ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу,...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1302 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1302 қаулысымен
бекiтiлген
Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi заңдарына сәйкес жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету тәртiбiн айқындайды.
2. Жарылғыш материалдарды сатып алу тәртiбi

2. Жарылғыш материалдарды сатып алу iшкi iстер органдарының рұқсаты негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Жарылғыш материалдарды сатып алуға рұқсат беру үшiн ұйым iшкi iстер органына:
1) сатып алынатын жарылғыш материалдардың атауы мен саны (салмағы, мөлшерi), сатып алуға жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке куәлiгiнiң немесе паспортының сериясы мен нөмiрi көрсетiле отырып, ұйым басшысының қолдаухаты;
2) тиiстi қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;
3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсат (куәлiк);
4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сақтау орнын пайдалануға арналған рұқсат (куәлiк);
5) аумағында қойма үй-жайы орналасқан iшкi iстер органы берген жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсат;
6) сатып алу-сату келiсiмшартының (шарттың) немесе мәмiлеге қатысушылар арасындағы өзге де иелiктен шығару құжатының көшiрмесi;
7) егер делдал импорттаушы ретiнде қатысса, өндiрушi мен импорттаушы және тұтынушы мен импорттаушы арасындағы келiсiмшарттың (келiсiмшарттардың) көшiрмелерi ұсынылады.
4. Жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаларға өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған куәлiкте көрсетiлген деректердiң негiзiнде толтырылады.
Сатып алуға арналған рұқсатты iшкi iстер органдары:
1) заңды тұлға өтiнiш бiлдiрген, оны қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге шыға отырып, тексеру талап етiлмеген кезде күнтiзбелiк он бес күн;
2) заңды тұлға өтiнiш бiлдiрген, оны қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не сол жерге шыға отырып, тексеру талап етiлмеген кезде күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
Егер, осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылмаған жағдайда рұқсат беруден бас тартылады.
5. Сатып алуға арналған рұқсаттың жарамдылық мерзiмi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған куәлiктiң жарамдылық мерзiмiне сәйкес келедi.
6. Басқа ұйымда iшкi iстер органы берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсат болмаған жағдайда, оған жарылғыш материалдарды беруге (сатуға) жол берiлмейдi.
7. Көрсетiлген мерзiм iшiнде пайдаланылмаған рұқсаттың күшi жойылады және оның мерзiмi ұзартуға жатпайды.
Сатып алуға арналған рұқсатты жоғалтқан жағдайда рұқсатты берген iшкi iстер органын дереу жазбаша хабардар еткен және рұқсаттың жоғалғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру берген кезде төлнұсқа берiледi.
3. Жарылғыш материалдарды сақтау және есепке алу тәртiбi

8. Жарылғыш материалдарды сақтау iшкi iстер органының рұқсаты негiзiнде жүзеге асырылады.
9. Ұйым жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру кезiнде қызмет көрсететiн аумағында қойма орналасқан iшкi iстер органына:
1) сақтауға жататын жарылғыш материалдардың атауы мен санын (салмағы, мөлшерi), сақтау үшiн жауапты адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын, жеке куәлiгiнiң немесе паспортының сериясы мен нөмiрiн көрсете отырып, ұйым басшысының қолдаухатын;
2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сақтау орнын пайдалануға арналған рұқсатты (куәлiктi);
3) жарылғыш материалдар қоймасы паспортының көшiрмесiн ұсынады.
10. Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсатты берер алдында iшкi iстер органының қызметкерi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңында белгiленген тәртiппен сақтау орнын (қойманы) тексередi.
Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған қоймаларын, сақтау орындарының техникалық жабдықталуы және объектiлердiң күзетiн ұйымдастырылуын тексеру кезiнде:
1) объектiлердiң техникалық жабдықталу жай-күйi (қоршаулардың, бекет мұнараларының бар-жоғы және берiктiгi, тыйым салынған аймақтың жабдықталуы, шамдардың ақаусыздығы, күзет сигнализациясының, жақын жерде орналасқан күзет бекеттерiмен және iшкi iстер органдарымен байланыс құралдарының ақаусыздығы);
2) жарылғыш материалдарды сақтауға арналған қойма үй-жайларының жарамдылығы, кiреберiс жолдарының жай-күйi;
3) жарылғыш материалдарды сақтауға, пайдалануға және тасымалдауға байланысты жұмыстарға адамдарды жiберудi жүзеге асырудың дұрыстығы;
4) объект күзетiнiң жай-күйi (атыс қаруын пайдалана отырып, күзет қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың бар-жоғы);
5) қойма аумағына өткiзу режимiн жүзеге асыру (материалдық өткiзу қағаздарын ресiмдеу дұрыстығы, өту, жүрiп өту, жарылғыш материалдарды шығару, әкелу және әкету тәртiбi) тексерiледi.
11. Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған орынды (қойманы) тексергеннен кейiн iшкi iстер органының қызметкерi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жарылғыш материалдарды сақтауға арналған қойма үй- жайларының жарамдылығы туралы тексеру актiсiн толтырады.
12. Тексеру актiсiнiң және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сақтау орнын (қойманы) пайдалануға арналған куәлiкте көрсетiлген деректердiң негiзiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес iшкi iстер органдары жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсат:
1) заңды тұлға өтiнiш бiлдiрген, оны қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге шыға отырып, тексеру талап етiлмеген кезде күнтiзбелiк он бес күн;
2) заңды тұлға өтiнiш бiлдiрген, оны қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не сол жерге шыға отырып, тексеру талап етiлген кезде күнтiзбелiк отыз күн iшiнде берiледi.
Қойма осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде рұқсат беруден бас тартылады.
13. Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың жарамдылық мерзiмi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген сақтау орнын пайдалануға арналған куәлiктiң жарамдылық мерзiмiне сәйкес келедi.
14. Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың мерзiмi аяқталған жағдайда ол ұзартуға жатпайды.
Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсатты жоғалтқан жағдайда рұқсатты берген iшкi iстер органын дереу жазбаша хабардар еткен және рұқсаттың жоғалғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру берген кезде төлнұсқа берiледi.
15. Рұқсаттың жарамдылық мерзiмiнiң өтуi, оның атына рұқсат берiлген заңды тұлғаның, жауапты адамның мекенжайының, атауының, сақтау орны мен қойма сыйымдылығының өзгеруi рұқсаттарды қайта ресiмдеу үшiн негiздер болып табылады.
16. Жарылғыш материалдар осы мақсаттар үшiн орнатылған немесе жабдықталған (базистi, шығыс және т.б.) арнайы қоймаларда ғана сақталады.
Жарылғыш материалдардың әрбiр қоймасының аумағы айналасына қоршауды есептегенде енi кемiнде 50 метр болатын тыйым салынған аймақ белгiленедi.
17. Жарылғыш материалдардың жылжымалы қоймасы күзетуге жатады.
Күзет түрi, бекеттердiң құрамы, саны, орналасуы мен жарылғыш заттар қоймаларын күзету тәртiбi iшкi iстер органымен келiсiм бойынша кәсiпорын (ұйым) басшысы мен жеке күзет ұйымы басшысының бiрлескен бұйрығымен белгiленедi. Iшкi iстер органымен келiсiм бойынша ғана күзет бекеттерiнiң санын өзгертуге жол берiледi.
18. Жарылғыш материалдары бар сақтау орындары жұмыстан тыс уақытта құлыппен жабылады, пломбаланады немесе мөрленедi. Кiлттер, пломбалау қысқыштары мен мөрлер қойма меңгерушiсiнде сақталады.
19. Қойманың, басқа сақтау орнының аумағына адамдардың кiруi кәсiпорын (ұйым) басшысының немесе қойма осы ұйымның қарамағында болса, мердiгерлiк ұйым басшысының рұқсатымен берiлетiн тұрақты немесе бiржолғы рұқсат қағаздары бойынша жүргiзiледi.
20. Барлық жарылғыш материалдар қоймалары тәулiк бойы күзетуге жатады. Күзет атыс қаруымен қаруланады.
Жер астындағы қоймалардың күзетi арнайы құралдармен ғана қаруланады.
21. Адамдарға жарылғыш материалдарды сатып алумен, сақтаумен, есепке алумен, тасымалдаумен, пайдаланумен тiкелей байланысты жұмыстарға рұқсат берудi ұйым әкiмшiлiгi оларды iшкi iстер органдары алдын ала жан-жақты және мұқият тексергеннен кейiн ғана жүргiзедi.
