ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 127 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 11 ақпандағы
№ 127 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу қағидасы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 20-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттауды жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау (бұдан әрі - ұйымдарды аттестаттау) олардың негізгі қызметінің тиімділігін бағалау және материалдық, еңбек және қаржы көздерін ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желілері мен құрылымдарын ретке келтіру үшін өткізіледі.
3. Ўйымдарды аттестаттауды:
1) республикалық маңызы бар ұйымдарды - мәдениет саласындағы уәкілетті орган;
2) жергілікті маңызы бар ұйымдарды - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) өткізеді.
Ўйымдарды аттестаттауды өткізу үшін мәдениет саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі — мемлекеттік орган) аттестаттау комиссиясын (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
4. Комиссияның құрамы мен ережесін тиісті мемлекеттік орган бекітеді.

2. Ўйымдарды аттестаттауды жүргізу тәртібі

5. Ўйымдарды олардың саласы бойынша жүзеге асырылатын аттестаттау кезінде мынадай көрсеткіштер бағаланады:
1) ұйымның өндірістік-шығармашылық және қаржылық қызметі:
ұйымның жарғыға (ережеге) сәйкес қызмет етуі;
қызмет саласы бойынша ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруы;
ұйым қызметкерлерінің кезеңдік дайындығы мен біліктілігін арттыру;
материалдық, еңбек және қаржы көздерін ұтымды пайдалану;
2) ұйымның әкімшілік-басқару қызметі:
ұйым қызметкерлерінің кәсіби құрамы;
мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтер;
3) ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі:
ұйымның материалдық базасының жай-күйі актілер;
ұйымның техникалық жабдықтарының жұмыс істеуі.
6. Ўйымдарды аттестаттауды өткізу кестесін (бұдан әрі - кесте)
мемлекеттік орган 15 қаңтарға дейін ағымдағы күнтізбелік жылға бекітеді және аттестаттауды өткізуге дейін үш айдан кешіктірмей ұйымдардың назарына жеткізеді.
7. Кестеге сәйкес аттестатталуға тиіс ұйымдар аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ұйымның өндірістік-шығармашылық және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы анықтама (талдау анықтамасы және қаржылық есеп);
2) ұйымның әкімшілік-басқару қызметі туралы құжаттардың көшірмелері (бұйрықтар, шарттар);
3) ұйым қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты, диплом бойынша мамандығы, жалпы еңбек өтілі (соның ішінде осы ұйымдағы), сондай-ақ біліктілігін арттыру және аттестаттаудан өтуі жөніндегі мәліметтер көрсетілген кәсіби құрамы туралы анықтама;
4) ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі туралы анықтама.
Құжаттарға ұйымның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды және мөрмен бекітеді.
8. Барлық мемлекеттік мәдениет ұйымдары бес жылда бір рет аттестаттаудан өткізіледі.
9. Мемлекеттік орган ұсынған құжаттар негізінде Комиссия ұйымдарды аттестаттауды кестеге сәйкес әрбір ұйым үшін жеті жұмыс күні ішінде өткізеді.
10. Ўйымдарды аттестаттау нәтижелері бойынша екі жұмыс күн ішінде мемлекеттік органға жолданатын және Комиссия мүшелері қол қойған оң немесе теріс қорытынды ресімделеді.
11. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатқа ие.
12. Комиссияның ұйымды аттестаттамау туралы теріс қорытындысына мыналар негіз болады:
1) ұйымның тиісті жылға арналған өндірістік-шығармашылық жоспарды орындамауы;
2) әкімшілік-басқару және қаржы қызметін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және ұйымның жарғысын (ережесін) сақтамауы;
3) қызметкерлер құрамындағы кәсіптік сәйкессіздіктің анықталуы;
4) ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің қанағаттанғысыз жағдайының анықталуы.
13. Мемлекеттік орган Комиссияның шешімін алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) оң қорытынды болған жағдайда - «аттестаттау»;
2) теріс қорытынды болған жағдайда - «аттестаттамау» туралы шешім қабылдайды.
14. Аттестаттаудан өтпеген ұйым қайта аттестатталуға жатады.
Комиссияның қорытындысына сәйкес анықталған кемшіліктерді ұйым мемлекеттік орган шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде жояды.
15. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткізілген күннен бастап алты ай өткен соң осы Қағидада белгіленген тәртіппен өткізіледі.
16. «Аттестатталсын» деген шешімді ұйымның кемшіліктерді жоюы бойынша Комиссияның оң қорытындысы болған кезде мемлекеттік орган қабылдайды.
17. Ўйым кемшіліктерді жоймаған жағдайда Комиссия қайтадан теріс қорытынды ресімдейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін басшыны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мемлекеттік органға ұсыныс енгізеді.
18. Мемлекеттік орган Комиссияның ұсынысы негізінде Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті шешім
қабылдайды.
19. Аттестатталмаған ұйым мемлекеттік органның қайта аттестаттаудан өтпегені туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң осы Қағидада белгіленген тәртіппен кезекті аттестатталуға жатады.

3. Қорытынды ережелер

20. Комиссия өз қызметін мемлекеттік орган шешімінің негізінде тоқтатады.
21. Мемлекеттік орган аттестаттамаған ұйымдар Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталмағаны
туралы шешімге шағым беруге құқылы.
22. Аттестатталған және аттестатталмаған ұйымдар туралы ақпарат тиісті мемлекеттік органның интернет-ресурстарына орналастырылады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina