ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қазақстан Республикасының аумағында...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлiк құралдарын өлшеудiң халықаралық сертификатын пайдалану ҚАҒИДАСЫ
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығымен бекiтiлген

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлiк құралдарын өлшеудiң халықаралық сертификатын пайдалану қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында жүк көлiк құралдарын өлшеудiң халықаралық сертификатын енгiзу туралы келiсiмдi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 мамырдағы № 436 қаулысына (бұдан әрi - Келiсiм) сәйкес әзiрлендi.
2. Қағида Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлiк құралдарын өлшеудiң халықаралық сертификатын пайдалану тәртiбiн айқындайды.
3. Қағидада пайдаланатын негiзгi ұғымдар:
1) жүргiзушi - көлiк құралын басқарушы тұлға;
2) жүк көлiк құралдарын өлшеудiң халықаралық сертификаты (сертификат) - келiсiмге қатысушы болып табылатын мемлекеттердiң құзыреттi органдары беретiн көлiк құралының салмақтық параметрлерi туралы дәйектi деректердi қамтитын құжат;
3) тасымалдаушы (көлiк операторы) - жүк тасымалына жауап беретiн немесе тасымалдау шартына сәйкес осы тасымал үшiн үшiншi тарапты пайдаланатын тұлға.

2. Сертификатты пайдалану тәртiбi

4. Қазақстан Республикасы аумағында осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлiк құралының жүрiп өту жолында орналасқан Қазақстан Республикасы аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау посттында тасымалдаушының немесе жүргiзушiнiң өтiнiшiне сәйкес сертификат берiледi.
5. Жүк көлiк құралдарын өлшеу стационарлық таразы жабдығымен жүргiзiледi.
Жүк көлiк құралдары өлшенетiн стационарлы көлiктiк бақылау посттарының өлшеу құралдарын тексеру «Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Сертификатты ресiмдеу кезiнде тасымалдаушы немесе жүргiзушi көлiк құралын өлшеуге дейiн сертификаттың 1-3-бағандарын толтырады, көлiктiк бақылау органдарының қызметкерi сертификаттың 4-8-бағандарын толтырады. Көлiк құралын өлшегеннен кейiн, тасымалдаушы немесе жүргiзушi 1-8-бағандарды дұрыс толтырылғанын растайтын сертификаттың 9-бағанын толтырады.
7. Мынадай жағдайларды қоспағанда, сертификаттағы ақпаратты дәйектi ретiнде танылады және көлiк құралдарын қосымша өлшеуге жол берiлмейдi:
1) сертификатта және iлеспе құжаттарда (CMR CARNET TIR) көрсетiлген салмақ және (немесе) габариттiк өлшемдерi сәйкес болмауы;
2) жүктi қоса тиеу, жартылай түсiру немесе басқа көлiк құралына қайта тиеу кезiнде, сондай-ақ жүктi басқа кедендiк тәртiпке беру кезiнде;
3) сертификатта (3-баған) көрсетiлген деректердiң бақылаудағы көлiк құралының нақты деректерiмен сәйкес болмауы;
4) көлiк құралының ерекше салмақ өлшемдерiнiң сертификатта (8-баған) көрсетiлген деректермен сәйкес болмауы.
8. Көлiк құралын бақылаулық өлшеудiң нәтижесi сертификаттың 10-бағанына жазылады.
9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерiнен асып кеткен жағдайда, тасымалдаушы немесе жүргiзушi салық заңнамасында белгiленген ставкалар бойынша iрi габариттi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдары жүрiп өткенi үшiн алым төлейдi.
10. Қазақстан Республикасы аумағында сертификатты пайдалану оны берген мемлекетке, сондай-ақ TIR немесе көлiк құралының жүк бөлiгiне рұқсат етiлмеген кiрудi болдырмайтын өзге де рәсiм бойынша халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралының тiркелуiне байланысты емес.

Қазақстан Республикасының
аумағында жүк көлiк құралдарын
өлшеудiң халықаралық сертификатын
пайдалану қағидасына
қосымша

1 мысалы: жүкқұжат CMR №
2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес
3 2 пар. Қосымшаға қарау
4 МОЗМ ұсынысы бойынша
5 халықаралық келiсiмдерге сәйкес, ұлттық және халықаралық тасымалдар үшiн бекiтiлген максималды рұқсат етiлген габариттер көрсеткiштер, сонымен қатар халықаралық тасымалдауға арналған максималды рұқсат етiлген салмақ
6 суреттiк схема бойынша көлiк құралының код типi, мысалы А2 немесе A S2
7 егер осьтер саны алтыдан көп болса, 2 пар. «Қосымша» параграфта көрсету қажет

Осы сертификатты көрсеткен кезде, ТМД елдерiнiң шекара өтулерiнде автокөлiк құралдары қайта өлшенбейдi.
8Осы графа екi жақтың құзыреттi мекемелерiмен өлшеу станцияларының жұмысына баға беру үшiн, сонымен катар көлiк операторы iс-әрекетi кезiнде қателiк жiберген кезде толтырылады.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina