгер өнiм берудi ұйымдастыру, Мердiгер беретiн, Объектiге жеткiзiлуге тиiс барлық материалдар мен жабдықтарды тасымалдау, тиеу және сақтау үшiн жауапты болады. Өнiмдi беру тек қана Мердiгердiң атына жүзеге асырылады. Ешқандай жағдайда да Тапсырыс берушi өнiм беруге, өңдеуге, сақтауға және көлiк құралдарының тоқтап тұруына ақы төлеуге байланысты шығыстар үшiн жауап беруге тиiс емес. Ешқандай да өнiм беру Тапсырыс берушiнiң атына жiберiлмейдi.
61. Мердiгер Тапсырыс берушiге Учаскеде материалдар мен жабдықтар алу кестесiн бередi. Сақтау, төсеу немесе қатарлап жинау үшiн Тапсырыс берушi рұқсат берген учаскелер ғана пайдаланылуы мүмкiн. Егер Мердiгер өзiнiң материалдары мен жабдықтарын тиеудi және сақтауды кiдiртетiн болса, және егер мұндай кiдiрту тұтастай алғанда жұмыстарды жүзеге асыруға зиян келтiретiн болса, Тапсырыс берушi Мердiгердiң материалдары мен жабдықтарын тиеу мен сақтауды Мердiгердiң есебiнен жүзеге асыруы мүмкiн (бiрақ құны жасауға мiндеттi емес). Бұл жағдайда Тапсырыс берушi кемiнде бiр жұмыс күнi бұрын Мердiгердi жұмыстардың басталған күнiн және орнын көрсете отырып, мұндай жұмыстардың жүзеге асырылуы туралы хабардар етуге мiндеттi. Егер тиеудi немесе Тапсырыс жүзеге асыратын болса, жоғарыда айтылғанның зиянына немесе зақымдануына байланысты бүкiл тәуекелдi Мердiгер көтередi.
Ескерту. 61-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
62. Тапсырыс берушi беретiн материалдар мен жабдықтарды Тапсырыс берушi мен Мердiгер бiрлесiп қабылдайды және тексередi. Құрылыс алаңында тиеудi Мердiгер жүзеге асырады. Мұндай қабылдау Мердiгер дайындайтын қабылдау туралы жазбаша құжатпен куәландырылуға тиiс. Кез келген кем шығу немесе осындай материалдар мен жабдықтарға қолданылатын зақымдану қабылдау туралы жазбаша құжатта нақты белгiленуге тиiс. Осындай материалдар мен жабдықтарды қабылдағаннан кейiн Мердiгер осындай материалдар мен жабдықтардың өңделуi мен сақталуы үшiн толық жауап бередi және, жоғарыда көрсетiлген жоғалған немесе зақымданған жағдайда толық жауап бередi. Мердiгер өзiнiң жұмыстарын аяқтағаннан кейiн қалатын материалдардың немесе жабдықтардың кез келген артылғаны Тапсырыс берушiге қайтарылуға тиiс.
63. Егер Шартта Тапсырыс берушiнiң материалдарын немесе жабдықтарын беру көзделген болса, Мердiгер Тапсырыс берушiнi оларды беру үшiн қажет болуы мүмкiн мерзiм туралы күнi бұрын хабардар етуге тиiс. Бұл мерзiмдер Мердiгердiң жұмыс кестесiнде көзделген болуы тиiс.
64. Егер Шартқа сәйкес Тапсырыс берушi осы Шартта көзделген жұмыстарды орындау үшiн негiздi көлемде электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етуге тиiс болса, Мердiгер қосудың орындалуы үшiн және су мен электр энергиясын Тапсырыс берушi белгiлеген қосу нүктесiнен бөлу үшiн жауап бередi. Осы қызметтермен қамтамасыз етудегi үзiлiстер жұмыстардың ұзақтығын өзгерту үшiн негiз болып табылады.
65. Мердiгер Учаскенiң аумағын таза ұстайды. Мердiгер Учаскеден барлық құрылыс қоқысын әкетуге және Учаскенi жедел түрде тәртiпке келтiруге тиiс.
66. Егер Мердiгер Учаскенi осы Шарт талап ететiндей таза ұстауға жағдайы келмесе, Тапсырыс берушi шығыстарды Мердiгердiң есебiне жатқыза отырып, осы жұмысты орындауы мүмкiн.
67. Мердiгер Шартта айтылған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейiн Тапсырыс берушiге жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлама жiбередi. Тапсырыс берушi жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей Шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөнiндегi комиссияны (Жұмыс комиссиясы) тағайындайды.
68. Жұмыс комиссиясы Мердiгердiң қатысуымен өткiзiледi.
69. Жұмыс комиссиясы актiсiнiң күнi жұмыстар аяқталған күн болып саналады.
70. Жұмыс комиссиясы шалалықтардың тiзбесiн жасайды және оларды жою мерзiмiн көрсетедi. Шалалықтарды жою күнi Шарттың аяқталған күнi болып саналады. Барлық шалалықтарды жою фактiсi Объектiнi пайдалануға түпкiлiктi қабылдау актiсiмен (Мемлекеттiк комиссия актiсiмен) анықталады.
71. Форс-мажорлық шарттарды қоспағанда, егер мердiгер Шартта айтылған мерзiмде жұмысты орындамаса Тапсырыс берушi Шарттың шеңберiнде өзiнiң басқа құқықтарына зиянсыз Шарттың бағасынан әр бiр мерзiмi өткен күнге 0,1 пайыз сомасында тұрақсыздық айыбын есептеп шығарып отырады.
72. Осы Шарттың күнiне енетiн күнi жұмыстардың басталған мерзiмi болып саналады (не осы күн Шартта белгiленедi).
73. Мердiгер осы Шарт бойынша жұмыстардың барлық түрлерiн жұмыстар басталғаннан кейiн (күн саны көрсетiлген) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей аяқтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
73-1. Әлеуеттi өнiм берушi (мердiгер) конкурстық өтiнiмге (бар болған кезде) қазақстандық қамтуды қамтамасыз етудi мiндетiне алады.
Ескерту. 73-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
74. Тапсырыс берушi осы Шарт бойынша орындалған көлем үшiн осы Шартта айтылған соманы төлеуге мiндеттенедi.
75. Мердiгер орындаған жұмыстардың сомасынан ай сайын (немесе басқа кезең көрсетiлсiн) Тапсырыс берушi барлық жұмыстар орындалғаннан және шалағайлықтар мен ақаулар тiзбесiн жойғаннан кейiн Мердiгерге төленетiн орындалған жұмыстар құнының 5%-ын ұстап қалады (бұдан әрi - Түпкiлiктi ақы төлеу).
76. Осы Шарт бойынша Мердiгерге түпкiлiктi ақы төлеудi Тапсырыс берушi Мердiгер осы Шарт бойынша мiндеттемелердi және Ақауларды түзету жөнiндегi өзiнiң барлық мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда жүргiзедi.
77. Осы Шартта Тапсырыс берушi мен Мердiгер белгiленген тәртiппен келiскен өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де талаптар көзделуi мүмкiн.
78. Мердiгер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi (егер осындай қамтамасыз етудi енгiзу конкурстық құжаттамада көзделсе).
79. Осы Шарт Тапсырыс берушi оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық органында тiркегеннен кейiн (мемлекеттiк органдар мен мекемелер үшiн) және Мердiгер Ереженiң 156-тармағында көрсетiлген жағдайларда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi енгiзгеннен кейiн күшiне енедi.
80. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелерi:
Тапсырыс берушi Өнiм берушi
_____________________________ ________________________
(толық атауы) (толық атауы)
_____________________________ ________________________
_____________________________ ________________________
(мекен-жайы) (мекен-жайы)
_____________________________ ________________________
(телефоны, факсы) (телефоны, факсы)
_____________________________ ________________________
(Т.А.Ә.) (Т.А.Ә.)
_____________________________ ________________________
(қолы) (қолы)
________ж."__"__________ _________ж."___" _______
М.О. М.О.
Аумақтық қазынашылық органында тiркелген күнi (мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер үшiн):_____________________
Осы Мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт Тапсырыс берушiнiң жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруы үдерiсiнде Тапсырыс берушi мен Мердiгер арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейдi. Осы Шартты пайдалана отырып, Тапсырыс берушi конкурс қорытындылары негiзiнде жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың өз жобасын әзiрлеуге тиiс. Бұл ретте осы Шартқа енгiзiлетiн кез келген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi заңнамасына, Тапсырыс берушiнiң конкурстық құжаттамасына, Мердiгердiң конкурстық өтiнiмiне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиiс. Осы Шартта курсивпен бөлiп көрсетiлген түсiндiрулердi Тапсырыс берушi толтыруға тиiс.
Ережеге
6-қосымша
Ескерту. 6-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
асыру туралы хабарландырудың нысаны
____________________________________________________________
(мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы, почталық және
электрондық мекен-жайлары)
мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi)
мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу туралы хабарлайды:________________
__________________________________________________________________
(тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi беру орны және
олардың көлемi көрсетiледi) (мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң
толық тiзбесi, олардың саны мен егжей-тегжейлi өзiндiк ерекшелiгi
конкурстық құжаттамада көрсетiлгенiне сiлтеме жасауға құқылы).
Тауарларды берудiң (жұмыстарды орындаудың/қызметтердi көрсетудiң) талап етiлетiн мерзiмi________________________________
Конкурсқа "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық әлеуеттi өнiм берушiлер жiберiледi.
Конкурстық құжаттама көшiрмесiнiң бумасын әлеуеттi өнiм берушi конкурстық құжаттамаға ақы төлеу туралы құжатты (егер мұндай конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда) бергеннен кейiн ___жылғы "____"___________ дейiнгi мерзiмдi қоса алғанда (конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқанға дейiн 24 сағат бұрын уақыт пен күнi көрсетiлсiн) мына мекен-жай бойынша:________, бөлме N__сағат____-дан____-ге дейiн және/немесе мына мекен-жай бойынша_______ электрондық почтамен алуға болады.
Конкурстық құжаттаманың көшiрмесi бумасының құны____________ теңгенi құрайды және______________________________________________
(мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының тиiстi шоты көрсетiлсiн) шотына енгiзiледi (егер төлем көзделмеген болса, осы абзац алынып тасталады).
Конвертке желiмделген конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдердi әлеуеттi өнiм берушiлер_______________________________
(мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетiлсiн)
мына мекен-жай бойынша____________________________________________
(толық мекен-жайы, бөлменiң N көрсетiлсiн)
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi_________
(уақыты мен күнi
______________дейiн.
көрсетiлсiн)
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттер____________
(уақыты мен күнi көрсетiлсiн)
мына мекен-жай бойынша_____________________________________ ашылады.
(толық мекен-жайы, бөлменiң N көрсетiлсiн)
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға
болады:_______________________________________________________
(қаланың коды мен телефон нөмiрi көрсетiлсiн)

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып
алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi_____________________________
(Т.А.Ә., лауазымы және байланыс телефоны көрсетiледi)
Ережеге
7-қосымша
Әлеуеттi өнiм берушiлермен ________________________
(конкурстың атауы)
конкурстық құжаттамасын түсiндiру жөнiндегi кездесу
хаттамасы
___________________________ ____________________
(Кездесу өтетiн орын) (уақыты мен күнi)
1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны бiлдiретiн адамдар:
__________________________________________________________________
(мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлiнiң,
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарының және
әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесуде мемлекеттiк сатып алуды
ұйымдастырушыны бiлдiрген тартылған сарапшылардың Т.А.Ә., байланыс
телефондарын көрсете отырып)
мынадай адамдарға_________________________________________________
(мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан
әлеуеттi өнiм берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерiнiң Т.А.Ә., сондай-ақ
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен конкурстық құжаттаманың
ережелерiн түсiндiру жөнiндегi кездесуде әлеуеттi өнiм берушiнi
бiлдiретiн осындай адамның өкiлеттiгiн растайтын құжатты көрсете
отырып, олар туралы) конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру
жөнiнде кездесу өткiздi.
2. Кездесуде конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру
жөнiнде мынадай сұрақтар қойылды:
__________________________________________________________________
(қандай ережелер бойынша сұрақтар қойылды)
3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлдерi
қойылған сұрақтарға мынадай жауаптар бердi:
__________________________________________________________________
(мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының қатысқан өкiлдерiнiң
Т.А.Ә., байланыс телефондарын көрсете отырып, олардың қайсысы жауап
бергенi көрсетiлсiн).
4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өкiлдерi
конкурстық құжаттаманы түсiндiру жөнiндегi кездесу нәтижесiнде
мынаны ШЕШТI:
1) өзгерiстер (толықтырулар) талап ететiн конкурстық құжаттаманы тану
__________________________________________________________________
(конкурстық құжаттаманың атап айтқанда қандай ережесiн өзгерту
(толықтыру) қажеттiгiн көрсету)
2) конкурстық құжаттамаға өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу
қажеттiгiнiң болмауын тану
____________________________________________________
__________________________________________________________________
(мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан
әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлдерiнiң Т.А.Ә., сондай-ақ
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен конкурстық құжаттаманың
ережелерiн түсiндiру жөнiндегi кездесуде әлеуеттi өнiм берушiнi
бiлдiретiн өкiлеттiгiн растайтын құжатты көрсете отырып, олардың
қолдары)
____________________________________________________
__________________________________________________________________
(мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлiнiң,
сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарының және әлеуеттi өнiм
берушiлермен кездесуде сатып алуды ұйымдастырушыны бiлдiрген
тартылған сарапшылардың Т.А.Ә. көрсете отырып, олардың қолдары)
Ережеге
8-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысуға
өтiнiмдер бар конверттердi aшу хаттамасы
___________________________________________________
(конкурстың атауы)
__________________________ _______________________
(Ашу орны) (Уақыты мен күнi)
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:
__________________________________________________________________
(конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң Т.А.Ә., конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу күнi, уақыты мен орны көрсетiледi) конкурсқа қатысуға өтiнiмдер бар конверттердi ашу рәсiмiн жүргiздi.
2. Конкурстық құжаттаманың көшiрмесi мынадай әлеуеттi өнiм берушiлерге берiлдi:_____________________________________________.
(конкурстық құжаттаманың көшiрмесi берiлген
барлық әлеуеттi өнiм берушiлердiң атауы, мекен-жайы)
3. Мынадай әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдерi
__________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн
конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынған барлық әлеуеттi өнiм
берушiлердiң атауы, мекен-жайы көрсетiледi)_______________________
негiзiнде ашылмай қайтарылды.
4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi
өткенге дейiн оларды белгiленген мерзiмде ұсынған мынадай әлеуеттi
өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдерi:___________________
(конкурстық өтiнiмдердi
берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн конкурстық өтiнiмдер ұсынған
барлық әлеуеттi өнiм берушiлердiң атауы, мекен-жайы, конкурсқа
қатысуға өтiнiмдердi беру уақыты конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi
тiркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртiппен) ашылды және
конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу кезiнде барлық қатысушыларға
таныстырылған мыналарды қамтиды:
__________________________________________________________________
(өтiнiмдегi құжаттардың тiзбесi, конкурсқа қатысуға
өтiнiмдердi керi қайтарып алу және өзгерту туралы ақпарат,
конкурстық өтiнiм құжаттарының парақ саны көрсетiледi).
5. Конкурстық өтiнiмдердi ашқан кезде мынадай әлеуеттi өнiм
берушiлер қатысты:
__________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашқан кезде қатысқан барлық
әлеуеттi өнiм берушiлердiң атауы, мекен-жайы, олардың уәкiлеттi
өкiлдерiнiң Т.А.Ә.)
Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерiнiң және
хатшысының Т.А.Ә., қолдары


Страницы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina