Темекi мен темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1368 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1368 қаулысымен бекiтiлген Темекi мен темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну қағидалары 1. Осы Темекi мен темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) темекi және темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну тәртiбiн анықтайды. 2. Осы Қағидалар темекi және темекi бұйымдарын өндiру және импорттау бойынша қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. 3. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес темекi бұйымдарын өндiрушi, импорттаушы темекiнiң және темекi бұйымдарының барлық таңбаларында никотиннiң және шайырлы заттардың рұқсат етiлетiн шектi құрамы бойынша зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы, өткен он екi айда Қазақстан Республикасының аумағында өздерi шығарған немесе шығаруға ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есептердi жыл сайын келесi жылдың 1 ақпанына дейiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етуге тиiс. 4. Ұсынылатын есептер мынадай екi бөлiктен тұрады: 1) зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы есеп; 2) темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есеп. 5. Зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген, стандартталған әдiстердiң негiзiнде зерттеулер жүргiзген зертхананы көрсете отырып, темекi және темекi бұйымдарының барлық маркаларында шайырлы заттар мен никотиннiң шектi рұқсат етiлген деңгейiнен тұруы тиiс. 6. Ингредиенттер туралы есепте мыналар болуы тиiс: 1) өндiрiлетiн және импортталатын темекi бұйымдарының әрбiр түрi бойынша темекiге қосылатын ингредиенттер атауларының жиынтық тiзiмi. Тiзiмде әрбiр ингредиенттiң темекi массасына қатынасы бойынша пайыздағы ең көп үлесi көрсетiледi; 2) темекi өнiмдерiнiң әрбiр атауы бойынша темекiге қосылатын ингредиенттер атауларының тiзiмi, егер мұндай ингредиенттердiң үлесi темекi бұйымының массасына қатынасы бойынша сигарет, папирос және шегетiн жiңiшкелеп кесiлген темекi үшiн 0,1 пайыздан және темекi бұйымдарының өзге түрлерi үшiн 0,5 пайыздан аспаса. Үлесi сигарет, папирос және шегетiн жiңiшкелеп кесiлген темекi үшiн 0,1 пайыздан және темекi бұйымдарының өзге түрлерi үшiн 0,5 пайыздан аспайтын ингредиенттердiң болуы тiзiмде «хош иiстендiргiштер» деген сөзбен белгiленедi; 3) темекi емес материалдардың құрамындағы ингредиенттер атауларының тiзiмi. Темекi бұйымының темекi емес материалдарының құрамына кiретiн ингредиенттер олардың құрамындағы темекi емес материалдардың санаттары бойынша көрсетiледi. 7. Темекi бұйымы массасының ингредиенттерi туралы есептi дайындау кезiнде, бiр дана темекi бұйымының (сигарет, сигара, сигарилла (сигарита), папирос, биди, кретек) бiр бiрлiгiнiң (ылғалдылығын ескере отырып) салмағы, шегетiн жiңiшкелеп кесiлген темекiнiң 750 миллиграмы, өзге темекi бұйымдарының (кальянға арналған темекi, түтiк темекiсi, шекпейтiн темекi бұйымдары) 1 граммы есептеледi. Темекi бұйымындағы ингредиенттiң үлесi рецептураға (өзiндiк ерекшелiкке) сәйкес есептеледi. 8. Зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы және темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есептер қағаз және/немесе электрондық нұсқаларда ұсынылады. Темекi мен темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есеп беру қағидаларына қосымша Есептi күнтiзбелiк жылы Қазақстан Республикасының аумағында өндiрушiлер немесе импорттаушылар сатқан темекi мен темекi бұйымдарының құрамындағы ингредиенттер туралы есептiң нысаны 1. Темекi бұйымдарының әрбiр түрi бойынша темекiге қосылатын ингредиенттер атауларының жиынтық тiзiмi. Темекi бұйымы түрiнiң атауы Р/с № | Ингредиенттiң атауы | Ингредиенттiң темекi салмағына қатысы бойынша ең көп пайыздық үлесi (%) | 1 | 2 | 3 |
|
|
| 2. Темекiге қосылатын ингредиенттер атауларының тiзiмi, темекi өнiмiнiң әрбiр атауы бойынша, егер мұндай ингредиенттердiң үлесi темекi бұйымының салмағына қатынасы бойынша сигарет, папирос және шегетiн жiңiшкелеп кесiлген темекi үшiн 0,1 пайыздан және темекi бұйымдарының басқа түрлерi үшiн 0,5 пайыздан аспаса. Темекi бұйымының атауы Р/с № | Ингредиенттiң атауы | 1 | 2 |
|
| Ескертпе. Үлесi сигарет, папирос және шегетiн жiңiшкелеп кесiлген темекi үшiн 0,1 пайыздан және темекi бұйымдарының басқа түрлерi үшiн 0,5 пайыздан аспайтын ингредиенттердiң болуы тiзiмде «хош иiстендiрушiлер» деген сөздермен белгiленедi. Р/с № | Темекi емес материалдардың санаты | Ингредиенттiң атауы | 1 | 2 | 3 |
|
|
| 3. Темекi бұйымының темекi емес материалдарының құрамындағы ингредиенттер атауларының тiзiмi бойынша көрсетiледi. Ескертпе. Темекi емес материалдар мынадай санаттарға бөлiнедi: папиростық, сигареттiк, жиектiк және мүштiк қағаз, сүзгiштер (фицелпа) үшiн орау қағазы, сүзгiш материал, желiм, сия, соратын темекi (снюс) өлшемi үшiн орау материалы. 4. Темекi бұйымдарының құрамындағы ингредиенттерге қатысты токсикологиялық зерттеулер жүргiзу туралы ақпарат. Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген темекi бұйымын өндiрушi немесе импорттаушы және/немесе олардың тапсырысы бойынша есептi кезеңде осы есепте көрсетiлген ингредиенттерге қатысты токсикологиялық зерттеулер жүргiзiлдi ме? _ _ |_| ИӘ |_| ЖОҚ Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлетiн темекi өнiмiн өндiрушi немесе импорттаушы ____________ ______ ___________ (лауазымы) (Т.А.Ә.) (қолы) М.О. 20___ ж. «___» ______________
|