22. Адамдарға жарылғыш материалдармен байланысты жұмыстарға рұқсат берудi келiсу үшiн ұйымдар аумақтық iшкi iстер органына мынадай құжаттарды:
1) тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнi мен жерiн, тұрғылықты жерiн көрсете отырып, адамдардың тiзiмiн;
2) көрсетiлген жұмыс түрiне адамның жарамдылығын куәландыратын медициналық анықтамаларды (психиатрдың, наркологтың анықтамасы) ұсынады.
Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр айға дейiнгi мерзiмде көрсетiлген адамдарды iшкi iстер органдарының есептерi және тұрғылықты жерi бойынша тексередi.
23. Адамдарға бұйымдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға, есепке алуға, пайдалануға, тасымалдауға, күзетуге байланысты жұмысқа рұқсат беруге кедергi келтiретiн мән-жайлар болған кезде iшкi iстер органы бұл туралы ұйымның әкiмшiлiгiне 20 күн iшiнде жазбаша нысанда хабарлайды.
24. Жарылғыш заттарды сатып алуға, сақтауға, есепке алуға, пайдалануға, тасымалдауға байланысты жұмысқа рұқсат берiлетiн адамдардың тiзiмi iшкi iстер органының бастығымен немесе оның орынбасарымен келiсiледi.
25. Мына жағдайларда:
1) психикалық сырқатымен, алкоголизммен немесе нашақорлықпен байланысты қарсы көрсетулердiң жоқ екенi туралы медициналық анықтамалар ұсынылмаса;
2) қасақана қылмыс жасағаны үшiн өтемеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар болса;
3) тұрғылықты тұратын мекен-жайы болмаса;
4) он сегiз жасқа толмаса, iшкi iстер органдары ұйымға адамдарды жарылғыш материалдармен жұмыстарға рұқсат беруден бас тартады.
26. Қоймаларда жарылғыш материалдарды есепке алудың дұрыстығын тексерудi ұйым басшысы арнайы тағайындаған адам және өндiрiстiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның өкiлi жүргiзедi.
Тексерiс кезiнде жарылғыш материалдардың жетiспейтiнi немесе артық екенi анықталған жағдайда, шаралар қабылдау үшiн кәсiпорын немесе ұйым басшысы iшкi iстер органына дереу хабарлайды.
4. Жарылғыш материалдарды тасымалдау тәртiбi

27. Жарылғыш материалдарды тасымалдау iшкi iстер органының рұқсаты негiзiнде жүзеге асырылады.
28. Жарылғыш материалдарды тасымалдауға рұқсат алу үшiн ұйымдардың басшылары аумақтық iшкi iстер органдарына мынадай құжаттарды:
1) тасымалданатын жарылғыш материалдардың атауын, санын, көлiк түрiн, оларды тасымалдауға және күзетуге жауапты адамның тегiн, атын, әкесiнiң атын, жеке куәлiгiнiң (паспортының) сериясы мен нөмiрiн көрсете отырып, жазбаша қолдаухат;
2) аумағында қойма үй-жайы орналасқан iшкi iстер органы берген жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың көшiрмесiн ұсынады.
Жарылғыш материалдарды автомобиль көлiгiмен тасымалдаған кезде iшкi iстер органдарының жол полициясымен келiсiлген, көлiк құралын қауiптi жүктi тасымалдауға және қауiптi жүктi тасымалдау бағытына рұқсат беру туралы рұқсаттың көшiрмелерi қосымша ұсынылады.
29. Жарылғыш материалдарды тасымалдауға арналған рұқсатты iшкi iстер органы бiр жұмыс күнi iшiнде алты айға дейiнгi жарамдылық мерзiмiмен бередi.
Ұсынылған материалдар осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес келмеген жағдайда рұқсат беруден бас тартылады.
30. Жарылғыш материалдарды қала, аудан шегiнде, бiр және сол кәсiпорынға тиесiлi қоймадан екiншi қоймаға тасымалдау iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз наряд-жүкқұжаты бойынша, ал жару жұмыстарын жүргiзу орындарына (жарылғыш материалдарды пайдалану немесе сынау) наряд-жүкқұжат немесе наряд-жолдама бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
5. Жарылғыш материалдарды әкелу, әкету тәртiбi

31. Жарылғыш материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және одан әкету Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасына және Кеден одағының заңнамасына сәйкес экспорттық бақылау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн импорт пен экспортқа арналған лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады.
32. Iшкi iстер министрлiгi жарылғыш материалдардың импортына, экспортына лицензия беруге өтiнiштердi экспорттық бақылау саласындағы уәкiлеттi орган мынадай құжаттарды:
1) экспорттық заңнамаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiштi;
2) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушiнi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
3) өтiнiш берушiнi салық органында есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
4) сатып алу-сату келiсiмшартының (шартының) немесе сыртқы сауда мәмiлесiне қатысушылардың арасындағы иелiктен айырудың өзге де құжатын;
5) егер өтiнiш берушi ретiнде делдал қатысса, экспорттаушы мен өндiрушi немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы келiсiмшарттың көшiрмесiн;
6) тиiстi қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесiн;
7) Қазақстан Республикасынан импортталатын өнiмдi тек осы елдiң қажеттiлiгi үшiн ғана пайдаланатыны және оны керi экспорттауға немесе қазақстандық тараптың келiсiмiнсiз үшiншi елге беруге жол бермейтiнi туралы алушы елдiң мiндеттемесiн қамтитын алушы елдiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы берген соңғы пайдаланушы (экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты кезiнде) сертификатының көшiрмесiн;
8) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сатып алуға (импорт үшiн) рұқсаттың (куәлiктiң) көшiрмесiн;
9) аумақтық iшкi iстер органы берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсаттың көшiрмесiн;
10) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сақтау үшiн қойманы (базистiк, шығыс) пайдалануға арналған рұқсаттың көшiрмесiн;
11) аумақтық iшкi iстер органы берген жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың көшiрмесiн;
12) жарылғыш материалдарды автомобиль көлiгiмен тасымалдаған жағдайда, аумақтық жол полициясы органы берген қауiптi жүктердi тасымалдауға көлiк құралына берiлген рұқсаттың, тасымалдауға арналған рұқсаттың және қауiптi жүктердi тасымалдау құқығына арналған лицензияның көшiрмелерiн;
13) жарылғыш материалдарды сақтау үшiн жеке меншiк қойма болмаған жағдайда, өндiрiстiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган және iшкi iстер органдары берген, оларды пайдалануға және сақтауға арналған тиiстi куәлiктерi мен рұқсаттары бар үшiншi тұлғадан сақтауға не қойманы (қоймаларды) жалға алуға арналған келiсiмшарттың (келiсiмшарттардың) көшiрмесiн ұсынған кезде келiседi.
33. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасына сәйкес Iшкi iстер министрлiгi импортқа (экспортқа) лицензия беруге өтiнiштердi келiседi немесе импортқа (экспортқа) лицензия беруге өтiнiштердi келiсуден бас тартады.
Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау,
есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету
қағидаларына
1-қосымша
№ _ рұқсат түбiртегi Қазақстан Республикасы
20__жылғы "__" _________ Iшкi iстер министрлiгi
________________________ _______________________________
(заңды тұлғаның атауы, мекенжайы (iшкi iстер органының атауы,
__________________________ №___ рұқсат
және қызметтiк телефоны) _______________________________
___________________________ (заңды тұлғаның атауы,
(сатып алуға рұқсат етiлген _______________________________________
материалдардың атауы, мекенжайы және қызметтiк телефоны)
___________________________ _______________________________
Келiсiмшарттың №, оның саны) (сатып алуға рұқсат етiлген
__________________________________ материалдардың атауы,
__________________________ _______________________________
__________________________ келiсiмшарттың №, оның саны)
(жауапты адамның тегi, аты-жөнi _______________________________
__________________________ _______________________________
қызметтiк телефоны) _______________________________
сатып алу құқығына_______ (жауапты адамның тегi, аты-жөнi,
__________________ дербес ________________________________
жауапкершiлiгiмен берiлдi. қызметтiк телефоны)
сатып алу құқығына _______дербес
жауапкершiлiгiмен берiлдi.
20__жылғы "__" ________дейiн 20__жылғы "__" ________дейiн
жарамды. жарамды.
Бастық ___________________ Бастық _______________________
(қолы) (қолы)
Ескерту. Материалдар атауларының Ескерту. Материалдар атауларының
саны көп болған жағдайда қосымша саны көп болған жағдайда қосымша
берiледi, ал осы рұқсаттың ажырамас берiледi, ал осы рұқсаттың ажырамас
бөлiгi болып табылады. бөлiгi болып табылады.
Жарылғыш материалдарды сатып алу,
сақтау, есепке алу, тасымалдау,
әкелу және әкету қағидаларына
2-қосымша
Жарылғыш заттары бар қоймаларды тексеру туралы акт

20___ жылғы «__» _______ ______________________
(елдi мекен)
Мен, (бiз),__________________________________________________
(тексерушiнiң (лердiң) лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi)
_________________________________________________ өкiлдерiнiң қатысуымен
______________________________________________________________
(объектiнiң атауы, оның мекенжайы немесе орналасқан жерi)
___________________________ жарылғыш заттар қоймасын тексердiк.
Жауапты адам ___________________________________болып табылады.
(лауазымы, тегi, әкесiнiң аты)
Қойма түрi ____________________________________________________
(базистiк, шығыс, тұрақты, уақытша, қысқа уақытқа)
Объектiлердiң техникалық құрал-жабдықтардың жай-күйi __________
_______________________________________________________________
(қоршаудың бар-жоғы және берiктiлiгi, бекеттiк мұнаралар, тыйым салынған аумақтың
жабдықтары, шамдардың ақаусыз болуы, аумақтың тазалығы,
_______________________________________________________________
күзет сигнализациясының ақаусыз болуы, жақын маңдағы күзет бекеттерiмен және
iшкi iстер органдарымен
_______________________________________________________________
байланыс құралдары)
Қойма үй-жайларының жарамдылығы _______________________________
жарылғыш материалдарды сақтауға,
кiреберiс жолдардың жай-күйi)
Адамдарға рұқсат берудi жүзеге асырудың дұрыстығы _____________
_______________________________________________________________
(жарылғыш материалдарды сақтаумен, пайдаланумен және тасымалдаумен байланысты
жұмыстарға рұқсат берiлген)
Объектiнi күзету жай-күйi _____________________________________
(атыс қаруын пайдалана отырып, күзет қызметiн
көрсетуге арналған келiсiмшарттың бар-жоғы)
Қойма аумағында өткiзу режимiнiң жүзеге асырылуы ______________
(заттарды өткiзудi
_______________________________________________________________
ресiмдеудiң дұрыстығы, өту, көлiкпен өту, жарылғыш материалдарды шығару, әкелу
және әкету тәртiбi)
Жарылғыш заттардың сақтаудағы кемшiлiктер _____________________
Оларды жою жөнiндегi ұсыныстар ________________________________
Орындау мерзiмi _______________________________________________
Өткен тексерулердiң нәтижелерi бойынша ұсыныстардың орындалуы
____________________________________________________________
(соңғы тексерудi кiм өткiздi, кемшiлiктердi жою жөнiндегi ұсыныстар орындалды
немесе орындалған жоқ)
Объектiнi тексеру бойынша шешiм _______________________________
(әрi қарай сақтау мен пайдалануға рұқсат, тыйым салу не мөрлеу, шешiмнiң
себебiн көрсету)
Тексерушiнiң (лердiң) қолы (дары) _____________
(Т.А.Ә.)
Актiнiң көшiрмесiн алдым ________________
(Т.А.Ә.)
Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау,
есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету
қағидаларына
3-қосымша
№ _ рұқсат түбiртегi Қазақстан Республикасы
20__жылғы "__" _________ Iшкi iстер министрлiгi
________________________ _______________________________
(заңды тұлғаның атауы, мекенжайы (iшкi iстер органының атауы,
__________________________ №___ рұқсат
және қызметтiк телефоны) _______________________________
___________________________ (заңды тұлғаның атауы,
(сақтауға рұқсат етiлген ____________________________________
материалдардың атауы, мекенжайы және қызметтiк телефоны)
___________________________ _______________________________
олардың (сақтауға рұқсат етiлген материалдардың
____________________________________ атауы, олардың саны
саны ________________________ _______________________________
__________________________ _______________________________
____________________________ _______________________________
(жауапты адамның тегi, аты-жөнi (жауапты адамның тегi, аты-жөнi,
____________________________________ _________________________________________
қызметтiк телефоны) қызметтiк телефоны)
______________сақтау құқығына ________________сақтау құқығына
дербес жауапкершiлiгiмен дербес жауапкершiлiгiмен
берiлдi берiлдi.
20__жылғы "__" ________дейiн 20__жылғы "__" ________дейiн
жарамды. жарамды.
Бастық ___________________ Бастық ___________________
(қолы) (қолы)

Ескерту. Материалдар атауларының Ескерту. Материалдар атауларының
саны көп болған жағдайда қосымша саны көп болған жағдайда қосымша
берiледi, ал осы рұқсаттың ажырамас берiледi, ал осы рұқсаттың ажырамас
бөлiгi болып табылады. бөлiгi болып табылады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina