Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5559 болып енгізілді.
Агенттiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы әкімінің нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесіне сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Агенттiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің нысаны бекітілсін. 2. "Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшаны алып қою туралы акті нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 27 шілдедегі № 344 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3814 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2005 жылы қазанда № 19, 160-қ. жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.