Акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекiтiлген
Акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 6) тармақшасына, 184-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрленген және акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын (бұдан әрi – даму стратегиясы) әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау тәртiбiн айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 1) компания – акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар; 2) даму стратегиясы – ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерiн айқындайтын және негiздейтiн құжат; 3) атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында белгiленетiн атқарушы органның функциясын дара басшылықпен жүзеге асыратын тұлға; 4) жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган; 5) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк өкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме; 6) электрондық есеп – «Есептiлiк берудiң бiрыңғай жүйесi» деген бағдарламалық қамтамасыз етудi (бұдан әрi – бағдарламалық қамтамасыз ету) пайдалана отырып және ұлттық куәландырушы орталық берген компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне (бұдан әрi – Тiзiлiм) қосу үшiн дайындалған қосымшаларымен даму стратегиясының және/немесе оның iске асырылуын бағалау мәтiнiн қамтитын есеп. 2. Компанияның даму стратегиясын әзiрлеу және бекiту тәртiбi 3. Компанияның даму стратегиясы Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негiзiнде он жылдық кезеңге бiр рет әзiрленедi. 4. Компанияның даму стратегиясы оның бес жылға арналған даму жоспарын әзiрлеуге негiз болады және оның стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын және қызметi нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды әрi акциялары (қатысу үлестерi) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi айқындауға құқық беретiн заңды тұлғалардың даму стратегияларын (қызметiнiң стратегиялық бағыттарын) ескере отырып, әзiрленедi. 5. Компанияның даму стратегиясының жобасы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi, тиiстi саланың уәкiлеттi органдармен немесе жергiлiктi атқарушы органмен (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында (аумақтарды дамыту бағдарламаларында), мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында жазылған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкестiгiне және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органмен әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджеттiк параметрлерге сәйкестiгiне келiсiледi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 6. Даму стратегиясы мынадай бөлiмдерден тұратын құжатты бiлдiредi: 1) компанияның ағымдағы жағдайын талдау, ол мынадай кiшi бөлiмдердi қамтиды: сыртқы ортаны талдау, ол ағымдағы ахуалды және компания жұмыс iстейтiн және компанияның мақсаттарына қол жеткiзуге әсер етуi мүмкiн құқықтық, саяси, шаруашылық, демографиялық, технологиялық және басқа да жиынтықтағы сыртқы ортаның жаһандық факторларының әсерiн талдауды қамтиды; iшкi ортаны талдау, ол компания қызметiндегi қуатты және әлсiз жақтарды талдауды қамтиды. Сондай-ақ компанияның ағымдағы жағдайын талдау қазiргi және әлеуеттi қатерлер мен тәуекелдердi талдауды және компанияның мақсатына қол жеткiзу үшiн мүмкiндiктердi айқындауды қамтиды; 2) миссиясы мен пайымдауы, бұл ретте миссия мемлекеттiң компания алдына қойған мiндеттерге сәйкес болуы және мемлекет қойған мiндеттердiң, ол орындайтын функциялардың, қызмет бағыттарының және саланы (экономиканың секторын), өңiрдi дамыту тұрғысынан компанияның негiзгi мақсатын қамтуы тиiс. Пайымдау болжамды кезеңнiң соңында компания орындайтын функциялар тұрғысынан оның ұстанымдарын айқындайды; 3) қызметтiң стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметiнiң түйiндi көрсеткiштерi мен олар бойынша күтiлетiн нәтижелер. Даму стратегиясы шеңберiнде компания қызметiнiң стратегиялық бағыттары, мақсаттары, мiндеттерi, қызметiнiң түйiндi көрсеткiштерi және олар бойынша күтiлетiн нәтижелер көрсетiлуi тиiс. Қызметтiң стратегиялық бағыттары миссияға сүйене отырып, айқындалады және Компания тиiстi әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешуге барынша әсер ететiн қызмет салаларын бiлдiредi. Әрбiр стратегиялық бағыт үшiн мақсаттар - жиынтығында компанияның жалпы мақсаттарына қол жеткiзуге алып келетiн қызметтiң нақты, өлшенетiн бағдарлар әзiрленуi тиiс. Әрбiр мақсатты iске асыру шеңберiнде шешiлуi тиiс мақсатқа қол жеткiзу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жағдай болуы тиiс мiндеттердi айқындау қажет. Сондай-ақ қызметiнiң түйiндi көрсеткiштерi бойынша мақсатқа қол жеткiзу бағаланатын олардың тiзбесiн әзiрлеу керек. Бұл ретте аталған көрсеткiштердiң саны әрбiр мақсат бойынша 3-тен аспауы тиiс. Әрбiр стратегиялық бағыт үшiн даму стратегиясының мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткiзу жөнiндегi межелi нәтижелерге сипаттама берiлуi тиiс. 7. Компанияның даму стратегиясы оған қажеттi негiздемелердi және компания қызметiнiң түйiндi көрсеткiштерiне мақсатты мәндерi бойынша есептеулерi бар қосымшаларды қамтиды. Даму стратегиясына қосымшалар негiзгi құжатқа қажеттi негiздемелердi және түсiндiрмелердi, схемаларды (стратегиялық карталарды), кестелердi, осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген компания түйiндi қызмет көрсеткiштерiне мақсатты мәндер бойынша есептеулердi қамтиды. 8. Компанияның атқарушы органы даму стратегиясының жобасын жоспарланып отырған он жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi маусымынан кешiктiрмей әзiрлеудi жүзеге асырады және оны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамын қоспағанда, мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласын (аясын) басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға (бұдан әрi – тиiстi саланың уәкiлеттi органы) немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қарауға және келiсуге жiбередi. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму стратегиясының жобасын ол келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қарайды. Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган он күнтiзбелiк күн iшiнде даму стратегиясының жобасын пысықтайды және оны тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан келiсуге ұсынады. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) пысықталған даму стратегиясының жобасын он жұмыс күн iшiнде қарайды. 9. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) даму стратегиясы келiсiлгеннен кейiн үш жұмыс күннен кешiктiрмей оны белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келiсуге енгiзудi қамтамасыз етедi. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы жоспарланып отырған он жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi шiлдесiнен кешiктiрмей даму стратегиясының жобасын белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келiсуге енгiзудi қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар даму стратегиясының жобасын ол түскен күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде қарайды. Ескертулер болған жағдайда, тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы он күнтiзбелiк күн iшiнде даму стратегиясының жобасын пысықтайды және оны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар қайтадан келiсуге ұсынады. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар пысықталған даму стратегиясының жобасын он жұмыс күнi iшiнде қарайды. 10. Компанияның атқарушы органы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдармен даму стратегиясы келiсiлгеннен кейiн оны он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей компанияның директорлар кеңесiнiң қарауына енгiзедi. Компанияның директорлар кеңесi даму стратегиясының жобасын он бес жұмыс күнi iшiнде қарайды және оны мақұлдау туралы не атқарушы органға пысықтау үшiн қайтару туралы шешiмдi қабылдайды. Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган компанияның директорлар кеңесi айқындаған, бiрақ ескертулер алған сәттен бастап он күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде даму стратегиясының жобасын пысықтайды және оны компанияның директорлар кеңесiнiң қарауына қайтадан ұсынады. Компанияның директорлар кеңесi пысықталған даму стратегиясының жобасын қайтадан енгiзген күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды. Қайтадан қарау қорытындысы бойынша даму стратегиясының жобасын мақұлдау мерзiмi осы тармақпен белгiленген мерзiмнен он күнтiзбелiк күннен аспайтындай кезеңде компанияның директорлар кеңесi шешiмiнiң негiзiнде ұзартылуы мүмкiн. 11. Атқарушы орган «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының директорлар кеңесi даму стратегиясының жобасын мақұлдағаннан кейiн оны ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөнiндегi кеңестiң қарауына мақұлдау үшiн енгiзедi. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы жоспарланып отырған он жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың жиырмасыншы қарашасынан кешiктiрмей ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөнiндегi кеңес мақұлдаған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының даму стратегиясының жобасын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға енгiзудi қамтамасыз етедi. 12. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамын қоспағанда, компанияның директорлар кеңесi мақұлдаған компанияның даму стратегиясын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын жоспарланып отырған он жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi қарашасына дейiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган директорлар кеңесi және ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөнiндегi кеңес мақұлдаған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының даму стратегиясын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын жоспарланып отырған он жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi желтоқсанынан кешiктiрмей белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi қамтамасыз етедi. 13. Компанияның атқарушы органы даму стратегиясын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы қабылданған күннен бастап, бес жұмыс күнi iшiнде даму стратегиясын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының сканерленген көшiрмесiн электрондық есепке тiркеп, Тiзiлiмге қосу үшiн мемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай операторға (бұдан әрi - бiрыңғай оператор) электрондық есептi жiбередi. 14. Электрондық есептi бiрыңғай оператордың Тiзiлiмге қосуы оның келiп түскен мерзiмiнен бастап компанияның электрондық мекенжайына электрондық есептi Тiзiлiмге қосуы туралы хабарландыру жiберу жолымен бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады. Бiрыңғай оператордың электрондық есепке техникалық ескертулерi болған жағдайда, компания ескертулердi жояды және ескертулердi алған сәттен бастап компанияның директорлар кеңесiнiң қарауына қайтадан енгiзбей бес жұмыс күнi iшiнде бiрыңғай операторға оны қайта енгiзедi. 15. Даму стратегиясына жылына бiр реттен аспайтын мынадай жағдайларда: 1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң елдегi жағдай мен iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауымен, мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстермен, сондай-ақ компания қызметiне маңызды әсерi бар iшкi және сыртқы ортаның өзгеруiмен; 2) компания қызметiнiң стратегиялық бағыттарының өзгеруiмен; 3) компанияның қайта ұйымдастырылуына байланысты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат етiледi. 16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетiлген жағдайларда компанияның даму стратегиясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: 1) компанияның директорлар кеңесiнiң даму стратегиясына өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгi туралы шешiмiнен кейiн бiр айдан кешiктiрмей, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамын қоспағанда, атқарушы орган түзетiлген даму стратегиясының жобасын әзiрлеудi және оны атқарушы орган тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қарауға енгiзудi қамтамасыз етедi; 2) компанияның директорлар кеңесiнiң даму стратегиясына өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгi туралы шешiмiнен кейiн екi айдан кешiктiрмей, атқарушы орган түзетiлген даму стратегиясының жобасын компанияның директорлар кеңесiнiң қарауына енгiзедi; 3) тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы түзетiлген даму стратегиясының жобасын белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келiсуге енгiзудi қамтамасыз етедi; 4) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдармен келiсiлгеннен кейiн он бес жұмыс күннен кешiктiрмей тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамын қоспағанда, компанияның директорлар кеңесi мақұлдаған компанияның даму стратегиясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөнiндегi кеңес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы түзетiлген даму стратегиясының жобасын мақұлдаған күннен бастап даму стратегиясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын он бес жұмыс күнi iшiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi қамтамасыз етедi. Түзетiлген даму стратегиясының жобасын тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы органның (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның), мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың және компанияның директорлар кеңесiнiң қарау және келiсу тәртiбi осы Қағидалардың 8-10-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. 17. Компанияның атқарушы органы даму стратегиясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң қаулысы қабылданған күннен бастап, бес жұмыс күнi iшiнде даму стратегиясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының сканерленген көшiрмесiн электрондық есепке тiркеп, Тiзiлiмге қосу үшiн бiрыңғай операторға электрондық есептi жiбередi. 18. Электрондық есептi бiрыңғай оператордың Тiзiлiмге енгiзуi осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Компанияның даму стратегиясының iске асырылу мониторингi, бағалау және бақылау 19. Даму стартегиясының iске асырылу мониторингiн Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының (аумақтарды дамыту бағдарламаларының), мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының және компанияның даму стратегиясының көрсеткiштерiнiң орындалуы туралы ақпаратты талдау және қорыту мақсатында тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) жүзеге асырады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының даму стартегиясының iске асырылу мониторингiн оның директорлар кеңесi жүзеге асырады. 20. Мониторинг мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар бекiткен, даму стратегиясының iске асырылу мониторингiн жүргiзу үшiн есептi ақпаратты ұсыну форматын қамтитын Мемлекеттiк мүлiктi басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi және бағалау жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады. 21. Даму стратегиясының iске асырылуын бағалауды стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың (аумақтарды дамыту бағдарламалардың), мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының iске асырылуының, оның iшiнде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда (аумақтарды дамыту бағдарламаларда), мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында тiкелей немесе жанама аталған компанияның даму стратегиясында көрсетiлген компания қызметiнiң түйiндi көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi бойынша нәтижелiлiгi мен тиiмдiлiгiне қол жеткiзу дәрежесiн айқындау мақсатында мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 22. Даму стратегиясының iске асырылуын бағалау аудиттелген қаржылық есептiлiк бекiтiлгеннен кейiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар бекiткен Мемлекеттiк мүлiктi басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi және бағалау жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес жүргiзiледi. 23. Даму стратегиясының iске асырылуын бағалау нәтижелерiн атқарушы орган даму стратегиясының iске асырылуын бағалау нәтижелерiн алғаннан кейiн бес күн iшiнде бiрыңғай операторға электрондық есеп түрiнде ұсынады және осы Қағидалардың 14-тармағында белгiленген тәртiппен Тiзiлiмге енгiзiледi. 24. Даму стратегиясының iске асырылуын бақылауды стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың (аумақтарды дамыту бағдарламаларының), мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының, компанияның даму стратегиясының, оның iшiнде бұзушылықтарды анықтау, жою мен болдырмау мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жолымен орындалуының толықтығы мен өз уақытылығын талдау мақсатында тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) жүзеге асырады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының даму стартегиясының iске асырылуын бақылауды оның директорлар кеңесi жүзеге асырады. 25. Даму стратегиясының iске асырылуын бақылау мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен Мемлекеттiк мүлiктiң орынды пайдалануын бақылау жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес жүргiзiлген мониторинг және немесе бағалау нәтижелерiн ескерiле отырып, жүзеге асырылады. 26. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бес жыл өткен соң есептi кезеңнен кейiнгi бiрiншi шiлдеден кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының Үкiметiне компаниялардың даму стратегияларының iске асырылуы туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекiтiлген Акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қағидалар «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 6) тармақшасына, 184-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрленген және акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын (бұдан әрi – даму жоспары) әзiрлеу, бекiту, сондай-ақ оларды iске асырудың мониторингi мен оны бағалау тәртiбiн айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 1) компания – акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар; 2) даму жоспары – акцияларының бақылау пакетi (жарғылық капиталындағы қатысу үлесi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорын, акционерлiк қоғам және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, оның iшiнде ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметiнiң бесжылдық кезеңге арналған негiзгi бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметiнiң көрсеткiштерiн айқындайтын құжат; 3) атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында белгiленетiн атқарушы органның функциясын дара басшылықпен жүзеге асыратын тұлға; 4) жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган; 5) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк өкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме; 6) электрондық есеп – «Есептiлiк берудiң бiрыңғай жүйесi» деген бағдарламалық қамтамасыз етудi (бұдан әрi – бағдарламалық қамтамасыз ету) пайдалана отырып және ұлттық куәландырушы орталық берген компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне (бұдан әрi – Тiзiлiм) қосу үшiн дайындалған қосымшаларымен даму жоспарының, сондай-ақ даму жоспарының қоса берiлген нысандары мен тiзбесi және/немесе оны iске асырылуын бағалау мәтiнiн қамтитын есеп. 2. Компанияның даму жоспарын әзiрлеу және бекiту тәртiбi 3. Компанияның даму жоспарының жобасы оның даму стратегиясын iске асыру мақсатында бесжылдық кезеңге бiр рет әзiрленедi және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi, тиiстi саланың уәкiлеттi органдармен немесе жергiлiктi атқарушы органмен (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында (аумақтарды дамыту бағдарламаларында), мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында жазылған мақсаттар мен мiндеттерге сәйкестiгiне және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органмен әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджеттiк параметрлерге сәйкестiгiне келiсiледi және директорлар кеңесi бекiтедi. 4. Компанияның даму жоспары акциялары (қатысу үлестерi) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi айқындауға құқық беретiн заңды тұлғалардың даму жоспарларын ескере отырып, әзiрленедi және мақсаттарын, мiндеттерiн, нәтижелер көрсеткiштерiн және инвестицияларды, кiрiстердi, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтердi (бюджетке аударылуға тиiстi таза кiрiстiң бiр бөлiгi), қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерi мен басқа да мәлiметтердi қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметiнiң негiзгi шоғырландырылған және шоғырландырылмаған көрсеткiштерiн және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекетiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, айқындаған даму жоспары бөлiмдерiнiң құрылымына, көрсеткiштердiң нысандарына, тiзбесiне және олардың құрамын қоса алғанда, нысандарды толтыру жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес көзделетiн басқа да мәлiметтердi қамтиды. Компанияның даму жоспарында пайдаланылатын қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерiнiң толық тiзбесi мен нысаналы мәндерiн, соның iшiнде акциялары (қатысу үлестерi) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi айқындауға құқық беретiн заңды тұлғалар борышының деңгейiн компания айқындайды. Даму жоспарын әзiрлеу жөнiндегi әдiснамалық қамтамасыз етудi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекетiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып жүзеге асырады. 5. Тиiстi жоспарланатын кезеңге арналған даму жоспарының жобасын әзiрлеудi мемлекеттiк мүлiктi есепке алу саласындағы бiрыңғай оператор (бұдан әрi - бiрыңғай оператор) әзiрлеген бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдаланып, атқарушы орган жүзеге асырады. Бұл ретте жоспарланатын бiрiншi жылдың қаржы-шаруашылық қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi мәнiн аша отырып (өрiстетiлген түрде), жоспарланатын кейiнгi жылдары бiрiктiрiлген (жиынтық) түрде жылдар бойынша бөле отырып көрсетiледi. 6. Компанияның атқарушы органы жоспарланып отырған бес жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың жиырмасыншы қыркүйегiнен кешiктiрмей, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамын қоспағанда, мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласын (аясын) басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға (бұдан әрi – тиiстi саланың уәкiлеттi органы) немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) даму жоспарының жобасын қарауға және келiсуге жiбередi. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының жобасын ол келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қарайды. Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган он күнтiзбелiк күн iшiнде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны тиiстi саладағы уәкiлеттi органға немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан келiсуге ұсынады. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) пысықталған даму жоспарының жобасын он күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды. 7. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы даму жоспары келiсiлгеннен кейiн үш жұмыс күннен кешiктiрмей оны белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келiсуге енгiзудi қамтамасыз етедi. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы жоспарланып отырған бес жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi қазанынан кешiктiрмей даму жоспарының жобасын белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келiсуге енгiзудi қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар даму жоспарының жобасын ол түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қарайды. Ескертулер болған жағдайда, тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы он күнтiзбелiк күн iшiнде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар қайтадан келiсуге ұсынады. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар пысықталған даму жоспарының жобасын он жұмыс күнi iшiнде қарайды. 8. Компанияның атқарушы органы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдармен даму жоспары келiсiлгеннен кейiн оны жоспарланып отырған бес жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi желтоқсанынан кешiктiрмей компанияның директорлар кеңесiнiң қарауына енгiзедi. Компанияның директорлар кеңесi даму жоспарының жобасын он бес жұмыс күнi iшiнде қарайды және оны бекiту туралы не атқарушы органға пысықтау үшiн қайтару туралы шешiмдi қабылдайды. Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган компанияның директорлар кеңесi айқындаған, бiрақ ескертулер алған сәттен бастап он күнтiзбелiк күннен аспайтындай мерзiмде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны компанияның директорлар кеңесiнiң қарауына қайтадан ұсынады; Компанияның директорлар кеңесi пысықталған даму жоспарының жобасын қайтадан енгiзу күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды. 9. Даму жоспарының жобасын компанияның директорлар кеңесi жоспарланып отырған бес жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың отызыншы желтоқсанына дейiн бекiтедi. 10. Компанияның атқарушы органы даму жоспарын бекiту мәселесi жөнiнде компанияның директорлар кеңесi отырысының хаттамасынан үзiндi көшiрме алған күннен бастап, бес жұмыс күнi iшiнде оны бекiту туралы директорлар кеңесi шешiмiнiң сканерленген көшiрмесiн электрондық есепке тiркеп, Тiзiлiмге қосу үшiн бiрыңғай операторға электрондық есептi жiбередi. 11. Электрондық есептi бiрыңғай оператордың Тiзiлiмге қосуы оның келiп түскен мерзiмiнен бастап компанияның электрондық мекенжайына электрондық есептi Тiзiлiмге қосуы туралы хабарландыру жiберу жолымен бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады. Бiрыңғай оператордың электрондық есепке техникалық ескертулерi болған жағдайда, компания ескертулердi жояды және ескертулердi алған сәттен бастап компанияның директорлар кеңесiнiң қарауына қайтадан енгiзбей бес жұмыс күнi iшiнде бiрыңғай операторға оны қайта енгiзедi. 12. Даму жоспарына жылына екi реттен аспайтындай мынадай тәртiппен: 1) бiрiншi жыл бiрiншi түзету: бiрiншi жыл толық түрде, одан кейiнгi жылдары бiрiктiрiлген (жиынтық) түрде жылдарға бөлiнiп, енгiзiлген түзетулер бойынша негiздемелердi көрсетумен; 2) бiрiншi жыл екiншi түзету: бiрiншi жылды бағалау, екiншi жыл толық түрде, одан кейiнгi жылдар бiрiктiрiлген (жиынтық) түрде жылдарға бөлiнiп, енгiзiлген түзетулер бойынша негiздемелердi көрсетумен; 3) екiншi жыл бiрiншi түзету: екiншi жыл толық түрде, одан кейiнгi жылдар бiрiктiрiлген (жиынтық) түрде жылдарға бөлiнiп, енгiзiлген түзетулер бойынша негiздемелердi көрсетумен; 4) екiншi жыл екiншi түзету: екiншi жылды бағалау, үшiншi жыл толық түрде, одан кейiнгi жылдар бiрiктiрiлген (жиынтық) түрде жылдарға бөлiнiп, енгiзiлген түзетулер бойынша негiздемелердi көрсетумен; 5) үшiншi жыл бiрiншi түзету: үшiншi жыл толық түрде, одан кейiнгi жылдар бiрiктiрiлген (жиынтық) түрде жылдарға бөлiнiп, енгiзiлген түзетулер бойынша негiздемелердi көрсетумен; 6) үшiншi жыл екiншi түзету: үшiншi жылды бағалау, төртiншi жыл толық түрде, одан кейiнгi жылдар бiрiктiрiлген (жиынтық) түрде жылдарға бөлiнiп, енгiзiлген түзетулер бойынша негiздемелердi көрсетумен; 7) төртiншi жыл бiрiншi түзету: төртiншi жыл толық түрде, одан кейiнгi жылдар бiрiктiрiлген (жиынтық) түрде жылдарға бөлiнiп, енгiзiлген түзетулер бойынша негiздемелердi көрсетумен; 8) төртiншi жыл екiншi түзету: төртiншi жылды бағалау, бесiншi жыл толық түрде, одан кейiнгi жылдар бiрiктiрiлген (жиынтық) түрде жылдарға бөлiнiп, енгiзiлген түзетулер бойынша негiздемелердi көрсетумен; 9) бесiншi жыл: бесiншi жыл толық түрде, енгiзiлген түзетулер бойынша негiздемелердi көрсетумен өзгерiстер мен толықтырулар әзiрлеуге, енгiзуге рұқсат етiледi. 13. Даму жоспарына мынадай жағдайларда да: 1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң елдегi жағдай мен iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауымен, мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстермен, сондай-ақ компания қызметiне маңызды әсерi бар iшкi және сыртқы ортаның өзгеруiмен; 2) компания қызметiнiң стратегиялық бағыттарының өзгеруiмен; 3) компанияның қайта ұйымдастырылуына байланысты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат етiледi. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тиiстi негiздемелер болмаған жағдайларда даму жоспарының басқа көрсеткiштерiн өзгертуге жол берiлмейдi. 14. Компанияның даму жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу ағымдағы жылдың жиырма бесiншi желтоқсанынан кешiктiрмей мынадай тәртiппен жүзеге асырылады және компанияның директорлар кеңесi бекiтедi: 1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамын қоспағанда, атқарушы орган түзетiлген даму жоспарының жобасын әзiрлеудi және оны тиiстi негiздемелерiмен атқарушы орган тиiстi саладағы уәкiлеттi органға немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қарауға енгiзудi қамтамасыз етедi; 2) тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы түзетiлген даму жоспарының жобасын тиiстi негiздемелерiмен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келiсуге енгiзудi қамтамасыз етедi; 3) түзетiлген даму жоспарының жобасын тиiстi негiздемелерiмен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және бюджеттiк жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келiсуге енгiзгеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей атқарушы орган оны тиiстi негiздемелерiмен компанияның директорлар кеңесiнiң қарауына енгiзедi; 4) түзетiлген даму жоспарының жобасы компанияның директорлар кеңесiнiң қарауына енгiзiлгеннен кейiн бiр айдан кешiктiрiмей компанияның директорлар кеңесi бекiтедi. Түзетiлген даму жоспарының жобасын тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы органның (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның), мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың және компанияның директорлар кеңесiнiң қарау және келiсу тәртiбi осы Қағидалардың 6-7-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. 15. Компанияның атқарушы органы түзетiлген даму жоспары компанияның директорлар кеңесiмен бекiтiлген күннен бастап, бес жұмыс күнi iшiнде даму жоспарына түзетулер енгiзу туралы директорлар кеңесi шешiмiнiң сканерленген көшiрмесiн электрондық есепке тiркеп, Тiзiлiмге қосу үшiн бiрыңғай операторға электрондық есептi жiбередi. 16. Электрондық есептi бiрыңғай оператордың Тiзiлiмге енгiзуi осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Компанияның даму жоспарының iске асырылу мониторингi, бағалау және бақылау 17. Даму жоспарының iске асырылу мониторингiн Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының (аумақтарды дамыту бағдарламаларының), мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының, компанияның даму стратегиясының көрсеткiштерiнiң, сондай-ақ қаржылық-шарауашылық қызметтiң көрсеткiштерiнiң орындалуы туралы ақпаратты талдау және қорыту мақсатында тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) жүзеге асырады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының даму жоспарының iске асырылу мониторингiн оның директорлар кеңесi жүзеге асырады. 18. Мониторинг мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi және мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар бекiткен, даму жоспарының iске асырылу мониторингiн жүргiзу үшiн есептi ақпаратты ұсыну форматын қамтитын Мемлекеттiк мүлiктi басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi және бағалау жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес жүргiзiледi. 19. Даму жоспарының iске асырылуын бағалауды аудиттелген қаржылық есептiлiк бекiтiлгеннен кейiн, компанияның директорлар кеңесi осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетiлген даму жоспарының бағалау көрсеткiштерiнiң тiзбесiне сәйкес компанияның директорлар кеңесi жүзеге асырады. 20. Даму жоспарының iске асырылуын бағалау көрсеткiштерiнiң тiзбесi мыналарды: 1) елдiң бағдарламалық және стратегиялық құжаттарының (аумақтарды дамыту бағдарламаларының), мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының, сондай-ақ компанияның даму стратегиясының орындалуына сәйкестiгiне компанияның даму жоспарының орындалуын; 2) компания қызметiнiң өндiрiстiк көрсеткiштерiнiң орындалуын; 3) компания қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiнiң орындалуын; 4) инвестициялық (инновациялық) жобалардың iске асырылуын; 5) корпоративтiк басқаруды; 6) өзге де мақсаттардың, мiндеттердiң орындалуын бағалауды және компанияның бекiтiлген даму жоспарында көрсетiлген қызметтiң болжамды түйiндi көрсеткiштерiне қол жеткiзудi бағалауды қамтиды. 21. Даму жоспарының iске асырылуын бағалау нәтижелерiн атқарушы орган компанияның директорлар кеңесi отырысының хаттамасынан үзiндi көшiрме алған күннен бастап, бес күн iшiнде бiрыңғай операторға даму жоспарының iске асырылуын бағалау нәтижелерiн бекiту туралы директорлар кеңесi шешiмiнiң сканерленген көшiрмесiн қоса бере отырып электрондық есеп түрде ұсынады және осы Қағидалардың 11-тармағында белгiленген тәртiппен Тiзiлiмге енгiзiледi. 22. Даму жоспарының iске асырылуын бақылауды стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың (аумақтарды дамыту бағдарламаларының), мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлардың, компанияның даму стратегиясы мен даму жоспарының, оның iшiнде бұзушылықтарды анықтау, жою мен болдырмау мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жолымен орындалуының толықтығы мен өз уақытылығын талдау мақсатында тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) жүзеге асырады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының даму жоспарының iске асырылуын бақылауды оның директорлар кеңесi жүзеге асырады. 23. Даму жоспарының iске асырылуын бақылау мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен Мемлекеттiк мүлiктiң орынды пайдалануына бақылау жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес жүргiзiлген мониторинг және немесе бағалау нәтижелерiн ескере отырып, жүзеге асырылады.
|