ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Санитариялық паспорт беру, есепке алу және...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргiзу ережесi
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 18 қарашадағы N 731 бұйрығымен бекiтiлген

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже санитариялық паспорт берудiң, есепке алудың және жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
2. Санитариялық паспорт - мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын объектiнiң, көлiк құралының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң және гигиеналық нормативтердiң талаптарына сәйкестiгiн растайтын және оларды iске қосуға немесе пайдалануға құқық беретiн құжат.
3. Санитариялық паспорт осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес қызметi, пайдаланылуы, қолданылуы, және iске қосылуы адам денсаулығының жай-күйiне және қоршаған ортаға зиянын тигiзуi мүмкiн объектiге, сондай-ақ көлiк құралына берiледi.

2. Объектiге санитариялық паспорт беру,
есепке алу және жүргiзу тәртiбi

4. Объектiге санитариялық паспорт рәсiмдеу үшiн дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар өздерi жүзеге асыратын қызметiне сәйкес тиiстi аумақтардағы және көлiктегi халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органдарының аумақтық бөлiмшелерiне (бұдан әрi - аумақтық бөлiмше) мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде еркiн түрдегi өтiнiш бередi.
5. Өтiнiшке:
1) объектiге құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi (түпнұсқаларды көрсету арқылы);
2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрi - қорытынды) және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актiсi (бұдан әрi - акт) (бұрын берiлген қорытынды және (немесе) акт болған жағдайда);
3) халықтың декреттелген тобы үшiн жеке медициналық кiтапшалары;
4) жұмыс қызметiнiң түрiне сәйкес дайындалатын, өндiрiлетiн, өткiзiлетiн шикiзаттар мен өнiмдердiң тiзбесi;
5) объектiнiң жұмыс бағыты туралы мәлiметтер қоса берiледi.
6. Санитариялық паспортты рәсiмдеу кезiнде объектiге аумақтық бөлiмшенiң лауазымды адамдары актiнi толтыра отырып, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары өз құзыретi шегiнде олардың гигиеналық нормативтерге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкестiгiне санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер жүргiзуге тиiс.
7. Акт толтыра отырып, объектiнi тексеру және санитариялық паспорт беру дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар өздерi жүзеге асыратын қызметiне сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейiн он бес күнтiзбелiк күн iшiнде жүргiзiледi.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 2011.02.15 № 89 (ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
8. Объектiге санитариялық паспорт өтiнiш берушiге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық бөлiмшенiң бланкiсiнде журналға тiркеу және тiркеу нөмiрiн беру арқылы қол қойылып, бiр данада берiледi. Санитариялық паспорттың көшiрмесi аумақтық бөлiмшеде қалады.
9. Объектiге берiлетiн санитариялық паспорттың қолданылу мерзiмi - оны аумақтық бөлiмшеде тiркеген күннен бастап екi жыл.
Қолданылу мерзiмi аяқталуына байланысты санитариялық паспорт аумақтық бөлiмшеге тапсырылады және бұл ретте санитариялық паспорт беру тәртiбi осы Ереженiң 4-8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Объектiге берiлетiн санитариялық паспортты аумақтық бөлiмшеде тiркеу кезiнде журналда және электрондық базада мына деректер көрсетiледi:
1) өтiнiш берушi туралы мәлiметтер (дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар өздерi жүзеге асыратын қызметiне сәйкес), мекен-жай деректерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бұдан әрi - СТН) (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi – БСН), жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi - ЖСН) - бар болған жағдайда);
2) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың өздерi жүзеге асыратын қызметiне сәйкес өтiнiштерiнiң тiркелген күнi;
3) объектiнiң атауы;
4) объектiнiң жұмыс бағыты;
5) объектiге құқық белгiлейтiн құжаттардың атауы;
6) жұмыс қызметiнiң түрiне сәйкес дайындалатын, өндiрiлетiн, өткiзiлетiн шикiзаттар мен өнiмдердiң атауы;
7) қорытынды берiлген күнi мен нөмiрi, акт толтырылған күн;
8) санитариялық паспорттың тiркелген күнi мен нөмiрi;
9) санитариялық паспорттың қолданылу мерзiмi.
11. Мына жағдайларда:
1) осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетi ұсынылмаған жағдайда;
2) объектiнi тексеру және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптау нәтижелерiнiң халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердiң және гигиеналық нормативтердiң талаптарына сәйкессiздiгi жағдайында санитариялық паспорт берiлмейдi.
12. Объектiнi қайта көшiру, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта бейiндеу, технологиялық процестердi өзгерту кезiнде дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар өздерi жүзеге асыратын қызметiне сәйкес аумақтық бөлiмшеге жұмыс басталғанға дейiн бiр ай бұрын өтiнiш бередi. Бұл ретте санитариялық паспорт беру осы Ереженiң 4 -8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Көлiк құралына санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргiзу тәртiбi

13. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға өздерi жүзеге асыратын қызметiне сәйкес адамдарды, тағам өнiмдерiн, азық-түлiк шикiзатын, шаруашылық - ауыз суды, химиялық, уытты және радиациялық заттарды коммерциялық және қоғамдық тасымалдау үшiн пайдаланылатын темiр жол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электрлi көлiктерiне, оның iшiнде метрополитенге (бұдан әрi - көлiк құралы) санитариялық паспорт берiледi.
14. Көлiк құралына санитариялық паспортты рәсiмдеу үшiн кәсiпкерлiк қызметпен айналыспайтын тұлғаны қоспағанда, дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар өздерi жүзеге асыратын қызметiне сәйкес аумақтық бөлiмшеге мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде өтiнiш бередi.
15. Өтiнiшке:
1) көлiк құралына құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi (түпнұсқаларды көрсету арқылы);
2) қорытынды және (немесе) акт (бұрын берiлген қорытынды және (немесе) акт болған жағдайда);
3) халықтың декреттелген тобы үшiн жеке медициналық кiтапшалары;
4) тасымалданатын шикiзат пен өнiмнiң тiзбесi;
5) көлiк құралының жұмыс бағыты туралы мәлiметтер (тасымалдау түрi) қоса берiледi.
16. Санитариялық паспортты рәсiмдеу кезiнде көлiк құралына аумақтық бөлiмшенiң лауазымды тұлғалары акт толтыра отырып, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары өз құзыретi шегiнде олардың гигиеналық нормативтерге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкестiгiне санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер жүргiзуге тиiс. Санитариялық паспорт беру жеке және заңды тұлғаларға барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн он бес күнтiзбелiк күн iшiнде жүргiзiледi.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 2011.02.15 № 89 (ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
17. Көлiк құралына санитариялық паспорт өтiнiш берушiге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық бөлiмшенiң бланкiсiнде журналға тiркеу және тiркеу нөмiрiн беру арқылы қол қойылып, бiр данада берiледi. Санитариялық паспорттың көшiрмесi аумақтық бөлiмшеде қалады.
18. Көлiк құралына берiлетiн санитариялық паспорттың қолданылу мерзiмi – оны аумақтық бөлiмшеде тiркеген күннен бастап бiр жыл.
Қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн санитариялық паспорт аумақтық бөлiмшеге тапсырылады және бұл ретте санитариялық паспорт беру тәртiбi осы Ереженiң 14-17-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Көлiк құралына берiлетiн санитариялық паспортты аумақтық бөлiмшеде тiркеу кезiнде журналда және электрондық базада мына деректер көрсетiледi:
1) өтiнiш берушi туралы мәлiметтер (дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар өздерi жүзеге асыратын қызметiне сәйкес), мекенжай деректерi, СТН (БСН, ЖСН - бар болған жағдайда);
2) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың өздерi жүзеге асыратын қызметiне сәйкес өтiнiштерiнiң тiркелген күнi;
3) көлiк құралына құқық белгiлейтiн құжаттардың атаулары;
4) көлiк құралының түрi, маркасы, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi;
5) көлiк құралының жұмыс бағыты (тасымалдау түрi);
6) тасымалданатын шикiзат пен өнiмнiң атауы;
7) қорытынды берiлген күнi мен нөмiрi, акт толтырылған күн;
8) санитариялық паспорттың тiркелген күнi мен нөмiрi;
9) санитариялық паспорттың қолданылу мерзiмi.
20. Көлiк құралына мынадай:
1) осы Ереженiң 15-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетi ұсынылмаған жағдайда;
2) көлiк құралын тексеру және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптау нәтижелерiнiң халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердiң және гигиеналық нормативтердiң талаптарына сәйкессiздiгi жағдайында санитариялық паспорт берiлмейдi.
21. Көлiк құралымен тасымалданатын шикiзаттың немесе өнiмнiң атауы өзгерген жағдайда дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар өздерi жүзеге асыратын қызметiне сәйкес жұмыс басталғанға дейiн аумақтық бөлiмшеге бiр ай бұрын өтiнiш бередi және санитариялық паспорт беру осы Ереженiң 14-17-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

Санитариялық
паспорт беру, есепке алу
және жүргiзу ережесiне
1-қосымша

Санитариялық паспорт берiлетiн объектiлер мен көлiк құралдарының тiзбесi

1. Санитариялық паспорт берiлетiн объектiлер мен көлiк құралдары:
1) сүт өңдеу объектiлерi;
2) ет өңдеу объектiлерi, оның iшiнде мал шаруашылығы кешендерi, қасапхана цехтары;
3) құс өңдеу объектiлерi;
4) балық өңдеу объектiлерi;
5) наубайханалар, макарон, ұн тарту объектiлерi;
6) кондитерлiк өнiмдер шығару жөнiндегi объектiлер;
7) алкогольсiз өнiмдер шығару жөнiндегi объектiлер (оның iшiнде бөтелкедегi сусындар және ауыз су);
8) май өнiмдерiн шығару жөнiндегi объектiлер;
9) жұмсақ балмұздақ шығару жөнiндегi объектiлер;
10) астықты сақтау, өңдеу және тасымалдау объектiлерi, оның iшiнде нан қабылдау кәсiпорыны, элеваторлар;
11) крахмалды сiрне өнiмдерiн, крахмал шығару жөнiндегi объектiлер;
12) қант шығару жөнiндегi объектiлер;
13) жемiс жидек өңдеу объектiлерi;
14) йодталған және ас тұзын шығару жөнiндегi өнеркәсiптiк объектiлер;
15) алкогольды өнiмдердi шығару және сату жөнiндегi объектiлер;
16) тағам өнiмдерiнiң көтерме және бөлшек сауда объектiлерi;
17) халыққа арнайы, емдiк-профилактикалық, балаға арналған және диета тағамдарын шығару және сату жөнiндегi объектiлер;
18) қоғамдық тамақтану объектiлерi, оның iшiнде медицина ұйымдарының, бiлiм беру ұйымдарының және өнеркәсiптiк объектiлердiң тамақ блоктары;
19) сауда базарлары;
20) өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме және бөлшек сауда объектiлерi;
21) темiр жол көлiгiндегi мейрамхана вагондары, теңiз, өзен, әуе көлiгiндегi борттық тамақтану цехтары;
22) тағамдық концентраттарды шығару жөнiндегi объектiлер;
23) жартылай фабрикаттарды, оның iшiнде тоңазытылған және жылдам тоңазытылған фабрикаттарды шығару жөнiндегi объектiлер;
24) азық-түлiк өнiмдерiн өлшеп орау объектiлерi;
25) балалардың аз уақытқа болатын объектiлерi, бала тәрбиелеу немесе балаларды күту (бала бағу қызметi) объектiлерi, балаларды дамыту орталықтары;
26) жалпы бiлiм беру және интернат объектiлерi;
27) бiлiм беру ұйымдары;
28) сәби үйлерi;
29) ата-анасынан қараусыз қалған балаларға және жетiм балаларға арналған балалар үйi;
30) мектепке дейiнгi балалар объектiлерi;
31) балалардың сауықтыру объектiлерi, оның iшiнде жыл бойғы және маусымдық;
32) мектептен тыс объектiлерi;
33) балаларға арналған бос уақытты ұйымдастыру орталықтары;
34) балалар киiмдерiн, ойыншықтарын, балалар тұтынатын заттарды шығару және сату жөнiндегi объектiлер;
35) сумен жабдықтау көздерi, оның iшiнде жерасты, жерүстi;
36) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектiлерi;
37) сүзу және суландыру алаңы;
38) моншалар, хауыздар, бассейндер;
39) спорт ғимараттары және құрылыстар;
40) халықтың уақытша тұратын объектiлерi (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар);
41) кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары;
42) кiтапханалар, мұражайлар;
43) косметологиялық және косметикалық орталықтар, шаштараздар, сұлулық салондары;
44) мәдени-ойын-сауық мекемелерi;
45) бос уақытты ұйымдастыру орталықтары;
46) санаторий-сауықтыру және санаторий-курорттық объектiлер;
47) оңалту орталықтары;
48) емдеу-өндiрiстiк ұйымдары, сондай-ақ мүгедектердi қоса алғанда психиканың бұзылуынан (ауруынан) зардап шегiп жүрген осы ұйымдардағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн еңбек терапиясына және жаңа кәсiпке оқытуға арналған жеңiлдетiлген еңбек жағдайлары бар арнайы өндiрiстер, цехтар немесе учаскелер;
49) қарттарға және мүгедектерге арналған интернат үйлер;
50) мүгедектердi оңалтуға және бейiмдеуге арналған орталықтар;
51) тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмдеу орталықтары;
52) елдi мекен аумақтарын тазартумен айналысатын объектiлер;
53) жарнама өнiмдерiн дайындау жөнiндегi объектiлер (оның iшiнде жарықтанатын жарнама, билбордтар, банерлер, маңдайша жазулар);
54) тұрмыстық, өндiрiстiк және медициналық қалдықтарды жинаумен, жоюмен, залалсыздандырумен және кәдеге жаратумен айналысатын объектiлер;
55) бейiттер, салт-жора қызметтерiн көрсету жөнiндегi объектiлер;
56) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары;
57) стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары;
58) жедел жәрдем және санитариялық авиациялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары;
59) апаттар медицинасының денсаулық сақтау объектiлерi;
60) паллиативтiк көмек және медбике күтiмiн көрсететiн денсаулық сақтау объектiлерi;
61) қан қызметi саласын жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектiлерi;
62) мәйтханалар, патологиялық анатомия және сот медицина саласын жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектiлерi;
63) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектiлерi;
64) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми объектiлерi;
65) дұрыс тамақтану және салауатты өмiр салтын қалыптастыру саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектiлерi;
66) АИТВ/ЖИТС профилактикалық қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектiлерi;
67) денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг;
68) тiс емдеу объектiлерi;
69) халықты оқыту мен гигиеналық тәрбиелеудi жүзеге асыратын объектiлерi;
70) дәстүрлi және халық медицинасы саласында медициналық қызметтi жүзеге асыратын медициналық орталықтар: гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлекс-терапия, фитотерапия, табиғаттан алынатын құралдармен емдеу және емшiлiк;
71) тiндер мен ағзаларды трансплантологиялау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектiлерi;
72) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау жөнiндегi объектiлерi және медициналық техникалар;
73) диагностикалық зерттеулердi жүзеге асыратын медициналық объектiлер;
74) дәрiханалар, дәрiханалық пункттер, жылжымалы дәрiханалық пункттер;
75) оптикалар дүкенi;
76) медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкендерi;
77) химиялық тыңайтқыштарды, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, дезинфекциялық құралдар шығару жөнiндегi объектiлер;
78) дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау қызметiн жүзеге асыратын объектiлер;
79) ғимаратты пайдалану жөнiндегi мекемелер, үйлердi басқаратын ұйымдардың және мекемелердiң тұрғын үй бөлiмдерi, тұрғын үй иелерiнiң кооперативтерi;
80) құрылыс салынатын учаскелер;
81) темiр жол және автовокзалдар, метрополитен, әуежай, айлақ, санитариялық-карантиндiк тұйықтар;
82) көлiк құралдары (жолаушыларды, тамақ өнiмдерiн, өндiрiстiк шикiзатты, шаруашылық ауыз суды, радиоактивтi, химиялық, уытты және радиоактивтi заттар мен қалдықтарды коммерциялық және қоғамдық тасымалдау үшiн темiр жол, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электр көлiгi, метрополитеннiң жылжымалы құрамы) метрополитен;
83) темiр жол, автомобиль, су және әуе көлiгiнде жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қызметiн көрсететiн объектiлер;
84) өнiмдер мен тауарларды сақтау қоймалары;
85) әуе, жер үстiндегi химиялық жұмыстарды жүргiзу жөнiндегi объектiлер;
86) сорғы станциялары;
87) полигондар, оның iшiнде уытты өнеркәсiптiк қалдықтар, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары;
88) кәрiздiк тазарту құрылыстары, сорғы станциялары, желiлерi (оның iшiнде жауын-шашын кәрiзi);
89) авто дәнекерлеу цехтары, май құю станциялары, отын шикiзатын сақтау және сату жөнiндегi объектiлер, техникалық қызмет көрсету станциялары, автомобиль жуатын орындар, су құятын машиналар;
90) металлолом қабылдау және сату пунктерi, үй жануарларының терiлерiн қабылдау және өңдеу пункттерi;
91) газ құю станциялары, оттегi баллондарын толтыру жөнiндегi шеберханалар;
92) тұрмыстық және ұйымдастыру техникаларын сатуды және жөндеудi жүзеге асыратын объектiлер;
93) құрылыс - монтаж объектiлерi;
94) радиотехникалық объектiлер;
95) ауыл шаруашылығы аэродромдары;
96) улау алаңдары;
97) физикалық, химиялық, радиологиялық, токсикологиялық зерттеулер жүргiзетiн зертханалар;
98) жеңiл өнеркәсiп объектiлерi, оның iшiнде тiгiн және тоқыма шеберханасы, аяқ киiм жөндеу шеберханалары;
99) фото шеберхана;
100) ағаш өңдеу өнеркәсiбi объектiлерi;
101) полиграфия өнеркәсiп объектiлерi;
102) ғарыш қызметi объектiлерi;
103) түстi металлургия шығару жөнiндегi объектiлер;
104) қара металлургия шығару жөнiндегi объектiлер;
105) химиялық өнеркәсiп объектiлерi;
106) машина жасау және металл өңдеу объектiлерi;
107) мал шаруашылығы және шаруашылық қожалығы;
108) көмiр өнеркәсiбi объектiлерi;
109) электр энергетикасы өнеркәсiбi объектiлерi;
110) мұнай өндiру және өңдеу объектiлерi;
111) газ өндiру және өңдеу объектiлерi;
112) құрылыс материалдарын шығару жөнiндегi объектiлер;
113) шыны және фарфор өнеркәсiбi объектiлерi.

Санитариялық паспорт беру,
есепке алу және жүргiзу
ережесiне 2-қосымша
нысан

N _____ санитариялық паспорт
Санитарный паспорт N ____

1. Мекен-жайы, телефон (Адрес, телефон) ____________________
2. Меншiк нысаны (Форма собственности) _____________________
3. Объектiнiң атауы, қолданылу бағыты (Наименование, назначение объекта) _________________________________________________________
4. Кiмге берiлдi (Кому выдан) ______________________________
дара кәсiпкерлердiң лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты немесе
заңды тұлғалардың атауы (должность, фамилия, имя,
отчество индивидуального предпринимателя или наименование
юридического лица)
5. Дара кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың СТН (БСН, ЖСН - бар болған жағдайда) (РНН (БИН, ИИН - при наличии) индивидуального предпринимателя или юридического лица) ___________________________
6. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының бар болуы, нөмiрi, берiлген күнi (Наличие санитарно-эпидемиологического заключения, номер и дата выдачи) _________________________________
7. Санитариялық паспорт мына негiзде берiлдi (Санитарный паспорт выдан на основании)
__________________________________________________________________ қабылдау, тексеру актiлерiн, зертханалық зерттеулер нәтижелерiн
және басқа да құжаттар көрсету арқылы (с указанием актов приемки,
обследований, результатов лабораторных исследований и других документов)
8. Санитариялық паспорт берiлген күн _____ жылғы "_____" ______ (Дата выдачи санитарного паспорта "___" ____ ____ года)
9. Санитариялық паспорт ________ жылдың "___" _________ дейiн жарамды (Санитарный паспорт действителен до "___"________ ____ года)
10. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау органының басшысы Мөр орыны
(Место печати) (Руководитель государственного органа Қолы (Подпись)
санитарно-эпидемиологической службы)__________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты (фамилия, имя, отчество)

Санитариялық паспорт беру,
есепке алу және жүргiзу
ережесiне 3-қосымша
нысан

N _____ санитариялық паспорт
Санитарный паспорт N ______

1. Көлiк құралының түрi, атауы (Вид, наименование транспортного средства) _________________________________________________________
2. Кiмге берiлдi (Выдан кому) _______________________________
дара кәсiпкерлердiң лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты
немесе заңды тұлғалардың атауы
(должность, фамилия, имя, отчество индивидуального
предпринимателя или наименование юридического лица)
3. Мекен-жайы, телефоны (Адрес, телефон) ____________________
4. Меншiк нысаны (Форма собственности) ______________________
5. Көлiк құралының маркасы және мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, қолданылу бағыты, тасымалдау түрi, тасымалданатын шикiзаттың және өнiмнiң атауы (Назначение транспортного средства, вид перевозок, наименование перевозимого сырья и продукции, марки и государственный регистрационный номер) ____________________________________________
6. Дара кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың СТН (БСН, ЖСН - бар болған жағдайда) (РНН (БИН, ИИН - при наличии) индивидуального предпринимателя или юридического лица) ____________________________
7. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының бар болуы, нөмiрi, берiлген күнi (Наличие санитарно-эпидемиологического заключения, номер и дата выдачи) __________________________________
8. Санитариялық паспорт мына негiзде берiлдi (Санитарный паспорт выдан на основании)
___________________________________________________________________
тексеру актiлерiн, зертханалық зерттеулер нәтижелерiн және
басқа да құжаттар көрсету арқылы (с указанием актов проверки,
результатов лабораторных исследований и других документов)
9. Санитариялық паспорт берiлген күн ____ жылғы "_____" _____ (Дата выдачи санитарного паспорта "_____"________ _____ года)
10. Санитариялық паспорт _____ жылдың "___" _____ дейiн жарамды
(Санитарный паспорт действителен до "___" _____ ____ года)
11. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық
қадағалау органының басшысы Мөр орны
(Место печати)(Руководитель государственного органа Қолы (Подпись)
санитарно-эпидемиологической службы) ___________________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты (фамилия, имя, отчество)


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina