ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн әзiрлеу,...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн әзiрлеу, жүргiзу және мониторингiлеу қағидасы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 8 қарашадағы № 354 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
және сауда министрiнiң мiндетiн атқарушының
2011 жылғы 8 қарашадағы № 354
бұйрығымен бекiтiлген

Мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн әзiрлеу, жүргiзу және мониторингiлеу қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiн жүргiзу, әзiрлеу және мониторингiлеу қағидасы мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiн әзiрлеу, жүргiзу және мониторингiлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмi - мемлекеттiк қызметтердi алушылар, оларды көрсетудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдар және олардың басқа да сипаттамалары көрсетiле отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үнемi жаңартылатын тiзбесiн қамтитын нормативтiк құқықтық акт (бұдан әрi - Тiзiлiм).
2) мемлекеттiк қызмет көрсету - мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жекелеген функцияларын iске асыру нысандарының бiрi болып табылатын өзге де жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, жеке-дара сипаттағы әрi жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) өтiнiшi бойынша жүзеге асырылатын қызметi.
3) мемлекеттiк қызметтi алушы - оның өтiнiшi бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жеке немесе заңды тұлға.
4) мемлекеттiк қызметтi көрсету субъектiсi - мемлекеттiк органдар, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, өзге де жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi - мемлекеттiк қызметтердi көрсету субъектiлерi).
Тiзiлiм әзiрлеудi, жүргiзудi және мониторингiлеудi Тiзiлiмдi қалыптастыру мен жүргiзу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады;
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызметi мына өлшемдерге сәйкес келуi тиiс:
мемлекеттiк қызметтердi алушылармен өзара iс-қимылы;
мемлекеттiк қызметтердi алушылардың заңды құқықтарын және мiндеттерiн жүзеге асыруға бағытталуы; белгiлi бiр нәтиженiң болуы.

2. Тiзiлiмдi әзiрлеу, жүргiзу және мониторингiлеу тәртiбi

3. Тiзiлiмдi әзiрлеу, жүргiзу және мониторингiлеу мақсаты мемлекеттiк қызметтердi көрсету субъектiлерi көрсететiн мемлекеттiк қызметтер туралы анық және толық ақпаратпен орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету болып табылады.
4. Тiзiлiмге енгiзу үшiн мемлекеттiк қызмет мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
мемлекеттiк қызметтi алушының қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағдарланған;
мемлекеттiк органдардың жекелеген функцияларын iске асыруға бағдарланған;
дара сипатта болуы;
мемлекеттiк қызметтi алушының өтiнiшi бойынша жүзеге асырылуы.
Тiзiлiмге енгiзуге мемлекеттiк қызметтердi көрсету субъектiлерi көрсететiн барлық мемлекеттiк қызметтер жатады.
5. Тiзiлiмдi әзiрлеу Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызметтердi айқындау мәнiне қарау жолымен орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларына жыл сайынғы түгендеу мен талдау нәтижесi бойынша жүзеге асырылады.
6. Тiзiлiмдi жүргiзу және мониторингiлеу Мемлекеттiк қызметтi тiзiлiмге қосу және/немесе алып тастау, мемлекеттiк қызметтiң, орталық мемлекеттiк органның, мемлекеттiк қызмет стандартын әзiрлеудi қамтамасыз ететiн орталық мемлекеттiк органның, мемлекеттiк қызметтi көрсететiн мемлекеттiк органның, ведомстволық бағынысты ұйымның, өзге де жеке және заңды тұлғаның, өтiнiштер қабылдайтын және ресiмделген құжаттарды беретiн ұйымдардың атауларының, мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны түрлерiнiң өзгеруi бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қамтиды.
7. Уәкiлеттi орган жыл сайын (қажеттiлiгi бойынша):
1) Мемлекеттiк қызметтердi көрсету субъектiлерi көрсететiн мемлекеттiк қызметтердi қосу/алып тастау (редакциясын өзгерту) арқылы Тiзiлiм мазмұнын жаңартады;
2) орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызметтердi анықтайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн қарау жолымен орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларына жыл сайынғы түгендеу мен талдау жүргiзедi;
3) мазмұнының өзектiлiгi тұрғысынан Тiзiлiмге мониторинг жүргiзедi;
4) бекiтiлген тәртiпте Тiзiлiмге енгiзiлетiн және/немесе Тiзiлiмде бар ақпаратты нақтылау үшiн қажет мәлiметке сұрау салады.
8. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар:
1) олардың құзыретiне кiретiн мемлекеттiк қызметтер бөлiгiнде Тiзiлiмге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу бойынша уәкiлеттi органға ұсыныстар енгiзедi. Егер, мемлекеттiк қызметке қатысты ақпаратты ұсынуды ұйымдастыруға бiрнеше орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар қатысатын болса, ұсынысты мемлекеттiк қызмет стандартын әзiрлеушi мемлекеттiк орган ұсынатын болады;
2) мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша өкiлеттiлiгi берiлген, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша өкiлеттiктi өзгертетiн немесе жоятын нормативтiк құқықтық актi күшiне енген күннен бастап 10 жұмыс күн iшiнде уәкiлеттi органға тиiстi ақпаратты ұсынады.
9. Тiзiлiмге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу үшiн негiздемелер:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң тапсырмалары; орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарды мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша өкiлеттiкпен қамтамасыз ететiн, мемлекеттiк қызметтердi түзетуге немесе алып тастауға өкiлеттiк беретiн нормативтiк құқықтық актiлерi;
орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың функцияларын жыл сайынғы түгендеу және талдау нәтижелерiнiң деректерi;
орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың ұсыныстары болып табылады.
10. Тiзiлiмде мынадай мәлiметтер қамтылады:
мемлекеттiк қызметтiң атауы;
мемлекеттiк қызметтердi алушылар (жеке/заңды тұлғалар);
мемлекеттiк қызмет стандартын әзiрлеудi қамтамасыз ететiн орталық мемлекеттiк органның атауы;
мемлекеттiк қызметтi көрсететiн мемлекеттiк органның, ведомстволық бағынысты ұйымның, өзге де жеке және заңды тұлғаның атауы;
өтiнiштер қабылдайтын және ресiмделген құжаттарды беретiн ұйымдардың атауы;
мемлекеттiк қызметтi көрсету нысанының түрi (электрондық, қағаз түрiнде).

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina