ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындау қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 ақпандағы № 139 қаулысымен бекiтiлген

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындау қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрленген және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындау тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Қағида меншiк нысанына қарамастан, барлық жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылады.
3. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындау жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның жер қойнауын зерттеуге және пайдалануға мемлекеттiк бақылау жүргiзуi барысында залалды анықтау фактiсi бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп айқындайды.
4. Залалдың мөлшерiн айқындауға байланысты туындайтын дауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен сот шешедi.

2. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды
бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындау

5. Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерi техникалық-экономикалық есептемелерге негiзделген, экономикалық негiздi, болмай қоймайтын және қабылданған әдiстермен және алғашқы қорларды игеру және оларды бастапқы өңдеу жүйелерiмен технологиялық байланысты шығындардан деңгейi асып түсетiн пайдалы қазбалар қорларын игеру және өңдеу кезiндегi нақты ысыраптың көлемi негiзге алынып айқындалады және жер қойнауын пайдаланушының есептi кезеңде өнiмдi сатудың орташа бағасы бойынша құндық мәнде айқындалады.
6. Жер қойнауын пайдаланушы есептi кезеңде өнiмдi сатпаған жағдайда, өнiмнiң құны мұндай сату орын алған өткен кезеңдегi сатудың орташа бағасы негiзге алынып айқындалады. Бағаның ресми белгiленiмi бар пайдалы қазбалар бойынша осы белгiленiмдерге сәйкес есептi кезеңдегi олардың орташа құны қолданылады.
7. Залалдың мөлшерi осы Қағидаға қосымшаға сай мысалдарға сәйкес айқындалады.
8. Деңгейi техникалық-экономикалық есептемелерге негiзделген, экономикалық негiздi, болмай қоймайтын және қабылданған әдiстермен және қорларды игеру және бастапқы өңдеу жүйелерiмен технологиялық байланысты ысыраптан пайдалы қазбаларды игеру және бастапқы өңдеу кезiндегi нақты ысыраптың асып түсуi (бұдан әрi - нормативтен тыс ысыраптар) мынадай көлемдерден болады:
пайдалы қазбалардың баланстық қорларының пайдалы қазбаның баланстық қорлары дұрыс есептелген және оларды жер қойнауынан өндiру толықтығын бастапқы есепке алу мүмкiн болатын бiр тектес тау-кен-геологиялық жағдайлармен бiр жүйеде игерiлетiн жер қойнауының әрбiр бөлiгi бойынша белгiленген нормативтiк ысыраптардан тыс ысыраптар, сондай-ақ кез келген негiзсiз ысыраптар;
баланстық, сондай-ақ жер қойнауын ұтымды пайдалануды ескере отырып, пайдалы қазбалардың кен орындарын экономикалық рентабельдi игерудi көздейтiн жобалау құжаттарын бұзудың және осы бұзулардан туындаған авариялардың нәтижесiнде пайда болған пайдалы қазбалардың баланстық қорларын селективтi алуға және қоймаға жинауға көзделген шығындар;
алаңы мен қуаты бойынша толық алмаудың, қаттарды, (кен шоғырларын) өңдеу мен жақындастырудың, қорларды есептен уақтылы шығармаудың, тау-кен әзiрлемелерiн уақытынан бұрын жабудың салдарынан жер қойнауында қалдырылған қорлар;
игеру (өндiру) бойынша талаптарды бұзу салдарынан туындаған жер қойнауында суланудың, жанудың салдарынан туындаған пайдалы қазбалардың баланстық қорларының немесе өндiрiлген пайдалы қазбалардың ысыраптары;
пайдалы компоненттерi неғұрлым бай кен орындарының оңай қол жеткiзiлетiн учаскелерiнде өндiрудiң салдарынан рентабельдi өңдеу мүмкiн емес болатын пайдалы қазбалардың баланстық қорларының ысыраптары;
кәсiпшiлiкте өндiру, жинау, тасымалдау және дайындау кезiнде мұнайдың, табиғи және iлеспе мұнай газының, газ конденсатының келiсiлген ысыраптар нормаларынан тыс ысыраптар;
игеру (өндiру) жөнiндегi талаптарды бұзу салдарынан туындаған кен орындарын игерудiң жобалау құжаттарында немесе технологиялық схемаларда көзделген технологиялық режимiн сақтамаудың, сондай-ақ мұнай мен газдың құбыр сыртындағы және құбыр арасындағы кеңiстiк арқылы жоғары жатқан белдеулерге қатаралық ағылуының салдарынан мұнайдың, табиғи газдың, басқа пайдалы қазбалар мен компоненттердiң бекiтiлген алынатын қорларының ысыраптары;
iлеспе мұнай газын, газ конденсатын алудың және кәдеге жаратудың бекiтiлген нормативтерiн сақтамау салдарынан олардың ысыраптары;
кен орындарын уәкiлеттi органдардың рұқсатынсыз өнеркәсiптiк игеру кезiнде жағылатын табиғи және iлеспе мұнай газы;
жағуға рұқсат етiлген көлемiнен тыс жағылған табиғи және iлеспе мұнай газы;
жобалық көрсеткiштермен салыстырғанда қайта өңделетiн шикiзат сапасының өзгерiстерi мен ауытқуларына және қайта өңдеудiң технологиялық тәртiбiнiң бұзылуына байланысты минералдық шикiзатты, аралық өнiмдердi (жартылай фабрикаттарды), байыту қалдықтарын, шөгiндiлердi, қождарды бекiтiлген нормативтерден тыс бастапқы қайта өңдеу кезiнде қатты пайдалы қазбалардың және олардың құрамындағы пайдалы компоненттердiң ысыраптары.
9. Мұнай-газ және газ конденсаты кен орындарын пайдалану кезiнде мұнайдың, конденсат пен газдың, оның iшiнде iлеспе (ерiген) газдың нормативтен тыс қаттық ысыраптары қорларды есептеген кезде қабылданған алу коэффициентiнен ауытқулармен анықталады.
10. Газды жағу кезiндегi нормативтен тыс ысыраптар қорларды есептеген кезде қабылданған компоненттердiң құрамы негiзiнде пайдалы қазбалардың мемлекеттiк балансында тұрған газдың компоненттiк құрамы бойынша анықталады.
11. Есепке алудың жеке аспаптары болмаған кезде жобалық шығындарды есептеу өндiрiлетiн пайдалы қазбада ерiген газдың құрамы бойынша жүргiзiледi.
12. Пайдалы компоненттердiң минералдық шикiзатты бастапқы қайта өңдеу үдерiсiнде жол берiлген нормативтен тыс ысыраптарының сандық мәнi кеннiң тиiстi типi (сорты) үшiн белгiленген алу көлемi мен оның тауарлық өнiмге нақты қол жеткiзiлген алынуы арасындағы айырма бойынша анықталады.
13. Бастапқы қайта өңдеу кезiнде қатты пайдалы қазбалардың пайдалы компоненттерiнiң және олардың жартылай өнiмдерiнiң нормативтен тыс ысыраптары өндiрiстiк объектiнiң техникалық бақылау бөлiмiнiң және тексерiлетiн кезеңде оның тауарлық балансын талдаудың деректерi бойынша анықталады.

Жер қойнауын ұтымды пайдалану
саласындағы талаптарды бұзу
салдарынан келтiрiлген залалдың
мөлшерiн айқындау қағидасына
қосымша

Пайдалы қазбалардың нормативтен тыс ысырабы
үшiн залалдың мөлшерiн айқындау мысалдары

1-мысал.
Жер қойнауын пайдаланушы қорғасын-мырыш кен орнын игередi. Есептi кезеңде 61224 тонна концентрат сатты:
нормативтiк ысырап 1215 тонна болған кезде
мырыштың нақты ысырабы 2024 тоннаны құрады
Есептi кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (Лондон металдар және мұнай биржасының) мырыш концентратын сатуы кезiндегi орташа баға 228,03 АҚШ долларын құрады,
(2024 - 1215) х 228,03 = 184476,3 АҚШ доллары.
184476,3 х залал анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдiк валютаға шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.

2-мысал.
Жер қойнауын пайдаланушы есептi кезеңде 2658000 тонна мұнай өндiрдi.
Осы кезеңде мұнайдың нақты ысырабы 4442 тонна мұнайды, оның iшiнде бекiтiлген нормативтiк ысырап 1081 тонна мұнайды құрады.
Есептi кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (Лондон металдар және мұнай биржасының) мұнайды сатуы кезiндегi орташа баға 50,49 АҚШ долларын құрады,
(4442 - 1081) х 50,49 = 169696,89 АҚШ доллары.
169696,89 х залал анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдiк валютаға шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.

3-мысал.
Жер қойнауын пайдаланушы есептi кезеңде 215000 тонна мыс сатты:
осы кезеңдегi мыстың нақты ысырабы 13600 тонна
мыстың нормативтiк ысырабы 8600 тонна
Есептi кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (Лондон металдар және мұнай биржасының) мысты сатуы кезiндегi орташа баға бiр тонна үшiн 1495,6 АҚШ долларын құрады,
(13600 - 8600) x 1495,6 = 7478000 АҚШ доллары.
7478000 х залал анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдiк валютаға шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.

4-мысал.
Жер қойнауын пайдаланушы есептi кезеңде кен орнын өнеркәсiптiк игерудi жүзеге асырған кезде 300 млн. м3 көлемiнде iлеспе өндiрiлетiн мұнай газын жақты. Бұл ретте, газда Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансында есепте тұрған компоненттерiнiң өнеркәсiптiк құрамы бар. Қазақстан Республикасының Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен деректерге сәйкес әлеуеттi құрамдастардың мәндерi негiзiнде компоненттер мен құрғақ газдың (метанның) көлемiн анықтаймыз. Әлеуеттi жиынтық құрамы 1000 м3 газға 500 кг болған кезде компоненттердiң (этан, пропан, бутан) шығыны 150000 тоннаны құрайды. Құрамы 50 % болған кезде құрғақ газдың (метанның) ысырабы 150 млн. м3 құрайды.
Есептi кезеңде жер қойнауын пайдаланушының (Лондон металдар және мұнай биржасының) құрғақ газды сатуы кезiндегi орташа баға 1000 м3 үшiн 80 АҚШ долларын, ал сұйытылған газдың (этан, пропан, бутан) 1 тоннасы үшiн 350 АҚШ долларын құрады.
Залал сомасы:
құрғақ газ үшiн: 150000000 м3 х 80: 1000 = 12000000 АҚШ доллары;
компоненттер үшiн: 150000 т х 350 = 52500000 АҚШ доллары;
барлығы: 64500000 АҚШ доллары.
64500000 х залал анықталған сәтте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетелдiк валютаға шаққандағы ресми бағамы = залал сомасы.

Ескертпе:
басқа компоненттер бойынша залал мөлшерiн есептеу кезiнде көрсетiлген мысалдарды пайдалану керек.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina