Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 601 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5457 болып енгізілді.
Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау ережесін бекіту туралы
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 281-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қаматамасыз етсін. 3. "Фармацевтикалық кәсіпорындар мен мемлекеттік медициналық мекемелерде этил спиртін пайдалану және акциз төлемінсіз өткізу көлемін квоталау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 564 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4015 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 1 ақпандағы N 16 (996) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр Б. Жәмішев
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ж.А. Досқалиев _______________ 2008 жылғы 29 желтоқсан
|