ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерiн...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерiн жасанды ғимараттар салу үшiн беру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1419 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1419 қаулысымен
бекiтiлген

Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерiн жасанды ғимараттар салу үшiн беру қағидаларын бекiту туралы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң 13-бабына сәйкес әзiрлендi және аумақтық және iшкi сулар алып жатқан жер учаскелерiн (бұдан әрi - жер учаскесi) жасанды ғимараттарды салу үшiн беру тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Қағидаларда мынандай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкiлеттi орган - тиiстi облыстың жергiлiктi атқарушы органының табиғатты пайдалану саласындағы құрылымдық бөлiмше;
2) жасанды ғимарат - топырақты шаю немесе топырақ салу жұмыстарын немесе өзге технологияларды пайдалана отырып, жүргiзiлетiн жұмыстар арқылы жасалған, күрделi құрылыс объектiлерi орналасқан су бетiндегi жайлақ объект;
3) тапсырыс берушi - Қазақстан Республикасы мұнай-газ секторын дамытуға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына енгiзiлген, теңiзде жасанды гимараттарды жасаушы заңды немесе жеке тұлға.
3. Жер учаскелерi берiлетiн жасанды ғимараттарға: айлақ, пирс, толқын тоспасы, мол, эллинг, док, слип, су жинау, су реттеушi және су қорғаушы құрылыстар, кеме және кеме жөндеу құрылысы зауыты (верфь), теңiз металл конструкцияларын дайындау зауыты, бұрғылау ерiтiндiлерiн жасау зауыты, теңiз мұнай операцияларын сүйемелдеудiң жағалық базасы, мұнайдың төгiлуiне әсер ету базасы, теңiз кемелерiне май құю станциясы, мұнай өнiмдерiн ауыстырып құю терминал, құбырларды бетондау зауыты, су түбiн тереңдету флотын техникалық сүйемелдеу базасы, сұйытылған газ терминалы мен порт флотының базасы жатады.
4. жасанды ғимараттарды салу үшiн жер учаскелерi 49 жыл мерзiмге дейiнгi мерзiмде уақытша өтеулi жер пайдалануға (жалға) берiледi.

2. Жасанды ғимараттарды салу үшiн жер учаскелерiн беру

5. Жасанды ғимараттарды салу үшiн жер учаскелерiн берудi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөнiндегi тиiстi бассейндiк инспекциясымен келiсiм бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарының жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады. Каспий теңiзiндегi Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi сулар шегiндегi облыстардың шекаралары облыстардың Каспий теңiзi жағалауы құрлығындағы әкiмшiлiк шекараларының түйiскен нүктесiн ескере отырып, солтүстiк ендiктiң 46 градус сызығына параллель сызық ретiнде анықталады.
6. Жасанды ғимараттарды салу үшiн жер учаскелерiн беру мынандай тәртiпте жүргiзiледi:
1) жер учаскесiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы өтiнiштi қарауға қабылдау;
2) жер учаскесiн алдын ала таңдау;
3) тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесiн беру туралы қорытындысын дайындау;
4) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
5) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешiмiн қабылдауы;
6) жер учаскесiн уақытша өтеулi пайдалану (жалдау) туралы шарт жасасу;
7) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындау және беру.
7. Жер учаскесiне жер пайдалану құқығын беруге мүдделi тапсырыс берушiлер сұралып отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша облыстың тиiстi жергiлiктi атқарушы органына өтiнiш бередi.
8. Өтiнiште: жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi, сұралып отырған пайдалану құқығы көрсетiлуi тиiс.
9. Өтiнiшке:
1) заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстыруын тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда құжаттың нотариалды расталған көшiрмесi);
2) салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi (салыстыруын тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда құжаттың нотариалды расталған көшiрмесi);
3) заңды тұлға жарғысының көшiрмесi (салыстыруын тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда құжаттың нотариалды расталған көшiрмесi) қоса берiледi.
10. Тапсырыс берушiнiң өтiнiшi түскен кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде қоса берiлген құжаттары бар өтiнiш жасанды ғимараттар орналасқан жерiн алдын ала таңдауды ұйымдастыру үшiн уәкiлеттi органға түседi.
11. Жасанды ғимараттарды салу үшiн жер учаскесiн беру туралы өтiнiштi қараудың жалпы мерзiмi өтiнiш түскен сәтiнен бастап екi айға дейiнгi уақытты құрайды.
Аталған мерзiмге:
1) Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 44-бабының 3-тармағына сәйкес дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау;
2) Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 44-бабының 6-тармағына сәйкес келiсу кезеңдерi кiрмейдi.
12. Жасанды ғимаратты орналастыратын орынды алдын ала таңдау қоса берiлген құжаттары бар өтiнiш түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
Жасанды ғимараттың орналастыратын орнын алдын ала таңдау жер учаскесiн таңдау туралы актiмен үш данада рәсiмделедi. Жер учаскесiн таңдау актiсiнде бұрылу нүктелерiнiң географиялық координаттары көрсетiле отырып жер учаскесiнiң орналасқан жерiнiң сипаттамасы, сондай-ақ жер учаскесiнiң көлемi көрсетiледi.
13. Уәкiлеттi орган жер учаскесiн таңдау актi рәсiмдеген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiнiң орталық аппаратына келiсуге жiбередi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiнiң орталық аппараты жер учаскесiн таңдау туралы актi алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оны қарайды және нақты жер учаскесiн таңдау актiсiн немесе келiсу туралы дәлелдi жауабы бар хатты жолдайды.
Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiнiң орталық аппаратының хатын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде осы тармақта көрсетiлген хатты қоса берiп, жер учаскесiн таңдау туралы актi тиiстi облыстың жергiлiктi атқарушы органы жергiлiктi өкiлдi органның депутаттарына, жер қатынастары саласындағы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы, көлiк және коммуникация саласындағы, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, балық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және қорғау саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, кемелердiң және объектiлерде жұмыс жүргiзудiң қауiпсiздiгi саласындағы облыстың, ауданның уәкiлеттi органдарының өкiлдерiнен құрған тиiстi комиссияға келiсуге жолдайды.
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетiлген комиссия негiзделген оң немесе терiс қорытынды шығарады. Оң қорытынды жасанды ғимараттарды салу үшiн жер учаскесiн беруге негiз болып табылады, ал терiс қорытынды - жасанды ғимараттарды салу үшiн жер учаскесiн беруден бас тарту үшiн негiз бола алады.
15. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетiлген комиссияның қорытындысы жер учаскесiн таңдау туралы акт түскен кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде хаттамалық шешiм нысанында екi данада жасалады.
16. Хаттамалық шешiмге қол қойылғаннан кейiн оң қорытындысы бар хаттамалық шешiмнiң бiр данасы жерге орналастыру жобасын әзiрлеу үшiн үш жұмыс күнi iшiнде тапсырыс берушiге жолданады, екiншi данасы уәкiлеттi органға тапсырылады.
17. Құрамында берiлетiн жер учаскесiнiң көлемi, оның шекарасы мен орналасқан жерi, жер учаскесiнiң жанама иелерi және жердi пайдаланушылар, сондай-ақ берiлiп отырған жер учаскесiнiң ауыртпалықтары мен сервитутi нақтыланған жерге орналастыру жобасын тапсырыс берушi уәкiлеттi органға енгiзедi.
18. Жерге орналастыру жобасының негiзiнде уәкiлеттi орган уақытша өтеулi түрде жер учаскесiн жасанды ғимараттарды салу үшiн пайдалануға (жалға) беру туралы тиiстi облыстың атқарушы органы шешiмiнiң жобасын әзiрлеп, бекiтуге енгiзедi.
19. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы жерге орналастыру жобасы түскен кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жер учаскесiн жасанды ғимараттарды салу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалануға (жалға) беру туралы шешiм қабылдайды.
20. Жасанды ғимараттарды салу үшiн жер учаскесiн уақытша жер пайдалануға (жалға) беру туралы шешiм комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негiзiнде қабылданады.
21. Жасанды ғимараттарды салу үшiн жер учаскесiн уақытша жер пайдалануға (жалға) беруден бас тарту туралы шешiм комиссияның терiс қорытындысы келiп түскен кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде қабылданады.
22. Жер учаскесiн беру немесе беруден бас тарту туралы шешiмнiң көшiрмесi оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жолданады.
23. Жер учаскесiн беру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн жер учаскесiн уақытша өтеулi пайдалану (жалдау) туралы шарт жасалынады.
24. Жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын әзiрлеу және беру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысымен бекiтiлген "Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлер ресiмдеу және беру" деген мемлекеттiк қызмет стандартының 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсырған кезден бастап алты жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
25. Жасанды ғимарат жылжымайтын мүлiк объектiсi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жатады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina