Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 619 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5438 болып енгізілді.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған салықтық есепке алу саясаты нысанын бекіту туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 56-бабының 4-тармағына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған салықтық есепке алу саясаты нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін және кейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 619 бұйрығына қосымша
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған салықтық есепке алу саясаты
__________________________________________________________________ (Салық төлеушінің аты-жөні/атауы) 1. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН-і) ________________________ 2. Жеке немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) ол бар болғанда ________________________________________ 3. Жүзеге асыратын қызметтің түрі ________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 4. Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі (ҚҚС) _______________ __________________________________________________________________ (бөлек есептеу, барабарлық)
|