ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 Қаулысы
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру паспорты үшiн қажеттi мәлiметтер тiзбесiн бекiту туралы

«Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 3-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру паспорты үшiн қажеттi мәлiметтер тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 28 қарашадағы
№ 1382 қаулысымен
бекiтiлген

Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру паспорты үшiн
қажеттi мәлiметтер тiзбесi

1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрушi (бұдан әрi – өндiрушi) әзiрлеген және бекiткен және басшы не ол өкiлеттiк берген адам қол қойған этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру паспортында (бұдан әрi – паспорт) мынадай мәлiметтер қамтылады:
1) өндiрушiнiң (заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң) атауы;
2) өндiрушiнi мемлекеттiк тiркеу немесе қайта тiркеу туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi, куәлiктi берген органның атауы;
3) өндiрушiнiң заңды мекенжайы;
4) өндiрушi басшысының деректерi (өндiрушiде өндiрiс басшысы болған жағдайда оның деректерiн (тегiн, аты-жөнiн, қызметтiк телефоны мен факсының нөмiрiн) көрсету керек);
5) өндiрушiнiң қызметтi жүзеге асыру орны (өндiрiстiң орналасқан жерi, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (болған жағдайда);
6) «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрi – Ұлттық тiзiлiмдер туралы заң) сәйкес табыс ету кезiнде:
Ұлттық тiзiлiмдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн СТН – салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
Ұлттық тiзiлiмдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрi / БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мiндеттi түрде толтырылуға тиiс;
7) кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктеуiшiнiң (КҰЖЖ) коды;
8) қызмет көрсететiн банктiң атауы, есеп шоты, жеке сәйкестендiру коды (ЖСК);
9) меншiк құқықтарының түрлерi;
10) мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, берiлген күнi, құқық белгiлеушi құжатты тiркеген органның атауы;
11) өндiрушiнiң темiр жол деректемелерi;
12) қайта жөндеудi жүргiзген кезде өндiрiс пайдалануға енгiзiлген жыл (күн);
13) ғимараттар мен құрылыстардың экспликациясымен өндiрiстiң бас жоспары (паспортқа қосымша түрiнде);
14) өндiрiс аумағының жалпы ауданы;
15) ғимараттар мен құрылыстардың ауданы;
16) шығарылатын спирттiң түрi (спирттiң нормативтiк және техникалық құжаттама талаптарына сәйкестiгi туралы уәкiлеттi орган шешiмiнiң атауы, нөмiрi мен күнi);
17) шығарылатын өнiм түрлерi;
18) этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiсiнiң технологиялық схемасы;
19) этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiсiндегi цехтар мен учаскелер бойынша негiзгi технологиялық жабдықтар тiзбесi;
20) спирт сақтау қоймасы (ашық немесе жабық түрдегi) туралы;
21) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiсiн техникалық-химиялық бақылау жөнiндегi;
22) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру кезiндегi негiзгi шикiзат пен қосымша материалдар шығыстары туралы;
23) этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiсiндегi қойма үй-жайлары туралы;
24) этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiсiн метрологиялық қамтамасыз ету туралы;
25) этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiсiн инженерлiк қамтамасыз ету туралы.
2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiсiнiң технологиялық схемасының сипаттамасында мыналар көрсетiледi:
1) жабдықтың және жабдықты орналастырудың жинақтамалық жоспарының ерекшелiгiмен бiрге өндiрiстiң аппаратуралық-технологиялық схемасының кескiндiк бейнелерi;
2) этил спиртiнiң өндiрiсi кезiнде:
дәндi немесе мелассаны тасымалдау (тасымалдау тәсiлi, автомобиль және/немесе темiр жол кiрме жолдарының, автомобиль (және) немесе темiр жол таразылардың болуы);
қайнату және мия өсiру үшiн дәндi дайындау (қолданылатын әдiс, дайындаудың алдыңғы қатарлы тәсiлдерiн пайдалану);
дәндi ұсақтау (ұсақтау тәсiлi, ұнтақтау пайызы);
ашытқышты езiп қайнату (езiп қайнату әдiсi, температуралық режимдер, дайын ашытқыштың химиялық-бактериологиялық параметрлерi);
ашытқышқа қант қосу (пайдаланылатын әдiс, өлшемдерi, қант қосу уақыты);
мелассаны ашытуға дайындау (қышқылдандыру, меласса ашытқышын дайындау);
ашытқыларды дайындау (ашытқылардың пайдаланылатын расасы, температурасы және дайындау уақыты);
ашытқыштың ашуы (орнатылған күбiлердiң саны мен сыйымдылығы, қабаттау температурасы, ашыту ыдыстарының толу уақыты, берiлген ашытқылардың көлемi, ашудың температуралық режимi және уақыты, мелассаны ашытудың пайдаланылатын тәсiлi);
ашымақты спиртке айдау (пiсiп жетiлген ашымақтағы спирт құрамы (дәндi дақылды қайта өңдеу кезiнде) немесе меласса ашытқышының шоғырлануы пайызбен);
ашымақты тазарту немесе ашымақ (мелассаны қайта өңдеу кезiнде) қондырғысы (өнiмдiлiгi, айдау процестерiн басқару және реттеу режимi, қосымша бағандарды пайдалану);
ашымақты тазарту қондырғысының әрекет ету тәсiлi (үздiксiз, ұдайы);
спирт температурасын тұрақтандыру (спирт тоңазытқышының болуы, суды салқындату өлшемдерi мен пайдаланылатын көзi, спирт тоңазытқышындағы судың бағыты, спирт температурасын автоматты реттеу жүйесiн қолдану);
спирт өлшеуiш аппараттар (пастеризацияланған спирт пен эфир-альдегидтi фракцияның маркасы, iрiктеудегi олардың саны, юстирлеу күнi, дайын өнiмде әзiрлеу көлемi туралы уәкiлеттi органға нақты уақыт режимiнде ақпарат беру);
құю бөлiмi (эфир-альдегидтi фракция және тазартылмаған май сақтау);
спирт сақтау қоймасы (түрi (ашық немесе жабық), бiр мезгiлдiк сақтау сыйымдылығы);
арпаны мияға былғау;
мия өсiру (пайдаланылатын тәсiл, өсiру уақыты, температуралық-ылғалдылық режимi);
мияны ұсақтау және мия сүтiн дайындау;
ферменттердi пайдалану (атауы, шығарушы ел);
спирт өндiрiсiнiң қалдықтарын өткiзу (көмiр қышқылы, бард, эфир-альдегидтi фракция, тазартылмаған май);
шарап материалын коньяк спиртiне айдау (айдау жылдамдығы, спирттiң мөлдiрлiгiн, температурасын, қуаттылығы мен органолептикалық сапасын бақылау);
шарап материалын коньяк спиртiне айдағанда: қолданылатын қондырғы мен жабдықтың атауы, олардың түрi, маркасы, саны, өнiмдiлiгi, жасаушы зауыт, шығарылған және енгiзiлген жылы;
коньяк спиртiнiң ұсталуы (пайдаланылатын резервуардың түрi, лектердiң эгализациясы, ұсталу режимi, емен бөшкелердi, қалақшаларды немесе шыбықтарды пайдалану, үй-жай ауасының температурасы мен ылғалдылығын күнделiктi тiркеу, арнайы бақылау журналын жүргiзу, коньяк спиртiн түгендеу);
коньяк спиртiн тасымалдау (пайдаланылатын көлiк түрi және ыдыстың қорғау қабатының болуы);
3) арақ, айырықша арақ және ликер-арақ өнiмдерiн өндiру кезiнде:
суды жұмсарту тәсiлдерi;
су-спирт қоспасын дайындау (қолданылатын дайындау және араластыру тәсiлi);
су-спирт қоспасын тегеурiндi ыдысқа айдау;
су-спирт қоспасын көмiрлi-тазалау батереясында өңдеу режимi және жылдамдығы (арақтар үшiн);
су-спирт қоспасының пайдаланылатын сүзгiсi (ликер-арақ өнiмдерi үшiн);
су-спирт қоспасы талап етiлетiн кондицияларға (ингредиенттердi енгiзу) және қуаттылыққа жеткiзу;
су-спирт қоспасын өңдеудiң жаңа әдiстерiн (тазалау, жылтырлату) пайдалану;
құю (құю желiсiнiң саны мен өнiмдiлiгi, оның бақылаушы есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы (газдалған алкоголь өнiмдерiнен басқа) және дайын өнiмде әзiрлеу көлемi туралы уәкiлеттi органға нақты уақыт режимiнде ақпарат беру;
құтылау тәсiлi;
4) шарап материалы мен шарап өндiру кезiнде:
қайта өңделетiн шикiзат (жүзiмнiң, жемiс-жидектiң пайдаланылатын сорттары);
шикiзатты тасымалдау (пайдаланылатын ыдыс, мамандандырылған көлiк);
шикiзатты қабылдау және өлшеу;
шикiзатты қайта өңдеу (шикiзатты жинау мен өңдеу аралығындағы уақыт, шикiзатты сұрыптау);
ашытқышты фракциялар бойынша iрiктеу;
ашытқышқа мөлдiр рең беру тәсiлдерi (салқындату, сульфиттау, центрифугалау, бентонитпен өңдеу, ферменттiк препараттарды пайдалану);
ашытқының таза дақылдарын дайындау;
ашыту тәсiлдерi (температура, ыдыстың iшкi бетiнiң қорғағыш қабаты);
спирттеу тәсiлдерi;
тұнбадан алу;
шарап материалдарын өңдеу (өңдеу схемасы, ыдыстың iшкi бетiнiң қорғағыш қабаты);
қайтадан ашытуды енгiзу;
шарап материалын сақтау (сақтау шарттары мен режимi, ыдыстың iшкi бетiнiң қорғағыш қабаты);
шарапты құю және құтылау тәсiлi;
шарап материалын тасымалдау (пайдаланылатын көлiк түрi, оның iшкi бетiнiң қорғағыш қабатының бар-жоғы);
5) сыраны өндiру кезiнде:
қолданылатын мияны жаншудың тәсiлi мен режимi;
құлмақ беру схемасы;
ашытқышқа мөлдiр рең беру және салқындату тәсiлi;
ашытқышты қайнатудың температуралық параметрлерi;
ашытқышты қайнату процесiн автоматты түрде реттеу;
ферменттiк препараттарды пайдалану;
тұқымдық ашытқылардың түрлерi және оларды сақтау шарттары;
негiзгi ашыту мен жете ашытудың температуралық режимдерi мен күндер саны;
температуралық режимдердi бақылаудың қабылданған схемасы;
сүзгiлеу тәсiлi мен сапаны бақылау;
сүзгiленген сыраны форфастарда сақтаудың температуралық режимi;
сыраны пастеризациялау және оны сақтау мерзiмдерi;
көмiрқышқыл газын жеткiзудiң және сақтаудың қолданылатын тәсiлi;
құю (шыны шөлмекке және/немесе қалбыр құтыға құю желiсiнiң саны және өнiмдiлiгi, кегаларға құю қондырғылары).
3. Этил спиртiн өндiру кезiнде цехтар мен учаскелер бойынша негiзгi технологиялық жабдықтар тiзбесiнде:
1) шикiзатты қабылдау және өңдеу кезiнде: платформалық таразылардың, сүрлемнiң, меласса жинағыштың, ауа-елеуiш сепаратордың, магниттiк сепаратордың, тас бөлгiштiң, норийдiң, өртке қарсы қауiпсiздiк жүйесiнiң атауы, түрi, маркасы (өнiмдiлiгi, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгiзiлген жылы, жергiлiктi жылыту (мелассаны қайта өңдеу кезiнде) қондырғысы);
2) қайнату бөлiмiнде: ұнтақтаушының, қайнату агрегатының, қантқосқыштың, ферменттердi араластыру және дайындау, түйiспелi бастың, ашытқышты зарарсыздандырғыштың (мелассаны қайта өңдеу кезiнде), қантталған ашытқышты суытуға арналған жылу алмастырғыштың атауы, түрi, маркасы (өнiмдiлiгi, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгiзiлген жылы);
3) ашыту бөлiмiнде: ашыту күбiлерiнiң, беру резервуарының, ашытқыштың немесе ашытқы генераторының (мелассаны қайта өңдеу кезiнде), спирт ұстағыштың, сорғыштың, кiру-сору ауа желдеткiшiнiң атауы, түрi, маркасы (өнiмдiлiгi, сыйымдылығы, саны, жасаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгiзiлген жылы, суыту қондырғысы);
4) ашымақты тазарту немесе ашымақ (мелассаны қайта өңдеу кезiнде) бөлiмiнде: ашыту, эпюрация және тазарту колоннасының, расиропниктiң (мелассаны қайта өңдеу кезiнде), бард бөлушiнiң, дефлегматорлардың, конденсаторлардың, эфир-альдегидтi фракцияны айдауға арналған колоннаның, спирт аулағыштың, көбiк аулағыштың (мелассаны қайта өңдеу кезiнде), бас фракция тоңазытқышының, қарау шамының, ротаметрлердiң, пастеризацияланбаған спирт үшiн шыны шығын өлшеуiштiң, спирт өлшеуiш аппараттардың, насостардың атауы, түрi, маркасы (өнiмдiлiгi, саны, диаметрi (м2), табақшалардың түрi, жылу алмастырғыштың беткi қабаты (м2), жасаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгiзiлген жылы);
5) құю бөлiмiнде: негiзгi және қосымша спирт қабылдағыштар, бiрiншi сыныпты тұрақты техникалық спиртке арналған өлшеуiштiң түрi (тiк, көлденең), коммуникациялы спирттi құю үшiн жинағыштың, өзi соратын құйынды сорғының, эфир-альдегидтi фракцияны және тазартылмаған майды сақтауға арналған резервуарлардың, спирт буларын өлшеуiштiң, тыныс алу клапанының, газ коммуникациясына от бөгегiштiң, желдеткiштердiң (өнiмдiлiгi, көлемi (сыйымдылығы), саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгiзiлген жылы) бар-жоғы, жерге тұйықтау (өлшеу күнi) көрсетiледi.
4. Арақ, айырықша арақ және ликер-арақ өнiмдерiнiң өндiрiсi кезiндегi цехтар мен учаскелер бойынша негiзгi технологиялық жабдық тiзбесiнде:
1) өнiмдi дайындау цехында: су-спирт қоспасына арналған ыдыстың, купаждық, тегеурiндiк, жеткiзу күбiлерiнiң, колероварканың, iрi және мұқият тазалайтын құмсүзгiнiң, көмiрлi бағанның, ротаметрдiң, сүзгi-престiң, аламбиктiң, сорғының, қосымша сүзгiлердiң атауы, түрi, маркасы, (саны, өнiмдiлiгi, дайындаушы зауыт, ыдыс (далмен), диаметрi және биiктiгi (мм), өлшенген жылы);
2) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, жаңа шыны шөлмектердi шаю қондырғысының, бөлiктеп құю автоматының, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын желiмдеу автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын қорғауға арналған термошөгiндi қондырғысының, ыдыстан шөлмектi алу автоматының, шөлмектi ыдысқа салу автоматының, полимерлiк үлдiрмен шөлмектердi бандерольдау қондырғысының түрi, маркасы (өнiмдiлiгi, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға берiлген жылы), өндiрiс көлемдерiн бақылаушы есепке алу аспаптары (атауы, саны, абонент нөмiрi, үздiксiз қоректендiру көзi, жұмыс режимi, журнал жүргiзу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерiнiң нөмiрлерi) көрсетiледi. Тұтыну ыдысына өнiмдi құю және тығындау үшiн моноблок пайдаланылған жағдайда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмiрi, үздiксiз қоректендiру көзi, жұмыс режимi, журнал жүргiзу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерiнiң нөмiрлерi) көрсетiледi.
5. Шарап материалы мен шарап өндiрiсi кезiндегi цехтар мен учаскелер бойынша негiзгi технологиялық жабдық тiзбесiнде:
1) шикiзатты қайта өңдеу кезiнде: таразылардың, бункерлердiң, ұнтақтаушының, сорғының, ағу науаларының, престiң, транспортердiң атауы, түрi, маркасы (өнiмдiлiгi, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгiзiлген жылы);
2) тұндыру және ашыту бөлiмiнде: тұндыру ыдысының, iшкi қорғаушы қабаты бар ашыту ыдыстарының, сульфадозаторлардың, сорғының атауы, түрi, маркасы (сыйымдылығы, өнiмдiлiгi, саны, дайындаушы зауыты, пайдалануға енгiзiлген және өлшенген жылы, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етiлуi);
3) шарап сақтау қоймасы бойынша: iшкi қорғаушы қабаты бар шарап материалын, шарапты және коньякты сақтауға арналған ыдыстың, пастеризатордың, сорғының, сүзгi-престiң атауы, түрi, маркасы (сыйымдылығы, өнiмдiлiгi, түрi, маркасы, бетi (м3), саны, дайындаушы зауыт, өлшенген жылы, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етiлуi);
4) шарап сақтау қоймасында өнiмдердi сақтаудың талап етiлетiн режимiн қамтамасыз ететiн қондырғылар мен аспаптардың атауы;
5) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, бөлiктеп құю автоматының, сатуратордың, тығындау автоматының, шөлмектер бракеражының, заттаңба автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын желiмдеу автоматының, ыдыстан шөлмектi алу автоматының, шөлмектi ыдысқа салу автоматының, есепке алу-бақылау таңбаларын қорғауға арналған термошөгiндi қондырғысының түрi, маркасы (өнiмдiлiгi, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгiзiлген жылы), өндiрiс көлемiн бақылаушы есепке алу аспаптары (атауы, саны, абонент нөмiрi, үздiксiз қоректендiру көзi, жұмыс режимi, журнал жүргiзу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерiнiң нөмiрлерi) көрсетiледi. Тұтыну ыдысына өнiмдi құю және тығындау үшiн моноблок пайдаланылған жағдайда оның сипаттамасы (атауы, саны, абонент нөмiрi, үздiксiз қоректендiру көзi, жұмыс режимi, журнал жүргiзу, салынған пломбалардың саны мен бедерлерiнiң нөмiрлерi) көрсетiледi.
6. Сыра өндiрiсi кезiндегi цехтар мен учаскелер бойынша негiзгi технологиялық жабдық тiзбесiнде:
1) қайнату бөлiмiнде: ұнтақтаушының, сүзу (қайнату) күбiсiнiң, сүзгiлердiң, ашытқы қайнататын қазандықтың, жылу алмастырғыштың, гидроциклонның, құлмақ сүзгiнiң, жылтырлату машинасының, ұсатылған мияға арналған ыдыстың атауы, түрi, маркасы (сыйымдылығы, өнiмдiлiгi, саны, жасаушы зауыт, шығарылған, пайдалануға енгiзiлген және өлшенген жылы);
2) ашыту бөлiмiнде: негiзгi ашытуға арналған резервуардың, толық ашыту танкiсiнiң, шпунттың танк аппараттарымен қамтамасыз етiлуiнiң, ашытқының, сүзгiленген сыра жинағыштың, сүзгiнiң, ашытқышқа арналған қабылдағыш өлшеуiштiң, жылу алмастырғыштың, сорғының атауы, түрi, маркасы (сыйымдылығы, өнiмдiлiгi, саны, жасаушы зауыт, шығарылған, пайдалануға енгiзiлген және өлшенген жылы);
3) құю цехында: шөлмек жуғыш машинаның, жаңа шыны шөлмектi шаю қондырғысының, бөлiктеп құятын автоматтың, тығындайтын автоматтың, шөлмек бракеражының, заттаңба автоматының, ыдыстан шөлмектi алу автоматының, ыдысқа шөлмектi орналастыру автоматының, шөлмектердi полимерлiк үлдiрмен бандерольдауға арналған қондырғының, кега-бөшкелердi толтыруға арналған қондырғының, кега-бөшкелердi жууға арналған қондырғының түрi, маркасы (өнiмдiлiгi, саны, жасаушы зауыт, шығарылған және пайдалануға енгiзiлген жылы) көрсетiледi.
7. Спирт сақтау қоймасының (ашық немесе жабық түрдегi) сипаттамасында спирт қабылдау бөлiмi және спирт сақтау қоймасы туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Спирт қабылдау бөлiмi туралы мәлiметтерде:
1) 1-сыныпты техникалық стационарлық спирт үшiн өлшеуiштiң (түрi, маркасы, сыйымдылығы, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған және пайдалануға енгiзiлген жылы);
2) өлшеуiште тексерiлген екi термометрдiң
3) спирттi айдау үшiн өзi соратын құйынды сорғының (түрi, маркасы, өнiмдiлiгi, саны, дайындаушы зауыт, шығарылған жылы және пайдалануға енгiзiлген жылы, меншiк құқығын растайтын құжаттар);
4) механикалық желдетудi қамтамасыз ететiн желдеткiштiң
5) сегiз еселiк желдетудi қамтамасыз ететiн желдеткiштiң
6) жерге тұйықтаудың (өлшеу күнi);
7) спирт қабылдау бөлiмiн спирт сақтау қоймасынан бөлетiн қабырғалардың
8) өрт сөндiру құралдарының бар-жоғы көрсетiледi.
Спирт сақтау қоймасы туралы мәлiметтерде:
1) спирт сақтауға арналған резервуарлардың (сыйымдылығы, саны, өлшенген жылы);
2) резервуарларға қызмет көрсету алаңдарының
3) резервуарларда спирттi өлшеуге арналған қондырғылар мен құжаттардың
4) резервуарлардағы спирттiң шектi деңгейiн автоматты сигналдау құралдарының
5) резервуарларды суландырудың
6) спирт буларын есептеуiштiң
7) тыныс алу клапанының және газ коммуникациясында от бөгегiштiң
8) механикалық желдетудi қамтамасыз ететiн желдеткiштiң
9) сегiз еселiк желдетудi қамтамасыз ететiн желдеткiштiң
10) жерге тұйықтаудың (өлшеу күнi);
11) жайтартқыштардың
12) қосалқы (эвакуациялық) шығу есiгiнiң
13) еденнiң қарсы еңiсiнiң
14) төгiлген спирттi жинауға арналған қабылдау бөлiмiнiң
15) коньяк спиртiн сақтау қоймасын қоспағанда, жеңiл алынатын жабынның (тек жабық түрдегi);
16) өрт сөндiру құралдарының
17) өрт-күзет дабылының
18) алаңды тегiстеудiң және асфальттаудың (тек ашық түрi үшiн);
19) едендi темiрлеудiң бар-жоғы көрсетiледi.
8. Өндiрiстi техникалық-химиялық бақылау сипаттамасында өндiрiстiк зертхана, жүргiзiлетiн талдаулар және пайдаланылатын нормативтiк құжаттар тiзбесi мен техникалық құжаттама туралы мәлiметтер көрсетiледi:
1) өндiрiстiк зертхананың аттестациялық куәлiгi (нөмiрi, күнi, оны берген орган, қолданылу мерзiмi);
2) аттестациялық куәлiкке қоса берiлетiн нысанға сәйкес талдамалы бақылауға жататын шикiзат пен дайын өнiм номенклатурасы;
3) бекiтiлген технологиялық нұсқаулықтардың бар-жоғы және атауы;
4) жүргiзiлетiн талдаулар тiзбесi:
этил спиртiн өндiру кезiнде – шикiзатқа (дәндi дақылдар мен патокаларға), мияға, мия сүтiне, ашытқыларға, ашытқышқа, спиртке, бардаларға, эфиральдегид фракциясына, тазартылмаған майға, қосалқы материалдарға, суға;
арақ, айырықша арақ және ликер-арақ өнiмдерiн өндiру кезiнде – суға, спиртке, су-спирт қоспаларына, ингредиенттер мен басқа қосалқы материалдарға, белсендiлендiрiлген көмiрге, хош иiстi спиртке, дайын өнiмдерге, жарамсыздығы дұрысталмайтын ақауға;
шарап материалы мен шарап өндiру кезiнде – шикiзатқа, ашытқыларға, ашымаққа, шарап материалына, шарап пен коньякқа, қосалқы материалға, өндiрiс қалдықтарына, суға, спиртке, дайын өнiмге;
сыра өндiру кезiнде – шикiзатқа, мияға және ашытылмаған материалдарға, құлмаққа, құлмақ өнiмiне, ашытқышқа, ашытқыға, қосалқы материалдарға, суға, дайын өнiмге;
5) нормативтiк-техникалық құжаттаманың бар-жоғы;
6) техникалық-химиялық бақылауды жүргiзуге арналған аккредиттелген зертханамен шарттың (атауы, қолданылу мерзiмi) бар-жоғы көрсетiледi.
9. Этил спиртiн өндiру кезiндегi негiзгi шикiзат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәлiметтерде:
1) қайта өңделетiн шикiзаттың шартты крахмалының тоннасынан алынатын спирт шығымы (дал/тонна), мына дәндi дақылдар бойынша:
жүгерi;
бидай;
тары;
қара бидай;
арпа;
сұлы;
2) мелассаны қайта өңдеу кезiндегi спирт шығымы (шартты крахмалдың дал/тоннасында);
3) этил спиртiнiң, тiкелей немесе екi рет айдау жолымен өндiрiлген шарап материалының шығымы;
4) мына дәндi дақыл түрлерi бойынша мияны дайындауға бидай шығымы (мияның шартты крахмалын қоса алғанда, шикiзаттың қайта өңделетiн шартты крахмалының массасына пайыздарда):
бидай;
сұлы;
құмай;
күрiш;
5) мияны мына түрлер бойынша толық ауыстырған кезде ферменттiк препараттардың шығысы (литрде/1000 дал спирт): амилосубтилин, глюковамарин, сансупер, термомил;
6) шарап материалының шығысы;
7) көмiрқышқылының шығысы (кг/1000 дал спирт);
8) бардтың шығысы (литрде/1000 дал спирт);
9) эфиральдегидтi фракцияның шығысы (далда/1000 дал спирт);
10) тазартылмаған май шығысы (далда/1000 дал спирт);
11) күкiрт қышқылының шығысы (кг/1000 дал спирт);
12) ортофосфор қышқылының шығысы, 70 пайыз (кг/1000 дал спирт);
13) фосфат диаммониiнiң шығысы (кг/1000 дал спирт);
14) карбамид шығысы (кг/1000 дал спирт);
15) формалиннiң шығысы (кг/1000 дал спирт);
16) хлорлы әктастың шығысы (кг/1000 дал спирт);
17) каустикалық соданың шығысы (кг/1000 дал спирт);
18) өткен жыл үшiн жылу энергиясының шығысы (гкал/1000 дал спирт);
19) өткен жыл үшiн электр энергиясының шығысы (квт-сағ/1000 дал спирт);
20) өткен жыл үшiн судың шығысы (м3/1000 спирт далы) көрсетiледi.
10. Арақ, айырықша арақ және ликер-арақ өнiмдерiн өндiру кезiндегi негiзгi шикiзат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәлiметтерде:
1) арақ өндiрiсiндегi спирт шығысы (дал б.с./1000 дал);
2) көлемi мен деңгейi бойынша құйылатын iшкi нарыққа арақтарды, айырықша арақтарды және ликер-арақ өнiмдерiн өндiру кезiндегi спирт шығыны (дайын өнiмдегi спирт көлемiнiң %);
3) хош иiстi спирттердi өндiру кезiндегi спирт шығыны (құюға алған спирт көлемiне пайызда);
4) жарамсыздығы дұрысталмайтын ақауды буландыру кезiндегi спирт шығыны (айдаудағы спирт көлемiне пайызбен);
5) құю цехтары мен дайын өнiмдер қоймаларындағы өнiм шығыны (дайын өнiмдегi сусыз спиртке пайызда);
6) шыны шөлмектердiң шығыны (сынуы) (қабылданған қосылған босатылған, екiге бөлiнген шөлмектер санына пайызбен);
7) тасымалдау кезiндегi өнiм шығыны (тиеп-жөнелтiлген санға пайызбен);
8) заттаңбалардың, кольереткалардың және контр заттаңбалардың шығыны (дайын өнiмдерi бар шөлмектер санына пайызбен);
9) жылу энергиясының шығысы (орташа жылдық гкал/өнiмнiң 1000 дал);
10) электр энергиясының шығысы (орташа жылдық квт-сағ/өнiмнiң 1000 дал);
11) судың шығысы (орташа жылдық м3/ өнiмнiң 1000 дал) көрсетiледi.
11. Шарап материалы мен шарап өндiру кезiндегi негiзгi шикiзат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәлiметтерде:
1) шикiзатты:
ашытқышқа жүзiмдi;
ашытқышқа жүзiм сағын;
кәдеге жаратылатын материалдарды қайта өңдеу (салмағына пайызбен);
2) шарап материалдарындағы спирттiң шығыны (спирттiктiң төмендеуi) (көлемдiк пайызбен):
купаж бен құюды қоса алғанда, күшейтiлген шарап материалдарын технологиялық өңдеу кезiнде (термикалық өңдеусiз);
купаж бен құюды қоса алғанда, ашытылған спирттелген шырындардан дайындалған жемiс-жидек шарап материалдарында;
шарап материалын бiр жыл сақтау кезiнде;
3) технологиялық өңдеу кезiнде шарап материалының шығыны (осы операцияға келiп түскен шарап материалының санына (көлемiне) пайызбен):
қайта құю (қайта айдау) кезiнде;
араластыру кезiнде: купаж кезiнде, эгализация кезiнде, спирттеу кезiнде; желiмдеу кезiнде;
сүзгiлеу кезiнде: шараптың сүзгi картонға сiңуi, шараптың сүзгi мақтаға сiңуi, шараптың диатомитке сiңуi кезiнде;
термикалық өңдеу кезiнде (жылумен не суықпен): ұстаусыз ағында, кейiннен 10 тәулiкке дейiн ұстай отырып ағында;
4) шараптың құю кезiндегi шығыны (осы операцияға келiп түскен шарап санына (көлемiне) пайызда):
ыстық күйiнде құю;
шөлмекте пастеризациялау;
әрлеу және дайын өнiмдер қоймасына беру;
дайын өнiмдер қоймасында сақтау кезiнде;
5) аппараттарда шарап материалдарын айдау арқылы коньяк спиртiн алу кезiнде спирт шығыны (шарап материалдарындағы сусыз спирт көлемiне пайызбен);
6) шыны шөлмектердiң шығыны (сынуы) (қабылданған қосылған босатылған, екiге бөлiнген шөлмектер санына пайызбен):
сақтау кезiнде;
ыдыс цехтарында өңдеу кезiнде;
өте кiрленген шөлмектердi алдын-ала жуу кезiнде;
iшкi қоймада тасығанда, сақтағанда және автомашинаға тиегенде;
7) шыны шөлмектердiң шығыны (сынуы) (өндiрiске келiп түскен санына пайызбен):
жуғанда;
құйғанда;
тығындағанда;
безендiргенде;
жәшiктерге салғанда және дайын өнiмдер қоймасына тапсырғанда;
8) тасымалдау кезiндегi өнiм шығыны (тиеп-жөнелтiлген санға пайызбен);
9) заттаңбалардың, кольереткалардың және контр заттаңбалардың шығыны (дайын өнiмдерi бар шөлмектер санына пайызбен);
10) жылу энергиясының шығысы (орташа жылдық гкал/өнiмнiң 1000 дал);
11) электр энергиясының шығысы (орташа жылдық квт-сағ/өнiмнiң 1000 дал);
12) судың шығысы (орташа жылдық м3/өнiмнiң 1000 дал) көрсетiледi.
12. Сыра өндiру кезiндегi негiзгi шикiзат пен қосалқы материалдардың шығысы туралы мәлiметтерде:
1) сыра өндiруге шикiзат шығысы (кг/1000 дал):
мия;
ашытылмаған материалдар;
қант шикiзаты;
2) ұнтағыштағы тұнбаның шығыны (пайызбен);
3) сыраны құю кезiнде шөлмектердiң шығыны (сынуы) (пайызбен);
4) ашытқышты суыту кезеңiндегi шығын (пайызбен);
5) ашыту кезiнде шығыны (пайызбен);
6) толық ашыту кезiндегi шығын (пайызбен);
7) калировка кезiндегi мия шығыны (пайызбен);
8) ыдыссыз тасымалдау кезiндегi сыра шығыны (цистерналарға құюды, тасымалдауды және сауда желiсiне берудi есепке алғанда (пайызбен));
9) құю цехтары мен дайын өнiмдер қоймаларындағы өнiмдер шығыны (пайызбен);
10) сыраны пастеризаторларда пастеризациялау кезiнде шөлмектердiң сынуы (пайызбен);
11) жылу энергиясының шығысы (орташа жылдық гкал/1000 дал сыра);
12) электр энергиясының шығысы (орташа жылдық квт-сағ/1000 дал сыра);
13) судың шығысы (орташа жылдық мың м3/1000 дал сыра) көрсетiледi.
13. Этил спиртiн өндiру кезiнде қойма үй-жайлары туралы мәлiметтерде:
1) бидайды, мелассаны, көмiрқышқылын, ферменттердi, қосалқы материалдарды сақтауға арналған қойма (саны, ауданы (м2);
2) бiр мезгiлдiк сақтау ыдысы (тоннада, баллонда);
3) талап етiлетiн сақтау режимiн қамтамасыз ететiн қондырғылардың атауы көрсетiледi.
14. Арақ, айырықша арақ, ликер-арақ өнiмдерiн және шарап жасау өнiмдерiн өндiру кезiнде қойма үй-жайлары туралы мәлiметтерде:
1) ашық және/немесе жабық түрдегi ыдысты қабылдау және сақтау қоймасы (бiр мезгiлдiк сақтауға арналған қойма саны, ауданы (м2), сыйымдылығы (мың шөлмек), үй-жайды жылытуға арналған қондырғының атауы және саны);
2) дайын өнiмдi сақтауға арналған қойма (бiр мезгiлдiк сақтауға арналған қойма саны, ауданы (м2), сыйымдылығы (мың шөлмек), жылытуға және суытуға арналған қондырғының, сондай-ақ сақталуын бақылау аспаптарының атауы және саны);
3) қосалқы материалдарды сақтауға арналған қойма (саны, ауданы (м2), сақталынатын материалдардың атауы) көрсетiледi.
15. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiсiн метрологиялық қамтамасыз ету жөнiндегi мәлiметтерде:
1) атауы, түрi, маркасы, метрологиялық сипаттамалары, саны және тексеру мерзiмдiлiгi көрсетiле отырып, тексеруге жататын өлшеуiш құралдарының тiзбесiнiң бар-жоғы;
2) метрологиялық қызмет көрсету туралы шарт (нөмiрi, күнi, оны жүзеге асыратын орган);
3) өлшеуiш құралдарын тексерудiң жүзеге асырылуы үшiн жауапты адам (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты, бұйрықтың күнi мен нөмiрi) көрсетiледi.
16. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiсiн инженерлiк қамтамасыз ету жөнiндегi мәлiметтерде:
1) желдеткiш және ауамен қамтамасыз ету: желдеткiштердiң, сығылған ауаны өндiруге арналған компрессорлық қондырғының, су және ауа жылытқыштың атауы, түрi, маркасы, өнiмдiлiгi, саны;
2) су жеткiзу және кәрiз:
су жеткiзу көзiнiң (орталықтандырылған және/немесе артезиандық құдық) бар-жоғы;
тереңдiк сорғының түрi, маркасы, өнiмдiлiгi, саны;
өткен жыл үшiн технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық қажеттiлiктерiне пайдаланылған судың көлемi (м3);
резервтегi суды сақтау үшiн бассейннiң бар-жоғы (саны, бiр мезгiлдiк сақтау көлемi (м3);
өткен жылы қалалық тазалау құрылғыларына және/немесе өзiнiң сүзгiлеу алаңдарына ағызылатын құйынды сулардың көлемi (м3);
3) электрмен жабдықтау:
жабдықтау көзiнiң бар-жоғы (орталықтандырылған және/немесе дербес);
трансформатордың түрi, маркасы, саны, қуаты, өткен жыл iшiнде электр энергиясын тұтыну көлемi (квт/сағ);
4) жылумен жабдықтау:
жабдықтау көзiнiң бар-жоғы (орталықтандырылған және/немесе дербес);
орнатылған бу қазандықтарының (пайдаланылатын отын түрi), су жылыту қазандығының, суық өндiретiн компрессорлық қондырғының атауы, түрi, маркасы, өнiмдiлiгi, саны;
өткен жыл iшiнде тұтынылған (өндiрiлген) жылу энергиясының көлемi;
5) су дайындау:
пайдаланылатын қондырғылар мен сүзгiлердiң атауы, түрi, маркасы, өнiмдiлiгi, саны;
жұмсартылған су жинағыштың саны мен сыйымдылығы (м3) көрсетiледi.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina