Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысымен бекiтiлген Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 6-бабына сәйкес әзiрлендi. 2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн айқындайды. 3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) көлiктiк бақылау органы – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық көлiктiк бақылау органдары; 2) механикалық көлiк құралының және оның тiркемелерiнiң иесi – механикалық көлiк құралын және оның тiркемелерiн меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе шұғыл басқару құқығында немесе кез келген басқа да заңды негiзде иеленетiн жеке немесе заңды тұлға; 3) мiндеттi техникалық байқау жүргiзу – мiндеттi техникалық байқауға қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидада көзделген техникалық байқау орталығы жүзеге асыратын iс-қимылдар; 4) мiндеттi техникалық байқаудан өту – мiндеттi техникалық байқауға қатысушы ретiнде өз құқықтарына және мiндеттерiне сәйкес осы Қағидада көзделген механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң иесi жүзеге асыратын iс-қимылдар; 5) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi; 6) техникалық байқау орталығының маманы – механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық байқау орталығының қызметкерi; 7) бақылау-диагностикалық жабдық – механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн техникалық жай-күйiнiң параметрлерiн анықтау үшiн қолданылатын сынау жабдықтары және өлшеу құралдары. 4. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн (бұдан әрi – көлiк құралдары) мiндеттi техникалық байқауды жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi: 1) жол қозғалысына қатысушы көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң сәйкестiгiн бағалау; 2) көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкессiздiгi салдарынан туындаған жол-көлiк оқиғаларының алдын алу; 3) көлiк құралдарын пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiк құралдарын пайдаланудың қоршаған ортаға зиянды әсерiн төмендету; 4) көлiк құралдарының техникалық жай-күйi бойынша статистикалық талдау болып табылады. 5. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпусқа және олардың дипломатиялық иммунитетi бар қызметкерлерiне, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiне, шетелдiк қатысуы бар кәсiпорындарға тиесiлi көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiмен жұмыс жөнiндегi ұйымдар арқылы жүргiзiледi. 6. Әскери жағдай немесе жұмылдыру жариялаған, әскерлердi ұрысқа әзiрлiктiң жоғарғы дәрежесiне көшiрген кезде көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн тексеру жергiлiктi әскери басқару органдары өкiлдерiнiң қатысуымен техникалық байқау орталықтарында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 747 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттiлiгi туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi. 2. Мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру тәртiбi 7. Мiндеттi техникалық байқауды көлiк құралының тiркелген жерiне және көлiк құралы иесiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан, бiрақ көлiк құралының санатына сәйкес техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, техникалық байқау орталықтары жүргiзедi. 8. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауын өткiзу техникалық байқау орталықтарының тiзiлiмiне қосылған күнiнен бастап техникалық байқау орталықтары жүзеге асырады. 9. Техникалық байқау орталықтары жария шарт негiзiнде қызмет көрсетедi. 10. Көлiк құралдарының иелерi: 1) көлiк құралының тiркелген жерiне және өзiнiң тұрғылықты жерiне (тұрғылықты орнына) қарамастан, мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн техникалық байқау орталығын дербес таңдайды; 2) Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiмен бекiтiлген мiндеттi техникалық байқауды өткiзу мерзiмiнiң шегiнде мiндеттi техникалық байқаудан өту уақытын дербес анықтайды; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi техникалық байқаудан өтудi жеке немесе өздерiнiң өкiлдерi арқылы жүзеге асырады; 4) техникалық байқау орталықтарына техникалық байқау орталықтары белгiлеген тариф шегiнде мiндеттi техникалық байқау өткiзу қызметтерi үшiн төлем жүргiзедi; 5) мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн осы Қағиданың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады. 11. Мiндеттi техникалық байқаудан өту үшiн көлiк құралының иесi техникалық байқау орталығына мынадай құжаттарды ұсынады: 1) көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк; 2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар; 3) көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы шарт. 12. Техникалық байқау орталықтары көлiк құралдарының барлық иелерi үшiн мiндеттi техникалық байқау қызметтерiн алудың тең жағдайын қамтамасыз етедi. 13. Техникалық байқау орталығы көлiк құралдары иесiнiң өтiнiшi бойынша көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кезiнде орындалатын жұмыстарға қатысты мәлiметтердi хабарлайды. 14. Техникалық байқау орталығы: 1) мiндеттi техникалық байқауды өткiзу жөнiндегi жұмыстарды орындау үдерiсiнде осы Қағидада және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтайды; 2) пайдаланатын өндiрiстiк үй-жайлар, жабдықтар, материалдық ресурстар жай-күйiнiң және оларды пайдалану шарттарының белгiленген техникалық талаптарға, сондай-ақ метрологиялық нормалар мен қағидаларға сәйкестiгiн қамтамасыз етедi; 3) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктердiң бланкiлерiн есепке алу және беру журналында мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктер бланкiлерiн жұмсауды есепке алуды жүзеге асырады; 4) мiндеттi техникалық байқауды өткiзу құны және мерзiмi туралы көлiктiк бақылау органына мәлiмет ұсынады; 5) жеке тұлғалар ұсынған ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар негiзiнде механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне мәлiметтердi енгiзудi қамтамасыз етедi. 15. Техникалық байқау орталықтарына: 1) көлiк құралының иесiне мiндеттi техникалық байқау өткiзуден немесе техникалық байқаудың диагностикалық картасын жасамай мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiктi беруден бас тартуға; 2) мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу мерзiмiнiң бұзылуына байланысты мiндеттi техникалық байқауды өткiзу шарттарын өзгертуге; 3) көлiк құралының иесiнен мiндеттi техникалық байқауды өткiзуге байланысты қосымша сыйақыны талап етуге тыйым салынады. 16. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу уақыты 30 минуттан аспайды. 17. Көлiк құралдарына мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу мамандығы бойынша жұмыс өтiлi 1 жылдан кем емес, жоғары техникалық немесе орта-арнаулы техникалық бiлiмi бар көлiк құралдарының техникалық жай-күйiнiң технологиясын және диагностикалау әдiсiн бiлетiн техникалық байқау орталығының маманы жүзеге асырады. 18. Техникалық байқау орталықтары қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудi қамтамасыз етедi. 19. Техникалық байқау орталығы елдi мекендердiң атауы, көлiк құралдарына мiндеттi техникалық байқау жүргiзу кезеңi (күнi) және орны туралы мәлiметтердi қамтитын, қызмет өңiрi шегiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауды өткiзу кестесiн (бұдан әрi – Кесте) әзiрлейдi. 20. Кесте техникалық байқау орталығының тiзiлiмiне енгiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде техникалық байқау орталығының тiркелген орны бойынша көлiктiк бақылау органына келiсуге ұсынылады. 21. Көлiктiк бақылау органы келiсуге ұсынылған Кестенi ол келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды. 22. Кестенi көлiктiк бақылау органымен келiскеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде техникалық байқау орталығы халықты Кесте туралы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдары арқылы хабарлайды. 23. Тiзiлiмге енгiзiлген техникалық байқау орталығы санын көрсете отырып, мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн (бұдан әрi – куәлiк бланкiлерi) беру туралы өтiнiшпен көлiктiк бақылау органына жүгiнедi. 24. Куәлiк бланкiлерiн беру туралы өтiнiштi көлiктiк бақылау органы екi жұмыс күнi iшiнде қарайды. 25. Куәлiк бланкiлерiн беру бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет кiрiсiне түсетiн бланктiк өнiмдi өткiзу қызметi үшiн төлемнiң төленгенiн растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейiн жүргiзiледi. 26. Осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес көлiктiк бақылау органы куәлiк бланкiлерiн тiркеу, есепке алу және беру журналын жүргiзедi. 27. Техникалық байқау орталықтарының мiндеттi техникалық байқауды өткiзуден бас тартуға негiзi: 1) көлiк құралы иесiнiң осы Қағиданың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбауы; 2) жол қозғалысы саласындағы орталық уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз, көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң деректерiне сәйкес келмейтiн нөмiрлiк агрегаттары (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылған көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқаудан өткiзуге ұсыну; 3) мемлекеттiк нөмiр белгiлерiнсiз не көлiк құралының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауға ұсыну болып табылады. 28. 27-тармақта көрсетiлген мiндеттi техникалық байқауды өткiзуден бас тарту негiздерiнiң бiрi анықталған жағдайында техникалық байқау орталығы көлiк құралы иесiне ол туралы тез арада хабарлайды. 3. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзу тәртiбi 29. Көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқауы техникалық байқау орталықтарының стационарлық және ұтқыр желiлерiнде жүзеге асырылады. 30. Мiндеттi техникалық байқауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келетiн бақылау-диагностикалық жабдық қолданылады. 31. Бақылау-диагностикалық жабдық кедергiден қорғау желiсi арқылы жалғаспалы арна бойынша өлшенген деректердi автоматтандырылған түрде берудi қамтамасыз ететiн бiрыңғай цифрлi хаттама жөнiнде мiндеттi техникалық байқау желiлерiнiң бiрыңғай басқару жүйесiне бiрiктiрiледi. 32. Бақылау-диагностикалық жабдықтың құрамына мынадай жабдықтар кiредi: 1) роликтiк тежеуiш стендiсi; 2) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.17 № 1350 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 3) люфтомер; 4) газ анализатор және түтiн өлшегiш; 5) жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы; РҚАО-ның ескертпесi! 6) тармақша 2013.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi. 6) рульмен басқару және iлгiштiң детальдарында люфтiлердi тексеру тестiлерi. Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.17 № 1350 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 33. Роликтiк тежеуiш стендiсi көлiк құралының санатына байланысты: 1) M2, M3, N2, N3, O3, O4 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 16 тоннадан кем емес; 2) М1 N1, О2 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 2 тоннадан кем емес; 3) L3, L4, L5 санаттары үшiн 1 доңғалаққа түсетiн барынша салмақ 0,6 тонна. 33. Көлiк құралының тежеуiн басқаруды тексеру көлiк құралының санатына байланысты мынадай роликтiк тежеуiш стендiлерiмен жүргiзiледi: 1) N3 және 04 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 16 тоннадан кем емес; 2) М2, М3, N2, О3 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 10 тоннадан кем емес; 3) M1, N1, 02 санаттары үшiн бiлiкке түсетiн барынша жүктемесi 2 тоннадан кем емес; 4) L3, L4, L5 санаттары үшiн 1 доңғалаққа түсетiн барынша салмақ 0,6 тонна. Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.24 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 34. Барлық тежеуiш стендiлерiнiң санаттарына мыналар кiредi: 1) орнатылған өлшеу жүйесi; 2) тежеуiш жүйесiнiң тиiмдiлiгiн тексеру мүмкiндiгi; 3) автомобильдiң барлық түрлерi үшiн педальды күшейту өлшегiш датчигi; 4) көлiк құралдарының тежеуiш жүйесiндегi қысымның түсуiн пневматикалық жетекпен өлшеу мүмкiндiгi; 5) автомобиль тежеуiш жүйесiнiң iске қосылған уақытын тежеуiш жүйесiнiң пневматикалық жетегiмен өлшеу мүмкiндiгi; РҚАО-ның ескертпесi! 6) тармақшаның қолданылуы 2014.01.01 дейiн тоқтатыла тұрады - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.24 № 509 Қаулысымен. 6) тежеуiш стендiнде тексеру кезiнде жүк көлiк құралы ролигiнiң секциясын көтеру мүмкiндiгiн немесе бiлiгiне жүктеменi имитациялауды қамтиды. Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.17 № 1350 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 35. Газ анализатор және түтiн өлшегiштер мыналарды қамтиды: 1) СО және СН газ анализатор; 2) Lambda коэффициентiн өлшеу; 3) дизельдi қозғалтқыштың түтiн деңгейiн өлшеу. 36. Жарық фарын тексерудiң электрондық аспабы мыналарды қамтиды: 1) фарлардың барлық түрiн тексеру; 2) жарық күшiн тексеру. 37. Ақаулы және (немесе) белгiленген мерзiмде тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалануға тыйым салынады. 38. Көлiк құралдары иелерiнiң құжаттарын қабылдауға арналған үй-жай мыналар көрсетiлген ақпараттық стендiлерi бар көлiк құралдары иелерi үшiн қол жетiмдi жерде жабдықталады: 1) техникалық байқау орталығының жұмыс режимi; 2) техникалық байқау орталығының қызмет өңiрi; 3) қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кестесi; 4) көлiктiк бақылау органының байланыс телефондары; 5) техникалық байқау орталығының тарифтерi. 39. Мiндеттi техникалық байқау өткiзу екi кезеңдi қамтиды: дайындық және негiзгi. 40. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзудiң дайындық кезеңiнде: 1) көлiк құралының маркасы, моделi және модификациясы белгiленедi; 2) көлiк құралының түсi белгiленедi; 3) тiркеу белгiлерiнiң бар болуы тексерiледi; 4) көлiк құралының конструкциясына енгiзiлген өзгерiстердiң болуы белгiленедi; 5) алынған қорытындылар көлiк құралын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң деректерiмен салыстырылады (салыстырылып тексерiледi). 41. Мiндеттi техникалық байқаудың негiзгi кезеңi жиынтыққа қатысты тексеруден, пайдалану қауiпсiздiгiнiң жекелеген қасиеттерiн сипаттайтын параметрлердiң шектi мәндерiн, жекелеген құрамдас бөлiктердiң тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етiлген шектеулердi, жұмыс қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiнiң шектi ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлiк құралдарының конструкцияларын өзгертудiң рұқсат етiлген шегiн шектеудi, оның iшiнде: 1) тежеудi басқаруды: жұмыс тежеу жүйесiн пайдалану сипаттамасын және жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн; қосалқы тежеу жүйесiн пайдалану сипаттамасын және жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн; тұрақта тұру тежеу жүйесiн пайдалану сипаттамасын және жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн; қосалқы тежеу жүйесiн пайдалану сипаттамасын; блоктауға қарсы тежеу жүйесiнiң жұмыс iстеуiн. 2) рульдi басқаруды: руль тетiгiнiң және оны бекiтетiн картердiң, руль жетегiнiң, руль дөңгелегiнiң және руль колонкасының механикалық жай-күйi мен жұмыс iстеуiн; жалпы люфтi; дөңгелектердi орнату бұрыштарын реттеу. 3) көру: көру аясы; әйнектердiң жай-күйi; артқы көру айнасы және аспаптар; әйнек тазалағыштар; әйнек жуғыштар. 4) сыртқы жарық аспаптарының, көздi шағыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстерi, көру бұрыштары, жай-күйi, жұмыс iстеуi және сипаттамалары: фаралар; алдыңғы және артқы габариттiк (бүйiр) оттары, бүйiр сигналдық шамдары; тежеу сигналдары; бұрылу көрсеткiштерi; алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары; артқа жүру шамдары; артқы нөмiрлiк белгiнi жарықтандыру кiшi лампалары; жарық көзге шағыстырғыштар, бүйiрлiк көзге шағыстырғыштар, артқы тану белгiлерi; бақылау сигналдары; сүйреуiш пен тiркеменiң немесе жартылай тiркеменiң арасындағы электр қосылғыштар; электр сымдары; аккумуляторлар. 5) бiлiктер, дөңгелектер, шиналар мен аспалар: бiлiктердiң механикалық жай-күйi; дөңгелектер мен шиналардың өлшемi, сипаттамалары және тозуы; аспа элементтерiнiң және оларды бекiткiштердiң (рессорлар, амортизаторлар, құбырлар, берушi айналмалы моменттiң, итергiш штангалар мен аспа иiнтiрегiшiнiң, сондай-ақ шарнирлiк элементтердiң) механикалық жай-күйi. 6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекiту элементтерiнiң: түтiн түтiктерi мен тұншықтырғыштардың автокөлiк құралының салоны мен кабинасында зиянды заттар құрамының отын багы мен құбыр жолдардың (жылытуға және құбыр жолдарға арналған отын багын қоса алғанда); бамперлердiң, бүйiрлiк қорғану және артқы сырғанауға қарсы құрылғының қосалқы дөңгелек кронштейндерiнiң тiркеу құрылғысының трансмиссиялардың қуат агрегатын бекiткiштiң аудару механизмiнiң кабина немесе шанақ қондырғыларының есiктер және есiк құлыптарының еденнiң жүргiзушi мен жолаушылар орындықтарының басқару органдарының шашыратқыштардың (қанаттардың), шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйi мен жұмыс iстеуi. 7) басқа да жабдықтың: қауiпсiздiк белдiктерiнiң, балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекiту орындарының өрт сөндiру құралдарының авариялық тоқтау белгiлерiнiң алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасының дыбыстық сигнал беру жүйесiнiң спидометрдiң жылдамдықты шектеуге арналған құрылғының бар-жоғы, жай-күйi және жұмыс iстеуi. 8) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар: шу; пайдаланылған газдар; сұйықтықтардың ағуы. Ескерту. 41-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.17 № 1350 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.04.24 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен. 42. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзудiң негiзгi кезеңiнде көлiк құралының қандай да бiр бөлiгiн ажыратусыз немесе алып тастаусыз орындалады. 43. Тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жай-күйi автопоезд құрамында да, ағытылған жай-күйiнде де (тартым-тiркеме құрылғысы мен тежегiш блоктауының дұрыстығын бақылау үшiн) тексерiледi. РҚАО-ның ескертпесi! 44-тармақтың қолданылуы 2014.01.01 дейiн тоқтатыла тұрады - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.24 № 509 Қаулысымен. 44. Жүк автомобильдерiнiң, тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң техникалық жай-күйiн тексеру толық жүктеме кезiнде жүргiзiледi. 45. Көлiк құралын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша техникалық байқау орталығы техникалық байқаудың диагностикалық картасын (бұдан әрi – диагностикалық карта) жасайды, оның негiзiнде мiндеттi техникалық байқаудан өту туралы куәлiк оның қолданылу мерзiмi көрсетiле отырып берiледi. 46. Диагностикалық картаға техникалық байқау орталығының маманы қол қояды және көлiк құралының иесiне берiледi. 47. Мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiкке техникалық байқау орталығының басшысы немесе оның орнын басатын тұлға қол қояды. 48. Диагностикалық картаны толтыруды техникалық байқау орталығы мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуде қағаз және электрондық түрде жүргiзедi. 49. Стационарлық және ұтқыр техникалық байқау желiлерi мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы ақпаратты қалыптастыру, сақтау және беру үшiн мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiмен өзара iс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуi бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен жарақталады. 50. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай басқару жүйесi орталықтандырылған, бiрыңғай цифрлық хаттама бойынша бiрiктiрiлген және мынадай талаптарға жауап бередi: 1) бақылау-диагностикалық жабдықты басқару үшiн белгiленген бағдарламалық қамтамасыз етудiң болуы; 2) цифрлық хаттама негiзiнде жұмыс iстеу; 3) ресми және (немесе) мемлекеттiк тiлдердегi интерфейсi болады. 51. Бағдарламалық-аппараттық кешен компьютерлiк жабдықты және көлiк құралының фото немесе бейне белгiлеу құралдарын қамтиды. 52. Мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiне көлiк құралының иесi, көлiк құралы, мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi, куәлiктердiң берiлген бланктерi туралы ақпарат берiледi. 53. Егер мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталмаса, мiндеттi техникалық байқау өткiзiлдi деп саналады. Бұл жағдайда көлiк құралының иесiне диагностикалық картаның негiзiнде мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiк келесi мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу күнiн көрсетiле отырып берiледi. 54. Егер мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi бойынша көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталса, мiндеттi техникалық байқау өткiзiлген жоқ деп танылады. Бұл жағдайда көлiк құралының иесiне ақаулары көрсетiлген диагностикалық карта берiледi. 55. Көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулар мен шарттар жойылғаннан кейiн көлiк құралының иесi оны мiндеттi техникалық байқауды қайта жүргiзу үшiн ұсынады. 56. Көлiк құралын қайта мiндеттi техникалық байқау бiрiншi мiндеттi техникалық байқау жүргiзiлген техникалық байқау орталығында не өзге техникалық байқау орталығында жүргiзiледi. 57. Көлiк құралын қайта мiндеттi техникалық байқау кезiнде бiрiншi мiндеттi техникалық байқау жүргiзiлген техникалық байқау орталығында мiндеттi техникалық байқау белгiленген критерийлерге сай келмеген және бұл туралы диагностикалық картада көрсетiлген көрсеткiштер бойынша ғана жүргiзiледi. Бұл жағдайда техникалық байқау орталығы жаңадан қаралатын позицияларды тексеру үшiн ғана төлемақы алады. 58. Техникалық байқау орталықтарына көлiк құралының иесiне қайта мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуден бас тартуға рұқсат етiлмейдi. 59. Көлiк құралы иесiнiң мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу кезiнде ақауларды анықтағаннан кейiн қайта мiндеттi техникалық байқауға ұсынуының ең ұзақ мерзiмi күнтiзбелiк он күндi құрайды. 60. Күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн көлiк құралының жай-күйiн осы Қағидада белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру жалпы негiздерде жүзеге асырылады. 61. Егер қайта мiндеттi техникалық байқау жүргiзу кезiнде бұрын анықталған және диагностикалық картада көрсетiлген, көлiк құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар жойылмағаны белгiленсе, диагностикалық карта жасалады, онда қайта мiндеттi техникалық байқау нәтижелерi көрсетiледi. 62. Техникалық байқау орталығы көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы дерекқорды күнделiктi (өсу нәтижесiмен) резервтi көшiрудi, сондай-ақ мiндеттi техникалық байқауды жүргiзу нәтижелерi туралы ақпараты бар дерекқор көшiрмелерiн мұрағатты сақтауды (өсу нәтижесiмен) ұйымдастырады. Дерекқор көшiрмелерi үш жыл бойы сақталады. 63. Техникалық байқау орталығының техникалық байқаудың стационарлық желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзулерi бойынша ақпарат күн сайын онлайн режимiнде көлiктiк бақылау органына ұсынылады. 64. Техникалық байқау орталығының техникалық байқаудың ұтқыр желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзулерi бойынша ақпарат күнтiзбелiк екi күнде бiр рет көлiктiк бақылау органына ұсынылады. 65. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өтулерiн есепке алу, көлiк құралдарының техникалық жай-күйi бойынша статистикалық талдау және жеке тұлғалар ағымдағы жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау туралы ақпаратты салық қызметi органдарына беруге және есебiн жүргiзу үшiн арналған. 66. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiктер бланкiлерiнiң және халықаралық техникалық тексеру сертификаттары бланкiлерiнiң нөмiрлiк есебi жүргiзiледi. 67. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн толтыру талаптарын уәкiлеттi орган бекiтедi. 68. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйенi жаңартуды көлiктiк бақылау органдары күн сайын техникалық байқау орталықтары ұсынған ақпараттар мен құжаттардың негiзiнде жүзеге асырады. 69. Көлiктiк бақылау органы техникалық байқау орталықтары ұсынған көлiк құралы туралы деректердi мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң деректерiмен салыстыруды жүргiзедi. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасына 1-қосымша Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн есепке алу және беру журналы р/с № | Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк алған жеке тұлғаның Т.А.Ә. аты-жөнi немесе заңды тұлғаның атауы | АКҚ маркасы мен мемлекеттiк нөмiрi | Мiндеттi техникалық байқаудан өткен күнi | Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы берiлген куәлiк бланкiсiнiң № | Ескертпе | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
|
|
|
|
|
| Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасына 2-қосымша Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiн тiркеу, есепке алу және беру журналы р/с № | Уәкiлеттi органнан алынған мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң № бастап № дейiн және саны | Техникалық байқау орталығына берiлген мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң № бастап № дейiн және саны | Мiндеттi техникалық байқаудан өткенi туралы куәлiк бланкiлерiнiң техникалық байқау орталығына берiлген күнi | Ескертпе | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
|
|
|
|
| Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысымен бекiтiлген Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгi 1. Жол қозғалысы қауiпсiздiгi бойынша орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу техникалық байқау орталықтарында мынадай кезеңдiлiкпен жүргiзiледi: 1) әрбiр 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асатын; 2) әрбiр 24 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейiн; 3) әрбiр 36 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылға дейiн. 2. Адамдарды тасымалдау үшiн жабдықталған автобустар, шағын автобустар және таксилер, сондай-ақ жүк автомобильдерi меншiк нысанына және шығарылған жылына қарамастан, мiндеттi техникалық байқаудан әрбiр алты ай сайын өтедi. РҚАО-ның ескертпесi! 3-тармақ 2013.04.01 дейiн қолданыста болады. 3. Механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң бұдан кейiнгi мiндеттi техникалық байқаудан өту мерзiмi бастапқы мiндеттi техникалық байқаудан өту күнiнен бастап есептеледi. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кезеңдiлiгiнiң 1-тармағының 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы мамыр - қыркүйек аралығында мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық байқаудан өткен, шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асатын, таксидi қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгi бойынша орталық атқарушы органда тiркелген M1 санатты механикалық көлiк құралдарына қолданылмайды. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу кезеңдiлiгiнiң 3-тармағының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген механикалық көлiк құралдары: 1) мемлекеттiк техникалық байқаудан: 2011 жылғы мамырда өткендер 2012 жылғы қарашада мiндеттi техникалық байқаудан өтедi; 2011 жылғы маусымда өткендер 2012 жылғы желтоқсанда мiндеттi техникалық байқаудан өтедi; 2) мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық байқаудан: 2011 жылғы шiлдеде өткендер 2013 жылғы қаңтарда мiндеттi техникалық байқаудан өтедi; 2011 жылғы тамызда өткендер 2013 жылғы ақпанда мiндеттi техникалық байқаудан өтедi; 2011 жылғы қыркүйекте өткендер 2013 жылғы наурызда мiндеттi техникалық байқаудан өтедi. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.24 № 509 (2012.05.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысымен бекiтiлген Нысаны № ___ техникалық байқаудың диагностикалық картасы Ескерту. Диагностикалық картаның нысаны жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.24 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. АКҚ тексеру орыны: Бастапқы тексеру Қайталап тексеру Мемлекеттiк тiркеу белгiсi: | Марка, модель: | Шығарылған жылы: | Модель, қозғалтқыш №: | шанақ №: | шасси (рама) №: | Сәйкестендiру нөмiрi VIN: |
|
| АКҚ меншiк иесi: | АКҚ меншiк иесiнiң өкiлi: |
| Тiркеу құжаты: | Серия: | Нөмiрi: |
|
|
| 100 | Тежеу жүйесi | Жұмыстық тежеу жүйесiнiң үлестiк тежегiш күшi | 101 | Тұрақтық тежеу жүйесiнiң үлестiк тежегiш күшi | 102 | Доңғалақтардың тежегiш күшiнiң салыстырмалы айырмашылығы | 103 | Пневматикалық тежеу жетегiнiң герметикалығы | 104 |
|
|
|
| Гидравликалық тежеу жетегiнiң герметикалығы | 105 | Манометр, сигнал беру жүйесi | 106 | Сығымдалған ауа қысымы | 107 | Жұмыстық тежеу жүйесiнiң iске қосылу уақыты | 108 | Тежеу кезiндегi желiлiк ауытқу | 109 |
|
|
|
|
| Қосалқы тежеу жүйесi | 110 | Тежеу жүйелерi элементтерiнiң жай-күйi | 111 |
|
|
| 200 | Рульмен басқару | Жиынтық люфт | 201 | Бөлшектердiң ығысуы, бұрандалық қосылыстардың бекiтiлуi | 202 | Рульмен басқаруды күшейткiш | 203 | Рульмен басқару элементтерiнiң жай-күйi | 204 |
|
|
|
| 300 | Сыртқы жарық аспаптары | Алыc және жақын жарық фаралары, қосымша фаралар | 301 | Тұманға қарсы фаралар | 302 | Тежеу сигналдары | 303 | Габариттiк жарық, артқы, тұманға қарсы жарық | 304 |
|
|
|
|
| Бұрылысты нұсқағыштар, авариялық сигнал беру | 305 | Тiркеу белгiсiн жарықтандыру шамы | 306 | Артқы жүрiс жарығы | 307 | Жарық тойтарғыштар | 308 | Автопоезд белгiсi | 309 |
|
|
|
|
| 400 | Желқағар әйнектердiң әйнек тазалағыштар, әйнек жуғыштары | Әйнек тазалағыштар | 401 | Әйнек жуғыштар | 402 |
| 500 | Доңғалақтар мен шиналар | Протектордың тозуы | 501 | Шиналардың зақымдалуы | 502 | Шиналарды орнату | 503 | Доңғалақтардың дискiлерi мен құрсауларының бекiтiлуi, жай-күйi | 504 |
|
|
|
| 600 | Қозғалтқыш және оның жүйелерi | СО және СН құрамы | 601 | Дизельдi қозғалтқыштың түтiндегiштiгi | 602 | Қоректену жүйесi | 603 | Шығару жүйесi | 604 |
|
|
|
| 700 | Конструкцияның басқа элементтерi | Тiркеу белгiлерi | 701 | Көлiк құралының таңбалануы | 702 | Артқы көрiнiс айналары | 703 | Дыбыстық сигнал | 704 |
|
|
|
| Әйнектер (шолу ауқымы, ашықтығы) | 705 | Спидометр | 706 | Аспаның, кардан берiлiсiнiң элементтерi | 707 | Жүргiзушiнiң отырғышын реттеу тетiктерi | 708 | Есiктердiң құлыптары, борттардың, шанның iлмектерi | 709 |
|
|
|
|
| Есiктердi басқару жетегi | 710 | Авариялық шығаберiстер | 711 | Айдап кетуге қарсы құрылғылар | 712 | Әйнектердi жылыту және желпiту құрылғылары | 713 | Лайдан қорғағыш алжапқыштар; шашыратқыштар | 714 |
|
|
|
|
| Iлiнiстiк құрылғы | 715 | Медициналық қобдиша, өрт сөндiргiштер, авариялық тоқтау белгiсi | 716 | Жылжуға қарсы тiректер | 717 | Қауiпсiздiк белдiктерi | 718 | Көлiк құралының конструкциясына енгiзiлген өзгертулер | 719 |
|
|
|
|
| Жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келедi | Жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келмейдi: | Тексеру жүргiзiлмеген: | Тексеру барысында анықталған ақаулықтар туралы ескертулер және қосымша ақпарат: |
| АКҚ техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзген: Күнi: ________________ _______________________________________ (Тексерудi жүргiзген маманның аты-жөнi,қолы) Техникалық байқау орталығының (ТБО) қорытындысы: АКҚ ___________________________________________________________ (ақаусыз/ақаулы) (ТТО маманының лауазымы) (күнi, қолы)
|