Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 123 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2009 жылғы 3 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5621 болып енгізілді
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ережесін бекіту туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 25 және 35-баптарына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ережесі бекітілсін. 2. "Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару ережесін бекіту және "Салық есептілігін жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы N 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 26 маусымдағы N 428 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4813 болып тіркелген, 2007 жылы 7 тамызда, N 119 (1322) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Јділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және одан кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.