ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестациялау қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1457 қаулысымен
бекiтiлген
Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша

мiндеттi мерзiмдiк аттестациялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестациялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – оларда орындалатын жұмыстың қауiпсiздiгi, зияндылығы, ауырлығы, қауырттығы, еңбек гигиенасының жай-күйiн бағалау және өндiрiстiк орта жағдайларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестiгiн айқындау мақсатында өндiрiстiк объектiлердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындарын бағалау жөнiндегi қызмет;
2) зертханалар – өндiрiстiк орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулермен және өндiрiстiк орта жағдайларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестiгiн айқындауға байланысты қызметтi жүзеге асыратын зертханалар;
3) өндiрiстiк объектiлер – өнiм шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндiрумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндiрiстiк қызметтiң басқа да түрлерiмен айналысатын ұйымның цехтары, учаскелерi және өзге де жеке тұрған өндiрiстiк бөлiмшелерi;
4) жұмыс орны – еңбек қызметi процесiнде өзiнiң еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң тұрақты немесе уақытша болатын орны;
5) мамандандырылған ұйымдар – жұмыс берушiлер зертханалық және аспапты зерттеулер жүргiзу үшiн тартатын бiлiктi кадрлары мен өзiнiң құрамында зертханалары немесе заңнамада белгiленген тәртiппен тексеруден өткiзiлген тиiстi өлшеу құралдары бар немесе қызметтiң осындай түрлерiн жүзеге асырушы зертханалармен ұзақ мерзiмдi шарттары бар дербес (тәуелсiз) ұйымдар;
6) бiлiктi кадрлар – мамандандырылған ұйымдардың өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөнiндегi жұмыспен айналысатын, тиiстi бiлiмi бар немесе дайындық курстарынан өткен және тиiстi сертификаты бар қызметкерлерi;
7) сертификат – тиiстi бiлiм беру ұйымдары еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша даярлық курсынан өткен адамдарға беретiн белгiленген үлгiдегi құжат;
8) жеке қорғану құралдары – қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар, оның iшiнде арнайы киiм;
9) ұжымдық қорғану құралдары – екi немесе одан да көп жұмыс iстеушiлердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен бiр мезгiлде қорғауға арналған техникалық құралдар;
10) жарақат қауiпсiздiгi – өндiрiстiк объектiлердiң еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген жағдайларда жұмыс iстеушiлердiң жарақаттануын болдырмайтын еңбек қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi;
11) еңбектiң ауырлығы – еңбек процесiнiң ағзаның негiзiнен тiрек-қозғалыс аппаратына және функционалдық (жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және басқа) жүйесiне түсетiн жүктеменi көрсететiн, оның қызметiн қамтамасыз ететiн сипаттамасы;
12) еңбек қауiпсiздiгi жағдайлары – еңбек процесi мен өндiрiстiк ортаның қызметкер еңбек мiндеттерiн атқаруы кезiнде еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау талаптарына сәйкес болуы;
13) еңбек қауырттылығы – еңбек процесiнiң қызметкердiң негiзiнен орталық жүйке жүйесiне, сезу органдарына, эмоционалдық жүйесiне түсетiн жүктеменi көрсететiн сипаттамасы;
14) қауiпсiздiк нормалары – өндiрiс жағдайларын, өндiрiстiк және еңбек процесiн ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және еңбек қызметi процесiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсiмдер мен өлшемдердi қамтамасыз ету тұрғысынан сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткiштер.
3. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жұмыс берушi жүргiзедi.
Жұмыс берушiнiң өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға арналған жеке зертханасы болмаған жағдайда зертханалық және аспаптық зерттеу жүргiзу үшiн мамандандырылған ұйымдар тартылады немесе жеке зертханалардың қызметi пайдаланылады.
4. Өндiрiстiк объектiлердi аттестаттау:
1) ұйымның өндiрiстiк объектiлерi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестаттауды;
2) ұйымның өндiрiстiк объектiлерiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестiгiн кешендi бағалауды:
еңбек зияндылығының және қауiптiлiгiнiң дәрежесiн бағалауды;
жарақат қауiпсiздiгiнiң дәрежесiн және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлуiн бағалауды;
қызметкерлердiң жеке қорғану құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.
5. Өндiрiстiк объектiлердi аттестаттау нәтижелерi:
1) өндiрiстiк объектiлердi қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарымен сәйкестiкке келтiру үшiн еңбек жағдайлары мен қауiпсiздiгiн жақсарту жөнiндегi ұйымдық-техникалық iс-шаралар кешенiн жүргiзу;
2) өндiрiстiк орта мен жұмыс орындарындағы қауiпсiздiк жағдайларының нақты жай-күйiн бағалау;
3) қызметкерлердiң қажеттi жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлуiн, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын стандарт талаптарына сәйкестiгiн айқындау;
4) кәсiптiк ауруға күдiк туғанда және кәсiптiк аурудың диагнозын айқындаған кезде, оның iшiнде даулар мен өзге де келiспеушiлiктердi сот тәртiбiмен шешкен кезде аурудың кәсiппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшiн зиянды немесе қауiптi еңбек жағдайларындағы жұмыс фактiсiн растау;
5) өндiрiстiк объектiнiң немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ технологияны өзгерту;
6) еңбек жағдайларының жай-күйi туралы статистикалық есептiлiктi жасау;
7) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушiнiң) сақтандыру тарифiн белгiлеу;
8) еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге еңбекақы төлеудi және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берудi негiздеу;
9) қызметкерлердiң еңбек жағдайлары, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың жай-күйi, зиянды өндiрiстiк факторлар және олардың әсерiнен қорғану шаралары туралы шынайы ақпарат алу мақсатында пайдаланылады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн барлық ұйымдардың өндiрiстiк объектiлерi аттестаттауға жатады.
7. Аттестаттауды өткiзу мерзiмiн ұйым, еңбек жағдайларының өзгеруiне орай, бiрақ өндiрiстiк объектiлердiң соңғы аттестаттаудан өткiзiлген сәттен бастап 5 жылда кемiнде бiр рет белгiлейдi.
8. Өндiрiстiк объектiлердi кезектен тыс аттестаттау қайта құрылған, жаңғыртылған, жаңа техника немесе технология орналастырылған жағдайларда жүргiзiледi.
Кезектен тыс аттестаттау нәтижелерi өндiрiс объектiсiне еңбек жағдайлары бойынша алдындағы аттестаттау материалдарына қосымша түрiнде ресiмделедi.
9. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, бiлiктi кадрлары туралы мәлiмет, зертханалардың болуы немесе қызметтiң осындай түрлерiн жүзеге асырушы зертханалармен шарттарының болуы) интернет-ресурста орналастырады.
2. Жұмыс берушiнiң аттестаттауды өткiзуге дайындығы

10. Өндiрiстiк объектiнi аттестаттауды жүргiзудi ұйымдастыру үшiн жұмыс берушi тұрақты жұмыс iстейтiн, құрамында төраға, мүшелер және өндiрiстiк объектiлердi аттестаттау жөнiндегi құжаттаманы жасауға, жүргiзуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиiстi бұйрық шығарады.
11. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына жетекшi не оның орынбасары, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметтерiнiң және өзге де бөлiмшелерiнiң мамандары келiсiм бойынша, сондай-ақ ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерi кiредi.
12. Ұйымның аттестаттау комиссиясы:
1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндiрiстiк объектiлердiң толық тiзбесiн жасайды;
2) өндiрiстiк ортаның, еңбек және технологиялық процестердiң сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен тетiктердiң, шикiзат пен материалдардың түрлерiне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауiптi және зиянды факторлардың толық тiзбесiн жасайды;
3) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткiзуге өзiнiң мүмкiндiктерi болмаған жағдайда мамандандырылған ұйымды немесе зертханаларды белгiлейдi және онымен тиiстi шарт жасасу жөнiнде жұмыс берушiге ұсыныс енгiзедi;
4) ұйымның өндiрiстiк объектiлерiн аттестаттауды өткiзу кестесiн жасайды және оны жұмыс берушiге бекiтуге ұсынады;
5) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерiн автоматты түрде өңдеу үшiн цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар бередi;
6) өндiрiстiк объектiлердi аттестаттауды өткiзу үшiн қажеттi нормативтiк анықтамалық базаны қалыптастырады;
7) өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк аурулардың себептерiн талдайды;
8) өндiрiстiк жарақаттануды талдау негiзiнде жарақаттану қаупi басым жұмыстарды, жұмыс орындарының учаскелерiн, технологияларды, машиналарды, механизмдердi, станоктар мен жабдықтарды айқындайды;
9) аттестаттау жөнiндегi жұмыстар көлемiн ескере отырып, тартылатын мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушiмен өндiрiстiк объектiлердi аттестаттаудан өткiзу мерзiмiн келiседi;
10) ұйымдардың өндiрiстiк объектiлердi аттестаттауды өткiзудiң сапасына ұйымдарда iшкi бақылауды жүзеге асырады.
3. Аттестаттауды өткiзудiң тәртiбi

13. Еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орнындағы барлық қауiптi және зиянды өндiрiстiк (физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық) факторлар, оның iшiнде еңбек ауырлығы мен қауырттылығы жатады.
Қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың деңгейлерi зертханалық және аспаптық өлшеулер негiзiнде анықталады. Физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулерi және эргономикалық зерттеулер ұжымдық және жеке қорғану құралдары жарамды болған кезде жұмыс жағдайында және өндiрiстiк процестерде орындалуға тиiс. Жұмысшылардың үнемi ашық ауада және жерасты көмiр шахталарында болуына байланысты жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргiзiлмейдi.
Қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың параметрлерiн өлшеу, еңбек процесiнiң ауырлығы мен еңбек қауырттылығы көрсеткiштерiн айқындау, өндiрiстегi еңбек гигиенасы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртiппен және көлемде жүзеге асырылады. Зертханалық және аспаптық зерттеулер нәтижелерi хаттамалармен ресiмделедi (осы Қағидаларға 1-қосымша).
Зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың параметрлерiн өлшеген кезде белгiленген мерзiмге сәйкес мемлекеттiк тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет.
Еңбек жағдайларының нақты жай-күйiн бағалауды қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың шектi рұқсат етiлген концентрацияларына (деңгейiне) сәйкестiгiне өлшенген параметрлер сәйкестiгi негiзiнде аттестаттау комиссиясы жүргiзедi.
14. Жарақат қауiпсiздiгiн бағалаудың негiзгi объектiлерi:
1) өндiрiстiк жабдықтар;
2) құрылғылар мен құрал-саймандар;
3) ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлу;
4) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.
15. Өндiрiстiк жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауiпсiздiгiн бағалау еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк техникалық құжаттар, мемлекеттiк стандарттар, қағидалар мен нұсқаулықтар негiзiнде жүргiзiледi және олардың техникалық жағдайына, паспорт параметрлерi мен өндiрiстiк процесс технологиясының талаптарына сәйкестiгiне байланысты болады.
Техникалық паспорттар мен сертификаттар болмаған кезде өндiрiстiк жабдықтардың нормативтiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгi нақты осы жабдықта қолданылатын конструкциялық қауiпсiздiк элементтерi көрсетiлген жабдық бiрлiктерiнiң әрқайсысына сәйкестiк актiсiмен (бұдан әрi – сәйкестiк актiсi) расталады.
Сәйкестiк актiсiн жұмыс берушi құрған комиссия жасайды.
Жабдықтардың жекелеген түрлерiне техникалық паспорттар, сертификаттар немесе актiлер болмаған кезде олардың техникалық жағдайына қарамастан, жарақат қауiпсiздiгiне терiс баға берiледi және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттiлiгi туралы мәселе қаралады.
16. Өндiрiстiк жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауiпсiздiгiн, ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлуiн, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау Жарақат қауiпсiздiгiн бағалау хаттамасымен (осы Қағидаларға 2-қосымша) ресiмделедi.
17. Қызметкерлердiң жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлуiн бағалау:
Әр кәсiп қызметкерлердiң жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрi – ЖҚҚ) қамтамасыз етiлуi анықталады. Қызметкерлердiң ЖҚҚ-мен қамтамасыз етiлуiн бағалау нақты берiлген құралдарды өндiрiстiк ортаның зиянды факторларын ескере отырып, қызметкерлерге арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және басқа жеке қорғану құралдарын жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берудiң нормаларымен салыстыру арқылы анықталады.
Қызметкерлердiң ЖҚҚ-мен қамтамасыз етiлуiн бағалау кезiнде берiлген ЖҚҚ-ның нақты еңбек жағдайларына сәйкестiгiн бағалау жүргiзiледi. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестiк сертификаттарымен расталуға тиiс.
ЖҚҚ-ның сапасын және олармен қызметкерлердiң қамтамасыз етiлуiн бағалау Қызметкерлердiң ЖҚҚ-мен қамтамасыз етiлуiн бағалау хаттамасымен (осы Қағидаларға 3-қосымша) ресiмделедi. Қызметкерлер еңбек нормалары мен жағдайларына сәйкес ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етiлгенде ғана «қамтамасыз етiлдi» деген баға қойылады.
4. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларын бағалау

18. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларының жай-күйiн бағалау:
1) өндiрiстiк ортаның зияндылығы мен қауiптiлiгiнiң, еңбек процесiнiң ауырлығы мен қауырттылығының дәрежесiнен;
2) жарақат қауiпсiздiгiнiң және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлу дәрежесiнен;
3) жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлуден, олардың сапасы және еңбек жағдайларына сәйкестiлiгiнен тұрады.
19. Жұмыс орындарында қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндерi қауiпсiздiк нормаларына сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалғанда және қызметкерлер ЖҚҚ-мен қамтамасыз етiлгенде, жұмыс орындарында еңбек қауiпсiздiгi жағдайлары еңбек қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес келедi деп есептеледi.
20. Жұмыс орындары төмендегi факторлардың бiрi:
1) өндiрiстiк орта факторларының нақты мәнi қолданыстағы нормалардан жоғары болған;
2) жарақат қауiпсiздiгiнiң талаптары сақталмаған;
3) қызметкерлердiң ЖҚҚ-мен қамтамасыз етiлуi қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген жағдайларда еңбек қауiпсiздiгi жағдайлары белгiленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледi.
21. Еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi факторларға жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы жұмыс орнын қайта жарақтандыру немесе тарату жөнiнде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгiзедi.
22. Өндiрiстiк объектiлердi аттестаттауды аттестаттау комиссиясы Ұйымдағы еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру жөнiндегi жоспардың жобасын (бұдан әрi – Жоспар жобасы) және аттестаттау нәтижесiн қоса отырып, өндiрiстiк объектiнi аттестациялау актiсiмен ресiмдейдi.
23. Жоспар жобасында ескiрген техника мен жабдықты ауыстыру, өндiрiстiк процесс технологиясын жетiлдiру, еңбек жағдайларына сәйкес келетiн жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану жөнiнде iс-шаралар, сауықтыру iс-шаралары және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар көзделуге тиiс (осы Қағидаларға 4-қосымша).
24. Жоспар жобасында барлық жұмыс орындарын еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сәйкес келтiру көзделуге тиiс.
25. Жоспар жобасында аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды.
5. Өндiрiстiк объектiлердi аттестаттауды ресiмдеудiң тәртiбi

26. Аттестаттау нәтижелерi:
1) жалпы мәлiметтердi (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс iстейтiндердiң жалпы санын, оның iшiнде зиянды және қауiптi еңбек жағдайларында жұмыс iстейтiндердi көрсете отырып және жеке өндiрiстiк бөлiмшелер бойынша ұйымның құрылымы, аттестаттау жүргiзудiң негiзi, тартылатын мамандандырылған ұйымдар туралы мәлiметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);
2) өндiрiстiң қысқаша технологиясын (өндiрiс қызметiнiң сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауiптi өндiрiстiк факторлардың, қауiптi өндiрiстiк жабдықтардың және процестердiң тiзбесi);
3) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының зертханалық, аспаптық және эргономикалық зерттеулер хаттамалары;
4) жарақат қауiпсiздiгiн бағалау хаттамалары;
5) қызметкерлердiң ЖҚҚ-мен қамтамасыз етiлуiн бағалау хаттамаларын қамтитын құжат түрiнде ресiмделедi.
Өндiрiстiк объектiлердi
еңбек жағдайлары бойынша
мiндеттi мерзiмдiк аттестаттау
қағидаларына
1-қосымша
________________________________________________________
(мамандандырылған ұйымның атауы)
Зиянды өндiрiстiк факторларды өлшеу

№ __________ ХАТТАМАСЫ

20___ ж. ____ ___________
1. Ұйым: ____________________________________________
(ұйымның атауы)
2. Өндiрiс, цех, учаске: ____________________________
3. Мекенжайы: ____________________________
4. Үй-жайдың сипаттамасы:
ауданы: _______________________
ұжымдық қорғану жүйесi: _________________________________
жабдықтардың түрi және олардың саны _____________________
кәсiптердiң, лауазымдардың атауы ________________________
5. Өлшеу құралдары:


Р/с

Атауы

Зауыттық нөмiрi

Тексеру күнi

1

2

3

4

6. Сынама және жабдықтарды iрiктеу нүктелерi көрсетiлген үй-жай эскизi:


Ескерту: бiр iрiктеу нүктесiнiң ауданы 50 м2 дейiн есебiмен

7. Зиянды өндiрiстiк факторларды өлшеу нәтижесi:


Эскиз бойынша нүкте №

Жұмыс орнының коды

Жұмыс орнының саны

Өндiрiстiк орта факторларының атауы, өлшем бiрлiгi

Норма, ШРК, ШРШ

Нақты деңгей

Шамадан асып кету

1

2

3

4

5

6

7

Өлшеудi жүргiзген: _________________ ________________
Ұйымның өкiлi: _____________________ ________________
Өндiрiстiк объектiлердi
еңбек жағдайлары бойынша
мiндеттi мерзiмдiк аттестаттау
қағидаларына
2-қосымша
____________________________________
(мамандандырылған ұйымның атауы)
Жарақат қауiпсiздiгiн бағалау

№ ____ ХАТТАМАСЫ

20___ ж.____ ___________
1. Ұйым: ____________________________________________
(ұйымның атауы)
2. Өндiрiс, цех, учаске: ____________________________
3. Мекенжайы: ____________________________
4. Жарақат қауiпсiздiгiн бағалау нәтижесi:


Жұмыс орнының коды

Жабдықтар, құрылғылар мен құрал-саймандардың атауы

Техникалық құжаттамасының (паспорттардың, сертификаттардың және т.б.) болуы

Жұмыс орнының саны

Жарақат қауiпсiздiгiн бағалау нәтижесi

Сәйкестiгi

Сәйкессiздiк себептерi

1

2

3

4

5

6

Бағалауды жүргiздi: ___________ __________________
Ұйымның өкiлi: _______________ __________________
Өндiрiстiк объектiлердi
еңбек жағдайлары бойынша
мiндеттi мерзiмдiк аттестаттау
қағидаларына
3-қосымша
____________________________________
(мамандандырылған ұйымның атауы)
Қызметкерлердiң жеке қорғану құралдарымен

қамтамасыз етiлуiн бағалау

№ _____ ХАТТАМАСЫ

20___ ж.____ ___________
1. Ұйым: ____________________________________________
(ұйымның атауы)
2. Өндiрiс, цех, учаске: ____________________________
3. Мекенжайы: ____________________________
4. ЖҚҚ-мен қамтамасыз етiлуiн бағалау


Жұмыс орнының коды

Кәсiптердiң, лауазымдардың атауы

Жұмыс орнының саны

Қызметкерге берiлуге тиiс жеке қорғану құралдарының (ЖҚҚ) тiзбесi (ЖҚҚ атауы)

ЖҚҚ-мен қамтамасыз етiлуiн бағалау (қамтамасыз етiлген/ қамтамасыз етiлмеген)

Ескерту

қолданыстағы нормаға сәйкес

нақты берiлгенi

МЕМСТ, сертификаты

1

2

3

4

5

6

7

8

Бағалауды жүргiзген: ________________ ______________________
Ұйымның өкiлi: _______________________ ______________________
Өндiрiстiк объектiлердi
еңбек жағдайлары бойынша
мiндеттi мерзiмдiк аттестаттау
қағидаларына
4-қосымша
Бекiтемiн:
Ұйымның басшысы
_______ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
20__ ж.____ ________
Ұйымда еңбек қауiпсiздiгi жағдайын жақсарту және

сауықтыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары


Р/с

Жұмыс орнының коды

Iс-шаралар атауы

Орындалу мерзiмi

Iс-шараларды орындауға жауапты

Орындалуы туралы белгi

1

2

3

4

5

6

Өндiрiстiң, цехтың, учаскенiң атауы

Аттестаттау комиссиясының төрағасы ______________ ___________________
(қолы) (Т. А. Ә.)
Аттестаттау комиссиясының мүшелерi ______________ ___________________
(қолы) (Т. А. Ә.)

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina