Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1452 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1452 қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер пайдалану ережесi Осы Ереже 027 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға бөлiнетiн нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдаланудың тәртiбiн айқындайды. 1. Нысаналы ағымдағы трансферттер облыс әкiмдерi ұсынатын денсаулық сақтау объектiлерiн пайдалануға қабылдау туралы қабылдап алу комиссияларының актiлерi және жергiлiктi атқарушы органдардың денсаулық сақтау объектiлерiн ашу туралы шешiмдерi негiзiнде күрделi сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға бөлiнедi. 2. Денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқару жергiлiктi органдары объектiнi пайдалануға енгiзу кешiктiрiлген жағдайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне тиiстi қаржы жылына арналып бекiтiлген сома шегiнде қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзуi мүмкiн. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде есеп бередi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1452 қаулысымен бекiтiлген 2005 жылы жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға облыстық бюджеттерге берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер сомасын бөлу Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2005.06.30. N 661 қаулысымен. Атауы | Сомасы, мың теңге | Барлығы | 107052,0 | Ақтөбе облысы | 20681,0 | Алматы облысы | 11391,0 | Атырау облысы | 1465,0 | Жамбыл облысы | 36889,0 | Қарағанды облысы | 5383,0 | Қостанай облысы | 3485,0 | Қызылорда облысы | 13782,0 | Маңғыстау облысы | 5267,0 | Павлодар облысы | 8709,0 |
|