ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектiге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1223 қаулысымен
бекiтiлген
Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектiге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектiге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Ұлттық қауiпсiздiк туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңына және «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрленген және Стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектiге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тәртiбiн айқындайды.
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
1) Стратегиялық объектiлер жөнiндегi комиссия (бұдан әрi – Комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы стратегиялық объектiлер бойынша консультативтiк-кеңесшi орган;
2) уәкiлеттi орган – мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық мемлекеттiк орган;
3) стратегиялық объект иесi – стратегиялық объектiнiң меншiк иесi болып табылатын және осы стратегиялық объектiге ауыртпалық салу не иелiктен шығару бойынша мәмiле жасауға ниеттенген жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға;
4) кепiл ұстаушы – мүддесi кепiлге салынған мүлкiмен қамтамасыз етiлетiн тұлға;
5) оңалтушы басқарушы – Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелер жөнiндегi заңнамасында белгiленген тәртiппен оңалту рәсiмiнiң кезеңiне дәрменсiз борышкердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiнде өкiлеттiк берiлетiн тұлға;
6) конкурстық басқарушы – конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен тағайындалған тұлға.
2. Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектiге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау тәртiбi
3. Стратегиялық объектiлерге ауыртпалық салуға не оларды иелiктен шығаруға рұқсат алу үшiн Стратегиялық объектiнiң меншiк иесi (құқық иеленушi), оңалтушы (конкурстық) басқарушы не кепiл ұстаушы уәкiлеттi органға осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiштi және тiзбесi Заңның 188-бабының 1 және/немесе 2-тармағында көзделген құжаттарды жiбередi.
4. Уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген құжаттар түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оларды Комиссия мүшелерiнiң, салалық мемлекеттiк органдардың және өзге мүдделi мемлекеттiк органдардың қарауына жiбередi.
Комиссия мүшелерi ұсынылған материалдарды он жұмыс күнi iшiнде қарайды және Комиссия отырысы болатын күнге дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынылған құжаттар бойынша уәкiлеттi органға қорытынды жiбередi.
Стратегиялық объектiнi иелiктен шығарудың ерекше шарттарын және сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлеу жөнiндегi ұсынысты салалық мемлекеттiк органдар және өзге мүдделi мемлекеттiк органдар Комиссия отырысы болатын күнге дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органға ұсынады.
5. Комиссия осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген құжаттар түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде өтiнiштер мен өзге де материалдарды қарайды, стратегиялық объектiге ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару мәселесi бойынша хаттамамен ресiмделетiн тиiстi ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлейдi, ол Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберiледi.
Хаттама Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын әзiрлеушi – салалық мемлекеттiк органды анықтау жөнiндегi ұсынымдарды қамтуы тиiс.
6. Қазақстан Республикасының Үкiметi Комиссия ұсыныстарының негiзiнде ұсыныстарды алған сәттен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде белгiленген тәртiппен стратегиялық объектiлерге ауыртпалық салуға не оларды иелiктен шығаруға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
7. Стратегиялық объектiлерге ауыртпалық салуға не оларды иелiктен шығаруға берiлген өтiнiштердi қарау және олар бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiм қабылдауы құжаттар мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен күннен бастап алпыс жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде жүзеге асырылуға тиiс. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 3-тармағында айқындалған құжаттардың толық пакетiн алған күн құжаттардың келiп түскен күнi болып есептеледi.
8. Стратегиялық объектiлерге ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды және ол қаулы түрiнде ресiмделедi.
9. Егер Қазақстан Республикасының Үкiметi стратегиялық объектiнi иелiктен шығарудан бас тартқан және стратегиялық объектiнi сатып алудың басым құқығын пайдалануға ынта бiлдiрген жағдайда, сатып алу Заңның 192-бабында көрсетiлген тәртiппен жүргiзiледi.
10. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiм қабылдағаны туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
Стратегиялық объектiлер меншiк
иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң)
оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың
стратегиялық объектiге ауыртпалық салу
не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн
қарау қағидаларына
қосымша
Стратегиялық объектiлерге үшiншi тұлғалардың
құқықтарымен ауыртпалық салуға және иелiктен шығаруға
рұқсат беруге өтiнiш
_______________________________________________________________
(Стратегиялық объектiнiң меншiк иесiнiң атауы, орналасқан жерi)
Мәмiле жасаcу жоспарланып отырған тұлға туралы деректер (акцияларды қаржы нарығында сатуды, кепiлге алынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруды қоспағанда): _____________
_____________________________________________________________________
(тұлғаның атауы, орналасқан жерi)
_____________________________________________________________________
(азаматтығы туралы, ал ол болмаған кезде тұрақты орналасқан жерi,
тұратын мекенжайы (жеке тұлғалар үшiн) туралы мәлiмет)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлға ретiнде тiркелген жерi және нақты орналасқан жерi (заңды
тұлғалар үшiн) туралы мәлiмет)
_____________________________________________________________________
(стратегиялық объектiлер түрлерiн көрсете отырып, мүдделi тұлға
меншiгiнде стратегиялық объектiлердiң болуы туралы мәлiмет)
_____________________________________________________________________
(тұлғада стратегиялық объектiлерге (стратегиялық объектiлердi және
сатып алушының соңғы - бенефициарларын көрсете отырып) меншiк
құқығының (өзге де заттық құқықтарының) болуы туралы мәлiмет)
Иелiктен шығару (үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу) жөнiндегi жасалатын мәмiленiң негiздемесi: ____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қосымша
_____________________________________________________________________
(«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңның 188-бабының 1 және/немесе
2-тармағында көрсетiлген құжаттар).


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina