ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 621 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5459 болып енгізілді.
Салық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өсуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығару ережелерін бекіту туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес
БЎЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырылған салық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өсуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығару ережелері бекітілсін.
2. Осы бұйрықты орындау жауапкершілігі облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы департаменттердің басшыларына жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін және осы бұйрықты облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық департаменттерінің назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықты орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы Д.Е. Ерғожинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жариялғанының бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан шығатын қатынастарға жаратылады.

Министр Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 621 бұйрығымен бекітілген

Салық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өсуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығару ережелері

1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес әзірленді және cалық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өсуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығару тәртібін белгілейді.
2. Ережені қолданысқа енгізген күнінен он жұмыс күні ішінде салық органдарында cалық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өсуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығаруға арналған комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
Комиссия құрамына:
1) cалық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар салуға құқы бар;
2) заң қызметінің;
3) салық төлеушілерді есепке алуды жүргізу және дербес шоттарына жауапты;
4) мәжбүрлеп өндіріп алуға жауапты лауазымды тұлғалар енеді.
Комиссияны салық органының басшысы болып табылатын төраға жетекшілік етеді.
Төраға салық органының өзге де лауазымды тұлғаларын комиссия құрамына қосуға құқы бар.
3. Комиссияны құру күнінен отыз жұмыс күні ішінде 2009 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша төленбеген, cалық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша айыппұлдар сомасын таңдау мақсатында салық төлеушілердің (кәсіпкерлік, адвокаттық, нотариальдық қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда) салық төлеушілердің (бұдан әрі - құқық бұзушылар) дербес шоттарына түгендеу жүргізіледі.
Дербес шоттарды түгендеуді аяқтағаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда тиісті салық төлеушілер - құқық бұзушылардың тізімі комиссияның қарауына жіберіледі (бұдан әрі - N 1 тізім).
4. Комиссия N 1 тізімді алған күннен он бес жұмыс күні ішінде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысанда cалық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша айыппұлдар сомасының тізімін түзеді (бұдан әрі - N 2 тізім).
Комиссия төрағасы осы тармақта көрcетілген мерзімді созуға құқы бар, бірақ ол он бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
5. Комиссия N 2 тізімді алған күннен он жұмыс күні ішінде осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысанда салық төлеуші - құқық бұзушының дербес шотынан айыппұлдар сомасын есептен шығару туралы шешім (бұдан әрі - шешім) қабылдайды.
Салық органының шешіміне комиссияның барлық мүшелері қол қояды және комиссияның төрағасы бекітеді.
6. Комиссия шешім қабылдағаннан жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеушілерді есепке алуды жүргізу және дербес шоттарына жауапты лауазымды тұлғалар айыппұлдар сомасын есептен шығаруды жүргізеді. Есептен шығаруды жүргізу дербес шоттың "Айыппұлдар бойынша есептер" бағандарында дербес шоттың "Операцияның мазмұны және оның негізінде жазба (енгізу) жүргізілетін құжат" бағанында көрсетумен минус белгісімен есептен шығаруға жататын айыппұл сомасы есептелді (кемітілді)" жазбасы жүргізіледі:
Cалық төлеушінің дербес шотынан айыппұл сомасын есептен шығару туралы соттың "__"________ 2009 жылғы N ___ шешімі.
7. Салық органдары айыппұлдардың сомаларын дербес шоттан есептен шығаруды аяқтағаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеушінің дербес шотынан айыппұлдардың сомаларын есептен шығару туралы есеп жасайды.
8. Осы Ереженің 7-тармағында көрcетілген есеп осы Ереженің 7-тармағында көрcетілген есеп мерзім ішінде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттеріне тапсырылады.
9. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы салық департаменттері осы Ереженің 14-тармағында көрcетілген есептерді алған күннен он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысанда қорытылған есеп тапсырады.

Салық салу саласындағы құқықтарды
бұзғаны үшін әкімшілік жаза
белгілеу туралы қаулы бойынша
мерзімінің өтуіне байланысты
орындалуы мүмкін емес айыппұлдар
сомасын салық төлеушінің дербес
шотынан есептен шығару ережелеріне
1-қосымша

Салық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза
белгілеу туралы қаулы бойынша дербес шоттарында төленбеген
айыппұлдар сомасы бар (кәсіпкерлік, адвокаттық, нотариальдық қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда) салық
төлеушілердің 2009 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша
Тізімі

____________________________________________________________
(салық басқармасының, департаментінің атауы)

N
р/с

Салық төлеушінің СТН-і

Салық төлеушінің атауы

БЖК

Төленбеген айыппұлдың сомасы*

1

2

3

4

5

Барлығы:

Х

Х

* міндетті зейнетақы жарнамалары, әлеуметтік аударымдар бойынша дербес шоттарды қоспағанда, дербес шоттар деректері бойынша толтырылады
Комиссия мүшелерінің қолдары және аты-жөндері лауазымдары қоса көрсетілсін: ____________________________________

Салық салу саласындағы құқықтарды
бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу
туралы қаулы бойынша мерзімінің
өсуіне байланысты орындалуы мүмкін
емес айыппұлдар сомасын салық
төлеушінің дербес шотынан есептен
шығару ережелеріне
2-қосымша

Јкімшілік құқық бұзушылықтар заңнамасымен белгіленген
әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өтіп
кетуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасының
Тізімі

____________________________________________________________
(салық басқармасының, департаментінің атауы)

N р/с

Салық төлеушінің СТН-і

Салық төлеушінің атауы

Қаулының нөмірі*, күні

Бұрынғы мерзімінің біткен күні (күні, айы, жылы)

БЖК

Айыппұл сомасы (тенге)

1

2

3

4

5

6

7

Барлығы:

Х

Х

Х

Х

Комиссия мүшелерінің қолдары және аты-жөндері лауазымдары қоса көрсетілсін: ____________________________________
"_____" ________________
(күні, айы, жылы)
* болған жағдайда көрсетіледі

Салық салу саласындағы құқықтарды
бұзғаны үшін әкімшілік жаза
белгілеу туралы қаулы бойынша
мерзімінің өтуіне байланысты
орындалуы мүмкін емес айыппұлдар
сомасын есептен шығару ережелеріне
3-қосымша

Бекітемін:
Салық органының басшысы
_____________________________
М.О.

Айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес
шотынан есептен шығару туралы шешім N

__________________________ "___"_________2009 ж.
(салық органының атауы)

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар заңнамасымен белгіленген 2009 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша төленбеген cалық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өтуіне байланысты орындалуы мүмкін емес, мына салық төлеушілердің дербес шоттарындағы айыппұлдар сомасы есептен шығарылсын:

N р/с

Салық төлеушінің СТН-і

Салық төлеушініңатауы

Салықтың, басқа да міндетті төлемдердің, БЖК-ы

Қаулының нөмірі*, күні

Айыппұл сомасы (тенге)

1

2

3

4

5

6

Барлығы:

X

X

X

Комиссия мүшелерінің қолдары және аты-жөндері лауазымдары қоса көрсетілсін: ____________________________________
* болған жағдайда көрсетіледі

Салық салу саласындағы құқықтарды
бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу
туралы қаулы бойынша мерзімінің
өтуіне байланысты орындалуы мүмкін
емес айыппұлдар сомасын есептен
шығару ережелеріне
4-қосымша

Айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан
есептен шығару туралы есеп

"__"_________2009 ж.

____________________________________________
(салық басқармасының, департаментінің атауы)

N р/с

Салық төлеушінің СТН-і

Салық төлеушінің атауы

Бұрынғы мерзiмi бітті (күні, айы, жылы)

Салықтың, басқа да міндетті төлемдердің, БЖК-ы

Айыппұл сомасы дербес шоттан есептен шығарылды

Есептен шығару бойынша орындаушының лауазымы аты жөні

ШешімніңN, күні

Күні, айы, жылы

Сомасы (мың тенге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Барлығы:

X

X

X

X

X

Х

Комиссия мүшелерінің қолдары және аты-жөндері лауазымдары қоса көрсетілсін:__________________________________


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina