ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Авиамаршруттарды субсидиялау...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1511 қаулысымен
бекiтiлген

Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасы (бұдан әрi - Қағида) кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн авиамаршруттарға бюджеттiк субсидияларды жұмсау тәртiбiн белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын тұрақты тасымалдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын, авиамаршруттың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн тасымалдар бюджет қаражаты есебiнен субсидиялауға жатады.
Субсидиялауға авиатасымал кезiнде жолаушыларды, жүктi, поштаны және багажды тасымалдаудан түскен кiрiс пен қалыптасатын пайдалану шығыстарының сомасы арасындағы алынған айырма жатады. Субсидиялау авиатасымалдарға әуе кемесiнiң экономика сыныбы есебiнен қолданылады.

2. Субсидиялануға жататын авиамаршруттарды iрiктеу тәртiбi

3. Субсидиялануға жататын авиамаршруттарды iрiктеудi уәкiлеттi орган құратын Комиссия жүзеге асырады.
4. Авиамаршруттардың тiзбесi әлеуметтiк экономикалық орындылық және Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделетiн Комиссияның шешiмi негiзiнде қалыптастырылады.
5. Авиамаршруттардың тiзбесiне мыналар енгiзiледi:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi орынбасарының тапсырмасы бойынша белгiленген авиамаршруттар;
2) егер маршруттың өңiрдiң дамуы үшiн әлеуметтiк-маңызды сипаты болса, жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiшi бойынша авиамаршруттар.
6. Жергiлiктi атқарушы органдар әрбiр авиамаршрут бойынша Комиссияға талап етiлген субсидия мөлшерiн көрсете отырып, қажеттi есептеулер ұсынады.
7. Комиссия қалыптастырған авиамаршруттардың тiзбесi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттiлiк органға заңнамада белгiленген тәртiппен ұсынылатын бюджеттiк өтiнiмге енгiзiледi.

3. Бюджеттiк субсидияларды есептеу және төлеу тәртiбi

8. Бюджеттiк субсидиялар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе маслихаттардың жергiлiктi бюджеттер туралы шешiмiмен, айқындалған сомма шегiнде берiледi.
9. Бюджеттiк субсидияларды төлеу тасымалдардың нақты орындалған көлемi бойынша ай сайын жүзеге асырылады. Тасымалдардың орындалған көлемi жөнiндегi ақпарат авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес есеп түрiнде берiледi.
10. Бюджеттiк субсидияларды алу үшiн тиiстi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi мен авиамаршруттарды жүзеге асыратын авиакомпания арасында осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттiк субсидиялау шарты жасалады (бұдан әрi - Шарт).
11. Шарт жасалғаннан кейiн авиакомпания ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 25 күнiне дейiнгi мерзiмде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес аваикомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша уәкiлеттi органға ұйым басшысы, бас бухгалтерi қол қойған және оның мөрiмен куәландырылған мынадай құжаттар қоса берiлген есептi бередi:
1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша жолаушылардың, жүктiң, багаждың және поштаның тасымалдануы туралы есеп;
2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша шығыстар тiзiлiмi.
12. Уәкiлеттi орган қоса берiлген құжаттары бар субсидияланатын авиамаршруттар бойынша ай сайынғы есептi қабылдағаннан кейiн осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес көрсетiлген қызметтер актiсiн жасайды.
13. Жылдың соңғы күнтiзбелiк айына бюджеттiк субсидиялар төлеу кейiннен келесi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей нақты деректер бойынша жасалған есептi ұсына отырып, авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша 20 желтоқсаннан кешiктiрмей берiлген, болжамдық деректер бойынша жасалған есеп негiзiнде жүзеге асырылады.
14. Авиамаршрутты пайдалану процесiнде Шарт талаптарын орындамаған авиакомпанияларға, сондай-ақ авиамаршрутқа арналған куәлi (жолаушыларды, багажды, жүктi және поштаны тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн) керi қайтарып алынған жағдайда және тұрақты ұшулар жойылған кезде уәкiлеттi орган субсидиялар төлеудi жүргiзбейдi.

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына 1-қосымша

Авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары жөнiндегi есеп

_______________________________________________________________
(авиакомпанияның атауы)
20___жылғы___________

Мерзiмдiлiгi: ай сайын
Өлшем бiрлiгi: теңге, ҚҚС-пен

Рейс күнi

Рейс №

Маршруты

Ұшу сағаты

ӘК типi

ӘК бойынша ұшу сағатының өзiндiк құны

Әуежай қызметi

ЖЖМ

АНҚ

Метеоқамтамасыз ету

Өзге де шығыстар

Барлық пайдалану шығыстары

Тасымалданған жолаушылар саны

Кiрiс

Субсидиялауға жататын сома

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Басшы____________________________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер ______________________________________
(бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)

М.О.

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына 2-қосымша

Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттiк субсидиялаудың
№_______ шарты

Орналасқан жерi 20__жылғы «____»______

Бұдан әрi Тапсырыс берушi деп аталатын
___________________________________________________________атынан
(Тапсырыс берушiнiң толық атауы)

__________________________________________________________________
(уәкiлеттi адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

Бiр тараптан және Жарғының, Ереженiң және т.б негiзiнде iс-әрекет ететiн, бұдан әрi Орындаушы деп аталатын
___________________________________________________________атынан
(Орындаушының толық атауы)
_______________________________________________________________
(уәкiлеттi адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

бұдан әрi «Тараптар» аталатындар, төмендегiлер туралы осы шартты (бұдан әрi — осы Шарт) жасасты:

1. Шарттың нысанасы

1.1. Орындаушы авиамаршруттың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн маршруттар бойынша тұрақты авиатасымалдарды жүзеге асырады.
1.2. Тапсырыс берушi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен авиатасымалдарды субсидиялауды жүзеге асырады. Жолаушыларды, жүктi, поштаны және багажды тасымалдаудан түскен кiрiс пен авиатасымал кезiнде қалыптасатын пайдалану шығыстарының сомасы арасындағы алынған айырма субсидиялауға жатады.
1.3. Кiрiс деңгейi қамтамасыз етiлмейтiн авиамаршруттардың тiзбесi осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын оның қосымшасында берiлген.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

2.1 Министрлiктiң және жергiлiктi атқарушы органдардың Стратегиялық жоспарының көрсеткiштерiне қол жеткiзу мақсатында Тапсырыс берушi орындаушының келiсiмiмен субсидияланатын авиамаршруттар бойынша ұшу тарифi мен жиiлiгiн өзгертуге құқылы.
2.2. Тапсырыс берушi заңнамада белгiленген тәртiппен және осы Шартта көзделген мерзiмде авиамаршруттарды бюджеттiк субсидиялауды жүзеге асыруға мiндеттенедi.
2.3. Орындаушы авиамаршруттарға арналған куәлiктерге, лицензияға, азаматтық авиация қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес авиатасымалдарды уақтылы және сапалы орындауға мiндеттенедi.
2.4. Тараптар алынған ақпаратқа, сондай-ақ құпиялылық сипаты бар деп арнайы көрсетiлген бiлiмге, тәжiрибеге қатысты құпиялылықты сақтауға мiндеттенедi.

3. Өзара есеп айырысу тәртiбi

3.1. Тапсырыс берушi Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес көрсетiлген қызметтер актiсiне қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес бюджеттiк субсидияларды төлеудi жүзеге асырады.
3.2. Орындаушы осы Шарт жасалғаннан кейiн ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде Тапсырыс берушiге Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес субсидияланатын рейстер бойынша ұйымның басшысы, бас бухгалтерi куәландырған және мөрi мен бекiтiлген қойылған мынадай құжаттар қоса берiлген есептi ұсынады:
1) Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес бюджеттiк субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, жүктi, багажды және поштаны тасымалдау туралы есеп;
2) Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес субсидияланатын авиамаршруттар бойынша шығыстар тiзiлiмi;
3) Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес субсидияланатын рейстiң орындалуы туралы есеп.
3.3. Ұсынылған шоттармен келiспеген жағдайда Тараптар орындалған рейстердiң шоттары мен тiзiлiмдерiн нақтылауды жүргiзедi. Шоттарды қарау мен нақтылау мерзiмi шоттар ұсынылған күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауы тиiс. Шоттар мен тiзiлiмдердi нақтылау осы шоттар бойынша төлеу мерзiмiн тоқтатпайды. Шоттар бойынша нақтыланған сома Тапсырыс берушiге келесi кезеңнiң қаржылық есебiн ұсыну кезiнде ескерiледi.
3.4. Тапсырыс берушi қоса берiлген құжаттармен бiрге айлық есептi қабылдағаннан кейiн Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес көрсетiлген қызметтер актiсiн жасайды.

4. Тараптардың жауапкершiлiгi

4.1. Тараптар осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны не тиiстi түрде орындамағаны үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершiлiкте болады.
4.2. Авиатасымалдарға уақтылы төлем жүргiзiлмеген жағдайда Тапсырыс берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкте болады.
4.3. Осы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн бұзған Тарап бұл туралы күнтiзбелiк үш күннен аспайтын мерзiмде екiншi Тарапқа хабардар етуге және бұзушылықтарды жою үшiн қолынан келген барлық әрекеттi жасауға мiндеттенедi. Бұзушылықтарды жоймаған жағдайда осы Шарттың 4.1-тармағына сәйкес кiнәлi Тарап жауапкершiлiкте болады.

5. Форс-мажорлық жағдайлар

5.1. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда әрбiр Тарап бұл туралы екiншi Тарапқа күнтiзбелiк үш күннен аспайтын мерзiмде дереу хабардар етуi тиiс.
5.2. «Форс-мажорлық» жағдайлар деп Шарттың орындалуына кедергi келтiретiн табиғи апаттар, мемлекеттiк органдардың, соның iшiнде қаржылық iс-әрекеттерi, Тараптарға тәуелсiз, Тараптардың Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға кедергi келтiретiн әскери iс-қимылдар, төтенше жағдайлар мен жұмылдыру iс-шараларын жариялау, ауа райы мен табиғи және кез келген басқа да жағдайлар түсiнiледi.
5.3. Егер форс-мажорлық жағдайлар күнтiзбелiк отыз күн бойы болса және тоқтамаған жағдайда, Тараптар Шарт бойынша өздерiнiң одан әрi iс-әрекеттерiн жазбаша түрде келiседi.

6. Шарттың қолданылу мерзiмi, оны өзгерту мен бұзу шарттары, дауларды қарау тәртiбi

6.1. Осы Шарт 20__жылғы «___»_____________ бастап күшiне енедi және 20__ жылғы «___»____________ дейiн қолданылады.
6.2. Осы Шарттың қолданылу мерзiмiн екi Тараптың келiсiмiмен авиамаршрутқа берiлген куәлiкте көзделген мерзiмге тиiстi Қосымша келiсiм жасай отырып ұзартуға болады.
6.3. Шарт мынадай негiздер бойынша бұзылуы мүмкiн:
1) авиамаршрутқа арналған куәлiктi керi қайтару жағдайында (жолаушыларды, багажды, жүктi және поштаны тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер үшiн) және тұрақты ұшуларды жою кезiнде;
2) авиакомпаниялардың 15 күн iшiнде ұшуларды орындау бойынша мiндеттемелердi орындамауының анықталуы;
3) Тараптардың өзара келiсiмi бойынша;
4) екiншi Тарап мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, Тараптардың бiрiнiң талап етуi бойынша.
6.4. Осы Шартты орындаудан бiр жақты бас тарту немесе осы Шартты бiр жақты бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6.5. Тараптар туындаған даулар мен келiспеушiлiктердi келiссөздер арқылы шешедi, келiссөздер жолымен шешу мүмкiн болмаған жағдайда азаматтық авиация қызметiн реттейтiн заңнамаға сәйкес сот тәртiбiмен шешiлетiн болады.
6.6. Осы Шартқа барлық өзгерiстер мен толықтырулар жазбаша түрде ________________ тiлiнде (тiлдерiнде), екi данада, әрбiр Тарапқа бiрдей заңдық күшi бар бiр-бiр данадан жасалады және екi Тарапта қол қояды.
6.7. Осы Шарт 20__жылғы «___»_____________ қаласында бiрдей заңдық күшi бар әрбiр Тарапқа бiр-бiр данадан ______________ тiлiнде екi данада жасалды.

7. Тараптардың деректемелерi мен қолдары

Тапсырыс берушi Орындаушы
___________________________ _____________________________
(толық атауы) (толық атауы)
___________________________ _____________________________
(мекен-жайы) (мекен-жайы)
___________________________ _____________________________
(басшының Т.А.Ә.) (басшының Т.А.Ә.)
___________________________ _____________________________
(қолы) (қолы)

20__жылғы «___»_____________ 20__жылғы «___»_____________

М.О. М.О.

Тұрақты
авиамаршруттарды
бюджеттiк субсидиялаудың
20 жылғы « » №
шартына қосымша

Кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн авиамаршруттар тiзбесi

Өлшем бiрлiгi: теңге, ҚҚС-пен

Р/с

Авиамаршрут

Жиiлiк саны (бiр аптада)

Тариф (әуежайлық және сақтандыру алымдарын ескере отырып)

1 кг жүктiң және багаждың тарифi

Өзге де шығыстар

1

2

3

4

5














Осы қосымша Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттiк субсидиялаудың
20__жылғы «____»______ № шартының ажырамас бөлiгi болып табылады.

Тапсырыс берушi Орындаушы
_____________________________ ____________________________
(Т.А.Ә., қолы) (Т.А.Ә., қолы)

20__жылғы «___»_____________ 20__жылғы «___»_____________

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына 3-қосымша

Авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша
жолаушыларды, жүктi, багажды және поштаны
тасымалдау туралы есеп

____________________ авиакомпаниясының 20__жылғы «___»________
(авиакомпанияның атауы)

Өлшем бiрлiгi: теңге, ҚҚС-пен

Ұшатын рейс

Рейс №

Авиамаршрут

Жолаушы купонының №

Ересек/Бала/Сәби

Жолаушылар саны

Тариф

Төлемдiк багаж түбiртегiнiң №

Мөлшерi, кг

Тариф

Пошта жүк құжатының берiлген күн

Пошта мен жүктiң мөлшерi, кг

Тариф

Кiрiс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Басшы ________________________________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер_________________________________________
(бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)

М.О.

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына 4-қосымша

Авиакомпанияның субсидияланатын авиамаршруттары бойынша шығыстар тiзiлiмi

____________________ авиакомпаниясының 20__жылғы____________
(авиакомпанияның атауы)

Өлшем бiрлiгi: теңге, ҚҚС-пен

Рейс күнi

Рейс

Авиамаршрут

Қызмет көрсетушiнiң атауы

Шығыс құжаты

Сомасы

1

2

3

4

5

6













Жиыны

Басшы ________________________________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер_________________________________________
(бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)

М.О.

Авиамаршруттарды субсидиялау
қағидасына 5-қосымша

Көрсетiлген қызметтер актiсi

20__жылғы «___»__________
Бiз, төменде қол қойған _________________________________
бiр тараптан және _____________________________________
екiншi тараптан, 200__жылғы «____» ____________жағдай бойынша
көрсетiлген қызметтердiң осы актiсiн жасадық

Авиамаршруттың атауы

Рейстердiң бiр айдағы жиiлiгi

Субсидиялау сомасы




Нәтижесiнде субсидиялау сомасы_________________________құрайды.
(сомасы санмен және теңгемен жазбаша)

Осы актi бойынша
____________________________________________________________________
сомасы төленуге қабылданбайды

Себебi ______________________________________________________

Тараптардың заңды мекен-жайлары:

Тапсырыс берушi Авиакомпания
_____________________________ ____________________________
(басшының немесе өкiлеттiк (басшының қолы, Т.А.Ә.)
берген тұлғаның қолы, Т.А.Ә.)

М.О. М.О.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina