Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгi қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысымен бекiтiлген Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгi қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Коммуналдық қалдықтарға елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған тұтынудың қатты қалдықтары, сондай-ақ құрамы және пайда болу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары жатады. 2. Елдi мекендер үшiн коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормаларын бекiтудi жергiлiктi өкiлдi органдар бес жылда кемiнде бiр рет не жергiлiктi атқарушы органдардың бастамасы бойынша, бiрақ екi жылда бiр реттен жиi емес жүргiзедi. 2. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары есептеу тәртiбi 3. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектiлерi, тұрғын емес үй-жайлар үшiн жеке-жеке белгiленедi. 4. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектiлерi үшiн және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады. 5. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары кейiннен есептiк бiрлiкке жинақталу көлемiн кейiн есептей отырып, заттай өлшеу жүргiзу жолымен анықталады. Жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыреттерi шегiнде коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудi қамтамасыз етедi. 6. Заттай өлшеу жүргiзу үшiн жайлылық деңгейi әртүрлi екi үлгiдегi тұрғын үй қорының объектiлерi бөлiнедi: 1) су құбыры, кәрiз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй; 2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрiзi жоқ жайлы емес тұрғын үй. 7. Тұрғындар тарапынан түзiлетiн коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын анықтау үшiн тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөлiп алынады: халқының саны 300 мың адамға дейiнгi қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбiр түрi бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын; халқының саны 300 – 500 мың адам болатын қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбiр түрi бойынша тұрғындардың жалпы санының 1%-ын; халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда - 0,5%-ын қамти отырып таңдалады (соның iшiнде жайлы емес сектор бойынша кемiнде 500 адам). 8. Таңдап алынған объектiлерде өлшеу жүргiзу алдында жергiлiктi атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бiрлесiп, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша коммуналдық паспорт жасайды. 9. Пайда болған және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемiн анықтау үшiн өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады. 10. Өлшеудi бастамас бұрын контейнердегi қалдықтар тегiстеледi және өлшеу сызғышының көмегiмен қалдықтың көлемi анықталады. 11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлердi өлшеу жолымен және кейiн бос контейнердiң массасын алып тастау арқылы анықталады. 12. Егер бiр учаскеде пайда болған және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемi арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкiн болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етiледi. 13. Пайда болған және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемi жөнiндегi деректер осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкiсiне жазылады. 14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейiн объектiлердiң әрқайсысы үшiн алынған деректердiң (массасы, көлемi) аптаның күндерi бойынша жалпы саны шығарылады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосiне енгiзiледi. 15. Маусымдық өлшеу жүргiзiлгеннен кейiн деректер (масса, көлем) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосiне енгiзiледi. 16. Белгiлi бiр объектi бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектiлердiң коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиiс. 17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бiрдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және бiркелкi емес пайда болу мен жинақталу коэффициентiн анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделедi, оларды орнату қажеттiлiгi мен олардың саны таңдап алынған учаскелердi тексерген кезде нақтыланады. Өлшеу басталғанға дейiн бiр тәулiк бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиiс. 18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргiзген күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей жүргiзiледi. 19. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргiзiледi: 1) бiр тәулiкте объектiде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бiр контейнерде пайда болған және жинақталған қалдықтардың көлемiн анықтау (V конт., м3): Vконт=h*S мұндағы h – контейнердiң түбiнен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесiне дейiнгi биiктiк, м; S – контейнер түбiнiң алаңы, м2; 2) контейнерлiк алаңда коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жалпы көлемiн анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлiк алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердiң саны бiрден артық болса: Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3…. мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 - контейнерлiк алаңда орналасқан әрбiр контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының тәулiктiк көлемi. Есептеу контейнерлiк алаңда орналасқан контейнердiң санына байланысты жүргiзiледi; 3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәулiктiк массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргiзiледi: mконт =m3- mп мұндағы mз – қалдықтар тиелген контейнердiң массасы, кг; mп – қалдықтардан бос контейнердiң массасы, кг; 4) объектiде пайда болған коммуналдық қалдықтардың тәулiктiк массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргiзiледi: mтәу = mконт1+mконт2+mконт3… мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлiк алаңда орналасқан әрбiр контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәулiктiк массасы. Есептеу контейнерлiк алаңда орналасқан контейнерлердiң санына байланысты жүргiзiледi; 5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады. Өлшеу қызмет көрсету кестесiне сәйкес контейнерлiк алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейiн тәулiктiң бiр мезгiлiнде жетi күн бойы (үзiлiссiз) жүргiзiледi. Өлшеу жүргiзу мерзiмдерi: қыста – желтоқсан/қаңтар; көктемде – сәуiр/мамыр; жазда – маусым/шiлде; күзде – қыркүйек/қазан. Маусымдық кезең iшiнде объектiде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемiн анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргiзiледi: Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+ Vтәу7 мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгiлi бiр маусымда әр тәулiк iшiнде объектiде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемi; 6) маусымдық кезең iшiнде объектiде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемiн анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргiзiледi: mмаус= mтәу1 + mтәу2 +…+ mтәу7 мұндағы mтәу1, mтәу2 - белгiлi бiр маусымда тәулiк iшiнде объектiдегi коммуналдық қалдықтардың массасы; 7) объектiде коммуналдық қалдықтардың пайда болу көздерiнiң санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргiзiледi: көлемi бойынша (Vтм, м3): Vтм = Vмаус / (nхa) массасы бойынша (mтм, кг): mтм = mмаус / (nхa) мұндағы n – маусымдық кезең iшiнде бақылау тәулiгiнiң саны. a – есептiк бiрлiктiң саны; 8) объектiде есептiк бiрлiкке коммуналдық қалдықтардың тәулiктiк орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргiзiледi: көлемi бойынша (Vтом, м3): Vтом= (Vқ тм + Vк тм + Vжтм +Vкү тм)/n массасы бойынша (mтом, кг): mтом= (mқ тм + mк тм + mж тм+ mкү тм)/n мұндағы жоғарғы индекстер «қ», «к», «ж», «кү» – қыста - «қ», көктемде - «к», жазда - «ж», күзде «кү» - есептiк бiрлiкте тиiсiнше қалдықтар пайда болуының тәулiктiк орташа маусымдық нормативтерiн бiлдiредi; n – қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4). 9) Объектiде есептiк бiрлiкте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргiзiледi: көлемi бойынша (Vж, м3) Vж = Vтож х nк массасы бойынша (mж, кг): mж = mтож х nк мұндағы nк – жылдағы күннiң саны. 20. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының маусымдық және тәулiктiк бiртектi емес коэффициентiн анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргiзiледi: 1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргiзiледi: gср =m/V, мұндағы m және V – есептiк бiрлiкте тиiсiнше массасы мен көлемi бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтерi; 2) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының маусымдық бiртектi емес коэффициентiн (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргiзiледi: көлемi бойынша: Kбе = Vом/Vж массасы бойынша: Kбе = mом/mж 3) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының тәулiктiк маусымдық бiртектi емес коэффициентiн анықтау мынадай формула бойынша жүргiзiледi: көлемi бойынша: Kмбе = Vmaxтәу./Vом мұндағы Vmaxтәу. – маусымда объектiдегi коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының ең жоғарғы тәулiктiк көлемi, м3. массасы бойынша: kсн = mmaxтәу./mом мұндағы mmaxтәу. – маусымда объектiдегi коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының ең жоғарғы тәулiктiк массасы, кг. 21. Нақты және есептiк жылдық көлемдi салыстыру үшiн коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептiк бiрлiкте белгiленген жылдық нормативтерi есептiк бiрлiктiң санына көбейтiледi. Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың пайда болуының есептiк жылдық көлемiнiң айырмасы олардың дәл сол объектiде бiр жыл iшiнде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиiс. Есептi және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың пайда болуының сараланған нормативтерi олар түзiлетiн негiзгi объектiлер бойынша талап етiлген қателiктермен нәтижеге шыққанға дейiн түзетiледi. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгi қағидаларына 1-қосымша Коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормаларын анықтауға арналған объектiлер мен есептiк бiрлiктер № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектiлер | Есептiк бiрлiк | 1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi және сол сияқтылар | 1 орын | 3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi | 1 орын | 4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi | 1 қызметкер | 6 | Емханалар | 1 адам | 7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi | 1 төсек-орын | 8 | Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары | 1 оқушы | 9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi | 1 тағам | 10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 орын | 11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 14 | Азық-түлiк дүкендерi | Сауда алаңы 1 м2 | 15 | Машиналардан сату | Сауда орны 1 м2 | 16 | Өнеркәсiптiк дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 18 | Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 19 | Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйi: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 23 | Дәрiханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 24 | Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 26 | Гараж кооперативтерi | 1 гаражға | 27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 28 | Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi | Жалпы алаңы 1 м2 | 29 | Зергерлiк, аяқ киiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 32 | Қаланың аумағында жаппай iс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 33 | Бау-бақша кооперативтерi | 1 учаске | Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгi қағидаларына 2-қосымша Тұрғын үй қоры объектiсiнiң коммуналдық паспорты Қала ________________________________________________________________ 1. Мекенжайы ________________________________________________________ 2. Қабаттылығы ______________________________________________________ 3. Үйдiң нөмiрi _____________________________________________________ 4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам _______________________________ 5. Жайлылық деңгейi: а) су құбырының, газдың, кәрiздiң болуы _____________________________ б) жылу беру түрi (орталықтан, пешпен, жергiлiктi) __________________ в) отынның түрi – көмiр (тас көмiр, қоңыр темiр), ағаш отын, газ _____________________________________________________________________ г) қоқыс құбырының болуы ____________________________________________ д) аула аумағының алаңы, м2 _________________________________________ оның iшiнде жасыл екпелер бар ___________________________________________________ жабыны қатты ________________________________________________________ соның iшiнде жаяусоқпақтар __________________________________________ 6. Контейнерлердiң типтерi, олардың саны және сыйымдылығы _____________________________________________________________________ 7. Қоқысты шығару кезеңдiлiгi _______________________________________ 8. Қайталама шикiзатты бөлек жинау жүргiзiле ме (қандай және қанша) _____________________________________________________________________ Қолдары: Т.А.Ә., лауазымы Тұрғын емес үй-жайлар объектiлерiнiң коммуналдық паспорты Қала ________________________________________________________________ 1. Объектiнiң атауы _________________________________________________ 2. Мекенжайы ________________________________________________________ 3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ______________________________________________________________ 4. Орын саны (қызметкерлер және т.б.) _______________________________ 5. Тәулiгiне өткiзу қабiлетi: ойын-сауық кәсiпорындары үшiн (орын саны) ___________________________ _____________________________________________________________________ қоғамдық тамақтану кәсiпорындары үшiн (тағам түрi) __________________ 6. Қызмет көрсететiн персоналдың саны, адам _________________________ 7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 ________________________________________ Оның iшiнде: сауда алаңы _________________________________________________________ қоймалық және қосалқы алаң __________________________________________ 8. Аула аумағының алаңы, м2 _________________________________________ Оның iшiнде: жасыл екпелер бар____________________________________________________ жабын қатты _________________________________________________________ 9. Контейнерлердiң типi, олардың саны және сыйымдылығы ______________ _____________________________________________________________________ 10. Қалдықтарды шығару мерзiмi ______________________________________ 11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикiзатты бөлек жинау жүргiзiле ме? (қандай және қанша) ____________________________________________ ____________________________________________________________________ Қолдары: Т.А.Ә., лауазымы Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгi қағидаларына 3-қосымша Бастапқы жазба бланкiсi _________________ (күнi) _______________________________________________ объектiсi бойынша (атауы, мекенжайы) Контейнердiң р/с № | Жиналған қалдықтар қабатының биiктiгi, h, м | Контейнер негiзiнiң алаңы, S, м2 | Контейнердегi қалдықтардың көлемi, h*S, м3 | Қалдықтар тиелген контейнердiң массасы (қоқыс тасығыш), mз, кг | Бос контейнердiң массасы (қоқыс тасығыш), mп, кг | Контейнердегi қалдықтардың массасы, mз – mп | 1 |
|
|
|
|
|
| 2 |
|
|
|
|
|
| … |
|
|
|
|
|
| Тәулiк iшiндегi жиыны |
|
| Vтәу |
|
| Mтәу | Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгi қағидаларына 4-қосымша Объектiлердiң топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосi 20__ жылғы ___ _____________ бастап ___ ____________ дейiн Жайлылық типi ___________________________________________ Аптаның күндерi | Объектiнiң атауы | Объектiнiң қызмет түрi | Есептiк бiрлiктiң саны | Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемi/массасы | Орташа тығыздығы, кг/м3 | Барлығы қайталама шикiзат iрiктеп алынды (бөлек жинаған кезде) | жалпы | 1 есептiк бiрлiкке | кг | м3 | кг | м3 | кг | м3 | Дүйсенбi |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Сейсенбi |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Сәрсенбi |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Бейсенбi |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Жұма |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Сенбi |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Жексенбi |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Тәулiгiне орташа |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Қолдары Т.А.Ә., лауазымы Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгi қағидаларына 5-қосымша Коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосi Жайлылық типi ____________________________________ Объект | Ай | Өлшенетiн бiрлiктiң саны | Қалдықтардың жиналуы | Бiртектi емес коэффициент | Бөлек жинау, кг | жалпы | өлшенетiн 1 бiрлiкке | жалпы | өлшенетiн 1 бiрлiкке | м3 | кг | м3 | кг | м3 | кг | м3 | кг | м3 | кг | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| Барлығы Тәулiгiне орташа Қолдары Т.А.Ә., лауазымы
|