ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Правила  »  Iшкi көшiп-қонушыларды тiркеу...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Правила

  Iшкi көшiп-қонушыларды тiркеу қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1427 қаулысымен
бекiтiлген
Iшкi көшiп-қонушыларды тiркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Iшкi көшiп-қонушыларды тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында iшкi көшiп-қонушыларды тiркеу тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта осы Қағидаларда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
1) iшкi көшiп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударушы немесе Қазақстан Республикасының iшiнде өз бетiнше қоныс аударушы адам;
2) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыретi шегiнде көшi-қон процестерiн реттеудi және халықтың көшi-қоны саласындағы жұмысты үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
3) азаматтарды тiркеу кiтабы – азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша тiркелуiн немесе тiркеуден шығарылуын растайтын құжат. Азаматтарды тiркеу кiтабын ресiмдеу және беру тәртiбiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi белгiлейдi;
4) жақын туыстары – ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлер мен апа-сiңлiлерi, қарындастары, атасы, әжесi, немерелерi.
2. Iшкi көшiп-қонушыларды тiркеу тәртiбi
3. Iшкi көшiп-қонушыларды тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi не тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде тiркеуден шығаруды жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырады.
Iшкi көшiп-қонушы тiркелген жер оның заңды мекенжайы болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 343 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
4. Iшкi көшiп-қонушының тұрғылықты жерiн тiркеу олардың белгiленген тәртiппен тұрғын үйдi жеке меншiкке сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның iшiнде жалға алу мен жалға алу шарты бойынша да алғанын куәландыратын, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретiн құжаттардың негiзiнде, сондай-ақ тұрғын үйдiң меншiк иесiнiң (жалға берушiнiң) жазбаша келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
Iшкi көшiп-қонушыларды тiркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, бау-бақша серiктестiктерi мен кооперативтерiнiң саяжай құрылыстарында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерiнде, интернат-үйлерiнде, пансионаттарда, қарттар үйлерiнде, қызметтiк ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.
5. Тұрғылықты жерi бойынша тiркеуге:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында мемлекет iшiнде қоныс аударушы, сондай-ақ шет елдерден тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
3) шетелдiктер және босқын мәртебесiн алған азаматтығы жоқ адамдар жатады.
6. Босқындарды қоспағанда, тiркеуге жататын iшкi көшiп-қонушылар бұрынғы тiркеу орнынан есептен шыққан күннен бастап он күн мерзiмде халыққа қызмет көрсету орталықтарына мынадай құжаттарды:
1) уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiштi;
2) бұрынғы тұрғылықты жерiнен тiркеуден шыққанын растайтын құжатты;
3) жеке басын куәландыратын құжатты;
4) әскери басқарманың жергiлiктi органдарының әскери есепке алу немесе одан шығару туралы белгiсi бар әскери билетiн (әскерге шақырылатындар үшiн тiркеу куәлiгi) ұсынады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 343 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
7. Босқындар уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде тiркелу үшiн бес күндiк мерзiмде мынадай құжаттарды:
1) босқындар мәселелерi жөнiндегi қатынастарды реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган берген тiркеуге жолдаманы;
2) уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiштi;
3) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
8. Тұрғылықты жерi бойынша тiркеу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк баж алынады.
9. Тұрғылықты жерi бойынша тiркеуден шығаруға мынадай iшкi көшiп-қонушылар:
1) басқа тұрғылықты жерге қоныс аударушылар;
2) сот үкiмiнiң негiзiнде бас бостандығынан айыруға сотталғандар;
3) сот шешiмiмен тұрғын үйдi пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандар;
4) қайтыс болған адамдар жатады.
Тiркеуден шығару жеке меншiк құқығындағы тұрғын үй иесiнiң өз бастамасы бойынша тiркеуден шығарылатын адамның жеке өтiнiшiн және оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынбастан ресiмделуi мүмкiн.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 343 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
10. Тiркелген және тiркеуден шығарылған iшкi көшiп-қонушыларды есепке алуды Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген тәртiппен iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
Тiркеу және тiркеуден шығару азаматтарды тiркеу кiтабына мөртаңба басу және жазба жасау арқылы жүзеге асырылады, оны тiркеудi жүзеге асыратын органдар тұрғын үйдiң меншiк иелерiне (жалға берушiлерге) және иелiгiнде ғимараттар мен үй-жайлар бар өзге де адамдарға бередi.
Iшкi көшiп-қонушыларды тiркеу және тiркеуден шығару "Халықты құжаттандыру және тiркеу" тiркеу пунктi" ақпараттық жүйесiне мәлiметтер енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
Азаматтарды тiркеу кiтабы не мекенжай анықтамасы iшкi көшiп-қонушылардың тiркелген жерiн растайтын құжат болып табылады.
Заңнамалық актiлерде белгiленген жағдайларда азаматтарды тiркеу кiтабы немесе оның көшiрмесi не мекенжай анықтамасы мүдделi органдарға ұсынылады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 343 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
11. Егер тiркеу немесе тiркеуден шығару кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол берiлсе, тiркеу немесе тiркеуден шығару туралы шешiмдi ресiмдеген уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi, сондай-ақ жоғары тұрған iшкi iстер органы немесе сот оның күшiн жояды.
Мүдделi заңды немесе жеке тұлғалар тұрғылықты жерi бойынша тiркеудiң күшiн жою немесе оны қалпына келтiру туралы талапты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде мәлiмдейдi.
12. Тұрғылықты жерi бойынша тiркеу және тiркеуден шығару үшiн қажеттi азаматтарды тiркеу кiтабының, мекенжай анықтамасының, мөртабандардың және бланкiлердiң нысандарын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi белгiлейдi және бередi.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 343 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
13. Үш айдан астам мерзiмге уақытша тұруға келген iшкi көшiп-қонушыларды iшкi iстер органдары уақытша тұратын жерi бойынша есепке алады.
Есепке қою азаматтардың өтiнiштерi немесе уақытша және тұрақты болу негiзiн растайтын өзге де құжат бойынша жүзеге асырылады.
14. Қазақстан Республикасына уақытша келетiн шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеледi.
15. Iшкi көшiп-қонушыларды тұрғылықты жерi бойынша тiркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша, ал Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердiң Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн – паспорттар мен әскери билеттер бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 343 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
16. Ұлттық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi сақтау, заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының жекелеген жергiлiктi жерлерiнде тұрғылықты жердi таңдауда және жүрiп-тұру бостандығына шектеулер белгiленедi. Өзге шектеулер белгiлеуге жол берiлмейдi.
Ерекше режим жағдайындағы елдi мекендерде (жабық әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарда) тұрақты тұратын немесе уақытша болатын жерге келген iшкi көшiп-қонушыларды тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен құзыреттi органдар беретiн рұқсат ұсынылады. Бұл ретте уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi шекара аймағы аумағында тұрақты тұратын адамдарға паспорттарына, жеке куәлiктерiне олардың шекара аймағында тұратынын растайтын құжат бередi.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.19 № 343 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
17. Тұрғылықты жерiн таңдауда шектеу белгiленген жергiлiктi жерлерде жақын туыстарына тұрақты тұруға келген, уақытша болмаған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған (егер олар сотталғанға дейiн осы жерде тұрса) адамдарды тiркеуден бас тартылмайды.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1427 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. «Жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi № 1292 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 44, 401-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртiбi туралы» нұсқаулықта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады.
Есепке қою үшiн тұрғын үйге мұқтаж азаматтар жергiлiктi органдарға:
1) атқарушы органдар белгiлейтiн нысан бойынша есепке қою туралы өтiнiш;
2) өтiнiш берушiнiң тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және (немесе) ауылдық округ әкiмiнiң анықтамасын);
3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа адамдарды отбасы мүшелерi деп тану туралы жергiлiктi атқарушы органдардың анықтамасын;
4) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi аумақтық органының (өтiнiш берушiнiң және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерiнiң меншiк құқығында оларға тиесiлi үй-жайдың жоқ екенi туралы) анықтамасын;
5) өтiнiш берушiнiң (отбасының) әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға тиесiлiлiгiн растайтын анықтамасын не мемлекеттiк қызметшiнiң, бюджеттiк ұйым қызметкерiнiң, әскери қызметшiнiң жұмыс орнынан (қызметiнен) анықтама ұсынады.
Қажет болған жағдайда өтiнiш берушi қосымша тұрғын бөлмеге құқық беретiн мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемесiнiң отбасында ауыр сырқат түрiмен ауыратын адам бар екенi туралы анықтамасын ұсынады.».
2. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидаларын бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидалары»;
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Конситуциясының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы, «Халықтың көшi-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi, «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы, «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы, «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарының, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларына негiзделген және Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру тәртiбiн айқындайды.»;
3-тарау алынып тасталсын;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Халықты құжаттандыру қағидаларын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Халықты құжаттандыру қағидаларын сақтау үшiн жауапкершiлiк өздерiне қатысты бөлiгiнде жеке басты куәландыратын құжаттардың иелерiне жүктеледi.».
3. «Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау және төлеу ережесiнде:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өтiнiш берушiнiң (отбасы мүшелерiнiң) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы)».
4. «Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 750 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 391-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесiнде:
11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын). Адамды түзеу мекемесiнде немесе тергеу изоляторында ұстау фактiсiн растайтын анықтама (еркiн нысанда);».
5. «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 754 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесiнде:
36-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жеке куәлiгiн, мүгедек балалар үшiн - туу туралы куәлiктi;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын) ұсынады.»;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесiнде:
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын).».
6. «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 157-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережесiнде:
62-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскери билетке әскери есептен шығару туралы белгi қойылады;»
66-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ұйымдардың жеке карточкаларын аулалар бойынша аралап тексеру жолымен әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушылардың нақты болуымен салыстыра тексередi;».
7. «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 355-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiнде:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
8. «Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 5, 68-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесiнде:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
9. «Жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде салынған тұрғын үйлердi сату ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 шiлдедегi № 711 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 134-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде салынған тұрғын үйлердi сату ережесiнде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Құжаттарды қабылдауды бастау белгiленген күннен бастап Қазақстан Республикасының азаматтары уәкiлеттi органға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтiнiш және мынадай құжаттарды бередi:
1) өтiнiш берушiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң жеке куәлiктерiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
2) мемлекеттiк қызмет өтiлiн, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мекемедегi немесе мемлекеттiк кәсiпорындағы жұмыс өтiлiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнiң (ерiнiң/жұбайының) осы елдi мекендегi жұмыс орнынан анықтама;
3) некеге тұру (некенi бұзу, ерiнiң/жұбайының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң) және балаларының тууы туралы куәлiктердiң (мұндайлар бар болған жағдайда) нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
4) кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi немесе қызметтiк тiзiмiнен үзiндi көшiрмесi;
5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
6) құжаттар тапсырылған айдың алдындағы соңғы 12 айдағы қарыз алушының (бiрлесiп қарыз алушының) жұмыс орнынан жалақы туралы анықтама;
7) құжаттар тапсырылған айдың алдындағы соңғы 12 айдағы жеке шот бойынша ақшаның қозғалысы туралы анықтама (мүшелерi мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң немесе мемлекеттiк кәсiпорынның қызметкерлерi болып табылмайтын жас отбасы санаты үшiн);
8) жүктiлiгi туралы анықтама (қажет болған жағдайда);
9) мүгедектiгi туралы анықтама (қажет болған жағдайда);
10) сот орындау парақтары және банктiк қарыздар бойынша мiндеттемелерi болған кезде қарыз шартының және (немесе) сот шешiмiнiң көшiрмелерi.
Осы құжаттар тiзбесi жеткiлiктi болып табылады.».
10. «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 73-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiнде:
6-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
11. «Мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қыркүйектегi № 1482 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 40, 391-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру ережесiнде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiне қою үшiн мемлекеттiк кәсiпорынның қызметкерлерi мемлекеттiк кәсiпорын әкiмшiлiгiне:
1) мемлекеттiк кәсiпорын әкiмшiлiгi белгiлейтiн нысан бойынша есепке қою туралы өтiнiш;
2) өтiнiш берушi мен оның отбасы мүшелерiнiң жеке куәлiктерiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) өтiнiш берушiнiң (жұбайының/жарының) сол елдi мекендегi жұмыс орнынан анықтаманы;
4) некеге тұру туралы (некенi бұзу, жұбайының/жарының қайтыс болуы туралы куәлiктiң) және балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
5) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органының (өтiнiш берушiнiң және онымен ұдайы бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң меншiк құқығында оларға тиесiлi үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын;
6) еңбек кiтапшасының кадр қызметi растаған көшiрмесiн немесе қызметтiк тiзiмiнен үзiндiнi;
7) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын) ұсынады.
Қажет болған жағдайда өтiнiш берушi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемесiнiң отбасында ауыр сырқат түрiмен ауыратын адамның болуы туралы анықтамасында тапсырады, бұл қосымша тұрғын бөлмеге құқық бередi.».
12. «Ауыл шаруашылығы министрлiгi беретiн куәлiктердi қоспағанда, азаматтарға жүргiзушi куәлiктерiн беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 431-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Ауыл шаруашылығы министрлiгi беретiн куәлiктердi қоспағанда, азаматтарға жүргiзушi куәлiктерiн беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тiркеу iс-қимылдарын жасау үшiн жүгiнген адамның жеке басын куәландыратын құжат;».
13. «Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 432-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тiркеу iс-қимылдарын жасау үшiн жүгiнген адамның жеке басын куәландыратын құжат;».
14. «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 60-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiнде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
6) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминимум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот;
7) коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары;
8) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
9) тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.».
15. «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 8 ақпандағы № 76 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 11-12, 120-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандартында:
12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын) тапсырады.».
16. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 19, 148-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жылжымайтын мүлiк құжаттарының түпнұсқалары мен көшiрмелерi (пәтер, үй, саяжай, жер учаскесi және т.б. (шарт, жылжымайтын мүлiк құқықтарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, мүлiктiң техникалық паспорты, тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу үшiн банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жылжымайтын мүлiк құжаттарының түпнұсқалары мен көшiрмелерi (пәтер, үй, саяжай, жер учаскесi және т.б. (шарт, жылжымайтын мүлiк құқықтарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, мүлiктiң техникалық паспорты, тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн қозғайтын мәмiлелердi ресiмдеу үшiн қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) пәтер құжаттарының түпнұсқалары мен көшiрмелерi (келiсiмшарт, жылжымайтын мүлiк құқықтарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, пәтердiң техникалық паспорты, тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
17. «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 187-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау көрсету шараларын ұсыну» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
18. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi көрсететiн мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 393 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 31, 389-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiн тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Мүгедектiгi бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау үшiн:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы;
тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiктiң көшiрмесi;
салық төлеушiнi тiркеу нөмiрi куәлiгiнiң көшiрмесi;
тиiстi банк операцияларының түрлерiне лицензиясы бар ұйымның есеп шот не түзеу мекемелерiнiң арнайы шот нөмiрi туралы мәлiметтер;
Комитеттiң аумақтық органдарының медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмдерi беретiн белгiленген нысандағы анықтама.
Бұған қоса, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
радиациялық әсерге ұшыраған адамдар ауруларының, мүгедектiгiнiң себептi байланысын анықтау жөнiндегi Ведомствоаралық сараптама кеңесi шешiмiнiң көшiрмесi;
Орталық әскери-дәрiгерлiк комиссия шешiмiнiң көшiрмесi;
госпиталь берген ауруы туралы куәлiктiң көшiрмесi не әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;
16 жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
2) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыны тағайындау үшiн:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы;
тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiктiң көшiрмесi;
салық төлеушiнi тiркеу нөмiрi куәлiгiнiң көшiрмесi;
тиiстi банк операцияларының түрлерiне лицензиясы бар ұйымның есеп шот не түзеу мекемелерiнiң арнайы шот нөмiрi туралы мәлiметтер;
асыраушының қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi не соттың адамды хабарсыз кеттi немесе қайтыс болды деп тану туралы шешiмi.
Бұған қоса, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
қайтыс болған адаммен туысқандық қатынастарды растайтын құжаттың көшiрмесi (туу туралы, неке туралы, некенi бұзу, әкелiктi (аналықты) анықтау туралы куәлiктер, жеке куәлiгi және басқалары);
егер туу туралы куәлiкте әкесi туралы мәлiметтер анасының айтуы бойынша жазылған болса, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу жөнiндегi органдарының белгiленген нысандағы анықтамасы;
қамқорлықты (қамқоршылықты) растайтын құжаттың көшiрмесi;
оқу орнының 18-ден 23 жасқа дейiнгi адамдар күндiзгi оқу нысанының оқушылары болып табылатыны туралы анықтамасы;
қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетiнiң көшiрмесi не әскери қызметтi өткеруi туралы анықтама;
әскери қызметшiнiң, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң қазасы немесе өлiмi қызметтiк мiндеттерiн атқару немесе әскери қызметiн өткеру кезiнде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертiгу, ауру салдарынан болғанын растайтын анықтама.
Қайтыс болған адамның сегiз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн бағып-күтумен айналысатын азаматтар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
еңбек кiтапшасының еңбек қызметiнiң тоқтатылғанын растайтын көшiрмесi (көшiрмесi еңбек кiтапшасының түпнұсқасымен жыл сайын тексерiлiп отырады);
салық органының тұлға дара кәсiпкер ретiнде тiркелмегенi туралы анықтамасы (жыл сайын жаңартылып отырады);
3) жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мен салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы:
тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiктiң көшiрмесi;
салық төлеушiнi тiркеу куәлiгiнiң көшiрмесi;
зейнетақы және жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органдағы есеп шот не түзеу мекемелерiнiң арнайы шот нөмiрi туралы мәлiметтер.»;
4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
5) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық округ әкiмдерiнiң анықтамасын);».
19. «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 32, 391-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Тұрғын үймен қамтамасыз ету көмегiн тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
5) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандартында:
11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
20. «Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi жүзеге асыру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi жүзеге асыру қағидасында:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
21. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шiлдедегi № 815 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
22. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шiлдедегi № 816 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);»;
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына 1-қосымшада:
бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
23. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шiлдедегi № 817 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасында:
10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»;
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидасына 1-қосымшада:
алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);».
24. «Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Халықты әлеуметтiк қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартында:
12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);».


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina