Мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердiң табыс ету қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1300 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1300 қаулысымен бекiтiлген Мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердiң табыс ету қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердiң табыс ету қағидалары «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзiрленген және мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi (бұдан әрi - мәлiметтер) табыс ету тәртiбiн және мерзiмiн айқындайды. 2. Мәлiметтердi темекi өнiмдерiнiң өндiрiсiн жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрi - декларант) тиiстi салық органына тапсырады. 3. Мәлiметтердi тапсырудың есептi кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады және мәлiметтер есептi айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрiлмей тапсырылады. 4. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн iрi салық төлеушiлер тiзбесiне кiретiн салық төлеушiлер мәлiметтердi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес табыс етедi. 5. Мәлiметтер қағаз немесе электронды тасығыштарда табыс етiледi. Мәлiметтердi толтыру кезiнде: 1) қағаз тасығышта - шариктi қаламсаппен немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспаханалық бас әрiптермен немесе баспа құрылғысы пайдаланыла отырып, толтырылады; 2) электронды тасығышта - электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. 6. Мәлiметтердi толтыру кезiнде түзетуге, өшiруге және тазалауға жол берiлмейдi. 7. Мәлiметтер акциздер сомасын (теңге) көрсете отырып, заттай көрсеткiштерде (мың/дана) толтырылады. 8. Көрсеткiштер болмаған кезде мәлiметтердiң тиiстi торкөздерi толтырылмайды. 9. Мәлiметтердi табыс етпеу салық төлеушiнiң салық есептiлiгiн тапсыру бөлiгiнде салық мiндеттемесiн орындамау болып табылады. 10. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрi - Ұлттық тiзiлiмдер туралы заң) сәйкес мәлiметтердi тапсыру кезiнде: СТН - Ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгiзiлгенге дейiнгi салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi. ЖСН (БСН) - Ұлттық тiзiлiмдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап салық төлеушiнiң жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi мiндеттi түрде толтыруға жатады. 2. Мәлiметтердi жасау 11. Мәлiметтерде темекi өнiмдерiн ендiру, сату және декларанттардың акциздердi төлеуi көрсетiледi. 12. «Декларант туралы жалпы ақпарат» бөлiмiнде осы Қағидалардың 10-тармағы ескерiле отырып, декларант мынадай деректердi көрсетедi: 1) СТН - салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi; 2) ЖСН (БСН) - салық төлеушiнiң жеке сәйкестендiру (бизнес-сәйкестендiру) нөмiрi; 3) заңды тұлғаның атауы немесе дара кәсiпкердiң, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты. Құрылтай құжаттарына сәйкес декларанттың толық атауы немесе дара кәсiпкердiң, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты; 4) Мәлiметтер табыс етiлетiн есептi кезең. Есептi кезең араб сандарымен көрсетiледi. 13. «Есептi кезеңнiң басындағы қалдық» деген 1-бағанда есептi кезеңнiң басында декларантта бар фильтрлi сигареталардың, фильтрсiз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың қалдығы керсетiледi; «Өндiрiс» деген 2-бағанда есептi кезеңде декларант өндiрген фильтрлi сигареталардың, фильтрсiз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетiледi; «Өткiзу» деген 3-бағанда есептi кезеңде декларант өткiзген фильтрлi сигареталардың, фильтрсiз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетiледi; «Экспорт барлығы» деген 4-бағанда жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес есептi кезеңде Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тысқары декларант экспорттайтын (әкететiн) фильтрлi сигареталардың, фильтрсiз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетiледi; «Ресей Федерациясына экспорт» деген 5-бағанда жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес есептi кезеңде Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тысқары Ресей Федерациясына декларант экспорттайтын (әкететiн) фильтрлi сигареталардың, фильтрсiз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетiледi; «Беларусь Республикасына экспорт» деген 6-бағанда жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес есептi кезеңде Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тысқары Беларусь Республикасына декларант экспорттайтын (әкететiн) фильтрлi сигареталардың, фильтрсiз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетiледi; «Үшiншi мемлекеттерге экспорт» деген 7-бағанда жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес есептi кезеңде Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тысқары үшiншi мемлекеттерге декларант экспорттайтын (әкететiн) фильтрлi сигареталардың, фильтрсiз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетiледi; «Импорт барлығы» деген 8-бағанда жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес есептi кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына декларант импорттайтын (әкелетiн) фильтрлi сигареталардың, фильтрсiз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетiледi; «Ресей Федарациясынан импорт» деген 9-бағанда жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес есептi кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына Ресей Федерациясынан декларант импорттайтын (әкелетiн) фильтрлi сигареталардың, фильтрсiз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетiледi; «Беларусь Республикасынан импорт» деген 10-бағанда жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес есептi кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына Беларусь Республикасынан декларант импорттайтын (әкелетiн) фильтрлi сигареталардың, фильтрсiз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетiледi; «Үшiншi мемлекеттерден импорт» деген 11-бағанда жеткiзуге жасалған шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес есептi кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына үшiншi мемлекеттерден декларант импорттайтын (әкелетiн) фильтрлi сигареталардың, фильтрсiз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың саны көрсетiледi; «Есептi айдың соңындағы қалдық» деген 12-бағанда есептi кезеңнiң соңында декларантта бар фильтрлi сигареталардың, фильтрсiз сигареталардың, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, табактың қалдығы көрсетiледi; «Акциздер есептелдi» деген 13-бағанда есептi кезең үшiн акциздердi есептеу көрсетiледi; «Акциздер төлендi» деген 14-бағанда есептi кезең үшiн акциздердi төлеу көрсетiледi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1330 қаулысымен бекiтiлген нысан Мониторингтi жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердiң табыс ету нысаны ЖСН (БСН) _____________ СТН ____________ Салық төлеушiнiң атауы _________________ Есептi кезең ___________________________ (мың дана/мың теңге) Есептi кезеңнiң басындағы қалдық | Өндiрiс | Сату | Экспорт | Импорт | Есептi кезеңнiң соныңдағы қалдық | Акциздер есептелдi | Акциздер төлендi | Жалпы | Ресей Федера циясына | Беларусь Республикасына | Үшiншi елдерге | Жалпы | Ресей Федера циясына | Беларусь Республикасына | Үшiншi елдерге | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | Фильтрлi сигареталар | | | | | | | | | | | | | | | Фильтрсiз сигареталар | | | | | | | | | | | | | | | Папиростар | | | | | | | | | | | | | | | Сигариллалар | | | | | | | | | | | | | | | Табак | | | | | | | | | | | | | | | ____________________________________________/ _________/ Басшысының (салық төлеушiнiң) Т.А.Ә. қолы ____________________________________________________/ ________/ М.О Бас бухгалтердiң (салық төлеушiнiң) Т.А.Ә. қолы _______________________________________________/ _________/ Ш.О. Декларацияны қабылдаған адамның Т.А.Ә. қолы декларацияның берiлген күнi ________________________ күн, ай, жыл сандармен салық органында декларацияның қабылданған күнi ________________________ күн, ай, жыл сандармен
|