ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1420
қаулысымен
бекiтiлген

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған

тұрғын үй беру және пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңын (бұдан әрi – Заң) iске асыру мақсатында әзiрлендi және мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
2. Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттiк тұрғын үй қоры – мемлекетке меншiк құқығымен тиесiлi және коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қорына, сондай-ақ мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорына кiретiн тұрғын үйлер;
2) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлердi пайдалануға беру жөнiндегi арнайы мемлекеттiк мекемеге бекiтiлген, жергiлiктi атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
3) мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттiк кәсiпорынның қарауындағы тұрғын үйлер;
4) мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қоры – тұрғын үйлердi пайдалануға беру жөнiндегi арнайы мемлекеттiк мекеменi қоспағанда, мемлекеттiк мекемелердiң қарауындағы тұрғын үйлер;
5) тұрғын жай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгiленген техникалық, санитариялық және басқа да мiндеттi талаптарға сай келетiн жеке тұрғын үй бiрлiгi (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме).
3. Кондоминиум объектiсiнен тұрғын үй берген орган меншiк иесiнiң бiрi ретiнде кондоминиумға қатысушы және кондоминиум объектiсiн бiрлесiп басқару үшiн меншiк иелерi құрған бiрлестiктiң мүшесi болып табылады.
Кондоминиум объектiсiнен тұрғын үй берген орган меншiк иесiнiң бiрi ретiнде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды жалдаушыға (қосымша жалдаушыға) кондоминиум объектiсiн басқаруға қатысу жөнiндегi өзiнiң құқығын бередi. Бұл орайда, жалдаушы (қосымша жалдаушы) мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы үйлерден тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемдерден басқа, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлiктi өздерiнiң үлестерiне тең мөлшерде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалған жалпы шығыстарға қатысады.
4. Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгi ереженi тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган бекiтедi.

2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған

тұрғын үй беру тәртiбi

5. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елдi мекенде (тұру мерзiмiне қарамастан) тұрақты тұратын және:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына;
2) Заңның 68-бабының 1-1) – 11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбiр мүшесiне республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiнен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiндегi коэффициент жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды;
3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлiкке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
4) жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.20 № 500 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
6. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша тұрғын үй комиссиясы шешiмiнiң және жасалған тұрғын үйдi жалдау шартының негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша берiледi.
Мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй комиссиясының тұрғын үй беру туралы шешiмiнiң және жасалған тұрғын үйдi жалдау шартының негiзiнде берiледi.
Мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй комиссиясының тұрғын үй беру туралы шешiмiнiң және жасалған тұрғын үйдi жалдау шартының негiзiнде берiледi.
7. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тиiстi тұрғын үй комиссиясының осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру туралы шешiмiнiң негiзiнде тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
8. Тұрғын үй комиссиясының шешiмi екi данада жасалады, олардың бiреуi тұрғын үй берген органда қатаң есептiлiк құжаты ретiнде сақталады, ал екiншiсi өтiнiш берушiге берiледi және мемлекеттiк тұрғын үйге қоныстануға құқық беретiн бiрден-бiр құжат болып табылады.
9. Тұрғын үй алу үшiн азаматтар тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды:
1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгiлейтiн нысан бойынша өтiнiш;
2) өтiнiш берушi мен оның отбасы мүшелерiнiң жеке куәлiктерiнiң не паспорттарының көшiрмелерiн;
3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәлiктiң көшiрмесiн;
4) еңбек кiтапшасының кадр қызметi растаған көшiрмесiн немесе қызметтiк тiзiмiнен үзiндiнi;
5) аумақтық әдiлет органының (өтiнiш берушiнiң және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерiнiң меншiк құқығында оларға тиесiлi үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын;
6) басқа адамдар өтiнiш берушiнiң отбасының мүшесi деп танылған жағдайда өтiнiш берушiге оларды отбасының мүшесi деп тану туралы соттың шешiмiн ұсынады;
7) азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесiн (құжатты салыстыру үшiн) не тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын анықтама бюросының немесе селолық округ әкiмнiң анықтамасын (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);
8) өтiнiш берушiнiң (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтiк қорғау органының анықтамасын не мемлекеттiк қызметшiнiң, бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң, әскери қызметкерлердiң, ғарышкерлiкке кандидаттың, ғарышкердiң жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);
9) жалғыз тұрғын үйi авариялық жағдайда деп танылған азаматтар жергiлiктi атқарушы органдардың осы жағдайды растайтын анықтамасын тапсырады;
10) халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтiнiш жасаудың алдында отбасының әрбiр мүшесiнiң соңғы он екi ай iшiнде табысы туралы қосымша мәлiмет (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде) тапсырады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.20 № 500 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
10. Тұрғын үй комиссиясы өтiнiш берушi осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсырған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде тұрғын үйдi беру не жазбаша түрде дәлелдi бас тарту туралы шешiм шығарады.
11. Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйдi беру туралы шешiм шығарған жағдайда он бес күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгi шартына сәйкес) тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты (өтiнiш берушi мен тұрғын үйдi берген органның арасында жасалады.
12. Тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты үш данада жасалады. Олардың бiреуi мемлекеттiк мекеменiң (мемлекеттiк кәсiпорынның) әкiмшiлiгiнде сақталады, екiншiсi жергiлiктi атқарушы органға берiлiп, қатаң есептiлiк құжаты ретiнде сақталады, үшiншiсi өтiнiш берушiге берiледi және мемлекеттiк тұрғын үйге қоныстануға құқық беретiн бiрден-бiр құжат болып табылады.

3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған

тұрғын үйдi пайдалану тәртiбi

13. Азаматтар тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты бойынша берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерге кiргiзiледi.
14. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) онымен бiрге тұрып жатқан отбасы мүшелерi жалға алушымен тең құқықтарды пайдаланады және тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын мiндеттердi атқарады.
15. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) және өзiмен бiрге тұрып жатқан оның отбасы мүшелерi тұрғын үйдiң сақталуын қамтамасыз етедi, кондоминиумның ортақ мүлкiне ұқыптылықпен қарайды.
16. Тұрғын үйдiң жекелеген конструкцияларында авариялық жағдайлар және бүлiну анықталған жағдайда жалға алушы (қосымша жалға алушы) және онымен бiрге тұрып жатқан оның отбасы мүшелерi қолжетiмдi барлық байланыс құралдары арқылы кiдiртпестен не жеке өзi жалға берушiге болған жағдайды хабарлайды.
17. Егер тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) күрделi жөндеу жүргiзiлген кезде жөндеудi жалға алушыларды (қосымша жалға алушыларды) көшiрмей жүргiзу мүмкiн болмаса, жалға берушi жөнделетiн тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзбастан, күрделi жөндеу жүргiзiлетiн техникалық, санитарлық және басқа да мiндеттi талаптарға жауап беретiн уақытқа басқа тұрғын үй бередi.
18. Жалға алушылар (қосымша жалға алушылар) тұрғын үйдi босатқан кезде жалға берушiге тұрғын үйдi берген орган белгiлеген нысанға сәйкес тапсыру актiсi бойынша тұрғын үйдi бередi.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан
тұрғын үй немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергiлiктi атқарушы
орган жалдаған тұрғын үй беру
және пайдалану қағидаларына
қосымша

Нысан

Тұрғын үй комиссиясының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын
үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган

жалдаған тұрғын үй беру туралы шешiмi

____________ облыс, қала 20 __ жылғы «__» _____________

Тұрғын үй беру туралы тұрғын үй комиссиясының № _______ шешiмi
_________________________________________________________ комиссиясы
(тұрғын үй берген органның атауы)
отбасында ______ адамы бар _________________________________ азаматқа
(жазумен)
_____________________________________________________________________
(жалға алушының тегi, аты, әкесiнiң аты)
мынадай мекенжайда орналасқан: _____________________________________,
_______ бөлмеден тұратын, пайдалы алаңы, _______ шаршы метр, оның
iшiнде _______ тұрғын алаңы бар тұрғын үйдi жалға (қосымша жалға) берудi шештi.

Отбасының құрамы:

Туысқандық дәрежесi

Аты-жөнi







Комиссия төрағасы: Комиссия мүшелерi:
____________________ 1. ________________________
(аты-жөнi) (аты-жөнi, қолы)
Қолы _______________ 2. ________________________
(аты-жөнi) (аты-жөнi, қолы)
3. ________________________
М.О. (аты-жөнi, қолы)
4. ________________________
(аты-жөнi, қолы)
М.О.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1420 қаулысымен
бекiтiлген

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйдi немесе
жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған

тұрғын үйдi жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгi шарты

____________ облыс, қала 20 __ жылғы «__» _____________

№ ___ шарт

Бұдан әрi бiрлесiп «Тараптар» деп аталатын жалға берушi _______
______________________________________________________________ атынан
(тұрғын үй берген органның атауы)
_____________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
(құрылтай құжаттары)
_____________________________________________________________________
(тұрғын үй комиссиясы төрағасының тегi, аты, әкесiнiң аты)
және ________________________________ берген жеке куәлiгiнiң/ паспорттың № ________ азамат(ша) тұлғасындағы Жалға алушы ______________________ мына төмендегiлер туралы осы Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгi шартын (бұдан әрi – Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәнi

1. Жалға берушi Жалға алушыға және оның отбасы мүшелерiне:

Отбасы мүшелерiнiң аты-жөнi

Туысқандық дәрежесi










мынадай мекенжайда орналасқан:_______________________________________
____________________________________________________________________,
_______ бөлмеден тұратын, пайдалы алаңы, _______ шаршы метр, оның iшiнде тұрғын алаңы ________ шаршы метр, тұрғын емес алаңы ________ шаршы метр тұрғын үйдi жалға (қосымша жалға) бередi, оның сипаттамасы осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын тұрғын үйдi қабылдау-беру актiсiнде көрсетiлген.

2. Шартты жасасудың негiздерi

2. Тұрғын үй комиссиясының ___________________________________
(тұрғын үй берген органның атауы)
тұрғын үй беру туралы 20 __ жылғы «___» _____________ № ___ шешiмi осы Шартты жасасудың негiзi болып табылады.

3. Есеп айырысуды жүргiзу тәртiбi

3. Тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлем айына ____ теңгенi құрайды. Төлем мөлшерiн есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 6 қыркүйекте нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7163 болып тiркелген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн есептеу әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлем шоттарын Жалға берушi Жалға алушыға бередi.
4. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар үшiн төлемдi Жалға алушы кондоминиум объектiсiн басқару органының немесе тұрғын үй (тұрғын ғимарат) иесiнiң шоттары бойынша жүргiзедi.
5. Жеке шарт бойынша Жалға алушыға көрсетiлетiн коммуналдық және өзге де қызметтер үшiн төлемдi тiкелей қызмет көрсетушi жүзеге асырады.
6. Шарт бойынша бүкiл есеп айырысулар мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) Жалға алушы (қосымша жалға алушы) осы Шартты жасасқан сәттен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде тұратын алғашқы айға толық көлемде алдын ала төлем жасайды;
2) одан кейiнгi төлемдi Жалға алушы есептесу кезеңiнен кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi. Төлем мерзiмдерi сақталмаған жағдайда мерзiмi өткен әрбiр күнге төлем сомасының 0,1 %-ы мөлшерiнде өсiмпұл есептеледi.
7. Шарт бойынша бiр айдан артық ақы төленбеген жағдайда Жалға берушi соттың шығындардың орнын толтыра отырып, Жалға алушыдан төлемдi мәжбүрлеп өндiрiп алу туралы сотқа жүгiнуге құқылы.
8. Жалға алушы тұрғын үйдi, инженерлiк желiлердi және ортақ пайдаланылатын орындарды тұрғын үй-жай, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) элементтерiнiң техникалық сипаттамасының нашарлауына, ақауына, бүлiнуiне, қирауына алып келетiндей күтiп ұстамаған кезде Жалға берушi Жалға алушы өтеуге тиiс келтiрiлген зиян мөлшерiн көрсете отырып, акт жасайды. Келтiрiлген зиянның көрсетiлген мөлшерiнiң құнына Жалға алушы келiсiм берген кезде Тараптар актiге қол қояды. Жалға алушы өтеуге жататын келтiрiлген зиянның құнымен келiспеген жағдайда өндiрiп алу сот тәртiбiнде жүргiзiледi.

4. Тараптардың құқықтары

9. Жалға берушi:
1) Жалға алушының немесе Жалға алушы отбасының кәмелетке толған мүшесiнiң келiсiмi бойынша және қатысуымен берiлген тұрғын үйдiң тұрғын және қосымша үй-жайларының техникалық қондырғылары конструкцияларының жай-күйiне тексеру жүргiзуге;
2) осы Шартты «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының (бұдан әрi – Заң)103-бабының негiзiнде бұзуға;
3) Жалға алушыны және онымен бiрге тұратын адамдарды Заңның 107, 108-баптарында көзделген негiздер бойынша басқа тұрғын үй берместен одан шығаруға;
4) тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн уақытында және толық аударым жасауға бақылауды жүзеге асыруға;
5) тұрғын үйдi мақсатты пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
10. Жалға алушы:
1) өзi және (немесе) өзiнiң отбасы мүшелерi алты айдан артық мерзiмде болмаған кезде Жалға берушiнi бұл туралы жазбаша хабардар еткен және осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаған жағдайда тұрғын үйдi пайдалану құқығын өзiне қалдыруға;
2) Жалға алушы уақытша болмайтын тұрғын үйде тұрып жатқан Жалға алушының отбасы мүшелерi бұрынғы талаптар бойынша тұрғын үйдi пайдалануға құқылы. Бұл ретте олар осы Шарт бойынша құқықтарды жүзеге асырады және мiндеттi болады;
3) қажет болған жағдайда, Жалға берушiден тексеру актiсiн жасай отырып, берiлген тұрғын үйдiң, оның iшiнде конструкциялар мен техникалық құрылғылардың жай-күйiне жоспардан тыс тексеру жүргiзудi талап етуге;
4) тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн аванспен төлемдер жасауға құқылы.

5. Тараптардың мiндеттерi

11. Жалға берушi:
1) осы Шартқа Тараптар қол қойғаннан кейiн он бес күнтiзбелiк күн iшiнде қабылдау-беру актiсi бойынша Жалға алушыға белгiленген техникалық, санитарлық және басқа да мiндеттi талаптарға жауап беретiн жай-күйдегi тұрғын үй беруге;
2) тұрғын үйге күрделi жөндеу жүргiзуге;
3) Жалға алушы (оның талабы бойынша) тұрғын үйдi күтiп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге арналған тарифтермен және есептемелермен таныстыруға;
4) егер тұрғын үй-жай не тұрғын үй (тұрғын ғимарат) Тараптарға байланысы жоқ мән-жайлардың әсерiнен мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз жай-күйге, авариялық жай-күйге түссе немесе бұзылуға тиiс болса, Жалға берушi үш ай мерзiм iшiнде Жалға алушымен өзге тұрғын үй-жайды жалдау шартын жасасуға не Жалға алушының қалауы бойынша осы Шартты бұзуға;
5) авариялар болған және форс-мажорлық ахуал туындаған жағдайда, оларды жою үшiн дереу барлық қажеттi шараларды қабылдауға;
6) Жалға алушыға осы Шартта белгiленген тәртiпте тұрғын үйге иелiк етуге және пайдалануға кедергi келтiрмеуге;
7) осы Шарттың талаптары немесе тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлем мөлшерi өзгерген жағдайда тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн кезектi төлем енгiзуге отыз күнтiзбелiк күн қалғанда Жалға алушыға осы жағдайды хабарлауға;
8) тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн кезектi төлем енгiзгенге кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей мерзiмi өтiп кеткен төлемдер үшiн өсiмпұл және айыппұл есептелгенi туралы Жалға алушыға хабарлауға мiндеттi.
12. Жалға алушы:
1) тұрғын үйдi мақсатына сай пайдалануға;
2) тұрғын үйдi техникалық жарамды және тиiстi санитарлық жағдайда күтiп-ұстауға;
3) тұрғын үйдi, ортақ пайдаланылатын орындарды пайдаланудың қағидаларын, кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн және үй маңындағы аумақты күтiп-ұстау қағидаларын, өртке қарсы және техникалық қауiпсiздiк қағидаларын сақтауға;
4) жалға (қосымша жалға) берiлген тұрғын үйдiң суды, электр энергиясын, жылу энергиясын есептеу аспаптарының, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерiнiң, басқа элементтерiнiң анықталған ақаулары туралы Жалға берушiге уақтылы хабарлауға;
5) тұрғын үйдi қайта жаңартуды, қайта жоспарлауды және қайта жабдықтауды жүргiзбеуге;
6) тұрып жатқан тұрғын үйдi (пәтердi, бөлменi) басқа жалға алушылармен ауыстыруды жүргiзбеуге;
7) осы Шарттың талаптарына сәйкес белгiленген мөлшерде тұрғын үйдi пайдаланғаны және коммуналдық қызметтер үшiн уақытында төлем енгiзуге;
8) күндiзгi уақытта, ал төтенше жағдайлар кезiнде түнгi уақытта да тұрғын үйдiң элементтерiн қарауды және жөндеудi жүргiзу үшiн Жалға берушiнiң жұмысшылары мен тұрғын үйге қызмет көрсететiн және жөндейтiн кәсiпорынның өкiлдерiн кiргiзуге;
9) Жалға берушiге Жалға алушының немесе онымен бiрге тұрып жатқан адамдардың кiнәсiнен болған тұрғын үй-жайдың, жалпы пайдаланылатын орындардың, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) мен оның жабдықтарының бүлiнуiне байланысты залалдарды өтеуге;
10) осы Шарт бойынша өз құқықтарын кепiлге бермеуге;
11) осы Шартты бұзған немесе оның мерзiмi өтiп кеткен кезде он күнтiзбелiк күн iшiнде Тараптар қол қойған тұрғын үйдi беру актiсi бойынша Жалға берушiге тұрғын үйдi қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.

6. Жалдау шартын тоқтатудың негiздерi, зардаптары және тәртiбi

13. Осы Шарт Тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша кемiнде бiр ай бұрын басқа Тарапқа жазбаша ескерте отырып, кез келген уақытта бұзылуы, тоқтатылуы мүмкiн.
14. Осы Шарт мынадай:
1) Шарт мерзiмiнiң аяқталған;
2) Заңның 107-бабына сәйкес осы Шарттың қолданысы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;
3) Жалға алушы және оның отбасы мүшелерi басқа жерге тұрғылықты мекенге кеткен жағдайларда өзiнiң қолданысын тоқтатады.
15. Осы Шарт тоқтатылған жағдайда, Заңның 103-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жалға алушы және оның отбасының мүшелерi басқа тұрғын үй берiлместен, шығарылуға тиiс.
Заңның 105-бабындағы негiздер бойынша осы Шарттың қолданысы тоқтатылған жағдайда Жалға алушы және оның отбасының мүшелерi басқа тұрғын үй берiлiп, шығарылуы мүмкiн.
16. Жалға алушының жеке қаражатына жүргiзiлген жөндеу және үйдiң конструкцияларына зиян келтiрмей бөлiп алынбайтын тұрғын үйдi жақсарту Жалға берушiге тұрғын үймен бiрге тапсырылады және Жалға берушiнiң тарапынан өтеуге жатпайды.
17. Осы Шартты тоқтату, бұзу кезiнде екi Тарап өкiлдерiнiң қатысуымен тұрғын үйдi Жалға алушыдан Жалға берушiге тапсыру актiсi жасалады.

7. Тұрғын үйдi қабылдау-беру мерзiмi және тәртiбi

18. Жалға берушi осы Шартқа қол қойғаннан кейiн он бес күнтiзбелiк күн iшiнде Жалға алушыға тұрғын үйдi қабылдау-беру актiсi бойынша тапсырады.
19. Жалға алушы тұрғын үйдi осы Шартты тоқтату, бұзу мерзiмдерi аяқталған кезден бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде Жалға берушiге Тараптар қол қойған тұрғын үйдi тапсыру актiсi бойынша тапсырады.
20. Тұрғын үйдi қабылдау-беру актiсi және тұрғын үйдi тапсыру актiсi осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады және оған тиiстi актiге қол қойған кездегi санитарлық, техникалық жай-күйi мен басқа сипаттамалары тiркеледi.

8. Дауларды қарау тәртiбi

21. Осы Шарттан немесе оған байланысты туындауы мүмкiн Тараптардың арасындағы даулар келiссөздер арқылы, ал келiсiмге қол жеткiзбеген жағдайда сот тәртiбiнде шешiледi.

9. Қорытынды ережелер

22. Осы Шарт бiрдей заңдық күшi бар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде үш данада жасалады. Осы Шарттың бiр данасы мемлекеттiк мекеменiң (мемлекеттiк кәсiпорынның) әкiмшiлiгiнде сақталады, екiншiсi жергiлiктi атқарушы органға берiлiп, қатаң есептiлiк құжаты ретiнде сақталады, ал үшiншiсi Жалға алушыға берiледi және мемлекеттiк тұрғын үй-жайға қоныстануға құқық беретiн бiрден-бiр құжат болып табылады.
23. Осы Шартқа барлық өзгерiстер мен толықтырулар жазбаша нысанда жазылса және оларға Тараптар қол қойса, олар жарамды болады.
24. Осы Шарт 20 __ жылғы «___» _________ бастап күшiне енедi және 20 __ жылғы «___» _________ дейiн қолданылады.

10. Тараптардың мекенжайы және деректемелерi

Жалға берушi Жалға берушi
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________

Тараптардың қолдары

Жалға берушi __________________ Жалға алушы __________________
(аты-жөнi, қолы) (аты-жөнi, қолы)

Осы Шарттың талаптарымен таныстым:
Жалға алушының отбасы мүшелерi:

Туысқандық дәрежесi

Жалға алушының және отбасының кәмелетке толған, iс-әрекетке қабiлеттi мүшелерiнiң аты-жөнi










Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1420 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi

1. «Жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi № 1292 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 44, 401-құжат).
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 шiлдедегi № 761 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 404-құжат).
3. «Мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қыркүйектегi № 1482 қаулысының 1-тармағының 1) және 2)тармақшалары, 3-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 40, 391-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қыркүйектегi № 1482 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2227 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 24-құжат).

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina