ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жiберу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1522 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1522 қаулысымен
бекiтiлген

Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды
ұшуға жiберу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға жiберу қағидалары (бұдан әрi - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңының талаптарына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (II бөлiм) 6-қосымшасына (1944 ж. Чикаго) сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Қағида сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жетi жүз киллограммнан кем болатын және сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасына қарамастан тiкұшақтарды пайдаланатын, сондай-ақ сертификатталған ең жоғарғы ұшу массасы бес мың жетi жүз килограмннан асатын ұшақтарды және (немесе) бiр немесе бiрнеше турбореактивты (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларды жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындауға жiберу тәртiбiн анықтайды.
3. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) өтiнiш берушi – жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ретiнде есепке тұру немесе жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындау құқығына арналған куәлiк алу үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;
2) ұшуды орындау құқығына арналған куәлiк – Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жiберу қағидасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган беретiн құжат;
3) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы – әуе кемесiн жалпы мақсаттағы авиация мақсатында ұшу үшiн пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
4) жалпы мақсаттағы авиация ұшуы – комерциялық әуе тасымалы немесе авиациялық жұмыстарды орындауға байланысты ұшудан басқа, әуе кемелерiнiң ұшуы;
5) ұшуды орындау жөнiндегi нұсқаулық – ұшудың тәртiбiн, ұйымдастырылуын, қамтамасыз етiлуiн және орындалуын регламентейтiн құжат;
6) техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi пайдаланушының нұсқаулығы – осы пайдаланушының әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жоспарлы және жоспарлы емес барлық жұмыстардың уақтылы және қанағаттанарлықтай орындалуын басқару мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн пайдаланушы рәсiмдерiнiң сипатын қамтитын құжат;

2. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жетi жүз
киллограммнан кем болатын ұшақтарды және сертификатталған ең
жоғары ұшу массасына қарамастан тiкұшақтарды пайдаланатын жалпы
мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жiберу

4. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жетi жүз килограммнан кем болатын ұшақтарды және сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан тiкұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жiберуге мынадай шарттарды сақтау:
1) әуе кемесiнiң осы түрiн басқаруға рұқсаты бар пилоттың қолданыстағы куәлiгiнiң болуы;
2) азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң және азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификатының болуы;
3) Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз ету;
4) аэроклубтармен немесе әуе кемелерiн пайдаланушыларды бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйымдармен бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде ұшу кезiнде авариялық хабар берудi қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шарттар жасау негiз болып табылады.
5. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жетi жүз киллограммнан кем болатын ұшақтарды және сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан тiкұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды жiберу үшiн өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтiнiм жолдайды.
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган күнтiзбелiк 10 күн iшiнде өтiнiш берушi ұсынған құжаттарды қарайды. Егер құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмесе немесе толық көлемде ұсынылмаса, онда өтiнiм жазбаша түрде қайтару себебi көрсетiле отырып қайтаруға жатады.
7. Құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келген жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган әуе кемесiнiң осы өтiнiш берушiсiн (иесiн) есепке қояды.
8. Жалпы мақсаттағы авиация әуе кемелерiн пайдаланушыларды (иелерiн) есепке алуды электрондық және қағаз тасымалдағышта азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
9. Әуе кемесiнiң иесi мен командиры (пилот) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

3. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жетi жүз
килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бiр немесе бiрнеше
турбореактивтi (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған
ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға жiберу

10. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жетi жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бiр немесе бiрнеше турбореактивтi (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылардың ұшуды орындау құқығына арналған куәлiктi (бұдан әрi – Куәлiк) бергеннен кейiн ұшуға жiберiледi.
11. Куәлiктi басқа адамға беруге болмайды.
12. Куәлiк 3 жыл мерзiмге берiледi. Тексеру кезеңдiлiгi 3 жылды құрайды.
13. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның қолымен және мөрiмен куәландырылған Куәлiктiң көшiрмесi әуе кемесiнiң бортында болады.
14. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

4. Куәлiктi беру тәртiбi

15. Куәлiктi берудiң мынадай тәртiбi белгiленедi:
1) әуе кемесiнiң өтiнiш берушiсiнiң (иесiнiң) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға құжаттармен өтiнiм беруi;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның алдын ала бағалауы және өтiнiм бойынша шешiм қабылдауы;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның әуе кемесiнiң өтiнiш берушiсiнiң (иесiнiң) осы Қағидаға сәйкестiгiне тексеру жүргiзуi;
4) Куәлiк беруi (беруден бас тарту).
16. Куәлiктi алу үшiн өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес құжаттары бар осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес өтiнiм жодайды.
Өтiнiш берушi ұсынылатын мәлiметтердiң дұрыстығын қамтамасыз етедi.
17. Кейiнгi тексерулер кезiнде өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiмдi мәлiмделетiн өзгерiстерге қатысты (өзгерiстер болған немесе жаңартуды қажет ететiндер бойынша) құжаттарымен ұсынады.
18. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды қарайды және өтiнiм берген сәттен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзiмде ол бойынша тиiстi шешiм қабылдап, ол туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.
19. Қоса берiлген құжаттар осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес келмеген жағдайда, қайтару себептерi көрсетiлiп, өтiнiм қайтарылуға жатады.
20. Құжаттарды алдын ала бағалау кезiнде мынадай мәселелер қаралады:
1) өтiнiм берушiнiң ұйымдық құрылымы және басқарудың негiзгi қағидаттары;
2) штатының жинақталуы және авиациялық персоналдың даярлық дәрежесi;
3) басшы құрамның ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегi тәжiрибесi;
4) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес басшы құрам мен ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей байланысты мамандар бойынша деректердiң болуы;
5) басқа ұйымдармен әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және авиациялық персоналды оқытуға келiсiмдердiң болуы;
6) әуе кемелерiн экипажымен немесе экипажсыз (ондайлар болған жағдайда) жалға алу келiсiмдерiнiң (шартарының) болуы;
7) өтiнiш берушi ұсынған әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын, әуе қозғалысының ұйымдастырылуын және ұшуды қамтамасыз ететiн басқа да қызметтердi алдын ала талқылауды жүргiзу;
8) ұшуды орындау жөнiндегi башылықтың осы Қағидаға 6-қосымшаға және пайдаланушының техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi нұсқаудың осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкестiгi.
21. Құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келген жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнi тексерудi жүргiзу үшiн комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрады.
Комиссияның құрамына азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның функцияларына әуе кемелерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұшу жарамды күйде ұстау мәселелерi жататын қызметкерлерi кiредi.
22. Өтiнiш берушiнi (пайдаланушыны) тексеру оның қызметiнiң барлық аспектiлерiн қамтиды, оларға мыналар жатады:
1) құқықтық қамтамасыз ету;
2) қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету;
3) ұшудың пайдаланылуын қамтамасыз ету;
4) инженерлiк-авиациялық қамтамасыз ету;
5) аэронавигациялық қамтамасыз ету;
6) метеорологиялық қамтамасыз ету;
7) әуеайлақтық және әуежайлық қамтамасыз ету;
8) медициналық қамтамасыз ету.
23. Ұшу және жердегi қызметтер жұмысын тексеру қойылған мiндеттердi шешу үшiн авиациялық персоналдың, жердегi құралдарының және жабдықтардың дайындық дәрежесiн анықтау мақсатында жүргiзiледi.
Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардың тиiстi түрде жабдықталғаны, күзет сигналының, хабардар eту құралдарының болуы және олардың тiкелей мақсаты бойынша пайдаланылатыны тексерiледi және расталады.
24. Ұшу жұмыстарын ұйымдастыру, ұшу құрамын даярлау және оның бiлiктiлiгi әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес болуы тиiс.
25. Өтiнiш берушiнiң әуе кемелерiнiң (әуе кемесiнiң) қолданыстағы ұшуға жарамдылы сертификаттары немесе Қазақстан Республикасында қолданыстағы деп танылған шетел мемлекеттерiнiң ұшуға жарамдылық сертификаттары болады.
26. Мынадай құжаттар мiндеттi тексеруге жатады:
1) ұшуды ұйымдастыру және орындау жөнiндегi;
2) ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi;
3) экипаж мүшелерi мен қызмет көрсететiн персоналдың жеке iстерi;
4) экипаждың ұшу және жұмыс уақытын есепке алу жөнiндегi;
5) пайдаланымдық және борттық жазулар.
27. Мәлiмделген ұшу түрлерiн орындау үшiн өтiнiш берушiнiң әуе кемелерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидасының талаптарына сай жабдықталады.
28. Халықаралық ұшуларды орындау кезiнде өтiнiш бeрушi басқа елдердiң әуежайларында өз өкiлдерiнiң немесе басқа елдердiң әуежайларында өкiлдiгi бар азаматтық авиация ұйымымен шарт жасасу арқылы техникалық қызмет көрсетудi көздеуi тиiс. Басқа елдердiң әуежайларында техникалық қызмет көрсету тиiстi мемлекеттiң әуежайларында техникалық қызметтi ұйымдастырудың белгiленген тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
29. Тексеру нәтижелерi бойынша осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес 2 данада акт жасалып, өтiнiш берушi объектiлерiнiң нақты жай-күйi, қорытындылар, ұсыныстар мен Куәлiктi беру мүмкiндiгi (мүмкiн еместiгi) туралы қорытынды көрсетiледi. Актiге Комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және танысу үшiн өтiнiш бepушiгe берiледi.
30. Егер өтiнiш берушiнiң әуе кемелерiн ұшуда, техникалық пайдалану және ұшуды орындауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi сертификатталған әуе кемелерi, даярланған персоналы, құжаттамасы, жабдығы, ғимараттары, құрылыстары бар болса, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган Куәлiк беру туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырады.
31. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган тексеру актiсiне қол қойылған күнiнен бастап күнтiзбелiк 7 күн iшiнде осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес куәлiктi ресiмдеудi және берудi жүзеге асырады.
32. Егер:
1) өтiнiш берушi ұсынған құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген;
2) өтiнiш берушi осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген;
3) өтiнiш берушiге қатысты қызметтердiң осы түрлерiн көрсетуге тыйым салатын сот шешiмi болса;
4) Комисияның Куәлiктi беру мүмкiн еместiгi туралы қорытындысы болған жағдайларда Куәлiк беруден бас тарту жүргiзiледi.
33. Куәлiк беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге жазбаша түрде бас тарту себептерi көрсетiлген дәлелдi жауап берiледi.

5. Куәлiктiң қолдануын тоқтата тұру

34. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган:
1) пайдаланушы осы Қағидада белгiленген талаптар мен шектеулердi сақтамаған;
2) мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етпеген;
3) инспекциялық тексеру кезiнде, соның iшiнде шетел мемлекеттерiнде белгiленген ұшу қауiпсiздiгiне әсерiн тигiзетiн бұзушылықтар анықталған жағдайларда Куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұрады.
35. Куәлiктiң қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган тоқтатыла тұру себебiн көрсетедi және пайдаланушы мен аэронавигациялық ақпарат қызметiн қабылданған шешiм туралы хабардар етедi.
36. Куәлiктiң қолданылуын қалпына келтiрудi (ол тоқтатыла тұрған жағдайда) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган пайдаланушы анықталған кемшiлiктердi жойып, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган пайдаланушыға инспекциялық тексеру жүргiзгеннен кейiн жүзеге асырады.

6. Куәлiкке өзгерiстер енгiзу, телнұсқасын беру

37. Куәлiктi пайдалану бойынша арнайы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес құжаттары бар өтiнiмдi жiбередi.
38. Пайдаланушының атауы, оның мәртебесi, ведомстволық тиесiлiлiгi өзгерген жағдайда, егер олар осы Қағиданың талаптарына сәйкессiздiктерге әкеп соқтырмайтын болса, Куәлiкке және Куәлiктi пайдалану бойынша арнайы ережеге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi. Өзгерiстер енгiзу мерзiмi өтiнiм берген сәттен бастап күнтiзбелiк 10 күндi құрайды.
39. Пайдаланушы бұрын өзi пайдаланбаған басқа үлгiдегi әуе кемелерiн сатып алған (жалға алу, лизинг) жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган инспекциялық тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Куәлiктiң арнайы ережелерiне тиiсiнше толықтырулар (өзгерiстер) енгiзiледi.
40. Куәлiк бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган күнтiзбелiк 10 күн iшiнде Куәлiктiң телнұсқасын бередi.
41. Пайдаланушы Куәлiктiң телнұсқасын алу үшiн бұрын берiлген Куәлiктi қажеттi негiздемелерiмен және қосымшаларымен, еркiн нысандағы өтiнiшпен бiрге азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға бередi (жоғалған (ұрланған) жағдайдан басқа).

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
жiберу қағидасына
1-қосымша

Нысан

Уәкiлеттi органның басшысына
___________________________
(уәкiлеттi органның атауы)

Ең жоғары сертификатталған ұшу массасы бес мың жетi жүз
киллограммнан кем болатын ұшақтарды және ұшу массасына
қарамастан ең жоғары сертификатталған тiкұшақтарды
пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларға арналған
өтiнiш

1.____________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң толық және қысқа атауы (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)
өтiнiш берушi жеке тұлғаның Т.А.Ә., өтiнiм берушi (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының) заңды тұлғаның тiркеу нөмiрi - немесе негiзгi құжаттарының деректемелерi, өтiнiш берушi жеке тұлғаның (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының) жеке куәлiгi.
2. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы ретiнде тiркеудi сұрайды (өзгерiстердi енгiзу) ______________________________________
(өзгертiлетiн деректердi көрсету)
3. өтiнiш берушiнiң (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының) СТН (ИИН):____________________________________________________
4. Өтiнiш берушi заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының) банктiк деректемелерi:
___________________________________________________________
5. Өтiнiш берушi заңды тұлғаның (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының) немесе өтiнiш берушi (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының) жеке тұлғаның орналасқан жерi (мекенжайы):________________________________________________________
6. Өтiнiш берушiнiң (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының) пошталық (нақты) мекенжайы: ______________________________________
7. Байланыс телефондары: _____________________________________
8. Факс (егерде бар болса): __________________________________
9. Электрондық поштаның мекенжайы (егерде бар болса): ________
10. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдалану мақсатында ӘК орналастыратын әуеайлақ (алаң): ____________________________________
11. ӘК орналастыратын әуеайлақты (алаңды) пайдалануға арналған шарт немесе ӘК орналастыратын әуеайлақты (алаңды) пайдалану құқығын растайтын басқа да құжат (құжаттар) (атауы, нөмiрi, беру уақыты, қолданылу мерзiмi): ________________________________________________
12. Мәлiмделетiн ұшу түрлерi: ________________________________
13. Қазақстан Республикасы шегiнде немесе одан тыс жерлерде ұшу өңiрлерi: __________________________________________________________
14. Ұшу басталардың жоспарланған мерзiмi: ____________________
Өтiнiш берушi:
жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға қойылатын талаптарды орындауға;
азматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның инспекторларына ұшуды ұйымдастыруға, қамтамасыз етiлуi мен орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк жасауға мiндеттенедi;.
_______________________________________________________________
өтiнiш берушiнiң (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының) - (заңды тұлғаның) (басшының лауазымы, Т.А.Ә., қолы) М.О.
_______________________________________________________________
өтiнiш берушiнiң (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының) – (жеке тұлғаның) Т.А.Ә., қолы

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
жiберу қағидасына
2-қосымша

Ең жоғары сертификатталған ұшу массасы бес мың жетi жүз
киллограммнан кем болатын ұшақтарды және ұшу массасына
қарамастан ең жоғары сертификатталған тiкұшақтарды
пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларға арналған
құжаттар тiзбесi

1. Әуе кемесiнiң осы үлгiсiн басқаруға рұқсат берумен пилоттың куәлiгiнiң қолданыстағы көшiрмесi.
2. Азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi.
3. Азаматтық әуе кемесiн ұшу жарамдылығы сертификатының көшiрмесi.
4. Мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi сақтандыру түрiнiң сақтандыру полисiнiң көшiрмелерi.
5. Аэроклубтармен немесе әуе кемелерiн пайдаланушыларды бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйымдармен бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде ұшу кезiнде авариялық хабар берудi қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шарттардың көшiрмелерi.
Өтiнiш берушiнiң ұсынылған барлық құжаттары қол қоюмен және мөрмен расталады.

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
жiберу қағидасына
3-қосымша

Нысан

Уәкiлеттi орган басшысына

Eң жоғары сертификатталған ұшу массасы 5 700 килограммнан артық
ұшақтарды және (немесе) бiр немесе бiрнеше турбореактивтi
(турбовинттi) қозғалтқыштармен жарақтандырылған ұшақтарда
ұшуларды орындау құқығына куәлiк алуға өтiнiш (жалпы мақсаттағы
авиацияны пайдаланушы куәлiгiн пайдалану жөнiндегi арнайы
ережелерге өзгерiстер енгiзуге арналған)

__________________________________________________________ мақсатында
(ұшуды орындау куәлiгiн алу, қолданылу мерзiмiн ұзарту, iшкi (халықаралық)
әуе желiлерiнде ұшуды oрындау үшiн жауап беруге және куәлiк жөнiндегi арнайы ережелерге өзгерiстер енгiзу)
Тексеру жүргiзудi өтiнемiн
____________________________________________
(өтiнiш берушiнiң толық аты-жөнi)
ұшуды бастаудың жоспарланған күнi _____________________________
(ұзарту/өзгерiстер енгiзу кезiнде тиiсiнше қолданыстағы пайдаланушы куәлiгiнiң аяқталу мерзiмi немесе жаңа пайдалану жағдайындағы ұшуды бастаудың жоспарланған күнi көрсетiледi)
өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сай болуға азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға ұшудың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етiлуiн және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беруге мiндеттенедi.

_______________________________________________________________
өтiнiш берушiнiң (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының) - (заңды тұлғаның) (басшының лауазымы, Т.А.Ә., қолы) М.О.
_______________________________________________________________
өтiнiш берушiнiң (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының) – (жеке тұлғаның) Т.А.Ә., қолы)

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
жiберу қағидасына
4-қосымша

Ең жоғары сертификатталған ұшу массасы 5700 килограммнан артық
ұшақтарды және (немесе) бiр немесе бiрнеше турбореактивтермен
(турбиналды) қозғалтқыштармен жарақтандырылған ұшақтарды
пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға
арналған құжаттар тiзбесi

1. Өтiнiш берушiнiң мынадай мазмұндағы ақпараты:
1) заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (БСН), салық төлеушi куәлiгiнiң және статистикалық картасының көшiрмелерi;
2) жеке тұлғалар үшiн жеке куәлiктiң және салық төлеушi куәлiгiнiң (ЖСН) көшiрмелерi;
3) өтiнiш берушiнiң тiркелген атауы;
4) өтiнiш берушiнiң негiзгi қызмет орнының мекенжайы;
5) өтiнiш берушiнiң негiзгi қызмет орнының, елдiң кодын қоса алғанда, телефон нөмiрi мен факсi, бар болса электрондық поштасының мекенжайы;
6) ұшуды ұйымдастыру түрi;
7) ұшу өңiрлерi (аудандары);
8) әуе кемелерiне арналған деректер және қолдану бойынша шектеулер;
9) әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
10) ұшу жұмыстарын ұйымдастыру;
11) ұшуды қамтамасыз ету.
2. Ұйымдастыру құрылымы, штаттық кестесi.
3. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей байланысты басшылық құрамы мен авиациялық мамандардың мiндеттерiн белгiлейтiн лауазымдық нұсқаулықтар.
4. Экипаждың жұмысы және демалыс уақыты туралы ереже, соның iшiнде ұшу кезiндегi ең аз экипаж құрамымен (Нақты әуе кемесiн ұшуға пайдалану жөнiндегi нұсқауға сәйкес) және күшейтiлген экипажбен немесе бiр әуе кемесiнде екi экипажбен ұшу.
5. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей байланысты басшылық құрамы мен авиациялық мамандар жөнiндегi мәлiметтер.
6. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер:
1) лауазымы;
2) аты, тегi, әкесiнiң аты;
3) бастапқы дайындығы;
4) класы, нөмiрi, ұшқыштар құрамы куәлiгiнiң әрекет ету мерзiмi, кiм бердi;
5) жалпы ұшу;
6) кем дегенде әуе кемесiнiң командирiмен әуе кемесi түрлерi бойынша ұшу, қатарға қосу өткен (өтетiн) құжаттың атауы, соңғы сыныптау тексерудiң мерзiмi (ұшуды басқару техникасы, ұшақты жүргiзу, ұшудағы практикалық жұмысы);
7) медициналық куәландыру, куәлiктiң әрекет ету мерзiмi;
8) ағылшын тiлiнде байланыс жүргiзуге рұқсат беру, құжаттың нөмiрi, кiм және қашан берiлдi;
9) мамандық бойынша соңғы бiлiктiлiктi жетiлдiру курсы;
10) ағылшын тiлi бойынша соңғы бiлiктiлiктi жетiлдiру курсы;
11) авариялық жағдайда әрекет ету бойынша машықтануды үйрену және қуаттау;
12) соңғы жұмыс орны (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс iстеген кезеңi).
7. Негiзге алынып ұшу қызметi жүзеге асырылатын құжаттардың тiзбесi.
8. Пайдаланушының басшылығы бекiткен және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген Ұшу жөнiндегi нұсқау.
9. Пайдаланушының басшылығы бекiткен және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген Ең аз жабдықтар тiзбесi (МЕL);
10. Негiзгi алынып техникалық қызмет көрсету жүргiзiлетiн құжаттардың тiзбесi;
11. Пайдаланушының басшылығы бекiткен Техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi пайдаланушының нұсқауы.
12. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, ұшуға жарамдылық сертификаттарының, радиостанцияларға арналған рұқсаттың (лицензиясы), әуе кемелерiнiң жергiлiктi жерлердегi шуылы бойынша сертификаттардың көшiрмесi.
13. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полистерiнiң көшiрмесi.
14. Ұшуды қамтамасыз ету, әуе кемелерiн бiрлесiп пайдалану, авиациялық қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етуге арналған келiсiмшарттардың көшiрмелерi.
15. Пайдаланушының басшылығы бекiткен әуе кемелерi бояуының және пайдаланушының басшылығы бекiткен мәтiндiк сипаттамасының үлгiлерi.
16. Азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiн болдырмау бойынша шаралар туралы құжаттар.
17. Халықаралық ұшуға арналған құжаттар:
1) халықаралық ұшуды орындау үшiн нормативтiк және ұшу құжаттамасының тiзбесi мен оның болуы;
2) әуежайлардағы кедендiк, төлқұжаттық, санитарлық және карантиндiк бақылау жөнiндегi ақпарат;
18. Әуе кемелерi туралы мәлiметтер және әуе кемелерiнiң түрi, олардың жабдықтары бойынша техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру сипаттамасы, сондай-ақ әрбiр әуе кемесiнiң орналасқан жерi туралы анықтамасы.
19. Әуе кемелерiн пайдалану бойынша шектеулер:
1) әуе кемесiнiң түрi, моделi;
2) тiркеу нөмiрi;
3) әуе кемесiнiң қонуына кiруге рұқсаты және Азаматтық авиацияы халықаралық ұйымының I, II, III санаттары бойынша қону;
4) қонуға кiру жүйесi бойынша әуе кемесi үшiн белгiленген минимумдар: ILS, VOR/DME, PAR, 2NDB, PAR+2NDB, VOR, NDB;
5) ұшуды көзбен шолу және қонуға кiру үшiн әуе кемелерiне арналған белгiленген минимумдар;
6) (PBN) (RNAV 10, RNAV 5, RNAV 4, RNAV 1, RNP 4, RNP APCH) сипаттамаларына негiзделген навигация жағдайында ұшуға рұқсат;
7) (GNSS, DME/DME, IRU/IRS, VOR/DME, LRNS, MNPS) сипаттамаларына негiзделген навигациялық ерекшелiктерге байланысты шектеулер;
8) ұлғайтылған ұзақтығы жағдайында әуе кемелерiне ұшуға рұқсат беру (ETOPS) (қос двигательдi әуе кемелерi үшiн);
9) тiк эшелондау жағдайында ұшуға рұқсат беру (RVSM);
10) аудандарда немесе (RCP) байланыстың тиiстi түрi орнатылған бағыттар бойынша ұшуға арналған жабдықтармен әуе кемелерiн жабдықтау;
11) соқтығысудың алдын алу жүйесiмен жарақтандыру.
20. Әуе кемелерiн жалдауға (фрахт) арналған шарттардың (келiсiмшарты) көшiрмелерi.
21. Пайдаланушының ұшу қауiпсiздiгiн басқару жөнiндегi нұсқаулығы.
Жоғарғыда көрсетiлген барлық құжаттардың көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылады.

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
жiберу қағидасына
5-қосымша

Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен тiкелей байланысты басшылық
құрам және мамандар жөнiндегi деректер

1. Тегi, аты, әкесiнiң аты, атқаратын лауазымы.
2. Туған жылы.
3. *Бiлiмi.
4. *Арнайы бiлiмi (даярлығы).
5. Басшылық лауазымдардағы жұмысы (атқарып отырған қызметтегi жұмыс өтiлiн көрсету).
6. Азаматтық авиация маманы куәлiгiнiң нөмiрi, оның қолданылу мерзiмi.
7. Бiлiктiлiктi арттыру (күнi, оқу орны, бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасы).
8. Кезеңдi аттестаттаудан өту, қорытынды
Басшы ______________________
(күнi, қолы)

*Ескертпе: Өтiнiш берушi бiлiмi және арнайы даярлығы туралы құжаттарының көшiрмелерiн бередi.

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
жiберу қағидасына
6-қосымша

Ұшу жөнiндегi үлгi нұсқау

Ұшу жөнiндегi үлгi нұсқауды әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi реттейтiн қолданыстағы қағидаларға, нұсқаулықтарға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы ковенцияның Әуе кемелерiн пайдалану, II бөлiм, «Жалпыға арналған халықаралық авиация. Ұшақтар 6-қосымшасының талаптарын есепке ала отырып өтiнiш берушi әзiрлейдi.
1. Нұсқаудың мазмұны:
1) Мазмұны;
2) түзетулердi есепке алу парағы;
3) басшылықтың және пайдаланушы персоналдың қызметтiк мiндеттерi, жауапкершiлiгi және қызмет бабындағы сыйластығы;
4) пайдаланушының ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi (сертификатталған 5700 кг астам ұшу салмағы бар әуе кемелерi);
5) ұшуға басшылық ету жүйесi;
6) MEL қатысты талаптар (қолданатын кезде);
7) қалыпты жағдайда ұшуды жүргiзу;
8) стандартты пайдалану рәсiмдерi (SOP);
9) метеорологиялық шектеу;
10) ұшу және жұмыс уақытының шектелуi;
11) ұшудағы төтенше жағдайлар;
12) авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларды талдау;
13) персоналдың бiлiктiлiгi және даярлығы;
14) есепке алу құжаттамасын жүргiзу;
15) техникалық қызмет көрсетудi басқару жүйесiн сипаттау;
16) ұшу-техникалық сипаттамаларын пайдалануды шектеу;
17) ұшу және тiлдесу деректерiн тiркеушiнiң жазбаларын пайдалану/сақтау;
18) авариялық жағдай туындаған кезде қолданылуы тиiс iс-әрекеттердi қоса алғанда, қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi нұсқаулық

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
жiберу қағидасына
7-қосымша

Техникалық қызмет көрсетудi реттеу
жөнiндегi пайдаланушының үлгi нұсқауы

Техникалық қызмет көрсету реттеу жөнiндегi нұсқау әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi реттейтiн қолданыстағы қағидаларға, нұсқаулықтарға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы ковенцияның Әуе кемелерiн пайдалану, II бөлiм, «Жалпыға арналған халықаралық авиация. Ұшақтар» 6-қосымшасының талаптарын есепке ала отырып, өтiнiш берушi әзiрлейдi.
1. Техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi пайдаланушының нұсқауы:
1) әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру туралы ақпаратты, инженерлiк-авиациялық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерiн, жауапкершiлiгiн және өкiлеттiгiн;
2) әрбiр әуе кемесiнiң түрiне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентiн);
3) техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентiнiң) орындалуын және тиiмдiлiгiн талдау мен тұрақты бақылау жүйесiн;
4) пайдаланушының техникалық қызмет көрсету туралы деректердi тiркеуiн және сақтауын;
5) ұшу жарамдылығына әсер ететiн қателiктердi тiркеу мен жоюды қамтамасыз ету рәсiмiн;
6) әуе кемелерiн пайдалану кезiнде авиациялық тосын оқиғалар мен оқиғалар туралы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға хабарлау рәсiмiн;
7) әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн адамдардың кәсiби даярлығы туралы қысқаша деректердi;
8) әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн адамдардың тiзiмi (бiлiмi, атқаратын лауазымы, техникалық қызмет көрсетуге рұқсатының болуы);
9) пайдаланушы орындайтын техникалық қызмет көрсету түрлерiнiң тiзбесiн;
10) әуе кемелерiн түрлендiру және жөндеу туралы ақпаратты;
11) авиациялық техниканың жай-күйiн бақылау, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудiң сенiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз ету туралы ақпаратты;
12) объективтi бақылауды қолдана отырып, ұшу ақпаратын жасауды ашуды және қолдануды ұйымдастыру туралы ақпаратты (бар болса);
13) басқарушылық, нөмiрлiк және өндiрiс-техникалық құжаттаманы қоса алғанда, пайдаланушылық құжаттаманы жүргiзу туралы ақпаратты;
14) әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жұмысты басқа ұйымдардың жүргiзгенiн растайтын құжаттарды (шарттарды);
15) халықаралық ұшуды орындау үшiн белгiленген қосымша жабдық тiзбесiн қамтитын әрбiр әуе кемесiне арналған ақпаратты;
16) әуе кемесiнiң тағайындалған ресурсы, қозғалтқыштары, әуе кемесiнiң жұмыс iстеген уақыты, оның қозғалтқыштары, винттерi туралы мәлiметтердi қамтитын әрбiр әуе кемесiне арналған ақпаратты қамтиды.

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
жiберу қағидасына
8-қосымша

Нысан

Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыны
тексеру актiсi

___________________________________________________________
(уәкiлеттi органның атауы)
20 __ жылғы « »___________ № ________ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға: _________________________________________________
(Т.А.Ә. лауазымы)
Комиссия мүшелерi: ______________________________________
(Т.А.Ә. лауазымы)

Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға тексеру жүргiздi
_________________________________________________________
(әуе кемесiн пайдаланушының атауы)

Қорытындының мәтiнi
Төраға: _________________________________________________
(Т.А.Ә. лауазымы)
Комиссия мүшелерi: ______________________________________
(Т.А.Ә. лауазымы)
Актiмен танысты:
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыны _________ _______
(Т.А.Ә.) (қолы)

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
жiберу қағидасына
9-қосымша

Нысан

Елтаңба
______________________________________________________
Уәкiлеттi органның атауы

Ұшуды орындау құқығына арналған
КУӘЛIК
(жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)
№ _________

Қолданылу мерзiмiнiң аяқталу күнi:

Пайдаланушының атауы
Пайдаланушының мекенжайы:
телефоны:
Факсы:
E-mail:

Пайдаланудағы жедел байланыс
Байланыс ақпараты:

Осы куәлiк пайдаланушы ________________________________
(пайдаланушының атауы)
қоса берiлiп отырған пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерде белгiленгендей, Ұшу жөнiнде нұсқауға және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 20_____жылғы _______ № ________ қаулысымен бекiтiлген Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жiберу қағидасына сәйкес ұшуды жүзеге асыру құқығы берiлгенiн куәландырады.
Инспекциялық бақылауды _____________________________ жүзеге асырады. (уәкiлеттi органның атауы)

МО Уәкiлеттi органның басшысы
немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға
__________ ___________
(қолы) (Т.А.Ә.)

Берiлген күнi: 20_ж. «___»________

Уәкiлеттi орган
_______________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №____ куәлiк)

Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелер
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

А бөлiгi - Жалпы ережелер

1. Қолданылуы. Осы пайдалану жөнiндегi арнайы ережелер (шектеулер) Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жiберу және әуе кеңiстiгiнде ұшу орындалатын шет мемлекеттiң нормативтiк құжаттарына сәйкес берiледi.
2. ____________ берiлген № ____ куәлiгi бар Пайдаланушы «________» ұшуды орындауға даярланған.
3. Әуе кемелерiн пайдалануға рұқсат. Пайдаланушы «____________» iшкi (халықаралық) әуе желiлерiндегi жалпы мақсаттағы авиация ұшуын орындау үшiн мынадай жасап шығарушылар мен модельдердегi әуе кемелерiн пайдалануға рұқсат етiледi:

Жасап шығарушы

ӘК түрi

Ең жоғарғы жүк көтергiштiгi мен жолаушы сыйымдылығы

1

2

3

1-бағанда әуе кемесiн жасап шығарушы зауыт көрсетiледi; 2-бағанда әуе кемесiнiң түрi және мемлекеттiк тiркеу нөмiрi көрсетiледi; 3-бағанда тонналық көрсеткiш және жолаушылар саны көрсетiледi.

__________________________________ ________ ___________
(Уәкiлеттi органның басшысы немесе (қолы ) (Т.А.Ә)
ол уәкiлеттiк берген тұлға)

МО
Берiлген күнi: 20___ жылғы «___» _____________

Уәкiлеттi орган
____________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №____ куәлiк)

Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелер
(пайдалану талаптары мен шектеулер)

А бөлiгi - Жалпы ережелер (жалғасы)

Ұшуды орындау үшiн экипажды пайдалану жөнiндегi шектеулер.
Пайдаланушы «_________» әуе кемелерiн iшкi (халықаралық) әуе желiлерiнде төменде келтiрiлген ұшу құрамымен жалпы мақсаттағы авиацияның ұшуды орындау үшiн мәлiмделген әуе кемелерiн пайдалануға рұқсат етiледi:

Р/с

Лауазымы

Т.А.Ә.

1



2



3



__________________________________ ________ _________
(Уәкiлеттi органның басшысы немесе (қолы ) (Т.А.Ә)
ол уәкiлеттiк берген тұлға)

МО
Берiлген күнi: 20___ жылғы «___» _____________

Уәкiлеттi орган
_____________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №___ куәлiк)

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

В бөлiгi - Бағыттардағы рұқсаттар мен шектеулер

Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган туралы байланыс ақпараты
Телефоны:_________; Факсы:___________; E-mail: _________

ЖМА №:_______________ Пайдаланушының атауы: ____________________

Әуе кемесiнiң моделi:

Ұшу түрлерi: Коммерциялық емес әуе тасымалдары: Жолаушы; Жүктер; Өзгелерi ______________

Ұшу аудан(дар)ы:

Арнайы шектеулер:

Арнайы рұқсаттар:

Иә

Жоқ

Арнайы бекiтулер

Ескертулер

Қауiптi жүктер





Нашар көрiнетiн жағдайларда ұшу:
Қонуға кiру және қону;
Ұшып көтерiлу;



КАТ ___;
RVR: ___ м;
DH: ___ м
RVR: ___ м


RVSM қолданылмайды





ETOPS қолданылмайды



Қосалқы әуеайлаққа дейiнгi ұшудың ең ұзақ уақыты:__минут


PBN жағдайларында ұшу үшiн навигациялық ерекшелiктер





Ұшу жарамдылығын сақтау





Өзгелерi





__________________________________ _______ _________
(Уәкiлеттi органның басшысы немесе (қолы ) (Т.А.Ә)
ол уәкiлеттiк берген тұлға)

МО
Берiлген күнi: 20___ жылғы «___» _____________

Уәкiлеттi орган
________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, № ____ куәлiк)

ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

С бөлiгi - Әуеайлақтардағы рұқсаттар мен шектеулер

1. Жалпы ережелер. Пайдаланушы «______» Азаматтық әуеайлақтар тiзiлiмiне және аэронавигациялық ақпарат жинақтарына енгiзiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық авиация әуеайлақтарын пайдалануға рұқсат берiледi. Әуеайлақтар мемлекет аумағынан тыс жерде орналасқан жағдайда оларды пайдалану тәртiбi осы мемлекеттiң аэронавигациялық ақпарат құжаттарына сәйкес белгiленедi.
2. Аспаптар бойынша қонуға кiру тәртiбi және әуеайлақтарды пайдалану минимумдары.
а) Аспаптар бойынша қонуға кiру жүйелерi: Пайдаланушыға аспаптар бойынша қонуға кiрудiң мынадай жүйелерiн қолдануға рұқсат етiледi:
- қонуға кiрудiң дәл емес жүйелерi: VOR, VOR/DME, 2NDB, PAR, NDB
- қонуға кiрудiң дәл жүйелерi: ILS, I санаты
ILS, II санаты
ILS, III санаты
б) Аспаптар бойынша қонуға кiрудiң рұқсат етiлген минимумдары:

ӘК түрi

Қонуға кiру жүйесi

ILS

PAR+2NDB

2NDB VOR/DME

PAR

NDB, VOR













__________________________________ ________ ________
(Уәкiлеттi органның басшысы немесе (қолы ) (Т.А.Ә)
ол уәкiлеттiк берген тұлға)

МО
Берiлген күнi: 20___ жылғы «___» _____________

Уәкiлеттi орган________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, № ____ куәлiк)

Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелер
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

D бөлiгi - Техникалық қызмет көрсету

Пайдаланушы «___________» әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетуге Техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi нұсқауда бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында техникалық қызмет көрсетудi және регламенттiк жұмыстар жүргiзудi реттейтiн стандарттарға, нормалар мен ережелерге сәйкес және _______ жылғы №___ техникалық қызмет көрсету шарты бойынша жүзеге асыруға рұқсат етiледi.
Күрделi және қалпына келтiрiп жөндеуге осы жұмыс түрлерiн орындау құқығына сәйкестiк куәлiгi бар авиакәсiпорындар мен жөндеу зауыттарында ғана жүргiзуге рұқсат етiледi.
Шетелге ұшуды жүзеге асыратын пайдаланушылар үшiн мынадай толықтырулар жасалады:
- шетелдiк әуежайларда техникалық қызмет көрсетудi орындау Халықаралық әуе желiлерiндегi ұшуды инженерлiк-авиациялық қамтамасыз ету туралы ереженiң талаптарына сәйкес мәлiмделген әуе кемелерiнiң түрлерiнде дербес техникалық қызмет көрсетуге қолданыстағы рұқсаты бар инженерлiк-техникалық персоналға техникалық қызмет көрсетудiң қолданыстағы регламенттерiне және технологияларына сәйкес рұқсат етiледi.

__________________________________ _________ _________
(Уәкiлеттi органның басшысы немесе (қолы ) (Т.А.Ә)
ол уәкiлеттiк берген тұлға)

МО
Берiлген күнi: 20___ жылғы «___» _____________

Уәкiлеттi орган_______________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №__ куәлiк)

Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелер
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

Е бөлiгi - Әуе кемелерiнiң массасында рұқсат етiлген стандарттық
сандық нормалар, орталықтандыру және олардың шектеулерi

ӘК түрi (кг)

Шектi салмақ

Шектi орталықтандыру (% САХ)

алдыңғы

артқы





Шектеулер: Әуе кемелерiн шектi массадан және шектi орталықтандырудан артық пайдалануға тыйым салынады.

__________________________________ _________ __________
(Уәкiлеттi органның басшысы немесе (қолы ) (Т.А.Ә)
ол уәкiлеттiк берген тұлға)

МО
Берiлген күнi: 20___ жылғы «___» _____________

Уәкiлеттi орган_______________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №___ куәлiк)

Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелер
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)

G бөлiгi - Жалға алынатын әуе кемелерiн пайдалану
(ӘК жалға алу бойынша шектеулер)

Пайдаланушы ______________________________________________
___________________ әуе кемелерiн пайдалануға пайдалану нормативтерi мен ережелерiнiң қағидаларына, сондай-ақ осы пайдалану талаптарына сәйкес ______ жылғы «_____»_______ (А) _________ мен (Б) __________ арасындағы жалдау туралы шарт бойынша жалға алу құқығымен рұқсат етiледi.
Мұндай ұшуды жүзеге асыpуға осы талаптардың В бөлiгiнде көрсетiлген бағыттар бойынша және аудандарда және С бөлiгiнде аталған тиiстi әуеайлақтарды пайдалана отырып және осы пайдалану талаптарында көрсетiлген пайдалану минимумдарына сәйкес рұқсат етiледi.
Мұндай ұшу (А) пайдаланушының әуе кемелерiнiң ___ түрiн және ұшу экипаждарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
(А) пайдаланушы осындай ұшуға басшылық үшiн жауапты болады.

___________________________________ _________ _________
(Уәкiлеттi органның басшысы немесе (қолы ) (Т.А.Ә)
ол уәкiлеттiк берген тұлға)

МО
Берiлген күнi: 20___ жылғы «___» _____________

Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
жiберу қағидасына
10-қосымша

Куәлiктi пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге өзгерiстер
енгiзуге арналған құжаттардың тiзбесi

1. Әуе кемесiн Куәлiктi пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге енгiзу кезiнде өтiнiм берушi мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес өтiнiм;
2) әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету туралы мәлiметтер;
3) ұшу және техникалық құрам туралы мәлiметтер;
4) әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
5) ұшу жарамдылығы сертификатының көшiрмесi, радиостанцияға арналған рұқсат (лицензия), әуе кемесi тұрған жердегi шу бойынша сертификат;
6) жалға алу туралы шарттың көшiрмесi (егер әуе кемесi жалға алынса) және әуе кемесiн қабылдау-тапсыру актiсi;
7) Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi;
8) санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшiрмесi;
9) дезинсекция мен дератизация бойынша жұмыстар жүргiзу туралы анықтама;
10) әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және жарамдылығын анықтау актiсi;
11) Ұшу жөнiндегi нұсқауға және техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi пайдаланушының нұсқауына тиiстi өзгерiс пен толықтыру;
2. Экипаждарды Куәлiктi пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге енгiзу кезiнде өтiнiм берушi мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес өтiнiм;
2) осы Қағидаға 4-қосымшаның 6-тармағына сәйкес ұшу құрамы туралы деректер;
3) авиациялық персоналға арналған сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi;
4) мамандардың ұшу куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
5) жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшiрмесi;
6) бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өткенi туралы құжаттардың көшiрмесi.
3. Әуе кемелерiн пайдалануды тоқтатқан және (немесе) ұшу құрамын қысқартқан жағдайда пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға осы әуе кемелерi мен ұшу құрамының деректерiн Куәлiктi пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерден шығару туралы өтiнiм жiбередi.
Жоғарыда көрсетiлген барлық құжаттардың көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылады.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina