ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Ұлттық компанияның үлестiк қатысуы...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Ұлттық компанияның үлестiк қатысуы көзделетiн келiсiмшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттiк мүдделердi бiлдiру қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 10 ақпандағы № 122 қаулысымен бекiтiлген

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағида «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрленген және ұлттық компанияның үлестiк қатысуы көзделетiн келiсiмшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттiк мүдделердi бiлдiру тәртiбiн белгiлейдi.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттiк мүдделердi бiлдiруi жер қойнауын пайдалану саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты үлестiк қатысу арқылы iске асыру тәртiбiмен жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидада Заңда белгiленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аффилиирленген тұлға - ұлттық компания тiкелей және (немесе) жанама түрде шешiмдердi анықтауға және (немесе) егер осы заңды тұлғаның негiзгi қызметi жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, мұндай тұлға қабылдайтын шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлға;
2) келiсiмшартта мiндеттi қатысу үлесi - келiсiмшартқа ұлттық
компанияның қатысуының конкурс өткiзу нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн пайызбен көрсетiлген үлесi;
3) оператор - келiсiмшартты орындауға байланысты қызметтi жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын (уәкiлеттi өкiл), оның iс-әрекетi үшiн жер қойнауын пайдаланушылар мүлiктiк жауапкершiлiкте болатын, құзыреттi органның жазбаша хабарламасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгiлейтiн заңды тұлға.

2. Конкурс нәтижелерi бойынша жасалған келiсiмшарттарда
ұлттық компанияның мiндеттi қатысу үлесiн анықтау

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi ұлттық компанияның мiндеттi қатысу үлесiнiң шамасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және теңiзде жер қойнауы учаскелерi бөлiгiнде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсыныстары негiзiнде құзыреттi орган қалыптастырған, конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi.
4. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетiлген Жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесi тiкелей келiссөздер негiзiнде ұлттық компания ұсынатын жер қойнауы учаскелерi бойынша ұлттық компанияның ұсыныстары ескерiле отырып қалыптастырылады.
5. Құзыреттi орган конкурс жариялау кезiнде оның шарттарында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскесiндегi ұлттық компанияның мiндеттi қатысу үлесiн және коммерциялық табылымға дейiн ұлттық компаниядан басқа, өзге жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушiге ұлттық компанияның мiндеттi қатысу үлесiне байланысты шығыстарды қаржыландыру қажеттiгiн көрсетедi.

3. Келiсiмшарттарда мемлекеттiк мүдделердi бiлдiру

6. Мемлекеттiк мүдделердi бiлдiру оларға бекiтiлген өкiлеттiктер шегiнде, келiсiмшарттарда үлестiк қатысу құқығын жүзеге асыру арқылы iске асырылады.
7. Ұлттық компания немесе оның аффилиирленген тұлғасы келiсiмшарттардағы қатысу үлестерiн басқаруды келiсiмшарттарда көзделген органдар, бiрлескен қызмет туралы шарттар және операторлардың құрылтай құжаттары (консорциумдар құрылған жағдайда) және (немесе) жарғылық капиталына бiрлескен қатысумен ұйымдардың құрылтай құжаттары арқылы жүзеге асырады.
8. Келiсiмшартты орындау кезiнде ұлттық компания өзге жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушiлермен келiсiмшартта көзделген мұнай операцияларын iске асыру үшiн талап етiлуi мүмкiн келiсiмдердiң кез келген түрлерiн жасай алады және мұндай келiсiмдердiң ережелерi Келiсiмшарттың ережелерiне қайшы болмауға тиiс.
9. Келiсiмшарттарда мемлекеттiк мүдделердi бiлдiру заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарына және/немесе тапсырмаларына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, құзыреттi органның және олардың құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдардың шешiмдерiне және/немесе тапсырмаларына, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика саласын дамыту бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Құзыреттi орган ұлттық компаниямен мұнай-газ секторындағы мемлекеттiк саясаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын негiзгi бағыттарын өзгерту мүмкiндiгiн ескере отырып, мiндеттi үлестiк қатысумен келiсiмшарттарда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асырудың негiзгi қағидаттары туралы меморандум жасасады.
10. Ұлттық компания келiсiмшарттарда Қазақстан Республикасының заңнамасында және келiсiмшартта белгiленген тәртiппен мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде мемлекеттiк мүдделердi сақтауға, оның iшiнде:
1) тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде қазақстандық қамту бойынша келiсiмшарттық мiндеттемелердi орындауға;
2) кадрларда қазақстандық қамту бойынша, сондай-ақ кемсiтпеушiлiк негiзде қазақстандық кадрлардың жағдайларын қамтамасыз ету және еңбекақы төлеу бойынша келiсiмшарттық мiндеттемелердi орындауға;
3) Өндiрушi салалар қызметiнiң ашықтығы бастамасының талаптарын сақтау бойынша;
4) жоғары технологияларды және кен орындарын барлау мен пайдаланудың оң практикасы негiзiнде жер қойнауы ресурстарын экономикалық тиiмдi игеруге, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
5) жоғары технологияларды, жаңа және өңдеушi өндiрiстердi дамыту мен пайдалануға, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi құруға және бiрлесiп пайдалануға;
6) мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың экономикалық мүдделерiнiң балансына қол жеткiзуге ықпал етедi.
11. Ұлттық компанияның немесе оның аффилиирленген тұлғасының үлесiн төмендету нәтижесiнде үлестiк қатысу мөлшерi осы Қағиданың 7-тармағында көрсетiлген органдар қабылдайтын шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
12. Ұлттық компанияның бастамасы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату туралы шешiм ұлттық компания ұсынған негiздемелердi, инвестициялық тәуекелдердi кешендi талдауды және мемлекеттiк органдардың әлеуметтiк сала үшiн салдарды ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру шеңберiндегi бар тапсырмалары ескерiле отырып қабылданады.
13. Ұлттық компания немесе оның аффилиирленген тұлғасы өзге жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға бұрын жасаған келiсiмшарттарда сатып алынған қатысу үлесiн басқаруды осы келiсiмшарттардың ережелерiн ескере отырып жүзеге асырады.
14. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт iске асырылатын аумақтағы елдiң заңнамасында, халықаралық шартта және оны орындау үшiн жасалған келiсiмдерде өзгеше көзделмесе, ұлттық компанияның өзге мемлекеттердiң аумағында халықаралық шарттар негiзiнде iске асырылатын келiсiмшарттарда мемлекеттiк мүдделердi бiлдiруi осы Қағидада көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina