ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарында...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды күтiп бағу ережесi
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 1 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2011 жылғы 10 қаңтардағы
№ 1 бұйрығымен бекiтiлген

Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарында
кәмелетке толмағандарды күтiп бағу ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Ереже кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарының қызметiн, олардың бiлiм беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың және қадағалаусыз қалудың профилактикасы саласындағы құзыретiн айқындайды.
Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрi - Орталық) кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау және қабылдауды қамтамасыз ететiн бiлiм беру органдарына енгiзiлетiн мемлекеттiк ұйым болып табылады.
2. Орталық денсаулық сақтау, бiлiм, туризм және спорт, iшкi iстер, халықты әлеуметтiк қорғау, әдiлет, органдарымен, сонымен қатар, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргiзетiн үкiметтiк емес ұйымдармен, бiрлесiп қызмет атқарады.
3. Орталықтың қызметi Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасына, осы Ережеге және орталықтың жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Орталықтың негiзгi мақсаты қадағалаусыз және панасыз қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сонымен қатар, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандарды қабылдауды, олардың ата-аналарын немесе басқа заңды өкiлдерiнiң анықтағанға дейiн уақытша күтiп бағуды, бейiмдеудi және бұдан әрi орналастыруды, қамтамасыз ету.
5. Орталықтың негiзгi мiндеттерi:
1) өмiрде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкiлдерiне осы жағдайдан шығу үшiн әлеуметтiк және психологиялық көмек көрсету;
2) кәсiптiк-еңбек, оқыту-танымдық және шынықтыру-сауықтыру бағыттарындағы компонеттерден тұратын кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк бейiмдеудiң жекелеген бағдарламаларды әзiрлеу және оның iске асырылуын қамтамасыз ету;
3) кәмелетке толмағандардың әлеуметтiк мәртебесiн қалыпқа келтiру;
4) Орталықтағы кәмелетке толмағандарға медициналық қызмет көрсетудi және бiлiм берудi ұйымдастыру;
5) Орталықтағы кәмелетке толмағандарды бұдан әрi орналастыру бойынша қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен өзара әрекеттесу;
6) Орталықтағы кәмелетке толмағандарды отбасыларына қайтаруға қолғабыс ету;
7) кәмелетке толмағандардың арасында қадағалаусыздықты және панасыздықты ескерту бойынша профилактикалық жұмыс жүргiзу;
8) Орталықтағы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету.
6. Орталық келесi блогтардан құрылады:
1) баспана-тұрмыстық блог (жатын бөлмелер, оқу сыныптары, ойын бөлмелерi, кинозал, кiтапхана, гигиена бөлмелерi);
2) медициналық блог (медициналық пункт, изолятор);
3) әкiмшiлiк-шаруашылық блог (асхана, қызметтiк кабинеттер және шаруашылық орындары).
7. Орталықтың техникалық берiктiлiгi кәмелетке толмағандарға еркiн кiруге және орталықтан тысқары шығуға мүмкiндiк берудi, тәулiк бойы бақылау жүргiзу үшiн жағдайларды қамтамасыз етуi қажет.

2. Кәмелетке толмағандарды қабылдау, ұстау және
шығару тәртiбi

8. Орталыққа:
1) ата-аналарын немесе басқа заңды өкiлдерiн анықтау үшiн қадағалаусыз және панасыз қалған балалар;
2) уақытылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қамқоршылық және қорғаншылық органы ата-анасынан (оларды бiреуiнен) немесе оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған балалар;
3) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандар қабылданады.
9. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшiн:
1) осы Ереженiң 8-тармағының 3) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты сот қаулысы;
2) осы Ереженiң 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген кәмелетке толмағандарға қатысты қамқоршылық және қорғаншылық органының қаулысы негiз болып табылады.
Кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қамқоршылық және қорғаншылық органының қаулысына мiндеттi түрде:
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актiсi (тұрғылықты жерi анықталған жағдайда);
кәмелетке толмағанның, сондай-ақ оның ата-анасының немесе басқа заңды өкiлдерiнiң мiнездемесi (тұрғылықты жерi анықталған жағдайда);
туу туралы куәлiгi (бар болған жағдайда);
бiлiм беру ұйымынан анықтама (мектеп жасындағы балалар үшiн);
медициналық құжаттар (егу құжаты және амбулаторлық картасы бар болған жағдайда) тiркеледi.
10. Түнгi уақытта, демалыс немесе мереке күндерi осы Ереженiң 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандар осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Орталыққа қабылдаудың актiсi негiзiнде қабылданып, ол туралы Орталықтың әкiмшiлiгi жиырма төрт сағат iшiнде жазбаша түрде прокурорды хабардар етуге мiндеттi.
11. Осы Ереженiң 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарды одан әрi күтiп бағу не орналастыру туралы мәселенi шешу үшiн Орталықтың қызметкерлерi үш тәулiк iшiнде қорғаншылық және қамқоршылық органына панасыздық, қадағалаусыздық белгiлерi болуын негiздейтiн, қамқоршысыз қалғанын не болмаса баланың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнгенi туралы ақпаратты ұсынады.
12. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары үш жұмыс күнi iшiнде кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қаулы шығарады.
13. Кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау және Орталықтан шығару Орталықтың басшысының бұйрығымен рәсiмделедi.
14. Орталыққа қабылданатын кәмелетке толмағандар осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсiмделген жеткiзiлген кәмелетке толмағандарды есепке алу журналында тiркеледi.
Кәмелетке толмағанның сауалнамалық деректерi анықталғаннан кейiн оған осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық таратушыларында есепке алу - статистикалық карточка толтырылады.
15. Осы Ереженiң 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандар оларға көмек көрсету және бұдан әрi орналастыру мәселелерiн шешу үшiн қажеттi уақытқа, бiрақ отыз тәулiктен аспайтын, үш айға дейiн ұзартылатын мерзiмге орналастырылады.
16. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмiне денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жариялаған карантин кезеңi, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ауруына байланысты, денсаулық сақтау ұйымында болу уақыты және де стационарлық көмек беруi енбейдi.
17. Осы Ереженiң 8-тармағының 3) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандар Орталықта сот қаулысының негiзiнде болады, бiрақ арнаулы бiлiм беру ұйымына жiберу туралы шешiм заңды күшiне енгенге дейiнгi мерзiмнен аспау тиiс.
18. Орталыққа алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқұмарлық мас болу күйiндегi, сондай-ақ айқын психикалық аурудың белгiлерi бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға тыйым салынады.
19. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандар жасына және жынысына қарай топтарға орналастырылады. Топтардағы балалар саны жиырма адамнан аспауы тиiс.
20. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандармен профилактикалық және бейiмдеу жұмыстары жүргiзiледi.
21. Ұстаудың белгiленген тәртiбiн бұзған кәмелетке толмағандармен психолог жеке-тәрбие жұмысын жүргiзедi, ол туралы кәмелетке толмағандарға толтырылатын жеке iсте тиiстi жазба жазылады.
22. Кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау кезiнде бастапқы медициналық тексеру жүргiзiледi, орталыққа түскен сәтте кәмелетке толмағанның бар нәрселерi мен құнды заттары тәркiленедi, ол туралы осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау актiсiнде тиiстi жазба жасалады және Орталықтан шыққан кезде қайтарылады. Орталыққа жұпыны киiммен түскен кәмелетке толмағанның сыртқы және iшкi киiмдерi ауыстырылады.
23. Бiлiм беру процесi «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Орталықта болу мерзiмiн, оқу дайындығының деңгейiн ескере отырып ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағанның бiлiм алуының нысаны туралы шешiм психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен келiсiмдеу бойынша қабылданады.
24. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандарға осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке iстер басталады, түпнұсқалары олар одан әрi орналасатын жерге жiберiледi.
25. Орталықта ұсталатын кәмелетке толмағандармен профилактикалық және бейiмдеу жұмысын ұйымдастыру Орталыққа орналастыру негiздерiн, педагогикалық бақылаусыздық деңгейiн, жасын, отбасылық-тұрмыстық жағдайларын ескере отырып, жүзеге асырылады.
26. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандармен құқықтық оқыту және арнаулы бiлiм беру ұйымында болудың алдағы жағдайларына әлеуметтiк-педагогикалық бейiмдеу бойынша жүргiзiледi.
27. Орталықтан шыққан кезде кәмелетке толмағандар тұрғылықты жерлерiне қатаң түрде ата-аналарының немесе басқа заңды өкiлдерiнiң алып жүруiмен немесе кәмелетке толмағанды Орталықтан шығару туралы бұйрықтың негiзiнде осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды қабылдау-беру туралы актiсi бойынша оларды бұдан әрi орналастыру жерлерiне Орталықтың әлеуметтiк педагогының алып жүруiмен жеткiзiледi.
28. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн кәмелетке толмағандар Орталықтың әлеуметтiк педагогының алып жүруiмен жеткiзiледi.
Жасөспiрiм қыздарды алып жүру тек әйел жынысындағы Орталықтың әлеуметтiк педагогтары жүзеге асырады.
29. Орталықтың әлеуметтiк педагогының алып жүруiмен Орталықтан шығатын кәмелетке толмағандар орналасатын жерге дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы белгiлеген нормалар бойынша тегiн жолақымен және азық-түлiкпен немесе жол жүру уақытына ақшамен қамтамасыз етiледi.
30. Кәмелетке толмағанды Орталықтан шығарған кезде оның ата-аналарына немесе басқа да заңды өкiлдерiне Орталықта болғандығы туралы, денсаулығының қалпы туралы анықтамалар, үлгерiмi жөнiндегi табелi және педагогикалық-психологиялық мiнездеме берiледi.

Кәмелетке толмағандарды
бейiмдеу орталықтарында
кәмелетке толмағандарды күтiп
бағу ережесiне 1-қосымша
нысан

Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталығына кәмелетке
толмағандарды қабылдау актiсi

20__ жылғы «___» _________ «___» сағат «___» минут

Мен,_________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегi, аты-жөнi)

_____________________________________________________________________
(орталықтың атауы)
азаматпен, iшкi iстер органының қызметкерiмен________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, жұмыс орны,

_____________________________________________________________________
лауазымы, мекен жайы, телефоны)

_____________________________________________________________________
(кәмелетке толмағанды анықтаған орын, уақыт және жағдайлар )

_________________________анықталған, кәмелеткен толмаған жеткiзiлдi.

Кәмелетке толмағанның белгiлерi______________________________________
(бойы, салмағы, жасы, сөйлей бiлуi ерекше

_____________________________________________________________________
белгiлерi (мендер, тыртықтар т.б.) денесiндегi жаңа жарақаттар,
_____________________________________________________________________
зорлық әрекеттерiнiң белгiлерi)

Кәмелетке толмағаннан алынды_________________________________________
(шыққан кезде қайтарылуға жататын заттар, құндылықтар және құжаттар)
_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________
(кәмелетке толмағанның тегiн, аты-жөнiн, жасын, ата-аналарын немесе басқа заңды тұлғаларын, тұрғылықты
_____________________________________________________________________
жерiн, жұмыс орнын, ата-анасының лауазымын, маңызы бар басқа деректер)

________________________________________________ анықтау мүмкiн болды
(сыртынан қарағанда кәмелетке толмағанның денi сау, ауру, дене жарақаты бар т.б.)

Қолы _____________________________________________________________________
(қаулыны толтырған лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегi және аты-жөнi)
_____________________________________________________________________
(кәмелетке толмағанды жеткiзген тұлғаның тегi)

Кәмелетке толмағандарды
бейiмдеу орталықтарында
кәмелетке толмағандарды күтiп
бағу ережесiне 2-қосымша
нысан

Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталығына жеткiзiлген
кәмелетке толмағандарды есепке алу журналы

_____________________________________________________________________
(кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталығының атауы)
_____________________________________________________________________

20__ жылғы «___» _______ басталды.

20__ жылғы «___» _______ аяқталды.

Журналдың бағандары:
Реттiк нөмiрi.
Орталыққа жеткiзiлген күнi мен уақыты.
Кәмелетке толмағанның тегi, аты, әкесiнiң аты.
Туған жылы, айы, күнi.
Ата-анасы немесе басқа заңды өкiлдерi туралы мәлiметтер.
Тұрғылықты жерi, телефоны (қажет болған жағдайда кәмелетке толмағанды тәрбиеленген балалар мекемесiнiң атауы көрсетiледi).
Кiм жеткiздi (толық деректер).
Орталыққа орналастырудың негiзi.
Орталықтан кеткен күнi.
Кәмелетке толмаған кiмге және қайда жiберiлдi.
Берудiң негiздерi.
Кәмелетке толмағанды берген лауазымды адамның тегi (Орталықтың қызметкерi).
Кәмелетке толмағанды қабылдап алған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы.
Журнал нөмiрленедi, тiгiледi және Орталықтың директорының қолымен және мөрiмен бекiтiледi.

Кәмелетке толмағандарды
бейiмдеу орталықтарында
кәмелетке толмағандарды күтiп
бағу ережесiне 3-қосымша
нысан

№ ___ Есепке алу - статистикалық карточкасы

1. Тегi ____________________________________________________________
2. Аты _____________________________________________________________
3. Әкесiнiң аты ____________________________________________________
4. Туған күнi, айы, жылы және туған жерi ___________________________
5. Тұратын жерi ____________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Бiлiмi __________________________________________________________
(оқу орны, сынып, топ)
7. Ата-анасы туралы мәлiметтер _____________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты,
____________________________________________________________________
туған күнi, айы, жылы, тұратын жерi, жұмысы)
8. Орналастыру негiзi (керегiн сызу керек): арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлген, қадағалаусыз және панасыз қалған, ата- анасының немесе басқа заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалған.
9. Iшкi iстер органдарында есепте тұрды ма: иә, жоқ _________________
10. Қылмыстық жауапкершiлiкке тартылды ма: иә, жоқ __________________
11. Ерекше белгiлерi ________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Есепке алу-статистикалық карточкасының келесi жағы

Келген күнi

Кеткен күнi

Кiмге және қашан бердi

Есепке алу iсiнiң нөмiрi

















Кәмелетке толмағандарды
бейiмдеу орталықтарында
кәмелетке толмағандарды күтiп
бағу ережесiне 4-қосымша
нысан

№ ___ Жеке iсi

1. Тегi ____________________________________________________________
2. Аты _____________________________________________________________
3. Әкесiнiң аты ____________________________________________________

Анықталған мәлiметтер

1. Тегi ____________________________________________________________
2. Аты _____________________________________________________________
3. Әкесiнiң аты ____________________________________________________
(Туған күнi, айы, жылы)

20__ жылғы «___» _______ түстi.

20__ жылғы «___» ______ кеттi.

_______ бетте.

Жеке iске төмендегi құжаттар қоса берiледi:
1. Кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қаулы.
2. Кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдаудың актiсi.
3. Кәмелетке толмағанның жасын растайтын құжаттар.
4. Ата-анасының немесе басқа заңды өкiлдерiнiң болуы, олардың
тұратын жерi туралы мәлiметтер.
5. Профилактикалық жұмыс жүргiзу материалдары.
6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7. Өзге де құжаттар.

Кәмелетке толмағандарды
бейiмдеу орталықтарында
кәмелетке толмағандарды күтiп
бағу ережесiне 5-қосымша
нысан

Кәмелетке толмағанды қабылдау - беру туралы
Акт

Мен,_________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегi, аты-жөнi)

20___ жылғы «___» __________ сағат ______ минутта кәмелетке толмаған
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, (кәмелетке толмағанды Орталыққа берген
_____________________________________________________________________
кездегi жолдаманың атауы мен нөмiрi, лауазымды адамдардың тегi;
_____________________________________________________________________
ата-аналарына немесе басқа заңды өкiлдерiне берген кезде кәмелетке
_____________________________________________________________________
толмағанды қабылдап алушы адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, туыстық
_____________________________________________________________________
дәрежесi, паспортының сериясы мен нөмiрi, қашан және
_____________________________________________________________________
кiмнiң бергенi, мекенжайы көрсетiледi)
бердiм.

Кәмелетке толмағанмен бiрге мынадай заттар, ақша, бағалы заттар, құжаттар берiлдi ____________________________________________________
(атап көрсетiледi)
Ескертпе ____________________________________________________________
Тапсырдым ___________________________________________________________
(лауазымы, тегi, қолы)
Қабылдап алдым ______________________________________________________
(баланы қабылдап алған адамның тегi, қолы)

20___ жылғы «___» ___________


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina