ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу туралы есептер беру қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1455 қаулысымен
бекiтiлген

Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану
жөнiндегi операцияларды жүргiзу туралы есептер
беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу туралы есептер беру қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 33) тармақшасына сәйкес әзiрленген.
Қағида жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу туралы есептер беру тәртiбiн айқындайды.
2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар - жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндiруге қатысты, оның iшiнде жерасты суларын, емдiк балшықты барлаумен және өндiрумен, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшiн барлаумен байланысты, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар.

2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
жүргiзу туралы есептер беру тәртiбi

3. Жер қойнауын пайдаланушылар үшiн уәкiлеттi органға жер қойнауын пайдалану жөнiнде операцияларды жүргiзу туралы есептiлiктiң (бұдан әрi - есептер) мынадай түрлерi белгiленедi:
1) алты айдың қорытындысы бойынша ақпараттық геологиялық есеп (жартыжылдық есеп);
2) жылдың қорытындысы бойынша ақпараттық геологиялық есеп (жылдық есеп).
4. Ағымдағы жылдың бiрiншi жарты жылдығы үшiн келiсiмшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiнде жүргiзiлген операциялардың нәтижелерi туралы жартыжылдық есептердi жер қойнауын пайдаланушы ағымдағы жылғы 15 шiлдеден кешiктiрмей уәкiлеттi органның өңiраралық департаментiне (бұдан әрi - өңiраралық департамент) жiбередi.
Жер қойнауын пайдаланушылар есептерде толық немесе дұрыс мәлiмет бермеген жағдайда өңiраралық департамент олар түскен сәттен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде есептi пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде пысықталған есептердi өңiраралық департаментке ұсынады.
Өңiраралық департамент жер қойнауын пайдаланушылардың деректерi бойынша ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығы үшiн өзiне ведомстволық бағыныстағы аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiнде жүргiзiлген операциялардың нәтижелерi туралы жиынтық есептер жасайды. Өңiраралық департаменттер жер қойнауын пайдалану жөнiнде жүргiзiлген операциялардың нәтижелерi туралы жиынтық есептердi ағымдағы жылғы бiрiншi қыркүйекке уәкiлеттi органға жiбередi.
Уәкiлеттi орган жиынтық жартыжылдық есеп өңiраралық департаменттен түскен сәттен бастап оны күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қарайды және уәкiлеттi органның Республикалық геологиялық ақпарат қорына (бұдан әрi - геологиялық қор) сақтауға жiбередi.
5. Жер қойнауын пайдаланушылар келiсiмшарттық аумақта жер
қойнауын пайдалану жөнiнде жүргiзiлген операциялардың нәтижелерi туралы жылдық есептi өңiраралық департаментке есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 қаңтарынан кешiктiрмей жiбередi.
Жер қойнауын пайдаланушы есептерде толық немесе дұрыс мәлiметтер бермеген жағдайда өңiраралық департамент жылдық есеп түскен сәттен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оны пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде пысықталған есептердi өңiраралық департаментке ұсынады.
Өңiраралық департамент жер қойнауын пайдаланушылардың деректерi бойынша өзiне ведомстволық бағыныстағы аумақта есептi жыл үшiн жер қойнауын пайдалану жөнiнде жүргiзiлген операциялардың нәтижелерi туралы жылдық жиынтық есептердi жасайды.
Өңiраралық департаменттер жер қойнауын пайдалану жөнiнде жүргiзiлген операциялардың нәтижелерi туралы жиынтық есептердi есептi жылдан кейiнгi жылдың жиырма бесiншi ақпанына уәкiлеттi органға жiбередi.
Уәкiлеттi орган өңiраралық департаменттен жылдық жиынтық есеп түскен сәттен бастап оны күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қарайды және геологиялық қорға сақтауға жiбередi.
6. Жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшарттық аумақтың қайтарылатын (босатылатын) бөлiгi бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар аяқталғаннан кейiн бiр айдан кешiктiрмей өңiраралық департаментке босатылатын келiсiмшарттық аумақтың учаскелерiнде жүргiзiлген геологиялық зерттеулер туралы есептi тапсырады.
Өңiраралық департаменттер келiсiмшарттық аумақтың қайтарылатын (босатылатын) бөлiгi жөнiндегi есептердi оларды түскен сәттен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде келiседi және уәкiлеттi органға жiбередi не жер қойнауын пайдаланушылар есептерде толық немесе дұрыс мәлiметтер бермеген жағдайда пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде пысықталған есептердi өңiраралық департаментке ұсынады.
Уәкiлеттi орган өңiраралық департаменттен есептi алған сәттен бастап оны күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бекiтiп, геологиялық қорға сақтауға жiбередi.
7. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектiлерi жойылғаннан және/немесе консервациялағаннан соң бүкiл келiсiмшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген геологиялық барлау жұмыстары туралы түпкiлiктi есеп бередi.
Түпкiлiктi есептердi өңiраралық департамент олар жер қойнауын пайдаланушылардан түскен сәттен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде келiседi және уәкiлеттi органға жiбередi не жер қойнауын пайдаланушылар есептерде толық немесе дұрыс мәлiметтер бермеген жағдайда пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде пысықталған есептердi өңiраралық департаментке ұсынады.
Уәкiлеттi орган өңiраралық департаменттен есеп түскен сәттен бастап оны күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бекiтiп, геологиялық қорға сақтауға жiбередi.
8. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу жөнiндегi жұмысты жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей өңiраралық департаментке тоқсандық есептердi ұсынады.
Жер қойнауын пайдаланушы есепте толық немесе дұрыс мәлiметтер бермеген жағдайда өңiраралық департамент түскен сәттен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде есептi пысықтауға қайтарады. Жер қойнауын пайдаланушы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде пысықталған есептердi өңiраралық департаментке ұсынады.
Өңiраралық департаменттер жер қойнауын пайдаланушылардың деректерi бойынша есептi тоқсан үшiн өзiне ведомстволық бағыныстағы аумақта жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу жөнiнде жүргiзiлген операциялардың нәтижелерi туралы жиынтық есептi жасайды.
Өңiраралық департаменттер жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу жөнiнде жүргiзiлген операциялардың нәтижелерi туралы жиынтық есептердi тоқсан сайын екi ай iшiнде уәкiлеттi органға жiбередi.
Уәкiлеттi орган өңiраралық департаменттен жиынтық есеп түскен сәттен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қарағаннан кейiн геологиялық қорға сақтауға жiбередi.
Өңiраралық департаментке және уәкiлеттi органға жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу нәтижелерi туралы жер қойнауын пайдаланушылардың жылдық есептерiнiң келiп түсуi тоқсандық есептерге ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.
9. Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын есептер құрамындағы пайдалы қазбалары бар жер қойнауының геологиялық құрылымы, кен орындарының геологиялық параметрлерi, қорлардың көлемi, игеру шарттары, сондай-ақ осы Қағидаға қосымшаға сәйкес жер қойнауының кез-келген ерекшелiктерi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.

Жер қойнауын пайдаланушылардың
жер қойнауын пайдалану жөнiндегi
операцияларды жүргiзу туралы
есептер беру қағидасына
қосымша

Жер қойнауын пайдаланушылар есептерiнiң мазмұны

1. Жер қойнауын пайдаланушының жартыжылдық есебi қысқаша ақпараттық жазбаны және қажет болған жағдайда, ақпараттық жазбаның мәтiнiн безендiретiн графикалық қосымшаларды (немесе суреттердi) қамтиды.
Жартыжылдық есептi ақпараттық толтыру геологиялық зерттеу сатысына байланысты:
1) өңiрлiк геологиялық зерттеулерде мынадай деректер келтiрiледi:
келiсiмшарттық аумақтың әкiмшiлiк жағдайы;
есептi кезеңде келiсiмшарттық аумақта орындалған жұмыстардың түрлерi мен көлемi;
пайдалы қазбаның көрiнiс-белгiсi орнының географиялық координаттары;
табылған пайдалы қазбаның көрiнiс-белгiсiнiң жоспардағы және тереңдiктегi мөлшерi;
пайдалы қазба көрiнiс-белгiлерiнiң сипаттамасы;
табылған жерүстi және ұңғымалық мұнай-газ көрiнiс-белгiлерiнiң, табиғи резервуарлардың сипаттамасы;
пайдалы қазба ресурстарын болжамды бағалау;
2) табылған перспективалы объектiлер шегiндегi iздестiру жұмыстары кезiнде есепте 1) тармақшада көрсетiлген мәлiметтерден басқа мынадай деректер келтiрiледi:
табылған кенге айналудың топографиялық және минералогиялық сипаттамасы;
кен денесiнiң параметрлерi;
перспективалы құрылымның тереңдегi түзiлуiнiң ерекшелiктерi;
көмiрсутек кен шоғырының параметрлерi;
iздестiру немесе параметрлiк ұңғымалардың ағынын байқап көрудiң нәтижесi жөнiндегi деректер;
пайдалы қазбаның қорларын бағалау, пайдалы қазбаның коммерциялық құндылығы туралы қорытынды;
3) iздестiру - бағалау жұмыстары кезiнде 2) тармақшада көрсетiлген мәлiметтермен катар мынадай деректер келтiрiледi:
кен орындары кендерiнiң негiзгi типтерi мен сорттары;
байытудың оңтайлы сызбасын көрсетумен бiрге, кендi қайта өңдеудiң жоспарланған технологиялары жөнiндегi деректер;
өнеркәсiптiк қорлар мен болжамды ресурстар, кен орындарын игерудiң рентабельдiлiгi туралы мәлiметтер;
4) барлау кезеңiндегi объектiлер бойынша 3) тармақшада көрсетiлген мәлiметтермен қатар, мынадай деректер келтiрiледi:
кен денелерiнiң мөлшерi, пiшiнi және параметрлерi;
пайдалы қазбалардың қорларын есептеу үшiн қолданылған кондицияның негiзгi параметрлерi;
кен орындарын игерудiң гидрогеологиялық шарттары, кен орындарының су басу дәрежесi;
негiзгi су тұтқыш көкжиектердiң және жерасты сулары кешендерiнiң гидрогеологиялық параметрлерiн бағалау деректерi.
2. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық есебi өткен жылғы геологиялық зерттеулердiң нәтижелерi туралы қорытылған ақпаратты қамтиды. Жылдық есеп ақпараттық жазбахаттың мәтiнiн көркемдейтiн ақпараттық жазбахат және графикалық қосымшалар түрiнде берiледi. Жылдық есептi ақпараттық толтыру келiсiмшарттық аумақтың зерттеу кезеңiне байланысты:
1) пайдалы қазбаларға өңiрлiк геологиялық зерттеулер кезiнде есепке келiсiмшарттық аумақ бойынша мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
әкiмшiлiк жағдайы;
келiсiмшарттық аумақтың қысқаша геологиялық сипаттамасы;
өңiрлiк зерттеулердiң әдiстемесi, орындалған жұмыстардың түрлерi мен көлемдерi;
жер қойнауын пайдаланушылар тапқан кен көрiнiс-белгiлерi мен минералдау нүктелерiнiң сипаттамасы:
географиялық координаттары, жоспардағы мөлшерi, геологиялық сипаттамасы, табылған кенге айналуының сипаттамасы (пайдалы құрамдастар және олардың құрамы, одан әрi зерделеу перспективалары);
айқындалған перспективалы құрылымдардың сипаттамасы:
географиялық байланыстыру, геометриялық параметрлерi, перспективалы көкжиектердiң орналасу тереңдiгi, олардың стратиграфиялық байланысуы, ресурстарды болжамды бағалау.
Өңiрлiк зерттеулер бойынша жылдық есептiң мәтiнiне мынадай графикалық қосымшалар қоса берiледi:
өңiрлiк масштабтағы келiсiмшарттық аумақтың геологиялық картасы;
карталарда геофизикалық және геохимиялық ауытқулар көрсетiлген перспективалы құрылымдар, учаскелер, көрiнiс-белгiлерi бойынша егжей-тегжейлi масштабтағы геологиялық карта-қималар;
негiзгi реперлiк бетiнiң құрылымдық карталары;
айқындалған перспективалы құрылымдар бойынша қималар;
ерекше қиылыстар бойынша уақытша және тереңдiк тiлiктер.
2) перспективалы учаскелердегi, көрiнiс-белгiлердегi, құрылымдардағы iздестiру-бағалау жұмыстарының нәтижелерi жөнiнде мынадай ақпарат келтiрiледi:
перспективалы учаскелердiң, кен көрiнiс-белгiлерiн, құрылымдардың географиялық-экономикалық жағдайы;
айқындалған кен объектiсiнiң геологиялық түзiлуiнiң сипаттамасы, кенге айналудың заттық құрамы;
кендi дене параметрлерi, пайдалы құрамдастарының құрамы, болжамды ресурстарды бағалау, олардың геологиялық-экологиялық сипаттамалары;
мұнай мен газдың болуында жұмыс iстеу кезiнде мыналар көрсетiледi:
айқындалған және терең бұрғылауға дайындалған өнiмдi құрылымдардың, белгiленген мұнай-газ көрiнiс-белгiлерiнiң және битум мен кирлердi қоса алғанда, көмiрсутек белгiлерiнiң атауы;
негiзгi көрсету көкжиектерi бойынша құрылымдық карталар, коллектордың қасиеттерi бойынша деректер, iздестiру және параметрлiк ұңғымаларды ағынға бұрғылау және сынау нәтижелерi, А+В+С1 және С2 санаттары бойынша қорларды бағалау;
iздетiру және параметрлiк ұңғымаларды ағынға сынау нәтижелерi, ұңғымамен ашылған литологостратиграфиялық қима, ұңғыманың құрылымы, коллектордағы мұнайдың, газдың, судың мөлшерi, ұңғыманың қысқаша өткiзгiшi, кедергiлер және келiсiмшартта ескерiлген басқа да мәлiметтер.
3) келiсiмшарттық аумақты зерттеудiң iздестiру-барлау кезеңiне мыналар қоса берiледi:
спектрлiк талдау деректерiн таратумен бiрге кендi аймақтарды сынау жоспарлары;
спектрлiк, сандық, оның iшiнде технологиялық талдаулардың нәтижелерiн шығара отырып iздестiру бұрғылау деректерi бойынша геологиялық қималар, керн материалы нәтижелерiн талдау;
iздестiру ұңғымаларының геологиялық бағаналары;
мұнай-газ аудандары бойынша:
негiзгi көрсету көкжиектерi бойынша толық құрылымдық карталар, ерекше бағыттар бойынша уақытша және тереңдiк қималар, каротажды диаграммалардың қосымшасымен бiрге бұрғыланған ұңғымалардың геологиялық қималары, ағынға сынау нәтижелерi қоса берiледi.
4) келiсiмшарттық аумақтағы барлау жұмыстарының нәтижелерi бойынша мынадай ақпарат келтiрiледi:
табылған кен орнындағы кеннiң негiзгi типтерi мен сорттары;
кен өңдеудiң әзiрленген оңтайлы технологиясы;
кен орнын өңдеудiң гидрогеологиялық және кен-технологиялық шарттары;
кен орындарының өнеркәсiптiк қорлары және болжамды ресурстары, пайдалы құрамдастарының құрамы;
кен орнын өңдеудiң рентабельдiлiгi;
Жылдық есептiң мәтiнiне мынадай графикалық материалдар қоса берiледi:
жекелеген (типтi) барлау сызықтары бойынша қорларды есептеуге арналған геологиялық қималар;
С1 және C2 санаттарының ең маңызды блоктары мен болжамды ресурстардың қорларын бұғаттау.
5) өнеркәсiптiк игеру үшiн кен орнын барлау және дайындау жұмыстары бойынша мынадай ақпарат келтiрiледi:
кен орнының географиялық координаттары;
барлау әдiстемесi, жұмыстардың түрлерi мен көлемi;
кен орнының геологиялық сипаттамасы;
тау-кен аудандары бойынша:
кен денелерiнiң саны, пiшiмi, параметрлерi, кеннiң минералогиялық құрамы, минералдық ассоциациясы, пайдалы құрамдастардың көрiнiс-белгiлерiнiң нысаны туралы деректер;
пайдалы құрамдастың негiзгi минералдары-тасымалдаушылары;
қорларды есептеуге арналған кондицияның параметрлерi, пайдалы қазбалар қорларын есептеудiң нәтижелерi;
кеннiң заттық құрамы және технологиялық қасиетi, кен шикiзатын өңдеудiң оңтайлы технологиялық схемасы;
кен орнын игерудiң техникалық-экономикалық көрсеткiштерi;
мұнай және газ кен орындарын барлау кезiнде:
өнiмдi көкжиектер мен коллекторлардың сыналану аймағының геологиялық түзiлуi, таужыныс-коллекторлардың параметрлерi;
ұңғымаларды ағынға зерттеу нәтижелерi;
өнiмдiлiк коэффициенттерi;
газ-су, су-мұнай байланыстарының сипаты;
жойылған ұңғымалар мен консервациядағы ұңғымалар туралы ақпарат.
Өнеркәсiптiк игеру үшiн кен орнын барлау және дайындау бойынша графикалық қосымшадан басқа мыналар қоса берiледi:
рудалы кен орындары бойынша:
бойлық геологиялық қималар;
кен орнын бiркелкi сипаттайтын геологиялық қималар, екi және үш деңгейдегi көкжиектi жоспарлар;
негiзгi кендiк шоғырлардың қорларын бұғаттау;
мұнай-газ кен орындары бойынша:
әрбiр өнiмдi көкжиек бойынша толық құрылымдық карталар, литологиялық-геологиялық қималар, ұңғымаларды сынау нәтижелерi;
3. Келiсiмшарттық аумақта коммерциялық табу және пайдалы қазбалардың пайдалану қорларын бекiту кезiнде жер қойнауын пайдаланушы табылған кен орнының паспортын уәкiлеттi органға беруге мiндеттi.
4. Осы Қағиданың 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген геологиялық есептердi ресiмдеу Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң бұйрығымен бекiтiлетiн Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептердi ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina