ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1197 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 қазандағы
№ 1197 қаулысымен
бекітілген
Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі — Заң) сәйкес әзірленген және уәкілетті органдар: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - Салық комитеті), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - Кедендік бақылау комитеті) және мәмілеге қатысушы арасында Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім (бұдан әрі - Келісім) жасасу тәртібін айқындайды.
2. Келісімде мынадай тармақтар көрсетіледі:
1) жалпы ережелер;
2) Келісім тараптары;
3) Келісім нысанасы;
4) ұсынылған құжаттар тізбесі;
5) нарықтық бағаны айқындау әдісі;
6) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі;
7) Келісімнің қолданыс мерзімі;
8) Келісімнің күшіне ену күні;
9) Келісімнің қолданысы кезеңінде қолданылатын бағалар туралы ақпарат беру мерзімі;
10) құпиялылық;
11) Келісімді шарттарын салық төлеушінің орындамауының (бұзудың) салдарлары;
12) Келісімді мерзімінен бұрын бұзудың негіздерді;
13) қосымша шарттар.
2. Трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасу тәртібі
3. Мәмілеге қатысушы Салық комитетіне өзіне мыналарды:
1) шаруашылық субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, құрылтай құжаттарын (жарғы, құрылтай шарты) және 5 %-дан аса акциялары (үлестері) бар акция (үлес) ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмені;
2) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап);
3) жеке сәйкестендіру нөмірін (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап);
4) жеке басын куәландыратын құжат пен салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (жеке тұлға үшін);
5) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
6) тауарларды өткізуге және сатып алуға келісімшарттарды (толықтыруларымен және езгерістерімен);
7) Қазақстан Республикасының құзыретті органымен және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметімен (уәкілетті органдармен) жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған (толықтыруларымен және өзгерістерімен) келісімшарттарды;
8) Қазақстан Республикасының және шет елдердің компанияларындағы инвестициялар (акциялары) туралы ақпаратты;
9) тараптардың өзара байланыстылығы туралы деректерді;
10) мәмілелер жасасу кезінде пайдаланылатын нарықтық бағалар жөніндегі ақпарат көзін;
11) нарықтық бағаны айқындау үшін ұсынылатын әдісті;
12) баға белгілеуге әсер ететін факторларға қатысты ақпаратты, нарықтағы беделін қоса алғанда, маркетингтік саясат (тауарлық, өткізу, бағалық, сондай-ақ тауардың рыноктағы жылжу саясаты), баға белгілеу әдіснамасы енетін бизнес стратегиясын қамтитын Келісім жасасу үшін қажет құжаттардың көшірмелері қоса берілетін Келісім жасасуға өтінішті жазбаша түрде және еркін түрде тапсырады.
Осы тармақтың 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды табыс ету мүмкін болмаған кезде мәмілеге қатысушы оларды табыс етудің мүмкін еместігі туралы жазбаша негіздеме тапсырады.
4. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өзара байланысты компанияларға өткізген (сатып алған) жағдайда Келісім жасасатын мәмілеге қатысушы өзара байланысты компанияларға осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуге (сатып алуға) байланысты құжаттарды да тапсырады.
5. Мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішін уәкілетті органдар мәмілеге қатысушыдан көрсетілген өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде мынадай тәртіппен қарайды:
Салық комитеті мәмілеге қатысушыдан өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мәмілеге қатысушының өтінішін және Келісім жасасуға қажет құжаттардың көшірмелерін Кедендік бақылау комитетіне жібереді;
Кедендік бақылау комитеті мәмілеге қатысушының өтініші және Келісім жасасуға қажетті құжаттар бойынша қорытындыны отыз жұмыс күні ішінде Салық комитетіне береді;
уәкілетті органдар Келісімді жасасу туралы оң шешім қабылдаған жағдайда шешім қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Салық комитеті мәмілеге қатысушының атына қол қойылған күнінен бастап үш жылдан аспайтын мерзім ішінде қолданылатын, уәкілетті органдар қол қойған Келісімді жолдайды;
мәмілеге қатысушы Келісімге қол қойылғаннан кейін Келісімді оған қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Салық комитетіне жібереді.
Келісім жасасудан бас Тарту туралы шешім қабылданған жағдайда Салық комитеті мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Кедендік бақылау комитетінің қорытындысын ескере отырып, Келісім жасасудан бас тартудың себептерімен мәмілеге қатысушыға жазбаша жауап жібереді.
6. Уәкілетті органдар мәмілеге қатысушыға мынадай жағдайларда Келісім жасасудан бас тартады:
1) мәмілеге қатысушы Келісім жасасу үшін қажет және осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін табыс ету мүмкін еместігі туралы жазбаша негіздемені тапсырмаған кезде;
2) Заңның 12-бабында белгіленген дәйектілік ескеріле отырып және мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішінде көзделмеген нарықтық бағаны айқындаудың өзге әдістерін қолдану мүмкіндігі болғанда;
3) Заңның 18-бабында белгіленген дәйектілік ескеріле отырып, нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын және мәмілеге қатысушының Келісім жасасуға өтінішінде көзделмеген өзге ақпарат көздерін қолдану мүмкіндігі болғанда.
7. Қажет болған кезде уәкілетті органдар, жасалынатын Келісімге қатысы бар құжаттарға (ақпаратқа) мынадай субъектілерден:
1) мемлекеттік органдардан;
2) банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, сақтандыру брокерлерінен;
4) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан;
5) аудиторлардан, аудиторлық ұйымдардан;
6) басқа да ұйымдардан сұратады.
8. Уәкілетті органдар мен мәмілеге қатысушының өзара келісімі бойынша Келісім көзделген қолданыс мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін, бұл ретте Келісімнің шарты бұзылған сәтке дейін өз күшін сақтайды.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina